Иісті газбен улану Қазақстан Республикасы іім тжк «амо» мм-нің



жүктеу 25.37 Kb.
Дата14.01.2017
өлшемі25.37 Kb.
Иісті газбен улану

Қазақстан Республикасы

ІІМ ТЖК «АМО» ММ-нің

ОҚО бойынша филиалының

дәрігері Б.Л. Қонақбаев,

фельдшер-диспетчері М.К. Даурбаева
Газбен иістену жылыту маусымы кезінде өте жиі кездесетін жағдай болғандықтан басты мәселе болып саналады. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, апта сайын газбен иістену оқиғаларының 3-4 жағдайы кездеседі және кейбір жағдайларда адам өлімімен аяқталады. Сондықтан газбен иістену және оның алдын - алу іс – шаралары қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Газ иісті және мүлдем иіссіз болып келеді. Иісті газбен уланғанын адам мүлдем сезбей қалуы мүмкін. Иісті газ ауа атмосферасына жанудың әсерінен пайда болып таралады. Ол газ және майлы пештер, ағаш, көмір пеші, газ құрылғылары, бассейндердегі су жылытқыштар және двигательдерден шығатын газдар. Өрт болып жатқан жерде немесе пеш құбырларының жарылуы, бітелген түтін жолдары, бітелген құбырлар, иісті газдың тұрғын үй немесе басқа да жабық бөлмелерде иісті газдың жинақталуына әкеліп соқтырады. Адамдар сол иісті газбен ластанған ауамен дем алғанда уланады. Адамның жұтып отырған ауасының құрамында 0,08% көміртегі оксиді (СО ) болған жағдайда адамның бас ауруы мен тұншығуы сезіледі. Көміртегі оксиді ( СО ) концентрациясының 0,32% -ға көбеюі салдарынан адам сал болып калу, естен тану жағдайларына әкеліп соқтырады. 1,2 % - дан жоғары концентрацияда адам 2-3 рет ауа жұтқанның өзінде өміріне 3 минуттан кейін қауіп төнеді. Сол себепті бұл газ өте қауіпті.





Иісті газбен улану белгілері:

  • Бұлшық ет әлсіздігі пайда болады;

  • Бас айналып, құлақта шу естіледі;

  • Тұншығуы сезіледі;

  • Жүрегі айнып, лоқсу пайда болады;

  • Адам сандырақтап, галлюцинация пайда болады;

  • Естен танады;

Иісті газбен уланғанда көрсетілетін алғашқы көмек:

Төтенше жағдайлар комитетіне 112, Жедел жәрдем 103, Өрт сөндіру қызметіне 101,газ құбырларын жөндейтін мекемеге 104 – ке хабарласу;

Естеріңізде болсын, зардап шегуші адамды иісті газ концентрациясы бар жерде көмектесу үшін алдымен өзінің уланып қалмау қауіпсіздігін сақтау керек. Ол үшін қол орамал, дәке немесе киімдерді сулап сол арқылы тыныс алу керек.

Сондай – ақ бөлмелердің терезелерін ашып, иісті газбен демалуына жол бермеу, зардап шегушіні таза ауаға алып шығып, таза ауамен тыныс алуын қамтамасыз ету.



Иісті газбен уланудың алдын - алу іс - шаралары:

Пеш және пеш құбырларының жарылуын болдырмау, бітелген құбырларды, турбаларды тазалап түтін жолдарын ашу. Пешке от жаққанда, отын салғанда есік – терезелерді ашып үйді таза ауамен желдетіп тұру және оттың жанғанын қадағалап тұру керек. Әсіресе жатар уақытында оттың жануын қадағалау, өйткені адам ұйықтағанда иісті газбен уланғанын сезбей қалады және өрт салдарына әкеліп соғады.




Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының жоспары бойынша, жылыту маусымы кезінде филиалдың қызметкерлері мектептер мен оқу орындарында иісті газбен улану және алдын - алу іс – шаралары туралы лекциялар оқылып, үнпарақтар таратылды. Сонымен қатар филлиалдың дәрігерлері мен фельдшерлері осы тақырыпқа байланысты жергілікті және республикалық газеттерге мақалалар жариялады.
: images -> stories -> 2015 -> mart
mart -> Руководитель отделения операционно-перевязочное отделения филиала гу «цмк» кчс мвд рк по г. Астана Курманова Айгуль Муратовна Весенний авитаминоз. Признаки, причины, лечение Авитаминоз
2015 -> Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы №1077 қаулысы «Азаматтық қорғау туралы»
2015 -> Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар
mart -> Есебі өрт сынама зертханасының жоспарына сәйкес 2012 жылы келесідей жұмыстар атқарылды
2015 -> Врач А. Куличков. Филиал гу «цмк» кчс мвд рк по г. Алматы. Отравление угарным газом
mart -> «ӨҚ және АҚ ҒЗИ» АҚ Өрт-сынама зертханасының




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет