ІІ. Аралық бақылау сұрақтарының тізімі:
-
Адам генетикасының негіздері:
-
Адам генетикалық зерттеулердің объектісі ретінде. Адам кариотипі. Адам хромосомасының идиограммасы, номенклатурасы.
-
Адам генетикасын зерттейтін әдістер: генеалогиялық, цитогенетикалық, егіздік, онтогенетикалық, популяциялық, молекулярлық-генетикалық әдістер.
-
Генеалогиялық әдіс және оның белгілердің тұқым қуалау сипатын зерттеудегі мүмкіндіктері.
-
Адам генетикасын зерттеуде егіздік және цитогенетикалық әдістерді қолдану.
-
Хромосомалық ауруларды емдеудегі цитогенетикалық әдістердің ролі.
-
Популяциялық әдіс және оны геногеографияда қолдану. Генетикалық жүк.
-
Онтогенетикалық әдіс және оның тұқым қуалайтын ауруларды алдын ала емдеудегі маңызы.
-
Адам генетикасында молекулярлы әдісті қолдану (ДНҚ гибридизациясы, секвенирлеу, ПЦР және т.б.).
-
Тұқым қуалайтын аурулар және олардың адам популяциясында таралуы.
-
Тұқым қуалайтын аурулар типтері: зат алмасу аурулары (фенилкетонурия, альбинизм, алкоптонурия), молекулярлық аурулар (талассемия, клеткалық анемия, пигментті ксеродерма, Фанкони анемиясы), хромосомалық аурулар (Шерешевский-Тернер синдромы, Кляйнфельтер синдромы, Дауна синдромы). Ерте диагностикалаудың маңызы.
-
Адам геномы. Адам геномын зерттеу әдістері. «Адам геномы» халықаралық бағдарламасы, оның мақсаты мен міндеттері.
-
Канцерогенездің генетикалық механизмдері.
-
Популяциялар генетикасы:
-
Даралар генотипі және популяция генофонды туралы түсініктер.
-
Еркін өсіп-өнетін популяциялар құрылымы, Харди-Вайнберг заңы.
-
Популяциялардағы генетикалық эволюцияның негізгі факторлары.
-
Гендер жиілігі мен генотиптер үлесіне табиғи сұрыптаудың әсері.
-
Популяция және таза линиялар. Таза линиялардағы сұрыптау туралы Иогансен ілімі.
-
Жануарлар мен өсімдіктердегі таза линиялар – табиғи және жасанды. Өздігінен тозаңдануда, инбридинг және лайнбридингтегі генотиптер үлесінің динамикасы.
-
Кіші популяциялардағы гендер жиілігінің динамикасы, С.Райт эффектісі.
-
Жануарлар популяциясындағы генетикалық жүк.
-
Популяциядағы генетикалық бейімделушілік пен генетикалық гомеостаз.
-
Гетерозистың және инбредтік депрессиясының себептері.
-
Селекцияның генетикалық негіздері:
-
Генетика селекцияның теориялық негізі ретінде. Зерттеу әдістері.
-
Мәдени өсімдіктердің пайда болуы, Н.И. Вавилов бойынша мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары.
-
Тұқымдар (порода), сұрыптар (сорт), штамдар туралы түсініктер. Будандастыруға қажетті материалдарды іріктеу принциптері.
-
Комбинативтік өзгергіштік. Жануарлар, өсімдіктер және микрорганизмдер селекциясында индуцирленген мутагенезді қолдану. Өсімдіктердің өнімділігін арттыруда эксперименталды полиплоидияның ролі.
-
Өсімдіктер мен жануарлар селекциясындағы будандастыру жүйелері. Инбридинг. Линиялық селекция. Аутбридинг. Жеке гибридизация.
-
Гетерозис және оның механизмдері.
-
Сұрыптау әдістері. Жеке және жаппай сұрыптау. Жеке сұрыптау селекция негізі ретінде. Сибселекция.
-
Сұрыптаудың тиімділігі үшін сыртқы орта жағдайының маңызы.
-
Декоративті және қызметтік үй жануарларының селекциясы.
-
Аборигендік және зауыттық породалар туралы түсінік.
-
Қазақстандағы жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдер селекциясының жетістіктері.
-
Микроорганизмдер селекциясы, оның өнеркәсіптегі маңызы.
-
Клеткалық және гендік инженерия:
-
Гендік инженерияның пайда болуы, даму тарихы.
-
Бактериялар, жануарлар және өсімдіктер гендік инженериясы. Гендерді бөліп алу әдістері.
-
Трансгенді ашытқылар. Вектор. Плазмида. Космидтер.
-
Трансгенді өсімдіктер. Трансгенді өсімдіктерді алу және талдау, олардың қасиеттері.
-
Трансгенді жануарлар. Трансгенді жануарларды алу жолдары. Вектор ретінде вирус ДНҚ қолдану (SV40 вирусы, ретровирустар, аденовирустар).
-
Тұқым қуалайтын ауруларды алдын алуда гендік-инженерлік әдістерді қолдану. Генотерапия.
-
Клеткалық инженерия. Бағаналы клеткалар және оларды қолдану.
-
Геномика және протеомика.
-
Гендік модифицирленген организмдер, олардың қоршаған орта мен адам денсаулығына жағымсыз әсері. Гендік инженерия қызметін мемлекет тарапынан реттеу. Биоқауіпсіздік және биоэтика.
Достарыңызбен бөлісу: |