I. Кіріспе II. Теориялық бөлім



жүктеу 179.81 Kb.
Дата12.07.2017
өлшемі179.81 Kb.


Мазмұны

  1. I. Кіріспе………………………………………………………………….

  2. II. Теориялық бөлім……………………………………………………...

  3. 2.1 Алоэ өсімдігінің биологиялық ерекшеліктері……………………..

  4. 2.2 Алоэ – бөлме өсімдіктерінің негізгі өкілі…………………………

  5. 2.3 Алоэның химиялық құрамы………………………………………

  6. 2.4 Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттері……………………………….

  7. 2.5 Алоэның пайдасы…………………………………………………

  8. 2.6. Алоэның қарсы көрсетілімдері…………………………………

  9. III. Зерттеу бөлімі…………………………………………………….

  10. 3.1 Алоэның қолданылуы……………………………………………

  11. 3.2 Алоэны өсіру технологиясы………………………………………..

  12. 3.3 Алоэдан дайындалған қоспалар…………………………………….

  13. 3.4 Тәжірибелер жасау………………………………………………..

  14. 3.5 Сауалнама………………………………………………………….

  15. IV.Қорытынды…………………………………………………………

  16. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………….

  17. Ұсыныстар…………………………………………………………….


Кіріспе.

Бүгінгі таңда күн тәртібінде тұрған әлеуметтік маңызы зор мәселенің бірі ұлттың денсаулығы. Өркениетті елдерде халық денсаулығы мемлекеттің басты құндылығы болып саналады. Ал денсаулықты сақтау дұрыс тамақтанудан және аурудан алдын ала сақтанудан басталады.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демей ме атам қазақ.
Сондықтан табиғаттың сыйға тартқан дәрілік өсімдіктерін тану, оларды зерттей білу, қасиеттерін ашу мен үшін алға қойған басты мақсат деп білемін.
Қоғам бар жерде адам бар. Адам бар жерде түрлі аурулар бар. Бірақ, сол мәселені шешу әр адамның саналы қорғанысында.

Ғылыми жобаның тақырыбын таңдауға ұйытқы болған ең басты себеп, ол әр түрлі факторлар салдарынан адамдардың әр түрлі ауруларға душар болуы. Осы орайда әрбір үйдің терезе алдында өсіп тұрған алоэ өсімдігінің емдік қасиетінің маңызын ашу. Алоэның құрамындағы әр түрлі химиялық қосылыстардың адам денсаулығына пайдасын зерттеу. Зерттеу барысында қарапайым алоэның қыры мен сырын әлі толық білмейтін біздерге бұл өте қызықты көрінді. Жасаған тәжірибемнің қорытындысын көріп, біз жасаған тәжірибелердің қаншалықты қызық екеніне көз жеткізуге болады.

Зерттеу жұмысының маңыздылығы, ең алдымен алоэның сан түрлі емдік қасиеттерін анықтау. Осы орайда жүргізілген ғылыми тәжірибенің, сауалнама жұмысының практикаға маңызы зор.

Египетте үйдің кіре беріс жерінде алоэ отырғызылады. Ол денсаулық пен ұзақ өмірдің символы. Халық медицинасында оны қызыл иектің, қабақтың қызаруына, өкпе туберкулезіне, экземді емдеуге, асқазан жарасына пайдаланылады. Дәрілік өсімдіктерден жаңа дайындалған тұнбалар мен ертінділердің химиялық жолмен жасалған дәрі –дәрмектерден анағұрлым тиімді болады.

Сол себептен жұмысымыздың құндылығы да осында деп есептейміз. Алоэ өсімдігін зерттей отырып емдік ерекшеліктерін тиімді пайдалану және насихаттау жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.

Мақсаты. Алоэ өсімдігінің дәрілік қасиеттерін тану, ажырата білу, оны зерттей отырып емдік ерекшеліктерін тиімді пайдалану және салауатты өмір салтын сақтау.
Міндеттер:

* Алоэ өсімдігі туралы ғылыми деректер жинақтау.

* Ғылыми әдебиеттерді басшылыққа ала отырып, алоэның сан түрлі қасиеттерін сипаттау.

* Алоэ өсімдіктерін зерттеп, оның адам, қоғам өміріндегі маңызын ашу.

* Алоэның өсетін жерлерін, өсу ерекшеліктерін анықтау.

* Алоэның емдік қасиеттері жайлы толық мағлұмат беру, қолданысқа енгізу.

* Ғылыми зерттеу жұмысының дағдыларын игеру.

Өзектілігі: Оқушылар алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерін біледі, бірақ оның биологиялық ерекшеліктері мен қолдану ережесін білмейді. Алоэның пайдасы мен қолданылуы туралы мәліметтерді жинақтап, ұсыну арқылы өз денсаулықтарын аялай білуге шақыру.

Әдіс-тәсілдері:

1.Теориялық ( қолда бар әдебиеттерден тақырып бойынша зерттеу жасау);

2. Сауалнама жүргізу;

3. Қоспа дайындау;

4.Тәжірибе жасау.

Болжамы:

Егер, біз алоэ өсімдігінің сан түрлі дәрілік қасиеттерін пайдасын жан-жақты қарастырсақ, адамдар алоэ өсімдігінен дайындалған қоспаларды дәрі ретінде пайдалану арқылы көптеген ауруларды алдын алар және денсаулықтарын жақсартар еді.

Жаңалығы мен дербестік нәтижесі:

Алоэ өсімдігінің емдік ерекшеліктеріне жан – жақты сипаттама берілді;

Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерінің тиімді пайдаланудың жолдары көрсетілді.

Практикалық мәні:

Жұмыс барысында қолдан жасалған емдік қоспаны көпшіліктің тұрмыстық

жағдайда жасап пайдалану мүмкіндігі яғни, қолжетімдігі жұмыстың

практикалык мәні болып табылады.



Күтілетін нәтиже:

Егер, біз алоэның сан түрлі пайдасын нақты дәлелдеп айта білсек, оқушылар алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерін өмірде пайдалануға үйренеді. Алоэның құрамында кездесетін пайдалы дәрумендерді білсек, оны денсаулығымыздың қажеттілігіне қарай пайдалансақ, онда адамдардың денсаулығының жақсаруына ықпал жасаймыз.



Кезеңдері:

1. Жоба тақырыбын таңдау.

2. Мақсаты және міндеттері, болжамы.

3. Зерттеу әдіс-тәсілдерін анықтау.

4. Жоспарлау.

5. Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді, басылым беттерін, ғаламтордан алынған мәліметтерді жинақтау.

6. Мәліметтерді өңдеу.

7. Күтілетін нәтиже мен болжам.

8. Қорытынды

II. Теориялық бөлім.

Дүниесі: Өсімдіктер.

Бөлімі: Жабық тұқымдылар.

Класы: Дара жарнақтылар.

Тұқымдасы: Лалагүлділер

Туысы: Суккуленттер

Түрі: Алоэ

Кейінгі жылдары медицинада шөптердің емдік қасиеттері, оларды кеңінен пайдалануға ерекше назар аударылуда. Қазіргі кезде шөппен емдеу – фитотерапияны үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін дәрісіз ем – домды жасауды дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес сондықтан оларды орынды пайдаланып қорғай біліудің маңызы зор «Мың теңге тұратын дәрі шарбағыңның дәл түбінде өсіп тұр» деген халық даналығы бекер айтылмаған. Дәрі-дәрмек жасау ісінде өсімдіктердің алатын рөлі аса зор екені тәжірибеден мәлім.

Алғаш рет Қазақстанда өсімдіктердің емдік құрамы туралы мәліметтер ХІІІ-ХV ғасырда жазылды. Көптеген орыс қалаларында жасыл өсімдіктерді сататын аптекалар ашылды ІІІ ғасыр бойы емдік өсімдікдерді қолдану тәжірибелері жүргізілді. Бұл жазбалар ХVIII –ғасырдың соңына дейін жалғасты, қаншама рет толықтырылды, ауру түрлері ажыратылды. Дәрілерді жасау әдісі қарастырылды. Елімізде өсетін 20 мыңнан астам түрлерінің 2500 – інің шипалық маңызы бар. Бұның 600-ге жуық түрінен дәрі дайындауға шикізат ретінде пайдалануға болады. Алайда медицинаға 200-ге жуық дәрілік өсімдіктер түрі белгілі.

Алоэ өсімдігінің биологиялық ерекшеліктері.

Алоэ, сабыр (Aloe) — лалагүл тұқымдасына жататын көп жылдық бұта, кейде шырмауық түріндегі мәңгі жасыл, қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер. Тропиктік, субтропиктік белдеулерде кездеседі. Биіктігі 7-12 м-дей, сабағы жуан, жапырағы шырынды, етті, тікенді болып келеді. Қызыл, қызғылт-сары, сары түсті, гүлі түтікше келген қоңырау тәрізді гүлшоғырына топталған. Сирек гүлдейді, негізінен құстар арқылы тозаңданады. Тұқымынан кейде өсімді (вегетативті) жолмен де көбейеді. Тұқымы жалпақтау қоңыр түсті. Алоэны көбейту үшін сабағының түбінен шығатын атпа бұтақтарын аналық өсімдіктен бөліп алып, құмды құнарлы топыраққа отырғызу керек. Қазақстанда Ағаш тәрізді Алоэ (Алоэ arborescens) деген түрі қолдан өсіріледі.
Алоэ – бөлме өсімдіктерінің негізгі өкілі.

Алоэ - емдік қасиеттерімен бөлме өсімдіктерінің патшайымы атанған өсімдік. Алоэ - суккулентті (ылғалдылықты сақтай алатын арнайы ұлпасы бар) өсімдіктер тобына жататын гүл. Шыққан жері Оңтүстік Африка аймағы болып саналады. Таралуы: Африка мен Индияның жартылай шөл далаларында, Мадагаскарда кездеседі. Алоэ-лалагүлділер тұқымдасының суккулентті өсімдіктер туысы, 400 түрі бар. Олар мәңгі жасыл немесе алабажақ, шөптесін, бұта, ағаштектес көпжылдық өсімдік. Негізінен, құрғақ әрі құмды шөлдерде өседі. Алоэ сөзі араб тілінен шыққан. Мағынасы ”ащы” деген сөзді білдіреді. Сондай-ақ, емдік қасиетіне байланысты ”Үй гүлдерінің королі” деген де балама атқа ие.

Алоэның етті, семсер тәріздес жасыл, жалпақ әрі жуан жапырақтары бар. Жапырақтары гүл бойында су қорын сақтауда үлкен маңызға ие.
Алоэ гүлі үйде тек сәндік мақсатта ғана емес, емдік мақсатта да өсіріледі. Емдік практикада алоэның жапырағы мен шырыны және де алоэ экстракты (механикалық және химиялық әдістермен бұзылған ұлпа) пайдаланылады.
Орны: Мүмкіншілігі болғанша, күннің шуағы түсетін, жаздың күндері ашық жерге орналастырған жақсы. Қыста жарық жерде, ауа температурасы +10°C деңгейінде болатын орында ұстауға болады.

Жаз уақытындағы вегетация кезеңінде (өсу кезеңі) алоэның сусақтағыш ұлпалары (суккуленттері) ылғалдылықты көп қажет етпейді. Сондықтан, әр бір суарудан соң топырақтың кебуі (құрғауы) керек. Қыста салқын жерде тұратын болса, көп суарудың қажеті жоқ. Дұрыс суармаудың нәтижесі алоэның ауруына әкеліп соғады. Құбырдағы салқын суды бірден құюға болмайды.


Жазда айына бір рет кактустарға арналған тыңайтқыш арқылы топырағын құнарландыруға болады.

Көбеюі:Тұқым арқылы, жанама тамырлар арқылы және жапырақ сабақтары арқылы көбейеді. Көбейту процесі тұқым, жанама тамыр және сабақты құмды топыраққа отырғызу/егу арқылы іске асады. Суды тек топырақ құрғаған кезде ғана құйған абзал.

Алоэ дарақ (тал) тәрізді өсімдік болғандықтан, өсу барысында жан-жағына өркен жаяды. Сол себепті де үлкен әрі биік болып өсуі ықтимал. Алайда, мұндай үлкен көлемді алоэ берік болмайды. Сондықтан оны топырақ салынған құмыраға отырғызу керек.

Үйде өсірілетін алоэның ең көп тараған түрі — Нағыз алоэ (Aloe Vera). Оның барбадостық алоэ (Aloe barbadensis), кәдімгі алоэ (Aloe vulgaris), сары алоэ деген аттары бар. Алоэның бұл түрі әлем бойынша емдік мақсаттарда кеңінен пайдаланылады.


Алоэның химиялық құрамы

Алоэның жапырақ құрамында глюкозид, эфир майы т. б. дәрілік заттар бар, сондықтан алоэның шырынын түрлі ауруларды емдеуге қолданады. Жапырағында антрагликозид-алоин бар, 1,66 алоэ-эмодин, 25% алоэзин, натолин, геманатолин, ребарберон, шайырлы қоспа, 20% эфир майы, ферменттер мен микроэлементтер, витаминдер, фитонцидтер кездеседі. Ең құндылығы сол құрамындағы 22 амин қышқылының 20-ы адам организмінде кездеседі. Ал жақында ғалымдар оның құрамынан сирек кездесетін күрделі көмірсу –ацеманнан тапты. Ацеманнан тұмау мен қызылшаны және ісік ауруларын емдеуге қолданылады. Бүгінде ол затты СПИД-ті емдеуге қолдануда.



Қолдану бөлігі: жапырағы, сөлі. Жапырағын кесерден 2 апта бұрын суармау керек. Емдік мақсатқа 3-5 жылдан асқан алоэ ғана жарайды. Жинау уақыты: жыл бойы. Қасиеті: кермек дәмді, усыз келеді.

Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттері.

Сонау есте жоқ ерте замандарда адамзат баласы дәрі-дәрмек деген дүниені мүлде білмейтін. Олар өздерінің сырқаттарынан айығу үшін халықтық амал-тәсілдердің көмегіне жүгінетін еді. Сондықтан да, шөптерден жасалған дәрілер бүгінге дейін маңызын жоғалтпай келеді. Және де дәрілік өсімдіктер адам денсаулығына ине мен дәрі-дәрмекке қарағанда, әлдеқайда қауіпсіз келеді. Себебі, таблеткалардың құрамында сіздің ағзаңыз қабылдай алмайтын химиялық заттар болуы мүмкін. Бірақ біздің айтқымыз келгені бұл емес еді...

Сіздің үйіңіздің терезесінде алоэ аталатын кереметтей өсімдік өсіп тұр ма? Иә. Осы жазбадан кейін алоэны көбірек өсіріңіз. Ол сізді өзінің жасыл көйлегімен ғана емес, шипалық қасиеттерімен де қуантатын болады.

http://www.massaget.kz/userdata/users/user_51387/1371205572.jpg

Жер бетінде алоэның 300-ден астам түрі бар. Және оның әрбірінің өзіндік қасиеттері бар. Мәселен, бұта қалпындағы түрі ішкі ағзаға жақсы әсер береді, ағаш түріндегі алоэ сыртқы сырқаттарға қарсы тұра алады. Алоэ өте қарапайым, оның өсуіне ылғал мен жарық жеткілікті. Оның көбеюі де қиындық тудырмайды: ұрықпен де, бұталармен де, сабақтармен де, тіпті жапырағымен де өніп кете алады.



http://www.massaget.kz/userdata/users/user_51387/1371205588.jpg
Алоэ шырыны иммунитетті нығайтып, пайдаланылған өндіріс бұйымдарын бастапқы қалпына келтіріп, бактерияға қарсы күресе алады. Басқа өсімдіктер секілді алоэ да көміртегіні жұтып, оттегі шығара алады. Сондықтан да оны ұйықтайтын немесе адам көп жүретін бөлмеге қойған жөн.

Тәніңізді тыныштандыратындай ванна қабылдағыңыз келсе, 3 ас қасық шырынды 2 стақан сүтке және жалбыз тұнбасына қосып, жылы ваннаға қосасыз. Мұндай ваннада 15 минут жатуға болады.



Күйік шалғанда, іріңді жаралар пайда болғанда алоэны қойып, дәкемен таңып тастау керек және әр екі сағат сайын ауыстырып тұру керек.
http://www.massaget.kz/userdata/users/user_51387/1371205632.jpg

Ол үшін алоэның жапырақтарын жуып, бинтке қойыңыз да, аздап жаншыңыз. Содан кейін барып, ауырған жерге қойыңыз. Аяулы нәзік жандыларымыз алоэдан маска жасай алады. Ол үшін алоэның бір ас қасық шырыны мен қаймақты араластырасыз да, оған жұмыртқаның сарысын қосасыз. Қоспаны таза бетке жағып, 15-20 минут ұстаңыз да, жылы сумен шайып тастаңыз. Нәтижесінде, теріңіз жылтырап, сұлулана түседі.



Иммунитетті көтеру үшін алоэ шырыны мен балдың қоспасын жасайсыз. Шырынды алу үшін 15 сантиметр болатын бірнеше жапырақты үзіп алып, сумен бір рет шайып жіберіңіз. Таза стақанды, дәкені немесе мәрліні аласыз. Қолыңызды тазалап жуыңыз да, сол мәрлінің бетіне әбден кескілеген алоэны қоясыз. Оны қолыңызбен қатты сығып, суын стақанға тамызасыз. Дайын шырынды балмен араластырасыз (1:1). Бұл қоспаны күніне 3 рет бір шәй қасықпен тамақтан жарты сағат бұрын ішіп тұрыңыз. Пайдалану уақыты – 3 апта.

Егер суық тигізіп алсаңыз, алоэның жаңадан жасалған шырынын әрбір 3-4 сағат сайын 2-3 тамшыдан тамызып тұрыңыз. Бұл әдісті 2-3 күннен артық жасауға болмайды.

Егер сізде гастрит, асқазан жарасы болса немесе тәбетіңізді жақсартқыңыз келсе, күніне 2-3 рет алоэ шырынын ішіңіз. Ларингит (тамақ ауырсынуы) кезінде, тамағыңызды, аузыңызды алоэ шырынымен шайыңыз.

Мінеки, терезеңіздің алдындағы алоэның бір бойынан осыншама үлкен дәріхана жасап алуға болады екен. Оны пайдаңызға жаратыңыз да, суаруды ұмытпаңыз.



Алоэның қарсы көрсетілімдері

- өт жолдары аурулары

- бүйрек, бауыр аурулары

- гипертония

- гемморой

- жүктілік мерзімі



III. Зерттеу бөлімі.

Алоэның қолданылуы

Жапырақ сөлі тәбет ашады, ас қорытады. Әр түрлі микробтарға қарсы тұра алады. Химиялық медицинада алоэның шырыны жараны таңуға, әр түрлі тері ауруларына пайдаланады. Өсімдіктердің жаңа сөлі әсіресе қараңғы жерде ұстағаны туберкулезді емдеу үшін қолданады. Халық медицинасында жаңа жапырақтарды күйікті жазуға, дерматитке қарсы дәрі ретінде қолданылады. Алоэның су тұнбасы тәбетті толықтай ашады. Академик В.П.Филатов алоэның жапырағын түнде яғни 4-8 рет ұстауы ескертеді, себебі осы уақытта алоэ жапырағында негізгі заттар жинақталады. Олар ұлпа жұмысын жақсартады. Бұл заттар биогенді стимуляторлар деп аталады. Осы әдіс көптеген жазылмас аурудың алдын алуға көмектеседі. Тері сыртындағы іріңді жара, күйік, қағынған жараларға өсімдіктің жапырағы мен сөлін қолданады. Көздің де әр түрлі жұқпалы аурулары үшін қолданылады. Сонымен қатар демікпеде, асқазан ойық жарасында., асқазан ауруларына қарсы қолданады. Кейбір шырындарға қосады. Алоэның дәрілік қасиеті осыдан 3000 жыл бұрын белгілі болды. Оны Египетте, кейін Индияда, Италия, Грецияда сыртқы күйіктерге арнап қолданды. Орыс медицинасында жапырақ сөлін жүйке ауруларын, бас ауруы т.б. сырқат үшін, бал мен борсық майын қосып туберкулезді емдейді.



Алоэның басты ем болатын аурулары және қолданылуы

1.Иммунитет көтеруде: 500 г жаңа кесілген алоэ жапырағын грек жаңғағы дәнімен араластырып, ет тартқыштан өткіземіз. Оған 1,5 стакан бал араластырып, тамақтан соң бір ас қасықтан күніне 3 мезгіл бір ай ішу керек.

2.Тісті ауырғанда алдымен тұзды сумен жуып, алоэдан 1 г ұнтақтап, оны тіске басады.

3.Сыртқы жарақаттан қан шыққанда алоэден лайықты мөлшерде алып, жаншып жарақатқа таңады.

4.Демікпеге жас алоэны езіп, шырынын күніне 3 рет, әр ретте 5 мг ішеді.

5. Шиқан шыққанда, іріңді жараларды алоэның жапырағын тіліп, жараның аузына тартады. Шиқанның соқтасын соруға, тез жазылуына, әрі қарай созылмауына алоэ жапырағы көп көмектеседі.

6. Адамның тәбетін ашуға, іш қатқанда,асқазан ауруына, ішек аурулары мен баспаға жақсы ем.

7. Бал қосылған алоэ шырыны туберкулез ауруына бірден-бір ем болып табылады.

Алоэ өсімдігін өсіру технологиясы

Алоэ оңтүстік Африканың шөлдерінде өсетін қуаншылыққа төзімді өсімдік. Ол үйде көп өсіріледі, бірақ тым  сирек гүлдейді. Жапырағы етті, шырынды түсі күңгірт жасыл таспаға ұқсас. Сабағы кейде сүректі болады. Гүл өсіруші әуесқойлар бұл өсімдікті әсіресе дәрілік  қасиеті үшін көбірек қсиеті үшін көбірек өсіріледі. Алоэ өсімдігінің шырыны қазіргі уақытта  көптеген ауруларды емдеу қолданылады.

Көктем айларындағы ылғалдың көптігі алоэға зияны келтіре қоймайды. Мұның есесіне қыс айларында аздаған  артық судың өзі өсімдік тамырына зиянды әсер етеді. Сондықтан қыстыгүні  өсімдікті жылығы 8−12°жерге орнатып аптасына, не он күн сайын суарып тұрған дұрыс.

Басқа өсімдіктер сияқты алоэ да жаз айларында жарық жеткілікт және ауа таза болуын қажет етеді. Солтүстік жақтағы терезенің алдында тұрып та өсе береді.

Екі−үш жыл өткеннен кейін көктемде өсімдік көшіріліп отырғызылады. Көшіріліп отырғызылады. Көшіріп отырғызылатын топырақтың өте құнарлы болуы шарт емес. Ол үшін бақшадағы, ауладағы топырақты қолдана беруге болады. Ондай топыраққа аздап кірпіш және көмір ұнтағын  қосады. Мұндай топырақта өсімдік жақсы өседі.

Өсімдікті көбейтудің ең тиімді де жеңіл тәсілі − жас өркен алоэны бөліп алып алып өсіру. Бұл − ерекше күтімді керек етпейтін тәсіл. Егер өсімдікті тұқымын ақпан айының орта шеиінде себеді себеді. өсіп шыққан көкті жайлап суарып өсіреді. өсіп шыққан көкті жайлап суарып өсіреді.

Көктем айларында алоэны қалемшелеуге  болады. Ол үшін өсімдіктің жас жапырағыын алып,оны ұзындығын 10−15см етіп бөледі де, жарақтанған жеріне көмір ұнтағын себеі. Осыдан кейін қалемшені бір күндей сусыз, топрақсыз жерде қалдырады. Сонан соң қалемшені тереңдігн 1−1,5см етіп құмға отырғызады. Бастапқы 3−5 күндей, яки тамыр өсіп шыққанша, оны суармайды. Қалемшеден тамыр, жапырақ шыққаннан кейінгі күтімі ересек өсімдіктердің күтімндей болады.

Үйде көп өсірілетін алоэны ағаш алоэ деп атайды. Алоэның сапонария деп аталатын түрінде үйде өсіруге болады. Оның жапырағы ірірек келеді.

Жапырағының әсемдігіне байланысты бірден көзге түсетін алоэ жолақ алоэ деп аталады. Оның қысқа сабағын қоршап шырмалып өскен ақ жасыл жапырақтарының алақаны көлденеңінен ақжолақтанған. Гүлінің түсі қызғылт жасыл болады.

Бұл аталған алоэ түрлерінің  күтімі бірдей деуге болады.



Көбеюі

Жас өсімдікті жыл сайын отырғызады, ересектері әр 2-3 жылда жақсы топыраққа отырғызылады. Алоэының көбінесе шілде мен тамызда немесе көктемде көбейтеді. Олардың көбею мүшелері 10-12см болуы керек, сонымен қоса 1 тәулік ауада ұстаған жылы топыраққа 1см тереңдікте, бөліктер арасын 3-5см-дей етіп отырғызады. Тамыры пайда болғанда отырғызуға болады. Алоэның тұқымы мен де өсіруге болады. Тұқымын ақпан, наурыз айларында себеді. Температурасы 250С –тан төмен болмауы тиіс.



3.3 Алоэдан дайындалған қоспалар Қоспа № 1

Жаңа жапырақ сөлі қараңғыда ұстаған борсық майын араластырамыз және де бал қосамыз, май, 100 бөліктей какао, алоэның жапырағының 15 бөлігін 1 шай қасық сөлді 1 стакан сүтке қосамыз. Туберкулез кезінде күніне 2 рет қолдану керек.



Қоспа № 2

Әлсіреткіш қоспа ретінде келесі қоспа дайындалады: 150 гр алоэ жапырағы (тікенімен бірге) қолмен езіп, 300 гр ыстық бал қосады, қайнағанға дейін ысытады. Тәулік ұстап, сосын ысытады. Тамақ ішер алдыднда 1 сағат бұрын әр таңертең 5-10 гр қолдану қажет.



Қоспа № 3

Қолмен алоэның жапырағын езіп, күніне сөлін 3-4 тамшы қолданады. Мұрын қуысы ауруына қолданады.



Қоспа № 4

Сөлін балмен араластырып, бронхитқа қарсы күніне 3 рет шай қасықтың 1/2 бөлігін пайдаланады.



Қоспа № 5

Жараларға жапырағын ортасынан кесіп, ылғал жағын таңады.



Қоспа № 6

Жапырағын кесіп, тазалап жуып, мясурубкадан өткіземіз. Бал қосамыз. Асқазан қыжылына 1 шай қасықтан қолданады.



Қоспа № 7

Суық тиюге 2-3 сағат аралығында 5-6 тамшы пайдаланады.

Алоэ сөлінің адам ағзасына әсері зерттеу нәтижесі.

3.4 Тәжірибелер жасау

Тәжірибе №1

Алоэ сөлінің адам ағзасына пайдасы.

Зерттеу әдісі: Мұрынға тамызу

Мақстаы: Жағдайын жақсару

Уақыты: 24,25,26 қараша 2010 жыл

Зерттелуші: Абдрахманова Елдана

Зерттеу барысы: әр 5-6 сағат сайын мұрынға 5-6 тамшы соль тамызу

Қорытындысы: Жағдайы жақсы

Ұсынылады: Алоэ сөлі ағзаның қызметін жақсартады.Күнделікті қолдану мұрын қуысын жақсартады.

Тәжірибе № 2

Алоэның күйікпен жараға әсері.

Зерттеу әдісі: Жараға таңу.

Мақсаты: жара мен күйктің жазылуы

Уақыты: 01-03 желтоқсан 2009 жыл

Зерттелуші: Тилегенова Асыл

Зерттеу барысы: күйкпен жараға компрес жасау немесе жапырағын кесіп таңу.

Қорытындысы: жазылу жылдамдығы жақсы

Ұсынылады: Алоэ күйік пен жараны жазады, актисептикалық жағдай туғызады.

Тәжірибе № 3

Алоэ сөлінің адам ағзасына әсері.

Зерттеу әдісі: Ауыз қуысының қағынуын шаю.

Мақсаты: Ауырғанды басады.

Уақыты: 15-16 желтоқсан 2009 жыл.

Зерттелуші:Заманбек Айбол

Зерттеу барысы: 50 % алоэ сөлімен шаю.

Қорытындысы: Алоэ сөлі ауруды басады.

Ұсынылады: Күнделікті қолдануда ауыз қуысының ауруларын жазады.

Тәжірибе № 4

Туберкулез және өкпе ауруларына.

Зерттеу әдісі: Күніне 2 рет ішу, кешке және таңертең ыстық 1стакан сүтке 1 қасық сөлді араластырып ішу.

Мақсаты: Туберкулез таяқшасын жою.

Уақыты: 30 қараша 30 желтоқсан аралығы 2009 жыл.

Қорытындысы: Жөтелі тоқтап, өкпе тұсының шаншуы басылды.

Ұсынылады: Күнделікті қолдану


Қорытынды

Денсаулылғымыз мықты болуы үшін батпандап кіріп,мысқылдап шығатын ауруды дәрісіз-ақ үй жағдайында айналада өсетін дәрілік өсімдіктермен-ақ емдеп жазуға болады. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулығымызды сақтауға көмектеседі, отбасының қаражатын үнемдейміз, табиғат байлығын қорғауға да атсалысамыз.

Міне, осындай емдік қасиеті бар өсімдіктерге оқушылар кішкентайынан мән беріп, өз игілігіне қолдана білсе, шипаны алыстан іздемейді. Дәрілік өсімдіктерді пайдалану денсаулықты сақтаумен бірге қазіргі нарықтық заманда отбасылық қаражатты үнемдеуге көмектеседі. Дәрілік өсімдіктер жанға шипа, дертке дауа болады.

Алоэ бөлме өсімдіктер ішінде ең көп тарағаны. Өзінің әсемдігімен көздің нұрын алады, гүлдеуі өте сирек, бірақ та жұмыс жазу барысында ұққаным өсімдік көптеген пайда әкеледі. Мен өз сыныптастарымның арасында осы өзімнің жұмысыма байланысты сауалнама жүргіздім. Алоэны сыныптастарымның арасында кеңінен насихаттадым. Ерте заманнан дәрілік өсімдіктердің қасиетін ата-бабаларымыз білген. «Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ» дегендей қазіргі заманда химикат дәрілер көбейіп жатыр. Олардың адам ағзасына тигізетін зияны көп. Өсімдік адам үшін азықтың қайнар көзі. Дәрілердің барлығы өсімдіктерден алынады. Аурудың алдын алуға емдеу үшін дәрілік өсімдіктердің маңызы өте зор.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ж.А.Адаев. Р.Н.Нұрғалиев. Шаңырақ энциклопедиясы.

2. Ж.Жатқанбаев.Өсімдік және адамзат.

3. М.Қожабеков.Дәрілік өсімдіктер. Алматы, «Қазақстан»1982.

4. .М.Оспанова, Ж.Лұқпанов.Өсімдік жанға шипа, дертке дауа.

5.В.Г. ПышинскийЛечение травами Ленинград «Наука»1990



6. Денсаулық журналы №8 2006 жыл.



: uploads -> doc -> 0d78
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0d78 -> Білімділік: Тақырып бойынша өтілген лексикалық материалды дамыту. Сөйлемнің жаңа құрылымдарымен таныстыру және оны сөйлемде қолдануды үйрету
0d78 -> Пәні Қазақ әдебиеті 6 сынып 05. 02. 2015 Тақырыбы
0d78 -> Распространение солей в природе и их практическое значение




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет