І бөлім Әлеуметтік педагогтарға арналған қызметтік



бет15/15
Дата23.12.2017
өлшемі3.11 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

10-8 ұпай – біліктілікті арттыру курсына шынайы ниет білдіріп келгенсіз. Өзіңіздің тарапыңызға айтылған әр сынды, пікірді дұрыс қабылдау қабілетіне иесіз. Жаңаша ойлай білесіз, креативтілік қабілетіңіз жоғары дамыған. Қарым-қатынасқа түсу сізге ләззат сезімін сыйлайды. Ұлттық философиялық құндылықтарды өз өмір тәжірибеңізде үнемі пайдалану – білім философиясын дамытудың бір жолы екенін естен шығармаңыз.

7-5 ұпай - Кез-келген ережелерді сақтауға тырысасыз, бірақ ол үнемі іс жүзінде солай бола бермейді. Әр ұлттық философиялық құндылықтарда терең мағына бар екенін біле тұра, өз өмір тәжірибеңізде үнемі қолдана алмайсыз. Ол көп жағдайда моралдық тұрғыдан шаршауға, өз ісіне қызықпауға, басқалардың пікірімен санаса білу қажеттілігін толық түсінбеуге және т.с.с. жағдаяттарға байланысты.

4-0 ұпай - Өзіңізге айтылған кез-келген пікірді «найзаның ұшымен» қабылдайсыз. Топ мүшелерінен өзіңізді бөліп қарастырасыз және қарым-қатынаста толық ашылу мүмкіндігіңіз жоқ. «Астарлап сөйлеу» шеберлігіне машықтанбағансыз. Бірақ, қоғам адамға емес, адам қоғамға қарап өзгеріске ұшырайтынын ұмытпаңыз. Ал жалғыз адам қоғам құра алмайды емес пе?! Қалжыңға негізделген шындық. Дегенмен, «битке өкпелеп тоныңызды отқа тастамайтын» шығарсыз?!

«Сөйлеудегі сөздердің пайдалану орындылығын меңгеру деңгейлерін анықтауға арналған тест-фрейм;

Нұсқау: Құрметті әріптес, төмендегі айтылған пікірлермен келісесіз бе? Келіспесеңіз «-», сенімсіз болсаңыз «*» немесе келіссеңіз «+»таңбасын қойыңыз. Және неліктен келіспейтіндігіңізді түсіндіріп көріңіз.




  1. Көптен бері таныс адамыңыз сізді көшеде көрсе де соңғы уақытта танымайтын адам секілді өтіп кететін әдет шығарды. Себебін түсіндірген жоқ, тіптен телефонға да жауап қайтармайды. Басқа бір таныстарыңыздан оның сізбен қарым-қатынас жасағысы келмейтіні туралы айтқанын естіп, әбден ыза болып: «Менің жасаған жақсылығымды білмесе өзі білсін, мен де онымен араласқым келіп тұрғаны шамалы» деп себебін білместен ренжіп шыға келесіз..




  1. Сіз бала кезіңізден бір қалада тұрып келесіз, бәрі таныс, үйреншікті. Бірақ өмірде бәрі болады емес пе?! Сіз АҚШ-қа тұрғылықты жер ауыстырып, кетуге мәжбүр болдыңыз. Сіздің ойыңызша, кейбір таныстарыңыз, туыстарыңыз қимай қоштасып жатыр, ал көпшілігі сізден құтылғандарына қуанып жатқан секілді көрінеді. Қоштасу сөзін айтып жатып, қонақтарға «Менен құтылғандарыңа қуанып тұрған шығарсыңдар...» деп айтып қаласыз...




  1. Белгілі мекемеге жұмысқа тұрмақшы болып, түйіндеме тастап едіңіз, сізді әңгімелесуге шақырады. Мекеме бастығының қабылдауына кіріп едіңіз, ол өзіңізден 10-15 жас кіші көрінеді. Сізге бұл ұнамайды. Дегенмен, жұмысқа тұруыңыз қажет. Мекеме бастығы қойылатын талап, шарттармен таныстыра отырып, сізді жұмысқа ала алмайтындығын айтады. Сіз уақытыңызды босқа алғанын айтып, ренжіп, сонымен бірге: «әлі жассың, егер кәсіби шеберлігің, тәжірибең көп болса, мен сияқты маманнан айрылмас едің...» деп айғайлап, есікті тарс жауып кетіп қаласыз...




  1. «Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі» деген мәтел тура мен туралы айтылған.




  1. «Төбет орынсыз үрсе, күшік бұзылады» - мен және менің балаларыма қатысты айтылған сөз.

Жауап нәтижелерін өңдеу

«+» - 1 ұпай

«*» - 0,5 ұпай

«-» - 0 ұпай беріледі.


5 ұпай – сөзді орынды пайдалану қабілетіңіз жоғары;

3-4 ұпайға дейін – орташа;

0-2 ұпайға дейін – төмен.
«Вербалсыз коммуникациялық сигналдарды түсінесіз бе?»

этностық қарым-қатынасқа вербалсыз коммуникациялық сигналдардың тигізетін әсерін анықтауға арналған тест-фрейм
Нұсқау: Құрметті әріптес, төмендегі айтылған пікірлермен келісесіз бе? Келіспесеңіз «-» немесе келіссеңіз «+» таңбасын қойыңыз. Және неліктен келіспейтіндігіңізді түсіндіріп көріңіз.


  1. Сіздің түрік көршіңіз бар. Бірде олар келін түсіріп, ұлдарын үйлендіреді. Күнде таңертең жұмысқа бара жатып, келіннің есік алдын сыпырып жүргенін көресіз, бірақ ол сізге қарап амандаспағанына ренжіп, «ой, ұятсыз, тәрбие көрмеген» деп айтып та салдыңыз. Көршіңіз мұны естіп, сізге мән-жайды түсіндіреді, сөйтсе түрік халқының салты бойынша, жаңа түскен келін белгілі бір уақытқа дейін «тілі кесілген» болып есептеліп, ешкімге бетіне қарап сөйлемеуі керек екен. Осы ситуацияда өзіңіздің іс-әрекетіңізді дұрыс деп санайсыз ба?

  2. Сіздің үйіңіздің жанына сыған ұлтты көршілер келіп қоныстанды. Әдетте, көпшілік оларды «ұрлыққа жақын» деп жақтырмай жатқанын еститінсіз, бірақ көзбен көрген жоқсыз. Күндердің бірінде немереңіздің ойыншығы жоғалып кетеді де, көршіңіз алды деген ой келіп, олардың үйіне барып, айтпағанды айтасыз. Үйге келсеңіз немереңіз ойыншығын тауып алыпты, қайдан алдың деген сұраққа: «шоланда жатыр екен, сол жерден алдым» деп жауап қайтарады. Осы ситуацияда өзіңіздің іс-әрекетіңізді дұрыс деп санайсыз ба?

  3. Әр халықтың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты белгілі бір стереотиптерге бөліп жатамыз. Мысалы: ағылшындарды – консервативті халық; француздарды – жеңілқой; немістерді – пысық, еңбекқор; өзбектер – қу; орыстар – тәкаппар; қазақтар – еліктегіш, тойшыл; шешендер – қызу қанды және т.с.с. айтылған пікірлермен келісесіз бе?

Жауап нәтижелерін өңдеу:


Әр жағдаятқа келіссеңіз 2 ұпай, келіспесеңіз 0 ұпай беріп, жалпы қорытындыны есептеңіз.
3-6 ұпай - әр ұлт өкілдерінің өзіндік спецификасына байланысты вербалсыз сигналдарын жақсы тани білесіз және коммуникативтік құзыреттілігіңіз жоғары деңгейде дамыған.
0-2 ұпай – конфликтіге бейімсіз. Өзге ұлт өкілдеріне сенімсіздікпен қарайсыз. Вербалсыз сигналдарды мүлде түсінуге де тырыспайтындығыңыз көрініп тұр.

«Сіз тыңдай білесіз бе?» сауалнама
Нұсқау: Сіздерге 12 сұрақ беріліп отыр. Көп ойланбастан, жылдам

«иә» немесе «жоқ» деген жауаптар берулеріңізді сұранамын. Жауаптарыңыз шынайы болады деп сенемін.


  1. Екінші бар адамның сөзін тез аяқтап, сізге де сөйлеуге мүмкіндік бергенін асыға күтетін кездеріңіз көп болады ма?

  2. Мәселенің анық-қанығына жетпестен шешім қабылдаған сәттеріңіз жиі болып тұрады ма?

  3. «Сіз көбіне өзіңізге ұнайтын ақпараттарды ғана тыңдайсыз» деген қағидамен келісесіз бе?

  4. Әңгіме айтушыны тыңдауда эмоциялық жағдайыңыз кедергі келтірмей ме?

  5. Серіктесіңіз өз ой-пікірін айтып отырғанда сіз көп алаңдайсыз ба?

  6. Әңгіме барысында мағыналы тұсына қарағанда, болмашы ұсақ-түйектерді есіңізде ұстап қалатын сәттеріңіз болады ма?

  7. Өз көзқарасыңыз, ұстанымдарыңыз басқа адамды тыңдауға кедергі келтірмей ме?

  8. Егер серіктесіңізді түсіну қиынға соқса, оны тыңдауды тоқтатасыз ба?

  9. Сөйлешіге деген негативті позиция жиі бола ма?

  10. Сөйлеушінің сөзін жиі бөлесіз бе?

  11. Әңгіме барысында сөйлешінің көзіне тіке қараудан қашасыз ба?

  12. Әңгіме айтушыны кенеттен тоқтатып, өз ойыңыз бен шешіміңізді айтқыңыз келетін сәттеріңіз болады ма?

Нәтижесін өңдеу:

Қатысушылар өздерінің «жоқ» деген жауаптарын есептеулері қажет.



10-12 ұпай. Сіз серіктесіңізді жақсы тыңдай білесіз. Өз эмоцияңыз

оның сөзін ұнатпасаңыз да аяғына дейін, ұғып тыңдауға кедергі жасамайды. Сондықтан көп адамдар сізбен қарым-қатынас жасағанды ұнатады.



8-10 ұпай. Көп жағдайда серіктесіңізді тыңдай білуге тырысасыз. Ұнамаған жағдайдың өзінде оның сөзін аяғына дейін тыңдай аласыз. Егер серіктесіңізден жалығып кетсеңіз дипломатиялық түрде онымен қарым-қатынасты тоқтатуға мүмкіндігіңіз бар. Кей жағдайда оның сөзін бөліп жіберіп, өз ойыңызды айтып үлгересіз.

8 ұпайдан төмен. Өкінішке орай, қарым-қатынасқа түсуде сіз басқа адамдарды тыңдай білу өнеріне машықтанбағансыз. Сіз олардың сөзін көп бөлесіз, сөздің аяғына дейін тыңдауға шыдамдылығыңыз жетпейді. Оның айтқан сөзі ұнамаса, мүлде тыңдамай қоя саласыз.

Психологиялық жақындық өлшемі (Д.Фельдс бойынша)
Референтті топтан басқа адамдардың қарым-қатынас шеңберін анықтауда тағы бір параметр ескерілуі тиіс. Ол – психологиялық жақындық. Психологиялық жақындық әр адамда әр түрлі деңгейде. Ол үшін Д.Фельдстің симпатиялы дистанциялық қашықтықты анықтауға арналған шкаласы (әдістемесі) арқылы зерттеуге болады.

Зерттелушілерге соңғы айларда жақын және қажеттіліктен араласып жүрген адамдардың тізімін жасау тапсырылады. Жұмыс аяқталған соң, берілген шкала бойынша әрқайсысын бағалау керек. Шкала 11 көрсеткіштен тұрады.


Тест:

  1. Ол менің ең жақын досым болуы мүмкін.

  2. Маған жақын адамдар мен оның арасында айырмашылық жоқ.

  3. Өз жанымды осы адамға ашық айтуыма болады.

  4. Бос уақытымды осы адаммен өткізер едім.

  5. Еңбек демалысымды осы адаммен өткізер едім.

  6. Оны өз үйіме қонаққа шақыруыма болады.

  7. Маңызды мәселелерді айтудың қажеті жоқ.

  8. Жауапты тапсырмаларды оған тапсырудың қажеті жоқ деп ойлаймын.

  9. Онымен бірге жұмыс істегенше, жұмыстан шығып кеткенім дұрыс.

  10. Өз ортама кіргізуге көнбес едім.

  11. Оның балалары болмағанын қалаймын.


Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Справочник социального педагога: 5-11 классы/Авт.-сост. Т.А. Шишковец. – 2-е изд.,пере. раб. и доп. – М.: ВАКО, 2007.-336с. – (Педагогика. Психология. Управление).

  2. Әлеуметтік-психологиялық тренинг жаттығулары. – Дарын. Қараша-желтоқсан, 2005.

  3. Баймұқанов М.Т. Отбасымен әлеуметтік педагогикалық жұмыс. Астана – 2005ж.

  4. Батталханов Е., Жақсыбаева М «Қиын» оқушылармен жұмыс ерекшелігі», Тәрбие құралы, 4/2005.

  5. Бұзаубақова К. « «Өзіңді-өзің тани біл!» педагогикалық тренингі», Бастауыш мектеп - №10,2006.

  6. Білім туралы ҚР Заңы. – 2007ж.шілденің 27-сі.

  7. БҰҰ Баланың құқықтары туралы халықаралық конвенция. 1989.

  8. «Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен түзетушілік-педагогикалық жұмыс атқару» К.М. Арымбаева. Шымкен -2003.

  9. Неке және отбасы туралы. ҚР Заңы. – Алматы: ЮРИСТ, 2006.-68б.

  10. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: 2008.

  11. ҚР баланың құқықтары туралы. ҚРЗ. – Алматы: ЮРИСТ, 2007. – 20 б.

  12. Сағымбекова А. ««Қиын бала» мәселесі әлі де қиын» Тәрбие құралы, №/2004.

  13. Социальная педагогика: введение в специальность. А.Н. Тесленко., М.С. Керимбаева . А.2005.

  14. Милованова В.Д. «Жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қорынан көмек м көрсету туралы». №6 (30)-2009.

  15. Стамкулова Ж.К. «Оқушылардың әлеуметтік өзгерістерге бейімделуін қалыптастыру», Әлеуметтік педагог журналы, №5, 2009ж.

  16. Сынып жетекші. Әдістемелік құрал. 2007.



Мазмұны
Кіріспе..................................................................................................................................3
І Бөлім. Әлеуметтік педагогтарға арналған қызметтік нұсқаулық--------------------4-14
ІІ. Бөлім.Әлеуметтік педагогтің өз қызметін жүргізудегі басшылыққа алатын нормативтік-құқықтық құжаттары--------------------------------------------------------- 15-26
ІІІ. Бөлім. Әлеуметтік педагогтің өз жұмысын ұйымдастырудағы

іс-қағаздары----------------------------------------------------------------------------------- 27-79


ІҮ. Әлеуметтік-пихологиялық тренинг жаттығулары ------------------------------- 80- 168
Пайдаланған әдебиеттер........................................................................................ 169


Каталог: ld
ld -> Сабақтың тақырыбы : Баяндауыш
ld -> Таңғажайып алаң ойыны. М.Әділова
ld -> Мақтаның жемісі мақтаның ашылмай қалған немесе шала ашылған қауашағын дейді. Қауашақ ашылады. Қауашақ ішіндегі ұзын талшықтары (түктері) бар өте көп тұқымдар шашылады
ld -> Одонтогенні кісти діляться на кореневі (радикулярні) і коронкові (фолікулярні)
ld -> Одонтогенні пухлини щелеп
ld -> Производство лекарственных препаратов по контрактам: Простанорм г. Томск
ld -> Гбоу впо рниму им. Н. И. Пирогова
ld -> 1. Гомеостаз – дегеніміз не


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет