Химиялық қауіпті объектіде авария кезіндегі іс-әрекеттер



жүктеу 21.08 Kb.
Дата23.05.2017
өлшемі21.08 Kb.
Химиялық қауіпті объектіде авария кезіндегі іс-әрекеттер

Химиялық қауіпті объектілер (ХҚО) – өзінің өндірісінде күшті әсер ететін улы заттарды (КӘУЗ) (хлор және аммиак) сақтап және қолданатын объектілер, оларда болатын авариялар адамдардың (улануына), жануарлар және өсімдіктердің жаппай зақымдануына әкелуі мүмкін (Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (ТЖ)).

Химиялық қауіпті объектідегі авария кезінде, ХҚО жақын орналасқан объектілерге және тұрғындарға дабылды қосу арқылы, бірыңғай «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» сигналы беріліп, құлақтандырылады. Осы сигнал бойынша барлық жергілікті радиоларды, телеарналарды қосып, ТЖ туралы хабарламаны және өзін қалай ұстау керектігін тыңдау керек.

Ақпаратта баяндалады:

- авария қай объектіде болғандығы жөнінде;
- күшті әсер ететін улы заттармен зақымдалған бұлттың таралу бағыты мен ауқымы;
- зақымданған аймақтан қай жаққа қарай (қай ауданға) шығу керектігі айтылады.

Ақпаратты тыңдап, зақымданған аймақта қалып қойған адамдардың іс-әрекеті:

- тыныс алу органдарын қорғауды қамтамасыз ету – қолдағы қорғаныс құралдарымен (суланған орамал, қолғап, мойынорағыш, ескі-құсқы заттар);
- терезені жабу, газды, электржылытқышты және тұрмыстық аспаптарды сөндіру, пештегі отты сөндіру;
- балаларды киіндіріп, қажетті жылы киімдерді және азық-түлікті, дәріқорапты алу, көршілерді ескерту;
- тез және дүрлікпей көрсетілген бағытпен ұйымнан, үйден шығу керек;
- егер Сіз «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» сигналын далада жүргенде естісеңіз, мұндай жағдайда құқық қорғау органдарының – қоғамдық тәртіпті қорғау қызметінің нұсқауына сәйкес әрекет ету керек.

Зақымданған жерде жүрген кезде келесі ережені сақтау керек:

- бұрынғы орнынан 1,5 км кем емес ара қашықтыққа жақсы желдетілетін желдің бағытына перпендикуляр бағытқа қарай (өсімдік өспейтін биік жерге) тез қимылдап, АҚ және ТЖ қызметтерінен әрі қарай нұсқау алғанша болу керек;
- жабық аулалардан, төмен жерлерден, тығыз салынған учаскелерден аулақ болу керек;
- теріде, аяқ киімде, киім-кешекте күшті әсер ететін улы заттың тамшысын байқап қалсаңыз, оны қағаз, ескі-құсқы затпен немесе орамалмен сүртіп тастау керек;
- қажет болған жағдайда балаларға, қарттарға немесе өздері жүре алмайтындарға көмек көрсету қажет;
- зақымданған аймақтан шыққаннан кейін міндетті түрде санитарлық тексерістен өту керек.

КӘУЗ-бен уланған жағдайда:

хлормен – кеуде аурады, көз ашиды, жасаурайды, құрғақ жөтел пайда болады, құсады, жүрісінің бұзылуы, алқыну;
аммиак – тұмаурата бастайды, жөтел пайда болады, тыныс алу қиындайды, тұншығу, тамырдың соғу жиілігі бұзылады, терінің беті зақымданады (күйдіреді, тері қышиды, қызарады, көз ашиды, жасаурайды).

Алғашқы көмек көрсету:



- зардап шеккен адамды зақымданған аймақтан таза ауаға шығарып, жылы жерге жатқызып тыныштықта қалдыру керек және терісін, кілегей қабықты сумен жуу қажет;
- хлормен уланған кезде – 15 минут ас содасының 2% ертіндісімен (бір стақан суға –1,5-2 шай қасық ас содасымен), судың буына демалдырып және ыстық сүт ішкізу керек;
- аммиакпен уланған кезде – 15 минут бор қышқылының 5% ерітіндісімен, жылы сүт беріп, көзіне таза су, мұрнына жылы сұйық май тамызадыу.

Қатты уланған жағдайда ауруханаға жатқызу керек.


©stom.tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет