“Химия және биология” факультеті “Биология” кафедрасы



жүктеу 190.68 Kb.
Дата02.07.2017
өлшемі190.68 Kb.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі.


“Сырдария” университеті.

“Химия және биология” факультеті

“Биология” кафедрасы


«Эволюция ілімі» пәніне арналған

оқу бағдарламасы

(050607 - Биология мамандығының студенттеріне арналған)


Жұмыс оқу бағдарламасын құрастырған: оқытушы АбдукадироваГ.

Курс: 4
Семестр: 8
Кредит саны: 3

Жетісай – 2010 ж.

Оқу бағдарламасын құрастырған: “Биология” кафедрасының оқытушысы Абдукадирова .Г.А.
Оқу бағдарламасы: А.С. Северцов. “ Введение в теорию эволюции ”. М. Изд. МГУ. 1981.,Э. Майр и др.” Эволюция”. Изд. Мир. Мир. Москва- 1981., В. Грант. “ Эволюция организмов “. Изд. Мир. -1980 әдебиеттеріне негізделіп құрастырылған.

Оқу бағдарламасы кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама № 1 26.09.2010 ж.

Кафедра меңгерушісі: мед, ғ.док. Балғаев А.



Аты-жөні,ғылыми атағы.

Факультеттің оқу - әдістемелік кеңесінде мақұлданған


Хаттама № 1 « 27 » ___08____ 2010 ж.
Оқу - әдістемелік бюросының басшысы: _____________________________

Аты-жөні,ғылыми атағы.

Университеттің ғылыми Кеңесінде мақұлданған


Хаттама № 1 « » ________ 2010 ж.
Университет ғылыми Кеңесінің хатшысы: --------------------


Алғы сөз

Эволюция ілімі курсы университеттердің, педагогикалық институттардың биология мамандығы негізгі және қосымша болып келетін барлық факультеттердің оқу жоспарына енгізілген. Қазіргі заманғы эволюция 20-ғасырдан қалыптасқан және одан кейінгі ғылымдардың ғылыми зерттеу жұмыстарында талданып дәлелденген эволюцияның синтетикалық теориясы болып табылады. Биологиялық ғылымдар жүйесіндегі эволюция теориясының ерекше орыны мен оның анализдеуші, синтездеуші сипаты және методологиялық бағыттылығы, бұл ілімді жоғаоы оқу орындарында оқытудың маңызды екендігін көрсетті.


Пәннің мақсаты: Эволюция ілімі студенттердің диалектикалық материалистік көзқарастарын қалыптастырады, биологиялық ойлау қабілетін арттырады, ой өрісін кеңейтеді, оларға табиғат құбылыстарының статистикалық әдіс арқылы зерттеуді үйретеді және осы құбылыстардың себеп-салдарлы байланыстарын түсіндіреді.
Пәннің міндеті: Студенттердің эволюциялық теориясын игеруі, олардың қазіргі заман биологиясындағы күрделі материалдарды өз беттерімен талдау, синтездеу қабілеттерін дамытады.

«Эволюция ілімі» пәнінің тақырыптар мазмұны


1 бөлім Эволюциялық идеялардың даму тарихы.
Кіріспе. Эволюциялық идеялардың даму тарихы.
Дарвин дәуіріне дейінгі кезеңде эволюциялық идеялардың қалыптасуы және дамуы. Антик дәуір философтарының (Гераклит, Эмпедокл, Аристотель, Лукреций, Теофраст, Демокрит т.б.) еңбектеріндегі эволюциялық идеялар.

Орта ғасырлар дәуірінде Европада ғылымның тоқырауы (ғылымның дамуындағы метофизикалық дәуір және креоцинистік көзқарастардың үстем болуы).


2 бөлім Ж.Б.Ламарктің эволюциялық концепциясы
Ж.Б.Ламарктің эволюциялық концепциясы
Ж.Б.Ламарктің дүниеге көзқарастарының философияның негізі. Табиғаттың эволюциялық жолмен даму идеясы.Эволюция себептерін баяндау. Ж.Б.Ламарктің жанураларды жіктеу ілімі. Ламарктің түр және адамның пайда болуы жайлы көзқарасы.Ламарктің эволюциялық концепциясын талдау. Ламарктың өмір жолы.Ламарктың эволюциялық концепциясы.Ламарктың эволюциялық концепциясының маңызы.
3 бөлім Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының қалыптасуындағы жалпы алғы шарттар.
Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының қалыптасуындағы жалпы алғы шарттар.
ХІХ-ғасырдың І-ші жартысында Англияда жүзеге асқан қоғамдық-экономикалық өзгерістер. ХІХ- ғасырдың І-ші жартысында жаратылыстану ғылымдарының даму дәрежесі (систематика, салыстырмалы анатомия, эмбриология).

ХІХ- ғасырдың І-ші жартысында ауыл шаруашылық практикасының даму дәрежесі.Эволюцияның идеялық қалыптасуы.Преформизм және эпигенез.Ұрықтың ішінде салыну гипотезасы.Тіршілік сатысы туралы ілім.


4 бөлім Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы
Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы
Ч.Дарвиннің өмірбаяны және еңбектері. “Түрлердің шығу тегі” еңбегіндегі негізгі қағидалар. Ч.Дарвиннің басқа да ілімдері. Мәдени формалардың эволюциясын дәлелдеу. Ч.Дарвиннің қолдан сұрыптау ілімі. Ч.Дарвиннің қолдан сұрыптау ілімі. Ч.Дарвиннің қолдан сұрыптау ілімінің маңызы.Прогресшіл биологтардың Дарвинизмді насихаттауы және қорғауы.Биология пәннің дамуына Дарвин идеяларына тигізетін ықпалы.Биологиядағы антидарвинистік ағымдар мен күрес.
Дарвиннің өзгергіштік формалары, заңдылықтары және себептері жайлы көзқарастары.
Айқын және айқын емес, ара қатынастық және компенсациялық өзгергіштіктер.Доместикация ілімі. Монофилия және полифилия принциптері. Қолдан сұрыптау Ілімі. Ч.Дарвиннің өмір жолы және еңбектері. Ч.Дарвиннің өмір жолы. Ч.Дарвиннің еңбектері мен олардың маңызы. «Дарвинизмнің қалыптасуы» кезеңіндегі ғалымдардың еңбектері

Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігін дәлелдеу


Табиғи түрлер эволюциясына әсер ететін негізгі факторлар.Тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыптау ілімдері.Тіршілік үшін күрестің алғы шарттары және формалары.Табиғи сұрыптау және оның түрлері.Табиғи сұрыпталу.Табиғи сұрыпталу түрлері.Жануарлармен өсімдіктердің табиғи жағдайдағы өзгергіштігі.Табиғи түрлердің өзгергіштігі мен алуан түрлілігіТабиғи түрлер. Табиғи түрлердің өзгергіштігі мен алуан түрлілігі

5 бөлім Ч.Дарвиннен кейінгі дәуірде эволюция ілімінің дамуы


Ч.Дарвиннен кейінгі дәуірде эволюция ілімінің дамуы
Эволюциялық пелеонтологияның дамуы. Экологиялық зерттеулер. Дарвин теориясын мойындамау немесе эволюция ілімінің тоқырауы. Синтезделу дәуірі. Синтезделу дәуірінің кезеңдері, ондағы жаңалықтар.1-кезең. Дарвинизмнің қалыптасуы«Дарвинизмнің қалыптасуы» кезеңіндегі ғалымдардың еңбектері. 2-кезең. Эволюцияның қозғаушы күштері.Эволюцияның қозғаушы күші ретінде тұқым қуалауышты эксперимент түрінде зерттеулер.Табиғи сұрыптауэксперменталды жолмен зертеу.Түрлер туралы ілімнің қалыптасуы.3-кезең.Эволюцияның синтетикалық теориясының қалыптасуы. Эволюцияның синтетикалық теориясы.Эволюцияның синтетикалық теориясының маңызы. 4-кезең. Эволюцияның синтетикалық теориясының дамуы.Эволюциялық синтетикалық теорияның пайда болуы. Добжанский мен Шмальгаузен еңбектері.Генетика және биогеоценологиялық зерттеулер.

6 бөлім Органикалық эволюция объективті процесс. Эволюцияны зерттеу әдістері


Органикалық эволюция объективті процесс
Эволюцияны зерттеу әдістері Тіршілік – материя қозғалысының ерекше формасы. Тіршіліктің негізгі қасиеттері және жер бетіндегі тіршіліктің геохимиялық ролі.

Органикалық эволюция туралы түсінік.Органикалық эволюция түрлері.Органикалық эволюцияның ілімінің негіздері.Органикалық эволюцияның кезеңдері. Органикалық эволюцияның негізгі принциптері мен әдістері. Органикалық эволюцияның негізгі принциптері. Органикалық эволюцияның негізгі әдістері

Тіршіліктің пайда болуы (биогенез)
Тіршілік және оның пайда болуы. С.Миллердің, С.Фокстың, Д.Оронның т.б. зерттеу жұмыстары. Биохимиялық эволюцияның кезеңдері. Өсімдіктер және жануарлар эволюциясының негізгі ерекшеліктері мен кезеңдері. Тіршілік үшін күрестің алғы шарттары және формалары. Тіршілік үшін күрес туралы түсінік.Тіршілік үшін күрестің формалары. Элиминация.

7 бөлім Микроэволюция ілімі.


Микроэволюция ілімі.
Микроэволюция ұғымы. .Микроэволюция ілімінің қалыптасуы, оның зерттейтін мәселелері және әдістері эволюция ілімінің дамытудағы маңызы. Тұқым қуалайтын өзгергіштік – эволюцияның элементарлы материалы. Микроэволюция ілімі, зерттейтін мәселелері мен әдістері. Микроэволюция. Микроэволюция мәселелері.
8 бөлім Популяция – эволюцияның элементарлы құрылымы
Популяция – эволюцияның элементарлы құрылымы
Популяция ұғымы және критерилері. Популяцияның түрлері (клональды және панмиксиялық).. Популяцияның генетикалық құрылымының әртүрлілігі – эволюциялық өзгерістердің алғы шарттары. Популяцияның генофонды жайлы ұғым. Популяция туралы түсінік. Гендік қор. Харди-Вайнберг заңы.
9 бөлім Популяцияның генетикалық құрылымының өзгеруі – эволюцияның элементарлы құбылысы
Популяцияның генетикалық құрылымының өзгеруі – эволюцияның элементарлы құбылысы
Эволюцияның элементарлы құбылысы жайлы түсінік. Популяциялардағы генетикалық-анатомиялық процестер (гендердің дрейфі). Популяцияның генофондын өзгертудегі олардың ролі. Популяция және оның генетикалық құрылымының өзгеруі. Популяцияның экологиялық, генетикалық гетерогенділік және генетикалық біртұтастық және морфофизиологиялықеререкшеліктері. Популяцияның генетикалық құрылымын өзгертудегі миграцияның маңызы
10 бөлім Эволюцияның элементарлы факторлары
Эволюцияның элементарлы факторлары
Элементарлы факторлар туралы түсінік. .Мутация процесін эволюцияның элементарлы факторлары ретінде талдау. Генетикалық камбинаторика және оның эволюциядағы ролі.

.Популяция толқынының типтері және олардың эволюциядағы ролі. Оқшаулану популяциялардың арасындағы генетикалық айырмашылықтарды күшейтетін фактор.Оқшаулану типтері. Олардың сипаттамасы және маңызы


11 бөлім Табиғи сұрыптау – эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы факторлары
Табиғи сұрыптау – эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы факторлары
Табиғи сұрыптау ұғымы, табиғи сұрыпталудың алғы шарты - особьтардың гетерогенділігі. Биогеоценоз – тіршілік үшін күрес аймағы. Тіршілік үшін күрестің және элиминацияның формалары. Табиғи сұрыптау – эволюцияның ең негізгі факторы. Табиғи сұрыптаудың эволюцияның басқа факторларының арасындағы орны.Табиғи сұрыптау мен “санасыз” сұрыптау арасындағы байланыстылық
Табиғи сұраптаудың сандық сипаттамасы: сұрыптаудың коэффициенті, тиімділігі, жылдамдығы
Сұрыптау жылдамдығының популяциядағы особьтардың генетикалық әртүрлілігіне байланыстылығы. Сұрыптаудың қысымы және векторы жайлы ұғым. Сұрыптаудың зерттеу әдістері. Табиғи сұрыптау және оның маңызы. Табиғи сұрыптаудың мәнісі. Табиғи сұрыптау мен қолдан сұрыптау әрекетіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар. Табиғи сұрыптау мен бейімділіктің салыстырмалығы.
Табиғаттағы сұрыптауды популяциялық-экологиялық және популяциялық-морфологиялық зерттеулер арқылы талдау
Сұрыптау әсерінің статистикалық сипаттамасы. Табиғи сұрыптаудың негізгі формалары: тұрақтандырушы, қозғаушы және дизруптивті, жыныстық сұрыптау. Жеке және топтық сұрыптау. Табиғи сұрыпталу және сұрыпталу түрлері. Жануарлармен өсімдіктердің табиғи жағдайдағы өзгергіштігі.
12 бөлім Адаптациялардың пайда болуы табиғи сұрыптау әсерінің нәтижесі
Адаптациялардың пайда болуы табиғи сұрыптау әсерінің нәтижесі
Адаптация ұғымы, классификациялары. Қарапайым қорғану құрылымдары және олардың эволюция процесінде пайда болу, жақсару жолдары. Күрделі адаптациялар. Неотения құбылысы және оның себептері. Бейімделушілік ұғымы. Бейімдеушілік туралы түсінік. Бейімделушіліктің пайда болуы.Бейімделушіліктің түрлері. Бейімділушіліктің маңызы. Қарапайым бейімделушілік. Күрделі бейімделушілік
13 бөлім Түр – эволюция процесінің негізгі дәуірі
Түр – эволюция процесінің негізгі дәуірі

Түр концепциясының даму тарихы. Типологиялық түр концепциясы. Номиналистік концепция. Түр ұғымы жайлы Ч.Дарвин түсінігі. Түр, типологиялық түр концепциясы. Түр және түрдің пайда болуы.Түр туралы ұғымның қалыптасу тарихы. Түр критерилері. Түрдің түзілуі. Түр критерилеріне сипаттама

Түрлердің реалдығы және биологиялық маңызы
Түр критерилері. Түрдің жалпы белгілері дискреттілік саны, біртұтастығы, тұрақтылығы, тарихилығы.Әртүрлі таксондардағы түрлердің құндылығы

Түр түзілуінің әдістері мен жолдары. Аллопатриялық түр түзілу. Симпатриялық түр түзілу. Дивергенттік түр түзілуі. Филогенетикалық түр түзілу.Гибридтік түр түзілу


14 бөлім Түрдің пайда болуы – микроэволюция нәтижесі
Түрдің пайда болуы – микроэволюция нәтижесі
Жаңа түрлердің қалыптасу жолдары. Негіздеуші принцип тер. Түрдің пайда болуына будандасу мен полиплоидияның ролі. Араморфоз, регенерация т.б. .Ағымды, партеногенетикалық және өздігінен ұрықтанатын формалы жаңа түрлердің пайда болуы. Эволюция ілімінің табиғи популяцияларды басқарудағы, табиғат ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану проблемасын шешудегі маңыз

15 бөлім Макроэволюция проблемалары



Макроэволюция проблемалары

Макроэволюция ұғымы. Макро- және микроэволюциялардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Макроэволюция және микроэволюция. . Макроэволюция және микроэволюция жетістіктері. Макроэволюциядағы моно және полифилияның арақатынасы, тұқым қаулайтын өзгергіштіктің ролі. Макроэволюциядағы моно және полифилияның арақатынасы.Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің ролі



16 бөлім Филогенетикалық топтардың эволюциясы



Филогенетикалық топтардың эволюциясы

Филогенездің негізгі формалары. Филогенетикалық топтар эволюцияның қағидалары. Прогрессивті бейімделу, бейімделген ататектер пайда болу, адаптациогенез фазаларының алмасуы, адаптивті радиация, биологиялық системалар интеграциялануының күшеюі. Филогенетикалық топтар. Филогенез.



17 бөлім Мүшелердің және функциялардың эволюциясы

Мүшелердің және функциялардың эволюциясы


Организмнің біртұтастығы және оның мүшелерінің салыстырмалы автономдылығы. .Мүшелердің филогенетикалық өзгерістерінің негізгі алғы шарттары.

Мүшелер мен функциялардың өзгеру принциптері. Мүшелер мен функциялардың эволюциялануы жайлы Дж.Симпсон мен А.Л.Тахтаджанның зерттеулері. Мушелер мен функцияның эволюциялануы. Дж.Симпсон мен Тахтаджянның зерттеулері.


18 бөлім Онтогенез эволюциясы

Онтогенез эволюциясы

Онтогенез эволюциясы және онтогенездегі организмнің біртұтастығы. Организмдердің тарихи өзгеруінде корреляцияның және координацияның маңызы

Онтогенездің эмбриондануы және канализациясы. Онтогенездің эмбриондануы. Онтогенез кезеңдері. Эмбриондық жэәне постэмбриондық кезеңдер

Эволюциялық прогресс

Прогресс туралы түсінік. .Прогрессивті даму критерилері

.Прогресс құбылысын классификациялау, олардың сипаттамасы, критерилері және арақатынасы. Прогресс және оның классификациялануы. Прогресс туралы түсінік. Прогресс түрлері

Антропогенез

Адамның пайда болуы жайлы түсініктің дамуы. Адамның жануарлар дүниесіндегі орны. Антропогенездің негізгі дәуірлері. Ондағы адамдардың таралуы мен тіршілік ерекшеліктері. Антропогенез мәселелері. Адамның шығу тегі. Адамның жануарлармен туыстығы жайлы дәлелдемелер. Адамның шығу орталықтары


Антропогенездің биологиялық және әлеуметтік факторлары және олардың әсер ету ерекшеліктері
Адамдардың пайда болған орталықтарыжайлы жорамалдар. Адам нәсілдері және олардың қалыптасу жолдары. Әлеуметтік дарвинизмді сынау және нәсілшілдік. Қазіргі замандағы адам нәсілдерінің эволюциялық-генетикалық біртұтастығын дәлелдеу. Адам нәсілдері. Нәсілдердің эволюциялық-генетикалық біртұтастығын дәлелдеу
19 бөлім Биосфера эволюциясы
Биосфера эволюциясы.
Биосфера және оның қасиеттері. Ноосфера. Қазақстандағы экологиялық апаттарға ұшыраған аймақтар, олардың себептері және биосфераның эволюциясына әсері. Биосфера эволюциясы және ноосфера. Биосфера эволюциясы. Ноосфераның пайда болуы. Қазіргі экологиялық жағдайдың биосфера эволюциясына әсері
20 бөлім Эволюция ілімінің проблемалары және перспективалары
Эволюция ілімінің проблемалары және перспективалары

Эволюция ілімі, оның адамның практикалық әрекетіндегі ролі және биологияның басқа салаларының дамуына әсері.Эволюцияның бағыттылығы және шектелмегендігі.Микроэволюция проблемаларын талдау қажеттілігі. Микроэволюция проблемасын талдау қажеттілігі. Қазіргі кездегі микроэволюция проблемалары. Популяцияның оқшаулану типтері



Эволюция ілімінің маңызы

Эолюция ілімі және қоршаған ортаны қорғау.Эволюция ілімі және медицина. Эволюция теориясының методологиялық негізі. Пәнді оқытудың маңызы. Эволюция ілімі және қоршаған ортаны қорғау. Эволюция ілімінің маңызы. Эволюция және қоршаған ортаны қорғау.Эволюция ілімінің басты мәселелері. Эволюцияның элементарлы факторларының өзара әсері, түр проблемасы.Эволюцияны модельдеу проблемасы, макроэволюция проблемалары, биогеоценоздар эволюциясы, эволюция факторларының арақатынасы


4.Практикалық сабақтардың тақырыптары


1. Дарвинге дейінгі кезеңдегі эволюциялық идеялар

2. Ж.Б.Ламарктың эволюциялық идеялары

3. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы

4. Дарвин теориясын мойындамау және эволюциялық ілімнің тоқырауы

5. Эволюцияның дәлелдемелері және оны зерттеу әдістері

6. Популяция және оның генетикалық құрылымының өзгеруі

7. Элементарлы факторлар

8. Табиғи сұрыптау – эволюцияның ең негізгі факторы

9. Адаптация

10. Түр және оның пайда болуы

11. Макро- және микроэволюция

12. Филогенез және филогенетикалық топтардың эволюциясы

13. Мүшелер қызметінің эволюциясы

14. Адамның шығу тегі жайлы эволюциялық ойлар

15. Эволюция ілімінің басты мәселелері

5. ОБСӨЖ тақырыптары


1.Эволюциялық ілім пәні және оның міндеттері

2.Ертедегі Греция мен Римдегі табиғаттың пайда болуы туралы ұғымдар

3.Эволюциялық теорияның пайда болуы және дамуы

4.Ламарктің эволюциялық концепциясының маңызы

5.Эволюциялық ілімнің пайда болуының ғылыми алғы шарттары

6.Эволюциялық ілімнің туылуы және қалыптасуы

7.Ч.Дарвиннің қолдан сұрыптау ілімі

8.Табиғи сұрыптау және оның түрлері

9.Табиғи түрлердің өзгергіштігі мен алуан түрлілігі

10.Тіршілік үшін күрестің алғы шарттары және формалары

11.Ч.Дарвиннің өмір жолы және еңбектері

12.Эволюциялық ілімнің Дарвиннен кейінгі дамуы

13.1-кезең. Дарвинизмнің қалыптасуы

14.2-кезең. Эволюцияның қозғаушы күштері

15.3-кезең.Эволюцияның синтетикалық теориясының қалыптасуы

16.4-кезең. Эволюцияның синтетикалық теориясының дамуы.

17.Эріден будандастыру әдістері арқылы жаңа түрлерді алу

18.Органикалық эволюция

19.Органикалық эволюцияның негізгі принциптері мен әдістері

20.Энергетикалық процестердің эволюциясы

21.Палеонтология және тарихи геологияның пайда болуы

22.Экология және биогеография салаларының зерттеулері

23.Микроэволюция ілімі, зерттейтін мәселелері мен әдістері

24.Тұқым қуалайтын өзгергіштік – эволюцияның элементарлы материалы

25.Комбинативтік өзгергіштік және оның эволюциядағы ролі

26.Популяцияның генофонды жайлы ұғым

27.Эволюцияның факторлары

28.Табиғи сұрыптау және оның маңызы

29.Тіршілік үшін күрес ұғымы

30.Бейімделушілік ұғымы

31.Бейімделушіліктің түрлері

32.Түр, типологиялық түр концепциясы

33.Түр критерилері

34.Түр түзілуінің әдістері мен жолдары

35.Филогенетикалық топтар

36.Мүшелер мен функциялардың эволюциялануы жайлы Дж.Симпсон мен А.Л.Тахтаджанның зерттеулері

37.Онтогенездің эмбриондануы

38.Неотения және фитализация құбылысы

39.Прогресс және оның классификациялануы

40.Антропогенез мәселелері

41.Қазіргі замандағы адам нәсілдерінің эволюциялық-генетикалық біртұтастығын дәлелдеу

42.Биосфера эволюциясы және ноосфера

43.Макроэволюциядағы моно және полифилияның арақатынасы, тұқым қаулайтын өзгергіштіктің ролі

44.Микроэволюция проблемасын талдау қажеттілігі

45.Эволюция ілімі және қоршаған ортаны қорғау

6. СӨЖ тақырыптары


1.Эволюциялық идеялардың даму тарихы. Дарвин дәуіріне дейінгі кезеңде эволюциялық идеялардың қалыптасуы және дамуы.

2.Ж.Б.Ламарктің эволюциялық концепциясы.

3.Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясының қалыптасуындағы жалпы алғы шарттар.

4.Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы

5.Айқын және айқын емес, ара қатнастық.

6.Ч. Дарвиннен кейінгі дәуірде эволюция ілімінің дамуы.

7.Органикалық эволюция обьективті процесс. Эволюцияны зерттеу әдістері.

8.Тіршіліктің пайда болуы.

9.Микроэволюция ілімі

10.Популяция эволюцияның элементарлы құрылымы

11.Популяцияның генетикалық құрылымының өзгеруі – эволюцияның элементарлы құбылысы

12.Эволюцияның элементарлы факторлары

13.Табиғи сұрыптау – эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы факторлары

14.Табиғаттағы сұрыптауды популяциялық – экологиялық және популяциялық – морфологиялық зерттеулер.

15.Адаптациялардың пайда болуы табиғи сұрыптау әсерінің нәтижесі

16.Түр-эволюция процесінің негізгі дәуірі

17.Түрдің пайда болуы – микроэволюция нәтижесі

18.Макроэволюция проблемалары

19.Филогенетикалық топтардың эволюциясы

20.Мүшелердің және функциялардың эволюциясы

21.Онтогенез эволюциясы

22.Эволюциялық прогресс.

23.Ч. Дарвиннің ғылыми зерттеу жұмыстары. ХІХ ғасырдағы қоғамдық эволюциялық өзгерістер. Материалистік көзқарастар.

24.Мәдени формалардың эволюциясын дәлелдеу.

25.Үй жануарлары тұқымдары мен мәдени өсімдіктер сорттарының шығу тегін талдау.

26.Пассивті қорғану бейімділіктерін эволюциялық көзқарас тұрғысынан зерттеу.

27.Эволюциялық өзгеріс жер бетіндегі тіршіліктің қажетті шарты.

28.Өсімдіктер және жануарлар эволюцияларының өзара байланыстылығы.

29.Тұқым қуалайтын өзгергіштік – эволюцияның элементарлы материалы.

30.Популяцияның генофонды жайлы ұғым.

31.Популяцияның генетикалық құрылымын өзгертудегі миграцияның маңызы.

32.Оқшаулану популяциялардың арасындағы генетикалық айырмашылықтарды күшейтетін фактор.

33.Тіршілік үшін күрес табиғи сұрыптауының негізі.

34.Табиғи сұрыптаудың эволюцияның басқа факторларының арасындағы орны.

35.Күрделі мүшелердің құрылысы. Адаптациялардың салыстырмалы сипаты.

36.Түрдің жалпы белгілері дискреттілік саны, біртұтастығы, тұрақтылығы, тарихилығы.

37.Эволюция ілімінің табиғи популяцияларды басқарудағы, табиғат ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану проблемасын шешудегі маңызы.

38.Макроэволюция ұғымы.

39.Филогенетикалық топтар эволюцияның қағидалары

40.Филогенездегі мүшелер жүйелерөзгеруінің өзара байланыстылығы.

41.Эволюция ілімінің проблемалары және перспективалары

42.Эволюция ілімінің маңызы

43.Прогресс құбылысын классификациялау.

44.Салыстырмалық прогрессивті өзгерістердің негізгі сипаттамасы.

45.Автономдану – онтогенез эволюциясының негізгі бағыты.

Қолданылған әдебиеттер тізімі


Негізгі:

1.Ч. Дарвин. “ Происхождение видов ” Сбор. Соч М – Л . Изд. АН СССР, 1939 т 3

2.Ч. Дарвин. “ изменение домашных животных и культурных растений ”

Сбор. Соч. М-Л.1961

3.И. Шмальгаузен. “ Проблемы дарвинизма ”. Л. наука –1969

4.А.С Северцов. “ Введение в теорию эволюции ”. М. Изд. МГУ. 1981

5.Ч.дарвин. “ Происхождение человека и полевой отбор ”. Соч. Т.S.М.Л. –1959

6.Э. Майр и др.” Эволюция”. Изд. Мир. Мир. Москва- 1981

7.В. Грант. “ Эволюция организмов “. Изд. Мир. -1980

Қосымша:


8.М.М Беляев. “Окраска животных и естественных отбор ”. М. –1974

9.К.М Зовадский “ Вид и видообразование ”. Л- 1969

10М.М Камишлов “ Эволюция биосферы ”. М.-1976

11.Я.Я. Рогинский “ Проблемы антропогенеза ”. М-1977







: CDO -> 2010-2011
CDO -> Лекция: 10 сағ Семинар: 5 сағ СӨЖ: 15 сағ обсөЖ: 15 сағ Барлығы: 45 сағ
CDO -> «Химия және биология» факультеті “Биология” кафедрасы “Адам анатомиясы” пәні бойынша обсөЖ мәтіні
CDO -> Оқу түрі: күндізгі Курс: 3 кредит саны: 2 Лекциялар 15 сағат СӨЖ 30 сағат обсөЖ 30 сағат Практикалық сабақ 15 сағат Барлық сағат саны
CDO -> Лекциялар 30 с Лабораториялық сабақтар 15с СӨЖ 45с обсөЖ 45с
2010-2011 -> Жұмыс бағдарламасы Пән: Биохимия. Факультет: Химия және биология Мамандық: Биология 050113 Кафедра: Биология Курс: 3




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет