Ханкелді Әбжанов, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры



жүктеу 0.57 Mb.
бет1/4
Дата17.07.2017
өлшемі0.57 Mb.
  1   2   3   4

Ханкелді Әбжанов,

Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және

этнология институтының директоры,

ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі

ҚАЗАҚ ӘЛЕМІ ҺӘМ ТҮРКІ ДҮНИЕСІ: ОРТАҚ ТАРИХЫ МЕН ЗЕРТТЕУ МЕТОДОЛОГИЯСЫ



Аңдату

Еуропа мен Азия құрлықтарын мекендеген халықтар арасында өзіндік тарихымен, әлемдік өркениеттегі қайталанбас қолтаңбасымен жаһанға мәлім қауымдастықты түркі этностары құрап отыр. Түркілік алты тәуелсіз мемлекетте, Ресей мен Қытайдан басқа ондаған елдерде жинақы өмір сүріп жатқан бұлардың саны 200 миллионнан асып жығылады.

Шыққан тегі бір түркілер тарихы жеңіс пен жеңіліске, салтанат пен қасіретке, тұтастық пен тұрақсыздыққа куә парақтармен өрілген. Алайда сол тарихты зерттеуде, оқытуда, насихаттауда ортақ ұстаным мен көзқарас қалыптасқан жоқ.

Біз тығырықтан шығар жолды ұсынбаймыз. Жолды іздеушілердің бірі ғанамыз. Қиыншылығы – сол жолдың бастау-бұлағы бір болғанмен келе-келе сан-салаға тармақталып кеткенінде. Бір жол империялық биікті бағындырса, екіншісі отар өлке қамытын кигізді. Басқа халықтар мен өркениеттер қатарына кіріп кеткендері де бар. Тағдырдың жолы тоқсан мың тарау деген осы шығар.

Қайткенде де әрқайсының өз тарихы, бәрінің басын қосатын ортақ тарихы бар. Түркілердің ортақ тарихы бір аумақты мекен етіп, тағдырлары мен мақсаттары ажырамаған, тілдік қауымдастығы бұлардың тұтастығын бекемдеген ғасырларды алып жатса, байырғы түркілер Батыс пен Шығысқа қақ айрылғаннан әрқайсының өзіндік жолы басталды. Ел айрылғанға дейінгі, ел айрылғаннан кейінгі тарихта күрмеуі күрделі жұмбақ парақтар баршылық. Ең бастысы – тарих елестен емес, шындықтан тұруы керек. Жандыда ызылдаған сары масадан тартып, жансызда көк тіреген тау мен тасқа дейін ешбіреуі тарихсыз аспаннан түсе қалған жоқ. Біздің қозғайтын тақырыбымыз адамдар қауымына ғана, соның ішінде ұлттық және ортақ түркі тарихын зерттеу методологиясына ғана қатысты. Мақсатымыз – түркі әлемінің бірлігін нығайтуға тарих ғылымының әлеуетін жегу.


  1. Ғылым және қарым

Барша жаһандағыдай, қазақ әлемі мен түркі дүниесінің тірегі, мәйегі – адам. Адамның интеллектуалдық әлеуеті үздіксіз нығаюда, кемелденуде, тереңдеуде. Оның салаларын ендігі санап тауысу мүмкін емес. Бір клеткалы амеба мен туфелкадан тартып жеті қабат жердің астынан шығатын, жеті қабат көктен түсетін белгілі-белгісіз заттарға дейін түрлі қолданымдағы – фантастикалық, эксперименттік, көркем, т.б. интеллектуалдық таным обьектісіне айналғаны қашан.

Интеллектуалдық танымның ең құдіреттісі, ең күрделісі, табиғатты, қоғамды, адамды өзгертудегі ең пәрмендісі – ғылым. Оның алғышарттары мен нәтижелеріне жататын тіл мен сөздің шығуы, жазу мен кітап басу, жылу мен электр қуатын пайдалану, радио мен телефонды ойлап табу, өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық, нанотехнологиялық төңкерістер, атом мен ғарышты игеру, қысқасы, ғылым мен ғылыми ойдың жетістіктері қоғамның күш-қуатын, адамның қабілет-қарымын еселеп арттырды. Әлемді өзгертуге келгенде ғылыммен тайталасатын, бәсекелесетін, ғылымға тең келетін, ғылымнан асып түсетін не бар десек, ол – дүлей табиғат құбылысы ғана. Басқа фактор жоқ. Соңғысын біздер: «Алланың бұйрығы», «тағдырдың жазғаны», деген қысқа да нұсқа формулаға сыйғызып жататынымыз рас.

Ғылымға берілген анықтама көп. Әр халық оны өзі шыққан биігінен қабылдауы заңды құбылыс. 1918 жылы жарияланған «Ғылым» атты мақаласында М. Әуезов: «Өмірдің тізесі өткен сайын адам күннен-күнге түр тауып, дүниенің (жаратылыстың) әр түрлі сырын ашқан, сол сырлардың қорытындысынан шыққан – осы ғылымдар», деп жазыпты. «Ғылымның артынан еріп, көрсеткен жолымен жүрген бұл күнде өмірдің төрінде», дейді автор. Ғылым өмірдің, практиканың сұранысымен дүниеге келіп, көркейетінін, «бұрынғы мұқтаждық шығарған бірен-саран ғылымның» келе-келе әлденеше салаға бөлініп кеткенін және бұл үдеріс ешқашан тоқтамайтынын түсіндірген жас Мұхтар ғалымдар қауымын екі топқа жіктейді. Бірі – «сол заманда шыққан жолбасшы білгіштері». Бұлар – «бірен-саран». Екіншілері – «адамның нәпсілік керегінен ұзай алмай, һешкімнің ірілігін көтермесем, өзім ірі болсам деген секілді мақсаттың ғана маңында» жүргендері.

Әйткенмен ғылымның келешегіне қылаудай күдік келтірмейді: «адам құрымаса, ғылым өрлей бермек, адамның түсіне кірмейтін неше түрлі ғажаптарды шығармақ. Ендігі көпшіліктің тілеуі, беті сол ғылымның сүрлеуімен барып хақиқат тауып, қараңғы өмір жолымен құтылып, жарыққа шықпақ» [1]. Ғылымтанудың бір ғасыр бұрын тиянақталған осынау ұлттық үлгісіне контент-талдау аясында мынадай пайым-тұжырым жасауға болады.



  1. Ғылым – адам қабілеті мен ізденісінің ерекше саласы. Ол әркімнің маңдайына жазыла бермеген. Ғылымы кенже халық қорғансыз сәбимен пара-пар.

  2. Ғылымның қозғаушы күші – бәсеке, қоғамдағы сұраныс. Басқа да себептері бар. Мысалы, жақсыдан жақсыға, биіктен биікке жетуді қалап тұратын адамның табиғаты. Соған икемділер, бейімделе алғандар, сынақта шыңдалғандар озады.

  3. Ғылымның мәні – жаңалық ашу, ілгерілей дамуды қамтамасыз ету. Оның «айшылық алыс жерлерден ілезде хабар алдырған» пайдасы материалдық өндіріс саласында, техникада тез көзге түседі, игілігі бүкіл адамзатқа ортақ.

  4. Ғылымның басты миссиясы, түпкі көздегені – өмір сапасын арттыру.

Демек, ғылым дегеніміз – табиғат, қоғам, адам болмысын анықтаушы заңдылықтар мен ерекшеліктерді таныған әрі жасампаз мүмкіншіліктерін ұлғайта беретін интеллектуалдық әлеует, қазына және соған лайықты саяси, құқықтық, материалдық-техникалық, қаржылық, т.б. алғышарттар мен жағдаяттар жиынтығы.

Ғылымның тарихы мен нәтижелерін көктей шола отырып, оған тән ерекшелік пен артықшылықты жүйелеудің қажеттілігін байқаймыз. Олар, біздің ойымызша, мынадай:



  1. Ғылыммен, тіпті нақты ғылыми бағдарламамен, жобамен айналысатындар жүздеп, мыңдап саналуы бек мүмкін. Бірақ бетбұрысты ғылыми жаңалықты тумысынан талантты жан ғана ашады. Ұлы жаңалық кездейсоқ ашылғанның өзінде оның авторын, айрықша қабілет-қарымын бір мысқал төмендетуге негіз жоқ.

  2. Үздік ғылыми жаңалық – мәңгілік құндылық, ізгілік, адамзат баласына ортақ сарқылмас қазына. Саяси, коммерциялық немесе әскери есеп қуумен бүгін құпия ұсталғанмен формуласы түбінде ашылады.

  3. Ғылымға еркіндік, бәсеке, автономия керек. Оның басында ұйымдастырушылық қабілеті мығым нағыз ғалым отырғаны абзал. Бірақ ол билік пен саясаттан тыс тұра алмайды. Билік пен саясаттың ғалымдарға өктемдігі – ғылымның соры, бұлардың үйлесімі – адамзат баласының бағы.

  4. Ғылымды жасампаз мақсатқа да, эгоистік пиғылмен де қолдауға болады. Кейде ғылым ғылым үшін дамитыны рас, алайда нәтижелерінің бәрі билік пен саясаттың құзырында. Өйткені ғылымға қажетті шығындарды зерттеу мекемесі көтере алмайды, ғылым әкелетін табыстан билік пен саясат та тыс қалуы мүмкін емес. Бұл ықпалдастық ендігі жаһандық құбылысқа айналды.

  5. Ғылымды ұлттық, жаһандық мүддеге қайшы немесе қарсы пайдалану мемлекетке де, ғалымға да абырой әкелмейді, зардабы берісі – ұлтқа, әрісі – адамзатқа тиеді.

  6. Ғылым – күрделі тірі организм тәрізді болғанмен бар саласын деңгейлес дәрежеде ұстауға ең бай мемлекеттің өзінде қаржы жетпейді. Ендеше халықаралық деңгейде бірлесе әрекеттесудің, бизнестің ғылымға қол ұшын беруінің, меценаттықтың ғылым тағдырындағы маңызы зор.

  7. Ғылым байлық пен билікке адал қызмет еткенмен сол байлық пен билік ғылымға адалдық таныта бермейді. Ортағасырлық инквизиция, фашизмнің кітаптарды жағуы, кеңестік және посткеңестік кеңістікте ғылымды қаржыландыру деңгейінің, ғылыми зиялының тұрмыс жағдайының төмендігі – соған бұлтартпас айғақ.

  8. Ғылымда зерттеушінің нәсіліне, дініне, жынысына байланысты шекара жоқ, бірақ ұлттық мақтаныш, өсу ресурсы мәртебесімен мемлекеттік реттеу нысанында болуы керек. Ұлттық, ақпараттық, экономикалық, т.б. қауіпсіздік тек осылай қорғалады.

  9. Ғылымның әлеуеті арта береді, соны қапысыз түсінетін, эволюциясы мен қажетіне лайықты шешім қабылдайтын саяси, идеологиялық, экономикалық ерік-жігер барда «өмірдің төріне шығу» көп күттірмейді. Тұғырынан тайған ғылыми әлеуетті қалпына келтіру ұзақ мерзімді талап етеді.

  10. «Қазақстан - 2030» Стратегиясы ғылымның болар-болмас араласуымен атқарылды, «Қазақстан - 2050» Стратегиясын, Ұлт жоспарын, Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асыру барысында ғылымға зәрулік артпаса кемімейді. Әлемдік додаға кіру отандық ғылымсыз еш мүмкін емес. Бұл талап барлық түркі дүниесіне қатысты.

Қазақстанның, түркі мемлекеттерінің өсу мен даму болашағы – ғылымда, ғылымның болашағы оның биік белестерін бағындырған, бағындыра алатын биліктің, тұлғалардың қолында. Мемлекетті техникалық немесе жаратылыстану ғылымдары ғана өрге сүйремейді. Гуманитарлық, соның ішінде тарих ғылымдарының да атқарар міндеті бар.

  1. Методология – ақиқатқа жол

Тарихқа құштарлық әркімге тән. Қазақстанда да солай. Біреуді Аттиланың жорықтары немесе Алтын Орда билеушілері әулетінің шежіресі қызықтырса, басқаның ой-санасын байырғы түркі өркениетінің, Қытай ханшайымдары саясатының құпиясы билеуі бек мүмкін. Уақыты мен кеңістігі әр алуан осынау және басқа тарихи оқиға мен құбылысты ғылым тұрғысынан дөп басып тану үшін басшылыққа алатын әмбебап ұстанымның аты – методология.

Тарихты зерттеу методологиясы дегеніміз – нақты мәселеге (тақырыпқа, жобаға) қатысты деректер мен айғақтарды біліктілікпен айна қатесіз табу үшін әрі солардың байланысы мен қисынын талдау негізінде тарихи үдеріс пен оқиғаның бастау көзін, барысын, ірілі-ұсақты нәтижесін, себептері мен салдарын, қысқасы, барша болмыс-бітімін, құпиясы мен жұмбағын халықтың һәм мемлекеттің өз дәуірі мен кеңістігіндегі мақсат-мүддесі, құндылықтары биігінен, тұлғаның әрекетімен, жаһандық ахуалды ескере, ғылыми тиянақтау – жаңалық ашу, ақиқатты айту әдіс-тәсілдері, заңы, теориясы.

Сонымен, адамзат өркениеті мен тарихының құрамдас бөлігі – қазақ әлемі һәм түркі дүниесі қаншалықты кешенді әрі күрделі құбылыс болса, оны зерттеу методологиясы соншалықты жауапты әрі өзекті. Методология қияс кетсе, тарих үдерісінің бейнеленуі ақиқаттан мүлде алыстағанына қоса ақпараттық-деректік база, тарихнама жартыкеш түзіліп, оқу-тәрбие жұмысы, үгіт-насихат, тарихи сана шатқаяқтайтынын кеңестік жылдардың тәжірибесі, яғни тарихқа таптық, формациялық көзқарас толық дәлелдеді.

Одан әріге, тарих ғылымы кәсіби биікке көтерілмеген ғасырларға көз жіберсек, ұлт тарихы шежіре тарқатумен баяндалғанын аңғарамыз. Осы дәстүрмен түзілген тарихнамада – М.Х. Дулатидің, Әбілғазының, Қ.М. Шарифтің, Қ. Қосымұлының, Молла Мұсаның, Қ. Халидтің шығармаларында тарихи үдерістегі тағдыр анықтағыш басымдық адамға, тұлғаға, олардың қайраткерлігіне, интеллектуалдық қарымына берілді. Орта ғасырлар мен Жаңа заманнан жеткен мұсылмандық-түркілік тарихи шығармалардың бәріне дерлік тән сипат бұл. «Мен пақыр, – дейді М.Х. Дулати, – бұл тарихты Тоғылық Темір ханнан бастап жаздым. Мұның үш түрлі себебі бар.

Бірінші себебі - Тоғылық Темір ханнан бұрынғы хандар жайлы жазылған тарихнамалар болғанымен, одан кейінгі болған оқиғалар толық баяндалмаған, сондықтан өткен тарихты қайталап жазуды қажет деп таппадым. Ол тарихнамадағы біраз оқиғалар Тоғылық Темір ханға байланысты болғандықтан, оларды тағы да қайталап жату «Евфрат дариясының жағасынан кұдық қазғанмен» бірдей еді.

Екінші [себебі] Тоғылық Темір ханнан кейінгі хандардың ешқайсысының дәрежесі мен мәртебесі ол жеткен деңгейге жеткен емес, мемлекетінің дәулеті де [қуаты да] соншалықты болған емес.

Үшінші себебі – моғол хандарының ішінен Тоғылық Темір бірінші болып ислам дүниесінің шұғыласына бөленді, тек содан кейін ғана ол елін кәпірлік тауқыметінен құтқарып, исламның құдіреті мен шапағатына бөленуге қол жеткізді, сөйтіп бүкіл ұлысын исламды тұтынған елдер қатарына қосты» [2].

XVIII ғасырда Орхон-Енисей жазбалары Еуропа ғалымдарының назарын аудартты. 1893 жылы Дания ғалымы В. Томсен байырғы түркі мәтіндерін оқудың кілтін тапты. Азияны мәдени-өркениеттік дамуда мешел құрлық санаған еуроцентристік түсінікке соққы берілді. ХІХ-ХХ ғасырларда Ресей ғалымдары түркі және шығыс халықтарының тарихын зерделеуге көп күш жұмсады. Отарлауды және социалистік идеяны жүзеге асыруды көздеген империялық саясат пен өктемдік жақтастары бұл орайда аянып қалған жоқ. Біреуі мәселенің мәнін білмей тарихи сананы шатастырды. Мәселен, ХІХ ғасырдағы орыс тарихшысы С.М. Соловьевтің отар өлкеге қатысты көзқарасы мен позициясын өз қолымен жазған «История России с древнейших времен» кітабындағы мына тұжырымнан көреміз: «окрестные народы – это варвары, самой историей предназначенные быть объектом завоевательных действий русских князей» [3]. Мұны ХХ ғасырдағы орыс ғалымы А.М. Сахаровтың бүкпесіз, ашық сипаттауынан да аңғаруға болады: «История Крыма и Казани интересовала С.М. Соловьева лишь постольку, поскольку они являлись объектом внешнеполитической деятельности правителей Московского царства. В соответствии с общей великодержавной концепцией своего труда С.М. Соловьев не интересуется историей народов Сибири, так же как и историей народов Поволжья...» [4].

Енді біреулері түркітануда құнды зерттеулер жазғанмен түркі халықтарын аса ұната қойған жоқ. Солардың қатарында арғы тегі неміс әйгілі түрколог В.В. Радлов бар еді. Бұл жайлы М. Шоқай былайша жазған болатын: «Ол Ресейде өзім іргесін қаладым деп санайтын түріктануды шынымен сүйетін. Мәселен, бір биолог ғалым көбелектерді зор ынтамен жинап коллекция дайындағаны тәрізді, Радлов та бізді дәл сондай зерттеу объектісі ретінде ғана көрер еді. Ол бізге сол тұрғыдан ғана мән берер еді. Оның түріктерге сүйіспеншілігінің бар-жоғы осы ғана болатын. Радлов халықтарды күшті және әлсіз деп екі топқа бөлетін. Осы арқылы ол орыстардың бізді билеп-төстеуін заңды құбылыс деп көретін ... Радловтың түріктанудағы аса құнды еңбектерін, сөзсіз, білуге тиіспіз. Алайда одан қайдағы бір түрік сүйіспеншілігін, әсіресе біздің империализм тепкісіндегі ауыр халімізге жанашырлығын іздеудің тіпті де қажеті шамалы» [5].

Түркі әлемінен әлсіздікті ғана көргені үшін В.В. Радловты Әлихан Бөкейхан жақтырмады.

Еуразияның сайын даласынан Батысқа қарай әлеуметтік ілгерілеу емес, қирату, бүлдіру, қасірет қана келді деген ойды дәлелдеумен әуреленгендер болған, әлі де бар. Қаптаған бұрмалаулардың ішінен кеңестік академик Б.Рыбаковтан үзінді келтіруді жөн көрдік: «Рыцарственная Русь и тревожная недобрая степь, разлившаяся безбрежным морем от Волги до Дуная... Степь полна топота и ржания конских табунов, дыма становищ, скрипа телег; рыщут волки, кружатся над Полем хищные птицы, тучами идут несметные войска половецких ханов, распугивая антилоп и туров... Духами зла и смерти, вдоль русской границы раскинулось необьятное степное море, ежегодно, ежедневно угрожавшее ураганами и штормами воинственных и хищных половецких орд» [6]. Ең сорақысы – Ұлы даланы Ежелгі Русьтің қас-дұшпаны, қатыгездік пен өлім әкелген жыртқыш ретінде тұжырымдаған орыс ғалымы Лениндік сыйлықпен, Социалистік Еңбек Ері атағымен марапатталса, тап сол жылдары түркілер тарихын славян тарихымен шендестірген «Аз и Я» кітабы үшін Мәскеуге жақпаған О. Сүлейменовтің шақшадай басы шарадай болды.

Қалай десек те, ХХ ғасыр соңына дейінгі зерттеулер, құжаттар жинағы, даланың ауызша тарихы, шығыстану мен түркология құнды-құнды ойтүйіндермен, пайымдармен, тіпті тұжырымдармен ерекшелене тұра, ұлттық және жалпытүркілік тарихымыздың кешенді келбеті мен мәнін бере алмады. Бірақ озық ойлы бірен-саран ер түрік ұрпақтарының –Маржанидың, Гаспыралының, Бөкейханның тоталитарлық өктемдік пен қыспаққа дейін айта алған, ұлт мүддесін, ел тағдырын айшықтаған методологиялық, танымдық бағыты дұрыс екен. Татар халқының абзал перзенті Ш. Маржани (1818-1889) тарих ғылымына мынадай анықтама беріпті: «Наука история изучает прошлое народов, исчезнувшие поколения, их борьбу между собой, выявляет и восстанавливает имена, прозвища, титулы, генеалогии и портреты исторических личностей. Она также дает оценку их линии поведения и добрым делам, призывает следовать им, если они того заслуживают. История выявляет, каким уровнем знаний обладали эти личности и какие научные и художественные произведения они создали. Она показывает, какими ремеслами и навыками обладал тот или иной народ. Эта наука рассказывает о том, что пережил тот или иной народ или племя. Она также является наукой о смене племен, народов и поколений, о соперничестве правителей. Историю стремятся постичь как ученые, так и невежды. К ней чувствуют тяготение и конные и пешие» [7].

Ә. Бөкейхан да осы мазмұндас ұстанымға басымдық береді: «біздің бұрынғы бабаларымыздың кім екендігі; олардың дүниеде не істеп, не бітіргендігі; қандай қуаты барлығы, ол қуатты не орынға жұмсағандығы; істеп жүрген ісінің қайсынан пайда, қайсынан зарар көргендігі; бұрынғы бабаларымыздың досты-дұспаны кім екендігі; не себеппен бағы тайғандығы және оған ұқсас істердің барлығын тарих сөйлеп түсіндіріп тұрады» [8].

Егер түркі халықтарының басым бөлігі шоғырланған Кеңестер елінде тарихты зерттеу методологиясы осынау жолмен диалектикалық және эволюциялық жалғасын таба қалғанда, М.Х. Дулатидің «Тарих-и Рашиди» кітабынан Абайдың «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» қара сөзіне дейінгі аралықта жиналған асыл қазына ХХ ғасыр ортасына қарай ұлттық тарихтың «Абай жолын» дүниеге әкелер ме еді, қайтер еді. 1947 жылы шыққан Е. Бекмахановтың «Казахстан в 20-40-е годы ХІХ века», М.П. Вяткиннің «Батыр Срым», 1958, 1960 жылдары жарияланған С. Зимановтың «Общественный строй казахов первой половины ХІХ века», «Политический строй Казахстана конца XVIII и первой половины ХІХ веков» монографияларын, Ұлы даланың археологиясынан, этнографиясынан, этногенезінен жазылған Ә. Марғұланның, К. Ақышевтің, А.Н. Бернштамның, С.П. Толстовтың, кейінде Р.Г. Кузеевтің (Башкирия), С.К. Камаловтың (Өзбекстан), Б. Өгелдің (Түркия), тағы басқалардың еңбектерін асылдың сынығындай көруіміз әсте кездейсоқтық емес.

Қысқасы, ұлыдержавалық менмендік, 1917 жылғы революциямен келген үздіксіз қуғын-сүргін және тоталитарлық-идеологиялық өктемдік төл тарихымызды бәсі биік ұлттық құндылыққа айналдыру құралы – методологияны жергөгінде тұншықтырды, оның орнына өтірік пен шындықты мидай араластырған, сана мен намысты дұрыс ұстанымнан адастырған партиялық-материалистік методологияны бекемдеді.

Сөйтіп біз өз тарихымыздан көз жазып қала жаздадық. Ортақ түркі тарихын зерттейтін мамандар даярланбады, жазуға КОКП рұқсат бермеді. Түбі бір Түркиямен ғылыми-гуманитарлық байланыс туралы сөз де болуы мүмкін емес еді. Кеңестік одақтас республикалар тарихы цензураның тезінен өткізілді. Әрине, кеңестік 74 жыл түркі тектес тарихшылар үшін бекер кетті деген ойдан аулақпыз. Шығыстағы одақтас республикаларда ғалымдардың үш ұрпағы өсіп шықты, Орта Азия мен Қазақстан тарихынан мыңдаған том құжаттар жинағы, арнайы зерттеулер жарық көрді, үздік зерттеушілердің есімдері әлемге әйгіленді. Оқулықтар жазылды, ғылыми басқосулар өтті. Бірақ басты мақсат – отандық және ортақ түркі тарихының ақиқатын ұлттық және мемлекеттік мүдде биігінен зерделеу атқарылмады. Қайта капиталистік шетелдердегі тарихшылар (М. Олкотт, С. Уиткрофт, т.б.) мен тағдырдың айдауымен сыртқа кеткен М. Шоқай, З. Уәлиди, Х. Оралтай сынды авторлардың жазғаны тарих ақиқатын ашуға септесті. Дегенмен қазақ әлемі мен түркі дүниесінің тарихын кешенді жазуға бұлардың кадрлық құрамы да, ақпараттық-деректік базасы да жетпейтін еді.

КСРО-ның ыдырауымен ғана мұздай сірескен тарихи сана мен танымда сілкініс басталды. Барымызды бағалау, жоғымызды түгендеу үшін алдымен тәуелсіздік, одан соң тарихшы ғалымның еркін ойымен көмкерілген методология керек екен.

Алайда тарих ақиқаты үшін күрес посткеңестік кеңістікте әлі де жүріп жатыр. Ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс болғанға дәндеген ресейлік кейбір тарихшылар кешегі түркілік одақтас республикалардағы әріптестерін нені жазуға, қалай жазуға «үйреткенді» азсынып, енді тәуелсіз жас мемлекеттер Президенттерін «тезге салуға» кірісті. Осының бұлтартпас айғақ-дәлелі – Мәскеу ғалымы В. Шнирельманның 2009 жылы жарияланған, 2011 жылы қайта басылған «Президенты и археология, или Что ищут политики в древности: далекое прошлое и его политическая роль в СССР и в постсоветское время» мақаласы. Мұнда Түркменстанның тұңғыш Президенті С. Ниязов, Қырғызстанның тұңғыш Президенті А. Ақаев, Қазақстанның тұңғыш Президенті Н. Назарбаев, Өзбекстанның тұңғыш Президенті И. Каримов мырзалардың тарихи көзқарасындағы автор анықтаған қайшылықтар мен қателіктер сынға алынады. Мәселен, «Тарих толқынында» кітабында Н. Назарбаев қазақтардың рухын көтеруді көздеп, оларды «ұлы өркениеттер мұрагері» деген екен, бұған қоса қазақтар ғасырлар бойы өздерінің «этногенетикалық аумағында» қалыптасты, сонда мәдени сабақтастығын сақтады және біртектілігін өзгерткен жоқ екенін баса көрсетеді дегенді жақтырмай алға тарта келе, Елбасымыздың қайшылығын былайша дәйектейді: «С одной стороны, он призывает помнить о пятивековой собственно казахской истории, но, с другой стороны, не собирается забывать и о более величественном общетюркском прошлом; с одной стороны, указывая на открытие археологами древних городов на территории Казахстана, подчеркивает неправомерность сведения истории казахов к номадизму, но с другой – вдохновенно описывает славные деяния предков-кочевников; с одной стороны, делает акцент на синкретичном характере казахской культуры, лежащей в центре диалога самых разных евразийских культур, а с другой – настаивает на том, что казахи никогда не смешивались в массовых масштабах с другими этносами» [9].

Н. Назарбаевтың тағы бір «қателескені» мынада дейді: «Он с высоким пафосом дает отпор тем, кто говорит о «вековой отсталости степи». Мало того, среди далеких предков он находит ведических ариев и саков, изящно обходя вопрос об их языках, которые не имели никакого отношения к тюркским» [10]. Қазақтар ежелден атажұртында, яғни қазіргі Қазақстан аумағында тұрып жатыр деген Елбасы пайымын «пантүркілік экскурс» ретінде бағалайды.

Кез келген елдің Президенті тарихи шығармасын жарияламастан бұрын ғалымдармен, мамандармен сан мәрте ақылдасып, пікірлесіп, ең дұрыс деген тоқтамға келетінін Мәскеу оқымыстысы білмейді ғой, сірә. Олар, Шнирельманнан айырмашылығы, тарих ғылымының артында халықтар тағдыры тұрғанын бір сәтке ұмытпайды.

Қателеспейтін адам жоқ. Бірақ қатенің де қатесі бар. Егер ол бірнеше елдің әлденеше буын ғалымдарын қауқарсыз, болымсыз интеллектуалдық күш ретінде қаралап жатса, үндемей қалу одан да сорақы нәтижелер әкелуі бек мүмкін. Соның өзінде басқаның қатесіне бола тарихшы өкпеге, ашуға жол беруге, өтірікті шындай соғуға, айталық, қазақ әлемі мен түркі дүниесінің пайдасына бұра тартуға қақысы жоқ. Ол ақиқатты айтуға, жаңалық ашуға, белгісізді нұрлы ақылмен сәулелендіруге жегілген кәсіп иесі. Халықтың дұрыс тарихи санасын қалыптастыруға арна салатын жауапты тұлға. Тарихтың түзілуі мен зерттелуінің арасынан қыл өтпеуі тарихшының өресіне және имандық қасиетіне байлаулы.

Тарих – қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың негізі әрі тұңғышы. Әдебиеттану, тілтану, мәдениеттану, социология, саясаттану, тіпті даналық ғылымы философия – бәрі тарих тәжірибесімен, дерегімен, қорытындыларымен қалыптасады, зерттеу аясын анықтайды, содан кейін бұлар бірін бірі толықтырады, байытады, ықпалдасады. Ғылыми интеграция аса биік деңгейге көтерілген қазірдің өзінде тарих теориясы, методологиясы, философиясы дербестігін сақтауға, дербес заңдылықтарын ұлықтай дамуға құқылы. Тарихтың деректері мыңдаған жылдар бойы құм басқан, шаң басқан жер астында, архивтерде, кітап сөрелерінде жата беретіні рас. Ал олар заманауи методологиямен шынайы ғылымға айналғанда уақыт пен ұрпақтарды жалғастырып, басты байлық – адамның жасампаздығын өсіріп, жақсылығын көбейтеді.



  1. Тарих тұғыры

Түркі дүниесі ұғымының аясы мейлінше кең. Бір замандарда түркілер билеген аумақтардың біразында тап қазір мүлде басқа этностар мен мемлекеттер өмір сүруде. Олардың егемендігі мен тәуелсіздігіне қол сұқпас үшін зерттеуіміздің географиялық аумағы бүгінгі түркілік мемлекеттер шекарасымен шектелетінін қаперге сала кеткенді жөн көрдік. Қалай болғанда да ежелгі дәуірден бергі түркі тарихының хронологиялық ауқымы 1 млн. жылды қамтып жатыр. Өйткені Ұлы даладағы алғашқы адам ж.с.д. 1 млн. жыл шамасында пайда болғанын археологиялық жәдігерлер куәлендіруде. Содан беріде тарихи үдеріске тірек болған, салалануын және мазмұнын анықтаған, тарихтың басты субъектісі – адамдардың антропологиясына, нәсілдік тегіне, әлеуметтік-кәсіби жіктелуіне іргетас қалаған, елдің шаруашылығын, әлемдік аралас-құраластағы орны мен мәртебесін, т.б. мәнді нышандарын бекемдеген, ерекшелеген үш императив тұғырдан түскен емес. Олар – жер, тіл, мемлекет. Қай дәуірдегі тарихты зерделесек те, бұлар өзгермейтін және әмбебап субстрат биігінде қала береді.


Тарихты түзушілер

: edu.history -> media -> upload -> 2209 -> 2016
2016 -> Жетісу облысындағы әлеуметтік жағдай, оның тұрғындардың күнделікті өміріне әсері
2016 -> Сырым Нұғыманов
2016 -> Әож 821. 512. 122. 09+821. 512. 122. 092 Сымбат Игиликқызы Әл Фараби атындағы ҚазҰу сүйінбай би
2016 -> Нурсултанова л. Н. т.ғ. д., Аймақтану кафедрасының профессоры
2016 -> Удк мейрманова Г. А
2016 -> Хайрулдаева А. М. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және «Ғылым ордасы»
2016 -> Мейрманова г. А
2016 -> 1916 ж., Түркістан: патшалық отаршылдық жүйе дағдарысы


  1   2   3   4


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет