Хамидуллина. А жетекшісі: биология пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі



жүктеу 129.25 Kb.
Дата13.01.2019
өлшемі129.25 Kb.
Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

Тақырыбы:

«ҚЫМЫЗДЫ» ҚОРЫҚШАСЫ

Орындаған: 8 сынып оқушысы

Хамидуллина.А

Жетекшісі:биология пәнінің

жоғарғы санатты мұғалімі

Г.А.Карманова

2018 жыл.
Кіріспе.
Ежелден бері адамзат табиғатпен бірге және табиғатты қажетіне пайдаланып өмір сүріп келеді. Адамзат баласы осы күнгі өркениетке жеткенше қоршаған ортамен тығыз қарым – қатынаста бола отырып оның қыр-сырын түсінуге тырысты. Өзі өмір сүріп келе жатқан уақыттан бері өзі біліп, ойына түйгенін ұрпақтарына айтып, білім қорын өне бойы нығайтуда. Осындай табиғатты білуге, оның қыры – сырын ашуға деген ниетпен Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі оқушылары зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл зерттеулер Жайық өзенінің сол жақ жағалауы Кирсанов мемлекеттік қорықшасының төменгі бөлігімен шектеліп жатқан «Қымызды» қорықшасы өсімдіктер және жануарлар дүниесіне, географиялық орнына зерттеу саяхатын жүргізуден басталды.

Теректі аудандық білім бөлімінің бастығы Ж.Т.Туремуратованың 2005 жылғы 31 қаңтар күнгі № 11 бұйрығы негізінде «Қымызды» қорықшасы айналасында орналасқан табиғат ескерткіштерін зерттеу Подстепный қазақ жалпы орта мектебіне бөлініп берілді. Осы жерді зерттеу 2005 жылдан басталып, жыл сайын осы жерде өтетін туристік- экологиялық жарыстарында жылма – жыл өткізіліп келеді. Осы жылдар ішінде белгілі – бір территорияның өзгерісіне өте көп мән берілді. Адамның табиғатқа тигізетін кері әсерін бақылай отырып және оның салдарына көз жеткізу негізгі мақсат болып табылды. Осы зерттеу жұмысы кезінде жұмысты белгілі бір арнамен және ғылымилығын арттыру мақсатында түрлі әдебиеттердегі зерттеу жұмыстарына мән берілді. Зерттеу кезінде Батыс Қазақстан мемлекеттік облысының ғалымдары В.П.Фомин, Т.Н.Мазяркина, А.Отаубаева, Т.Цыганкова, Қ.Болатова, Ж.Қарағойшин, Л.Байдоловалардың өсімдіктер әлемін зерттеудегі әдіс – тәсілдері пайдаланылды. Климат, жер бедері, судың гидрографиялық режимі туралы А.А.Джубановтың «Батыс Қазақстан облысының қорғалатын аймақ жинағындағы әдістемелері» пайдаланылды.



І.Негізгі бөлім.

І.1. Географиялық орны.

Жайық өзенінің сол жақ жағалауында «Қымызды» қорықшасы Қабылтөбе ауылынан өзен ағысы бойымен төмен қарай 5 шақырым жерде орналасқан. Территориясы Орал орман шаруашылығының аумағында. Көлемі жағынан 2,5 гектар жерді қамтиды. Қорықша территориясының Жайық өзені арнасында «Қымызды балық қыстайтын шұңқыры» бар. Ерте кезден бері бұл жер балықшылардың балық аулайтын сүйікті орны болған. Жайық өзенінің балық атаулысы осы бір шұңқырға келіп қыстап, көктемде өрбіп тараған. Осы жердің шұңқыр болатын себебі, бұл жерде Жайық өзені өз арнасын бұрып ағады.

Осы бұрылыста өзен суының өне бойы қарсы бетке соғуына байланысты терең жар асты шұңқыры пайда болған. Ұзындығы 380 метр, тереңдігі 7 метрлік шұңғымада бекіре, табан балық, көксерке, ақмарқа және басқа да балықтар қыстайды. Ескерткіш типі – гидролоогиялық – ихтиологиялық.

«Қымызды» атауының өзі Ақсуат және Қызыл Мектеп аралығында Ұлы Отан соғысы аяқталған соң қымыз өндіретін жылқы табындарының жайылым жері болуына байланысты шыққан. Өндірілген қымыз Орал қаласындағы қымызбен өкпе ауруын емдеу шипажайына жөнелтілген. 1970 жылдары осы аймақта бірнеше балшықтан салынған үйлер мен жер төлелер болған.

Бертін келе қымыз өндіру тоқтатылып, үйлер тоза бастаған. Қазіргі уақытта төбесін балшықпен жапқан бір орманшы үйі қалған.

Біздің негізгі зерттеу обьектіміз осы Жайық өзені жағалауындағы ұзындығы 2 шақырым, ені 1 шақырым жердің өсімдіктері мен жануарлары және қандай қандай шаруашылық мақсатқа пайдалану керектігін анықтап білу еді. Зерттеу жұмыстары 5 жылға созылғандықтан осы жылдар арасында жасалған жұмыстарды қорытындылауға мүмкіндік туды.

Жайық өзенінің сол жақ жағалауында Кирсанов мемлекеттік қорықшасының төменгі бөлігімен шектеліп жатыр. Бұл қорық 1967 жылы ұйымдастырылған, 1999 жылы бұл қорықшаға республикалық маңызы бар, көрнекті дәрежедегі статус берілген.
І.2.Климаты.

«Қымызды» қорықшасы климаты шұғыл континенталды. Ауа температурасының күндізгі және түнгі, қысқы және жазғы айырмашылығы өте үлкен. Атмосфералық жауын – шашынның аздығымен көзге түседі. Жылдың көп мезгілінде қатты жел тұрып, қыс кезінде қар жамылғысын ойпан жерлерге жинайды.

Жазы ыстық, ашық күндер көп. Шілденің орташа температурасы + 230С, кей кездері +410С жетеді. Жылдық жауын мөлшері 300мм жақын. Жауын – шашынның көп бөлігі шілде және қазан айларына келеді. Жаз кездерінде жылдамдығы 15 метр/секундқа жететін аңызақ жел соғады. Ол кей кезде шаңды дауылға ұласады. беткі қабаттары күн сәулесін сініріп, топырақтың кебуіне және көпшілік жағдайда құрғақшылықтың басталуына әкеліп соқтырады. Кей жылдары жаңбырдың уақыты 1,5-2 айға созылып, өрт қауыпсіздігі туындайды.

Күз айларында ауа температурасы құбылмалылығы, күннің бұлттасуы, жауын-шашынның мөлшері жаз айларына қарағанда аздау. Температураның төмендеуі айдан-айға қарай төмендей келіп, қысқа жақындағанда үдей түседі. Қыста әдетте байқалады. Ауа райының суытуы қардың түсуінің әсерімен күшейіп, қатты саздардың болуына әкеліп соғады. Қар жамылғысының қалындығы 20-30см, ойпат жерлерде 80-90см жатады. Ауаның температурасы ең салқын ай қаңтарда орташа 14-180С, кей уақыттарда 30-400С- ға жетеді. Ақпан, наурыз айларында күшті желдің әсерінен қатты борап тұрады. Минус температурадан плюс температураға тұрақты ауысуға сәуірдің алғашқы бес күндігінде.




І.3. Жайық өзенінің гидрографиялық режимі.

Аудан аумағында ол даланың үлкен, кіші және ұсақ өзендер желісімен сипатталады. Теректі ауданының батысында Орал өзенінің сол жағалауы жатыр. Теректі ауданында Орал өзенінің ұзындығы 374 км (Орал қаласы шекарасындағы 34 шақырым жерді қоса алғанда). Орта ағысында өзеннің ені 100 метрден 200 метрге дейін жетеді. Тайыз жерлерде өзеннің тереңдігі 0,3 метр, ал ирімдерде 8 метрге дейін жетеді. Иірімдерде ағыс жылдамдығы 0,3 – тең 0,5 метр\секундқа дейін, ал таяз жерлерде 1 метр\секундқа жетеді. Біз зерттеген «Қымызды балық қыстайтын шұңқыры» маңайында Жайықтың ені 140-150 метрдей, өзен ағысы біз зерттеп жүрген жағалауға бұрылыс арқылы келіп соғады. Осыдан келіп осы жерде үлкен шұнғыма пайда болған. Жарқабақтың үстіне келіп төмен қарап тұрғанда судың соқпа толқындарын айқын көруге болады.

Осы жерде лотпен (басына ауыр жүк байлаған жіп) өлшеген кезде, оның тереңдігі 7 метр екендігіне көз жеткіздік. Өзен суының түпкі ағысы құмды, сазды, малта тасты ағызып қарсы жағалауға алып кетіп жатыр. Жайық өзенінің жағалауларныың басым бөлігі жарқабатты, кейде жазық жайма болып келеді. Биіктігі 3-4 метрден 7-8метрге дейін өзгеріп отырады. Өзен жағалауларындағы қайнаулар балшық, шөгымдылермен араласқан құмдауыт- саздақ. Қабылтөбе ауылының тұсында Қызыл мектеп жарының жерқабат биіктігі, кейбірдерек бойынша Жайық өзенінің деңгейінен 32 метр екен. Жайық өзенінің арнасы алмасып келіп тұратын жарқабақтар мен құмдауыт тұрады. Жағалаулардың су басатын алаптары өзеннің өне бойына ұласады. Көктемгі сулар жағалау алаптарын бірнеше метрге немесе тіпті ондаған метрге бастады.

І.4. Топырақ жамылғысы.

Бұл ауданның тарихи өткені Орал тауы, Жалпы Сырт пайда болуы және Каспий теңізінің әрекетіне байланысты. Хвалын трансгрессиясы кезінде Каспий теңізі сулары Жайық өзені ежелгі жайылмасы арқылы Елек өзені сағасына дейін жеткен. Каспий теңізінің кері шегінуі нәтижесінде Жайық өзені жайылмасында Рубешка – Январцева құмдары пайда болған. Топырағы 3 тип тармағына бөлінеді. Топырақтың шекаралары айқын көрінбейді. Қара шіріндінің (гумустың) қалыңдығы орманды жерлерде 3-10 сантиметр болса, далалы жерлерде 20-30 сантиметрге жетеді. Топырақтың беткі бөлігі сумен бірге келген өсімдік қалдықтарымен және лаймен жабылған.



ІІ.Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін зерттеу.

ІІ.1. Аланқайлардағы өсімдік жамылғысы.

Аланқайлардағы өсімдік жамылғысын зерттеудегі негізгі соқпақ жолдардан алысырақ орналасқан, өсімдіктердің қалың өскен жерін тауып алудан бастадық. Өзен жағалауынан 180 мертдей қашық жер, қалың болып өскен ағаштардан 200 метр қашықтықта көлемі 10х10 метр болатын алаңқай алдық. Зерттелетін жерді анықтап алған соң, қазық қағып қоршап қойдық. Жердің негізгі сипаты Жайық өзеніне қарай көлбеулеу орналасқан. Алаңқайда өсетін өсімдіктер қауымдастығын анықтауға кірстік. Жайылмалық шалғын су тасқыны кезінде ұзақ уақыт су астында жататындықтан, олардың бетінде құм, лай тәрізді заттар тұнып қалып отырады. Осы заттар судың көп булануына кедергі келтіреді. Аланқайға негізінен қара масақты қияқ өлең қауымдастығы, сондай-ақ бидайық, арпабастың, миялардың қауымдастықтары тән.

Аланқайдағы өсімдік қауымдастығының өнімділігін анықтау үшін 1м2 алаңқай салып, ондағы өсімдіктерді түрлеріне қарай бөліп кесіп алдық. Әр топтың өсімдіктерін бөлек-бөлек жинап таразыға салып өлшедік.



Шаруашылық атауы

Граммен өлшенетін (1м2) салмағы

1

Астық тұқымдастар:

жатаған бидайық

арпабас

қара масақты қия өлең



Барлығы: 1килограмм 500грамм

800гр


300гр

400 гр


2

Бұршақ тұқымдастар

тышқанбұршақ



Барлығы: 500 грамм

500 грам


3

Мия тұқымдасы

700 грамм




Барлығы

2 килограм, 700 грам

Қылтанақсыз арпабас- ұзын тамырсабақты, көпжылдық, бағалы азықтық өсімдік. Биіктігі-40-100сантиметр. Тамырсабағы 8-10 сантиметр тереңдікте орналасса, тамыр жүйесі 2метр тереңдікке дейін бойлай алады. Сабақтары жалаңаш, жапырақтарының шеткі және жүйкелері бұдырлы келеді. Масақшаның ұзындығы- 1,5-3 сантиметр, сопақша- қандауыр тәрізді, 5-12 гүлден тұрады. Әдетте, қылтанақсыз арпабастың масағының түсі жасыл-көкшіл болып келеді. Масақшалары сыпыртқы гүл шоғырына жиналған. Шайылмалы шалғындағы арпабастың тіршілік етуі 10-15 жыл.

Жатаған бидайық- Тамырсабақты өсімдік, биіктігі 120-130 сантиметр. Вегативті өркені мен жапырақтың негізгі қоғамы 60-75 сантиметр биіктікте орналасады да, топырақ бетін қалың қабатпен қаптап тұрады. Ұзақ уақыт бойына өтетін су басуға төзімді келеді. Химиялық құрамы, азықтық құндылығы жағынан жоғары, сапалы астық тұқымдас болып табылады.

Тышқанбұршақ - көпжылдық өсімдік. Жер үсті өркендерінің ұзындығы 30-120 сантиметр, бұтақтанып, тарамдалған. Көршілес өсімдіктерге мұртшалары арқылы жабысып, ілініп алады. Қауырсын күрделі жапырақтары, 9-12 жұп, ұзарған, жіңішке, ұшты жапырақшалардан тұрады. Жапырқатры сабақта кезектесіп орналасқан. Ортақ сағатқа орналасқан жоғарғы жапырақтардың тақталары түрі өзгеріп, мұртшаға айналған. Бағалы малға азықтық өсімдік.

Мия- биіктігі 150 сантиметрдей көпжылдық шөп өсімдігі. Сабағының сырты жұқа мамық түктермен жабылған. Жапырағы өсімдік сабағына кезектесіп орналасқан. Гүлі күлгін түсті, шоқтанып жапырақ түбінде өседі. Мамыр- шілде айларында гүлдейді.

ә/Ағаштарға санақ жүргізу. Бұл кезде әрбір ағаштың диаметрін топырақ бетінен есептегенде 1,3метр биіктікте өлшенеді. Біз алған аланқайда барлығы 6 ағаш өсіп тұр. Оның ең үлкені үйенкі ағашы. Ағаш дінінің өлшемін оқушылар сезінуі үшін құшақпен өлшеп көрді. Сол кезде ағашты толық қамту үшін 3 оқушының құшағы әзер жетіп тұрды. Метрлік таспамен өлшеген кезде ағаш дінінің сыртқы бөлігі 3 метр 60 сантиметрге тең болды. Диаметрін табу үшін С=ПД формуласын қолдандық.

П- тұрақты шама, ол 3,14 ке тең

С- ағаш дінінің сыртқы ұзындығы, яғни шыңбердің ұзындығы, ол 3 метр, 60 сантимертге тең, табылу керек Д- ол ағаш диаметрі.

Д=114,7 сантиметр. Яғни үйінкі ағашының диаметрі 1 метр 14 сантиметр, ал радиусы 57 сантиметр болып шығады.




б/Ағаштардың орташа биіктігін өлшеу.

Ағаштар онша тығыз орналаспағандықтан биік емес. Біз өлшеген үйеңкі ағашының биіктігі 20 метрдей болса, қалғандарының биіктігі 10- 15 метрдей.



в/ Бұталарға сипаттама беру.

Мойыл ағаштары олардың орташа биіктіктері 1,5 – 2,5 метр шамасында. Түбінен бұтақталып өте қалың өскен. Қазіргі уақытта жаз айының соңы болғандықтан жемістері тұнып тұр. Олардың толық өсіп жетілуіне күздің алғашқы суықтығы керек.





г) Шөптесін өсімдіктерге сипаттама беру.

Төменгі қабатта қара масақты қияқ өлең, кәдімгі мыңжапырақ, жасыл бүлдірген көп. Жаз айы болғандықтан көптеген өсімдіктердің төменгі бөлігі қурап жатыр. Өсімдіктердің қалыңдығы сондай топырақ жамылғысы көрінбейді.





ІІ.3. Ормандағы жауарлар дүниесін зерттеу.

Жануарлар дүниесіне өте бай болып келеді. Жазғы мезгіл болғандықтан ірі жануарларды көргеніміз жоқ. Бірақта осы елді мекенге келіп жүрген тұрғындардың әңгімесіне қарағанда күз, қыс айларында бұл жер бұлан, қасқыр, түлкі және жабайы шошқа мекендейтін орны болып табылады. Жабайы шошқалардың мекендейтін жері болғандықтан оның қазып, қопарып кеткен жерлерінен байқауға болады. Су жағасында сарыбас жыландар өте көп. Қорықтың барлық жерінен ұшып жүрген қарлығашты және торғайларды көруге болады.



Ағаштардың діндерінен 3 жерден ара ұяларын байқадық. Ағаш діндері мен өсімдіктердің арасынан дәуіттерді, таспалы қоңыздарды көп ұшырастырдық.



Көбелек аулағышпен Махаон көбелегін, тауыскөзді көбелекті ұстап оның

сырт бейнесін байқап, зерттеп болған соң босатып қоя бердік. Ертемен тұрған кезде орман ішінен тоқылдақ даусы естіледі. Ағаштар негізінен тозған, өзінің өмір сүру уақытының аяғына таяп келген. Соған байланысты құлаған, сынған жерлері өте көп. Осыған байланысты тоқылдақтардың жұмыстары өте көп.

Қорықша шеткі жағында даланың жануары суыр індері көп. Құлаған ағаштар мен қураған шөптер арасында кесірткелер көп. Жалпы «Қымызды» қорықшасы аумағы жануарлар дүниесіне өте бай, ұқыпты қарауды талап етеді.



ІІІ. Қымызды қорықшасының экологиялық жағдайы.

Қорықшаға алғаш 2005 жылы келгенде 2003 жылғы бекітілген кесуге дайын үлеске белгіленгенін көрдік. Орман ағаштары біркелкі тік, құлаған ағаштар көп кездестірмейтінбіз. Осы жерді зерттеуге арналған бес жыл ішінде орманнан адамның табиғатқа тигізетін кері әсері айқын біліне бастаған. 2005 жылдан бастап бұл жерде Теректі аудандық балалар- жасөспірімдер туризмі және экология орталығы ұйымдастыруымен түрлі туристік- экологиялық жарыстар өтіп келеді. Жарыстың ұйымдасқан түрде өтілуіне байланысты өзі пайдаланған және демалған жерін жинап, тазалап кету болды. Бірақта осы жарыстардың екінші бір жағымсыз жағы бар. Осындай өте әдемі, демалуға қолайлы жер бар екендігі ауданның көптеген тұрғындарына жария болды. Осы жариялылық арқылы тұрғындар қорықша аумағында көп демалады. Осы демалуышалардың іздері ағаштарда, бұталарда, өсімдіктерде айқын білініп тұр.



Ағаш діндерінде демалушылар байлаған сымдар оның қабығына кіріп кеткен. Күзгі уақыттарда мойылдардың пісуіне байланысты теру жұмысы кезінде бұталардың көп сынғандығы оныңң төнірегінде қураған бұталарынан көрініп тұр. Алаңқайларда жағылған оттың іздері көп және әрбір демалуға келуші өзі ұнаған жерге от жаға берген. Кейбір жағдайда отты ағаш тәжінің астына жаққан. Осының себебінен ағаштардың төменгі бұтақтары күйген және қарайып көрініп тұр. 2003 жылдан бері қарай бұл жерді қорғайтын қорықшы жоқ. Оны біздер 2005 жылы барған кезде қалыпты жағдайда болған орманшы үйінің 2010 жылы жазында жартылай қирап үйіндіге айналғанынан көрініп тұр. Өзен жағасында суға түсуге ынғайлы қайрандар әйнек ыдыстың қалдықтары көп. Осы жердің тайыз суында бұталар мен балдырлар көп өсіп кеткен.



ІV. Қорытынды.

5 жылғы зерттеу жұмыстарын қорыты келе мынандай ой түйіндедік. Табиғат және адам бір дүние. Олар бір-бірімен байланыс жасамай тұра алмайды. Осы байланыс екі жаққа да тиімді болған кезде табиғат пен адам арасындағы қарым- қатынас тең болады. «Қымызды» қорықшасы біздің аудан тұрғындары үшін өте маңызды болып табылады. Ол тек жазғы және қысқа демалыс орыны болып қоймай, сонымен бірге жазда бүлдірген теретін, күзде мойыл ағашынан жемісін алатын, қыс кезінде Жайық өзенінің ең терең жері «Қымызды балық қыстайтын шұңқырында» қыстайтын балықтарды аулайтын жері болып табылады. Осындай адамның табиғаттан өзіне керекті алатын жағын ғана ойламай мен табиғатқа не істей аламын деп ойлайтын уақыттың келіп жеткендігін көрсететін орын.



Осы жұмысты қорытындылай келіп, мен мынандай іс-қимылдарды ұсынғым келеді:

  1. «Қымызды» қорықшасы аймағын қорғау үшін Орал орман шаруашылығы мекемесінен тұрақты түрде осы жерде тұрып, жұмыс жасайтын қорықшы бөлуін.

  2. Қорықша ішінде түрлі санитарлық жұмыстарды жүргізу. (Өте көп мөлшерде құлаған ағаштар бар, сынған бұталар көп. Бұлар өрт қауыпсіздігін тудырады.)

  3. Теректі аудандық балалар- жасөспірімдер туризмі және эколоогия орталығына жаз кезінде осы жерде тұрақты демалыс базасын ашу. (Себебі жабайы туризмнің дамуы орманға кері әсерін тигізіп тұр).

  4. Келесі жылғы сайыс ұйымдастырылған кезде бір күнді қорықшаның территориясын тазалауға бөлуді жарысты ұйымдастырушы орталқытан сұралынды.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Ақжайықтың қорықтары» П.В.Дебело, В.П.Фомин, Т.Мазяркина. 2000ж

2. «Животные Казахстан в фотографиях» А.Ф.Ковшарь, Р.А.Кубыкин. 1987г

3. «Природа Уральской области и ее охрана» А.З.Петренко, К.А.Ли. 1991г

4. «Жайық өңірі» Ж.М.Туремуратова. 2001ж

5. «Батыс Қазақстан облысының өсімдік әлемі»

Т.Дарбаева, А.Отаубаева. 2003ж

6. «Животный мир Западно-Казахтанской области»

Л.Байдулова, К.Булатова. 2001ж

7. «Жайық өңірінің өсімдіктері мен жануарлары»

Т.Е.Дарбаева, Ж.М.Қарағойшин. 2007ж

8. «Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы»

М.Н.Сдыков, А.А.Бисембаев 2007ж

9. «Природно- ресурсный потенциал и проектируемые обьекты заповедного

фонда Западно-Казахстанской области»



А.З.Петренко, А.А.Джубанов. 1998ж




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет