Халықтың нысаналы топтарын скринингтік тексеріп-қарауды жүргізу кезеңділігінің алгоритмдері



бет1/2
Дата25.04.2017
өлшемі455.28 Kb.
  1   2


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік

даму министрлігінің

2014 жылғы «___» _____

№ _______ бұйрығына

3-қосымша


Халықтың нысаналы

топтарын профилактикалық медициналық

тексеріп-қарауды жүргізу ережесіне

3- қосымша

Халықтың нысаналы топтарын скринингтік тексеріп-қарауды жүргізу кезеңділігінің алгоритмдері

1. Жалпы ережелер
1. Ересектер мен балалардың нысаналы топтарын скринингтік тексеріп-қарауды жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:

1) дайындық – нысаналы топтарды қалыптастыру, ақпараттық сүйемелдеу, скринингке шақыру.

Дайындық кезеңде медициналық пункттің, фельдшерлік-акушериялық пункттің, дәрігерлік амбулаторияның, ауылдық, аудандық, қалалық емхананың (бұдан әрі - МСАК ұйымдары) профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің (кабинетінің) дәрігерге дейінгі кабинетінің профилактикалық іс-шараларға жауапты орта медицина қызметкері, мектепке дейінгі мекеменің, білім беру ұйымдарының орта медицина қызметкері жүзеге асырады және мыналарды қамтиды:
ағымдағы жылдың 15 қарашасына дейін алда тұрған скринингтік тексеріп-қарауға жататын нысаналы топтың жыл сайынғы тізімін қалыптастыру және құру;

ересектердің нысаналы топтарын, нысаналы топтағы балалардың ата-аналарын скринингтік тексеріп-қарауды өтудің қажеттілігі және шарттары туралы хабардар ету;

халықтың нысаналы топтарын скринингтік тексеріп-қарауға шақыру;
      ұйымдастырылған мектепке дейінгі балаларды, мектеп оқушыларын, орта-арнайы және жоғары оқу орындарының 18 жасқа дейінгі оқушылары мен студенттерін скринингтік тексеріп-қараулар жүргізу үшін МСАК аумақтық ұйымдары мамандарының мектепке дейінгі балалар мекемелері мен білім беру ұйымдарының аумағына шығуын ұйымдастыру;
      халықтың нысаналы топтарының скринингтік тексеріп-қарауды уақтылы өтуін қамтамасыз ету;

2) скрининг жүргізу – баланың (бұдан әрі – 025-07/е нысаны), амбулаториялық пациенттің (бұдан әрі - 025-08/е нысан) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық


актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 6697 болып тіркелген) профилактикалық медициналық тексеріп-қараудың (скрининг) статистикалық картасын толтыру (бұдан әрі – ҚР ДСМ № 907).

Балалардың нысаналы топтарын скринингтік тексеріп-қарау жүргізуді мектепке дейінгі, білім беру ұйымдарының орта медицина қызметкері, педиатр дәрігер, отбасы дәрігері, МСАК ұйымының жалпы практика дәрігері; маман дәрігерлер, педагог-психолог жүзеге асырады.


      Ересектердің нысаналы топтарын скринингтік тексеріп-қарау жүргізуді учаскелік дәрігер (жалпы практика дәрігері) (бұдан әрі - МСАК дәрігері), МСАК ұйымдарының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің (кабинетінің) дәрігерге дейінгі кабинетінің дәрігері мен орта медицина қызметкері және МСАК дәрігерінің/МСАК ұйымдарының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі дәрігерінің жолдамасы бойынша бейінді мамандар жүзеге асырады;

      3) қорытынды – анықталған патологиясы бар адамдарды толық тексеріп-қарау және диспансерлік есепке алу, есепке алу-есеп беру статистикалық құжаттарын ресімдеуді аяқтау.       Бұл кезеңде МСАК/МСАК ұйымдарының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің дәрігері ҚР ДСМ № 907 бұйрығымен бекітілген 025-07/е, 025-08/е нысандарын және Ұлттық скринингтік бағдарламаға қатысушысының паспортын енгізеді, профилактикалық медициналық скринингтің статистикалық нысанына халықтың нысаналы топтарын скринингтік тексеріп-қараудың нәтижелерін қауіп (мінез-құлықтық, биологиялық) факторларын, қорытынды диагнозды көрсете отырып, енгізеді, толық емделуге, бақылауға ұсынымдар береді. Қорытынды диагнозды алғаннан кейін нысан скринингтік тексеріп-қараудың деректерін статистикалық өңдеу үшін медициналық статистика кабинетіне (маманына) беріледі. Ұлттық скринингтік бағдарламаға қатысушысының паспорты қолына беріледі және скрининг өткендігін куәландыратын құжат болып табылады.

2. Скринингтік тексеріп-қараудың нәтижелері амбулаториялық пациенттің медициналық картасына, баланың даму тарихына енгізіледі. Ұйымдастырылған балалардың скринингтік тексеріп-қараудың нәтижелері денсаулық паспортына қосымша енгізіледі.

3. Скринингтік тексеріп-қараудың нәтижелері бар адамдардың тегі көрсетілген тізім:

1) одан арғы динамикалық бақылау үшін МСАК дәрігеріне;

2) ақпараттық-білім беру жұмысын жүргізу және ауру қаупі факторлары бар адамдарды және науқастарды профилактика, салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістеріне оқыту үшін салауатты өмір салты кабинетіне, бейінді денсаулық мектебіне жіберіледі.

4. Психобелсенді заттарды тұтыну қаупінің деңгейлерін айқындау үшін жалпы бірдей орта білім беретін мектептердің, орта арнайы және жоғары оқу орындарының 17 жас пен одан асқан оқушыларының арасында скринингтік тексеріп-карау жүргізу кезеңділігінің алгоритмі:

1) скринингтік тексеріп-қараудың бірінші кезеңін арнайы оқытылған медициналық -санитариялық алғашқы көмектің (бұдан әрі-МСАК) маманы жүргізеді және жалпы бірдей орта білім беретін мектептердің, орта арнайы және жоғары оқу орындарының 17 жас пен одан асқан оқушыларының арасында психобелсенді заттарды тұтыну қаупінің айқын дәрежесін айқындауға арналған халықаралық ASSIST сауалнамасын қолдана отырып, скрининг-сауалнама жүргізуді қамтиды;

2) сауалнама жүргізілгеннен кейін сауалнамаларды арнайы оқытылған МСАК маманы талдайды және өңдейді. Талдау мен өңдеу нәтижелері бойынша психобелсенді заттарды тұтынудың қауіп топтары (жоғары, орташа, төмен қауіп) айқындалады;

3) скринингтің екінші кезеңі: психобелсенді заттарды тұтынудың орташа немесе жоғары қаупі бар оқушылар, заңды өкілдерінің келісімімен аумақтың наркологиялық ұйымыдарына МСАК мамандары жібереді, онда психобелсенді заттардың болуына тест-жолақтарды пайдалана отырып экспресс-тестілеу жүргізіледі;

4) үшінші кезең: экспресс-тестілеудің оң нәтижелері бар оқушылар заңды өкілдерінің келісімімен клиникалық тексеріп-қарау және қажет болған кезде қосымша химиялық-токсикологиялық және психологиялық зерттеулер жүргізу үшін нарколог-дәрігердің консультациясына жіберіледі;

5) тексеріп-қараудың нәтижелері және писхобелсенді заттарға тәуелділік белгілерін айқындау бойынша (18 жасқа толмаған) оқушылар заңды өкілдерінің келісімімен диспансерлік есепке және нарколог дәрігердің бақылауына қойылады;



6) оқушылардың заңды өкілдері диспансерлік есепке қоюға келіспеген жағдайда оқушылар профилактикалық бақылауда болады.

5. МСАК ұйымының МСАК/бөлімшелерінің профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің (кабинетінің) орта медицина қызметкері жүргізілген скринингтік тексеріп-қараудың нәтижелері бойынша:


      скринингтік тексеріп-қарауға шақырылған, скринингтік тексеріп-қараулардан өткен, толық тексерілуге жіберілген нысаналы топтағы пациенттердің тізімін салыстырады;

дәрігердің ұсынымы бойынша пациентті толық тексерілу үшін шақырады.


      6. Скринингтік тексеріп-қараудың барысында анықталған, алғаш қойылған диагнозымен барлық пациенттер диспансерлеу және динамикалық бақылау үшін МСАК дәрігеріне жіберіледі.

7. Скринингтік тексеріп-қарау - зертханалық және диагностикалық зерттеулер бойынша мәліметтердің бірыңғай базасының нақты, сапалы қамтамасыз етілуі үшін онкопатологияларды ерте анықтау скринингтері аясында орталықтандырылған зертханалар мен диагностикалық орталықтар/бөлімшелерде жүргізілсін.


2. Ересектер мен балаларды скринингтік тексеріп-қарауды жүргізу кезеңділігінің алгоритмі
1-параграф. Ересектердің қанайналым жүйесі ауруларын (артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы) және қант диабетін ерте анықтауға скринингтік тексеріп-қарау жүргізу алгоритмі
8. 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64 жастағы ерлер мен әйелдер нысаналы топ болып табылады, 40-тан 64 жасқа дейінгілер – артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы және қант диабеті бойынша диспансерлік есепте тұрмайтындар.

9. Скринингтік тексеріп-қарауды жүргізу сатысы екі кезеңнен тұрады:


      1) бірінші кезеңді МСАК ұйымдарының/ МСАК ұйымдарының профилактик және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің (кабинетінің) орта медицина қызметкері жүргізеді, барлық нысаналы топтар үшін міндетті болып табылады және мыналарды қамтиды:
      025-08/е нысанын толтыру;

антропометриялық өлшеулер жүргізу (салмағы, бойы, белдің көлемі), Кетле индексін есептеу;

скрининг-тест бойынша сұрату жүргізу;

орындыққа отырғызып, интервалы 1-2 минутта артериялық қысымды (бұдан әрі – АҚ) екі еселік өлшеу. АҚ өлшемес бұрын 3-5 минут отыра тұруы керек;

2) екінші кезеңде МСАК ұйымдарының профилактикалық және әлеуметтік-психологиялық көмек МСАК/бөлімшесі (кабинет) дәрігері:

осы Халықтың нысаналы топтарын скринингтік тексеріп-қарау жүргізу кезеңділігінің алгоритмдеріне (бұдан әрі-Алгоритм) 1-қосымшада көрсетілген әдістемеге сәйкес жүрек-қантамыр қаупін анықтау және бұдан әрі скрининг жүргізетін адамды одан әрі емдеп-қарау туралы шешім қабылдау үшін SCORE жүйесін қолданады.

Жүрек-қанайналым қаупі төмен адамдарға (SCORE шкаласы бойынша 1% дейін) осы Ереженің 2-қосымшасына байланысты кезеңділікке сәйкес бұдан әрі скринингтік тексеріп-қарауды жүргізу ұсынылады, төмен жүрек-қантамыр қаупін сақтау мақсатында салауатты өмір салты бойынша ұсынымдар беріледі;

орташа жүрек-қантамыр қаупі бар адамдар (SCORE шкаласы бойынша ≥1% до <5%) жүрек-қантамыр ауруларын азайту немесе тұрақтандыру мақсатында Денсаулық мектептеріне жолданады (бұдан әрі-ДМ);

жоғары және өте жоғары жүрек-қантамыр қаупі бар адамдар (SCORE шкаласы бойынша ≥5%) ЭКГ жіберіледі және қажет болса кардиологтың консультациясына жіберіледі. Науқаста ҚЖА айқындалған жағдайда диспансерлік есепке алынады, ҚЖА болмаған жағдайда Денсаулық мектептеріне жүрек-қантамыр ауруларын төмендету мақсатында жіберіледі;

гиперхолестеринемия деңгейінен жоғары қауіп факторларын диагностикалауда ≥5 ммоль/л деңгейі қабылданады;

жүрек-қантамыр қаупін бағалауда тексерілетіннің бір бөлігі жүрек жиырылуының жиілігі болып табылады;

10. Ауылдық, аудандық, қалалық емханалардың немесе консультациялық-диагностикалық орталықтың/емхананың (бұдан әрі – КДБ) консультациялық-диагностикалық көмек бөлімшесінің (бұдан әрі-КДО) кардиологы, эндокринологы:

толық тексеріп-қарау жүргізеді, қажет болған жағдайда мамандандырылған (кардиологиялық, эндокринологиялық) орталыққа/диспансерге жібереді;

тексеріп-қарау нәтижелерін және пациентті одан әрі бақылау жөніндегі ұсынымды профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің (кабинетінің) дәрігеріне, ол болмаған жағдайда, қызмет көрсететін пациентті учаскелік дәрігерге/жалпы практика дәрігеріне жібереді.



2-параграф. Мінез-құлықтық қауіп факторларын ерте анықтау үшін скринингтік тексеріп-қарауды және динамикалық бақылауды жүргізу алгоритмі
11. Мінез-құлықтық қауіп факторлары (дененің артық салмағы, дене қимылының белсенділігі, шылым шегу, қауіпті дозаларда ішімдікті пайдалану) скринингтен-тексеріп-қараудан – қанайналым жүйелері, қант диабеті, глаукома, онкопатологиялар ауруларын ерте анықтауға зерттеуден өткен адамдардың арасында зерттеледі.

12. Қауіп факторларын анықтау МСАК ұйымдарының профилактикалық және әлеуметтік-психологиялық көмек МСАК/дәрігерге дейінгі кабинеттерде жүргізіледі, оған мыналар кіреді:

1)  скрининг-тест бойынша сауалнамалар жүргізу (025-08/е нысаны);

2) Кетле индексінің салмағын, бойын, есебін және жеміс-жидектерді пайдалану көлемін өлшеу;

3) 32.3-тармағында көрсетілген 025-08/е нысанын толтыру «шылым шегудің зияндылығы туралы ақпараттандырылды ма» және 32.4-тармағында «денсаулыққа мінез-құлықтық қауіп факторларының әсері туралы ақпараттандырылды ма» толтыру;

13. МСАК ұйымдарының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің (кабинетінің) дәрігері (орта медицина қызметкері):

SCORE шкаласы бойынша жүрек-қантамыр қаупін бағалауды жүргізеді;

профилактикалық консультациялар жүргізеді және мінез-құлқының өзгеруі бойынша толық ұсынымдар ұсынады;

бейінді Денсаулық мектебіне жібереді.

14. Сабақ өткізген медицина қызметкерлері ақпараттық-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілуі тиіс.



3-параграф. Глаукоманы ерте анықтауға скринингтік тексеріп-қарауды жүргізу алгоритмі


      15. Глаукома бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер нысаналы топтары болып табылады;

16. МСАК ұйымдарының/МСАК ұйымдарының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің дәрігерге дейінгі кабинетінің орта медицина қызметкері:

025-08/е нысанды толтырады;

скрининг-тест бойынша сауалнамалар жүргізеді;

Маклаков бойынша немесе жанаспайтын тонометрді пайдалана отырып көзішілік қысымды өлшейді;

17. Скрининг-тестке (025-08/е нысанның 22-25-тармақтары) оң жауаптар және/немесе жоғары көзішілік қысым  болған жағдайда (Маклаков бойынша  тонометрде 20 мм с.б. жоғары болса және жанаспайтын тонометрде 20 мм с.б. жоғары болса), сондай-ақ сол жақ және оң жақ көздің көзішілік қысым көрсеткіштерінде 5 мм.сынап бағ. артық айырмашылықтар болған жағдайда пациентті ауылдық, аудандық, қалалық емханалардың немесе консультациялық-диагностикалық орталықтық/емхананың офтальмологына жібереді;

18. КДБ/КДО офтальмологы:

толық тексеріп-қарауды жүргізеді, қажет болса глаукома кабинетіне жібереді;

тексеріп-қарау нәтижелерін және пациентті одан әрі бақылау жөніндегі ұсынымды профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің (кабинетінің) дәрігеріне, ол болмаған жағдайда, қызмет көрсететін пациентті учаскелік дәрігерге/жалпы практика дәрігеріне жібереді;

тексеріп-қарау нәтижелерін өңірлік глаукома кабинеттерінің дәрігеріне глаукома тіркеліміне толтыру үшін жібереді.


4-параграф. Сүтбезінің обырын ерте анықтауға скрининг жүргізу алгоритмі
19. Сүтбезі обыры бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 50, 52, 54, 56, 58, 60 жастағы әйелдер нысаналы топтары болып табылады. Скринингте сүт безінің қатерсіз ісігі бойынша есепте тұратын немесе маммолог, онкомаммологта диспансерлік есепте тұрған және динамикалық маммографиялық зерттеулер жүргізуге жеке кестесі бар әйелдер қатысады.

20. Сүтбезі обырының скринингі дайындық, скрининг жүргізу, қорытынды кезеңнен тұрады және оған мыналар кіреді:

қос сүтбезінің маммографиясы 2 проекцияда жүргізіледі;

екі немесе одан да көп тәуелсіз дәрігер-рентгенологтармен (екі жақты оқу) маммограмманы түсіндіру;

маммографияларда патологиялық ошақтар (М3, М4, М5) анықталған жағдайда онкологиялық диспансердің (бұдан әрі-ОД) маммографиялық кабинетіндегі көрсетілімдер бойынша сүт бездерінің тереңдетілген диагностикасы (нысаналы маммография, ультрадыбыстық зерттеу (бұдан әрі-УДЗ), пункциялық биопсия немесе стереотаксиялық пункция, гистологиялық зерттеулер жүргізіледі.

21. Дайындық сатысына мыналар кіреді:

нысаналық топтарды қалыптастыру;

ақпараттық сүйемелдеу, скринингке шақыру, оның ішінде мекенжайы бойынша, электронды және бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып.

22. Сүтбезі обырын ерте анықтау скринингін жүргізу сатысына кіреді:

қос сүтбезінің маммографиясы 2 проекцияда жүргізіледі – қалалық, аудандық емханалардың маммографиялық кабинетінде түзу және қисық (жылжымалы медициналық кешен). Барлық сандық маммограммалар 1:1 көлемінде рентгенографиялық пленкаларда шығарылады (1 әйел – 1 жиынтық – 4 маммограмма) және CD/DVD сандық тасымалдаушыда көшіріледі.

23. Бұл ретте МСАК ұйымдарының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің дәрігерге дейінгі кабинетінің орта медицина қызметкері:

маммографиялық скринингке жататын пациенттерді есепке алу журналын және 025-08/е нысанды толтырады;

маммографияны аудандық, қалалық емханаларға жібереді.

24. Маммографиялық кабинеттің рентгензертханашысы скринингтік маммографияға жататын пациенттерді есепке алу журналын ҚР ДСМ №907 бұйрығымен бекітілген маммограмманы «қайта оқуға» жолдаманы толтырады;

қалалық, аудандық емханалардың маммографиялық кабинетінің (жылжымалы медициналық кешен) рентгенолог дәрігері BI-RADS жіктемесі бойынша нәтижелерін талқылай отырып, маммограммаларды «бастапқы оқуды» жүргізеді.

25. Бұл ретте дәрігер-рентгенолог:

маммографиялық зерттеулердің қауіпсіздігі мен сапасына негізгі жауапкершілікті алады;

«қайта оқу» нәтижелерін 025-08/е есепке алу нысанына енгізіледі және маммограмманы «қайта оқуға» жібереді;

BI-RADS жіктемесі бойынша нәтижелерін талқылаумен маммограмманы қайта оқу ОД маммографиялық кабинетінің рентгенолог-дәрігерімен жүргізіледі. Нәтижесіне қарамастан барлық маммограммалар онкологиялық диспансерге, оның ішінде телемедициналық байланыс арқылы «қайта оқуға» жіберіледі. Емханалардан онкологиялық диспансерге маммограммаларды беру онкологиялық диспансердің маммографиялық кабинетінің медициналық тіркеушісінің (мұрағатшы) қолы қойылған ілеспелі құжат арқылы жүргізіледі. Барлық маммограммалар (пленкалар мен электронды тасымалдаушылар) аудандық емхананың, онкологиялық диспансердің маммографиялық мұрағатында мұрағатталады. Скрининг шеңберінде жасалған маммограммалар пациентке берілмейді.

26. ОД маммографиялық кабинетінің рентген-дәрігері:

ұсынылған суреттердің сапасы мен төсеудің дұрыстығын бағалайды;

BI-RADS жіктемесі бойынша нәтижелерін талқылаумен маммограмманы қайта оқуды жүргізеді. Қажет болған жағдайда үшінші оқуды ұйымдастырады;

МСАК ұйымына екінші (үшінші) оқу (жолдаманың жыртпалы) нәтижелерін жібереді;

МСАК ұйымдары арқылы әйелді тереңдетілген тексеріп-қарау диагностикасына шақырады;

МСАК ұйымдары тереңдетілген диагностикаға: (нысаналы маммография арқылы әйелдері, сүтбезі УДЗ, пункциялық биопсияны немесе стереотаксиялық пункцияны кейіннен көрсетілімдер бойынша жүргізілетін материалдарды гистологиялық зерттеумен жасалатын стереотаксиялық пункция шақырады).

27. Тереңдетілген диагностикалауға арналған айғақтар М3/М4/М5 (анықталмаған маңыздылықтың ауытқуының болуы/қатерлілікке күдік тудыратын белгілер/ қатерлілік белгілері) маммограммаларын қайта оқудан кейінгі қорытынды болып табылады. Тереңдетілген диагностиканы жүргізген рентгенолог МСАК ұйымдарына нәтижелерді жібереді;

28. Қорытынды сатысына сүтбезінің қатерсіз пайда болулары бар пациенттерді толық тексеріп-қарау, анықталған патологиясы бар науқастарды диспансерлік есепке алу, есеп беру-есептілік статистикалық құжаттаманы рәсімдеуді аяқтау жатады.

29. Бұл ретте маммографияның нәтижесін алу кезінде МСАК ұйымдарының /МСАК ұйымдарының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің дәрігері:

М1 (патологиясыз) – пациентке келесі маммографиялық тексеріп-қарауды 2 жылдан кейін жүргізуді ұсынады;

М2 (сүтбезі қатерсіз ісігі, қатерсіз ісікке басым мәліметтер) – пациент КДБ/КДО маммологына емдеу және динамикалық немесе диспансерлік бақылау үшін жіберіледі;

М3 / М4 / М5 (анықталмаған маңызы бар ауытқудың болуы / қатерлі ісікке күдік тудыратын белгілер / қатерлілік белгілері) – тереңдетілген диагностикалаудың нәтижелеріне сәйкес пациентті консультацияға және онкологқа, ОД маммологына динамикалық бақылауға жіберіледі. Қатерлі ісіктің жоқтығы дәлелденгеннен кейін, көрсетілген маммография нәтижелерімен пациент КДБ/КДО маммологына емдеу және динамикалық немесе диспансерлік бақылау үшін жіберіледі;

М6 (сүтбезі обыры, патоморфологиялық верификацияланған) – пациент аудандық емхананың онколог, маммолог дәрігеріне емдеу және динамикалық немесе диспансерлік бақылау үшін жіберіледі;

ОД дәрігер-рентгенологының ұсынымы бойынша сапасыз бейнеленген жағдайда (пленканың техникалық проблемалары, дұрыс төселмесе) маммографиялық кабинетке қайталап маммографиядан өтуге немесе КДБ/КДО маммологына қысқа мерзімді динамикалық бақылауға жіберіледі;

Амбулаториялық пациенттің медициналық картасына жолдаманың маммограммаларын рентгенолог дәрігердің қайта оқу қорытындысы бар қиынды жабыстырылады;

30. Скринингтік тексеріп-қараудың нәтижелері маммографиялық скринингке жататын пациенттерді есепке алу журналына Ұлттық скринингтік бағдарламаның қатысушысының паспорты, 025-08/е нысаны енгізіледі және келесі есепті кезеңнен кейінгі айдың 1-күніне дейінгі мерзімде ай сайын өңірлік ақпараттық-талдау орталығына жіберіледі.

31. Егер тереңдетілген диагностикалау тағайындалатын болса, 025-08/е нысаны толтырылды деп саналады және КДБ/КДО, ОД-ден келген барлық тағайындалған зерттеулердің нәтижелерін алғаннан кейін статистикалық өңдеу үшін жіберілуі тиіс.

Тексеріп-қарау нәтижелері және пациентті одан әрі бақылау жөніндегі ұсынымды учаскелік дәрігерге/жалпы практика дәрігеріне жіберіледі.
5-параграф. Жатыр мойнын ерте анықтауға скрининг жүргізу алгоритмі
32. Жатыр мойны обыры бойынша диспансерлік есепте тұратын 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жастағы әйелдер нысаналы топтары болып табылады.

33. Жатыр мойны обырының скринингі дайындық, скрининг жүргізу, қорытынды сатыдан тұрады және оған мыналар кіреді:

Папаниколау (Пап-тест)    бойынша жатыр мойнынан жағындыларды цитологиялық зерттеу сұйықтық цитологиялық әдіспен ғана жүргізіледі;

ASC-H, HSIL, AGS, AIS, обыр цитологиялық қорытындылар кезінде тереңдетілген диагностикалау (кольпоскопия, биопсия, гистологиялық тексеріп-қарау).



  1. Дайындық сатысына кіреді:

нысаналы топтарды құру;

ақпараттық сүйемелдеу, скринингке шақыру, оның ішінде мекенжайы бойынша, электронды және бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану.

МСАК ұйымдарының/МСАК бөлімшелерінің профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің дәрігерге дейінгі кабинетінің орта медицина қызметкері:

Халықтың нысаналы топтарының тізімін қалыптастырады, әр пациент үшін тексеріп-қарау күні мен уақытын анықтайды және олардың материал алу үшін келуін қамтамасыз етеді;

скринингтік тексеріп-қараудың дайындық сатысында пациентке скринингтен өтуге қойылатын талаптар туралы хабарлайды: бір тәулік бұрын жыныстық қатынас, шайыну, ванна, тампондарды және басқаларын қоса алғанда қыныптық манипуляциялар жасамау;


  1. Скрининг өткізу кезеңі мыналарды қамтиды:

1) цитологиялық тексеріп-қарауға материал алу МСАК ұйымдарының тексеріп-қарау кабинетінде іске асырылады;

МСАК ұйымдарының/МСАК бөлімшелерінің профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің дәрігерге дейінгі кабинетінің орта медицина қызметкері:

Цитологиялық скринингке жататын пациенттерді есепке алу журналын және 025-08/е нысанды толтырады;

МСАК ұйымдарының тексеріп-қарау кабинеттеріне жібереді.

МСАК ұйымдарының тексеріп-қарау кабинетінің акушеркасы:

жатыр мойнын айнада қарайды;

цитологиялық тексеріп-қарауға (Рар-тест) жағындыларды цитологиялық зерттеу сұйықтық цитологиялық әдісімен (бір контейнер) алуды іске асырады;

цитологиялық тексеріп-қарауға жолдаманы толтырады және биоматериалды ОД/патологоанатомиялық бюроға жібереді;

Рар-тесті нәтижелерін ОД/патологоанатомиялық бюросынан алуды бақылауды іске асырады;

Нәтижелерді алу мерзімі мен скрининг нәтижелері туралы әйелдерді ақпараттандыру екі аптадан аспауы керек;

2) Бетесдің терминологияық жүйесі бойынша түсіндірумен цитологиялық зерттеу, 2001 (БТЖ). Бұл ретте цитологиялық зертхананың тіркеушісі/цитотехник:

келіп түскен контейнерлерді скрининг бойынша жүргізілетін цитологиялық зерттеулер журналында тіркейді;

цитологиялық зерттеулердің нәтижелерін МСАК ұйымдарына жібереді;

3) келесі айғақтар бойынша тереңдетілген диагностика (кольпоскопия, биопсия) жасайды;

ОД немесе арнайы даярлықтан өткен (білім алған) аудандық, қалалық емханалардың онкогинекологтарының цитологиялық қорытындылары кезінде - ASC-H, LSIL;

ОД онкогинекологтарының AGS, AIS, обыр цитологиялық қорытындылар кезінде.

Дәлелденбеген цитологиялық нәтижесі бар эрозияның болуы скрининг кезінде кольпоскопия үшін көрсеткіш болып табылмайды.

Гистологиялық зерттеу патологоанатомиялық бюроның ОД патоморфология зертханасында жүргізіледі. Биоптаттың морфологиялық түсіндіруі жалпыға бірдей қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкес іске асырылады.

36. Қорытынды саты өзіне анықталған патологиямен пациенттерді диспансерлік есепке алу, есептік-есепке алу құжаттарын ресімдеуді аяқтау кіреді.

Бұл ретте МСАК ұйымдарының МСАК бөлімшелерінің (кабинет) профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек дәрігері Рар-тестінің БТЖ бойынша нәтижелерін алған кезде:

жағынды сапасының нашар болуы пациентті цитологиялық скринингке қайталап шақырады;

«Цитограмма ерекшеліктерсіз» (мөлшер) пациентке келесі цитологиялық скринингті 5 жылдан кейін жүргізуді ұсынады;

«Қабыну үдерісі немесе микроорганизмдер» дәрігер гинекологта емделу мен тазартуды ұсынады;

ASC-US, LSIL эпителилік жасушалар атипиясы аудандық, қалалық емханалардың дәрігерінде гинеколог цитологиялық бақылауды 6 айдан кейін жүргізумен емделу мен динамикалық бақылауды ұсынады. Персистенция немесе ауырлау кезінде биопсиямен кольпоскопия жүргізуді, қалыпты цитограммада 6 айдан кейін – қосымша Рар-тест 12 айдан кейін ұсынады;

ASC-H, HSIL интраэпителиалдық зақымдану пациентті арнайы дайындықтан өткен аудандық, қалалық емханалардың гинекологына, ОД- онкогинекологына жібереді;

AGS, AIS бездік жасушалардың атипиясы, обыры пациентті ОД онкогинекологына тереңдетілген диагностикалауға жібереді.

37. Жатыр мойнының биопсиясының гистологиялық нәтижелерін алу кезінде:

CIN I пациентке аудандық, қалалық емханалардың гинекологында 6 және 12 айдан кейін цитологиялық бақылауды жүргізумен толық зерттеп-қаралуға, емделуге және динамикалық бақылауда болуды ұсынады;

CIN 2, CIN 3, CIS, AIS, обыр пациентті ОД емделуге және динамикалық бақылау жіберіледі;

CIN 2, CIN 3, CIS, AIS емделгеннен кейін барлық пациенттер аудандық, қалалық емханалардың гинекологында 4,6 және 12 айдан кейін қайталама Рар-тестілерді жүргізумен бақыланады. Қажет болған жағдайда (оң Рар-тест бақылауда) ОД онкогинекологтарының консультациясын жүргізеді.

Амбулаториялық науқастың медициналық картасына цитологиялық зерттеулер нәтижесінің бланкі жапсырылады.  

38. Ұлттық скринингтік бағдарламаға қатысушының паспорты, амбулаториялық пациенттің профилактикалық медициналық тексеріп-қарау статистикалық картасы (скрининг) скринингтік тексеріп-қараудың нәтижелері цитологиялық скринингке жататын пациенттерді есепке алу журналына енгізіледі және келесі есепті кезеңнен кейінгі айдың 1 күніне дейінгі мерзімде ай сайын өңірлік ақпараттық-талдау орталығына тапсырылады.

Тереңдетілген диагностика жасауды тағайындаған жағдайда 025-08/е нысаны барлық тағайындалған зерттеулердің нәтижесі алынғаннан кейін статистикалық өңдеуге тапсырылады.

39. Тексеріп-қарау нәтижелері және пациенттің одан әрі бақылануы жөніндегі ұсыным учаскелік дәрігерге/жалпы практика дәрігеріне жіберіледі. Әрбір әйел тиісті ұсынымдар беріле отырып, тексеріп-қарау нәтижелері туралы ақпараттандырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет