Халел Досмұхамедов Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым



Дата08.07.2017
өлшемі445 b.























  • Халел Досмұхамедов - Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым.

  • Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси

  • және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап,

  • насихаттаушы, шебер аудармашы.

  • 1883 жылы сәуірідің 24 бұрынғы Орал облысы, Гурьев уезі, Тайсойған болысы, (қазіргі Атырау облысы

  • Қызылқоға ауданы) Тайсойған құмында №4 ауылында дүниеге кел­ген.

  • Ресейдегі Ақпан төң­керісінен кейін қазақ даласында облыстық, жалпы қазақ съездерін ұйымдастырып,

  • өткізуге атсалысты. 1917 жылы ІІ жалпықазақ съезінде жарияланған Алашорда үкіметі -ұлт кеңесі құрамына

  • сайланды. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте халықты бүліншіліктен қорғайтын ұлттық әскер- халық

  • милициясын жасақтауға, Алаш қорын құруға, елден алым-салық қаражат жинау ісіне күш салды.

  • 1918 жылы Жымпиты қаласында өткен Орал өңірі қазақтарының 4-съезінде Қазақстанның бүкіл батыс өңіріне

  • ықпал етерлік ұлттық-территориялық құрылым-«Ойыл уәлаяты уақытша үкіметін» жария­лауға қатысты. Сол

  • жылы қыркүйек айының ортасында Кеңес өкіметіне қарсы күштердің Уфа директориясын жариялау мәжілісіне

  • жиналған Алашорда қайраткерлері бұл құрылымды қолдап, оған «Алашорданың батыс бөлімшесі» деген ат

  • берді. Осы кезеңде Халел Алашорданың атты әскерін ұйым­дас­тырып, Самарадағы Комуч үкіметінен қару

  • жарақ алуға, Ұлттық банк ашуға, баспахана, «Еркін қазақ» газетін шығаруға көп еңбек сіңірді.

  • Алашорда таратылғаннан кейін басқа қазақ зиялылары секілді Халел де жаңа өкіметтің жұмысына тартылады.

  • 1920 жылы 21 тамызда Түркістан рес­публикасы халық ағарту комиссариаты жаны­нан Түркістан халықтарының

  • оқу-ағарту, мәдени Һәм ғылыми мұқтаждарын өтеу үшін арнайы ұйымдастырылған Білім комиссия­сының

  • мүшелігіне, кейін төрағалығына сайланды. Ташкенттегі халық ағарту институтында оқытушысы болды. Орта

  • Азия мемлекеттік баспа коллегиясының, кейін Қазақ мемлекеттік баспасы Шығыс бөлімінің меңгерушісі, Қазақ

  • мемлекеттік баспа басқармасы меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқара жүріп, отандық ғылымның

  • дамуына да мол үлес қосты.

  • Халел Досмұхамедов «Табиғаттану», «Жануарлар», «Адамның тән тірлігі» (қазақша, орысша жаратылыстану

  • сөздігі), «Оқушы­лардың денсаулығын сақтау», «Дене бітімі және оның жұмысы туралы әңгімелер», «Сүйектілер

  • туралы» т.б. оқулықтар мен ғылыми еңбектер жазды.















: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет