Хабарландыру



жүктеу 23.88 Kb.
Дата02.07.2017
өлшемі23.88 Kb.
ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті әріптестер!
Сіздерді академик Берсімбай Рахметқажы Іскендірұлының 70-жылдығына арналған «ӨНЕГЕЛІ ӨМІР» сериясы кітабының ашылуына шақырамыз. Өткізілу уақыты және орны: 2017 жылдың 23 ақпанында сағ. 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і ректоратының 15 қабатында орналасқан Ғылыми кеңесінің залы.

Р.І. Берсімбай – “Биология” мамандығы бойынша (1969) Новосібір мемлекеттік университетінің түлегі, генетика және цитология институтының аспиранты КСРО (1969-1972). Биология ғылымдарының докторы (1987), профессор (1989), ҚР ҰҒА академигі (2003), ҚР ЖМ ҒА академигі (2001), ЖМ ХҒА академигі (2002), Жапонияның биомедициналық инновациясының Ұлттық Институтының профессоры (2011).

Р.І. Берсімбай С.М. Киров атындағы ҚазМУ-нің аға оқытушысы, доцент қызметін атқарды (1975-1977); сол жерде дарвинизм және генетика кафедрасының (1977-1987); әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің генетика және молекулалық биология кафедрасының (1987-1995) меңгерушісі қызметін атқарды; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биология факультетінің деканы (1988-1995); ҚР ҒМ-ҒА жалпы генетика және цитология Институтының директоры, молекулалық генетика зертханасының меңгерушісі ЖГжәнеЦИ (1995-2000); әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің генетика және молекулалық биология кафедрасының меңгерушісі (2000-2001); әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биология факультетінің деканы (2001-2004). 2004-2005 ж.ж. – ҚР Ғылым және Білім министрлігінің аппаратының жетекшісі, вице-министр; Қазақстан Республикасының Президент жанындағы мемлекеттік басқарудың Академиясының алғашқы вице-ректоры (2005–2008); Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ғылыми жұмыс бойынша проректоры (2008-2011); 2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – клеткалық биология және биотехнология Институтының директоры, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің жалпы биология және геномика кафедрасының меңгерушісі.  

Р.І. Берсімбай Ұлыбританияда, Германияда және Жапонияда зерттеулер жүргізді, дәрістер оқыды және көптеген шетел университеттерінің ғылыми семинарларында баяндама жасады, ғылыми фондтардың ұлттық және халықаралық гранттарының иегері. Британ Кеңесінің стипендиаты (British Council) (1983-1984); Ұлыбританияның Ханшайым қоғамының П.Л. Капица атындағы фондтың стипендиаты (1993); Александр Гумбольд атындағы фондтың стипендиаты, Германия (1987) және Жапондық ғылымға көмектесу қоғамының стипендиаты (2012); ҚР ғылым мен техниканың дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдарға арналған Мемлекеттік стипендия иегері (2002, 2015). 30-дан астам кандидаттар, ғылым және Ph.D докторларын дайындады. 500-ден астам жарияланымдардың авторы, оның ішінде 60 аса мақалалары Томсон-Рейтер мәліметтер базасында тіркелген. «Генетика», «Молекулалық биология», «Жалпы және молекулалық генетика», «Дрозофила генетикасы бойынша үлкен практикумы» және басқа да оқулықтар, монографиялар және оқу құралдарының авторы болып табылады.

«Құрмет» орденімен (2012), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) және «Астанаға 10 жыл» (2008) медальдарымен, «Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» ҚР Ғылым және Білім Министрлігінің төс белгілерімен (2003), «Қазақстан Республикасының білім беруде құрметті қызметші» (2007) және «ЖОО ең үздік оқытушысы-2014» (2015) мараптталған.

Р.І. Берсімбай – белгілі ғалым, талантты зерттеуші, биологтардың бір емес бірнеше ұрпағын тәрбиелеген тәлімгер және педагог, жоғары білім мен ғылымның ірі ұйымдастырушысы.



Молекулалық биология және генетика кафедрасы

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биология және биотехнология факультеті

Жалпы генетика және цитология Институты ҚР БҒМ ҒК

Александр фон Гумбольдт атындағы Қазақстандық клубы
: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет