Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер



жүктеу 4.93 Mb.
бет16/20
Дата29.12.2016
өлшемі4.93 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Изгилик Дабаев,

ветеран Великой Отечественной войны


Благородство душы
Как человек, знавший Нуртаса Дандыбаевича, не могу не присоединить к ним свой голос, ведь с юбилейным годом память не заканчивается.

В 1954-1957 годах он возглавлял Президиум Верховного Совета Казахской ССР. В это время я работал заведующим отделом наград и по долгу службы встречался с ним почти ежедневно. Ондасынов ростом был выше среднего, стройный, импозантный, он на первый взгляд казался суровым, строгим. Но на самом деле был душевно благородным, искренним и благожелательным к людям. Всегда имел четкую позицию, был прямым и открытым человеком. Говорил очень мало. Свои мысли формулировал грамотно, никогда голоса не повышал, простора эмоциям не давал. А как организовывал работу! Каждое поручение записывал в толстой общей тетради. В записи указывал дату, содержание, кому поручил, когда исполнитель должен доложить. Сам осуществлял контроль.

Однажды он мне сказал:


  • Сынок, вы долг не вернули....

  • Денег у вас не брал, - отвечал я растерянно.

  • Я вам давал пять поручений. Два еще не выполнили! Разве

это не долг? - спросил он спокойно, без раздражения.

После этого разговора я стал дисциплинированным.

Заседаниями Президиума Верховного Совета, рабочими совещаниями Нуртас Дандыбаевич руководил как хороший дирижер. Докладчиков не перебивал, вопросы задавал компетентно и уместно. В конце делал короткие оповещения. Если хотел укрепить аппарат, работников не выгонял, не выдумывал «причин», «поводов». По-человечески, с заботой трудоустраивал их в других учреждениях.

Характерным для Ондасынова было то, что мнения подчиненных он не критиковал и не отклонял. Говорил всегда: «Ваше предложение хорошее. Мы изучим. Воплотим в жизнь». А своим заместителям говорил: «Если работнику скажешь, что его предложение плохое, он больше ничего предлагать не будет. Мы инициативу его «убъем». Хорошие предложения выполним. А они сами поймут, какое верное, а какое неверное».

Ондасынов не уважал людей с неуловимыми взглядами-угодников, подхалимов и сам был далеким от такого свойства.

Вспоминается такой случай. Ондасынов принимал трех женщин. Но те с ходу стали ругаться как генеральша Корнэ, у которой когда-то Максим Горький работал дворником и садоводом. Они говорили: «Нормально жили, работали в системе торговли. За какие-то обвесы, обсчеты нас судили, отправили в тюрьму. Отбыли срок, вернулись. Но вдруг оказались в «безлюдной тайге». В квартирах живут совершенно другие люди. Мужей, детей нет. Исчезли. Без прописки не можем трудоустроиться. «Тюремные» деньги кончились. Сами отправьте обратно в тюрьму!». Женщины ругались отчаянно, без остановки. Ондасынов внимательно слушал. А потом сказал: «Если закончили, то давайте перейдем к делу». Они сказали, что хотят работать на таком-то заводе.

По телефону директору завода Ондасынов говорил: «У меня находятся три женщины. Молодые, энергичные, хорошие. В прошлом кое-какие ошибки были. Они «списаны». Вы их тепло, по-человечески примите, накормите, устройте в общежитии, трудоустройте, дайте денег в счет зарплаты – аванс, поставьте на учет для получения квартиры вне очереди. Вопрос будет на нашем контроле».

И еще пригласил кассиршу, поручил выдать им по 500 рублей. Не веря своему счастью, женщины без конца повторяли: «Спасибо! Спасибо!». Другой руководитель решал бы этот вопрос по-иному. Мог бы дать волю гордыне, гневу.... Но Ондасынов понял отчаяние этих несчастных женщин, в каком тяжелейшем положении они оказались. Это и есть образ действий деятеля, который служил народу. Все это ясно говорит о том, что Н.Д. Ондасынов был человеком большого ума, кристальной чистоты, гражданином, патриотом. Уважение народа он завоевал своим редким талантом, добросовестным трудом. Его жизнь – пример для многих поколений.



«Каз.правда», 18.01.2005г.
Сейілхан ҚҰСАЙЫНОВ,

Қазақ КСР-іне еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, сазгер
ӘР ІСІ ҮЛГІ БОЛҒАН АҒА
Иә, бәрі де кешегідей көкейімде сайрап тұр. «Қартайдық, қайғы ойладық» деп Абай айтқандай ма қайдам, жас ұлғайған сайын болашаққа қараудан гөрі өткен өміріңді електей береді екенсің. Сондай сәттерде әйелім Раушан екеуміз сонау 1956 жылдың жазына орала береміз.

Ол 1956 жылдың маусым айы болатын. Бір күні мені Республикалық Мәдениет министрлігіне шақырды. Мен – Күләш Байсейітова атындағы музыка мектебінде аға оқытушы, Раушан – Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінде концертмейстр боп жүрген кезіміз. Министрліктегілер: «Сендерді Гурьев облыстық атқару комитетінің төрағасы Нұртас Оңдасынов жұмысқа шақырып жатыр. Бізге кәсіби музыка мамандары қажет деп арнайы хат жолдапты. Жолға жиналыңдар», - деп мәселені алдымызға көлденең қойды. Алғашқыда қуансақ та кейіннен ойлана бастадық. Бір жағынан үйдің кезегінде тұрмыз, екіншіден, жақсы жұмысымызды қиып кету оңай болмай тұр. «Көп ойланған құл қаша алмайды» дегендей-ақ, өзіміз бір шешімге келе алмаған соң, ақыл сұрап Ахмет Жұбановқа келдік. Бірден ол кісі: «Неге ойланып жүрсіңдер? Біріншіден – онда өнерге жанашыр адам бар, сол шақырып отыр сендерді, екіншіден - өз елің, өз жұртың, мәдени өмірін көтеруге үлес қосасыңдар, үшіншіден – үй аласыңдар», - деп пікірін нық айтты. Бұдан кейін біз ойланған жоқпыз, Гурьевке жол тарттық.

Келе салысымен Гурьев облыстық атқару комитетінің төрағасы Нұртас Оңдасынов қабылдады. Алғашқы кездесуден жадымда жатталып қалғаны: сұңғақ бойлы, бір қарағанға сұстылау жүзді, әр сөзін нық, әрі нақ айтатын, көп сұрап, аз сөйлейтін адам екендігі.


  • Қарағым, өзің осы ауылдың баласы көрінесің, өте өнерлі дейді білетіндер. Сондықтан Құрманғазы оркестрінің «інісін» осында ұйымдастыру керек. Әйтпесе, Құрманғазы, Динадан ұят болар, - деді аздап жымиып. Жауап күткендей маған тесіле қарады. Жастығым ба, әлде бұрын Республиканың Премьер-Министрі болған адамның мысы басып кетті ме, әйтеуір «дұрыс, дұрыс» - дей беріппін.

  • Жоқ, мен сенен мұның «дұрыс-бұрысын» сұрайын деп шақырған жоқпын, маған сол оркестрді құратын адам керек, - деді тіктеу, - ол үшін не істеу қажет, бәрін-бәрін жоспарлап қағазға түсір, маған үш күннен кейін қайыра кел, - деді. – Келінмен де ақылдас», - деп ақырын жымиды.

Міне, осы кездесуден кейін ұлт аспаптар оркестрі құрылып, алғашқы концертімізді бір жылдан кейін халыққа көрсеткенше әр үш-төрт күн сайын Нұртас ағамен кездесіп тұрдым десем еш өтірігі жоқ. Себебі, бүкіл облыстан жүзден астам халық таланттарын жинадық. Оның ішінде – қойшы, сауыншы, мұнайшы, дәрігер, мұғалім, есепші, тіптен үлкен мекеме басшылары да болды. Байқау ұйымдастырып әлгі жүздің ішінен елуін іріктеп алдық. Олар үшін алты айлық нотаға үйрететін курс аштық, жатақханаға орналастырдық. Бұл кезде Бейсенғали Мырзағалиев деген атақты шеберіміз өзіне әріптестер жинап, домбыра, қобыз жасауға кірісіп кетті.

Не керек, бір жылдың ішінде кәдімгідей қаны мен жаны бар қазақтың ұлт аспаптар оркестрін өмірге әкелдік. Халық алдына шығып, концерт те бердік. Сол күнгі Нұрекеңнің қуанышында шек болсайшы. Күнде сұсты көрінетін Нұрекеңнің жүзіне нұр ұялап, көзі ұшқын шашады. Біздің бетімізден сүйіп, «айналайындап», ағалық мейірімін аямай төгіп жатыр.

Оркестрдегі жалғыз қобызшымыз Раушанға келіп: «Қобыз үнін тосырқап қалған Батыс халқын бүгін бір құйқылжыған күйіңмен тербедің-ау, айналайын», - деп, арқасынан қақты.

Ал, өнер адамына бұдан артық не керек. Көңіліміз шалықтап, сезіміміз шарықтап-ақ кетті.

Осыдан кейін аудан-аудандарда, мектептерде ұлттық ансамбль, оркестрлер жапа тармағай ашыла бастады. Мүмкін баз біреулер қазір «қандай науқаншылдық» дер, бірақ, ол сол уақытқа қажет еді. Соғыстан кейінгі он жыл. Халықтың жағдайы да, көңіл хошы да әлі көтеріле қоймаған кезі. Ал, осы науқаншылықтан кейін ел іші бір мереке-мейрамға толып кетті десем, артық емес. Осындай көркемөнерпаздар үйірмесінен көптеген таланттар өсіп шықты.

Артынша Нұрекең: «Енді кәсіби музыканттар дайындау керек», - деді де, музыка училищесін және кейіннен аудандардан музыка мектептерін ашуға басшылық жасады. Тағы да бір күні маған: – «Темірді қызған кезінде соқ» - деген, енді бес жүз өнерпаз тап, тәрбиеле, халықтың рухын тағы бір көтеріп тастайық, – деп жаңа тапсырма берді. Облыс орталығындағы стадионда – ашық аспан астында бес жүз домбыраның үні қосылып, Құрманғазының «Адай», А.Жұбановтың «Би» күйін орындағанда тебіренбеген адам қалмады. Шаттықтан, сезімнен, көтерілген көңілден көңіл құсы әуеде қалықтап тұрып қалғандай болды.

Ал, 1958 жылы Мәскеуде өткен Қазақстан өнері мен мәдениеті күндерінің ІІ-декадасына біздің Дина Нұрпейісова атындағы ұлт аспаптар оркестрі де қатысты. Бұл бәрімізге мақтаныш, үлкен мерей болды.

1959 жылы Қаныш Сәтбаев Жоғарғы Кеңестің депутаттығына Гурьевтен сайлауға түсті. Нұрекең ол кісіні үйіне шақырып қонақ етті. Бізді, Раушан екеумізді де шақырды. Қаныш аға да бір ашық жарқын, әңгімешіл адам екен. Бір кездерде Затаевичке бірнеше әннің нотасын түсірткізгенін айтып, сол әндерді өзі орындап та берді. Бізді Нұрекең мақтауымызды жеткізіп, Қаныш ағаға таныстырды. Мақтанғаннан арқамыз қозды ма білмеймін, біріміз домбырашы, біріміз қобызшы бола тұрсақ та, аяғында қосылып ән айтуға ауыстық. Жылылығы мол сол бір әдемі кешті біздер әлі күнге тамсана әңгімелейміз.

Нұрекеңнің еңбегін жоғары бағалаған мемлекет екінші рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттады. Құттықтауға үйіне бардық. Кіргеніміз сол еді біздің бес жасар тұңғышымыз Еділдің кеудесіне ол кісі: «Ұлдарыңа жұғысты болсын» - деп, орденін тағып қойды. Шікірейген шіренбе мінезден аулақ, жақсылық басқаға да болсын дейтін ақ көңілді Нұрекеңнің бұл қылығына едәуір мерейленіп қалдық. Ол сәтті ұмытпай жүргеніміз соның айғағы.

Ел арасында аңыздай айтылып кеткен мына бір оқиға да жиі еске түседі. Бірде Нұрекең Есбол ауданының бірінші хатшысы Кенжетаевті ертіп, шопандарды аралайды. Бір үйге түсіп, шай ішеді. Қараса, кеселері сыммен құрсауланып қойылған, ертеңіне екінші үйге түседі, ол үйдің ақ құманы құрсауланған, түсінбеген Нұрекең себебін сұрайды. Ыдыс-аяқ жетіспегендіктен сынғандарын осылай құрсаулап қояды дейді. Халықты қамтамасыз ете алмаған аудан басшысы Кенжетаевқа сол жерде ренжіп, облысқа оралысымен Мәскеуге Микоянға телефон соғып, көп ұзамай бір вагон ыдыс-аяқ алдыртады. Содан шопандарға, мекеме-мекемеге таратылып, ыдыс-аяққа ел бір қарық болып қалады. Халық қамын ойлаған басшы осындай-ақ болар-ау.

Нұрекең кездескен сайын ел арасында қандай жаңалық барып, қандай жаңа музыка, ән туып жатқанын сұрап отыратын. Өнерді өте жоғары бағалайтын, жанындай жақсы көретін, қамқорлығын да аямайтын.

Нұрекең 58 жасында жасы зейнеткерлікке жетпесе де Хрущевтің жәбіріне шыдай алмай, өзі арыз беріп жұмыстан кетті. Сонда Гурьевке Қазақстан Орталық комитетінен Жандилдин келіп, «ЦК не имеет претензии» деген жолдарды айтып, жұмыстан босатып кетті. Нұрекеңнің өзіне, атқарған қызметіне бір ауыз жаман сөз айта алмады, кемшілік тақпады. Бірақ, гурьевтіктердің арасында Нұрекеңнің бұлай қызметтен кетуіне мұңаймаған адам қалмады. Обкомда жай қызметкер әйелдердің жылап отырғанын өз көзіммен көрдім.

Мәскеуге кеткеннен кейін хабарласып тұрдық. Бірде арнайы домбыра жасатқызып апардым. Балаша қуанды. Төріне іліп қойды:


  • Енді бұл үйден қазақтың рухы сезіліп тұратын болды, - деді де артынша: - Домбыра әкелуді Раушан айтты ма, әлде өз ақылың ба? – деді.

Бұл менің қалжыңым ғой дегендей маған қарап жымиып қояды.

  • Семейный совет осылай шешті, - деймін мен.

Әсіресе, әйелі Валентина Васильевна жібергісі келмейтін.

  • Нұртас Қазақстанды қатты сағынады, кетуге асықпай біраз күн бірге болсайшы, - дейтін қиылып, әдеттегідей өте дәмді пирожки, беляшилерін алдыма тосып.

Мәскеуге барған сайын Нұрекеңе сәлем беруді өзімнің парызым деп санадым да, әрі оны үнемі бұлжытпай орындап жүрдім.
Қадыр Жүсіп,

Филология ғылымдарының докторы, профессор.

ҚАДІРІ АСҚАН НҰРТАС АҒА
Атырау қаласындағы Гурьев мемлекеттік педагогика институтында аға оқытушы болып жұмыс істеп жүрген кезім. Туған ағам Зәкіш Өтегенұлы Юсупов үйіне жедел шақырып алды. Жұмыстан шыға сала ағамның үйіне бағыт алдым. Ағам өте салмақты, парасатты, ақылды, істейтін жұмысына асықпай, баппен кірісетін адам. Жуықта ғана зейнеткерлікке шыққан. Келгеннен кейін, амандық-саулық сұрап болып:

- Қадіржан, саған жауапты тапсырма бергелі отырмын, - деді.

- Қолдан келетін нәрсе болса, тапсырмаңызды орындау іңілік борышым ғой, - дедім.

- Ендеше, былай. Қарындасың Гүлжамалдың Мәскеу ауруханасында жатқанын білесің. Оның емі бітіп, енді шыққалы жатыр. Қарындасыңды ауруханадан шығарып, елге аман-есен алып келуің керек.

- Құп болады, тәте, - дедім, бұл кісіні мен жас кезімнен «Тәте» дейтінмін.

-Саған уақыт керек болады. Бастығыңнан бір аптадай күн сұра. Жағдайыңды айтқан соң, қарсы болмас.

-Ректорым жағдайға түсінетін парасатты азамат. Мен де қарсы болмас деп ойлаймын. - Сонымен, ректорым Жамбыл Сәулебекұлы Ақылбаев бір аптаға рұқсат берді. Сомолетпен жолға шықтым.

Мәскеудің Домодедово аэропортынан ауруханаға тіке барып, қарындасымды қасыма алып, Қазақстан поспредствосына тарттым. Мұндағы қонақ үйден екі орын алмақшы болып едік, тек бір ғана орын бар екен.

Қарындасым:

- Аға, мейлі, біреу болса, сіз алыңыз. Мен Нұртас атамның үйінде қонам,-деді.Ондай мүмкіндік бар екен. Гүлжамал алдында Мәскеуге келгенде, Нұртас аға өзі күтіп алып, үйінде бір күн қондырып, ауруханаға сосын апарған екен.

Қонақ үйге орналасып болғаннан кейін, Гүлжамал екеуміз Нұртас ағаның үйі қайдасын деп таксимен тартып отырдық .

***


Нұртас деген кім? Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов - еліміздің ардақты ақсақалы. Мен бұл кісі туралы жақсы білемін. Гурьев еңбекшілер депутаттары облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы, содан кейін Гурьев облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болды. Сөйтіп, ардақты аға Гурьевте жеті жыл басшылық жұмыс атқарды.

Нұрекең біздің облысқа басшы боп келгенде, мен мектеп оқушысымын. Ағам Закеш облыстық еңбекшілер депутаттары облыстық кеңесі атқару комитетінің аппаратында соғыстан оралған соң жұмыс істеп жатқан болатын. Нұртас Дәндібайұлы төраға болып келгенде, ағамды өзіне көмекшілікке алды.

Екі жыл облыстық атқару комитетінде төраға болып жұмыс атқарған Нұртас Дәндібайұлын Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің шешімімен Гурьев облыстық комитетіне бірінші хатшы етіп ауыстырды. Сол кезде ағамды Нұрекең көмекшілікке өзімен бірге ала кетті. «Закеш Өтегенұлы» деп атайды менің ағамды облыстық партия комитетінің қызметкерлері. Ағам іске тындырымды, жауапкершілікті ерекше сезіне білетін коммунист еді. Ол компартияға мүшелікке майданда жүргенде өтіпті. Жұмысты адалдықпен атқарғанын жұмыстас жолдастары үнемі айтып отыратын. «Зәкең (ағамды жұмыстастары осылай атайды) Нұрекеңнің інісі сияқты еді» дейді осы күні зейнеткер, облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Оңайбай Көшекұлы. Оқушы болсам да ағамның Нұрекеңді қалай құрметтейтінін айтқан сөздерінен бағдарлаймын. Себебі ол үнемі «біздің Нұрекең, біздің Нұрекең» деп, оның адамгершілік істерін, жұмыстағы ұқыптылығын ілтипатпен ерекше сүйсініп айтып отыратын.

Ағамның айтқанынан түйгенім: Нұртас Дәндібайұлы жұмыс бабындағы жауапкершілікті жақсы көретін адам. Ешкімге дауыс көтермейтіндігі, жұмысты әр партия мүшесінен талап ете білетіндігі, қызметкерлердің, аудан басшыларының, мекеме жетекшілерінің жұмыстағы қателіктерін беттеріне тіке айтып, ұялтатыны, осындай талапшыл болумен қатар, өзінің асқан іскерлігін, уақытпен есептеспей жұмыс істейтіндігін айтып отыратын. Ол таңертең жұмысқа ерте кеткеннен - түнгі 11-12-ге дейін, тіпті кейде одан да жай, кей кездері тыным алмастан, арасында демалыс бөлмесінде мызғып алуды әдетке айналдыратын. Мұның бәрінде ағам көбіне Нұрекеңнің қасында жүретін. Ағам да уақытпен санаспай, сол кісінің жұмысын бірге істесетін.

Нұртас кабинетте көп отырмай, еңбекшілердің арасында болуды ұнатады екен. Бірде малшыларға барса, бірде балықшыларға кемемен, бірде мұнайшыларға машинамен, алыс аудандарға самолетпен, вертолетпен баратын.

Ол еш уақытта бап таңдамаған. Жұмысшылармен, малшылармен, балықшылармен кездескенде, олармен бірге тамақтануға дастархан басына отыра кетеді екен. Еңбекшілердің тұрмыстарымен танысып, қандай жетпестіктердің барлығын әр барған сайын біліп алып, жұмысқа келген соң, жұмысшыларды жабдықтау басқармаларының басшыларын аяқтарынан тік тұрғызатын. Тапсырылған жұмыстарының қалай тындырылғанынан есеп алуды ешқашан ұмытпайтын. Азық -түлік мәселесі ме, жанармай мәселесі ма, құрылыс мәселесі ме, бәрі-бәрі Нұрекеңнің көз алдынан кино лентасындай көрініс беріп жатады екен. Ол өзінің үйдегі демалыс жағдайына еш көңіл бөлмеген.

Ағам мынадай әнгіме айтты. Алдағы болатын үлкен жиналысқа дайындық жасамақшы болып, Нұрекең ағамды үйіне шақырыпты. Ол қандай жиналыс болса да сөйлейтін сөздерін өзі дайындайды екен. Ақпарлардың, фактілердің бәрін жинаттырып алып, өзі жазуға отыратын көрінеді. Кейде диктовка жасайды. Ағам өзінің әдемі жазуымен Нұрекеңнің айтқандарын қағазға түсіреді. Біраз жазып болғаннан кейін оқытып, түзетілетінін-түзетіп, қысқартатынын - қысқартып, қосатын ойларын қосып, редакция жасайды.

Солайша жұмыс бабында отыр-ғанда, түс мезгілінің болып қалғанын елемепті. Бір кезде әйелі Валентина Васильевна кабинетке кіріп келіп:

- Нұртас Дандибаевич, обед готов, - деп хабарлайды. Стол басына отырған сәтте Валентина: Закеш Утегенович, бүгінгі тамақ тек көкөніс сияқты шөп-шаламдар болды, кешірерсіз,- дейді орысша.

Ағам да жалма-жан:

- Валентина Васильевна, о не дегеніңіз, айып емес, осы да жетеді, - деген екен. Сол кезде әзіл араластырып, Нұрекеңнің әйелі тағы да былай дейді:

- Базарға барайын десем, Нуртас Дандибаевич маған машина бермейді, «общественным транспортом» деп қақшиып қалады. Сол кезде Нұрекең де:

- Ничего, ничего, мы довольны и этим, да, Закеш Утегенович, - деп ағайға қарайды.

- Міне, айтатыны. Ет әкелуге де машина бермейді. Көретін күнім осы. Кемпірін аямайды, - деп әйелі тағы қояды. Бірақ Нұрекең ештеңе айтпапты да, үндемей, тамағын іше беріпті.

Ет мәселесіне байланысты, ағам кетерде:

- Валентина Васильевна, мен жігіттерге айтып, сіздерге ет әкелдірейін, - деген екен. Әйелі сыбырлап:

-Вы что, Закеш Утегенович, он убьет меня, - депті ернін саусағымен басып.

Содан кейін ағай ондай тақырыпқа ештеңе айтпайтын болыпты. Валентина Василевьевна тағамдарын базардан автобуспен әкелетін көрінеді.

Нұрекең қызыл балық, уылдырық әкелем дегендерге де ұрсып:

- Маған ондайды екінші айтпаңыз. Аштан өліп, көштен қалмаймын! - деп алая қарайды дейді.

* * *

Облысты басқаруда Нұрекең жемісті жұмыс атқарды. Халықтың сүйікті басшысына айналды. Бүкіл облыс, қала, аудан еңбекшілері Нұртас Дәндібайұлын лақап қылып, аңыз кейіпкеріне айналдырды. Халық аузында «Нұрекең былай депті», «Нұрекең олай депті», «Нұрекең дұрыс шешіпті», «Нұрекең дұрыс істеген», «Ой, басшы болсаң, осындай бол», «Нұрекеңе рахмет», «Өміріңе нұр жаусын», «Нағыз азамат, ел үшін туған ер ғой», «Ерің болса, осындай болсын» тағысын-тағы мақтаулар жаңбырдай жауып, онсыз да нұрлы адамның нұрын одан әрі жарқыратып жүретін.



Бірақ...бірақ Нұрекең облыс маңдайына сыймай кетті. Орталықтан кенеттен шешім қабылданыпты. Оңдасыновқа жұмысты тоқтатып, зейнеткерлікке шығу ұсыныс етіліпті. Нұрекеңді, тек 58 жастағы әлі бойында халыққа берері көп мәуелі бәйтеректі түбінен қиғандай не болып қалды?

Халық аузында «Нұртас Дәндібайұлы ерлік көрсетіпті» деген әңгіме тарады. Бұл рас еді. Орталық комитеттің үлкен мәжілісінде Нұрекең орталықтың шешіміне қарсы шығыпты. Никита Сергеевич Хрушевтің елді бөлшектеудің ауруымен ауырып жүрген кезінде болған көрінеді. «Жалтыр бас патша» қашанда қазақты бұрынғы орыс патшалары құсап көзінің қырынан шығармаған ғой. Не қағып кеткенін кім білсін, Никита: «Маңғыстауды Түрікменстанға қосылсын» деген шешім алуға шақ қалыпты. Нұрекең бұған үзілді-кесілді қарсы болып, ұран көтере сөйлеген, басшылыққа наразылық білдірген. Амалы құрыған Никита Нұртас Оңдасыновты дереу зейнеткерлікке шығаруға ұсыныс жасапты. Сөйтіп:

- Оказывается, руководит Гурьевской областью один из соратников И.Сталина, его немедленно отправить на пенсию»,- депті «көреген патша».

Сонымен, Нұрекең 58 жасында зейнеткерлікке амалсыз шығып, Гурьев облысы бойынша алға қойған тамаша жоспарларын жүзеге асыра алмай, халықты өкіндіріп кетті. Кеңес үкіметінің топас басшылығы Қазақ жерінің бір ауқымды аймағының болашағына зиян келтіріп, алдағы болатын жарқын істердің желкесін қиды.

* * *

Нұртас Дәндібайұлы зейнеткерлік-ке шыққаннан бастап сол кездегі жоғары кеңес төрағасы Анастас Иванович Микоянның баспанаға байланысты көмегімен Мәскеуде тұрады. Ағамның жазып берген Нұрекеңнің мекен-жайы: «Москва, ул.Гвардейская №1, квартира №28 ». Осы мекенге қарындасым екеуміз таксилетіп жеттік.



Өзінің інісіндей болған, жан түсіністігімен жұмыс істескен ағасына біздің жердің дәмдерінен беріп жіберген ағамның сәлемдемесін алып келдік. Нұрекеңнің тұрған жері қаланың жаңадан салынған шағын аудандарының бірі екен. Қаланың шеті ме деп ойладым, себебі такси үлкен даң-ғылмен ұзақ жүрді.

Нұртас Дәндібайұлы ақжарқын көңілмен қарсы алды. Үйге кіргенімізде есік алдында әйелімен екеуі қатар тұрып сәлемдесті. Қол алысып амандастық. Нұрекең мені кабинетке қарай бастағанда, Гүлжамал Валентина жеңгеймен асүйге бағыт алды. Нұрекең үлкен бөлмені кабинетке айналдырыпты. Айнала кресло, отырғыштар бар. Стол үсті толған картотека қораптары, бірқатар кітаптар, жазу құралдары, жазылған, жазуға дайындалған ақ қағаздар жатыр. Аға маған орындық ұсынды.

- Кабинетім осы болады, -деді де, атымды сұрады. Мен атымды айттым.

- Закештің інісімін, атым - Қадыр.

- А, шырағым, атың жақсы екен. «Қадыр» деген аттың мағынасы әйбат. Бұл үлкен тілектен қойылған ат болса керек,-деді. Біз түске жақын барған едік. Жеңгеміздің түскі тамағы да дайын бола қалыпты. Бізді жеңгей тамаққа шақырды. Асханаға барып, пельмен жедік. Өте дәмді пісірген екен. Іле шай да келді. Шай үстінде Нұрекең әңгіме айтты.

- Бұл үйде жалғыз қазақ-мен ғана,- деп еді, жеңгей жармаса кетті.

- Вот, Нұртас Дандыбаевич теперь начинает хвалится.

Нұрекең оған тоқтаған жоқ. Орысшалап:

- А, что, не правда что ли, я истинный патриот своей Родины. Я нахожусь здесь временно, потому что я хочу воспитывать здесь живущих казахов, которые насчитывается около восьми тысяч, я руковожу ими, они слушаются меня, я им читаю лекцию о патриотизме, о значении и величии казахского языка. Это - моя общественная работа, - деп ұзақ сөйлеп кетті. Жеңгей де сабасына түсе қалды:

- Хорошо, хорошо, патриот, понятно!

Тамақтанып болғаннан кейін, Нұрекең ас қайыру рәсімін жасау керектігін ескертті де:

- Мен ас қайырайын, «Аллауаһпар» деген- «Алла жасасын!» деген сөз, ал мен партия қайраткері болғандықтан, «Партия акбар» деймін,-деп, «Партия акбар» деп ас қайырды да, бұл «Партия жасасын !» деген сөз.- Қазіргі ас қайыру кейде осылай болады,-деп, езу тартты.

Бұл 1986 жылдың наурыз айының 14-ші жұлдызы болатын. Нұрекең бұл кезде 82 жаста екен. Жеңгеймен екеуі құрдас сияқты. Маған мынадай ой келді: «Егер Нұртас аға Гурьев облысының басшылығынан 1962 жылы кеткен болса, сол кезде тек 58- ақ жаста болған-ау». Ал содан бері 24 жыл өтіпті. Жеті жыл облыс басшысы болыпты. «Жеті» деген қасиетті сан. Негізінде, өзі ақ та пәк адамның бұрын барып көрмеген жеріне басшы болып «қасиетті жеті жыл» жұмыс істесе, бұл да бір облыс халқы үшін игілікті жылдар болғаны ғой.

- Қадыр, дәлізге шығып қайтайық,- деген соң, сүйретпе киіп шыға бергенімізде,- шылым шегетінім бар, өзің бұған қалайсың ? - деп сұрады. Мен ондай әдетім жоқ екенін айттым.

- Ой, айналайын, оның тамаша екен, денсаулық деген қадірсіз нәрсе ғой кей адамдарға, мен бұрын шеккен едім, сексеннен асқанда тастайын ба деп талпынам, бірақ бұзып алам. Кемпірім менің сыртымнан бағады да жүреді, шылым шекпеуімді талап етеді, ауырып қаласың деп мазасызданады. Мені сен тасалап тұр, есік ашылғанда көріп қалмасын. Мен темекімді тұтата қояйын, - деді де, «Беломорканалдың» бір данасын сіріңкемен тұтатуға кірісті. Темекіні орталап тарта келгенде, есік ашылды да, Валентина Васильевна :

- Нұртас Дандибаевич, опять куришь, брось сейчас же,- деп балаға дауыс көтергендей жекірмесі бар ма ? Нұрекең де оқыс қылығын анасы көріп қалған бала сияқты:

- Извини, Валя, извини,- деп папиростың қалдығын жерге тастап, сүйретпесінің табанымен таптай бастады.
Мен таңдандым, осынша жаста бір-бірін аялап, бірін-бірі бақылап, бір-бірінің денсаулықтарының сақшысы болу шынайы махаббаттың, қарттық сыйластықтың белгісі деп білдім. Ішке кірген соң, Нұрекең бірден кабинетіне бағыт алды. Мен ілесе кірдім. Орнына отырып болған соң:

- Шырағым, Қадыр, мен қазақ халқының Мәскеудегі өкілімін. Қарап отырмаймын, зейнеткерлікке шыққаннан бері қолымнан қалам түспейді. Мен мемлекеттік жұмысқа араласпас бұрын, бала кезімнен арабша оқып, молда болған адаммын. Арабша, парсыша кітаптарды көп қарастырдым, оқыдым, бар құштарлығыммен кірістім. Егер жоғары оқу орнына түсіп оқымаған болсам, осы кезге дейін молдалықпен айналысып, діни қызметкер болып кетер едім. Жас кезімдегі молдалығым әжептәуір болды, діни оқуым біршама терең және жүйелі болды. Заманның ағымы өзінің бір арнасына бұрып алып, орман шаруашылығы институтында оқыдым да, жақсы маман боп тәрбиеленіп шықтым. Өкінбеймін. Республика басшылығында қызмет атқардым. Беделді болдым, партия тапсырған жұмыстарды адал атқаруға тырыстым.

Мына сөре толы кітаптарды көріп тұрсың ғой, осының біразы ылғи араб, парсы тіліндегі кітаптар. Зейнеткерлікке шығысымен бұл кітаптарды ерінбей-жалықпай зерттей оқып, ақылға ақыл қостым, адамзат баласының ғұмыры туралы ойлар мазалады. Толғанысты пікірлер тынышымды алумен болды. «Әттегенайлар» адам өмірінде көп болады. Солардың кейбірін жөндеуге тырысушылыққа ұмтылу жасалса, кейбіреулеріне тісің батпайды. Ал, түзете алатыным - қолымнан келген пайдалы істі елге сарқа ұсыну, ең соңғы күшімді қажетті, пайдалы деп есептегендеріне жұмсауды мақсат еттім. Араб тілінде оқығандарымнан халыққа тәрбиелік пайдасы бар дегендерін ұлттық тілімізге аударумен айналыстым. Бірқатар дүниелер қазір кітап боп жинақталып, хатталып тұр. Кейбіреулері кішкене кітапша боп, Алматы баспаларынан жарық көрді. Сонымен бірге қазақтың мақал-мәтелдерін жинақтап жатырмын. Өтебай Тұрманжанов жинаған мақал-мәтелдер кітабы қазақтың қанатты сөздерінің тек бір бөлігі ғана. Ал, әлі ұмыт қалғандары қаншама. Кейбір мақалдар алуан вариациялармен айтылады ғой. Мысалы, бір мақал пәлен рет құбылып келеді. Халық дана ғой, жарықтық. Бір-бір сөзі тұңғиық терең философия. Әрбіреуі адамды ойландырады, толғандырады, логикалық тереңдікке жетелеп әкетеді. Міне, сондықтан қазақтың мақалдарын тірнектеп, текшелеп жатырмын. Өзің естіген, оқыған кітаптардан бұрын айтылмаған мақал-мәтелдер болса, маған хатпен жіберіп тұрсаң деймін. Менің мекен-жайым белгілі ғой. Осы үй-мәңгілік мекенім болатын шығар деп ойлаймын. О дүниеге осыдан аттанатын шығармын. Халқымның алдында сол терең мәнді сөздерін жинақтап, бір үлкен борышымды атқарсам деп едім. Үшінші бір үлкен жұмысым - сөздік жазу. Екі кітабым дүниеге келді, біреуі – «Арабша - қазақша түсіндірме сөздік», екіншісі - «Парсыша - қазақша түсіндірме сөздік». Өзіңнің мамандығың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі екен.

Осы кітаптарымды көрген шығарсың ?

- Көрдім, Нұреке. Бір-бір данасы кітапханамда бар.

- Филолог ретінде айтшы, осы сөздіктердің пайдасы бар ма, әлде мен босқа арамтер болып жүрмін бе ?

- Нұреке, ол не дегеніңіз. Бұл сөздіктердің құны шексіз, себебі қазақтың сөздерінің бір бөлігі осы араб-парсы сөздерінен тұрады. Қазақтың тілін байытқан осы араб-парсы сөздері ғой.

-Иә, ертедегі ел-елдің бір-бірімен қарым-қатынасының, аралас-құралас болғандығының пайдасы бұл. Қазақтың өз тілі де бай, ал мына араб-парсы тілдерімен одан әрі байып, мән-мағынасы тереңдеп кетті емес пе ?

- Аға, сіз бұл сөздіктеріңізбен Қазақтың тіл білімі институты жұмысына үлкен көмек істеп отырсыз. Институт және Қазақтың Ғылым академиясы Сізге өте риза шығар. Сізге тіпті барлық тіл білімі ғылымының өкілдері де, әдебиетшілер де, жазушылар да риза. Әйтпесе, қазақтың төл сөзі қайсы, кірме сөзі қайсысы екенін білмей жүргенде, сіз ит мұрыны өтпейтін джунглиден жол көрсеткендей болдыңыз. Рахмет сізге!

- Егер бұл кітаптарымның халыққа пайдасы болса, мен өзімді бақытты санаймын. Бір-бір том шығарумен шектелген жоқ бұл ағаң. «Дәндеген қарсақ құлағымен ін қазады» дегендей, «Арабша-қазақша түсіндірме сөздіктің» үш томын дайындап қойып отырмын. Осы үштомдықты бастыру туралы Алматыға барғанымда Дінмұхамед Ахметовичке кіріп шығып едім. Уәде беріп қалды. Бірақ, одан әлі хабар жоқ. Келген-кеткен інілерімнің құлағына салып қоямын. Олар да қозғау салармыз деп уәде беріп кетіп жүр. Бұл кітаптардың қолжазбаларының тұрысы мынау. Бұл солай болсын. Енді парсышаны да қолға алудамын. Қазіргі жұмысым- «Парсыша-қазақша түсіндірме сөздіктің» екі кітабын бітіріп, үшінші томын тәмамдап жатырмын. Бұларды да баспаға ұсынбақшымын. Бұған не дейсің ?

- Нұреке, тіл білімі институтының түсіндірме сөздік жөніндегі жұмыстарының жартысын өз мойныңызға алған екенсіз. Мұныңыз жанкештілік қой,- деп, риза болғандықтан ағамызды қолпаштай сөйледім.

- Ой, рахмет айналайын. Алматыдан келген інілерімнің бәрі осылай баға береді. Сонда ұлттық тілімізге аздап та болса пайдасы тиетін түрі бар-ау, шамасы.

- Әрине, аға. Мұны тіл білімі институты біле ме ?- деп едім.

- Білгенде қандай. Олар жұмысымды керемет құп көріп отыр. Анау Хайдаров інім бар, басқалар бар, бәрі де ризашылығын білдіруде.

- Алдыма қойған жоспарым қыруар. Осы сөздікті бітірісімен, естеліктер жазуға кірісемін. Ол естеліктерім партия-совет органдарының қайраткерлері туралы, елдің ұлағатты адамдары туралы болмақ. Қазір кімдер туралы жазатынымды тізімдеп қойдым. Амандық болса, білекті сыбанып бастамақшымын. Ал, мақал-мәтелдерді жинақтау мәселесі өмір бақи жалғасып келеді. Айтпақшы, маған естіген, оқыған кітаптарыңнан алған қанатты сөздер туралы хабарласып тұру үшін мекен-жайыңызды жазып алайын,-деп Нұрекең үлкен жалпы дәптерін ашты да:

«234-ші тілшім Юсупов Қадыр Өтегенұлы» деп жазып қойды. Сен Қазақстандағы тілшілерімнін бірісің, енді ұмытпа, менің мекен-жайымды білесің, хабарласып тұр, білдің бе? Енді сен бір әңгімемді тыңда. Гурьев деген жерде мен жеті жыл еңбек еттім. Өмірімде еңбек еткен жылдарымдағы шоқтығы биік жұмыстарымның сүбелісі осында жасалды. Неге дейміз ғой. Мұндағы жұмыстас болған тамаша адамдарды бұрын-соңды еш жерде кездестірген емеспін. Жұмыстас інілерім мен қарындастарым тапсырмаларымды бұлжытпай орындайтын, сыйласа білетін, құдайдай табынғандықтан емес, сыйластықтан, құрметтіліктен, жауапкершілікті сезінгендіктен қарым-қатынас жасайтын. Олар мені, қазақша айтқанда, ымымнан түсінетін. Әрине, алғашқы кезде маған үйрене алмай, кібіртіктеп жүргендері болды. Ал, кейін... қамшы салдырмады. Адамды түсіне білетін қасиетімнің рахатты жемісі көз алдымда көрініп жатты. Нендей биік іс те көпшілікпен бітеді. Жұмыстың табысты нәтижесі адамды алдағы басқа да қомақты талпыныстарға шабыттандырып, құлшындырады.

Мен сондай күйлерді бастан кешірдім. Мұнда жұмысқа келгенімде елу бір ғана жаста екенмін. «Елу – ердің жасы» дейді қазақ. Кемеңгер ұлтым баға берген осы жасыма келгенімде, Гурьев сияқты жерұйықта болуым мен үшін бақыт болды деп әлі күнге дейін еске аламын. Жігіттер мен қыздар қандай?! Іске беріле кететін мұндай адамдарды сирек кездестірдім. Гурьевтіктер мәңгі есімде қалды. Ғұмыр берсе – деді де, бес саусағын жазып көрсетіп, - міне мынадай, Каспий өңірі қайраткерлері туралы да жазамын, тек бес жыл ғана сұраймын Алла Тағаладан.

- Аға, Сізді гурьевтіктер ілтипатпен әрқашан еске алып отырады. Сіздің еңбегіңіз біздің жердегі өшпес құбылыс болып қала береді. Ел еңбекшілері – жерлестеріміз Сіздің батыл істеріңізді мысал қып, аңыз қып айтуда.

- Жерлестеріңе рахмет. Әйтеуір, жаман атым қалмаса болар, - деп күлді Нұрекең.

- «Жаман ат» деген сөзді аузыңызға алмаңыз, Нұреке.

- Қазір Гурьевке жаңа басшы барыпты деп естідім. Оның кім екенін де білемін. Қазіргі бағыт қалай болып жатыр?

- Жаңа сыпырғыш жаңаша сыпырады деген бар ғой. Ол кісі бұрынғы басшыларды өзгертіп, кадрларды Қазақстанның басқа өңірлерінен, Алматыдан әкеліп жатыр. Гурьевтіктердің көңіл- күйлері онша емес. Елді, экономиканы, шаруашылықты, еңбекшілерді терең білетін бұрынғы адамдардың кеткені халыққа жақсы әсер қалдырмайды екен. Онымен қоймай, жаңа қойылған басшылар «вахтовый методпен» жұмыс істеуде. Жұма күні самолетпен үйлеріне кетеді, дүйсенбіде ұшып келеді.

- Ойбой, ол жарамаған екен. Басшы кадрларды жергілікті халық қатарынан өсіру керек. Басшыны басқа жақтан алып келу – тұрғын халықты сыйламау, олардың намысына тию болады. Ол – жергілікті кадрлардың жұмысына деген сенімсіздік. Олардың біліміне, іскерлігіне күмән келтіру. Олай етуге болмайды. Мен өз басым облысты басқаруға келгенде, кейінгі басшылардың бәрін де сол топырақтың адамдарынан өсірдім. Өзімнің үстімнен қарайтын органдардан сескенген жоқпын. Партия – совет органдарының облыстағы жетекшілерін солай тәрбиеледім. Өзіммен бірге ешбір адам әкелгенім жоқ. Тек жалғыз өзім ғана. Сенім – аспандағы айға ұмтылуға қанат бітіреді. Мысал келтірейін. Оңайбай Көшеков, Есен Тасқынбаев, Сағидолла Құбашев, Закаш Камалиденов, Саламат Мұқашев, Мәдина Ғабдісәлімова және тағы басқалар мен өсірген кадрлар. Мынадай бір қызық айтайын. Сағидолла Құбашев «Передовик» деген совхоздың председателі болып жақсы жұмыс істеді. Облыстың советі атқару комитеті төрағалығына адам керек болғанда, өзім жақсы білетін сол С. Құбашевті ұсындым. Орталық Комитет біраз уақыт бекітпей қойды. Менің өзім барып түсіндіруіме тура келді. Сағидолланың іскерлігін, біліктілігін, партиялық принципшілдігін алға тарттым, жақсы басшы болатынына Орталық Комитетті сендірдім. Сөйтіп, ол облыстың еңбекшілер депутаттары советі атқару комитетінің төрағасы болды. Менің үмітім ақталды. Мен таңдаған басқа басшылар да жемісті жұмыстар атқарды. Қазіргі үкімет басшылары – Министрлер Кеңесінің төрағасы Сағидолла Құбашев, Жоғарғы Кеңестің төрағасы Саламат Мұқашев, Орталық Комитеттің идеология саласының хатшысы Закаш Камалиденов – бәрі де менің тәрбиемнен өткендер. Мен оларды Гурьевтің нәрлі топырағынан баптап, өсіріп шығардым. Бұлардың қазір мемлекет басқарып отырғандарын мақтаныш етемін.

Нұрекеңмен кездескен бұл шақта, шынында да аты аталған адамдар сол тұғырларда отырған болатын. Нұртас аға мақтанса, мақтанғандай еді. Оның көрегендігі, шыншылдығы, сенімнің алтын тұлпарын ерттеп мінетіндігі, адам жанын түсіне білетін кемеңгерлігі оларды аталған дәрежелерге дейін көтерген. Нұрекеңнің парасаттылығы «баладан - дана» жасау, тәрбиелеу шеберлігі кім-кімге де үлгі болғандай.

Мәскеу уақытымен күндізгі сағат 12- де келген мені Нұртас аға 17.00 сағатта әрең жіберді. Менің бес сағат уақытым босқа кеткен жоқ. Ұлағатты адаммен кездескенді үлкен бақыт деп есептедім. Рухани жағынан байып кеттім.

Нұрекеңнің әңгімесі, ұлағатты сөзі, патриоттық сезімі қатты әсер етті. Нағыз қазақ Нұрекеңдей болар дедім. Оның елді сағынып жүргені байқалды. Ұлттық тіліміздің тағдыры жолында қандай қиындықтан да бас тартпайтын тілжандылығы мен елжандылығы менің жүрегімде өшпестей із қалдырды. Ол кісінің: «В этом доме я единственный казах» деп кеудесін қаққаны әлі көз алдымда. Ағаны қатты аяп, әрең аттанғанымды айтқым келеді. Ұлы тұлға, асқан ақылман, талмас еңбекқор, елін жан жүрегімен сүйген патриоттың жалғызсырауы рас-ау дедім. Әттең, амал қанша?! Осындай адам да бір күні о дүниеге кетеді-ау деп мұңайдым.

Кетерімде Нұрекең маған әртүрлі халықтардың мақал- мәтелдерінен жинақталған «Ой маржандары» атты кітабын ұсынды. «Кітапты орысшадан жазушы Софы Сматаев пен Нұртас Оңдасынов аударған» деп жазылған. 1984 жылы Алматының «Жалын» баспасынан шығыпты. Бұл кітапқа мынадай автограф жазып берді: «Қадіржанға! Жаман ағаңнан, Н.Оңдасынов» деп қол қойды. Астына «Москва, 14.03.1986 жыл» деп жазды.

Мен бұл кітапты қазіргі ерекше құнды ескерткіштердің бірі деп санаймын. Нұртас ағамның екі сөздігі де кітапханамның ең қымбат кітаптар қатарында орын түзеп тұр.

Нұрекеңмен қош-бес десіп аттандым. Қарындасым сонда қалды. Ертеңіне қарындасым Гүлжамалды алып, Нұрекең қонақүйге өзі келді. Поезға өзі шығарып салды.

Ағам Закешке, отбасына, барлық гурьевтіктерге дұғай сәлем айтты.

Нұрекең 1987 жылы қазан айының аяғында ағамның қайтыс болғанын естіп, жеделхат салып жіберіпті:

«Зәкеш мен үшін де, халық үшін де қымбат азамат еді. Қимаймын, бірақ тағдырға не шара. Бақилы болсын! Н. Оңдасыновтар.»

Мәтін орысша еді. Мазмұны осындай. Кейінен,1989 жылы құрметті Нұртас ағамның дүние салғанын естіп, отбасына көңіл айтып, жеделхат салдым. Қаралы хабарды естігенде маған: «Қап, әттеген-ай», «шіркін, бес жыл ғұмыр берсе» деген тілегіне жете алмаған екен, топырағың торқа болғыр» деген өкінішті ой келді.

2003 жылы мамыр айының басында Нұртас аға туралы ізденіп, естеліктер жинап, ағаның еңбектерін жарыққа шығарумен айналысып жүрген қарындасымыз журналист Гүлсім Оразалиева Атырауға келді. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Нұртас ағаны еске алу кездесуін өткізді. Осындай кездесулер басқа да қоғамдық орындарда өтті. Сол келгенде Гүлсім өзі құрастырған, 2002 жылы Астананың «Елорда» баспасынан жарыққа шығар-ған «Нұртас Оңдасынов» атты кітабын ала келген екен. Жиналысқа қатысқандарға ескерткіш ретінде таратып берді. Гүлсім қарындасым: «Аға, Оңдасыновтай оңды азамат болыңыз» деп, автограф жазып берумен бірге, «Нұртас ағамен Мәскеуде кездескеніңіз жайлы естелігіңізді жазып берсеңіз және баспасөзде жарияласаңыз, мен оны келесі естелік кітапқа енгі-земін» деген еді.

Бұрынғы Гурьев, қазіргі Атырау қаласында «Нұртас Оңдасынов» атты көше бар. Сол көшемен күнде келе жатып, бұрышындағы «Нұртас Оңдасынов көшесі» деген жазуды оқып, «атыңнан айналайын, аға, рухыңыз ешқашан өшпес» деп іштей қайталап айтамын.



Бірінші бөлім
Туған коллективім
Алдымен қазақ тілінің емлесінше бірге
Сұранып жүрген сөздер
Халық қадірлісі
Тұңғыш президент
Ерлікпен жазылған еңбек
Рахмет өтесінов,
Оразбек н. халықтың қамен жеген бір перзенті
Дербес зейнеткер
Таза мінсіз
Нұрділдә дүйсенұлы оңдасынов

: uploads -> files
files -> Реферат на тему: Околоушная железа: повреждения, слюнные свищи, актиномикоз, туберкулез, сифилис и кисты
files -> Методические рекомендации для студентов III курса стоматологического факультета к практическим занятиям по патологической анатомии головы и шеи
files -> Методические рекомендации практических занятий для студентов стоматологического факультета
files -> Методические рекомендации для студентов к практическим занятиям по патологической анатомии головы и шеи
files -> Методические рекомендации практических занятий для студентов лечебного факультета 4 курса 8 семестр
files -> Законом от 12. 04. 2010 №61-фз «Об обращении лекарственных средств»
files -> Лекарства для жизни
files -> Инструкция по охране труда
files -> Собрать общие сведения о лекарственных препаратах
files -> Методическая разработка самостоятельной работы студентов по дисциплине «стоматология» раздел «геронтостоматология и заболевания сопр»


1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет