Германия федеративті мемлекет болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай 16 жерден тұрады. Негізгі заңы конституциясы 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған



Дата17.07.2017
өлшемі445 b.





Германия – федеративті мемлекет болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай 16 жерден тұрады. Негізгі заңы – конституциясы 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған. Елдің федералдық президенті Федералдық жиналыста бес жыл мерзімге сайланады. Қазіргі Федералдық президенті Хорт Келер, ол 2004 жылдың 23 мамырында сайланған. 

  • Германия – федеративті мемлекет болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай 16 жерден тұрады. Негізгі заңы – конституциясы 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған. Елдің федералдық президенті Федералдық жиналыста бес жыл мерзімге сайланады. Қазіргі Федералдық президенті Хорт Келер, ол 2004 жылдың 23 мамырында сайланған. 





Германия парламенті екі палатадан – Бундесрат (жоғарғы) және Бундестагтан (төменгі) тұрады. Бундесратты жер үкіметі өкілдерінің 68 мүшесі құрайды. Егер федералдық президент болмаған немесе ол өзінің міндетін атқаруды мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда мемлекет басшысының міндеті Бундесрат төрағасына көшеді. Ал Бундестаг төрт жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланған 603 депутаттан тұрады. Атқарушы билік – федералдық үкіметтің құрамына германдық Бундестагта сайланған Федералдық канцлер мен федералдық министрлер кіреді. Федералдық канцлер мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Германияның қазіргі Федералдық канцлері – Ангела Меркель. 

  • Германия парламенті екі палатадан – Бундесрат (жоғарғы) және Бундестагтан (төменгі) тұрады. Бундесратты жер үкіметі өкілдерінің 68 мүшесі құрайды. Егер федералдық президент болмаған немесе ол өзінің міндетін атқаруды мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда мемлекет басшысының міндеті Бундесрат төрағасына көшеді. Ал Бундестаг төрт жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланған 603 депутаттан тұрады. Атқарушы билік – федералдық үкіметтің құрамына германдық Бундестагта сайланған Федералдық канцлер мен федералдық министрлер кіреді. Федералдық канцлер мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Германияның қазіргі Федералдық канцлері – Ангела Меркель. 





Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін Германия Федеративті Республикасына төрт мәрте сапармен келген еді. Әр сапардың, әр кездесудің өзіндік орны бар. Әсіресе, Қазақстан басшысының 2004 жылғы 17-20 сәуірдегі Германияға сапары жемісті болды. Осы сапар барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Германияның сол кездегі Федералдық канцлері Герхард Шредермен кең көлемде келіссөз жүргізіп, мемлекеттердің ынтымақтастығын әрі қарай дамытуға қатысты мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, Президент Германияның көрнекті саясаткерлерімен және іскер топ өкілдерімен кездесті. Қазақстан басшысы содан кейін 2006 жылы тамызда Санкт-Петербургте өткен "Үлкен сегіздік” саммитінде Германияның жаңа Федералдық канцлері Ангела Меркельмен кездескен еді. Кездесу қорытындысында Қазақстан Президентіне Германия тарапынан осы елге сапармен келу туралы шақырту түскен болатын.

  • Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін Германия Федеративті Республикасына төрт мәрте сапармен келген еді. Әр сапардың, әр кездесудің өзіндік орны бар. Әсіресе, Қазақстан басшысының 2004 жылғы 17-20 сәуірдегі Германияға сапары жемісті болды. Осы сапар барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Германияның сол кездегі Федералдық канцлері Герхард Шредермен кең көлемде келіссөз жүргізіп, мемлекеттердің ынтымақтастығын әрі қарай дамытуға қатысты мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, Президент Германияның көрнекті саясаткерлерімен және іскер топ өкілдерімен кездесті. Қазақстан басшысы содан кейін 2006 жылы тамызда Санкт-Петербургте өткен "Үлкен сегіздік” саммитінде Германияның жаңа Федералдық канцлері Ангела Меркельмен кездескен еді. Кездесу қорытындысында Қазақстан Президентіне Германия тарапынан осы елге сапармен келу туралы шақырту түскен болатын.





Сарапшылардың болжамы бойынша, бүгінде Қазақстан мен Германия арасында түсініспеушілік тудыратын проблемалар жоқ, халықаралық саясаттағы негізгі мәселелер бойынша елдердің ұстанған позициялары жақын. Мысалы, Қазақстан Германияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болу ұмтылысын қолдайды. Ал Германия Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету ұмтылысына және БСҰ-ға кіруіне қолдау білдіреді. Өйткені, Қазақстанның Еуропа мен Орталық Азия арасында диалогты дамыту үшін негізгі рөл атқару мүмкіндігі мол. Оның үстіне біздің еліміздің экономикалық жағдайы Орталық Азиядағы өзге елдерге қарағанда жақсы, саяси тұрақтылық берік орныққан. 

  • Сарапшылардың болжамы бойынша, бүгінде Қазақстан мен Германия арасында түсініспеушілік тудыратын проблемалар жоқ, халықаралық саясаттағы негізгі мәселелер бойынша елдердің ұстанған позициялары жақын. Мысалы, Қазақстан Германияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болу ұмтылысын қолдайды. Ал Германия Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету ұмтылысына және БСҰ-ға кіруіне қолдау білдіреді. Өйткені, Қазақстанның Еуропа мен Орталық Азия арасында диалогты дамыту үшін негізгі рөл атқару мүмкіндігі мол. Оның үстіне біздің еліміздің экономикалық жағдайы Орталық Азиядағы өзге елдерге қарағанда жақсы, саяси тұрақтылық берік орныққан. 





Қолда бар мәліметтерге қарағанда, бүгінде Қазақстанда 220 мыңнан астам неміс тұрып жатыр. Қазақстандық немістердің мүддесін қорғауға бағытталған үкіметаралық комиссия жұмыс істейді. Комиссияның отырыстарында мәдениет пен білім беру салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылады. Өз кезегінде ол нәтижесін беріп келеді. Мысалы, Алматыда Гете институты мен Қазақстан-Германия университетінің өкілдіктері ашылды. Сонымен бірге, қазіргі кезде "Болашақ” бағдарламасы бойынша Германияның жоғары оқу орындарында 150-ден астам қазақстандық студент оқып жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына бұл сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамытып, жаңа сатыға көтеретін болады.  Германия Федеративті Республикасы "үлкен сегіздік” құрамына кіреді. Еуропалық Одақта Франциямен қатар құрлықта ықпалдасу үдерісінің негізгі қозғаушысы болып табылады. Ал 1990 жылдың басынан бастап Германия басшылығы Қазақстанмен, сондай-ақ бұрынғы КСРО-ның өзге де мемлекеттерімен олардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында екі жақты байланыстарды дамытуды қолдап келеді. Әсіресе, Қазақстанмен. Өйткені, ГФР елімізді Орталық Азиядағы ғана емес, ТМД-дағы ең маңызды әріптесі деп есептейді. 

  • Қолда бар мәліметтерге қарағанда, бүгінде Қазақстанда 220 мыңнан астам неміс тұрып жатыр. Қазақстандық немістердің мүддесін қорғауға бағытталған үкіметаралық комиссия жұмыс істейді. Комиссияның отырыстарында мәдениет пен білім беру салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылады. Өз кезегінде ол нәтижесін беріп келеді. Мысалы, Алматыда Гете институты мен Қазақстан-Германия университетінің өкілдіктері ашылды. Сонымен бірге, қазіргі кезде "Болашақ” бағдарламасы бойынша Германияның жоғары оқу орындарында 150-ден астам қазақстандық студент оқып жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына бұл сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамытып, жаңа сатыға көтеретін болады.  Германия Федеративті Республикасы "үлкен сегіздік” құрамына кіреді. Еуропалық Одақта Франциямен қатар құрлықта ықпалдасу үдерісінің негізгі қозғаушысы болып табылады. Ал 1990 жылдың басынан бастап Германия басшылығы Қазақстанмен, сондай-ақ бұрынғы КСРО-ның өзге де мемлекеттерімен олардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында екі жақты байланыстарды дамытуды қолдап келеді. Әсіресе, Қазақстанмен. Өйткені, ГФР елімізді Орталық Азиядағы ғана емес, ТМД-дағы ең маңызды әріптесі деп есептейді. 







Жалпы, неміс дипломатиясының біздің еліміз жөніндегі мақсаты мейлінше айқын. Оны мынадан байқауға болады. Саяси салада – Астанамен тұрақты диалог арқылы Орталық Азия аймағына өздерінің тереңдеп енуі, экономика саласында – Германияның Қазақстан рыногына жаппай қатысуы.Қазақстан мен Германия арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылғы қыркүйекте ГФР-ға жасаған алғашқы сапары барысында қаланды. Осы сапар кезінде өзара қарым-қатынастардың негіздері туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылған еді. Сол жылдардан бастап екі мемлекет арасындағы саяси және экономикалық байланыстарды дамыту тұрақты сипат алды. Бұдан кейін Қазақстан Президенті 1997 жылғы қарашада екінші рет ГФР-ға ресми сапармен келді. Сапар барысында мемлекеттердің өзара тиімді ынтымақтастықты, бірінші кезекте экономика саласында тереңдетуге бағытталған маңызды халықаралық келісімдер топтамасына қол қойылған болатын. Бұдан бұрын да, бұдан кейін де Германия тарапынан Қазақстанға осы елдің жоғары деңгейдегі лауазым иелері сапарлармен келіп, екі елдің байланыстарын дамытуға қатысты мәселелерді қарастырды.  Қазақстан мен ГФР арасында экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін зор әлеует бар, әрі маңызы ерекше. Бұл негізінен Қазақстан мен Германияның экономикалық жүйелерінің бірін-бірі құрылымдық жағынан толықтыра алатындығымен түсіндіріледі. Өйткені, Германия Қазақстанмен сауда-экономикалық қатынастары жеткілікті және тұрақты дамыған еуропалық мемлекет болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстанда көптеген неміс фирмасы мен банктері жұмыс істейді. Олардың ішінде әлемге танымал "Мерседес-Бенц”, "Сименс”, Дойчебанк, Дрезденбанк, Коммерцбанк, т.б. бар. 

  • Жалпы, неміс дипломатиясының біздің еліміз жөніндегі мақсаты мейлінше айқын. Оны мынадан байқауға болады. Саяси салада – Астанамен тұрақты диалог арқылы Орталық Азия аймағына өздерінің тереңдеп енуі, экономика саласында – Германияның Қазақстан рыногына жаппай қатысуы.Қазақстан мен Германия арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылғы қыркүйекте ГФР-ға жасаған алғашқы сапары барысында қаланды. Осы сапар кезінде өзара қарым-қатынастардың негіздері туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылған еді. Сол жылдардан бастап екі мемлекет арасындағы саяси және экономикалық байланыстарды дамыту тұрақты сипат алды. Бұдан кейін Қазақстан Президенті 1997 жылғы қарашада екінші рет ГФР-ға ресми сапармен келді. Сапар барысында мемлекеттердің өзара тиімді ынтымақтастықты, бірінші кезекте экономика саласында тереңдетуге бағытталған маңызды халықаралық келісімдер топтамасына қол қойылған болатын. Бұдан бұрын да, бұдан кейін де Германия тарапынан Қазақстанға осы елдің жоғары деңгейдегі лауазым иелері сапарлармен келіп, екі елдің байланыстарын дамытуға қатысты мәселелерді қарастырды.  Қазақстан мен ГФР арасында экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін зор әлеует бар, әрі маңызы ерекше. Бұл негізінен Қазақстан мен Германияның экономикалық жүйелерінің бірін-бірі құрылымдық жағынан толықтыра алатындығымен түсіндіріледі. Өйткені, Германия Қазақстанмен сауда-экономикалық қатынастары жеткілікті және тұрақты дамыған еуропалық мемлекет болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстанда көптеген неміс фирмасы мен банктері жұмыс істейді. Олардың ішінде әлемге танымал "Мерседес-Бенц”, "Сименс”, Дойчебанк, Дрезденбанк, Коммерцбанк, т.б. бар. 





ГФР-дің Орталық Азияға, оның ішінде Қазақстанға ерекше назар аударуының негізінде тек экономикалық қана емес, саяси мүдделердің де бар екенін айта кетуіміз керек. Біріншіден, Германия ЕҚЫҰ аясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі саясаттың ойдағыдай жүзеге асуына мүдделі. Сондай-ақ, ГФР Каспий аймағында еуропалық қауіпсіздік тұтқаларын нығайту болашақта Еуропа Одағының саясатында негізгі бағыттардың бірі болуы мүмкін деп есептейді. Екіншіден, Германия Орталық Азия аймағын Еуропаны Ислам әлемінің тұрақсыз аймақтарынан бөліп тұрған "тұрақтылық белдеуі” аймағына айналдыру ниетін көздейді. Үшіншіден, Германия Каспий аймағында оны әлемнің жетекші елдерінің саяси және экономикалық мүдделерінің текетіресу аймағына айналдыратын "үлкен ойын” айла-шарғысының шиеленісуіне алаңдаушылық білдіреді.  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына ресми сапарының негізгі бөлігі бүгін болады. Мемлекет басшысы алдымен "DZ” банкінің ғимаратында Н.Назарбаевтың "Еуразия жүрегінде” кітабының тұсаукесер салтанатына және Астана қаласына арналған фото-көрменің ашылу рәсіміне қатысады. Елбасы одан кейін Германия Федеративті Республикасының канцлері Ангела Меркельмен және ГФР қоғамдық-саяси және іскер топтарының өкілдерімен кездеседі деп жоспарланған. Мемлекет басшысы, сондай-ақ осы күні "Франкфуртер Альгемайне” жалпыгермандық газетінің басшысына сұхбат береді деп күтілуде. Карл Эрнст Браунер, Қазақстан-Герман сауда-экономикалық жұмысшы тобының тең төрағасы Евродақтың да осы пікірді ұстанып отырғанына кәміл сенімдімін. Евродақтың Орталық Азияға қатысты жасаған стратегиясы да соның айғағы. Осы елдердің ішінде Қазақстан шешуші әрі басты орынға шығатыны даусыз. Біз сіздердің кластерлік саясат жүргізу бағыттарыңызды толық қолдаймыз. Қазақстанның шикізаттық емес саланы дамытуға да толық мүмкіндігі бар екендігін атап өткім келеді. 

  • ГФР-дің Орталық Азияға, оның ішінде Қазақстанға ерекше назар аударуының негізінде тек экономикалық қана емес, саяси мүдделердің де бар екенін айта кетуіміз керек. Біріншіден, Германия ЕҚЫҰ аясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі саясаттың ойдағыдай жүзеге асуына мүдделі. Сондай-ақ, ГФР Каспий аймағында еуропалық қауіпсіздік тұтқаларын нығайту болашақта Еуропа Одағының саясатында негізгі бағыттардың бірі болуы мүмкін деп есептейді. Екіншіден, Германия Орталық Азия аймағын Еуропаны Ислам әлемінің тұрақсыз аймақтарынан бөліп тұрған "тұрақтылық белдеуі” аймағына айналдыру ниетін көздейді. Үшіншіден, Германия Каспий аймағында оны әлемнің жетекші елдерінің саяси және экономикалық мүдделерінің текетіресу аймағына айналдыратын "үлкен ойын” айла-шарғысының шиеленісуіне алаңдаушылық білдіреді.  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына ресми сапарының негізгі бөлігі бүгін болады. Мемлекет басшысы алдымен "DZ” банкінің ғимаратында Н.Назарбаевтың "Еуразия жүрегінде” кітабының тұсаукесер салтанатына және Астана қаласына арналған фото-көрменің ашылу рәсіміне қатысады. Елбасы одан кейін Германия Федеративті Республикасының канцлері Ангела Меркельмен және ГФР қоғамдық-саяси және іскер топтарының өкілдерімен кездеседі деп жоспарланған. Мемлекет басшысы, сондай-ақ осы күні "Франкфуртер Альгемайне” жалпыгермандық газетінің басшысына сұхбат береді деп күтілуде. Карл Эрнст Браунер, Қазақстан-Герман сауда-экономикалық жұмысшы тобының тең төрағасы Евродақтың да осы пікірді ұстанып отырғанына кәміл сенімдімін. Евродақтың Орталық Азияға қатысты жасаған стратегиясы да соның айғағы. Осы елдердің ішінде Қазақстан шешуші әрі басты орынға шығатыны даусыз. Біз сіздердің кластерлік саясат жүргізу бағыттарыңызды толық қолдаймыз. Қазақстанның шикізаттық емес саланы дамытуға да толық мүмкіндігі бар екендігін атап өткім келеді. 





Каталог: kopilka -> uploaded files
uploaded files -> Тапсырмалар а тірек – қимыл жүйесі деп неліктен атайды?
uploaded files -> Химиялық реакция типтері
uploaded files -> Войсковой фильтрующий противогаз с противогазовой коробкой 1 — шлем-маска
uploaded files -> Сабақтың мақсаты: Өзендер туралы көзқарасын қалыптастыру глобуста және картада өзендерді тауып, сипаттай білуге үйрету
uploaded files -> Ұбт-ға дайындық барысында биология пәнінен қолданылатын әдіс тәсілдер
uploaded files -> Веналық қан кету қою түсті қан ағатын вена зақымданғанда болады. Ірі веналар зақымданған кезде капеллярлық қан кетудегі сияқты жарақат маңын йод ерітіндісімен өңдеп, қысатын таңғыш салу керек


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет