География сабағында экологиялық тәрбие беру әдістемесі



жүктеу 0.71 Mb.
бет2/3
Дата17.07.2017
өлшемі0.71 Mb.
1   2   3
көкейкесті мәселе. Республикамыздың табиғи жағдайы кері бағытта  өзгерді де өзгеріп те барады. Оның себептері ашылды, бірақ  өзгерген табиғатты қалпына келтіру үшін біліктілік те, уақыт та керек. Осы орайда заман талабына сай жас ұрпаққа экологиялық білім мен тарбие беруді мынадай бағытта жүргізген жөн:    1  Табиғатты қорғау, табиғаттың құрам бөліктерін жеке - жеке (мысалы, суды, ауаны, т,б.) емес,біртұтас  қорғау. 2. Экология негіздерін арнайы сабақ ретінде беруде биология, химия,физика, география, әдебиет және т.б. пәндермен пәнаралық экологиялық байланысын арттыру. 3. Экологяны оқушыларға тек табиғатты қорғау ғана емес, техникамен өндірірістің өсуінен өзгерген табиғаттан қажетті табиғи жағдайдысақтау деп түсіндіру.       4.Оқушылардың, табиғатқа әлеуметтік құнды көзқарас қалытастыру, әсіресе табиғатты тиімді пайдалану дегенде қажетті табиғат жағ-дайды сақтауды түсіндіру.      Мұны жүзеге асыруда экологиялық білім мен тәрбие беруге мынадай элементтер кіреді: табиғат пен қоғам қарым-қатынасының ғылыми негізін қалыптастыру (экологиялық білім беру), табиғатты қоргауға   байланысты ереже мен дағдыны сақтауды үйрету. Қазір өмірдің өзі экологиялық білімді адамдардың бойына жас кезінен үйретуді талап етіп отыр. Балабақшаларда жас балаларды, мектептерде оқушыларды табиғатты сүюге, қоршаған ортаның амандығын қорғауға тәрбиелеудің маңызы зор. Сондықтан мүғалімдердің негізгі міндеті, мектеп оқушыларының экологиялық білімін жастай қалыптастыру. Осы міндеттерді шешуде оқушылардың экологиялық білімің арттырып, олар- дың табиғатқа жаңа қарым-қатынасын қалыптастыруда география пәнінің ішінде физикалық география маңызды орын алады. Физикалық география жер бетіндегі табиғи жағдайлардың қалып-тасуын зерттейтін ғылым. Әр жердегі табиғи жағдайдың қалыптасуы сол жердегі бар заттардың байланысынан, одан туатын құбылыстардан, өзгерістерден, дамулардан пайда болады. Ал экологиялық жағдайлар жер бетіндегі табиғи жағдайлардың ішіндегі кімге болса  да, неге болса да қажеттілері. Ол жағдайларды біліп, анықтау үшін оқушылардың экологиялық біліктіліктерін қалыптастырып, дамыту керек. Онсыз табиғатты қорғау  мәселелерінің негізі де қаланбайды.  Экологиялық мәдениеттілікке негізделген экологиялық біліктіліктерді қалыптастыру мәселесі география ғылымында маңызды орын алады, бұл мәселенің ерекше пәнаралық және курсаралық мәні де зор. Себебі қазіргі кезеңде география - жалпы ғылымдар ішінде жаратылыс және әлеуметтік мәселелерді қамтушы, табиғат және қоғам арасындағы; өзара қарым-қатынастардың оптималдылығын қарастырушы бірден-бір ғылым. Сондықтан табиғатты таныту, оқушылардың экологиялық біліктіліктер жүйесін қалыптастыру - физикалық географияның өте маңызды міндеттерінің бірі. Физикалық географияны оқытуда экологиялық біліктіліктердің рөлі зор және алуан түрлі. Оларды мектепте оқытылатын география курсы мазмұнын міндетті түрде толық меңгеруге жататын дербес бөлігі ретінде қарастыруға болады. Сонымен, іс-тәжірибеден өткен физикалық география курстарында қалыптасатын экологиялық білімдер жүйесін оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдік.             Кесте  3                                               Физикалық география   курстарындағы  экологиялық білім жүйесі.                                                             № Пән Бағдарлама бөлімдері Экологиялық білім мен біліктіліктер 1. Физикалық Кіріспе Экскурсия ауданында табиғатқа оң және теріс география ықпал мысалдары. Теріс зардаптарды болдыр- (6-сынып) маудың мүмкіндіктері. Орманды тазарту жүмыстарына қатысу. План және Аудандардың қолайсыз экологиялық жағдай- карта ларын картада кескіндеу. Шаруашылық іс-әре-кеттердің зардаптарын карта бойынша болжау. Табиғатты көркейту және қорғау картасын   . жасау. Литосфера Адамның жер бедерін өзгертуі, эрозияның үдеуі және оны болдырмау. Өз жерінің мысалында пайдалы қазбалардың пайдаланылуы. - Жер қойнауын қорғау біліктіліктері. .   № Пән Бағдарлама бөлімдері Экологиялық білім мен біліктіліктер Гидроефера Адамның шаруашылық іс-әрекеттеріңің- нәтижесінде су қасиетінің өзгеруі. Ластаушыларды тасымалдауда мүхиттық ағыстардың рөлі. Материктердің ішкі суларың пайдалаиуда экологиядық зардаптардың байқалуы, олар-ды ескерту. Суды қорғау шараларын жүзеге асыру. Атмосфера Қалаларда ауа-райының өзгеруі, ластаушылардың желмен тасымалдануы.   Шаруашылық іс-әрекеттің климатқа әсері. Атмосфераны қорғау шараларын жүзеге асыру. Бирсфера Биосфера мен адамның өзара әсері. Сирек және жойылып кету түрлері. Биосфераны қорғау шараларын жүзеге асыру. Табиғат Табиғат кешендерін адамның өзгертуі. кешендері Өз жерінің табйғат кешенінің шаруашылық іс-әрекеттер нәтижесінде өзгеруін болжау, қолай-'"" сыз зардаптарды болдырмау. Экскурсия ауданының табиғат кешендерін қорғау шараларын дайындау. 2. Материктер Жер Географиялық қабатта

дам мен табиғаттың мен табиғатының өзара әсер етуі. Географиялық қабаттың мүхиттар басты ерек- экологиялық   жағдаиын зерттеу. географиясы (7-сынып) шеліктері 5-6 сыныптардың білімін жүйелеу.. Мүхиттар Мүхиттар экологиясының ерекшеліктері.    Адамның мүхиттағы іс-әрекеті және сонымен байланысты экологиялық проблемалары, теңіз балық кәсіпшілігінің, теңіз көлігінің, теңіз аймағының рекреациясы, табиғат ресурстарының өндірілуі. Мүхиттарды қорғауда халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігін дәлелдеу. Африка Экватррлық-тропикалық экожүйе жағдайында Австралия адам мен табиғаттың өзара әрекет ету ерекшелігін анықтау. Оңтүстік Оңтүстік материктердің экологиялық проблема- Америка лары. Оңтүстік материктерде тиімді және тиімсіз табиғатты паидаланудың мысалдары. Жеке территориялық табиғат кешенін ұтымды пайдалану және табиғатты қорғау шараларын дайындау.. Антарктида Дүйиежүзілік экологиялық проблемалардың материктегі іздері. Табйғатты пайдалану мен қорғау ісінде дүнйежүзілік ынтымақтастықтың қажеттілігін дәлелдеу. Солтүстік Тундра, тайга, аралас ормандар табиғат аймақ- Америка, тарыңда эколотиялық проблемалардың байқа- Еуразия луы (шығуы), олардың ёрекшеліктері. Әлеу-меттік-экономикалық дамуы әр түрлі деңгейдегі елдерде экологиялық проблемалардың пайда болу еебептері және шешу жолдарынқарас- —— тьіру.- География- 5-7 сыныптардағы экологаялық білімді жинақ- лық қабат тау курсы. Өз жерінің территориялық табиғат кешенін қорғаудың проблемаларын шешу. № Пән Бағдарлама бөлімдері Экологиялық білім мен біліктіліктер 1. Қазақстан- Кіріспе. «Табиғат - адам - өндіріс» жүйесінде  геогра- ның физика- Табиғатты фия және экологияның рөлі, Қазіргі география лық геогра- пайдалану мен экологияның негізгі даму бағыттары, эко- фиясы негізі және логиялық зерттеудің әдісі. Географиялық орта. (8-сынып) табиғатты Адам денсаулығының қоршаған ортаға тәуел- қорғау ділігі. Табиғат ресурстары және оларды қорғау жүйесі тәсілдері. Антропогендік ландшафтар. Ласта-нудың негізгі кездері және оларды жіктеу. Табиғатты пайдалану. Табиғй ортаны оптимал-дандыру және қорғау. Табиғатты қорғау қүжаттары. Қорғалатын табиғи территориялар. Жеке табиғатты қорғау тәртібінің естелігін дайындау. Қазақстан- Табиғаттың кездейсоқ құбылыстарьі және олар- ның табиғат ды адамның жеделдетуі.   Эрозияның үдеуі. жағдайлары Жер қойнауын қорғау және қалпына келтіру. және Адамның климатқа әсері. Климат және адам ресурстары денсаулығы, Негізгі атмосфераны ластаушылар және оны қорғау шараларын жасау. Су ресурстары, оларды пайдалану. Негізгі ластаушылар. Пайдалану және қорғау проблемалары. Суларды қорғау. Жер ресурстары. Эрозия. Топырақты қорғау және мелиорация. Адам және биосфера. Биоресурстардың үдайы өндірілуі және қорғау жолдарын қарастыру. Қазақстан Аймақтық экожүйелерге адамның әсері және территория- олардың экологиялық проблемаларының ерек- сының шеліктері. Аймақтық экожүйелерде табиғатты табиғат пайдаланудың тиімді жолдарын   ұйымдастыру. кешендері Шаруашылық іс-әрекеттердің зардаптарын анықтау шамасы және оларды өз жерінде брлдырмаудың шараларын дайындау.  Оқушылардың табиғатты қорғау қызметін жетілдіру, сол арқылы жогарғы сынып оқушыларының экологиялық білім деңгейлерін одан әрі жетілдірумен, қосымша білім берумен тығыз байланысты.   Бұл мәселеде облыстық (аудандық) балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталықтарындағы мұғалімдердің қосымша білім кызметіне ерекше көңіл бөлінеді. Бұл біздің көзқарасымыз бойынша то-лық анықталды деуге болады, өйткені экологиялык жағдайларға байланысты туындаған қиыншылықтармен күресу жекелеген адамдар арасында осы мәселені теріс түсінушілермен жұмысты бәсендетуге болмайтындығын дәлелдеп отыр. Бүкіл дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) 80-жылдардағы көрсеткіштері бойынша адам денсаулығының 20 %-ы қоршаған орта жағдайынан (экалогия), 50 %-ы салауатты өмірде кездескен жағдайларға байланысты және тек 10 %-ы денсаулық сақтау қызметінің даму деңгейінің төмендігінен екендігі анықталды. Жарақаттанғандар мен ауруларды құтқаруда» дицинаның ролі жеткілікті болғанымен,өкінішке ораи жалпы денсаулық сақтау мәселесінде оның ықпалы болып отыр.  Қазіргі экологиялық баспасөз мәліметтер Тәуелсіз елдер достастығы аймағы бойынша алып карайтын болсақ, 2005 жылға қарай экологияның адамға әсері  мынадай тұжырым жасалынып отыр: экологияның адамға әсері 40 %-ға дейін өспек, ал тұқым қуалашылық мәселесінің келеңсіз жайттарына сай тұқым қуалау факторының әсері 30 %-ға дейін өседі. Осы айтылған деректерге сүйене отырып, өз денсаулығының 25 %-ға, ал медицинаның өмір салты әсерінің 5 %-ға кемитіндігін болжай аламыз.           В.Вернадский адам мен табиғаттың бірлігі идеясын дамыта отырып, басқа әлем кабаты туралы армандап, жалпы айналаны қоршаған ортанын ерекшелігі туралы ілімді дамыта түсті.       Ю.Горский мен басқа авторлар экологиялык жағдайды шешудің жолдарын былайша түсіндірді қоршаған ортаны корғау және оны қалпына келтіруді басты мақсат еткен біртұтас дүние жүзілік ұйым құру және планетарлық жүйені орталықтандыру табиғатты корғауды әр жеке адамның ісіне айналдыру, осы бағыттағы ұлттық-мемлекеттік білім беруді жетілдіру ақпараттық өркениетті қалыптастыру, яғни ақпараттың даму, өмір сүру, басқару үрдістерінде басқа да байлықтар сияқты роль атқаруы керек. Бұл ғылыми қорытындылармен басқалар келіспеуі де мүмкін, бірақ үшінші мыңжылдыкқа қадам басқалы тұрған жас ұрпақ өкілдерімен жұмыс жасап жүрген ұстаздар қауымы үшін бұл қоршаған ортаны корғауды одан әрі жетілдіру, өз өмірін рухани жағынан жаңарту дағдыларын ұйрету мен қалыптастыру қызметінде өскелең ұрпақпен жұмыс жұргізудің негізі болуы тиіс. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелермен және әдебиеттермен танысу біздің болжамдарымызда дәлелденгендей жалпы білім беретін мектептердің барлық түрлері мен мектептен тыс мекемелердің ісқимыл бірлігінің нәтижесіндегі жетістіктің кепілі болатындығы туралы пікірдің қалыптасуы — бұл бағыттағы оңды нәтижелерге тек жоғарғы сынып оқушыларымен жүйелі түрде жұргізілген экологиялық туристік-өлке-тану қызметі арқылы ғана. қол жеткізуге болады. Мектептер қызметі мен мектептен тыс мекемелердін өзара байланысы қажеттілігін осы бағыттағы әдебиеттерге жасаған талдауларында көптеген көрнекті оқымыстылар, алдыңғы қатарлы, озық ойлы халық ағарту ісінің ұйымдастырушылары С.Т Шацкий, А.С.Макаренко, А.ВЛуначарский, ТА.Семашко, В.А.Сухомлинскийлер дәлелдеп береді.      2.3. Қазақыстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы және дүние жүзі экономикалық география курстарында                              экологиялық тәрбие беру тәсілдері.    Қазіргі қоғам адам тағдырына жаңа көзқарас пен қарап, соған сәйкес оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуды, халықтық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің негізінде ұлттық сана-сезімді қалыптастырып, оқушылардың білім сапасын жетілдіруді талап етуде. Сондықтан қазіргі таңда мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру ісін халқымыздың озық дәстүрлерімен байланыстырып, ұлттық негізде тәрбиелеуге баса назар аударылып келеді. Ұлттық нәрмен сусындаған ұрпақты адамгершілік, экологиялық, отаншылдық, эстетикалық бағытта тәрбиелеу қажеттілігі айқындалуда. Ел Президенті Н.Назарбаевтың "Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын суюге тәрбиелеу - мұғалімнің аса маңызды да, қадірменді парызы" деген сөздері жалпы білім беретін мектептердің жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу және әрбір шәкірттің жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау бағытындағы мақсаттарымен сабақтасып жатыр. Біздің еліміз - Қазақстан Республикасы табиғи қорларға бай ел, олай болса, қазақ жерінің байлығын бағалайтын, табиғаттың аялайтын ұрпақ тәрбиесі мен біліміне көбірек көңіл бөлу  қазіргі өмір талабы. Дүние жүзіндегі барлық халыққа деген сүиіспеншілік пен құрмет сезімін, олар атқарып жатқан ұлы істерге белсене араласу үшін туған елге деген патриоттық сезімде тәрбиелеу, табиғатқа ұқыпты қарау сезімін дамытумен тікелей байланысты. Жалпы білім беретін мектептегі география пәндері бойынша сабақ беру оқытудың әдіс-тәсілдері кунделікті өмірдегі талапқа сай жаңаша болуды қажет етеді. Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану, әрбір тақырыпқа және әр сынып оқушыларының жас шамасына қарай физиологиялық талапқа сай жүргізіледі. Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік гео-графиясын оқып-үйрену өз Отанымыздың, өлкеміздің табиғатын, шаруашылығын, халқын, оның экономикалық-экологиялық пробле-маларын терең білу ушін қажет. Бұл экономикалық-экологиялық географияның күрделі мәселелерін дұрыс талдауға, республикамыздың халық; шаруашылығы мен тыныс-тірлігінде болып жатқан экономикалық өзгерістердің мәнін түсінуге, табиғат және еңбек қорын орынды әрі: тиімді пайдаланудың маңызын саналы түрде аңғаруымызға көмектеседі. Экономикалық және әлеуметтік география ұдайы екі жақты байланыста  адам қоғамы мен табиғаттың өзара әрекеттесуін зерттейді, табиғат жағдайлары мен байлықтарына шаруашылық тұрғыдан баға береді. Мәселен, табиғат байлықтары қандай, олар қайда орналасқан, оларды қалай барынша тиімді пайдалануға болады,  адамның шаруашылық әрекеттің айналадағы  ортаға  қандай  әсері бар, табиғат жағдайларының жиыны адамға, оның өмірі мен еңбегіне қалай әсер етеді? - деген сияқты сұрақтарға жауап береді. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы пәні бойынша жаңа мағлұматтар әр түрлі деректер, статистикалық мәліметтер үнемі қажет. Сондықтан, география сабағында жаңа ақпараттар пайдаланып, интернет жүйесін техникаға сүйене отырып жүргізу, сабақты әр түрлі тәсілдермен түрлендіру қажет. Оқушылар үшін жаңалықтар, жаңа мағлұматтар мұғалімнің әңгімелесуі арқылы ғана емес, өз бетінше жұмыс жасау арқылы да беріледі. Қазақстанның экономикалық саласында жаңа қолданып жүрген термин сөздерді, жаңа экономикалық ұғымдарды география пәнінде де пайдалану қажет. Білім берудегі басты міндет - география пәнін оқытуда әдістемелік жұмыстарды қамтамасыз ету, жаңа талапқа сай, шеберлікті арттыру болып табылады. Оқушының қажеттілігі мен қабілетін үздіксіз дамытуда, жаңа технологиялық үлгілерді оқу-тәрбие үдерісіне енгізу, соның ішінде тек оқулықпен ғана шектелмей, техникалық құралдарды, слайдфильм, диафильм, видеофильмді, электрондық оқулықтарды пайдалану жас ұрпақтың нәтижелі білім алуына көмектеседі. Оқушыларға берілетін барлық оқу-тәрбие жұмыстары сабақ үрдісінде жүзеге асатындықтан, мұғалімнің сабақ барысында алға қоятын негізгі мақсаты - оқушыларға терең де тиянақты білім беру. Сондықтан да мұғалім жан-жақты ізденіп, қазіргі заманғы озық тәжірибелер негізінде сабағын түрлендірсе, оқушының пәнге деген қызығушылығын  арттырады. Қазіргі уақытта адамзат экологиялық қиын жағдайда тұр, ал оны дұрыс шешу үшін экологиялық   білім мен тәрбиенің маңызы аса зор. Табиғи ресурстардың толықтай немесе кейбір бөліктердің жоғалуы, табиғи ландшафт өнімділігінің төмендеуі, топырақ, су жүйесінің құрғауы, коршаған ортаның ластануы Қазақстандағы табиғи ортаның жалпы экологиялық жағдайының бұзылуын сипаттайды. Аралдың апатты жағдайға ұшырауы, т.б. су көздерінің ластануы, энергетика мен ауыл шаруашылығы арасындағы байланыс барлық елдегі эколог-мамандардың біріккен жұмысы үшін перспективалық мәсслелер болып табылады. Мұндай қарым-қатынастар суды сақтау, суды пайдалану және су көздерін қорғау бойынша барлық ұлттык бағдарламалардың   бірігуіне әкеледі. Қазақстанда экологиялық жағдайдың қалыптасуы халықтың денсаулығына әсер етпей қоймайды, экономикалық апатқа әкеледі, сондықтан экологиялық қауіпсіздік - мемлекет аймақтарының стратегиялык міндеттерінің бірі, ерекше атап айтқанда, халықтың тұрмыс жағдайының тұрақтылығы мен қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету. Экологиялық жағдайдың нашарлау себептерінің бірі халықтың экологиялық білім деңгейінің төмендігі немесе жеткіліксіздігін көрсетеді. Ең бастысы, экологиялық мәселелер басқару шешімдерін қабылдау кезінде ескерілуі қажет, олай болмаған жағдайда қоғам оның себептерімен емес, ал олардың туындауымен күреседі. Экологиялық білім берудің тиімді жүйесі - қоғам мен экомомиканың даму тұрақтылығын қамтамасыз ететін құралдардың бірі. Тұрақты даму ұстанымдарында экологиялық капитал қорларын болашақ ұрпаққа жеткізу мен сақтаудың қарастырылғаны белгілі: топырақтың құнарлығы, таза ауа, белгілі климат, азондық қабат, генетикалық биотүрлер. Әкімшілік басқару және табиғатты пайдалану саласындағы барлық мамандардың экологиялық дайыңдығының санасы маңызды деңгейде анықталуы тиіс. XXI ғасырдың күн тәртібінде экологиялық білім өзіндік мақсат емес, ол тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажет, салауатты өмір, құндылықтар, білімді өзгертудің негізгі механизмі ретінде қарастырылады. Басқаша айтқанда, білім адам құқығының негізін қалаушы болып есептелінеді. Экояогиялық  білім  беру төмендегідей  адам   іс-әрекеттерінің дамуына негізделген: — табиғи ресурстарды унемдеу; — қоршаған ортаның ластануын тоқтату;   — табиғи экожүйені сақтау;     - қабылданған экологиялық этиканы, тәртіп кодекстерін және халықаралық одақ нормаларын сыйлауды меңгеру; — қаржылық қолдау және қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыруға белсенді түрде қатысу, толық  дайындықты  қалыптастыру;  ТМД мемлекеттеріндегі біріккен экологиялық саясатты жүзеге асыру және біріккен табиғатты қорғау- әрекеттерін жүргізу. Экологиялық білім беру - ерекше қалыптасқан жүйе, болашақ ұрпақтың мүддесі мен қажеталігін және алғышарттарын сақтау, жер жүзіндегі адам өмірінің жоғары бағалануы, ақпараттық-экологиялық қоғамның жүзеге асырылуы. Экологиялық білім дегеніміз - үздіксіз оқу үрдісі және ғылыми-тажірибелік білім мен іскерлік Жүйесін қалыптастыруына бағытталған. Сонымен қатар ол тұлғаның дамуы мен тәрбиеленуінің, экологиялық өмір салтын қалыптастырудың, тұрақты табиғатты пайдалану мен тұтынудың, қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметі мен тәртібінің құндылық бағдарлары болып табылады.  География — тек теориялық білім беріп қана қоймай, оқушыларға оқығанын көзбен көрсететін, табиғи зандылықтарды ұғындыратын бірден-бір ғажайып пән. Сондықтан сабақта топырақ туралы өткенде, табиғатқа саяхат жасап, (көктемгі, күзгі саяхат),топырақ қабаттарын көріп, оны зерттеу үшін арнайы шұңқырларды (шурфтар) қалай қазу керек екенін мұғалім өзі жетік білуі шарт. Бұл сабақтың оқушыларға өз беттерінше физикалық географиядан алған теориялық білімдерін өзіндік жұмыстармен ұштастырып, экологиялық тұрғыда саралап, талдап және корытынды жасай алуларына үлкен көмегін тигізеді. Экологиялық бағытта орындалатын өзім жүргізген бұл жұмысты әріптестеріме ұсынып отырмын. Сабақтың  дамытушылығы: оқушылардың дүние-танымын кеңейту, географиялық  қызығушылығы мен ғылымға  деген  ынтасын, зерттеу, тәжірибе  жасау  және  қорытынды шығара білуге кабілетін дамыту. Білімділігі пәнаралық байланысты ұштастыра отырып, теориялық білімін дамытып, аралай және нақтылай түсуге, өздері қорытынды жасап талдай білуге баулу. Тәрбиелілігі табиғатты сүюге, тірі денелерге, қоршаған ортаға ұқыпты қарап, оларға деген сүйіспеншілігін оятып, рухани-адамгершілікке тәрбиелеу және эстетикалық, экологиялык-экономикалык тәрбиені үнемі басшылықта ұстау. Сабақтың түрі: дала жағдайындағы орындалатын өзіндік жұмыстар.        . Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: шағын қайла, үшкір басты күрек, дәптер, қарындаш, қаламсап, шағын қорапша, жиналмалы метр, сызғыш және целлофан қалталар. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сынып бөлмесінде түгелдеп, қауіпсіздік ережесімен таныстырып, оқушыларға мектеп ауласында қандай жұмыс жүргізілетіндігі алдын ала таныстырылады. Әрбір құралдармен жұмыс жүргізгенде қауіпсіздік ережесі қатаң сақталуына баса көңіл аударылады.  Сонымен бақылау шұнқырларды қалай қазу және топырақты зерттеу үшін оның үлгілерін қалай алу керек. Жұмысбарысы. Шұңқыр (шурф) қазбастан бұрын топырағы зерттелген жерді қарап шығу қажет. Егер жердін беті әр қилы болса, мәселен көтеріңкі және ойыс болса немесе оның өсімдік жамылғысы әр түрлі болса, онда сыртқы түрлі жағынан айырмасы бар жерлерде екі-үш шұңқыр қазу керек. Қазылатын шұңқырдын ұзындығы, әдетте, 150 см, ені 70-80 см терендігі ең терең деген жеріне кемінде 100 см болады. Шұңқырдың ұзын қабырғасы солтүстіктен онтүстікке карай жүргізілуі тиіс. Топырағын бақылап, үлгісін алуға белгіленген тар қабырғаларының бірі жарық жақсы түсуі үшін оңтүстікке карағаны жөн. Қазғанда топырағын ұзын жағына тастау керек. Бір қабырғасын саты тәрізді етіп жасау керек. Осы қабырға арқылы шұңқырға түсіп шығу қолайлы болады. Жұмыс барысы кезінде жер бетінің тар қабырға жағындағы өсімдік жамылғысы басылып, бүлініп қалмау үшін, қадағалау керек. Жұмысты бірнеше оқушы кезектесіп қазғаны дұрыс. Шұнқыр (шурф) даяр болған соң топырақ кесіндісін мұқият қарап шығын, суреттеп сипаттап жазып шығуға кірісеміз. Мұғалім бағыт беріп тұруы тиіс. Мұқият қарап шыққан соң әрбір қабатынын қалындықтарын өлшеп, жазады. Оны мұғалімнін нұсқауымен шартты түрде белгілеп отырады.        Сабақтың мақсаты: а) Айналадағы ортаның ластану жолдары, ондағы қоғамның рөлі, қазіргі кездегі экологиялық проблемаларды шешу жолдары, экологиялык дағдарыс, сот, сот процестері туралы түсінік беру. б) Айналадағы ортаның ластануына жол  бермеуге, экологиялық проблемаларды шешуге туған өлке табиғатын қорғауға, сүюге баулу. Әдісі: сот сабақ. Көрнекілігі: Қазакстанның саяси және әкімшілік картасы, «Жердегі экологиялық жағдай» карикатурасы, Арал теңізінің картасы, әр түрлі көрнекті плакаттар. I. Сабақтың жүрісі:  Ұйымдастыру кезеңі.  Жаңа сабақ: айналадағы ортаның ластануы  мен экологиялық проблемалар. Сот процесінің жүрісін түсіндіру. Сот мүшелерін тағайындау. Хатшы: Сот келе жатыр, орындарыңыздан тұрыңыздар. Сот төрағасы: Біз бүгін коғам мен табиғат арасындағы істі бастаймыз. Соттың негізгі мақсаты айналадағы ортаның ластануы мен экологиялық проблемалар. Іс екі бөлімнен тұрады. Біріншісі, табиғат қоғамды кінәлайды. Екінші бөлімде, құрып бара жатқан табиғатты қалпына келтіретін негізгі күш — бұл қоғам. Мен осы екі жақты куәгерлерді тыңдай отырып, әділ шешім шығаруға шақырамын. Хатшы: Табиғатқа сөз беріледі. Табиғат: Жер бетінде адам пайда болғалы 1 мллионан астам уақыт өтті. Ғылыми-техникалық революция нәтижесінде табиғаттың қожасы .коғам болды, атлдына  «пайдалан да басқар» принципін қойды. Сот төрағасы: Айыпталушыны әкеліңіздер. Хатшы: Айыпталушы қоғамды шақырамын.     Қоғам:    Жердегі   тіршіліктің   ең   жоғары ұйымдасқан түрі — бұл қоғам. Алғашқы қауымдық кұрылыста адам аң аулап, тіршілікпен айналысты және табиғатқа бағынышты болды. Техниканың дамуымен адам табиғатты өзіне бағындырды, тіпті басқарып отыр. Сот төрағасы: Енді жәбірленуші мен куәгерлерді тындаймыз. Залға жерді шақырамыз.   Жер: Адам баласы киіну, тамақтану үшін жер ресурстарын пайдаланады. Жыртылған жерлер З6 млн. га, жайылым 186 млн. га жерді алып жатыр. Егер жерді дұрыс өндемесе, онда топырақ бұзылады. Эрозияға ұшырайды, тұзданып кетеді. Адам жыл сайын миллиондаған тонна рудалар, жанғыш заттар, құрылыс материалдарын өндіреді. Пайдалы қазбаларды өндіру жер рельефінің өзгеруіне, шұнқырлардың пайда болуына әкеліп соқтырады. Сот төрағасы: Минералды тыңайтқыштардың адам денсаулығына зиянын қандай факторлармен дәлелдейсіз? Табиғат қорғаушысы: Тамақ кұрамында нитраттар мен нитриттердің кездесуі  көптеген  ауруларға  әкеліп  соқтырады. Ауылшаруашылығында үй жәндіктерімен егістік жәндіктерін азайту үшін көптеген мөлшерде пестицидтер қолданылады. Мысалы: 1988ж. 1га жерге 1,9 кг пестицид себілген. Сот төрағасы: Минералды тыңайтқыштардан болатын аурулардың алдын алу үшін қандай шаралар жүргізіліп жатыр? Қоғам қорғаушысы: Қазіргі кезде пестицидтерді қолдану мөлшерін азайту жолдары қарастырылып жатыр. Хатшы: 1-ші куәгер шақырылсып. Атмосфера. Хатшы: 2-ші куәгер шақырылсын. Гидросфера. Хатшы: З-ші куәгер шақырылсын. Литосфера. Хатшы: 4-ші куәгер шақырылсын. Биосфера. Сот төрағасы: Адам өз қатесын мойындай ма? Қоғам қорғаушысы: Иә, адам өз қатесін мойындайды. Қазіргі кезде ағаш отырғызу жұмысы жүргізіліп жатыр. Көптеген парктер, қорықтар, қорықшалар жасалған. Қоғам: Жүз мыңдаған жылдар бойы адам даму үстінде болды. Жүз мыңдаған жылдар бойы адам табиғатты пайдаланып келді. Қазіргі уақытта жер шарында 6 млрдқа жуық халық бар. Жыл сайын халық саны 85-90 млн. адамға көбейіп отыр. Халық санының мұндай деңгейде көбеюі минералды, энергетикалық және азық-түлік ресурстарын көптеп пайдалануды қажет етеді. Жоғарғы сот шешім кабылдайды: Қазіргі кезде адамзат алдында экологиялық, демографиялық және азық-түлік проблемасы туындап отыр. Осы проблемаларды болдырмау үшін жоғарғы сот мынадай шешім қабылдайды:  Тазартқыш кұрылыстар салу, күкірті аз отын пайдалану, қалдықты қайта өңдеу.  Қалдықсыз технологияға көшу. 3. Егістік  жерді  өңдеу  кезінде  минералды тыңайтқыштарды, пестицидтерді қолданбау. 4. Табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалану. 5. Жойылып  бара  жатқан  өсімдіктер  мен жануарларды сақтап қалу және  санын көбейту. III. Жаңа сабақты қорытындылау: Арал,   Балхаш,   Каспий   теңіз-көлдерінін экологиялық проблемаларына тоқталып өту. IV. Окушыларды бағалау. V. Үйге тапсырма: кайталау.           3.1. Сыныптан тыс экологиялық тәрбие беру мәселесі.   Қазіргі таңда оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеуді ұйындастыруда мектепте жүргізілетін сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың орны ерекше. Оқушылардың сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары көбіне сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл жұмыс мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен, балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың белгілі бір нәрсеге кызығуы мен ынтасын . оятудың құралы ретіиде ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудын формасы болып табылады және олардың адамгершілік мінез-құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың, адамгсршілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі ретіндс кызмет атқарады. Сыныптан тыс жұмысқа сабактан бос кезінде жүргізілетін, тәрбие мен білім беру сипатында ұйымдастырылатын мақсаты мен бағыты бар сабақтар жатады. Қазіргі кездс тәрбие жүйесінде мектептен тыс жұмыстар едәуір орын алады. Сыныптан тыс жұмыстардын өзіндік ерекшеліктері бар.  Бірінші ерекшелігі, оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс жұмыс ерікті негізінде өткізіледі. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты өз беттерімен әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уакытта өз қалаулары бойынша көп болып және жеке атқаратын жұмыстарға қатысады. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың екінші ерекшелігі, оның міндетті бағдарламалар көлемімен байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы негізінен алғанда оқушылардың ынталары мен  талап-тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты болады. Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс тәрбие жұмысының мәні ондағы қоғамдык пайдалы іс-әрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Егер біраз уакыт бұрын сыныптан тыс жұмыста өзара сөйлесу және көңіл көтеру формалары басым болып келсе, казір ол қоғамға пайдасы мол бағытқа ие болып келеді. Сыныптан тыс жұмысқа қойьлатьн талаптардың ең маңыздыларының бірі: оның өмірмен тығыз байланыстылығы. Кез келген үйірменің, ғылыми коғамының жұмысы айнала қоршаған өмірмен танысуға және оны гүлдендіруге белсене катысуға себепші болуы тиіс. Сыныптан тыс экологиялык тәрбие беру бағытында жүргізілетін жұмыстардың түрі өте көп. Бірак, бәрінің де мақсаты - баланы жан-жақты жетілдіру, оның бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастырып оны аялай білуге тәрбиелеу және эстетикалык сезімін дамыту. Тек олардың қай түрін оқушылармен жүргізу керек дегенде міндетті түрде ескерілетін нәрсе: оқушылардың жас ерекшслігі, жүргізілгелі отырған жұмыс мазмұны, тәрбиенің өз мүмкіндіктері.     Бүгінгі күннің негізгі талабы мен мақсаты табиғатты қорғау шаралары. Жас ұрпақты табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу, яғни жас жеткіншектерге экологиялық тәрбие беру. Экология ұғымы табиғат пен тіршіліктің барлық түрінің арасындағы байланысты білдіреді. Олай болса табиғатты қорғау осы экологияның негізі емес пе? Қазіргі таңда көптеген экологияға байланысты жұмыстар жүргізілуде. Мектептерде табиғатты қорғауға байланысты кеш, апталық, дәріс, т.б. өткізу мәселесі өркендеуде. Көптеген өркениетті елдерде экология жеке пән ретінде жүргізіледі, ал біздің оқу жүйемізде экология ғылымының тек кейбір элементтері мен терминдері ғана жаратылыстану пәндерінде қосымша берілуде. Ертедегі нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, жастарды табиғатты сүюге, олардын экологиялық мәдениетін қалыптастыруда құнды құрал болып саналады. Осындай ұлттық дәстүрімізге негізделген табиғатқорғау жұмыстарын біраз уақыттан бері экологиялық үйірме арқылы жүзеге асырудамыз. Бұл үйірме жұмысына оқушылармен қоса сынып жетекшілері, ата-аналар да атсалысуда. Алматы қаласы Жетісу ауданына қарасты №151 орта мектепте экологиялық тәрбиеге байланысты «Қазақстандағы экологиялық жағдайы нашар «катерлі нүктелер атласы» атты тақырыпта аудандық семинар өтті. Семинарға аудан мектептері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Семинар барысында үш ашық іс -шаралар көрсетілді: Мектебіміздің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Иманғалиева Гүлзина Абдоллақызы «Жер тағдыры — ел тағдыры» атты сыныптан тыс іс-шара және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары міндетін атқарушы Проводникова Светлана Ивановна мен география пәні мұғалімі Қошқарбаева Ғалия Елтайқызы «Өз планетанды сақта! Өз республикаң Казақстанды сақта!» атты экологиялық кеш дайындап, «Экологиялық білім — білім беру жүйесін жетілдірудің приоритеттік бағыттарының бірі» деген тақырыпта баяндама жасады. Семинар соңында іс-шаралар талқыланып қорытындыланды. Семинарға қатысушылар №151 орта мектепте окушылармен экологиялық тәрбие беру жұмысы  талапқа сай деген шешім кабылдап, семинарды өз мақсатына жетті деп таныды. Өзім дайындаған «Жер тағдыры — ел тағдыры» атты іс-шараға тоқталып өтейін. Мен осы мектепте қазақ тілінен тіл ұстартудан үш қазақ сыныбында аптасына 1 сағаттан сабақ беремін. Семинарға неге қазақ сыныптарын қатыстырмасқа  деген  оймен 5е, 6е,7д  қазақ сыныптарының окушыларымен дайындыққа кірістім.  Жалпы біздің мектеп аралас мектеп деп саналғанымен, (50 сыныптың 7-і ғана қазақ сыныптары). Бұл дайындық зая кеткен жоқ, қатысқан қонақтар ризашылықтарын білдіріп, алғысын айтты. «Жер тағдыры — ел тағдыры» тақырыбын алудағы басты мақсат оқушыларды табиғатты аялауға, сүйе білуге баулу, экологиялық тәрбие беру еді. Іс-шара мынадай жоспар бойынша жүргізілді. 1. Табиғат — тіршіліктің  көзі.  Экологиялык  білім жайлы кіріспе. а) Адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы. ә) Қоршаған ортаны корғаудың жолдары  Қазіргі экологиялық жағдайдың күрделілігі а) Қазақстан қалаларының экологиясы  Табиғатты қорғау — салт-дәстүрлерімізден 4. Қорытындылау.  Табиғатты  қорғаудың  маңыздылығы Көрнекілік: . Нақыл сөздер, адамдар, тағыларға жем етпей, Сұлулықтың күзетінде тұрыңдар С. Мәуленов  Рефераттар: «Табиғаттағы тіршілік», «Көгалдандыру, ағаштар мен бұтақтар», «Табиғатты  қорғаудағы  міндеттеріміз» т.б. Қызыл кітап, Қазакстанның флорасымен фаунасы.       Қазакстанның картасы «Қатерлі нүктелер». 4.   Оқушылар шығармашылығынан суреттер, табиғат, туған ел туралы ән. 5.    М. Макатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс. 6. «Заманазапыраны» (Семей полигонынан зардап шеккендерге арналған  стенд). 7. Семей  ядролық  полигонының  жабылу  тарихы Олжас Сүлейменовтін сөйлейтін сөзі. Назарбаевтың полигонды жабуға байланысты қаулысы (деректі фильм). Қазакстанның Қызыл кітабына кірген кұстар мен жануарлар суретінен стенд. 1-шара экологиялық білім жайлы кіріспеден басталады. Адамзаттың береке-байлығы жер екені, халқымыздың жерден өсіп-өнгені, туған жердің  тобықтай тасы мен бір уыс топырағын қастерлей білгені, елі, жері үшін бабаларымыз қасықтай қанын төккені, кең даласын қалай қорғағаны жайлы айтылады. Бүгінгі Жер-ананың мүшкіл халін оқушылар тебірене айтты. Қазіргі экологиялық жағдайдың ауырлығы, әсіресе Арал қасіреті бүгінде бүкіл планетаның  бас ауруына айналғаны (ол туралы және Қазакстандағы «қатерлі нүктелер» туралы сөз козғалды), Семей маңындағы жарылыстан әлі күнге дейін зардап шегіп келе жатқан ел туралы «Полигон зардабы» деген үлкен стенд жасалды. Халқымыздың белгілі ақыны Олжас Сүлейменовтің «Семей —Невада» қозғалысын басқарып, Семей полигонын жабуға өз үлесін қосқанын, елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Семейдегі ядролық полигонды жабуға арналған қаулы туралы деректі фильм көрсетілді            Табиғаттағы экологиялық жағдайға байланысты құрып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар туралы да сөз қозғалды. Осыған байланысты  ақынымыз Мұқағали Макатаевтың «Аккулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс көрсетілді. Іс-шараның окушыларға танымдық және тәрбиелік маңызы зор болды. Олар әрбір адамнын табиғатқа деген қарым-қатынасы ананың әлдиімен құлаққа сіңгенін, табиғаттың сұлулығын сақтай білу, одан рахат алу біздің экологиялық мәдениетіміздің басты көрсеткіші екенін, табиғатты қорғау еңбасты мақсатымыз бен парызымыз болуы керек екенін ұғынды.       3. 2. Өлкетану жұмыстарында экологиялық тәрбие беру.   Жер ғаламшары Күн жүйесіндегі ең сулы ғаламшар, біздің ғаламшардағы су қоры шамамен 1500 миллион шаршы шақырым. Бұл судың көп бөлігін суы ащы мұхиттар мен теңіз сулары құрайды, тек екі пайыздайы ғана тұщы судан тұрады, Су адамзат өмірі мен қоғамында өте маңызды рөл атқарады. Белгілі ғалым В. И. Вернадский судың маңызын айта келе, «бір тамшы суда барлық химиялық элементтер бар» деген екен. Ғалымның бұл көрегендік болжамы казір толық дәлелденіп отыр. Қазіргі кезде ірі өндіріс орындарының күрт дамуы, өндіріс үрдісінде олардан бөлінетін улы заттар өзен, көл, теңіз, жер асты суларының ластануына әкеліп соқтыруда. Ал судың ластануы әр түрлі ерекше аурулардың тууына себепші болып отыр. Мысалы, Жапонияда «Тиссо» химия бірлестігінің тазаланбаған өндіріс қалдығын Миномата бұғазына жіберу салдарынан миномата ауруы таралып отыр. Бұғаздан ұсталған балықты тағамға пайдаланудан адам бірнеше жыл бойы төсек тартып жататын жоғарыдағы ауруға шалдығады. Судың қолданылмайтын жері жоқ. Әр адамға пайдалану үшін күніне екі литр су жеткілікті. Ал өндірісте, ауыл шаруашылығында су әлдеқайда көп қолданылады. Мысалы, 1 тонна шойынды қорытып, болат прокатқа айналдыру үшін 4000 м3, 1 тонна мыс үшін 500 м3, 1 килограмм резина жасау үшін 3500 м3, 1 тонна мақтаға 10000 тонна, 1 тонна бидайға 1500 тонна су жүмсалады екен. АҚШ-тағы барлық көлдердің 2/3-сі. өндірістен түскен химиялық заттардың әсерінен түгелдей іске жарамсыз болып немесе істен шығуға жақын тұр. Дүние жүзінің дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттері — АҚШ, Англия, Франция, Жапония, Италияға шектесетін теңіз жағалаулары адам айтқысыз ластануда. Францияның өнеркәсіп орындарынан өзендерге жылына 6 миллион тонна керексіз зиянды заттар төгіледі. Шет елдерді айтпай-ақ өз өңіріміздегі өзен-көлдердің экологиясына көңіл белейік. Еліміздің Оңтустік Қазақстан облысының Оңтустік бөлігін киелі Ордабасы ауданы алып жатыр. Ауданңың халқы 77,6 мың адамнан астам (1994 ж.) Орталығы — Темірлан селосы. Аудан солтүстігінде Түркістан және Алғабас аудандарымен, батысында Қызылқұм және Арыс, ал шығысы мен оңтүстігінде Сайрам аудандарымен шектеседі. Аудан релефі Сырдария алды үстіртіне жатады. Солтүстік шығысында Қаратау жотасында 1000 — 1800 метрдей шектесіп жатыр. Ал оңтүстік-батысында Қаратау, Сырдария өзенінің аңғарына дейін созылып жатыр. Ауданның езендері Арал теңізі бассейініне жатады және Сырдария мен Шу өзендерін салаларымен біріктіреді. Басты өзендері — Бөген және Арыс. Осы екі езенге Бадам, Бөржар, Боралдай, Шұбарсу салалары қосылып жатыр. Арыс езені облыс аумағындағы Сырдарияның оң жақ үлкен саласы. Ал Бөген езені Сырдария езеніне тек суы көп болған жылдары жетеді. Ол көлдік жүйемен аяқталады. Топырақ жамылғысы негізінен кәдімгі оңтүстік күлгін топырақтан тұрады, Топырақ. жамылғысы топырақ қалыптастырушы түрге және ылғалдану жағдайына байланысты бірнеше генетикалық түрге бөлінеді. Өзен жайылымдарында шалғынды және шалғынды батпақты топырақ таралған.   География пәнінен «Туған өлкенің табиғатын қорғау» тақырыбында конференция сабақ ұйымдастырдым. Сабақтың тәрбиелік мақсаты — оқушыларды айналадағы ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарауға баулу және қызықты деректер келтіру арқылы пәнге қызықтыру. Дамытушылық мақсаты — оқушыларды бақылай білуге, бақылау нәтижелерін талдап түсінуге уйрету экологиялық сауаттылыққа бағдарлау Газет материалдары, қорықтар, табиғат жайындағы әр турлі әдеби кітаптардан көрме ұйымдастырылды. Қабырғаларда нақыл сөздер, кестелер ілінді.   Сабақ барысы. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндірген соң қоршаған ортаның қазіргі кезеңдегі ластануы мен одан қорғау жолдары жөнінде қысқаша әңгімелейді. Конференция оқушылардың әр түрлі әдебиеттерді пайдаланып дайындаған қызықты баяндамаларымен жалғасты. Мысалы, «Экологиялық дағдарыстар және олардан шығу жолдары» жөнінде бір оқушы қазақ жеріне көмек керек екеніне, полигондардың зиянын, олардың тез арада жабылуы қажеттігіне тоқталды.      Ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауында мемлекеттік "Жасыл ел" бағдарламасын іске асыруды өрістетуді міндеттегені баршаға аян. Ауданымыздағы экологиялық ахуалды сауықтырып, турғындардың денсаулығын жақсартудың маңызды шараларының бірі - елді мекендерді көркейту, көгалдандыру. Ата-бабамыз айтып кеткендей, "Ана көркі - алдындағы баласы, жердің көркі - желкілдеген ағашы". Олай болса, туған өлкемізді жасыл желекке бөлеу - өзіміз үшін де, өзгелер үшін де, болашақ ұрпақтар үшін де улкен міндет. Себебі бір түп жасыл желектің өзі ауаны тазартып, оның ылғалдылығын арттырып, шуды азайтып, елді мекенді желден, құмнан, ыстықтан, суықтан, тұзды-шаң, улы газдардан сақтап, ауаны оттегімен қамтамасыз етіп отырады. Адамның табиғатты өзгертуі қауіпті жағдайға айналып отырған кезеңде атамекенге қамқорлық қажет-ақ. Әсіресе, қуаңшылықты, экологиясы нашар біздің мекен ететін аймағымыз үшін қою көлеңкелі ағаштарды егу өте қажет. Мен өзімнің туған мекенім Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кентіне физ-географиялық сипаттама беріп, экологиялық ахуалына тоқталып өтейін. Әйтеке би кенті - Қызылорда облысындағы 71 мың халқы бар 8 аудан орталығының бірі. Теңіз деңгейінен - 63 метр. Қайназой дәуіріндегі антропоген жуйесінің қазіргі шөгінді жыныстарының бетінде орналасқан. Мезозойға дейінгі фундамент 500 метр тереңдікте орналасқан жерасты суының орналасу тереңдігі - 2 метр. Жерасты суы Қызылқум артезиан бассейніне жатады. Өзен аңғарлық террасада орналасқан. Жыл ішінде күннің түсу ұзақтығы 2900 сағат. Желдің соғу жылдамдығы 4-4,5 м/сек. Қаңтар айының орташа температурасы - 12°, абсолюттік минимум - 42°. Шілде айының орташа 1°-ы +26° аб. мин. +46°. Атмосфераның қурғақшылық орташа 85 см-ді құрайды. Қар жамылғысы 104 тәулік жатады. Бұрқасынды күндер 10 тәуліктен жоғары. Көктемде жергілікті ағынды және тұйық сулардың, қар, жаңбыр, грунт суларының есебінен  судың деңгейі жоғарылап, топырақ туздылығы артып, тұзды көлшіктердің саны артады да, тұздар физикалық заңдылыққа бағынып, кристалдық структураға ие болып, жер бетіне шөгіп, көктем мезгілінде егілген ағаштың жас көшеттерінің 70%-ы өспей қурап қалады немесе жапырағы сарғайып, өсуі баяулап, вегетациялық дәуірін тоқтатады, әрі кеткенде 1-2 жылда қурап қалады.       Сондықтан, Әйтеке би кентіндегі топырақты сорланудан арылтып, ағаш түрлерін, әсіресе, қою көлеңкелі, тік тамырлы ағаштарды егіп көркейтудің бір жолы - топырақты жасанды жолмен құнарландыру, яғни, ағаштың өсуіне жағдай жасау, Әйтекеби кентін жасыл желекке айналдыру.      2007 жылғы ақпандағы Президентіміздің "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" жолдауында көтерілген бәсекеге қабілеттілік идеясы ел дамуының ұлттық ауқымдағы ішкі факторларымен қатар әлемдік жағдайда да ең басты идеяға айналды. Мұнда бастапқы және орта білім беру жиынтығын, кадрларды даярлауды дүниежүзілік стандартқа жақындату мақсатында Қазақстанды жан-жақты модернизацияландыру үшін негізгі бағыттар анықтап көрсетілді. Білім беру қызметінің негізгі мақсатының бірі - жаңа білім мен кәсіптік білікті игерудегі жеке тұлғалардың сұраныстарын қанағаттандыру, шығармашылық білімді тарату және бас буын өкілдерін кәсіпке баулу. Бұл азаматтардың білім шамасының нығаюына әкеледі. Қазақстанда 1999 жылы қабылданған "Білім туралы" заң көптеген міндеттерді шешуге мүмкіндік берді. Бірақ, сегіз жыл ішінде көптеген өзгерістер болды. Біздің қоғамымыз бүгін үдеулі қарқынмен дамып келеді. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды құру біздің алдымызға аса үлкен, маңызды мақсаттар қойып отыр. Сондықтан "Білім туралы" жаңа заң қабылдау уақыт талабы болды. Жаңа заң құрылымындағы маңызды жаңалықтардың бірі - біраздан әсері сөз болып, іске аспай келе жатқан педагогика қызметкерлерінің мәртебесі туралы норманың енгізілуі. Қабылданған жаңа заң білім саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының түгел білім алуына қатысты конституциялық құқықтарын қамтамасыз етеді. Оқыту сапасының ұлттық жүйесін дамыту нормаларын және әлемде мойындалған қоғамдық кәсіби аккредиттеуге сәйкес білім мекемелерін мемлекеттік аттестаттау тәртібін де қамтиды. Заңнамалық деңгейде 12 жылдық орта білімге көшу қамтамасыз етілді, оның құрылымы да анықталып берілді. Жаңа нормаларына сәйкес Қазақстанда төрт деңгейлі оқыту жеті деңгейлі білім жүйесіне (бастауыш, негізгі орта білім, орта білімнен кейінгі білім сынды жаңа деңгейлер енгізілді) алмастырылады. Негізгі орта білім беруге арналған оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылымдар жүйесінің базалық негізін игеруге, олардың жеке адамдар арасындағы және этнос аралық қарым-қатынастарда жоғары мәдениеттілігін қалыптастыруға, тұлғанын ізін тануы мен кәсіптік бағдарын айқындауға бағытталады. Сапалы да жан-жақты білім алуда жаңа кепілдіктер белгіленді. Оқытуда жаңа технологияларды, оның ішінде жоғары оқу орындарында несиелік технология мен қашықтықтан оқыту негізделді. Пәнаралық оқыту мен сабақ беру тәсілі туралы көп айтылып келді. Бұл көбінесе сабақ берудегі қайталауды жою көзқарасы тұрғысынан қаралатын. Қазір бұл мәселе де шешімін тапты. Осы заңға сәйкес білім берудің барлық деңгейлерінде ықпалдастырылған білім беру бағдарламалары енгізілетін болады. Олар пәнаралық, деңгей аралық, жоғары оқу орындары аралық, халықаралық жоғары оқу орындары ғылыми білім беру және инновациялық қызметті нақты біріктіруге мүмкіндік беретін инновациялық білім беру бағдарла-маларын іске асыруға бағытталатын болады. Мұндай оқу орындары инновациялық университеттер болып аталады. Білім беру мониторингінің нәтижесі негізінде білім беру сапасын басқару алғаш рет енгізіліп отыр.                                            Қорытынды.      Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан да соңғы жылдары республика көлеміндегі мектепке дейіигі мекемелер мен бастауыш сыныптардағы экологиялық тәрбие жұмысы бұрынғы қалыптасқан бағдарламадағы "Балаларды табиғатпен таныстыру" бөлімінен бастау алады. Ал табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудағы басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі үғым-түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында "Табиғат — бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені" екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Кейінгі он жылдықта мектепке дейінгі және бастауыш сынып балаларының тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым-қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау — экологиялык тәрбие  жұмысымен  үштастырылды. Экологиялық тәрбие — жаңа категория, ол экология ғылымымен және оның тармақтарымен тікелей байланысты. Ал классикалық экологиядағы негізгі түсініктер мыналар: а) жеке алынған ағзаның өзінің өмір сүру ортасымен озара қарым-қатынасы, біртектес өмір сүру ортасына не болған бір аймақтағы экожүйелердің қызметі; ә) өмір сүретін тірі ағаштардың қоғамдастығы және олардың өзара бір-бірімен қарым-қатынаста  болуы. Бұл екі ұғым мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларының қоршаған орта, табиғат жайындағы түсінігін дамыту арқылы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға деген жағымды қарым-қатынасты айқындаудың бір формасы баланың күнделікті іс-әрекеті. Демек, экологиялық тәрбие үрдісінде көрініс табатын іс-әрекеттің мынадай түрлерін атауға болады: табиғаттағы әр түрлі окцғаларды бейнелейтін немесе табиғатты қорғау, көркейту іс-әрекетін білдіретін сюжетті-рөлді ойын; балабақша және мектеп алаңында (табиғаттағы еңбек) тіршілік объектілері үшін немесе оларды күтіп-баптауды жүзеге асыру, сондай-ак, заттарды қайта өңдеу (ойыншықтарды, кітаптарды және т.б. жөндеу) іс-әрекеті; табиғаттан алған әсерлерін және адамдардың табиғаттағы іс-әрекеттері негізінде бейнелеу өнерінің туындыларын жасау; табиғатпен тілдесу, әсемдіктер мен жануарлар дүниесінің объектілерімен еркін түрде байланыс жасау — бакылау, оларды еркелету, күтіп-баптау іс-әрекеті, колға үйрету мен белгілі бір жағдайға бағындырып үйретуді қамтитын  кешенді іс-әрекет; тәжірибе жасау-бақылау нәтижесіндегі өз пікірін айтумен сабактасып келген іс жүзіндегі танымдық  іс-әрекет; тіл, сөйлесу іс-әрекеті, сұрақтар, хабарламалар, әңгімеге  диалогқа  қатысу; табиғатқа байланысты кейбір мәліметтер мен қызықты да құпия әсерлер жөнінде пікір алмасу, әңгімелесу арқылы табиғат жайындағы түсініктерін  айқындау; — бақылау — өз бетінше танымдык іс-әрекеттерін дамытумен бірге табиғат туралы жәие табиғаттағы адамдардын іс-әрекеттері жөнінде мәліметтерді алуды қамтамасыз ету; — табиғат жайлы мазмұндағы телехабарларды суреттерді тамашалау, шағын шығармалар оку балалардын табиғат  жөніндегі қалыптасқан тусініктерін айқындайтын және жаңа мәліметтерден хабардар болуға ықпал  ететн  іс-әрекет түрлері. Баланын табиғаттан алған әсерін әңгімелеп суреттеп беруі оның қиялына қанат бітіріп, табиғат жөніндегі түсінігін айқындауға ықпалын тигізеді. Табиғаттағы әдемілікті сезініп. қабылдау дағдысы өзнен-өзі келе қоймайды, оны дамыту, жағымды іс-әрекет түріне айналдыру ата-аналардың және тәрбиеші-ұстаздардың көмегімен жүзеге асырылады. Демек, олардың өз бетінше әрекет жасауын бақылау оның мазмұнын талдау балалардың жеке басы ерекшеліктерінің экологилық тәрбиелілігінің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай іс-әекет түрлері арқылы баланың жеке тұлға ретіндегі дамуын оның экологиялық тәрбиесімен тікелей сабақтастықта байланыстыруға болады. Балалармен экологиялық бағыттағы іс-әрекет түрлері кезінде нақты нәтижелерге қол жеткізу тәрбиеші-ұстаздың кәсіби шеберлігін танытып, экологиялық  тәрбие жұмысы кезінде тиімді әдіс-тәсілдерді игеруін камтамассыз етеді. Сол себепті балалардың экологиялық тәрбиелігінің деңгейін көтеруге олардың тұлға ретіндегі экологиялық білімін дамытуда пайдалануға болатын мынадай әдіс түрлерін ұсынамыз.    “Тіршілік иелерінің өміріне қажетті жағдайларды туғызу және қолдау әдісі” балаларға экологиялық тәрбие берудегі басты әдіс түрі саналады. Ол балалардың тәжірибе жасау дағдыларын икемділіктерін айқындауға бағытталған. Объектілерді бақылау өсіп-өндірудің нәтижелері қалыптаса бастаған дағдыларды бағалауға бағыт береді және оларға сипаттама беруді қамтамасыз етеді. Экологиялық тәрбиеде жақсы нәтижеге жету -осы әдіс түрінің тәжірибе мен модельденген іс- әрекетінің бір-бірімен байланыста болуында. Сондай-ак, заттарды күтіп- баптауда, оларды жөндеуде және жаңартуға қатысу балаларға қажетті, тәжірибелік дағдыларын  қалыптастыруға септігін тигізеді.                 Бақылау — табиғатты сезімдік тұрғыда тану әдісі максатқа бағытталған қабылдау сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі үрдіс. Ол табиғатпен, тіршілік объектілерімен. қоршаған ортамен тікелей байланыста болуды қамтамасыз етеді. Табиғи объектілер мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыру балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі тәсілі болып табылады. Ұзак мерзімді бақылауларды ұйымдастыру - өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүру ортасымен өзара байланыста болу балалардың сол ортаға деген бейімділігін танудың алғы шарты. Бақылау балаларға табиғат жөніндегі нақты түсініктерді меңгертіп, ойлау қабілетін, тілін дамытады Өсімдіктерді, жәндіктерді, құстарды бақылау арқылы бала көптеген жаңалықтарға тән болады. Ал жүйелі бақылау баланың жеке басының байқампаздығын аңғартады осынау, әсерінен баланың дүние танымы кеңейіп қоршаған ортаға деген өзіндік көзкарасы пайда болып, білуге деген ынтасы арта түседі. Табиғатты бейнелеу әдісі-экологиялық тәрбие жүйесінде өзіндік орны бар әдіс түрі. Мұнда балалар табиғат көрінісін кәсіби шеберлер дайындаған көркемдік суреттерді, музыкалық және әдеби шығармаларды тамашалап, табиғат күнтізбесімен жұмыс істеп бейнелеу өнері туындыларымен таныса алады. Табиғатпен тікелей байланысты алынған халқымыздың ұлттық тұрмыс бұйымдары баладардың ол жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, олармен жақын танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл әдіс түрі арқылы табиғат адамдарға жоғары дәрежеде рухани байлық көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың сезімдеріне әсер ету  арқылы әсемдікті сақтай білуге итермелейтіні жөнінде ұғым калыптастырады. Тіл дамыту іс-әрекетінде үлкен ерекшелік үлесіне қарай "табиғатты бейнелеу әдісінен" "сөздік-әдеби әдісін" өз бетінше бөліп қарауға болады. Сөз белгілі бір формада және деңгейде кез келген іс-әрекетті қолдайды және ол экологиялық тәрбиеде үш маңызды қызметті атқарады. Мәселен, "диалог" түрінде (әңгімеде, пікір алмасуда) үлкен мен баланың қарым-қатынасында табиғат туралы және ондағы адамдардың іс-әрекеті туралы түсініктердің көрініс табуымен нақтыланады. "Монолог" арқылы (мұғалімнің әңгімесі, кітап оқуы) балалар білімнің жаңа саласына енеді. Тіл дамытудың үшінші формасы өте маңызды. Онда балалармен белгілі бір ой жүйесіне негізделіп құрылған әңгіме барысында баланың табиғатпен байланыс жөніндегі түсінігі қалыптасады. тіршілік объектісінің өмір сүру ортасына тәуелділігі, құбылыстардың заңдылықтарын түсіне білуі жүзеге асырылады. Осындай әңгіменің көмегімен балалар табиғат құбылыстарын түсінудің жаңа деңгейіне көтеріледі. Бұл экологиялық ойдың, экологиялық сананың қалыптасуының бастауы болып табылады. Жоғарыдағы әдістерді саралай келіп, балалардың экологиялық тәрбиелілігінің деңгейі мен тұлға ретіндегі экологиялық білімін дамыту мақсатында жүргізілетін мынадай жұмыс түрін ұсынамыз: — балабакшаның немесе мектептің, туған қаласының орнын кар- таға белгілеп, тәрбиеші көмегімен желімдеу; теңіздер мен мұхиттар жөнінде карапайым тусініктер беру; өздеріне таныс қалаларды үлкен жолаушалармен белгілету; — таныс немесе балалар өздері білетін жануарлар мен өсімдіктер түрлерін белгілеу; — экологиялық таза емес аймақтарды белгілеп, желімдеу. Картамен жүргізілетін мүндай жүмыс түрлері балалардың алғашқы географиялық танымдарын қалыптастырып және оқу іс-әрекетінің бастапқы дағдыларын игере білуге, өз елінің кейбір экологиялық жағдайларын таныпбілуге мүмкіндік береді. Осы бағыттағы жұмыс түрлерін балалар үлкен құлшыныспен, қызығумен ынталы атқарады және ересектердің түсіндіргенін, қүрдастарының жауаптарын тыңдап, ұжымдық әңгімеде өзінің ой-пікірін айтуға дағдыланып, белгілі бір тұжырым, қорытынды жасауға белсенді түрде қатыса алады. Өнер туындыларынан көрмелер ұйымдастыру, ондағы табиғаттың әсем көрінісін балалардың әңгімелеп жеткізе білуі олардың сезімдік талғамын, әдемілікке ұмтылу қабілеттерін дамытады. Кішігірім көрмелерді көру, мұражайларға саяхат жасау, мәдени байлықтарды бағалай білу баланың тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. Үлкендердің басшылығымен қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып ұйымдастырылатын жақын жердегі экожүйелерге, орманға, жорықтарға шығу, көргендерін шамаларына қарай қағаз бетіне түсіру — экологиялық-сауықтыру мәні бар өте маңызды жұмыстар. Бұдан балалар таза ауада демалып, табиғат әсемдігінен талғамдық ләззат алады, өсімдіктер мен жануарлардың бірлестігі туралы біледі, олардың қимыл-қозғалыстарын бақьглайды. Тіпті тірі табиғатпен осылайша өзара қарым-қатынас жасау балалардың табиғат аясында тәртіп нормаларын сақтап, мәдениетті демалуға үйретеді. Жоғарыда үсынылған әдіс түрлері тек шартты түрде ғана теориялық топтарға бөлініп бөршіп отыр, ал оларды балалардың күнделікті іс-әрекетінде орынды пайдалана білу, белгілі бір нөтижеге қол жеткізу тәрбиеші-ұстаздардан кәсібіне сәйкес білімділікті, шығармашылық  ізденіспен жұмыс істеуді талап етеді.     Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында "Адамзат жинақтаған білімді қарапайым түрде меңгеру деген білім мақсаты қазіргі ақпараттық ағымның үндеуіне шанысты пайдасыз болып қалды. Басты нәрсе білім, білік, дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық-интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, ылғи даму үстінде болатын және жылдам өзгерістегі әлем жағдайында іске асыра алатын тұлға қалыптастыру болып саналады" деп  атап көрсетілген.   Иә, кай мемлекеттің де негізгі тірегі - білімді де білікті іскер де белсенді адамдар. Сондықтан да коғам талабына сай қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу - ең маңызды мәселе. Қазақстан Республикасының "Білім туралы занында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет "Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындығын дамыту" сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны мәлім. Біздің қазіргі мектептің маңызды мәселелерінің бірі: оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру және білімді өз бетінше алуы және оны қолдана білуі. Бұл мәселерді шешу үшін ақпаратқа және саналы еңбекке бейімдеу, ғылым мен мәдениет саласында белсенді қызмет етуге тәрбиелеу кажет.   Табиғатты корғау - ең алдымен халықтың экономикасын көтеру, табиғатты көріктендіру болашақ ұрпаққа бай мұра қалдыру деген сөз. Әрбір саналы, сауатты қоғам мүшесі осы үш түрлі негізі міндетті орындауды борышым деп білсе,  табиғат артық  ысырап болмайды, ел қазынасы ортаймайды. Табиғатты корғаудағы мақсаттың өзі, бір жағынан, табиғаттағы барды көбейту, жойылып азайғанның орнын толтыру болса, екіншіден, коғам мен мемлекетке керектігін пайдаға жарату. Алайда табиғаттан алу үшіп оның барын сақтау, көбейту, еселендіре түсу жағы ескерілуі тиіс.      Экология - (грекше "oikos" - үй, мекен жай және "logos" - зерттеу) барлық тірі ағзалардың бір-бірімен және олардың сыртқы ортамен байланысын зерттейтін ғылым. Бұл терминді 1866 жылы ұлты неміс австриялық ғалым Эрнст Геккель ұсынды. Экология ғылым ретінде XX ғасырдын басында ғана жаратылыстану ғылымдарынан бөлініп шықты, дегенмен де тек биология    ғылымының  саласы   ғана  болып  отыр.  Айналадағы  барлық    дүние  "табиғат" деп аталады да, "экология" тек ғылыми ұғым болып табылады. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру деп адамның қоршаған табиғи ортаға саналы көзкараспен қарап, оның байлықтарын үлкен парасаттылықпен пайдаланатын, табиғи ресурстарды байыта түсудің қажеттілігін түсінетін, қоршаған табиғи ортаны қорғауға белсене араласатын көзқарасты калыптастыруды айтамыз. Қосымшалар:             Кесте  3                                   Физикалық география   курстарындағы  экологиялық білім жүйесі.                                                             № Пән Бағдарлама бөлімдері Экологиялық білім мен біліктіліктер 1. Физикалық Кіріспе Экскурсия ауданында табиғатқа оң және теріс география ықпал мысалдары. Теріс зардаптарды болдыр- (6-сынып) маудың мүмкіндіктері. Орманды тазарту жүмыстарына қатысу. План және Аудандардың қолайсыз экологиялық жағдай- карта ларын картада кескіндеу. Шаруашылық іс-әре-кеттердің зардаптарын карта бойынша болжау. Табиғатты көркейту және қорғау картасын   . жасау. Литосфера Адамның жер бедерін өзгертуі, эрозияның үдеуі және оны болдырмау. Өз жерінің мысалында пайдалы қазбалардың пайдаланылуы. - Жер қойнауын қорғау біліктіліктері. .   № Пән Бағдарлама бөлімдері Экологиялық білім мен біліктіліктер Гидро


1   2   3


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет