География сабағында экологиялық тәрбие беру әдістемесі. Жоспар. Кіріспе


Экологиялық білім берудегі «тұрақты даму» принципі



жүктеу 1.03 Mb.
бет2/6
Дата17.07.2017
өлшемі1.03 Mb.
1   2   3   4   5   6

1.2. Экологиялық білім берудегі «тұрақты даму» принципі.
Экологиялық білім мен табиғатты қорғауға тәрбиелеуді дәрістер, этнографиялық әңгімелер, сол сияқты табиғатқа саяхат, экология үйірмесі (жас натуралистер станциясына қамқорлық), факультативтік сабақтар және сыныптан тыс тәрбие жұмыстары оқушылардың азаматтық борышын қалыптастыратын ғылыми білім болып табылады.
Экологиялық білім мен тәрбие беру 1970 жылы БҰҰ деңгейінде ұйымдас-тырылған (ЮНЕСКО) "Адам және биосфера" деп аталған бағдарламаны қабылдаудан басталады. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде табиғат ресурстарын қорғау және оны тиімді пайдалану туралы бағдарлама жасалып, кең экологиялық сипатталған болатын. Ал 1971 жылы Швейцарияда Еуропалық конференция өткізіліп, онда айнала қоршаған табиғи орта және табиғат қорғау мәселелері көтерілді. 1972 жылы Стокгольмде қоршаған ортаны қорғау туралы көпшілікке білім беру конференциясы болды. 1977 жылы Тбилиси қаласында өткен БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО жане ЮНЕП ұйымдары экологиялық білім беру туралы 40-тан астам шешімдер қабылдап, оның ғаламдық стратегиялық жоспарларын бекітті. Экологиялық білім берудің одан әрі даму кезеңдері атақты Найроби (1982 ж.), Беч (1983 ж.), Мәскеу (1987 ж.), т.б. қалаларда өткен конференцияларда жалғасын тапқаны мәлім.

Экологиялық білім берудің теориялық негіздері орыстың табиғат зерттеушілері әрі көрнекті педагог ағартушылары В. Белинский, А. Герцен, Н. Чернышевскийдің есімдерімен тығыз байланысты. Одан соң А. Бекетов, К. Тимирязев, Д. Кайгородов, т.б. ғалымдар табиғатты зерттеу мен қорғау туралы мәселелерді көтерді.

XX ғасырдың орта шетінде педагогтер В.Натали, Н.Верзилин, В.Корсун-ская, т.б. экологиялық білім беруді география, биология пәндерімен байланыстыра отырып оқытуды ұсынған. 1947 жылдан бастап көпшілікке экологиялық білім беру бұрынғы КСРО бойынша оқу жұйесіне енгізіле бастады. Мәселен, 1947 жылы Белоруссия мемлекеттік университетінде алғаш рет экология кафедрасы ашылды. Одақтың көптеген оқу орындарында (Қазан, Мәскеу, Санкт-Петербург, т.б.) "Биосфера", "Экология", "Табиғат қорғау", т.б. экологиялық курстар оқу жоспарларына еніп оқытыла бастады.

Экологиялық білім беру бағытында экология ғылымында жаңа ұғымдар мен түсініктер қалыптасты. Олардың негізгілері: "экологиялық білім", "экологиялық сауаттылық", "экологиялық мәдениет", "экологиялық этика", т.б.

Экологиялық ұғымдардың мәнін әрбір оқушы білуі тиіс. Ұғымдарды түсіну оқушының табиғатқа деген көзқарасын қалыптастырып, экология ғылымын меңгеруге жол ашады және пәнге деген көзқарасын қалыптастырып, оған деген қызығуды арттырады.

Экологиялық сана - адамның табиғатқа көзқарасының, білімінің, сенімінің және дағдысының жиынтығы болса, ал экологиялық ойлау - табиғаттағы болып жатқан өзгерістерге ғылыми негізде баға беру, оның себептерін ашу және терең түсіну. Жауапкершілікпен ойлау арқылы адам баласы табиғат апаттарына жол бермейді (Арал, Балқаш, т.б.).

Экологиялық сауаттылық - экологиялық білімді игере отырып, табиғат қорларын тиімді пайдалануға жол ашатын болса, ал экологиялық этика - үйде, түзде, табиғатта адамның өзін-өзі ұстай білуін, мінез-құлық дағдыларын қатаң сақтауын қалыптастырады. Олар жоғарыдағы ұғымдардың негізінде қалыптасқан.

Қазақ халқы туған өлкесінің табиғатын сүйе отырып, ондағы жануарлар мен өсімдіктер әлемін де зерттей білген. Орман мен тоғайды, өзен мен көлді, шөл-шөлейтті жерлер мен даланың тіршілік үшін қажеттігін, біртұтастығын байқаған. Табиғаттағы барлық құбылыстарды бақылап, ауа райын, табиғат апаттарын алдын ала болжап отырған.

Басқа ұлттар сияқты қазақтар да өздерінің ұрпақтарын табиғатты сүюуге тәрбиелеуде мақал-мәтелдерге көп көңіл бөлген. Сол арқылы жасөспірімдердің табиғатқа деген сезімін оята біліп, оны сүюге, ал жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеген. "Жерана,, ел-бала", "Жері байдыңелі бай", "Күте білсең - жер жомарт" деп жерді Анаға теңеп көркөйтсе, "Тозған жерде тоқшылық болмайды" деп жерді қорғауға шақырады.

Біздің жеріміз әлі де бай, әлі де шырайлы. Десе де, Арал, Балқаш,


Билікөл, т.б. су айдындары мен орман-тоғайымыздың экологиясы қиын жағдайда екені әлемге әйгілі. Бір кездері бұл өңірлердегі қалың тоғай жұтаған,аң мен құсы азайып, жануарлардың көптеген түрлері жойылып кеткен. Табиғатымыздың осындай халге душар болатынын алдын ала сезген бабаларымыз бен ғалымдарымыз да жоқ емес. Ертеде ит түмсығы өтпейтін ну тоғайлар Ертіс, Жайық, Сырдария, Іле, Шу, Ырғыз, Есіл , Нұра өзендері бойында көп болған. Ал таулы жерлердегі қалың ормандар кең алқапты алып жатқаны туралы деректер көп. Мәселен, 1892 жылы А.Қүнанбаев "Дала уәлаяты" газетінде экологиялық мақала жариялаған. Онда Шыңғыстау өңіріндегі ормандардың қырқылып құрылысқа пайдалана. бастағаның, оның әсерінен сол жердің табиғаты тозып бара жатқаны айтылады. Бұл деректің өзі-ақ қазақхалқының бойында экологиялық сауаттылықтың ерте кезден-ақ болғанын айғақтаса керек. Ендеше халқымыздың ата-салт дәстүрлері арқылы берілген экологиялық білім мен тәрбиені қайта түлету - бүгінгі аға буынның міндеті.

Қазіргі уақытта экологиялық тәрбие беру жер бетінің әрбір тұрғынын қамтуға тиісті бүкілхалықтық мәселеге айналып отыр. Қоршаған ортаны қорғау мен оның байлығын тиімді пайдаланудың Қазақстан Республикасының Конституциясынан орын алуы, арнаулы өкіметтік қаулы-қарарларының қабылдануы, экологиялық тәрбие беру қажеттілігінің күннен-күнге арта түсуі бала бақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейінгі тәрбие орындарында оқу тәрбие жұмыстарының әр түрлі формалары мен әдістерін пайдалануды міндеттен, Мұның мәні оқушыларды табиғатқа ұқыпты қарауға үйретіп, оның байлық тарын үнемді пайдаланудың маңызды мәселе екенін үғындыру, табиғатқа дұрыс қарым-қатынас жасау жөніндегі қажетті біліммен, икемділік, дағдылар мен қаруландыру. Біздің елімізде "...әрбір азамат табиғатты аялауға, оның байлықтарын қорғауға міндетті" деген талаптар барлық уақытта бірде дәйектілікпен жүзеге асырылып жатпағаны мәлім. Тоқырау жылдарындағы түрлі жұмыстар еліміздің табиғатына зардаптарын тигізді.

"Жалпы білім беретін мектептерде табиғат қорғау жұмыстарын күшейту туралы" әдістемелік хатта оқыту үрдісінде экологиялық тәрбие берудің маңаздылығының ашып көрсетілуі оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасын тәрбиелеу ісіне қозғау салады. Қазіргі әлемдік экологиялық мәселелерде туындап отырған кезеңінде оқушылардың табиғатқа-жауапкершілік қатынасын қалыптастыру қажеттілігі бүгінгі бастауыш сынып теориясы мен әдістемесіндегі қалыптасқан дәстүрді бұзып, оқыту әдісін ізгілендіру,экологияландыру міндетін алға қойып отыр. Ал бұл міндет осы салада нақты зерттеуді және оларды теориялық және тәжірибелік түрғыда негіздеуді қажет етеді.

Экологиялық тәрбие жұмысы балалардың жас ерекшеліктеріне сай және табиғатқа жақын қарым-қатынаста жүргізілсе ұтымды болатындығына К.Ушинский ерекше назарын аударған. Оның ''Детский мир", "Родное слово" деп аталатын кітаптарында табиғат және онда тіршілік ететін хайуанаттар мен құстардың тіршілігі, адам және оның еңбегі жөнінде көптеген деректер

келтіріледі. Ол адам мен табиғат арасындағы қатынасты педагогикалық аспектіде қарастырып, "Табиғат дауысын ата-аналар да, қоғам да, тәрбиешілер де, заң шығарушылар да аяғына дейін тыңдауы тиіс.

Табиғаттағы эстетикалық түйсінуге балаларды жүиелілікпен, мақсаттылықпен тәрбиелеу идеясын Н.Рыбников, В.Сухомлинский, т.б. еңбектері арқылы негізделген. В.Сухомлинский / / "Табиғат адам танып білгенде, себеп-салдарын байланыстыра ой жеткізуде ғана тәрбиенің қуаты қайнар көзі бола алады деп табиғаттың заңдарын жете меңгеру керектігіне ерекше мән береді. Ол баланың бойына табиғатқа сүйіспеншілік сезімін дамытуды ешнәрсеге аиырбастауға болмайтын эстетикалық, адамгершілік тәрбиенің негізі деп санады. Оқушылардың азаматтығы мен патриоттық сезімін қалыптастырудағы табиғаттың орны туралы ол "Туған жер табиғаты бұл жәй кішкентай адамның өсетін және жерге алғашқы қадамдарын жасайтын орта ғана емес, ол мыңдаған өте «жіңішке тамырлар арқылы қуат алып, шырынын бұтақтары мен жапырақтарын тарататын құдіретті алма ағаштың өркен жаяр ортасы деп атап көрсеткен.

Бар өмір тіршілігі табиғатпен етене араласып өтетін, оның аясында өскен халқымыздың туған жерге қатынасы туралы халықтық педагогикаға, ақын жырауларымыздың, ағартушыларымыздың даналық сөздерше қанып өскен Ш.Уәлихаяов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев еңбектерінде табиғатқа көзқарастарының ғылыми әрі тәрбиелік мәні мол. Ш.Уәлиханов туған халқының табиғаттан қатынасындағы әдет-ғүрпын, дәстүрін, этикасын зерттей отырып, қазақтар арасындағы жамандық сенім олардың "табиғатты шексіз қадірлеуінен туған" деген қорытынды жасап, өз ұрпағының табиғатпен қатынас жасауда ізгілікке баулитын халық педагогикасының тәрбиелік мәнін жоғары бағалайды. Ол " табиғат көріністерінен эстетикалың ләззат алып, сұлулық, әсемдік, тартымдылық және ұнасым мен үндестік атаулыны сезімтал сергек көңілмен қабылдау қажет" детпі табиғаттың сұлулығын тану адамдарға рухани күш беретіндігін айтады.

Халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын "киелі , қасиетті деп үғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адамды біртұтас, бірінен-бірі бөлуге болмайды деп қараған. Сондықтан адам табиғаттан өз керегін ғана алып, қалғанына еш уақытта зиянын тигізбеген. Ш,Уәлиханов "Табиғат пен адам: өзінің айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан қүпия не бар?" дей келе қазақтардың киеге үлкен мән бергенін айтады. Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі түрмысы қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұта ырым-жорасын жасап тұру, адам баласына байлық пен бақыт, құт әкеледі деп иландырған.

Экологиялық тәрбие беру жұмысы отбасында, балалар бақшасында, мектепте, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында үздіксіз жүргізілген жағдайда ғана адам санасында табиғатты қорғау, оның байлықтарын сақтау жөніндегі тиянақты көзқарасты қалыптастырып, жүйелі білім беруге болада Бұл жөнінде белгілі ақын, ақындардың халықаралық "XX ғасыр, әлем және экология" қозғалыстарының төрағасы болған Мүхтар Шаханов өзінің "Арая жол" мақаласында бізде экологиялық тарбие болған жоқ, ол қазір де жоқ ; Экология ғылым ретінде ең артта қалған, қараусыз қалған жағдайда, адамдардың экологиялық санасын аитуымыз қажет, ертең кеш болады" деп айтқан болатын.

Экологиялық тәрбие беруде оқушылардың табиғатқа эмоциялық қатынасын қалыптастыра білудің үлкен мәні бар. Эмоция психологияда адамның және дүниесін қозғаушы жерге лайықты жауап ретінде қарастырылады. Табиғат тағдырына ортақтаса білу қасиетін ескермей, оқушылардың экологиялық санасын қалыптастыру мүмкін емес. Өйткені, " адамгершілік заңдылық ұғынумен де, есте сақтаумен де меңгерілмейді". Табиғатқа жасалған қиянатты ақылмен түсіну жеткіліксіз, ендеше оның қасіретін сезіне білу керек.

Жаңа мыңжылдық табалдырығын аттап өткенге қорытынды жасап, болашаққа көз жүгіртсек, өркениеттің жетістіктерін мойындай отырып экологиялық мәселені мойындамау және оның шешімінің қажеттілігін есепке алмай өз қызметімізді жоспарлау мүмкін емес. Қазақстан Республикасының экологиялық білім мен тәрбиенің тұрақты даму моделіне өтуінің маңызы зор. Бұл мәселелер "Қазақстан Республикасы - 2030" ұзақ мерзімді даму бағдарламасында басты орын алады. Қазақстан Республикасының экологиялық білім бағдарламасында экологиялық білім мен тәрбиенің жалпы уздіксіз жүзеге асуы кезінде жан-жақты мәселенің шешілу мүмкіндігі көрсетілген. Экологиялық білім мен тәрбиенің бір мезетте барлық кезеңдер мен деңгейде жетілуі мен енгізілу қажеттілігі қазіргі уақытта ерекше. Қоғамның барлық инфраструк-турасын қолдайтын экологиялық білім ғана әлеуметтік-экологиялық нақтылықтың кезінде жан-жақты қызметке бейімделген, XXI ғасырдың қазіргі азаматын қалыптастыра алады. Тұрақты дамуға көшу, біртұтас әлеуметтік, экономикалық, экологиялық саясаттың бірігуіне, тұрақты даму стратегиясын жүзеге асыруын, елдің даму механизімі мен мақсатын анықтайды.

Қолданбалы жоспардағы тұрақты даму моделі - бұл сыртқы және ішкі қауіпті жою мен ескертуін қамтамасыз ету, тұрақты принциптердің экономикалық мемлекеттің қоғамның қызмет етуі мен ұйымдастырылу әдісі.

Барлық қызмет түрлері мен қайта оқытудың нақты бағытын анықтайтын узақ мерзімді бағдарламаның тұрақты дамуға кезеңді көшуі ұлттық стратегия болып саналады.

Тұрақты дамудың принциптері:

-прогрестің мақсаты - адам, адамзат дамуының деңгейі -
бұл оның әлеуметтік-экономикалық саясатының, мемлекетінің, қоғам
қалыптасуының шарасы;

-ұлттық игілікті тұрмыс деңгейінің жоғарылауы, кедейлікті


жеңу, қажеттілік құрылымның өзгеруі;

-білім, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау жүйесінің даму .


басымдылығы - халық шаруашылығының эволюциясы, халық ,
белсенділігінің шығармашылығы, өнімділіктің ұзақ мерзімді өсу :
факторлары қоғамның рухани өмірінің маңызды сферасы;

  • демографиялық жағдайдың жақсаруы, түрғындардың орнықты дамуының іс-әрекеттігі;

  • экономикалық инновациялық даму типі ресурстарды жинақ- тауға, табиғатты қорғауға өту;

  • экология және экономика байланысының күшеюі, экономи- калық жүйенің экологиялық бағдарын қалыптастыру экожүйенің, шаруашылық сыйымдылығы шегіндегі дамуы;

- қалдықтарды қайта өңдеу қауіпсіздігі, ресурстарды қайта
пайдалануды кеңейту, қайта өңдеуге жатпайтын ресурстарды тұты-
нуды азайту мүмкіндігімен шығынды азайтуды ұсынатын рацио-налды табиғи қолдану;

  • экожүйені қайта қалпына келтіру мен қорғау мақсатында әлеуметтік әріптестік пен халықаралық ынтымақтастықтың дамуы;

  • жаңа өркендеу құндылықтарының есебіндегі мораль, тәрбиемен білім жүйесіндегі экологияландыруға адамның көзқарасы;

  • саяси механизм шешімнің қабылдануы мен жүзеге асыры- луы, басқару жуйесін жетілдіру, тұрақты даму міндеті мен мақса-тын жүзеге асырудағы мемлекеттің басты рөлі;

- азаматтық қоғам мен жеке бизнестің, мемлекет қызметінің
тиімділігі мен үйлесімділігін жоғарылату.

Қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін экономикалық, әлеуметтік, мәдени, құқықтық және жеке тұлға өмірінің элеуметті позитивтік образы мен үйлесімді дамуы ушін басқа да жағдайларды, адам бостандығы мен конституциялық құқық әлемдік одақта мойындалуын жүзеге асыруды құрудың маңызды факторы болып табылады.

Қазіргі қоғамның тұрақты дамуының принциптері мен талап-
тарына белсенді салауатты өмір салтын ұстанатын, жан-жақты
үйлесімді дамыған дені сау, білімді және рухани тұлға типі
сәйкес келеді. Қоғам мүддесі мен түлғаның дамуы экономика мен
қоғамның келешекте дамуына, күшті мемлекетті қалыптастыру
азаматтық қоғамды құрудағы демократиялық институттардың
беріктілік шартының қажеттілігі болып табылатын әлеуметтік кон-
солидацияны қамтамасыз ету.

'Адам - қоршаған орта - экономика" үштігіндегі тұрақты дамуды кұрайтын іргетасты ұсынады, оған үш аспект кіреді:

- қоршаған орта, табиғи ресурстық потенциал;

- қоршаған орта мен адам қарым-қатынасының процесі;

-қоғамның өмір қызметінің барлық жағынан мүддесіндегі эко-логиялық императивті жүзеге асыру, экологиялық саясат.

Бірінші аспект-тұрақты даму моделіне өту кезінде табиғи потенциалдың динамикасы мен бағалау жағдайын тұрақты қадаға-лауды ұсынады.

Екінші аспект - адам денсаулығын сақтау мен био әртүрлілікті қорғау. Қазақстанның табиғи экожүйесін қайта құру ортасының сыйымдылығын өсіру үшін жағдай жасау, қоршаған орта тұрақты-лығының кепілі, табиғи ортаға антропогендік қысымды біртіндеп темендету бойынша шараларды жүзеге асыруды қарастырады.

Үшінші аспект - әлеуметтік-экономикалық даму мақсаты мен экологиялық мақсат келісімінің талаптары - экологиялық императив негізінде, экологиялық саясаттың жүзеге асырылуымен өңдеу процесінде барлық экологиялық компоненттердің мінездемелік жүйесі біртұтас тұрақты дамудың асуын қорытындылайды.

Экологиялық императив келесі талаптарды белгілейді:



  • табиғи үйлесімді және салауатты өмірге құқығы бар адам басты назарда болу керек;

  • қазіргі уақытқа, болашақ ұрпаққа қоршаған ортаны қорғау мен даму мүмкіндігін қамтамасыз ету;

  • қоршаған ортаны қорғау жалпы әлеуметтік-экономикалық процестің ажырамас бөлігі болуы қажет;

  • шаруашылық қызметті экологияландыру бойынша шараларды жүзеге асыруда, табиғат акцентін қорғау тәжірибесінде қалыптасқан айырмашылықты ауыстыру қажет, бірінші кезекте теріс техногендік іс-әрекеттердің себептерін жою;

  • әлеуметтік-экономикалық дамуы экожүйе сыйымдылығының шаруашылық шегінде қол жеткізудегі адам өмірінің сапасын жақсартуға бағытталу қажет;

  • экологиялық сана мен адам көзқарасы, білім мен тәрбие жүйесі.

Бұл талаптар тұрақты даму мақсатындағы экономикалық және
экологиялық, әлеуметтік қарым-қатынас органикалық пен ұздіксіз
экологиялық императивтің мәнін көрсетеді.

2.1. Оқушыларға экологиялық білім беру тәсілдері.
Окушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі барынша күрделі, сан қырлы және өте маңызды болғандыктан, алдыңғы катарлы философтердің, психологтердің, педагогтердің назарын ерекше аударып отыр.

Жалпы білім беретін мектептерде окушыларға білім беру мен тәрбиелеудің негізгі жолдарын атап көрсеткен Қазақстандағы табиғат зерттеушілерінің бірі академик Н. Сарыбеков. Оның табиғат қорғауға тәрбиелеу жайлы көптеген еңбектері үлкен жетістіктерімен жалпы білім беретін мектептерде, орта және жоғары оқу орындарында пайдаланылуда.

Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие жұмыстары қоғамның табиғатпен қарым-қатынасыи қамтамасыз ету бағытында, яғни, табиғатты идеологиямен, саясатпен, экономикамен, адамгершілікпен, ғылыми теориямен байланыстыра оқыту арқылы жүзеге асырылуы керек.

Адамзат тарихы табиғат тарихымен тікелей байланысты. Қазіргі кезде адам мен табиғаттың дәстүрлі өзара әрекетінің салдары үлкен экология-лық мәселеге айналуда. Адамды қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға дағдыландыратын экологиялық тәрбиені мектеп жасынан бастау қажет.

Прус королі Вильгельмнің бүл армияның жеңісі емес, австриялықтарды прусс мүғалімі жеңді" деген қанатты сөзі тарихтан белгілі. Басқаша айтқанда, австриялықтарды жеңген прустің білім беру жүйесі деген сөз. Осы сөздің аясында экологиялық дағдарысты қоршаған ортаны қорғау саласының мамандары ғана емес, арнайы экологиялық білім беру жүйесі шешеді деуге болады.

Соңғы 20 жылда ғалымдардың экологиялық білім беру мен төрбиелеу мәселелерін зерттеуге көңіл бөлулері айтарлықтай өсті. Мәселен, Н.Верзилин, А.Захлебный, И.Зверев, Б.Иоганзен, И.Матрусов, А.Мамонтова, В.Сухомлинский және т.б. өз еңбектерінде табиғатты қорғаудағы қоғамдық пайдалы еңбекті ұйымдастыру мен оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық тәрбие мен білім берудің түрлі аспектілерін қарастырады.

Экологиялық білім беру мынадай үш мәселені шешуі тиіс.


  1. Адекватты экологиялық көріністерді формалау, яғни "адам табиғат" жүйесінің өзара байланыстары туралы көріністер.

  2. Табиғатпен қарым-қатынасты формалау.

  3. Табиғатпен қарым-қатынастағы әдеп, дағдылар мен біліктіліктер жүйесі мен стратегиясын формалау.

Оқушыны табиғатқа жауапкершілікпен қарауға баулу - күрделі әрі үзақ мерзімді қажет ететін үрдіс. Оның нәтижесі анықталған білім мен біліктерді игеру ғана емес, табиғи ортаны жақсартуға, қорғауға қажетті талап пен дағдылардың, эмоциялық қатынастардың дамуы болуы тиіс.

Экологиялық тәрбие үрдісін тиімді жүргізуге тікелей ықпал ететін, экологиялық мәдениеттің негізгі бөліктерінің бірі болатын түлғаның жеке жан дүние саласына әсер етуді күшейту қажеттілігі байқалады. Ал қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгерту қазіргі заманғы философтар мен мәдениеттанушылар айқындаған қоғамдағы экомәдениет құндылықтарының негізінде экологиялық тәрбие мәселесін ғылыми тұрғыдан шешу арқылы іске асырылады.

Экологиялық тәрбие берудің негізгі мәселелері мыналар жатады:


  • экологиялық әрекет барысында оқушылардың коғамдык, шығармашылық, танымдық екпінділігін дамыту;

  • табиғатты қорғау сезімін ояту, т.б.

Экологиялық білім әмбебап, пәнаралық сипатқа ие. Сондықтан ол жалпы білім берудің барлық формаларына өнуі тиіс.

И.Зверевтің пікірінше, экологиялық білімнің негізгі мақсаты - оқушылардың табиғат ерекшеліктері, оған адамдардың қарым-қатынасы, экологиялық мәселелер және оларды өндірісте, тұрмыста оңтайлы шешу үшін теориялық білімдерді игерту.

Б.Лихачев экологиялық білім мен тәрбие беру әдістері мен формаларын шартты түрде бірнеше топтарға бөледі. Ойлау мен танымды дамытудың мектептік және мектептен тыс әдістері, бағытталған тәжірибелік қызмет дағдылары мен біліктіліктерін меңгеру, құқықтық жауапкершіліктің дамуы, т.б.

А.Захлебный экологиялық бағдарлама жасауда оқушыны оқыту мен тәрбиелеуде тұлға ретінде қалыптастыру факторларына көбірек көңіл бөлу қажет деп санайды.

Экологиялық тәрбие беру тәсілдерінің қазіргі кезде жиі қолданып жүрген тәсілдерінің бірі – пән мазмұнын экологияландыру. Бұл - мектеп оқушыларына оқытылатын пәндер негізінде экологиялық білім мен тәрбие беру деген сөз, яғни пәнді оқыту барысында бұрыннан оқытылып келген тақырыптардың мазмұнын қосымша экологиялық мәліметтермен толықтыра баяндау.

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформа оны сапалық түрғыда нарықтық экономика, қоғамдық-эко-номикалық қатынастарды ғаламдандыру, дамудың ақпараттық кезеңінде қоғамның өтуі жағдайында қайта құруға бағытталған.Қазақстан Рес-публикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскенде экологиялық білім беру мен тәрбиенің маңызы арта түсуде. Бұл білгірліктер Президент Н.Назарбаев ұсынған "2030 стратегиясы" бағдарламасында басты орында тұр. Экологиялық білім - қазіргі білім беру жүйесінің өзекті мәселелерінің бірі.Білім беру үрдісінде экологиялық білім және тәрбие беру үздіксіздігі мен сабақтастығының маңызы айрықша зор. Оларды жүзеге асыру үшін білім жүйесін тұтасынан және оның жеке кезеңдері мен деңгейлерін кешенді түрде жетілдіретін шаралар қажет. Бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы экологиялық білімді жеке түлғаны қалыптастыру екенін көпте-ген ғалымдар өз еңбектерінде айтқан.Экологиялық білім беруді ЮНЕС-КО-ның жіктелуі бойынша формалды (мектептегі білім), бейформалды (мектеп қабырғасынан тыс) және формалды оқудан тыс (бос уақытта кітап оқу, көпшілікке таралатын ақпарат, тұрмыстағы қарым-қатынас) бөліктерден тұратын оқыту жүйесінде жүзеге асады деп қарастыруға болады. Мұндай білім берудің негізгі ұстанымы - үздіксіздікте. Үздіксіз білім беру О.Аббасова, А.Владиславлев, В.Махлин, А.Фурсов, М.Сары-беков, К.Мусин, А.Бақтығұлов, А.Ғалымов, Н.Ивлев, У.Мұқанова, т.б еңбектерінде түйінделген.

Табиғй экологиялық жүйе - экосфера - тірі жануарлардың және жер бетінің физикалық, химиялық күйінің интеграциялық эволюциялануы-ның өзара тәуелділігінің өнімі.Химиялық-экологиялық білім берудің ат-қаратын басты қызметі - ғылым мен техниканың әсерінен және таби-ғатта болып жатқан құбылыстардың нәтижесінде пайда болған заттар-дың тірі организмге тигізер әсерін, зиянды жақтарын оқытып үйрету, сол зиянды болдырмау жолдарын іздеу, тиіп жатқан залалдан құтылу жолдарын табу.

Қоршаған ортаның мәселелеріне байланысты білім беру, біріншіден,


іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуге, кадрлар даярлауға және
әр түрлі пәндердің мазмұнын экалогияландыруға жәрдемдеседі,
екіншіден, ғылыми-техникалық прогрестің даму барысында қоршаған
орта мен қоғам арасындағы жағымсыз экологиялық құбылыстарды бол-
дырмау жағына қарай бағыттауға мүмкіндік береді, үшіншіден, химия
негізіне сүйене отырып, өлі табиғат тірі табиғат арасындағы байланысты ашып көрсетеді, ал төртіншіден, химиялық заттардың зиянды жақтарының биологиялық мәні ашылады.

Мектепте экологиялық білім мен тәрбие берудің орталығы -сабақ.Сабақ арқылы мүғалім мен оқушы арасында барлық оқу-тәрбие жұмыстары әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады.

Қазақстан географиясы пәнінде экологиялық бағытта жургізілетін өзіндік жұмыстар оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, экологиялық санасын қалыптастырып, мәдениетін көтереді.

Экологиялық бағыттағы өзіндік жұмыс туралы айтқанда, біз оқушыларға қойылатын және орындай алатын мынадай талаптарды түсінуіміз керек:



  • оқушының қоршаған орта туралы білімін ұдайы кеңейтіп, пәнге деген қызығушылығын арттыру ;

  • ой-өрістерінің шығармашылық белсенділігін дамыту;

  • зерттеушілік қабілетін ашу, экологиялық мәселелерді түсіндіру және өз бетінше шешуге дағдыландыру;

- окушылардың практикалық іс-қабілетін дамыту және оны өміршең етуге бейімдеу;

  • оқушылардың жергілікті жердің экологиялык проблемаларын шешудегі жеке басының жауапкершілігін қалыптастыру.

Осы экологиялық білім берудегі турақты устанымды сақтай отырып, төмендегідей баспалдақтар арқылы экологиялық сана мен мәдәниетті қалыптастыруға болады.


География сабағында экологиялық тәрбие беру әдістемесі.
Кесте 2 қазақстан республикасы географиясы бойынша



1   2   3   4   5   6


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет