Гендерлік зерттеулер және еңбек нарығында гендерлік теңдікті жетілдіру мәселелері (Қызылорда облысының мәліметтері бойынша) Айкупешева Дина Маликаждаровна



жүктеу 235.67 Kb.
Дата02.07.2017
өлшемі235.67 Kb.
Гендерлік зерттеулер және еңбек нарығында гендерлік теңдікті жетілдіру мәселелері (Қызылорда облысының мәліметтері бойынша)

Айкупешева Дина Маликаждаровна

Мақаланы зерттеу барысында адами дамудың әлемдік үрдісінде ерлер мен әйелдердің өмір сүру жасының ұзақтығында, сауаттылығы, білім деңгейі мен еңбек ақы мөлшерінде айырмашылық бар, дегенмен, әйелдердің мүмкіншіліктері ерлермен салыстырғанда біршама шектеулі. Өтпелі кезеңнің зардаптары посткеңестік кеңістік елдерінде саяси, экономикалық, және әлеуметтік салалардағы гендерлік теңсіздікті онан әрі күшейтті. Рыноктық экономикадағы әйел еңбегін пайдалану және әйел жұмыс күші рыногының қалыптасуы мен даму негіздерін анықтау,еңбек рыногындағы әйел жұмыс күшінің дискриминациясы себептері мен оның туындауына негіз болатын факторларды айқындау, өңірлік әйел жұмыс күші рыногын тереңірек талдау мақсатында әйелдер арасында сауалнама жүргізілді. Зерттеу нәтижесі бойынша респонденттердің басым көпшілігі (92%) біздің елімізде ерлер мен әйелдер арасында теңсіздік орын алатынын білдіреді.

Қоғамның үшінші мыңжылдығының алдында тұрған ауқымды факт әртүрлі әлеуметтік топтар мен азаматтар категориясының лауазымды мәртебелерінің өзгерісін тудырып отырған экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени трансформацияны жүзеге асыру болып отыр. Бұл кезеңдегі анық болған факторлардың бірі –гендерлік фактор. Қоғамдық және жеке салаларда ерлер мен әйелдердің әлеуметтік жағдайының өзгерісі, жанұя құрылымындағы өзгерістер, әлеуметтік кепілдіктер жүйесінің түрленуі қоғам өмірінің әртүрлі жақтарын анықтайтын маңызды фактор ретінде ерлер мен әйелдердің өзара әрекетін қарастыру қажеттілігіне әкеледі. Осыған байланысты, қазіргі қазақстан ғылымында гендерлік тәсілдің құрылуындағы әртүрлі әлеуметтік және экономикалық құбылыстарды оқытуды енгізу қажеттілігі туындап отыр. Берілген тәсілді экономиканың теориясы мен практикасына енгізу ерлер мен әйелдердің экономикалық жағдайларының айырмашылығын және оның пайда болу себептерін талдап көрсететін жаңа бағыттарын қалыптастырады.

Еліміздің Тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен-ақ ана мен баланы, әйелдер кәсіпкерлігін және гендердік тең құқылықты қолдау мәселесі Мемлекет басшысының саясатында негізгі рөл атқарды.

Елбасымыздың «Гендерлік теңдікке қол жеткізудің 2006-2016 жылдарға арналған стратегиясы» Жарлығы бойынша ерлер мен әйелдерді қоғамның барлық саласында теңестіру қарастырылып отыр.

Қазіргі біздің қоғамымызда, әсіресе аймақтық деңгейде ұлттық, мәдени дәстүрлермен, халықтың менталитетімен байланысты ерлер мен әйелдердің экономикалық, әлеуметтік жағдайларының маңызды айырмашылығының болуымен сипатталады. Еңбекке қабілетті жастағы әйелдердің жалпы жұмысбастылығы ерлерге қарағанда төмен, сонымен қатар жұмыссыздық пен ұзақ мерзімді жұмыссыз қалу да ерлерге қарағанда әйелдерде басым. Меншікті бөлу, зейнетақымен қамтамасыз ету, бизнеске және басқа да салаларға қатысу деңгейінде маңызды айырмашылықтарды байқауға болады.

Гендерлік тәсіл арқылы әйелдердің экономикалық жетістіктерге жетуінде пайда болатын және олардың әлеуметтік құқықтары мен экономикалық мүмкіндіктерін төмендететін кедергілерді анықтауға мүмкіндік туады. Онымен бірге, әйелдер жағдайының жақсаруы жалпы әлеуметтік прогресс пен жалпы қоғам өмірінің жақсаруына әкеледі. Бұл жерде гендерлік тәсілді әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу құралы ретінде түсіну қажет.

Зерттеу жұмысының мақсаты –еңбек нарығындағы гендерлік теңдік мәселелері және гендерлік зерттеулердің даму негіздерін теориялық және әдіснамалық тұрғыда дәлелдеу, гендерлік теңдікті реттеу механизмдерін нақтылау болып табылады.

Алға қойған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу қажеттілігі айқындалады:

-гендерлік қатынастар мәнін және экономикалық және әлеуметтік салалардағы гендерлік ассиметрияның қалыптасу механизімін зерттеу;

-Қазақстан Республикасындағы ерлер мен әйелдер теңдігінің мемлекеттік саясатының ерекшеліктерін көрсету және талдау жүргізу;

-Гендерлік теңдік саясатын жасау мен оны қалыптастырудың аймақтық аспектілерін көрсету;

-Аймақтың және еліміздің әртүрлі әлеуметтік және экономикалық салаларындағы гендерлік теңсіздікті талдау;

-Аймақтың әлеуметтік-экономикалық жүйесіндегі гендерлік теңдікті қалыптастырудың экономикалық және әлеуметтік-мәдени факторларын зерттеу және ашып көрсету;

-еңбек нарығының қалыптасу факторлары мен реттеу формалары және талау әдістері негізінде жұмысбастылықты реттеу мәселелерін зерттеу;

-Экономика мен әлеуметтік салалардың бүгінгі жағдайын ескере отырып, аймақтық дамудың гендерлік аспектілерін реттеу механизімін негіздеу және жасау.







Қазіргі кезде қоғамдағы әйел мен ердің орны туралы түсініктер мен құндылықтар, осымен байланысты стереотиптер мен әлеуметтік үрдістер ерекше өзекті мәселеге айналып отыр. Себебі қазіргі дүниеде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін зорлықсыз өмір cүрудің идеалдарын, барлық адамзатқа ортақ құндылықтың негіздерін іздеу қажеттігі туып отыр. Осындай жағдайда гендер мәселесін дәстүрлі дүниетаным шеңберінде қарастырудың мәні зор. Өйткені жыныстардың қоғамдық рөлі туралы процестер мен стереотиптер ұрпақтан ұрпаққа дәстүр бойынша жалғасып келе жатқан, тамыры тереңге кеткен түсініктер негізінде қалыптасады.

Бұл түсініктер қоғам дамуының ұзақ тарихы бойында дамып отырады және оның әртүрлі қырлары болады: тарихи, экономикалық, саяси, психологиялық және діни [Филимонкова, 2005].

Гендерлiк зерттеулер–бұл әлеуметтiк-экономикалық трансформацияны талдауда гендерлiк бағытты iске асырушы пәнаралық зерттеу тәжiрибесi. Гендерлiк талдаулар қоғамда жүргiзiлетiн экономикалық iс-шаралар мен отбасынды қабылданатын экономикалық шешiмдердiң ерлер мен әйелдерге келешек мүмкiн боларлық ықпалын ескеруге мүмкiндiк беретiн талдау болып саналады.

«Гендер» түсінігі – бұл әйелдер мен ерлердің рөлін әлеуметтік жобалау б.т.

Гендер дегеніміз туа біткен анатомиялық қасиеттер емес, әлеуметтік конструкция. Сол себепті, гендерлік қатынас көпөлшемді зерттеу нысаны ретінде ерекше методологияны қажет етеді.

Гендер –бұл ерлер мен әйелдердің әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерінің сипаттамасы мен белгілерінің, сол сияқты олардың арасындағы әлеуметтік қатынастардың кешені. «Гендер» термині әлеуметтік үдерістерді түсіну үшін аналитикалық құрал болып табылады.

Зерттеулерге сәйкес, ерлер мен әйелдер өздерінің алған тәрбиесіне, қоғамдағы олар үшін жасалған дәліздерге сәйкес өздерін ұстайды. Сондықтан елді кешенді жаңғыртуда маңызды бағыттарының бірі гендерлік саясат болып табылады [Чернова, 2002].

Гендерлік саясат- қоғамның барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне жетуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.

Гендерлік теңдік-ерлер мен әйелдердің теңдей құқықтық статусының болуы және олардың әлеуметтік теңдігі мүмкіндіктерінің болуы.

Қазақстандағы гендерлiк саясаттың мiндеттерiне әйелдер мен ерлердiң билiк құрылымдарында теңдестiрiлген қатысуына қол жеткiзу, экономикалық тәуелсiздiктiң барлық тең мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету, өз бизнесiн дамыту және қызмет бабында iлгерiлеу, отбасында құқықтар мен мiндеттердi тең жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасау, жыныстық белгiсi бойынша зорлықтан еркiн болу жатқызылады.

Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясы, Қазақстан Республикасында әйелдердiң жағдайын жақсарту жөнiндегi ұлттық iс-қимыл жоспары, әйелдерге қатысты кемсiтушіліктiң барлық нысандарын жою туралы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының конвенциясы, ол конвенцияның Қазақстанда орындалуы жөнiнде БҰҰ-ның ұсыныстары, басқа да бекiтiлген халықаралық шарттар мен келiсiмдердiң негiзiнде әзiрлендi. Қазақстан Республикасындағы гендерлiк саясат Тұжырымдамасы халықтың әлеуметтiк-экономикалық жағдайы тұрақталуының және ел экономикасының орнықты дамуының қазiргi кезеңiне, сондай-ақ ұзақ мерзiмдi перспективаға (2050 жылға дейiн) есептелген [Н.Ә.Назарбаев,2012].

Гендерлік зерттеулер - әйелдер мен ерлердің әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени мәртебесін, гендерлік рөлдері мен гендерлік қарым-қатынасын зерттеу. Қоғамдағы гендерлік қатынастарға ықпал ету жөніндегі саясатты, стратегиялар мен бағдарламаларды әзірлеу мен жоспарлау үшін ақпарат беру. 

Гендерлiк зерттеулердiң ерекшелiктерi – олар ғылымды толықтырумен қатар бiлiм беру, институционалды және қоғамдық-саяси белсендiлiкке бағытталған:


  • бiлiм беру мiндетi - гендерлiк мәселелер жөнiнде қоғамның түсiнiгiн көтеру, оларды арнайы пән ретiнде жоғарғы оқу орындарында оқу үдерiсiне енгiзу;

  • институционалды мiндетi – акедемиялық ғылым тарапынан бағалануы және зерттеу орталықтарының құрылуы;

  • саяси мiндетi - әйел мүддесiн саяси күн тәртiбiне енгiзу [Д.М.Айкупешева,2008]

Алғашқы  «әйелдік тақырыптық» мәселе арнайыланған құбылыс ретінде бірінші феминистік толқуға байланысты он тоғызыншы ғасырдың аяғында белең бере бастады. Жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысында көбінесе әйгілі әйелдердің өмірін сипаттайтын әйелдерге арналған жұмыстар пайда бола бастады. Әйел тақырыбын  талқылауда  бүгінгі күннің өзінде үлкен орын алатын жұмыс ол атақты француз философы Симон де Бовуардың 1949 жылы баспадан шыққан жұмысы «Второй пол». Онда әйел мәселесі философиялық тұрғыдан қарастырылады.

Л.П. Репинаның айтуынша батыстық университеттер бағдарламаларында әйел мәселесіне арналған курс алғаш рет 1979-1980  оқу жылдары  Сан- Диего университетінде пайда болды. Ал 1970-1980 жылдары тарихи ғылым қауымындағы скептицизмге қарамастан АҚШ та да, Европада да әйелдік зерттеулердің академизациясы, институционализациясы жүрді. Нәтижесінде көптеген университеттерде әйелдік және гендерлік зерттеу орталықтары немесе тіпті факульттетер ашылды.

Қазақстанда қазіргі кезде жүріп жатқан әлеуметтік–экономикалық, мәдени, саяси өзгерістер көптеген қоғамдық мәселелерді қайта қарауды қажет етеді. Солардың ішінде ең өзектісі гендер мәселесі.

Қазіргі кездегі гендерлік теңдік түсінігі-бұл ерлер мен әйелдердің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірге араласуында пайда болған, ерлер мен әйелдер арасындағы қатынастар. Бұл қатынастар сипаты гендерлік қатынастардың қоғам өмірінің әртүрлі салаларында пайда болып, қалыптасқан ерлер мен әйелдердің мәртебелік ұстанымдары мен орындайтын қызметтеріне негізделген қатынастары болып табылады. Берілген жағдайда гендерлік қатынастарды экономикадағы, саясаттағы, әлеуметтік салалардағы ерлер мен әйелдердің жағдайын сипаттайтын әртүрлі сандық және сапалық көрсеткіштер қатынасы деп түсінуге болады.

Гендерлік теңдікке жету арқылы төменгі мәселелерді шешуге болады:

-экономикалық өсу мәселелері;

-кедейшілік деңгейін төмендету;

-тиімді мемлекеттік басқару

Соңғы онжылдықта батыстық қоғамның дамуы гендерлік қатынастар сипатының масштабты өзгеру белгісімен бірге жүрді. Әйелдердің экономикалық және саяси өмірге серпінді араласуы, олардың кәсіпкерлік секторға, жоғары мемлекеттік және саяси орталарға тартылуының ұлғаюы, гендерлік қатынастардың жаңа құрылымының қалыптасуына әкелді.

Әйел мәселесі көптеген шетел тарихшылары, философтары мен жазушылары еңбектерінде өз алдына бөлек әңгіме болып есептеледі. Бірақ феминизм идеясы Ш. Фурье, А. Сен-Симон, Ж. ж. Руссо, Ф. Вальтер сияқты француз философ – ағартушыларының еңбектерінде жалғасын тапты. Сондықтан әйел қозғалыстары Ұлы Француз көтерілісі барысында орын алған деуге болады. Осы Францияда әйелдің теңдік үшін күресіне арналған алғаш журнал шыға бастады, әйелдердің көтеріліс клубтары пайда болды. Дегенмен 1791 жылғы конституция әйелдердің сайлау құқығына рұқсат бермеді, Осыған байланысты, сол жылы ұлттық жиналысқа 1789 жылғы «Адам мен азамат құқықтарының Декларациясы» үлгісімен Олимпия де Гут дайындаған «Әйел мен азаматша құқықтарының Декларациясы» ұсынылды. Онда әйелдердің саяси және әлеуметтік теңдігін толық қабылдау шарты мазмұндалды.

Әйелдiң еңбек саласына араласуына жас құрылымы, денсаулығы, неке жағдайы, миграциялық ағым сияқты демографиялық шектер аса зор әсерiн тигiзедi. Сондай-ақ, жұмыс iстеушi ананың еңбек әрекетiне оның тәрбиелеп отырған балаларының демографиялық сипаттамасы – олардың саны, дүниеге келу кезегi, жасы, денсаулығы да ықпал етедi. Сонымен бiрге, отбасында науқас немесе егде жастағы адамдардың болуы қазақстандық әйелдердiң экономикалық белсендiлiгiнiң төмендеуiне бiрден-бiр ықпал етушi жайттардың бiрi болып табылатындығын да айта кеткен жөн [И.Өсімбаева 2011].

Қазақстан заңдарына сәйкес әйелдердiң мемлекеттiк қызметке тұруына және сыртқы саяси қызметке қатысуына ерлермен тең мүмкiндiк қамтамасыз етiлген. Алайда iс жүзiнде мемлекеттiк билiктiң жоғары лектерiнде, өндiрiс пен қаржы саласындағы жауапты қызметтерде әйелдер аз.

Алғашында гендерлік зерттеулер батыста жүргізілді: Америкада, Англияда, Франция және Германияда. Ресейлік және Қазақстандық психологиялық әдебиеттерде «гендер» термині өте сирек кездесетін. Бүгін жағдай өзгеріп барады: гендерлік зерттеулер адам жайлы ілімнің барлық негізгі аймақтарына кіре бастады.

Көптеген зерттеушілер «әйелдік», «феминистік» және «гендерлік зерттеулерді» синоним ретінде қолданады. Біреулері «гендерлік зерттеулерді» әйелдердің мүддесі үшін әйелдердің әйелдерді зерттеуі деп түсінеді. Бірақ бұл дұрыс емес, көптеген жағдайларда әйел затының құқықтары жерге тапталып жатады, сондықтан әйел құқығына байланысты мәселелер туындап, гендерлік зерттеулерде көрініс тауып жатады. Осындай жынысқа байланысты дискриминация жағдайларын болдырмас үшін де гендерлік саясат жүргізіледі.

Гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен  кепiлдiк берiлген әйелдер мен ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiн белгiлейдi.

Қазақстандағы гендерлiк саясаттың мiндеттерiне әйелдер мен ерлердiң билiк құрылымдарында теңдестiрiлген қатысуына қол жеткiзу, экономикалық тәуелсiздiктiң барлық тең мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету, өз бизнесiн дамыту және қызмет бабында iлгерiлеу, отбасында құқықтар мен мiндеттердi тең жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасау, жыныстық белгiсi бойынша зорлықтан еркiн болу жатқызылады [Г.А.Хасанова, 2013]. 


Қазіргі таңда Қазақстан мемлекетінің алдындағы ең басты міндет – инновациялық экономиканы қалыптастыру. 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары еліміздің жарқын болашағына арналған. Оның іске асырылуына бүкіл қоғам болып атсалысу парыз. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыруға әйелдердің белсенді қатысуына ықпал етерлік саяси тұрақтылық пен ұлтаралық татулық, тиімді басқару, әлеуметтік үнқатысу, адам құқықтарын құрметтеу және халықаралық еңбек нормаларын сақтау, кәсіпкерлік мәдениеті, тиімді әрі тұрақты макроэкономикалық саясат, сауда және экономикалық интеграция, бәсекелестік ортаның болуы, қаржы қызметіне қолжетімділік, кәсіби даярлық, әлеуметтік әділеттілік пен сенімді әлеуметтік қорғау сияқты гендерлік өлшемдерге негізделген факторлар мол [Н.Ә.Назарбаев,2012].

Еңбек нарығында жұмыс түрлерiнiң әйелдер жұмысы және ерлер жұмысы деп бөлiнуi немесе жыныс белгiсi бойынша бөлінуі сегрегацияның болуын бейнелейді.

«Сегрегация» терминінің мағынасы «бөліну, ажырау» дегенді білдіреді. Осыған орай, «гендерлік сегрегация» түсінігі әйелдер мен ерлердің белгілі бір экономикалық, әлеуметтік, институционалдық құрылым шеңберінде бөлінуі болып табылады.

Қазіргі қоғамда да, өткен шақта да еңбек нарығындағы гендерлік сегрегация жыныстар бойынша еңбек бөлінісінде тамыры өте терең орын алады. Сегрегация фирма ішінде, фирма араларында, салалар арасында пайда болады. Кәсіби серегацияның негізгі екі құраушысын бөліп көрсетуге болады:

1.Көлденең кәсіби сегрегация;

2.Тік кәсіби сегрегация.

Көлденең кәсіби сегрегация дегеніміз экономика салалары мен кәсібі бойынша ерлер мен әйелдер бөлінісінің теңдей болмауы, ал тік кәсіби сегрегация дегеніміз лауазымдық иерархиясы бойынша теңдей бөлінбеуі.

Көлденең кәсіби сегрегация сипаттамалары:

-салалық:ерлер мен әйелдерді экономика салалары бойынша бөлу;

-кәсіби:кәсіптері бойынша бөлу;

-фирма аралық:ерлер мен әйелдерді фирмалардың статусы, көлеміне байланысты бөлу;

-сектор аралық:ерлер мен әйелдерді экономиканың жеке немесе мемлекеттік секторларына байланысты бөлу.

Көлденең сегрегацияның маңызды механизмдерінің бірі ретінде салалар мен кәсібінде дәстүрлі «гендерлік портретті» сақтауды қалыптастыратын жыныстық белгісі бойынша алалаушылықты (дискриминация) айтуға болады.

Қызылорда облысында әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат бойынша облыстық және 8 өңірлік комиссиялар жұмыс істейді. Олар аудандық және Қызылорда қалалық әкімияттары жанынан ашылған. Комиссия құрамында беделді тұлғалар бар: мемлекеттік орган басшылары, жергілікті мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, журналистер,ҮЕҰ мүшелері. Комиссияның негізгі мақсаты - әйелдердің азаматтық белсенділігін арттыру, жоғары білімді, саяси мықты әйел кадрлары мемлекетті басқару ісінде ер азаматтарға лайықты бәсекелес болуы керек. Осы жылдары облыстық комиссия маңызды, ең бастысы, адамдар талабына сай жұмыстар жүргізді

Облыс әкімі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат комиссиясы үкіметтік емес сектормен, депутаттық корпуспен және жергілікті БАҚ бірлескен жұмыстарын жалғастырады, гендерлік теңдіктің мемлекеттік бағдарламасын бұдан әрі қарай іске асыра береді.

2010-1015 жылдарға арналған аймақтағы гендерлік теңдікті нығайтуға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылатын іс-шаралар төмендегі 1–кестеде берілген.

Аталған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары:

-шешім қабылдайтын деңгейдегі билік органдарында әйелдердің үлесінің көп болуына қол жеткізу;

-әйелдердің экономикалық өмірге белсенді қатысуы үшін жағдай жасау;

-әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамыту бойынша шараларды жетілдіру;

- әйелдер мен балалардың денсаулығын жақсарту шараларын қабылдау;

- отбасы және некенің жағымды жақтарының адамгершілік құндылықтарын жаңғырту;

- әйелдерді кемсітушіліктің барлық түрлерінен қорғаудың құқықтық кепілдігін қамтамасыз ету, бірінші кезекте – отбасындағы зорлық-зомбылықтан қорғау.
Кесте 1. Аймақтағы гендерлік теңдікті нығайту



Индикаторлар атауы

Өл-шем бір-лігі

Нақты

1 кезең

2 кезең

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж

2014 ж.

2015 ж.

1

2015ж шешім қабылдау деңгейі билігіндегі әйелдер үлесі 30 %

%

15


17


21


25


27


30


2

2015 ж әйелдер орта жалақысының ерлер орта жалақысына арақатысы 80 % аз емес

%

58

62

65

70

75

80


Ескерту- Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы негізінде құрастырылған
Казақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын қабылдағаннан бері Қазақстандағы ерлер және әйелдер құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында біршама ілгерілеуге қол жеткізді. Қоғамдағы гендерлік қатынастардың демографиялық сипаттамалары ішінде әйелдер мен ерлер санының қатынасы үлкен маңызға ие [Стратегия гендерного равенства в Казахстане 2006-2016].

Еңбек рыногындағы әйелдер мен ерлердің теңдей мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін, дискриминациялық элементтерді жоятын құқықтық базаның құрылуына Қазақстанның заңнамалық актілеріне гендерлік сараптама жүргізу жұмыстары ықпалын тигізеді. Мұндай жұмыстар әйелдер құқығын қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияларға қосылған елдерде жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Оның пәні – азаматтарға қатысты нақты құқықтық актілер және оларды жүзеге асыру механизмдері.

Зерттеу жұмысының мазмұнын толық ашу барысында еңбек нарығындағы гендерлік теңдік мәселелерін анықтау мақсатымен «Гендерлік теңдік стратегиясының жүзеге асырылу деңгейін анықтау» тақырыбында қазақ және орыс тілдерінде әлеуметтік сауалнама жүргіздік. Сауалнамаға Қызылорда қаласындағы 18 жас және одан да жоғары жастағы азаматтардың әртүрлі топтары қатыстырылды.

Зерттеу мақсаты: еліміздегі гендерлік теңдік стратегиясының жүзеге асырылу барысын анықтау.

Зерттеу міндеттері:

-гендерлік теңдікті түсіну;

-еліміздегі гендерлік теңдік стратегиясының жүзеге асырылу барысы және оның маңызды бағыттары жайлы қаншалықты халықтың хабардар екендігін анықтау;

-ерлер мен әйелдер арасындағы теңсіздіктің пайда болуын анықтау;

-әртүрлі әлеуметтік институттардың әйелдер мүддесін қорғауына халықтың көзқарасын анықтау.

Сауалнама «face to face» әдісімен жүргізілді. Нәтижелерін өңдеу анкета сұрақтарының жауаптарына сандық талдау жолымен жүзеге асырылды.


Зерттеудің нәтижесі
Сауалнама нәтижелері бойынша төмендегідей мәліметтер алынды:

«Гендерлік теңдік» түсінігі? Ол нені білдіреді? -деген сұрақ бойынша респонденттердің үштен бір бөлігі гендерлік теңдік сөзін - рухани, материалдық, экономикалық, жыныстық және саяси өмірдегі ерлер мен әйелдердің теңдей мүмкіндіктері мен теңдей құқықтары деп түсінеді.


Кесте 2. Гендерлік теңдік туралы түсініктер нәтижелері

Ескерту- автордың құрастыруымен


Шамамен сұралғандардың осындай бөлігі қоғамдағы ерлер мен әйелдер рөлінің және статусының теңдігі деп түсінеді.

Ал гендерлік теңдікті ұлттық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуға теңдей қатысу шарттары деп-16%, бірдей пайда алу үшін теңдей шарттар деп-4% түсінеді.

«Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясының» жүзеге асырылуын бағалау бойынша, «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы» атты мемлекеттік бағдарламаның бар екендігі туралы бұған дейін естіп пе едіңіз? –деген сұрақ бойынша төмендегідей нәтиже алынды:
Кесте 3. «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы» жүзеге асырылуын бағалауы

Ескерту- автордың құрастыруымен


Сұрау барысында респонденттердің жартысынан астамы гендерлік стратегия мазмұны және оның бар екендігі туралы білмейтінін айтқан. Респонденттердің үштен бір бөлігі стратегия туралы естуі бар екендігі, бірақ оның мазмұнын білмейтінін белгілесе, 8% респонденттер бағдарламаны білетінін, бірақ толық емес екенін, тек 4% респондент бұл бағдарламаны жақсы білетінін айтқан.

«Қазақстан Республикасындағы Гендерлік теңдік стратегиясының» негізгі ережелері жайлы халықтың негізгі ақпарат алу көздері ретінде интернет және бұқаралық ақпарат құралдарын атаған.

Сұрау нәтижесі бойынша респонденттердің 4%-ы «Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік стратегиясының» орындалу нәтижесін сезінетінін, ал 12% респондент оның елеулі нәтижелерінің жоқтығын, 84% респондент «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы» атты мемлекеттік бағдарламаның бар екендігі туралы білмейтіндігін белгілеген.

Зерттеу нәтижесі бойынша респонденттердің басым көпшілігі (92%) біздің елімізде ерлер мен әйелдер арасында теңсіздік орын алатынын білдіреді. Олардың көзқарасы бойынша, ерлер мен әйелдер арасындағы теңсіздік төмендегідей салаларда анық көрінеді:

Кесте 4. Салалар бойынша ерлер мен әйелдер арасындағы тесіздіктің орын алуы

Ескерту- автордың құрастыруымен


«Жыныс белгілері бойынша көбіне қандай еңбек құқықтары бұзылады, яғни ерлер мен әйелдердің еңбек құқықтарының жүзеге асырылу мүмкіндіктері» бойынша сұраққа алынған жауаптың нәтижелері төмендегідей:

Сурет 5. Салалар бойынша еңбек құқықтарының бұзылуының нәтижелері

Ескерту- автордың құрастыруымен

Респонденттердің жартысына жуығы жыныстар бойынша еңбек құқықтарының бұзылуы ел басқару істерінде және еркін еңбекте болатынын белгілеген. Сұралғандардың шамамен үштен бір бөлігі әділ жалақы төлеуде және кәсіби және лауазым бойынша көтерілуде бұзылатынын атаған. Респонденттердің 16%-ы кәсіби шеберлігі мен біліктілігін арттыруда және кәсіп таңдауда бұзылатынын белгілеген.

«Саяси құқықтардың ішінде Сіз үшін қайсысы маңызды?» сұраққа төмендегідей жауаптар алынды:

Сурет 6. Саяси құқықтардың маңыздылығы бойынша алынған сұрау нәтижелері

Ескерту- автордың құрастыруымен

Бұдан да басқа сұрау нәтижелері бойынша: 64% респондент «ерлер де, әйелдер де ел тағдыры үшін бірдей жауапты» десе, 28% респондент «әйелдердің көшбасшылық сапасы ерлерден төмен емес» деп есептейді, ал 24% респондент «ерлер әйелдерге қарағанда көбірек ақша табу керек, себебі ол отбасының асыраушысы» дейді, 20% респондент «ерлер туылғаннан көшбасшы, ол бірінші лауазымға ие болу керек, ал әйелдер карьералар жасауы міндетті емес» деген шешімге келеді, 4% респондент «саясат әйелдер үшін емес» деп шешеді.

«Сізді көбіне отбасы-тұрмыстық саласында ерлер мен әйелдер теңдігіне қатысты қандай сұрақтар толғандырады?» сұрағы бойынша төмендегідей нәтижелер алынған:

Сурет 7. Отбасы-тұрмыстық саласында ерлер мен әйелдер теңдігіне қатысты сұрақтар нәтижелері


Респонденттердің басым бөлігі отбасы бюжетін әділ бөлу мен үй жұмыстарында отбасылық міндеттерді әділ бөлуді отбасы-тұрмыстық саласындағы өзекті мәселелер ретінде айтады. Сұралғандардың үштен бір бөлігі балалар тәрбиесіне теңдей қатысу мәселелерін көрсетеді, ал респонденттердің бестен бір бөлігін мүліктік құқықтарының теңдігі мәселелері мазалаған.

Сұрау нәтижелері бойынша қазіргі қоғамда ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуде келесі ұсыныстар анықталды:

-заңдық базаны жетілдіру;

-дәйекті гендерлік теңдікке қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу;

-әлеуметтік теңдікті қорғаудың қоғамдық пікірін қалыптастыру;

-Кәсіподақтардың мақсатты бағытталған жұмыстарды жүргізуі;

-әйелдер ұйымдарының белсенділігін арттыру

Осы аталғандармен қатар қосымша гендерлік саясатты жүргізу үшін жауапты адамдар үшін арнайы курстар енгізу, оларда мынадай көрсеткіштерді қабылдау қажет:

1.Білім беру жүйесіндегі басшылық деңгейіндегі ерлер мен әйелдердің арақатынасы;

2.Гендерлік сезімталдылықты дамытатын оқу бағдарламалары мен курстарының санын арттыру;

3.Орта кәсіптік және жоғарғы білім беру жүйесінде ауыл қыздары үшін арнайы квотаның болуы;

4.Жоғарғы білімді әйелдердің үлесі;

5.Ғылыми дәрежесі бар әйелдердің үлесі;

6.Ғылымдағы ерлер мен әйелдердің арақатынасы



ҚОРЫТЫНДЫ
«Гендерлік зерттеулер және еңбек нарығында гендерлік теңдікті жетілдіру мәселелері (Қызылорда облысы бойынша)» тақырыбында жүргізілген ғылыми-зерттеулер бойынша төмендегідей қорытынды жасалды:

Жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері аймақтағы гендерлік теңдіктің өзгерістері мен жағдайы, оларға әсер ететін факторларды талдау, мемлекеттің ресурстық мүмкіндіктері мен бүгінгі экономика жағдайын бағалау аймақтық гендерлік реттеу саясатының негізгі даму бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.

Гендерлік теңдік төңірегіндегі мәселелер шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектеріне талдау жасай отырып, аталмыш мәселенің әлемнің ешбір елінде осы кезге дейін толық шешімін таппағандығына көз жеткізуге болады. Гендерлік теңдік бұрынғысынша қоғамдық пікір-таластардың өзекті тақырыбы және демократия мен адам құқығының сақталуы жолымен дамуға бет алған мемлекеттердің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады және оны әлі де толықтырылып, нақтылауды нығайта беру қазіргі күннің өзекті мәселесінен түспеу керек.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


  1. Н.Ә.Назарбаев ««Қазақстан -2050» стратегиясы- Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»-15.12.2012 жылғы Қазақстан халқына жолдауы.

  2. Стратегия Гендерного равенства в Казахстане на 2006-2016 годы. Казинформ.

3.Соловьева С.Н. Детерминационные процессы гендерных отношении:Социально-философский аспект. автореферат дис.к.ф.н: 09.00.11. -М., 2006.

4.Чернова И.И. Исследование процессов в социальной структуре современного общества. автореферат дис.д.с.н: 22.00.04-Нижный Новгород, 2002г

5.Филимонкова С.А.Обеспечение гендерного равенства в социально-трудовой сфере. автореферат дис.к.э.н: 08.00.05-М, 2005г

6.Калабихина И.Е.Экономико-демографическое развитие Росии:гендерный аспект. автореферат дис.к.э.н: 08.00.05-М, 2010г

7.Шишкан Н.М. Социально-экономические проблемы женского труда. -М.: Экономика, 1980.- 225 с.

8.Шеденова Н.У. Социальные проблемы женского труда в условиях рыночных отношении. –Алматы: Ғылым, 1998.- 158 с.

9.Дюркгейм Э. О разделении общественного труда. - М., 2012.- 363 с..

10.Беккер Г. Теория распределения времени- США: ЮПИ, 1996., №2.- 235.с.



20.Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, 2013 жыл

21.Облыстық халықты жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру Департаменті мәліметтері, 2013 жыл

22.Қазақстан Республикасының статистикалық мәліметтер жинағы, 2014 жыл

23.А.Үйренішбекқызы. Қоғам тұғырының баспалдағы-гендерлік саясат./Егемен Қазақстан, 20.11.2010

24.Нұрланұлы Ж, Ибрашева Э. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу жағдайы.

25.Х.Бұқарқызы. Гендерлік саясат: әйелдің мүддесін ғана көздеу ме?/Айқын, 04.04.2011ж

26.Д.М.Айкупешева. Қазақстан Республикасында әйел жұмыс күші рыногының қалыптасуындағы гендерлік теңдіктің дамуы. Автореферат к.э.н.: 08.00.01

27.Д.Шәженова. Әйел кәсіпкерлігінің әлеуеті зор/Егемен Қазақстан, 04.06.2011ж

28.И.Өсімбаева. Әйелдердің саяси өмірге араласуы:Қазақстандық тәжірибе/Қазақ газеттері, 24.01.2011ж

29.Г.Под.ред. Б.С.Буланова, Н.А.Волгина.Рынок труда.-М,2013,445с.

30.Қ.Айтжан. Әлем және әйел/Президент және Халық, 12.03.2012 ж

31.Индустриялық даму және әйелдер/Егемен Қазақстан, 20.04.2012ж

32.Н.Ерімбетов. Елдің еңсесін әйелдер көтеріп тұр!/Айқын, 08.03.2012ж

33.Г.Н.Әбдіқалықова. Жастарда отбасылық және неке құндылықтарын қалыптастыру/Егемен Қазақстан, 14.02.2012ж

34.М.Сералы. Үкіметтің гендерлік саясаты жемісін беруде/№10(235), Экономика, 11.03.2012ж

35. Машика Т.А. Занятость женщин и материнство. –М: Мысли, 1989. 167с.

36.ПРООН. Доклад О развитии человека за 2009 год., 15 с.

37.Семенова В.В. Качественные методы в социологии. Стратегия социологического исследования. Описание, объяснение, понимание социальной реальности. –М, 1999.- 399 с.

38.Нугыманова Н. Гендерные исследования в экономической теории: автореферат дис.к.э.н: 08.00.01. -А., 2001. 30 с.

39.Кағазбаева Э.М.Государственная политика обеспечения гендерного равенства в Республике Казахстан. автореферат дис.к.п.н:23.00.02. -А., 2010. 30 с.

40.Бендас Т. В. Гендерная психология лидерства: Монография. Оренбург, 2000.

41.Тукачёва Ю.С. Методологические проблемы гендерного подхода. http://socio-sphera.com



42.Сеитова М.Социально-культурные значения пола:проблемы теоретизации //Сборник статей по гендерным исследованиям «Пол женщины». – Алматы.– 2000.– С. 33– 41.

43.Қиқымбаев М.Ж. Гендерлік зерттеулер методологиясының ерекшеліктері//Экономика, 11.03.2013ж
: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет