Г. Б. Шойнбаева магистрант



жүктеу 55.27 Kb.
Дата22.01.2018
өлшемі55.27 Kb.
Г.Б.Шойнбаевамагистрант, dana.8888@mail.ru, Н.Ж. Орманов – профессор, м.ғ.д.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы, Шымкент, Қазақстан


ұСАҚГҮЛДІ КӨКЖАЛБЫЗ, тОРҒАЙ КӨКБАС ГҮЛКЕКІРЕ, Азиялық мыңжапырақ ӨСІМДІКТЕРІНЕН АЛЫНҒАН ЭКСТРАКТЫЛАРДЫҢ СПЕЦИФИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АНЫҚТАУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
АННОТАЦИЯ
Оңтүстік Қазақстан облысы климаттық ерекшеліктеріне байланысты өсімдік қорына бай. Ол өсімдіктердің көп бөлігі халық медицинасында қолданысқа ие болғанымен, фармакологиялық әсерлері толық зерттелмеген. Оңтүстік Қазақстанда өсетін Ұсақгүлді көкжалбыз, Торғай көкбас гүлкекіре, Азиялық мыңжапырақ өсімдіктерінің жедел және созылмалы уыттылығына зерттеулер алғаш рет жүргізілді және өзара салыстырылды.

Кілт сөздер: Ұсақгүлді көкжалбыз, Торғай көкбас гүлкекіре, Азиялық мыңжапырақ, жедел уыттылық, созылмалы уыттылық.
Кіріспе. Қазіргі таңда химиялық дәрілік препараттардың синтезінің жандануы мен санының артуына қарамастан, дәрілік шөптермен емдеуге қызығушылық артып отыр. Ол көбіне дәрілік өсімдіктер мен олардың препараттарының қолжетімді және дұрыс пайдаланған жағдайда уытты емес, қауіпсіз, тиімді, ал кейбір жағдайда синтетикалық алмастырушыларының арасында бәсекелестері жоқ болуымен байланысты[1].

Географиялық ерекшеліктеріне, теңіз деңгейінен биіктікте орналасуына, ылғалдылық мөлшеріне, күн сәулесінің түсуіне және жылу секілді факторлардың әсерінен вегетация кезеңінде дәрілік өсімдіктердің химизмі өзгеріп отырады. Осыған байланысты көп ғалымдардың пікірінше оңтүстік өңірде өсетін өсімдіктерде әсер етуші белсенді заттар басым болады [2].



Оңтүстік Қазақстан облысы өсімдік шикізат қорына бай мекен, солардың ішінде әрбір өсімдік өзіне тән фармакологиялық қасиетке ие. Осы қасиеттерін жетік меңгеру арқылы олардың негізінде жаңа дәрілік заттар шығаруға болады. Оңтүстік өңірінде өсетін толық зерттелмеген өсімдіктердің фармакологиялық әсерлерін анықтау алға қойған мақсаттардың бірі болып отыр.

Ұсақгүлді көкжалбыздың фармакологиялық әсерлері толық зерттелмеген, алайда халық медицинасында қабынуға қарсы, ауруды басатын, тәбетті ашатын, асқазан-ішек трактысының қызметін жақсартатын, жүрек жиырылу амплитудасын жоғарылататын қасиеттерін пайдаланған. Азиялық мыңжапырақ Азия елдерінде, әсіресе Моңғол халық медицинасында асқазанның секреторлық және экскреторлық белсенділігін арттырушы ретінде пайдаланған. [4,5,9]. Торғайкөкбас гүлкекіре халық медицинасында зәр айдаушы, асқазан ойық жарасына қарсы қолданылған [7].

Зерттеу нысаны ретінде Ұсақгүлді көкжалбыз (Nepeta parviflora Bieb.), Lamiaceae тұқ., Торғай көкбас гүлкекіре (Centaurea iberica Trev.), Азиялық мыңжапырақ (Aсhillea asiatica) Asteraceae тұқ. өсімдіктерінен алынған экстракттар алынды. Экстракттар ОҚМФА “Фармакогнозия және химия кафедрасында” бөлініп алынды.

Зерттеу тәсілдері. Жедел уыттылықты анықтауға зерттеу бір жынысты лабораториялық ақ тышқандарға жүргізілді. Олар 14 күн карантиннен өткізілді, қалыпты температурада және күн/түн режимінде, қоректену рационына сай тағаммен және сумен шексіз қамтамасыз етілді. Жануарлар торларға 10 данадан орналастырылды [6, 7,8].

Жануарларды 4 топқа бөліп, бірінші топтағы жануарларға – сынама, екінші топқа – 500мг/кг, үшінші топқа – 2000 мг/кг, төртінші топ – 5000 мг/кг болатындай етіп per os асқазан зонды арқылы өсімдіктерден алынған суда ерітілген экстракттар берілді. Төртінші топтағы тышқандарға сынама ретінде ешқандай экстракт берілген жоқ. Жануарлардың жалпы жағдайын бақылау 14 күн жүргізілді, оның бірінші және екінші күндері жануарлар ерекше бақылауда болды. Экстрактыны бергенге дейін және беріп болған соң әр апта сайын олардың салмақтары өлшеніп тұрды.

Зерттеу нәтижесінде берілген үш дозадан да тышқандар өлген жоқ. Экстрактыларды беріп болған соң, 30 минутқа дейін «жуыну» байқалды.

14 тәулік ішінде жануарлардың өлімі орын алмағандықтан LD50 анықтауға мүмкіндік болмады, тек сынамамен салыстырғанда жануарлардың салмақ қосу дәрежесінде өзгеріс анықталды (1-кесте).

1-кесте - Зерттеуге дейін және зерттеуден кейінгі салмақтарының өзгерістері.




Берілген дозалар

Экстрактыны бергенге дейінгі жануарлар массасы (n=10), г

Экстрактыны бергеннен 2апта кейінгі жануарлар массасы (n=10), г

Өзгерістер,%

Ұсақгүлді көкжалбыз экстрактысын қабылдаған жануарлардағы өзгерістер

5000мг/кг

29.546±0,88

31.610±0.651

107,00%

2000мг/кг

28.050±0,35

31.480±1,275

112,22%

500мг/кг

29.730±0,58

32.052±0.616

107,80%

Торғай көкбас гүлкекіре экстрактысын қабылдаған жануарлардағы өзгерістер

5000мг/кг

27,170±0,5

31,890±0.870*

116,50%

2000мг/кг

28,242±0,63

30,556±0.780

108,19%

500мг/кг

29,112±0,43

31.200±0.652

107,17%

Азиялық мыңжапырақ экстрактысын қабылдаған жануарлардағы өзгерістер

5000мг/кг

30.76±0,94

28,300±1,019

107,99%

2000мг/кг

37,252±0,72

35,000±0.848

106,04%

500мг/кг

27,994±0,8

25,262±1,037

109,74%

Ескерту. * - Р < 0,05, - Р < 0,01 сынақ алдындағы көрсеткішпен салыстырғандағы дәлдік көрсеткіші



Алынған нәтижелерді ескере отырып, ҚР 19 қараша 2010жылғы №1219 «Уытты және жоғары уытты заттардың қауіпсіздігіне талаптар» қаулысына сай 2000 < LD50 < 5000мг/кг дозада пероральды енгізгенде уыттылық көріністері болмағандықтан 5 классқа (уыттылығы төмен) жатқызуға болады. Осыған орай, зерттелген дозада LD50 анықтауға мүмкіндік болмағандықтан LD50>5000мг/кг деген тұжырым жасалды.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Решетникова А.В. Лечение растениями/ А.В. Решетникова, Е.И. Сенчинская.-К.: Феникс-1993-325б.

  2. Муравьева Д.А. // Фармакогнозия. М., 1978. С. 15-627.

  3. Дикорастущие полезные растения Казахстана./У.А.Уразалиев, С.Б.Кененбаев.-Алматы.:«Асыл кітап» баспасы, 2008-100б.

  4. Юсубов М.С. Химический состав эфирного масла тысячелистников обыкновенного (Aсhillea millefolium L.) и азиатского (Aсhillea asiatica Serg.) /Химия растительного сырья,2000. №3 . 25-32б.

  5. Л.М. Грудзинская, Н.Г. Гемеджиева. Список лекарственных растений Казахстана. Том 18 (4) Алматы, 2012, 40 бет

  6. Куприянов А.Н. К систематике рода Achillea L. Южной Сибири // Ботанические исследования Сибири и Казахстана. 1998.-Вып. 4.-8–26 б.

  7. СССР ДСМ 10.03.1966 N 163 бұйрығы «О нормах кормления лабораторных животных и продуцентов»

  8. Р.У. Хабриев «Руководство по экспериментальному (доклиническому) изучению новых фармакологических веществ» М.: Медицина, 2005. – 832 б.

  9. A.Pitchman // «Traditional Mongolian Medicine: history and status quo»/ Phytochem Rev. 2013/12:943-959. Pitchman A., Purevsuren S., Obmann A.

: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет