Ғұмарова Арайлым Ерболқызы



жүктеу 120.95 Kb.
Дата17.07.2017
өлшемі120.95 Kb.

Ғұмарова Арайлым Ерболқызы


Оразбекова Самал Оразбеқкызы
Шығыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайына талдау
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасы бойынша өндірістік-дамыған, өркениетті аймақ болып саналады.

Айта кетерлік жайт, біздің қазіргі замандағы қоршаған ортамыздың жай-күйімен тұрғылықты халықтың денсаулығы өткенімізден берілгенге, яғни Семей ядролық полигонымен, сонымен қатар посткеңестік кезең кезіндегі экономиканың даму деңгейіне байланысты болып келеді.

Сараптама көрсеткіші бойынша өндірістік өнім түрінің өсу жағдайы біздің аймақта экологиялық шешімнің тұрақталуын көрсетеді.

Статистиканың бүгінгі күндегі көрсеткіштері 2006 жылда облыстың стационарлық көздерінен шығарындылардың 2001 жылмен салыстырғанда 116 мың тоннаға төмендегенін көрсетеді. Сонымен, 2001 жылы облыс атмосферасына 247,7 мың тонна шығарынды жіберілсе, 2006 жылда бұл сан 157,8 мың тоннаны көрсеткен.

Бұл мәселенің шешіміне үлес қосқандар облысымыздың кәсіпорындарының өткізген шараларымен және «2005-2007жж. Шығыс Қазақстан облысында қоршаған ортаны қорғау» аймақтық бағдарламасы болып табылады.

Соңғы 5 жылда мұндай тенденция Өскемен қаласында да байқалуда - айтарлықтай ластаушы заттегілермен шығарындылар қарқынды түрде төмендеуде. 2006 жылда шығарындылар саны 72,7 мың тоннасы 2001 жылдың 111 мың тоннасына қарсы көрсеткіш берген.

Дегенмен де, өндірістік кәсіпорындардың шығарындыларына ғана облыстық орталық ықпал жасап отырған жоқ, сонымен қоса біртұтас себептердің жиналу кешенін де қарастыруды қолға алуда. Бұл Өскемен қаласының тұйық жерде орналасуынан, яғни қала сызбаларында өндірістік кәсіпорындардың ауаны ластайтын шығарындыларының жойылмайтындығын айқындайды. Өскемен қаласының атмосфералық ауасының сапасы ауаны ластайтын шығарындылардың көлеміне және ауа-райының жай-күйіне тікелей қатысты болып келеді, атап айтқанда атмосферада тоқырау құбылыстарының қайталануы. Бұл көрініс Келеңсіз метеожағдай, яғни КМЖ деп аталады.

КМЖ болжамы синоптикалық жағдай бойынша Шығыс Қазақстанның метеорологиялық параметрлерімен гидрометеорология жөніндегі орталығынынан беріледі. Келер ластанудың деңгейі бойынша КМЖ дауылды ескертулердің үш кезеңін құрайды:

I кезең – ШЖК-дан жоғары бір немесе бірнеше бақыланушы заттар концентрациясының бірден өсуі байқалған кезде беріледі.

II кезең – 3 ШЖК-дан жоғары бір немесе бірнеше заттар концентрациясының бірден өсуі байқалған кезде.

III кезең – 5 ШЖК-дан жоғары бір немесе бірнеше заттар концентрациясының бірден өсуі байқалған кезде.

Метеорологиялық сараптама көрсеткіші 2006 жылды 2005 жылмен салыстырғанда, 2006 жылда метеорологиялық жағдай жоғарырақ деңгейде көрінген, яғни өткен жылдағы атфосфераны ластайтын заттегілердің жойылуына қарағанда өзгеріс байқалған.

2005 жыл көлемінде КМЖ күндері 142 күнді құраған, ал 2006 жылда 123 күнді көрсеткен.

Келтірілген мәліметтерге сүйене отырып біз КМЖ кезеңдерінің жыл бойынша 40% пайызға дейін баратынын, яғни қаладағы экологиялық тұрғы жағдайының күрделігінің айқындылығын көреміз.

Бұл кезеңдер - түнгі және күндізгі температура аралығында өзгешелік туындаған кезінде, тамыз-қыркүйек айларында бақыланған температура инверсиясымен сипатталады. Мұндай үрдістер атмосфералық ауада таралмайтын, тек қана күн радиациясынан фотохимиялық реакциялардың жүретіндігінен, нәтижесінде атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың қауіптілігін айқындайтын химиялық қосылыстардың туындайтынын көрсетеді.

Ауаны ластауды ескертуде, заңшығарушы тәртіп бойынша атмосферадағы зиянды заттегілердің белгілі бір концентрациясы ғана (ШЖБК) бекітіледі. Атфосфералық ауаны ластайтын әрбір заттегі үшін бір рет қолданатын және орта күндік ШЖБК бекітіледі. Бір рет қолданатын ШЖБК қысқамерзімді әрекетте (20 минөтке дейін) ал орта күндігі –үнемі уақыт ішінде бекітіледі.

Ескере кететін жайт, атфосфераның ластануынан барлық тіршілік иесі зардап шегіп жатса да, ШЖБК тек қана адам организміне орайластырылып жасалған.

Атмосфералық ауа сапасы, сонымен қатар ауаны ластаушы ретінде көрсеткіш деп беріледі (АЛК). Бүгінгі таңдағы көрсеткіш бойынша Өскемен қаласы Қазақстан Республикасының қалаларының ішінде 8 орынды иеленуде. Бірақ, атмосфералық ауаны ластаушы көрсеткіштің есептік әдістемесі Өскемен қаласының ластаушы заттегілері шығарындыларының ерекшелігіне толық емес түрде алынған. Әрекеттегі әдістеменің атмосфералық ауаны ластаушы көрсеткішін анықтау үшін, оған неғұрлым жоғары концентрацияда атфосфераны ластаушы бес заттегі құрамға алынады, яғни атмосфералық ауаның ластану деңгейінің көрінісінің бұлыңғыр көрсетілуі шартты болып келеді. Келеңсіз метеорологиялық жағдайда шығарындыларды ретке келтіру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар мүлдем берілмеген.

Қазіргі уақытта Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жаңадан нормативтік-әдістемелік құжаттарды дайындау үстінде.

Атмосфералық ауа сапасына бақылау жүргізетіндер Өскемен, Семей, Риддер қалаларының және Глубокое кентінің Шығыс Қазақстандық гирометеорологиялық орталықтары болып табылады.

Облыстық орталықта атмосфералық ауаның сапасына 5 стационарлық бекетте бақылау жүргізіледі, олар Рабочая, Урицкий көшелерінде, Защита, Жаңа Согра кентерінде, Жібек-маталар ықшамауданында орналасқан. Үш бекетте (ББ31, ББ3 5, ББ3 7) 16 компонент бойынша 3 сағат сайын, бақылау күндіз-түні жүргізіледі.

ШҚ ГМО бақылауы бойынша 2006 жылда ең жоғары атмосфераны ластаушы көрсеткіш ақпан айында байқалған.

Бұл атмосферадағы тоқырау құбылыстарының неғұрлым қайталауына байланысты болып келеді. ШЖБК күшейтетін концентрациялар күндізгі уақытта да, түнгі сағаттарда да есепке алынып отырылады.

Ізінше, кәсіпорындардың ластаушы заттегілерінің шығарындыларын түнгі уақытта жіберетіндіктері анықталмаған.

Күндіз-түні бақыланған нәтиженің талдауының көрсеткіші бойынша ШЖБК-ні күшейтетін азот диоксидінің қосындыларының қайталануы кешкі сағат 16 мен 22 сағат аралығында белгіленіп отырылады.

Атмосфералық ауаның ластануының маусымдық динамикасы байқалмаған, дегенмен де, КМЖ күндерінде қосындылардың күрт өсууімен қаладағы ауа-райының жай-күйіне байланысты атмосферада азот диоксидінің құрамы бойынша тәуелділік байқалған.

Жылдық динамикада азот диаксидінің орта айлық жоғары құрамы қараша, желтоқсан айларында байқалған, бұл жылыту маусымына, сонымен қатар бірегейлі антициклонға байланысты болып отыр.

2006 жылда күкірт диоксидінің орташа көлемі 1,2 о.т. ШЖБК.

Жыл көлемінде күкірт диоксиді бар м.е. ШЖБК жоғарылаған 27 жағдай тіркелген, оның бесеуі түнгі сағат 1-де Рабочая көшесі мен Защита бекетінде тіркелген. Күкірт диоксидінің қосындысымен байқалған м.е.ШЖБК жоғарылауының үлкен бөлігі күндізгі уақыт кезінде байқалған.

Кәсіпорын-табиғатты пайдаланушы аймақтарының санитарлық-қорғау шегінде атмосфералық ауаның сапасына бақылау жүргізу мақсатында, Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігі облыстық орталықтың атмосфералық ауасының жай-күйіне күндіз-түні бақылау жөніндегі айлықты өткізу тапсырмасын, қоршаған ортаны қорғау басқармасына жүктеді. «ҮМЗ» АҚ мен «ӨТМК» АҚ кәсіпорындарының санитарлық-қорғау аймақтарының шегіне бақылау өлшемдері жүргізілді. Өлшеу жұмысы 31 тамыз күні түнгі сағат 01- де жасалды, азот диоксиді бойынша 1,17 м.е.ШЖБК-ның жоғарылау белгісі тіркелген. Қалған ластаушы заттардың қосындысы (күкірт, хлор, хлор сутегісінің, көмір оксидінің диоксиді) м.е.ШЖБК әсер етпеді.

Қоршаған орта сапасы факторлар тізбегіне тәуелді, соның ішінде өндірістік кәсіпорындардың санитарлық-қорғау аймағының жай-күйі де енеді. Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау Департаментінің мамандары өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде, олар Семей қаласындағы және Өскемен қаласындағы 9 өндірістік кәсіпорындарының санитарлық-қорғау аймақтарының мазмұнына бақылау жүргізеді. Зерттеу нәтижесінде «Юко» ҚР ЖШС-нен басқа кәсіпорындардың аумақтың санитарлық жағдайы қанағаттандырмағандықтан оларға әкімшілік шаралары қолданылды.

Ірі қалалар мен бүкіл облыс бойынша атмосфералық ауаның негізгі ластануы түрлі-түсті металлургиямен жылуэнергетикасы кәсіпорындары шығаратын шығарындыларға байланысты болып отыр. Кәсіпорындарға неғұрлым «таза» технологиялармен қазіргі заманғы өнімдерді енгізбей тұрып, экологиялық жағдайды өзгерту мүмкін емес.

Сонымен, ӨМК Казцинк АҚ пайдалануына «Хальдор-Топсе» енгізіліп орнатылылды, бұл құрылғы Өскемен қаласының атмосферасын ластайтын заттегі шығарындыларын жылына 31 мыңға азайтты. Жүзеге асыру үшін 4,9 млрд. тенге жұмсалды.

«Казцинк» АҚ-ның Өскемен металлургиялық кешенінде, «Казцинк» АҚ-ның 2006-2010 жылдарда даму жолына жасалған болашақ жоспарында, қоршаған ортаға тасталатын ластаушы заттегілермен шығарындыларды азайтуға арналған үздік технологияларды енгізу мәселесі қарастырылған. Олардың негізі болып - автоклавты технология бойынша жасалған қорғасын және мыс өнімдері табылады. «Казцинк» АҚ жылына 70 мың тоннаға дейін катод мысын өндіретін электролитті мыстау зауытын тұрғызуды 2009 жылға жоспарлап отыр. Бұл технология енгізілген жағдайда қорғасын мен күкірт диоксидінің шығарындысының азаюы әбден мүмкін. Бағдарламаның орындалғанынан алынған нәтижеде қорғасынның жылдық шығарындысы 2006 жылға қарағанда 32% пайызға, ал күкірт диоксиді 2006 жылдың мөлшерімен салыстырғанда 20% пайызға азайып жылына 22 мың тоннаны құрайды. Жоба құны- 352,6 млн. АҚШ долларына келеді.

Өскемен қаласында орналасқан барлық ірі металлургиялық кәсіпорындар ИСО-14001 халықаралық үлгіқалпына сай куәліктендірілген.

Семей қаласындағы атмосфералық ауаның ластануы шаң-тозаңнан болатындығы үнемі тіркеуге алынады, бұл шағын жақпа қазанды және «Семейцемент» ЗАҚ зауытынан қатты заттегі шығарындыларына байланысты. Сонымен қатар, бұл қаланың экологиялық жағдайы да назарға алынып, 2006 жылда тасталған ластаушы заттегі шығарындыларының мөлшері 2005 жылдың шығарындыларынан артылмағанын айқындайды.

Жыл сайын атмосфералық ауаның ластануына ықпал жасаушы автокөлік болып табылады. Тек қана облыстық орталықтың өзінде автомильдің саны 61 мыңнан асады. Айта кетерлік жайт- бұл экологиялық талаптарға бағынбайтын көлік қаражатының жұмсалуы.

Автомобильге шығарылған газдар- 200-дей химиялық элементтер мен қосылыстардың қоспасы. Автомобильдердің қозғалтқыштары көмірсутекті қоршаған ортаға тасталатын шығарындылардың жалпы мөлшерінің жарты көлемін алады, соның ішінде көміртек тотығы 60 % пайызды, азот тотығы 40% пайызды құрайды. Автокөлік шығарындылар шарттылығы- көлік ағындардың тұрғылықты жердің жоғары тығыз жерлерде шоғырлануында жатыр, шығарындылар жартыжылдыққа дейін бірнеше күнде зиянды заттегілермен таралу үшін қолайсыз жағдайда, атмосфераның жер үсті қабаттарында жүзеге асады. Күн сәулесінің әсерінен атмосфералық ауада озон бейнеленеді. Атмосфераның төменгі қабатында жиналған бұл заттегі организмге кері әсерін тигізеді: жөтелу, бас айналу, шаршау сияқты. Озон- күшті тотықтырғыш зат: оның құрамындағы (көлемі бойынша) небәрі 1 10-5 % пайызы резеңкені жейді, металды құртады, адам үшін қауіпті заттегілерді тудыратын көмірсутектерімен реакцияға түседі.

Автокөліктен атмосфералық ауаға бенз(а)пирен шашырайды, ол қазіргі уақытта тиянақты зерттелген ластаушы заттардың ішіндегі ең қауіптісі болып табылады. Адам организмінде қосылыстар шегіне жеткенде, ол қауіпті науқастарға шалдығуы мүмкін.

Облыстық орталықтың магистралі негізінде қозғалмалы зертханада ластаушы заттегілердің құрамы бақылануда. Мұндай бағдарлар ресей ғалымдарының назарында болған «Өскемен қаласының атмосферасындағы химияға зерттеу жүргізу» жұмысын өткізгеннен кейін қолға алынды. Казгидромет желісінде бензапиреннің құрамына жүргізілетін бақылау тек біздің қаламызда ғана орындалуда

Әрбір жеңілкөліктен атмосфераға жарты килограмнан артық қатты бөлшектер түседі- автомобильдің ілініспе дисктерімен, бағаныш тежеуішінің тозығы жеткен резеңкесінен қаншама шаң қалатын болса, сонымен қоса ол жол бетінің өнімін қажалайды.

Осыған қатысты, қала ауасын тазалау үшін отырғызылатын жасыл көшеттердің ролі ерекше. Өсімдік көмірқышқыл газын өзіне сіңіріп, нәтижесінде оттегі бөледі. Орта көлемдегі ағаш 24 сағат ішінде үш адамның тыныс алуына қажетті оттегіні бөліп шығарады. Қыздырылған асфальт, ысыған үйдің темір шатырларынан жылы ауамен бөлінетін ағындар, ауада ұзақ тұратын шаңды қалыптастырады. Ал ағаштарда керісінше ауа ағындары шығарылмайды, өйткені ағаш жапырақтары асфальт пен темірге қарағанда салқын болып келеді. Ауа ағындарынан бөлінетін шаң жапырақтарға қонады. Жасыл ағаш көшеттері ауаны өнімдік және шығарма газдардан тазартады, сонымен қоса олар ауадан тек қана көмірқышқыл газын ғана емес тұншықтырғыш газды да сіңіріп алады, сондықтан да өнеркәсіп қалаларындағы саябақ аймақтарының көлемін кеңейту өте қажет.

Автокөліктің көбеюіне жол беретін тағы бір мәселе- шуыл түрінде ластану. Шуыл білдіртпей ғана есту жүйесіне зақым келтіреді, соның салдарынан бас ауруы, қажу, дірілдеу және жүйке жүйесінің жұқаруы сияқты нәрселер пайда болады. Үлкен қалалардағы шуыл адам өмірін 8-12 жылға дейін қысқартады. Бұл мәселелердің шешімі Өскемен қаласының бас құрылыс жүйесінде ғана шешілмек, онда жаңа көлік ағыттықтардың құрылуы, қаланың сол жақ жағалауындағы құрылыстың дамуы, көгалдандыру бойынша жүргізілетін жұмыстар легі жатыр.

экологиялық сауаттылығы. Облыс орталығының әрбір жастағы тұрғындарына жүргізілген зерттеу нәтижесінің көрсеткішнде халық денсаулыққа экологиялық фактордың әсер ететіндігін айтып психологиялық баға берген. Барлық денсаулықтың нашарлағаны экологиялық себептерден деп түсіндіреді. Қала тұрғындарының белсенді демалысқа деген қызығушылықтарының төмендеуінің тенденциясы байқалған, бұл тұрғындардың денсаулығының нашарлауынан. Өскемен қаласының рекреационды мүмкіндіктері шектелген. Қазіргі уақытта функционерленген үш саябақ қала тұрғындарының демалу қажеттілігін қамтамасыздандыра алмайды.

2005 жылда «Қоршаған ортаны қорғау және экология мәселелері жөніндегі көпшіліктің пікірін игеру» жұмысы жүргізілген. Зерттеуге қатысқан, халықтың барлық әлеуметтік дәрежелері, экология мәселелерінің төтенше жағдайын түртіп отырған. Мұнда пікір білдірушілердің 40% пайызы экологиялық шараларға қатыспайды. БАҚ-да жарияланған ақпарат түріне халықтың 20% пайызы сенбейді, ақпараттың негізгі көздері (40% пайыздан жоғары) болып- өсек-аяң, әңгімелер, туыстар және таныстар келеді. Және пікір алушылардың ішінде ешқайсысы осы экологиялық мәселелерге ат салыспайтындығын мойындамайды.

Кезінде экологиялық жағдайды жақсарту үшін біздің басқарма, демалуға арналған саябақ аймағын салу туралы бастамасымен облыстық орталыққа жүгінген еді. 2005 жылы облыстық бюджет қорынан бөлген қаражатқа қаланың сол жақ жағалау бөлігінде экологиялық саябақ тұрғызу құрылысына техникалық-әлеуметтік негіздеме жасалды, қазіргі таңда смета-жобасы бойынша құжаттама әзірленуде. Бұл үшін қаланың өндірістік кәсіпорындары мен әрбір қала тұрғыны белсенді түрде қол ұштарын беруі қажет. Халықтың қоршаған ортаға деген жүктемесін төмендету үшін үлкен саябақ аймағы тұрғызылады.

Бұл мәселелердің барлығы басқарманың шешімінсіз шешілуі мүмкін емес.

Бұл үшін, Өскемен қаласының облыстық мәслихаты, ШҚО-ның экологиялық жағдайына жүргізілген ғылыми талдауын негізге ала отырып, «2005-2007 жылдарда Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортасын қорғау» атты экологиялық бағдарламасын бекітті. Қазіргі уақытта «2007-2010 жж. қоршаған ортаны қорғау» атты аймақтық бағдарлама өңделіп жасалуда. Республикалық жалпы тізілімге енгізілген облысымыздың экологиялық тізілім жүйесі жасалды, «2007-2010жж. Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау» атты салалық бағдарламаның жобасына ұсыныстар берілді.

Шығыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайы жайлы

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасы бойынша өндірістік-дамыған, өркениетті аймақ болып саналады.

Айта кетерлік жайт, біздің қазіргі замандағы қоршаған ортамыздың жай-күйімен тұрғылықты халықтың денсаулығы өткенімізден берілгенге, яғни Семей ядролық полигонымен, сонымен қатар посткеңестік кезең кезіндегі экономиканың даму деңгейіне байланысты болып келеді.

Сараптама көрсеткіші бойынша өндірістік өнім түрінің өсу жағдайы біздің аймақта экологиялық шешімнің тұрақталуын көрсетеді.

Статистиканың бүгінгі күндегі көрсеткіштері 2006 жылда облыстың стационарлық көздерінен шығарындылардың 2001 жылмен салыстырғанда 116 мың тоннаға төмендегенін көрсетеді. Сонымен, 2001 жылы облыс атмосферасына 247,7 мың тонна шығарынды жіберілсе, 2006 жылда бұл сан 157,8 мың тоннаны көрсеткен.

Бұл мәселенің шешіміне үлес қосқандар облысымыздың кәсіпорындарының өткізген шараларымен және «2005-2007жж. Шығыс Қазақстан облысында қоршаған ортаны қорғау» аймақтық бағдарламасы болып табылады.

Соңғы 5 жылда мұндай тенденция Өскемен қаласында да байқалуда - айтарлықтай ластаушы заттегілермен шығарындылар қарқынды түрде төмендеуде. 2006 жылда шығарындылар саны 72,7 мың тоннасы 2001 жылдың 111 мың тоннасына қарсы көрсеткіш берген.

Дегенмен де, өндірістік кәсіпорындардың шығарындыларына ғана облыстық орталық ықпал жасап отырған жоқ, сонымен қоса біртұтас себептердің жиналу кешенін де қарастыруды қолға алуда. Бұл Өскемен қаласының тұйық жерде орналасуынан, яғни қала сызбаларында өндірістік кәсіпорындардың ауаны ластайтын шығарындыларының жойылмайтындығын айқындайды. Өскемен қаласының атмосфералық ауасының сапасы ауаны ластайтын шығарындылардың көлеміне және ауа-райының жай-күйіне тікелей қатысты болып келеді, атап айтқанда атмосферада тоқырау құбылыстарының қайталануы. Бұл көрініс Келеңсіз метеожағдай, яғни КМЖ деп аталады.


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Стратегический план развития Республики Казахстан -2030. – Алматы, 1998. – 110 с.
2. Программа действий Правительства Республики Казахстан на 2000-2002 годы. – Алматы, 2000. – 32 с.
3. План мероприятий по реализации программы действий Правительства Республики Казахстан на 2000-2002 годы: Утв. постановлением Правительства РК № 367 от 7.03.2000. – Алматы: Право, 2000. – 58 с.
4. Об особо охраняемых территориях: Закон Республики Казахстан от 18 марта 1998 г. – Алматы, 1998. – 10 с.
5. Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира: Закон Республики Казахстан, от 21 июня 1993 г. – Алматы, 1993. – 22с.
6. Правили взимания платы за использование особо охраняемых природных территорий и оказываемые им услуги: Постановление Правительства Республики. Казахстан от 10.05.2000 г. № 693. – Алматы: Экономика, 2000. – 230 с.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет