Физика пәні бойынша практикалық жұмыстар жинағы 10-сынып Мазмұны: Практикалық жұмыс №1



жүктеу 94.27 Kb.
Дата25.10.2018
өлшемі94.27 Kb.
Физика пәні бойынша

практикалық жұмыстар жинағы

10-сынып

Мазмұны:



1. Практикалық жұмыс №1. «Динамика» тақырыбына эксперимен-

талдық және мазмұндық есептерді шығару.

2. Практикалық жұмыс №2. Нүктенің қозғалысын компьютерлік модельдеу.

3. Практикалық жұмыс №3. «Термодинамика негіздері» тарауы бойынша сапалық және мәтінді есептер шығару.

4. Практикалық жұмыс №4. Молекулалық физиканың заңдарын компьютерлік модельдеу.

5. Практикалық жұмыс №5. «Электростатика» тақырыбына сапалық, мәтінді және эксперименттік есептер шығару.


6. Практикалық жұмыс №6 «Тұрақты электр тогы заңдары» тарауы негізінде электр тiзбектерiнiң құрастыруы бойынша виртуалды лабораториялық жұмыс.

Практикалық жұмыс №1

Тақырыбы: Динамика тарауы бойынша «Эксперименталдық және

мазмұндық есептерді шығару».



Мақсаты: Ньютонның заңдарын қолданып эксперименталдық және

мазмұндық есептерді шығару жолдарын үйрену.



Құрал-жабдықтар: арбашалар,қозғалмалы платформалар,

секундомер,өлшеуіш лента.



Жұмыс барысы:

1 тапсырма Ньютон заңдары.

1.Екі жеңіл қозғалмалы арбашалардан және өлшемдері 80*30 см жұқа тақтайшадан тұратын платформаның үстіне еркін қозғалатын арбашаны орналастырдық.

2.Үстінгі арбашаның орын ауыстыру мен жылдамдығын үстелмен салыстырып анықтаймыз.

3.Платформамен арбашаны бірқалыпты қозғалысқа келтіреміз. Орын ауыстыру мен жылдамдығын алдымен бірдей бағытта, содан кейін қарама-қарсы бағытта анықтаймыз.

Қорытынды:

2 тапсырма Жасанды серіктер мен планеталардың қозғалысы.

Күн жүйесіндегі планеталардың g еркін түсу үдеуін және v бірінші ғарыштық жылдамдықты табыңдар. М- планетаның массасы, R- планета- ның орташа радиусы



Планета

Шама

М,кг

R,м

Меркурий

3,26 · 1023

2,42 · 106

Шолпан

4,88 · 1024

6,10 · 106

Марс

6,43 · 1023

3,38 · 106

Қорытынды:



Қолданылған әдебиеттер:

  1. Физикалық эксперимент В.Ф Шилов, 88бет

  2. Физика есептерінің жинағы А.П.Рымкеевич, 41 бет


Практикалық жұмыс №2

Тақырыбы: Нүктенің қозғалысын компьютерлік модельдеу.

Мақсаты: Дененің бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс процесін

графикалық модельдеу.



Құрал-жабдықтар: Компьютер,Excel бағдарламасы

Жұмыс барысы:

Дененің бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс процесін графикалық модельдеу, жылдамдықтың әр түрлі шамаларымен бағыттарындағы x=f (t) тәуелділігінің графигін салу болып табылады. Тапсырма, тапсырманың орындалу кестесі - 1 суретте.



Бір қалыпты қозғалыс процесінің графигі - 2 суретте.



Графиктегі қисықтар жылдамдықтың әр түрлі мәндеріндегі тәуелділікті көрсетеді.

Қорытынды:
Практикалық жұмыс №3

Тақырыбы: «Термодинамика негiздерi» тарауына арналған

сапалық және мәтінді есептер шығару.



Мақсаты: Жұмыс, жылу мөлшері және ішкі энергия тақырыптарына

арналған есептерді шығару, есептерді EXCEL бағдарламасын

қолданып шешу.

Тапсырма №1 

Массасы m газ Δ Т-ге изобаралық түрде қыздырылды.

А) Газдың істеген А жұмысын;

Б) Газға берілген Q жылу мөлшерін;

В) Ішкі энергияның Δ U өзгерісін анықтаңдар .

Жұмыс барысы:

1. «Бір атомды газдың ішкі энергиясы.Жұмыс және жылу мөлшері.Термодинамиканың І заңы» тақырыптары бойынша теорияны қайталап керекті формулаларды қолдан;

2.Физикалық шамалардың мәндерін есептеп нәтижелерін кестеге жаз.

Газ

Параметры

А,Дж

Q,Дж

Δ U,Дж

m, кг

Δ T,K










Азот

0,51

81










Сутегі

0,066

238










Ауа

0,31

27










Гелий

1,1

23










Оттегі

0,007

810










Қорытынды:

Тапсырма №2 

Массасы m, t температурасында алынған металдарды балқыту үшін қандай Q жылу мөлшері қажет ?



Жұмыс барысы:

1. «Жылу берілу процесіндегі денелердің ішкі энергиясының өзгеруі » тақырыбы бойынша теорияны қайталап керекті формулаларды қолдан;

2.Физикалық шамалардың мәндерін есептеп нәтижелерін кестеге жаз.


Металл

Параметрлері

t, C

m, кг

Q,Дж

Қалайы

17

0,022




Қорғасын

26

0,053




Болат

72

8220




Алюминий

11

580




Күміс

48

0,004




Қорытынды:

Қолданылған әдебиеттер:


  1. Физика есептерінің жинағы А.П.Рымкеевич, 90,94 бет


Практикалық жұмыс №4

Тақырыбы: Молекулалық физиканың заңдарын компьютерлік модельдеу

Мақсаты: Молекулалық физика туралы түсініктерді, құбылыстарды,

заңдарды қайталау. Термодинамикалық параметрлердің (P,V,T)

тәуелділігін көрсету.

Құрал-жабдықтар: Компьютер, «Суреттегі физика» бағдарламасы

Жұмыс барысы:

1.Компьютердегі жұмыс үстеліндегі «Суреттегі физика» бағдарламасын іске қос;

2.Гей-Люссак заңындағы V мен T-ның арасындағы тәуелділігін анықтаймыз:

а) Қысымның тұрақты мәнін таңдаймыз.P=105 Па;

ә) V мен T-ның мәндерін 3 рет өзгерте отырып , олардың тәуелділігін график бойынша байқаймыз.

3. V мен T-ның мәндерін кестеге толтыр





T,К

V, м3

1







2







3







4.Қорытынды .

Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Суреттегі физика» бағдарламасы



Практикалық жұмыс №5
Тақырыбы: «Электростатика» тарауына сапалық, мәтінді және эксперименттік есептер шығару.

Мақсаты: Кулон заңын қолдана отырып есепті сапалы,мәтінді және эксперименталдық түрде шығару
1 тапсырма

Бір нүктеге бекітілген, ұзындықтары l жіптерге әр қайсысының массасы m болатын шарлар ілінген, шарларды бірдей аттас зарядтармен зарядтағанда жіптер α бұрыш жасап, бір-бірінен алшақтаған. 1) зарядтардың F өзара әсер күшін; 2) әрбір шардың q зарядын табыңдар.



Жұмыс барысы:

1. «Электростатика» тарауы бойынша теорияны қайталап керекті формулаларды қолдан;

2.Физикалық шамалардың мәндерін есептеп нәтижелерін кестеге жаз.




α ,0

m, кг

l,м

F,Н

q ,Кл

1

66

10-4

0,62







2

37

2,7·10-4

1,14







3

90

4·10-4

0,106






Қорытынды:

2 тапсырма

Электрометр таяқшасы мен зарядталған таяқшаның арасына шыны пластинаны екеуінеде тимейтіндей етіп орналастырса, электрометр тілі ауытқи ма? Егер, пластинаны қалдырып, таяқшаны алып кетсе ше?



Жұмыс барысы:

1. Электрометр таяқшасы мен зарядталған таяқшаның арасына шыны пластинаны екеуінеде тимейтіндей етіп орналастыр;

2. Пластинаны қалдырып, таяқшаны ал.

3. Екі жағдайғада қорытынды жаса.



Қолданылған әдебиеттер:

  1. Физика есептерінің жинағы А.П.Рымкеевич,101, 104 бет


Практикалық жұмыс №6

Тақырыбы: «Тұрақты электр тогы заңдары» тарауы негізінде электр

тiзбектерiнiң құрастыруы бойынша виртуалды

лабораториялық жұмыс
Мақсаты: «Электроника бастауы» бағдарламасын қолдана отырып , электр тізбектерін виртуалды құрастыруға үйрену.


Жұмыс барысы:

1. «Электр тізбегі» тақырыбы бойынша теорияны қайтала.

2.Оқулықтағы қарапайым электр тізбектерінің құрастырылуын қара.

3.Жұмыс үстеліндегі «Электроника бастауы» виртуалды бағдарламаны іске қос.

4. Көрсетілген схеманы қолданып, құрастыру үстелінде электр тізбегін жинақта.

1 тапсырма:



Сурет 1.


2 тапсырма: Сурет 2.

Қорытынды:
Қолданылған әдебиеттер:

1. Оқулықтар: Физика және астрономия оқулығы жалпы білім беретін мектептің 8-сыныпқа арналған /Б.М.Дүйсембаев,Г.З.Байжасарова, А.А. Медетбекова



  1. Физика және астрономия оқулығы жалпы білім беретін мектептің 10-сыныпқа арналған /В.Кем,Б.Кронгрт, Н.Қойшыбаев/

  2. «Электроника бастауы» бағдарламасы

: uploads -> doc -> 00fa
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
00fa -> Длина 130-175 см, масса 60-150 кг
00fa -> Сабақтың аты §46 Ареометрлер. §47 Су көлігі. §48Ауада ұшу Сілтеме Жоспар




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет