Ғылыми жұмыс Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданының жер-су атаулары Ғылыми жетекшісі



Дата15.10.2018
өлшемі144.26 Kb.
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданынындағы

Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебінің

11а – сынып оқушысы Нагумова Динара

Ғылыми жұмыс

Батыс Қазақстан облысының

Казталов ауданының жер-су атаулары

Ғылыми жетекшісі: Гильманова Нурия Қадемқызы

Қорғаған күні: 14. 12. 2004 жыл

Орал - 2004 жыл

Жоспар:


І. Кіріспе:

а) Батыс Қазақстан облысының топонимиясын терең талдау.

ІІ. Жұмыстың зерттеу бөлімі:

а) Батыс Қазақстан облысы топонимдерінің тарихи-лингвистикалық құрылысы

ә) Ақжайық өңірі топонимдерінің лексика-семантикалық сипаты.

б) Батыс Қазақстан облысы топонимиясының құрылымдық сипаты.

в) Батыс Қазақстан облысы топонимдерінің этнолингвистикалық сипаты.

ІІІ. Қорытынды

а) Егемендік туын енді ғана көтерген жаңа мемлекет.

б) Казталов ауданының жер-су атауларының сөздігі.



Кіріспе

Батыс Қазақстан облысының топонимиясына терең талдау жасап оның қалыптасу тарихына тоқталмас бұрын «топоним», «топонимия», «топонимика» терминдеріне түсінік беріп, олардың арасындағы мағыналық бірлік пен алшақтықтарды анықтап алған дұрыс

Адамзат пен қоршаған ортаның қарым-қатынасы, олардың арасындағы қалыптасқан мәңгілік гармония туралы бізге дейін де аз айтылып жүрген жоқ. Адам және табиғат. Адам және қоршаған орта. Адам және географиялық кеңістік. Осы бір ұғымдар бір-бірімен үнемі тығыз байланысты болып келеді. Осы тығыз байланыстың нақты көріністері біз қарастырып отырған тақырыпқа да қатысты.

Табиғатты алғаш игеріші адам екендігінде дау жоқ. Адамды өзінің қанатының астына алып, құшағында аялағанда табиғат-ана екені кім-кімге де белгілі. Топоним терминінің мағынасын осы ұғымдардың қиылысқан жерінен іздеген дұрыс. Қоршаған орта-адамзаттың бағзы заманнан қоныс тепкен орны. Осы орындардың қай-қайсысы да адамзат тарапынан өзіндік атаулармен белгіленіп отырылады. Тіл білімі ғылымында ол атаулар топонимдер деп аталады. Топоним термині гректің topos- орын, мекен-опута-есім, атау сөзінің негізінде қалыптасқан. Термин «жер-су атаулары» ұғымына да толық сәйкес келеді. Белгілі бір аймақтың жер-су атауларының жиынтығы топонимия деген терминмен белгіленсе, жер-су атаулары зерттейтін тіл ғылымының саласы топонимика деп аталады.

Сондықтан топонимика тіл білімі ғылымының жалқы есімдері зерттейтін саласы – ономастикалық құрамына кіреді.

Ономастикалық топонимика, космонимика, зоонимика және т.б. осы сияқты бірнеше салалардан құралады.

Топонимдердің кейбір түрлері тарихи сипатқа ие болады. Ондай атаулар арқылы сол жерді мекендеген тайпалар мен халықтар, олардың тұрмыс-тіршілігі, өміріндегі елеулі оқиғалар туралы мәліметтер алуға болады. Енді бір жер-су атауларысол жердің географиялық белгілерін сипаттауға бағытталады.Топонимдердің бұл түрі белгілі бір географиялық нысанның өткен кезеңдердегісипаты туралы мәліметтер бере алады. Бұл тұрғыдан топонимия этнография ғылымына жақын. Осы ерекшеліктер топонимдерді бірнеше ғылым назарын аударатын объектіретінде алып қарауға себепші болады. Алайда, топонимдердің осы қасиетін айта отырып, оларды негізінен, лингвистикағылымының зерттеу нысаны деп таныған дұрыс. Себебі, тарихшылар да, географтар да, этнографтар да, топонимдер жүйесін жан-жақты, толық зерттей алмайды. Олар тек өздерінің саласына қажетті топоним түрлерін ғана іріктеп қарастырады. Лингвистер әрбір атаудың қалыптасу тарихын, олардың даму эволюциясын тарихи сипатты ескереотырып, географиялық ерекшеліктерді есепке ала отырып, тілдік заңдылыққа сай зерттейді. Топонимия мәселесі тарихшыларды, географтарды, өлкетанушыларды, этнографтарды т.б. да мамандық өкілдерін ең алдымен мұғалімдерін қызықтыратыны сөзсіз.

Аймақ топонимиясын зерттеу Ақжайық өлкесінің өткен тарихынан, осы жерлерді мекендеген ұлттар мен халықтар өмірінен, олардың тұрмыс тіршілігінен мол мәлімет беруге мүмкіншілік туғызады.

Әр халықтың болмысы, оның жер бетіндегі тұрмыс-тіршілігі сөзбен таңбаланады. Халықтың тілдегі осындай дәйекті де деректі атаулардың күрделі бір саласы-топонимдер. Топонимикалық деректі белгілі бір географиялық ұғым атаулары болғандықтан тіл ішінде өз алдына дербес сұрыпталған лексикалық қабат ретінде өмір сүреді. Геонрафиялық атаулар – халықтың көне тарихынан мол мәлімет бере алатын, дәуірлік жүк арқалаған ұлттық лексиканың негізгі саласының бірі.

Кез келген аймақтың жер-су атауларыөзінің бойына көптеген тарихи деректерді, этнографиялық мәліметтерді, географиялық сыр-сипаттарды сақтап отырады. Мұның өзі топонимдердізерттеудің өте күрделі құбылыс екендігі , ал енді істе белгілі бір ғылыми әдіспен ғана мақсат-мұратқа жету мүмкін еместігін көрсетеді.

Демек, тілдік құбылыстың табиғатын тек оның тілдік заңдылықтарына ғана сүйеніп емес, сонымен қатар сол тілде сөйлеуші этностың (халықтың) дүниетанымы, салт-дәстүріне, ұлттық менталитетіне байланысты да айқындауға болады. Сондықтан белгілі бір аймақтың топонимиясын қолға алмас бұрын, сол жердің тарихына, саяси-әлеуметтік жағдайына және оны мекендеуші халық өмірінің этникалық мәдени тарихына ерекше көңіл бөлу жөн екендігін зерттеушілер атап көрсетеді.

Топонимдік материалдар-әр дәуірдегі лексикалық бөлек-бөлек қабаттарының тарихын ашуға болатын құнды қайнар бұлақ.

Географиялық атаулардың пайда болуының басты екі белгісі – уәжділік және тұрақтылық. Нақты атаудың пайда болуы қандайда бір ішкі фактіментариха уәжделіп күні бұрын анықталады.

Өте көне замандардан бастап адам баласы бір жерге орналасқанда, өз айналасындағы қоршаған ортаға атау таға бастайды. Мысалы: өзендердің атауы көбіне оның ағысына, теңдігіне, түсіне байланысты қойылса, елді мекен атаулары көбіне, лендшафт, өсімдіктер әлеміндегі ерекшеліктермен немесе қоныстанушылар өміріндегі фактілерге сәйкес беріліп отырды.

Сондықтан географиялық атаудың пайда болуы кездейсоқ құбылыс емес, тарихи себепті болады. Географиялық атаулардың сол жердің табиғатымен және тарихи ерекшеліктермен ішкі байланысы атауды сақтап, демеуші болады.

Топонимдер арқылы ұлттың этникалық шекаралары, халықтардың ертедегі көші-қон бағыттары, өлкелердің отарлануы сияқты мәселелер қалпына келтіріледі. Топонимика мәліметтері ата-бабамыздың материалдық жіне әлеуметтік тұрмыс-тіршілігінің сипатынан да хабар береді.

Топонимнің тіл тарихы, әсіресе, сөздік құрамы мен сөз жасам тарихы үшін де үлкен маңызы бар. Ұмытыла бастаған, әсіресе сөздік құрамы мен сөз жасам тариха үшін де үлкен маңызы бар. Ұмытыла бастаған, қолданыстан әлдеқашан шығып қалған сөздер өз тіршілігін географиялық атаулар формасында жалғастыра алады. «Этностың басып өткен сан ғасырлық даму жолы, оның белгі-бейнелері біздерге тас мүсіндер мен жартастарға қашалған сына жазулар арқылы, мәдени ескерткіштер мен әртүрлі ғимараттар түрінде жетуі мүмкін. Бірақ бұлардың бәрі өмірінің мыңда бір елесі ғана. Оның шын мәніндегі даналығы мен дүниетанымы тек тілінде ғана сақталады. Әрбір дәуірде өмірге қажет болған ұғымдардың аты-жөні, сыр-сипаты т.б. тек тіл фактлері арқылы ғана емес бізге жетуі мүмкін»

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының батысында Жайық өзенінің екі бетінде орналасқан. Облыс территориясының көлемі 151,1 мың шаршы шақырым құрайды. Жерінің көлемі жағынан Батыс Қазақстан облысы республика бойынша 6 орын алады.

Ақжайық өңірі көне дәуірден бастап тарихшылардың , саяхатшылардың , географтардың, өлкетанушылардың зерттеу объектісіне айналды.

Қазақ тілінің ұлан байтақ территориясының едәуір бір бөлігін құрайтын Батыс Қазақстан облысы ел арасында Ақжайық өңірі деп атайды. Батыс Қазақстан –жазықты ұсақ төбелі, қырқалы, белесті суы мол өлке. Биік тау массивтері көп кездеспейді. Батыс бөлігінде Орал тауының ескі сілемдері орналасқан.

Әрбір атау белгілі бір тарихи атау. Оның қалыртасуы, қолданылуы және бүгінгі күнге жетуі үшін бірнеше факторлар шарт.

Қазақтың жеке халық ретінде қалыптасқанға дейінгі халықтың тілінің тарихи негіздері мен арналары жалпы түркілік кезеңнен басталатындығы толық дәлелденіп отыр. Топонимдердің түркі тілдерін де бірдей тұлға мен семантикада келуі географиялық атаулардың бізге ежелгі мазмұнмен жеткендігін көрсетеді.

Жайық-батыс Қазақстан облысын басып өтіп, Каспий теңізге құятын қазақ даласының ірі өзендерінің бірі. Бұл гидроним-көнеден жеткен баға жетпес тілдік мұра.

Ә. Абдырахманов Жайық топонимінің көне формасы жазық болуы керек деп санайды. Себебі жазық, Жайық деген сөздер мағыналық жағынанда синонимдес. Жазық деген сөз кеңістіктің құрылым түріне байланысты қолданылады да жайық сөзі жайылған кеңістікке байланысты қолданылады деп көрсетеді. Әрине, жазық//жайық сөздерінің гомогендігі талас тудырмайды. Сондықтан жайық сөзінің негізін жай, жаю, жайылу етістігі деп қарауға болады. Тарихи тұрғыдан –ақ,- ық,-үк,- ұқ,-ик,-ік т.б. жұрнақтарының түркі тілдеріне өте өнімді қолданыс табатындығын атап көрсеткен. Міне, осы атау 1775 жыға дейін сақтап келеді де, ІІ Екатирина патшаның жарлығы бойынша, Пугачев көтерілісін халық ойынан мүлдем алыстату мақсатымен барлық істі естен шығаруға әмір етіп бостандық үшін шаруалар көтерілісінің бесігі болған Жайық өзені Орал өзеніне, Жайық қаласы Орал қаласына өзгертілді.

Орал-облыс орталығы. Орал тауы мен Орал өзенінің атымен қойылған. Орал тауы-Европа мен Азияны бөліп жатқан, ұзындығы 2000 шақырымға жуық биіктік. Орал топонимінің пайда болу тарихы үнемі көптеген зерттеушілердің назарын аударып жүр. ХХ ғасырдың басында жарық көрген «Географиялық-семантикалық сөздікте» Орал сөзінің шығу төркіні туралы айтылған ерте кездегі жазушылардың да пікірлері де бар. Мысалы, еңбекте келітірілген пікір бойынша Орал атауын остяк халқының угор тілінде «Уррь» - таулар тізбегі деген сөзінен шыққан. Сондай-ақ Орал топонимін түркі тілдеріндегі ырықсыз етіс тұлғасы оралу сөзінен жасалуы мүмкін деген жорамал бар.Орал тауының бастауын алатын Жайық өзенінің сол таудағы орала ағып жатқан бір жері ХІХ ғасырда «огоби» деп аталыпты. Сөйтіп, түркі сөзі-орал, орыс сөзі – огоби оралып жатқан тау мен өзеннің көрінісін дәл бергендіктен осылай аталған.

Шалқар – Батыс Қазақстан облысындағы үлкен көл. Қазақстан мен шет ел қонақтарының демалатын орнына айналған мемлекеттік дәрежедегі макротопоним ретінде халық арасында кеңінен қолданылатын топоним.

Үлкен, кең, байтақ ұғымында қолданылатын «шалқар» сөзінің қазақ тіліндегі мағынасы әркімге түсінікті. Басқа да тілдердегі мәліметке назар салсақ «шалқар » сөзі суға байланысты мағынаны береді.

Шалқар көлінің жағалауын Х ғасырда печенихтер мекендеген. Көл сол кезеңнің өзінде шалқар деп аталғаны туралы да млімет бар. Көл орналасқан аймақта тасты рельфтің де, көне көне қаланың да ізі жоқ. Сондықтан атау «судың шалпуы» ұғымына негізделген.

Ақсай – шағын өзен және Бөрлі ауданының орталығы. Ақсай және Ақсу топонимдері бір негізден шыққан деп ойлаймыз. Ақсай атауының семантикасы көпке түсінікті болса да, бұл топонимді көне атаулар санатына қосуға болады. Оның басты дәлелі- Асу, Ақсай гидронимдерінің қырғыз, татар, түркімен топонимиясында да кездеседі. Ол тілдерде «ақ» сөзі судың ағуы мағынасын береді. Сай термині жыра, өзен, жылға мағынасын береді. Демек, Ақсай –ағынды өзен, жылға деген сөз.

Әртүрлі көшпенді бірлестіктер негізінде пайда болған Қазақстанның байырғы халқының құрамында араласу процесі бұрынғыдан да күшейе түскен. ХІХ ғасыр мен ХІІ-ХІҮ ғасырда монголоидтық қоспа Батыс Қазақстанның (Еділ-Жайық өңірлерінде) шекаралық облыстарында байқалады.

Монголдар билеген кезде Қазақстан территориясына ықпал еткен негізгі фактор феодалдық мелекет пен хандықтың құрылуы болды. Кейбір зерттеулерге қарағанда оғай ордасына Тобылдан Еділге дейінгі жерлер кіріп, маңғыт пен алшын тайпалары қоныстанған. Бұл тайпалардың осы жерлерді мекендегенін батырлар жырындағы дерктерден, осы жерлердегі жер-су атауларынан анық байқауға болады.Батыс Қазақстанда Ер Тарғын есімі гидронимге берілген. Жәнібек ауданының батысында Еділге құятын Ер Тарғын өзені ағып жатыр. Ол өзенді Ресей жеріндегі халық Таргыка деп атайды.

Түркі-моңғол тіл бірлестігі заманында қалыптасқан атаулар.

ХІІІ ғасырдағы моңғол шапқыншылығынан кейін қалыптасқан атаулар. Батыс Қазақстанның жер-су атауларында моңғол тілінен енген сөздердің көп болуы сонау ХІІІ ғасырдағы моңғол шапқыншылығымен байланысты болған болу керек. Тарихта із қалдырған моңғол шапқыншылығы Азия мен Шығыс Еуропа секілді Қазақстанның батыс аймағында көп қырғынға ұшыратқан, сөйтіп, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму процесін ұзақ уақытқа бөледі.

Моңғол тілінен енген топонимдер Қазазқстанның барлық аймағында кездесетіні сияқты, Батыс Қазақстанда да бар деп есептеледі.

Жымпиты-Сырым ауданының орталығы, елді мекені. Бұл топонимнің құрамындағы сөздің жымпию етістігі мен еш байланысы жоқ. Бұл атаудың көне түрік тіліндегі «чим» қорған, бекініс мағынасын беретін сөзі мен қосымшалап арқылы жасалған деген Е. Қойшыбаевтің пікірінің негізі бар. «Жым» сөзі моңғол тілінде де бар. Жымпиты топонимдердің моңғолдық тегі туралы айтылған пікірге толық қосылуға болады. Қоғам үнемі өзінің жер-су атауларының жағдайын қадағалап отыруға тиіс.

Қорыта келе, Батыс Қазақстан облысының топонимиясы өзіне ғана тән, басқа аймақ топонимдеріне ұқсамайтын стратегиялық қабат белгілі дәрежеде маңызды роль атқаратыны сөзсіз.

Атаулар табиғаты оның пайда болуы себептері мен мағыналық ерекшеліктері ғалымдарды көне дәуірлерден бастап қызықтырды. Неліктен дәл осылай аталған? Осы атаудың беретін мағынасы қандай? Атау осы объектінің қандай ерекшеліктеріне байланысты берліген? Осы тәрізді сұрақтар ономастика зерттеушілерді сонау көне грек жерінде өмір сүрген стойктерден бастап алаңдатты. Белгілі неміс философы материалист Л. Фейербах «атау дегенміз-ерекше бөлектенетін белгі. Зат деп сипатталатын нәрсенің көзге түсетін қандай да болсын бір белгісін заттың өкілі етемін» деп түсіндірген болатын. Қалай десек те, географиялық атаулардың берілуінің белгілі бір заңдылығының болғандығы белгілі. Мысалы, көшпенділердің күн көрінісіне жер бедері (рельеф), ауа райы (климат) су, өсімдіктер, аңдар үлкен септігін тигізеді.

Географиялық атаулардың пайда болуы халықтың тілдегі объктілерді белгілейтін мәңгілік творчетволық процесс. Мұның өзі геограйиялық атаулардың қалыптасуы мен дамуы адам баласының бүкіл өмірі мен әрбір халықтың тұрмысы мен өзіндік тарихи, мәдени, экономикалық т.б. ерекшеліктерінен тығыз байланыстылығын көрсетеді. Мысалы. Көшпенділер уақыт пен кеңістікті игеру, танып-түсіну арқылы бойлық бойынша шырқай көшіп, жыл құсы ұдайы табиғаттың қолайлы белдеулерінде болып отырды. Өз өмірінің тіршілік тірегі төрт түлік малын ілестіріп, қайырымы мол жер ананы өмірге қажетті мәңгілік тұрақ етеді де. Сондай өлкенің бірі- Батыс Қазақстан.

Кезкелген тілдегі барлық жалқы есімдер, соның ішінде жер-су атаулары сол тілдің ономастикалық кеңістігін құрайды. Ономастикалық кеңістік қалыптасу ерекшеліктеріне, семантикалық сипатына, грамматикалық құрылымына сәйкес бірнеше топтарға бөлінеді.


  1. Тәжірибе. Қоршаған ортаны тану арқылы, сол жердің бұрын таныс емес белгілері адам санасында сақталып отырады. Осының нәтижесінде адам санасындаобъектінің образы (бейнесі) пайда болады. Атаулардың басты қасиеті-негізгі белгілерінің ерекше сипатталуы. Географиялық атаулар өздері белгілейтін объектілерге байлаулы келеді.

  2. Тілдік құралдар. Тілдік құралдар топонимдердің қалыптасуына енгізуге болады. Олардың номинативтенупроцесі де тілдік құралдар арқылы жүзеге асады. Әрине тіл-ьілде номинативтенудің көптеген әдіс-тәсілдері бар. Алайда, олардың арасында тілдік құралдар ерекше орын алатынын да есептен шығарылмағаны дұрыс.

  3. Жеке және психология. Аталу процесінде адамдардың жеке және жалпы психологиясының алатын орны ерекше. Жер-су атаулары қызметінде жұмсалатын сөздің семантикалық құрылымы екі компоенттен тұрады: сингификат-сөзбен берілетін жалқы есім, деноатрт- ол сөзбен аталған нақты объект. Аталу процесіне сингификат лингвистикалық ауқымнан шығып, атау мен объект арасындағы дәнекер бөлікке айналады. Атаулардың қалыптасу процесінде адамдар тобының және жеке индивидумының кез келген географиялық атау, ең алдымен, жеке адам арқылы жалқыдан жалпылық сипатқа көпшіліктің пайдалануы арқылы жетеді.

  4. Қоғамның маңызы. Атаулардың қалыптасып бекітілудегі әсері мол. Кез келген атаудың әлеуметтік мәнін ерекше екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Тарихи деректер дің өзі дәлелдеп отыр. Сондықтан аталуы мен өзгертілуі өте жоғары құрылымдар тарапынан бақыланып отыратыны да сондықтан.

  5. Сыртқы жағдай. Сыртқы жағдай атауларға үнемі әсер тигізіп отырады. Кейде өзендер, көлдер, орман-тоғайлар олардың атаулары ғана қалып отырады. әлбетте, географиялық объектінің сыртқы сипатына сәйкес қалыптасады.

Географиялық атаулар-қоғамдық құбылыс. Олар аталған объектінің аумағының бірі болып есептелмейді.Жер-су аттарыныі өздері сапасын сипаттауы топонимдердің географиялық қасиеттерінен қоғаммен қатысына да байланысты. Сондықтан бір атаудың этнологиялық тұрғыдан қалыптасу себептері мен жолдары маңызды мәселе.

Кез келген халықтың ономастиканың пайда болуымен қатар шаруашылық, әлеуметтік-экономикалық т.б. факторлар белгілі. Батыс қазақстан топонимдерінің құрамында жергілікті халықтың тұрмыс-күй, мал, жер шаруашылығы мен аң аулау, құс салу кәсібін көрсететін топонимдер көптеп кездеседі.Малға жайлы жердің құнарлығымен құдық, бұлақ, өзендердің ащы-тұщылығын, табиғат құбылыстары әсер ететін топонимдерде осы топқа жатады.

Аша - Казталов аудынындағы елді мекен. Аша сөзінің мағынасы на не одан да көп тармаққа айырылып шыққан ағаш ұғымын білдіреді. Осындай ғашты шөп маялайтын айыр орнына пайдаланған. Соның нәтижесінде аша атауы тұрмыстық құралға айналған. Бірақ Батыс Қазақстан облысында аша деп шөп маялайтын айыр құрал ретінде қолданылмайды.

Бөгет – Жәнібек, Казталов удандарындағы гидронимдер бөгет атауы кез келген аудан территориясында кездеседі.



Богатырево – Казталов ауданындағы елді мекен. Тарихшы ғалым И. Кенжалиевтің 1985 жылдары шыққан «Исатайды өлтіоген кім?» деген мақаласында Богатырев Жайық орыс-қазақтарының уряднигі деген мәлімет беріледі.

Казталов ауданының жер-су атауларының сөздігі:



Ақболат – Казталов ауд. Нұрсай ауылындағы елді мекен. 16 шақырым құрайды Адам атына байланысты қойылған. Айшев Нұрболат Набиұлы деген (Нұрсай ауылының тумысы) азамат жеке қожалық ашып отыр.

Әмірәлі - Казталов ауд, Нұрсай ауылына қарасты қыр. 13 шақырымды құрайды. Даулеткерей мырза еншісінде

Әбіш – Казталов ауд елді мекені. Адам атына байланысты қойылған антротопоним.

Әжібай – Казталов ауд елді мекен. Адам атына байланысты қойылған антротопоним.

Бергісай – Казталов ауд-ғы гидроним.

Березино- Казталов ауд-ғы елді мекен.

Беспішен - Казталов ауд-ғы елді мекен.

Бостандық - Казталов ауд-ғы елді мекен.

Сағыз- Казталов ауд, Нұрсай ауылына қарасты қыр. 13 шақырымды құрайды. Аксалов Жанболат иырза еншісінде

Қараой - Казталов ауд, Нұрсай ауылына қарасты қыр. 9 шақырымды құрайды. Жұмагерей мырза еншісінде

Шора - Казталов ауд, Нұрсай ауылына қарасты қыр. 11шақырымды құрайды. Ишанғалиев Құрманбек мырза еншісінде

Тұржан - Казталов ауд, Нұрсай ауылына қарасты қыр. 5 шақырымды құрайды. Утегалиев Біржан мырза еншісінде

Қалпақ - Казталов ауд, Нұрсай ауылына қарасты қыр. 4 шақырымды құрайды. Садыков Нұрғазы мырза еншісінде

Өрлеу - Казталов ауд, Нұрсай ауылына қарасты қыр. 3 шақырымды құрайды. Садыков Нұрғазы мырза еншісінде



Кенбоз - Казталов ауд, Нұрсай ауылына қарасты қыр. 3 шақырымды құрайды. Садыков Нұрғазы мырза еншісінде

Итқара - Казталов ауд, Нұрсай ауылына қарасты қыр. 7 шақырымды құрайды. Еркін мырза еншісінде

Арыстан - Казталов ауд, Нұрсай ауылына қарасты қыр. 9 шақырымды құрайды. Айдар Гайсин мырза еншісінде

Байгөл - Казталов ауд, Нұрсай ауылына қарасты қыр. 25 шақырымды құрайды. Ануарбек мырза еншісінде

Таншкен - Казталов ауд, Нұрсай ауылына қарасты қыр. 18 шақырымды құрайды. Бердіғалиев мырза еншісінде

Сазанды - Казталов ауд, Нұрсай ауылына қарасты қыр. 22 шақырымды құрайды. Орынбек Бақтияров мырза еншісінде

Молдаш - Казталов ауд, Нұрсай ауылына қарасты қыр. 30 шақырымды құрайды. Ізбасар мырза еншісінде

Мерәлі, Аша, Қоңыр, Тама, Жаға қыстақтары - Казталов ауд, Нұрсай ауылына қарасты иесіз қыр.

Казталов ауданына қарасты Қошанкөл ауылының қыстақтары немесе қырлар:



Бөгет - Казталов ауд, Қошанкөл ауылына қарасты қыр. 30 шақырымды құрайды.

Қитар- Казталов ауд, Қошанкөл ауылына қарасты қыр. 25 шақырымды құрайды.

Қарасу - Казталов ауд, Қошанкөл ауылына қарасты қыр.

Собақ - Казталов ауд, Қошанкөл ауылына қарасты қыр.

Мырзалы - Казталов ауд, Қошанкөл ауылына қарасты қыр. Бессалом - Казталов ауд, Қошанкөл ауылына қарасты қыр.

Тұңғыш - Казталов ауд, Қошанкөл ауылына қарасты қыр.

Ордабай - Казталов ауд, Қошанкөл ауылына қарасты қыр.

Қарақұдық - Казталов ауд, Қошанкөл ауылына қарасты қыр.



Құрметті оқырман, бұл ғылыми жұмыс әлі де әрі қарай жалғасын таппақ. Бұл менің 11- сынып оқыған кезде қорғалған материал. Ықшамдалып алынды. Көп жыл бойы шаң басып қалғанымен, толықтырылатын болады. Алдын ала рахмет!

Пайдаланылған материалдар:

  1. Ұлдай Ержанова «Ақжайық өңірінің топонимиясы»

  2. Ұлдай Рысқалиқызы «Батыс Қазақстан облысының жер-су атауларының сөздігі»

  3. И. Кенжагалиев, Н. Табылдиев «Казталовка-байырғы атамекен» Алматы-1994 ж

: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Беттің және ауыз қуысы ағзаларының туа пайда болған ауытқуларының көріністерін анықтай білу
2016 -> Анатомо-физиологические особенности кожи. Кожа это трехмерная пограничная ткань Кожа
2016 -> Аппарат для локальной криотерапии фирмы tur therapietachnik GmbH
2016 -> Анальный полип. Что такое анальный полип?
2016 -> Уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта; уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта
2016 -> Дентальная имплантация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет