Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



жүктеу 0.51 Mb.
бет2/4
Дата17.07.2017
өлшемі0.51 Mb.
1   2   3   4

6. Дәріс сабақтарының мазмұны


Тақырып. Кіріспе

Жоспар

1.Пәннің зерттеу обьектісі және мазмұны.

2.Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары.

3.Уақыт айырмасы.Сағаттық белдеулер.

1. Қазақстанның физикалық географияның негізгі зерттелу нысаны географиялық қабық және бөліктері.Оның құрамды бөліктеріне табиғат компоненттері(ауа, су, топырақ, өсімдік және жануарлар дүниесі) жатады. Сонымен табиғат компоненттерінің мұндай күрделі ұштасуының нәтижесінде сол аумаққа тән табиғат компоненттері қалыптасады.Қазақстан жерінің табиғат кешендерін оқып үйренгенде табиғаттың жеке және бір-бірімен әрекеттесе отырып,бірте-бірте қалай өзгеретінін,осы күнгі сипатына қалай келгенін, қазіргі кезде онда қалай өзгерістер болып жатқанын білу үшін әрбір табиғат компонентімен танысу қажет.

Қазақстан аумағы 2,7 млн. Шаршы км.Аумағы бойынша дүние жүзінде 9-шы орын алады.Республиканың халқы 17 млн адам.Қазақстан халқының тығыздығы 1 шаршы километр жерге 5,4 адамнан келеді.Қазақстан Еуразия материгінің дәл ортасында орналасқан,екі дүние бөлігін қамтиды.Кіші батыс бөлігі Еуропада,ал көлемді шығыс бөлігі Азияда жатыр.Жайық өзенінің екі жағында орналасқан Атырау қаласының тұрғындары Еуропа мен Азияға саяхат жасай алады.Қазақстан батысында Еділдің төменгі ағысынан,шығысында-Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге,Солтүстік-Батыс Сібір жазығынан,оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне дейін 1600 км-ге созылып жатыр.

Қазақстанның шеткі нүктелері 550 261-400 561 с.е. және 450 271-870 181 ш.б. Белдеулік уақыт Халықаралық келісім бойынша Жер шары 24 сағаттық белдеуге бөлінеді.Оның ішінде ТМД елдері 11 сағаттық белдеуге,ал Қазақстан 2 сағаттық белдеуге (IV-V) бөлінеді.Әрбір сағаттық белдеудің ішіндегі уақытты белдеулік уақыт деп атайды.Сонымен 24 сағаттық белдеудің өз номерлері бар (0-23-ке дейін).

Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
2 тақырып.Қазақстан Республикасының табиғат жағдайлары.

Жоспар

1. Қазақстан аймағының геологиялық және тектоникалық құрлысы

2. Негізгі пайдалы қазбалардың геоқұрылымдық ерекшеліктері.

3. Пайдалы қазбалар қоры және олардың таралу заңдылықтары.


Геологиялық дамуы барысында Қазақстанды бірнеше рет су басып, кейіннен теңіз табаны құрлыққа айналған. Палеозойға дейін, яғни архей және протерозой эраларында теңіз сулары басып жатқан геосинклинальді аймақ болды. Батыс аймағында ғана жер қыртысының тұрақтанған бөлігі Шығыс Еуропа (Орыс) платформасының шағын аймағы қалыптасты. Палеозой басынан бұл аймақ біртіндеп төмендеп, бетін теңізсуы басты. Күшті тектоникалық қозғалыстар әсерінен геосинклиндер орнына сарыарқаның солтүстік батысы мен Тянь-Шаньнің солтүстігіндегі тау жүйелері қалыптасқан. Палеозойдың аяғында жүзеге асқан герциндік тау түзілу процессі кезінде Алтай және Жоңғар Алатауы, Сарыарқаның шығыс бөлігі, Мұғалжар өңірлері көтерілді. Мезозой эрасы жер қыртысынан салыстырмалы түрде тыныш кезеңі болған: бұл кезде тектоникалық қозғалыстар баяу болған, тау жүйесі түзілмеген. Неогеннің аяғында бірнеше рет болған күшті тектоникалық қозғалыс әсерінен альпілік таулар түзілген. Альпілік таулар түзілу процессі кезінде жер қыртысында жарықтар пайда болып, бұрыны қатпарлы аймақтар төмендеп, көтерілген. Нәтижесінде қатпарлы-жақпарлы биік таулы жүйелер қалыптасқан. Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань таулары екінші рет көтерілуге ұшыраған. Қазақстанда төмендегідей негізгі геотектоникалық құрылымды аймақтар ажыратылады: платформалар (өте ескі – Шығыс еуропаның және Жаңа Батыс Сібір мен Тұран), және қатпарлы облыстар (Тянь-Шань, Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Мұғалжар, Сарыарқа).

Пайдалы қазба орындары жанатын, кенді және кенсіз болып 3 топқа бөлінеді. Жанатын пайдалы қазбаларға мұнай мен газ, көмір кен орындары жатады. Қазақстанда аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің бәрі дерлік бар. Еліміздің жер қойнауынан Менделеев кестесіндегі 99 элементі кездеседі. 70 элементінің мол қоры барланған және 60- тан астамы өндіріледі.

6 мыңға жуық пайдалы қазбалар қоры ашылған. Республика дүние жүзінде вольфрамның қоры жөнінен 1-ші орынға, хромит пен фосфорит кенінен 2-ші орынға, марганей кенінен (АҚШ, Украина) 3-ші орынға, қорғасын мен молибден қорларынан 4-ші орынға, темір қорынан (Бразилия, Австралия, Канада, АҚШ, Үндістан, Ресей, Украина) 8-ші орынға ие. Алтын қоры бойынша Қазақстан дүние жүзінде 6-шы орында, ТМД бойынша 3-ші орында. ТМД-дағы мыс пен қорғасын 50-70% -ын өндіреді.

Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
3 Тақырып Жер бедері типтері. Қазіргі кездегі жер бедері түзілу үрдістері. Геоморфологиялық аудандастыру

Жоспар


  1. Жер бедері типтері.

  2. Қазіргі кездегі жер бедері түзілу үрдістері.

  3. Геоморфологиялық аудандастыру

Қазақстанның жер бедері өте күрделі және алуан түрлі. Картадан республика жерінде жазықтан бастап биік тауларға дейінгі барлық жер бедерінің биіктік сатыларын байқаймыз. Оның аумағының үштен бір бөлігін ұлан байтақ ойпаттар (Солтүстік Қазақстан жазығының оңтүстік бөлігі, Каспий маңы ойпаты, Тұран ойпаты) алып жатыр. Қазаөстан аумағының жартысынан астамы биіктігі 400-500 м болатын көтеріңкі жазықтар, үстірттер мен ұсақ шоқылар (Торғай, Үстірт, Сарыарқа және т.б.) үлесіне тиеді. Ал биіктіктері 4000-5000 метрден астам, бастарын мұздықтар мен қар басқан биік таулар республика жерінің 10% -ынан тұрады. Олар шығыс пен оңтүстік-шығыста орналасқан таулар: Алтай, Сауыр, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік сілемдері.

Жер бетінің әр түрлі түзілуі мүмкін, сондықтан мөлшеріне (масштабына) қарай Жер бедерін планетарлық пішінді (құрлықтар, мұхит табаны), мегапішінді (тау жүйелері, аумақты жазық жерлер, мұхит ойпаттары), макропішінді (жоталар, тауаралық аңғарлар), мезопішінді (төбелер, аңғарлар, сай-жырлар), микропішінді (шұқанақтар, дала бидайықтары), және нанопішінді (түбіршіктер, төбешіктер) деп бөледі. Жер бедерін геоморфология ғылымы зерттейді.

Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
4 Тақырып Қазақстанның ішкі сулары. Климат.

Жоспар:


  1. Қазақстанның өзендері.

  2. Көлдер мен бөгендер.

  3. Жер асты сулары.

  4. Қазақстанның климаты

  5. Климат түзуші факторлар




  1. Қазақстанда 85 мың ірі, орташа, ұсақ өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің ( Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу ) ұзындығы 1000 км-ден асады. Каспий теңізі алабына- Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл т.б. жатады. Арал теңізі алабына – Сырдария, Шу, Торғай, Ырғыз, Талас, Сарысу өзеңдері, Балқаш- Алакөл көлдер жүйесіне Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек. Сарқан, Басқан және т.б.

Қазақстандағы ең суы мол өзен- Ертіс. Орташа жылдық су шығыны- 960 м3/сек, Сырдарияда 730 м3/сек. Өзеннің жыл бойындағы ағып шыққан су шығынын жылдық ағын ден атайды. Ертістің жылдық ағыны 28000 млн. М3. Жылдық ағынның мөлшері ең алдымен климатқа байланысты және жер асты суларына тәуелді болып келеді.

Қазақстанның кең-байтак аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көлдер және 3 мыңға жуык бөгендер бар. Климат жағдайына байланысты көлдердін көбі Қазақстан солтүстігіне қарай орналасқан. Қазақстан көлдерінің географиялык таралуында ерекшеліктер бар. Оның бірінші ерекшілігі аумақ бойынша біркелкі таралмаған. Көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке қарай кемиді.

Қазақстанда қазір 3 мыңдай бөгендер мен тоғандар бар. Алып жатқан ауданы 10 мың км2. Оларда 90 км3 тұшы су жиналған. Бөгендердін көбі ОРТАЛЫҚ, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда шоғырланған олар. Бұқтарма, Капшағай, Шардара, Самарқан, Бөген, Аққөл, Молодежное, Шерубай-Нура Кенгір Өскемен т.б.

Жарықшақты қат-қабатты типті жер асты сулары Манғыстау Мұғалжар Сарыарқа тауларындағы палеозой және мезозой жыныстарының қат-қабаттарында қалыптасады. Жер асты суынын бұл типі таулы өңірлердін 860 мың км2 ауданында таралған.

Қат-қабатты жер асты сулар типі шөгінді жыныстардың арасында кеңінен тарлған. Олар ірі ойыстардын Іле, Торғай, Зайсан және т.б тереңдігі 100 метрден астам қабаттар арасында молынан іркілген. Тереңдік жағдайларына қарай жер асты сулары грунт (еспе) суы және артезиан сулары деп бөлінеді.

Республикада артезиан алаптары табылды. Олардың ауданы Балқаш сияқты 70 көлдің көлеміне тең Артезиан сөзінің төркіні францияның Артуа провинциясында 1126 ж. шыңырау қудық қазылып, су алынуына байланысты аталған

Қазақстанның климаты шұғыл континентті. Оның солтүстік аймағының қысы суық, жазы қоңыржай, ал оңтүстігінде қыс она қатты болмайды, жазы ыстық, қуаңшыл. Бұл температураның тез ауысуынан, ауаның құрғақ болып, жауын-шашынның аз түсуінен байқалады. Қазақстанның климатына СММ үстінде қалыптасатын арктикалық ауа массалары көктемнің соңғы, жаздың алғашқы айларында бау-бақшаға үсік әкеледі.

Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)

5 Тақырып Өсімдіктер типтері және олардың құрылымдық-динамикалық ерекшеліктері. Жануарлар әлемінің құрылуының зоналық және аймақтық ерекшеліктері.



Жоспар:

  1. Өсімдіктер жамылғысының қалыптасуы мен таралу ерекшеліктері.

  2. Жануарлар дүниесі.

  3. Қазақстанның флорасы мен фаунасын қорғау.

Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптасуы бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бастапқы кезеңінен басталды. Соның нәтижесінде Қазақстанда Торғай флорасы деп аталатын өсімдік түрлері қалыптасқан. Оған грек жаңғағы, емен, шамшат, терек т.б. жатады. Палеогенде субтропиктік жалпақ жапырақты орман өсіп тұрған. Грек жаңғағы, өрік,алма т.б. сақталып қалды. Сібір жақтан ауысып, арктикалық, альпілік өсімдіктер тараған. Сонымен қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000-дай өсімдік түрлерінен тұрады. Өсімдігі жағынын бай өлке Қазақстанның таулы аймақтары болып саналады.

Жануарлар дүниесі жағынан Қазақстан палеоарктикалық – зоогеографиялық облысқа енеді. Ондағы жануарлар дүниесінің пайда болуы мен қалыптасуы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас. Олардың ішінен: қарақұйрық, жолбарыс, қабан, марал, бұғы, құстардан ақққтан, қызылқұтан сияқты жануарлар түрлері осы топқа жатады. Далалы тышқан, ала қоржын, торсық, құстардан дуадақ, тырна, торғайдың әртүрлі (бозторғай, қараторғай)т.б. Шөл зоналық жануарлары ыстыққа шөлге шыдамды болуғабейімделген. Тасбақа, кесіртке, жылан т.б. жиі кездеседі.


: arm -> upload -> umk
umk -> Пәні бойынша оқыту бағдарламасының титулдық парағы (syllabus)
umk -> Пәні бойынша оқыту бағдарламасының титулдық парағы (syllabus)
umk -> К. Х. Жапаргазинова бейорганиқалық Химия
umk -> Нұсқаулар Нысан пму ұс н 18. 3/40 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Зоология” пәні бойынша ОЌу-єдістемелік бағдарлама (sillabus) Алматы 2005
umk -> Рабочая программа по дисциплине Акушерство и искусственное осеменение (полное наименование дисциплины по рабочему учебному плану) для студентов специальности


1   2   3   4


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет