Еуропа табиғатын сақтау проблемалары



жүктеу 100.85 Kb.
Дата17.07.2017
өлшемі100.85 Kb.
ЕУРОПА ТАБИҒАТЫН САҚТАУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің доценті,

пед.ғыл.кандидаты ТЛЕУБЕРГЕНОВА КЕНЖЕКЕЙ АХМЕТВАЛИЕВНА
Түйін сөздер: қалардың өсуі, кәсіпорындар, жолдар,табиғат, ортаның ластануы, жеке меншіктегі зауыт, фабрикалар, жерлер.

Жер шарының табиғаты – бұл халықтың тіршілік және әрекет ортасы. Адам шаруашылықпен шұғылдана отырып, табиғатқа әсер етеді, оны өзгертеді. Мұның өзінде әртүрлі шаруашылық әрекеті табиғат комплексіне түрліше әсер етеді.Ауыл шаруашылығы табиғат комплекстерін күшті өзгерістерге ұшыратады. Екпе өсімдіктер мен үй жануарларын өсіру үшін едәуір территория қажет болады. Жерді жыртудың нәтижесінде табиғи өсімдіктер жамылғысы алып жатқан жер көлемі азаяды. Топырақ ішінара өзінің құнарлығынан айырылады .

Жерді қолдан суару дақылдардан мол түсім алуға жәрдемдеседі, бірақ қуаңшылық аймақтарда көлдете суару топырақтың сортаңдануына, сөйтіп алынатын түсімнің кемуіне әкеп соғады. Үй жануарлары да өсімдіктер жамылғысы мен топырақты өзгеріске ұшыратады: олар өсімдіктерді таптайды, топырақты нығыздайды. Қуаңшылықты климат жағдайларында жайылымдар қаңыраған шөлге айналуы мүмкін. Адамның шаруашылық әрекетінің әсерінен ормандардың табиғат комплекстері де үлкен өзгерістерге ұшырайды. Ағаштарды бақылаусыз кесудің нәтижесінде жер шарындағы орман алқаптарының көлемі азайып келеді. Егістіктер мен жайылымдар үшін орын дайындау мақсатында тропиктік және экаторлық белдеулерде күні бүгінге дейін ормандарды өртеуде.

Жыл сайын дүние жүзінде 15-20 млн гектар (Финляндия аумағындай) ормандар жойылуда. Соңғы 10 жыл ішінде ормандардың жойылу қарқыны 90%-ға өсіп, жылына 1,8%-ды құрайды. Егер ормандар осындай қарқынмен жойыла берсе, 30-40 жылдан соң жер бетінде мұндай ормандар қалмайды. Тропикалық ормандар аумағының азаюы әсерінен атмосферадағы оттегінің мөлшері XX ғасырдың ортасымен салыстырғанда жыл сайын 10-12 млрд тоннаға азайып, ал көмір қышқыл газының мөлшері 10-12%-ға көбеюде, яғни, оттегі тепе- теңдігінің бұзылу қаупі бар. Өнеркәсіптің тез өсуі ауаны, су мен топырқты ластай отырып, табиғатқа зиянды әсер етуде. Газ тәрізді заттар атмосфераны, ал қатты және сұйық заттар – топырақ пен суды ластауда. Пайдалы қазбаларды игеруде, әсіресе ашық әдіспен игеруде жер бетіне көптеген мөлшерде қалдықтар мен шаң – тозаңдар шығарылады, онда үлкен әрі терең карьерлер пайда болады. Олардың алып жатқан жер көлемі ұдайы өсіп келеді, оның үстіне топырақ пен табиғи өсімдіктер жамылғысы бұзылуда[1].

Қалардың өсуі үйлер, кәсіпорындар, жолдар салу үшін ұдайы жаңадан жер учаскесін бөлуді қжет етеді. Көптеген тұрғындар тынығатын ірі қалалардың төңірегінің табиғаты да өзгерістерге ұшырауда. Айналадағы ортаның ластануы адамдардың денсаулығына әсер етеді. Соңғы мыңжылдықтарда жердің географиялық қабығының табиғи өзгерістері мейлінше аз болуда, сондықтан адамзаттың көптеген ұрпақтарының тіршілігіне елеулі ыпал жасай алмауда. Бұл кезеңнің ішінде керісінше адамның табиғатқа жасаған ықпал өте елеулі.Табиғатқа адам өзінің дамыған өнеркәсібі және өндіріс құрал жабдықтарына жеке меншіктегі зауыт, фабрикалар, жерлерімен төтенше өзгерістер енгізуде.

XXI ғасырда өнеркәсіптің дамуы барлық тіршілік иесі атаулыға қауіпті, қоршаған ортаның өнеркәсіп қалдықтары, автомобильдерден шыққан газбен, мұхитқа төгілген мұнаймен т.б. ластануы жаңа проблема тудыруда. Миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан табиғат компоненттері- жердің ауа қабығы, су, топырақ, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі зақымданған, тіпті бұзылған болып шығып отыр. Жер шарындаа барлық ормандардың 2/3 кесілген, орман әсіресе халық тығыз қоныстанған аудандарда қатты зақымдануда. Жабайы жануарларға келген нұқсан бұдан кем емес. Олардың көбі мүлде құрып кетті, немесе құрып кетуге аз – ақ қалған жайы бар.

Су мен ауа ластана түсуде. Өнерәсіп қалдықтарын өзенге тастау және ақпа сулардың өзендерге құйылу – суды ішуге және балық тіршілігіне жарамсыз етеді. Жыл сайын 3 млн тоннаға дейін мұнай өнімдері тасталған теңіз суларының ластануы бұдан да сорақы. Теңіз жануарлары қырылып, дүние жүзілік мұхиттың өнімділігі төмендеуде. Өнеркәсіпті үлкен қлаларда, ауада түтін мен күйе көп, ал желсіз ауа райында тұман кезінде және төмендеген ауа ағындары кезінде смог(жер бетінде түтін мен күйенің жинақталуы) түзіледі Қоршаған ортаның ластануы жер шарының басқа аудандары табиғатының әйтеуір бір жеріне әсер етеді. Мәселен, өнеркәсіптердің зиянды қалдықтары мен апатқа ұшыраған танкердің мұнайын мұхит ағыстары мыңдаған километр жерге алып кетеді. Дүние жүзілік мұхиттың орасан зор айдынын улайды.

Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтар - түзілген жерлерінде пайдаланылмайтын, ауыл шаруашылығының басқа салаларында өнім ретінде немесе қайта өңдеу арқылы пайдалануға болатын өнеркәсіп, тұрмыс, транспорт және т.б. қоқыстар тұрмыстық (коммуналдық) қалдықтар адам өміріндегі заттарды (монша, кір жуу, асхана, емхана және т.б. қоса) пайдаланғаннан кейін қалатын, тұрмыста пайдаға аспайтын қатты (сондай-ақ ақпа сулардың қатты бөлігі - тұнбалары) қалдықтар. Тұрмыстық қалдықтар әлемнің көптеген елдерінің проблемасы. Мысалы, АҚШ-та жыл сайын 150 млн тоннадан аса қалдықтар бөлінеді. Осыған байланысты қазіргі кезде көптеген елдерде қоқыстарды өңдеу қондырғылары (тәулігіне 900 тоннаға дейін) орнатыла бастады.

Соңғы жылдары тірі организмдердің улануына алып келетін қауіпті (улы) қалдықтардың мөлшері көбеюде. Бұл - ауыл шаруашылығында пайдаланылмай қалған улы химикаттар, құрамында канцерогенді және мутагенді заттары бар өндіріс орындарының қалдықтары. Уақыт өте келе сол жердегі тұрғылықты халық әртүрлі ауруларға ұшырай бастайды.Улы қалдықтар орталық жүйке тамырын уландырады, кейде шамадан тыс болса, соңы өлімге апарады. Көмірдің тотығы (СО) исі мен дәмі жоқ иіссіз газ. Жұмыс істейтін аймақта оның шектеу мөлшері – 20 мг/ м3. Егер концентрациясы 300 ден 600 мг/м3 болса адам жеңілдеу уланады, 1800 мг/м3 болса қатты уланады, ал 3600 мг/м3 де 2-3 рет тыныс алғанда - ақ адам өліп қалады. Азот тотығы қанды улайтын түссіз газ. Азоттың қос тотығы тұншықтыратын исі бар, қоңыр түсті газ.

Мұндай қалдықтар көмілген жердің санақ бойынша Германияда - 50 ООО, Нидерландыда – 4000, кішкентай Данияның өзінде - 3200 көзі бар. Өнеркәсіптік (өндіріс орындары) қалдықтар - өнімдерді шығару және әртүрлі жұмыстарды орындау кезінде бастапқы тұтыну қабілетін толық немесе жарым-жартылай жоғалтқан шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар қалдықтары. Олар қайтымды және қайтымсыз (технологиялық шығындар: буға айналу, бықсық түтін, кеуіп кету) болуы мүмкін. Мәліметтер бойынша Европа одағы елдерінде жыл сайын: қайта өңдеу өнеркәсіп орындарында - 400 млн тонна, өндіріс орындарында - 160 млн тонна және т.б. қалдықтар түзіледі. 90-шы жылдардың бас кезінде барлық қалдықтардың (2,2 млрд тонна) жартысы ауыл шаруашылығындағы өндіріс орындарының еншісіне тиеді[2].

Урбанизация (адамның планета территориясын игеруі және өзіне қажетті обьектілерді салуы) табиғатқа елеулі әсер етуде. Халықтың сапалы тіршілігін қамтамасыз ету үшін оның жолдарын, құралдарын, әдістері мен шешімдерін экологиялық негізделген түрде шешуді Урбоэкология (қала салудағы экология) саласы қарастырады. Демек, қалалардағы адам мен табиғат үшін қолайлы орта, сол жерде өмір сүретін тұрғындардың психологиялық, әлеуметтік жайлылығы, қаланың үйлесімділігі мен орнықты түрдегі әлеуметтік және экономикалық дамуы қамтамасыз етіледі. Қалалық орта сонда тұратын халық үшін жоғары дәрежеде және әрқалай әсер ететін табиғи, табиғи-антропогендік және әлеуметтік-экономикалық кешенді факторлар болып табылады. Адамның қаладағы өмірі - бұл пәтер ішіндегі ортаның, пәтерден тыс ортаның (өндіріс орыны, көше, транспорт және т.б), мәдени ландшафтар ортасының (бақтар, саябақтар), табиғи ортаның тазалығы сақталып,қорғалады.

Қазіргі заманда табиғат компоненттерінің толық дерлік өзгеруіне ықпал жасап, негізгі экологиялық проблемаларды туғызып отырған мұнай мен газ өнеркәсіптік кешендері мен елді мекендер. Қоршаған ортаға бүкіл әлемде жыл сайын 3, 0 млрд тоннадан астам өнеркәсіптің қатты қалдығы 1 млрд тоннадай шығып тұрады. Шикі мұнай өзінің табиғатқа әсері жағынан бензинге жақын. Мұнайдың буы онша зиян болмағанымен, сұйық мұнай адам денесіне әртүрлі тері ауруларын қоздырады. Бензин мен керосин адам ағзасына тыныс жолдарымен кіріп, одан ішек қарын арқылы қанға өтеді.

Ауадағы концентрациясы 10 мг/м3 болғанда иісі сезіледі, 80 м3 кубқа жетсе, тамақты жыбырлатып, ауыздан су ағады, 200-300 мг/м3 концентрациясы адам өміріне қауіпті. Сондықтан атмосфераны ауаны ластанудан қорғау әр адамның мақсаты, міндеті болуы тиіс. Атмосфераны ластаушылардың түріде көп -ақ. Соның бірі автокөлік екені белгілі. Ғылыми техникалық прогресті ынталандыру, жұмыс орындарын беру. Атмосфераның пайдалы қазбалардың, тұщы су қорларының сарқылуы. Өндірістік процестерге көліктің енгізілуі, тауарлар өндірісінде жаңа айналыстардың қысқаруы (тауарлардың жылдам жеткізілуі). Биологиялық қорлардың, соның ішінде өсімдік, жануар және адамның улануы. Аумақтарды бөлу есебінен өмір сүретін кеңістіктің азаюы. Автокөлік бөліп шығаратын газдың құрамында шамамен 200 зат бар. Оның бірі түгелдей жанған немесе шала жанған көмірсутектер. Осы жағдайларға сәйкес шет елдің мемлекеттерінде ауаны қорғау мақсатында автомобильдердің қозғаушы күшін жетілдіру, нейтрализаторлар орнату, газбен электр қуатымен жүретін электромобильдерді шығару мәселесі туып отыр. Жүздеген мыңдаған жылдар ішінде Еуропаның халқы материктің табиғат комплексін едәуір өзгертті. Қазір, әсіресе, ауыл шаруашылық комплекстері орасан зор территорияны алып жатыр. Құнарлы ойпаттар мен жазықтар, Жерорта теңізінің жағалаулары еркін игерілген. Еуропада ауыл шаруашылық комплекстері бүкіл территорияның шамамен 3/1 бөлігін алып жатыр. Орман комплекстері де өзгерген. Солтүстік және батыс Еуропаның жалпақ жапырақты ормандары қылқан жапырақты, ағашы неғұрлым бағалы ормандарға ауыстырылған. Жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлерінің саны ұдайы азайып келеді.

Басқа материктегілердей Еуропада адам қолымен жасалған шөлді жерлер көбейіп келеді. Құнарлы қара топырақты және қызғылт топырақты Еуропа далалары толық дерлік жыртылған. Адам жаңа бірқатар комплекстер – Волгада, Днепрде, Енисейде және басқа өзендерде су бөгендерін жасаған. Нидерландының халқы Солтүстік теңіз шығанағын толық дерлік құрғатты, қазір бұрынғы теңіз түбіндегі шалғындарда мал жайылады, жеміс, көкөніс, гүл өсіріледі.

Европа дамыған елдерінің саны ең көп дүние бөлігі болғандықтан түрлі өнеркәсіп салалары, ауыл шаруашылығы жақсы жамыған. Ал өнеркәсіптің қауырт өсуіне байланысты Еуропа территориясы ұдайы ластанып келеді. Өнеркәсіп орындарының түтінімен бірге ауаға шығатын күкірт пен азот қосындылары, шаң мен газ атмосфералық ылғалмен араласып, жер бетіне жауын түрінде түседі. Мұндай жауында «қышқыл» жаңбыр деп атайды. Ауа массалары ластайтын заттардың елеулі бөлігін ластану көзінен кейде жүздеген, тіпті мыңдаған километр қашықтыққа жеткізеді. Ауа массаларының батысқа қарай көшуі басым Еуропаның қоңыржай климаттық белдеуінде орналасқан елдердің табиғатына тигізетін әсері едәуір айқын. Ауа массаларының батысқа қарай көшуі басым Еуропаның қоңыржай климаттық белдеуінде орналасқан елдердің табиғатына тигізетін әсері едәуір айқын. Ұлыбритания мен ФРГ де қалдықтар бәрінен көп.

Бұлардан шығысқа және солтүстік шығысқа қарай жатқан елдер, оның ішінде Польша, Чехословакия, Скандиновия түбегінің елдері «қышқыл» жауынның салдарын көруде. Осының нәтижесінде ормандар қурап, ағаштардың қылқан жапырақты түрлері зиян шегуде.

Жер бетіндегі адамдардың көпшілігі күнделікті өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы қалада тұратыны мәлім. Алайда қалалар негізгі экологиялық мәселелердің де орталығы болып табылады. 2008 жылы тарихта алғаш рет қалалардағы тұратын халық саны планетадағы адамдардың 50%- нан асты.Жасанды ландшафтар топырақ эрозиясымен күресуге алып келеді. Эрозияға қарсы күрес шараларының ең негізгілерінің бірі — шаруашылық-ұйымдастыру жұмыстары. Бұл территорияны дұрыс жоспарлау. Шаруашылықтардағы жерлерді су және жел эрозиясына ұшыратпау жоспарлары жасалынып, соларға сәйкес іс-шаралар жасау жүргізеді. Эрозиямен күресу жолдары айтарлықтай үлкен территорияларда өсімдіктер жамылғысын жоюға әкелетін табиғи экожүйелерге тигізетін әсерді шектеу болып табылады. Бұл әсіресе орманды пайдалануға қатысты. Жайылымдарда эрозиялық процестер көбінесе шектен тыс мал жаюмен байланысты. Үлкен территорияларда шөптесін өсімдіктер жамылғысының зақымдануы кезінде, әсіресе топырағы жеңіл жерлерде су және жел эрозиясы болуы мүмкін. Таулы аудандарда шөптесін өсімдіктердің болмашы зақымдануының өзінде (мысалы, жалғыз аяқ жол) су эрозиясының пайда болу ошағы орын алады. Мұндай қолайсыз құбылыстарды болдырмаудың негізгі жолы мал жаю ережелерін сақтау мен рекреациялық қысымды төмендету болып саналады.

Суарудың жетілдірілген технологияларын қолданумен қатар, жер асты суларының деңгейінің көтерілуіне байланысты грунт суларын сорып алу арқылы және топырақты шаю арқылы да тұзданумен күресуге болады.

Болжамдар бойынша 2030 жылға қарай қалада тұратын адамдардың саны ауыл тұрғындарының санынан 2 еседей көп болады деп күтілуде. Соңғы ғасыр ішінде қалаларға байланысты ауқымды экологиялық қиыншылықтар байқала бастады, олар: көптеген қалалардағы ластанудың өсуі, ластағыштардың қоршаған орта мен адам организміне түсуі; қала аумақтары мен қала халқы санының өсуі, халықтың тығыз орналасуы; мегаполистердің халық саны ондаған миллионға жететін одан да ірі урбоареалдарға айналуы; көптеген қалалардағы ластанудың өсуі, ластағыштардың қоршаған орта мен адам организміне түсуі; қала аумақтары мен қала халқы санының өсуі, халықтың тығыз орналасуы, мегаполистердің халық саны ондаған миллионға жететін, одан да ірі урбоареалдарға айналуы; табиғатты ығыстыру, табиғи ландшафтардың жасанды ландшафтарға ауысуы, т.б.

Сондықтан Еуропа елдерінде халық санының өсуі шаруашылықтың өркендеуі жағдайында арнайы қорғайға алынған жерлердің ұлттық саябақтар, қорықтар, қорық қорлардың аумағын кеңейту қажеттігі туындап отыр. Орманды алқаптарда жыртылған жер үлесін азайту, мәдени шалғындарды егу арқылы жайылымдық жерлердің көлемін ұлғайту, ағаш отырғызу есебінен орман алқабын кеңейту, шамадан тыс ылғалданған және ылғалдану дәрежесі төмен жерлерді неғұрлым тиімді пайдалану,топыраққа агротехникалық, химиялық тыңайтқыштарды барынша шектеу қарастырылуда.

Пайдаланған әдебиеттер

1.Бейсенова Ә.С.,Смақова А.Б.,Есполов Т.И.,Шілдеваев Ж.Б «Экология және табиғатты пайдалану» Алматы 2004-83б.

2.Колумбаева С.Ж., Бильдебаева Р.М. Общая экология. Алматы, «Қазақ университеті», 2006.-146с.

Резюме


В статье рассматривается проблемы сохранения природы Европы
: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет