Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) азаматтық әуе кемелерін пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесін бекіту туралы



жүктеу 3.08 Mb.
бет1/18
Дата12.04.2018
өлшемі3.08 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) азаматтық әуе кемелерін пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 490 Қаулысы


    «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 29) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) азаматтық әуе кемелерін пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 19 сәуірдегі
№ 490 қаулысымен    
бекітілген       
Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) азаматтық әуе кемелерін
пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау
әдістемесі
1-бөлім. Әуеайлақтар
1. Жалпы ережелер
      1. Осы Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) азаматтық әуе кемелерін пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – СБӘ) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына, сондай-ақ халықаралық стандарттар мен Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі – ИКАО) және Мемлекетаралық авиация комитеті (бұдан әрі – МАК) ұсыныстарының талаптарына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы № 156 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларының (бұдан әрі - ҚР АА ӘПЖН) талаптарына әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) сипаттамалары мен параметрлерінің сәйкестігін бағалауға арналған.
      2. Осы СБӘ әуеайлақ кешенінің сипаттамалары мен параметрлерінің ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкестігін бағалау үшін қажетті технологиялық операциялардың тізбесінен тұрады. Сәйкестікті бағалау әуеайлақ кешенін жерүсті және ұшуда тексерудің және оларды ҚР АА ӘПЖН талаптарымен салыстырып тексерудің нәтижелері бойынша жүргізіледі.
      3. Әуеайлақ (тікұшақ айлағы) кешенінің сипаттамалары мен параметрлерінің ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкестігін бағалау нәтижелері бойынша азаматтық авиация ұйымының басшысы қол қоятын және мөрімен расталатын сәйкестік кестесі жасалады. Сәйкестік кестелерін толтыру тәртібі мен мысалдары осы СБӘ-де келтірілген.
      4. СБӘ-ға өзгерістер ҚР АА ӘПЖН-де баяндалған тәртіпке сәйкес қажеттілігіне қарай енгізіледі.
      5. Әуеайлақ кешені мен оның жабдықтарын жерүсті және ұшуда тексеріп-қарауды әуеайлақ қызметі, сертификатталған органдар немесе осы жұмыс түрлерін жүргізуге құқығы бар мамандандырылған жобалау немесе ғылыми тексеру институттары жүзеге асыруға тиіс.
2. Әуеайлақтың деректері және әуеайлақтардың физикалық сипаттамалары
Әуеайлақ класын және жасанды төсемді ұшу-қону жолақтарының дәрежесін айқындау әдістемесі
      6. Әуеайлақ дәрежесі:
      1) бір жолақты әуеайлақтарда жасанды ұшу-қону жолағының (бұдан әрі – ЖҰҚЖ) класымен;
      2) көп жолақты әуеайлақтарда стандарттық жағдайда неғұрлым ұзын ЖҰҚЖ дәрежесімен анықталады.
      Стандартты жағдайда ұзындығын есептеу және әуеайлақ (ЖҰҚЖ) дәрежесін анықтау жаңа әуеайлақты (ЖҰҚЖ) пайдалануға берген кезде және ЖҰҚЖ-ды қайта жаңартудан (ұзартқаннан) кейін жүргізіледі.
      Нәтижелері Әуеайлақты тексеру актісіне енгізіледі.
      7. ЖҰҚЖ дәрежесін анықтау үшін ЖҰҚЖ-дың стандарттық жағдайдағы ұзындығын анықтау қажет. ЖҰҚЖ ұзындығы стандарттық жағдайда (Lсm)
                      Lф
            Lсm = -----------  формуласы бойынша анықталады:
                    КрКtКi
      мұндағы Lф — ЖҰҚЖ-дың нақты ұзындығы, м; орындау (ЖҰҚЖ-ды салуға немесе қайта жаңартуға) құжаттамасы бойынша, ал ол болмаған кезде мамандандырылған жобалау ұйымы жүргізетін әуеайлақты тексеру материалдары бойынша анықталады;
      Кр — теңіз деңгейінен ЖҰҚЖ-ның биіктігін ескеретін түзету коэффициенті, м:
Кр = 1+2,33x10-4НЖҰҚЖ
      НЖҰҚЖ - ЖҰҚЖ-ның үстіңгі бетінің теңіз деңгейіне қатысты ең жоғарғы нүктесі ЖҰҚЖ-ның орындау ұзына бойы пішіні бойынша анықталады, м);
      Кt — әуеайлақтағы ауаның температурасын ескеретін түзету коэффициенті:
Кt=1+0,01(tесеп-tcm)
      tесеп=1,07 t13-3о — әуеайлақтағы ауаның есепті температурасы, оС; t13 - жылдың ең ыстық айында сағ. 13-те әуеайлақтағы ауаның орташа айлық температурасы, оС: Климатологиялық анықтама бойынша қабылданады; tст — әуеайлақтың теңіз деңгейінен орналасқан биіктігінен стандартты атмосфераның температурасы оС: Осы СБӘ-ге  1-қосымшада ұсынылған кесте бойынша қабылданады;
      Кi — ЖҰҚЖ-ның орташа ұзына бойы еңісін ескеретін түзету коэффициенті; мынадай формула бойынша анықталады:
      Lф < 1000 м кезінде              Кi=1+5iор;
      1000 м < Lф < 2600 м кезінде     Кi=1+8iор;
      Lф > 2600 м кезінде              Кi=1+9iор.
      iор – ЖҰҚЖ-ның орташа ұзына бойы еңісі ЖҰҚЖ шеттерінің биіктіктері белгілерінің ЖҰҚЖ-ның нақты ұзындығына айырмашылығы қатынасымен анықталады; шеттерінің биіктіктері белгілері ҰҚЖ-ның орындау пішіні бойынша анықталады.
      ЖҰҚЖ класы әуеайлақтың физикалық сипаттамалары мен элементтерін таңбалаудың сәйкестігі кестесін толтырған кезде көрсетіледі (осы СБӘ-нің 3.2-кестесі).
Әуеайлақ элементтерінің геометриялық өлшемдерінің
сәйкестігін бағалау әдістемесі
      Әуеайлақта:
      1) ұшудың әрбір бағыты үшін:
      екпiн алу орындалатын қашықтық (ЕОҚ);
      ұшуда орындалатын қашықтық (ҰОҚ);
      үзiлген ұшу орындалатын қашықтық (ҮҰОҚ) орналастырылады;
      2) қонудың әрбір бағыты үшін:
      қону орындалатын қашықтық (ҚОҚ) белгіленеді.
      Орындалатын қашықтықтарды анықтау тәртібі ҚР АА ӘПЖН-ға  2-қосымшада келтірілген.
      Егер осы ұшу-қону жолағында (бұдан әрі – ҰҚЖ) аралық ҰҚЖ-ның шеттеріне жалғаспайтын) рульдеу жолдарынан (бұдан әрі – РЖ) ұшуға рұқсат берілсе, онда ЕОҚ, ҰОҚ пен ҮҰОҚ әрбір осындай РЖ-дан анықталады. Бұл ретте қашықтықтың басы есебінде РЖ-ның осі желісінің ЖҰҚЖ-ның осі желісімен қиылысу орны қабылданады.
      Орындалатын қашықтықтардың мәні осы СБӘ-нің 3.1-кестесіне енгізіледі.
      3.1-кесте мынадай тәртіппен толтырылады:
      1-бағанда ҚР АА ӘПЖН-ның 14-тармағы көрсетіледі;
      2-бағанда қашықтықтардың мәндері көрсетіледі. Бұл ретте ұшуға рұқсат етілген барлық РЖ-дан ұшу қашықтықтары көрсетіледі;
      3-бағанда растау құжаттарының нөмірлері: әуеайлақ ауданында ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – ҰЖН) немесе әуеайлақтың аэронавигациялық паспорты (бұдан әрі – ӘАНП) және қашықтықтарды анықтау үшін қолданылатын құжаттар (мысалы, әуеайлақтың техникалық паспорты, орындау құжаттамасы, әуеайлақты және оның элементтерін тексеру актісі) көрсетіледі;
      4-бағанда орындалатын қашықтықтардың ҚР АА ӘПЖН-ның 14-тармағының талаптарына сәйкестігі туралы көрсетіледі;
      5-бағанда қажет болған жағдайда ҰҚЖ-ны ұшуға қолдану ерекшеліктері туралы мәліметтер (ҰҚЖ-ды бір жақты қолданған жағдайда ұшу МБ=..., ғана, қону МБ=..., ғана, сондай-ақ тежеудің шеткі жолағының (бұдан әрі – ТШЖ) және/немесе еркін аймақтың (бұдан әрі – ЕА) болуы және олардың ұзындығы, аралас шегі сияқты қосымша мәліметтер) көрсетіледі.
      3.1-кестенің соңында растау құжаттарының атауы мен күні көрсетіледі. Әуеайлақта екі және одан да көп ЖҰҚЖ болған кезде осы СБӘ-нің 3.1-кестесі әрбір ЖҰҚЖ үшін толтырылады.
      3.1-кестені толтыру үлгісі осы СБӘ-нің 2-қосымшасында көрсетілген.
      8. ЖҰҚЖ немесе ТШЖ шетінен ұшу жолағы учаскесінің ұзындығы әуеайлақты тексеру құжаттамасының мәліметтері бойынша анықталады.
      9. ҚР АА ӘПЖ-нің 15-18 тармақтарына қатысты. ЖҰҚЖ осінен ұшу жолағының (бұдан әрі – ҰЖ) жоспарлаған бөлігіне және жабдықталған немесе жабдықталмаған ЖҰҚЖ-ды қамтитын ұшу жолақтарының шекараларына дейінгі қашықтық орындау құжаттамасы және/немесе тексеру материалдары бойынша анықталады.
      ҰЖ-ның жоспарланған бөлігінің еніне және ҰЖ еніне әуеайлақтың өзге де элементтері: топырақты ҰҚЖ және/немесе оның ҰЖ, іргелес жатқан ҰҚЖ, олардың жиектерімен РЖ-ның ұшу жолақтары бет алуы мүмкін.
      10. ҰЖ-ның жоспарлаған (топырақты) бөлігін жасанды төсемді (ЖҰҚЖ, бүйірлі қауіпсіздік жолақтарымен, рульдеу жолдарымен, ТШЖ және басқалармен) қиылысқан орындарында кемерлердің болмауы визуалды немесе әуеайлақты тексеру кезінде анықталады және тексеру актісінде белгіленеді.
      11. ЖҰҚЖ шегінің алдында бекітілген учаскелердің өлшемдері орындау құжаттамасы (ЖҰҚЖ-ды салу, қайта жаңарту немесе күшейту) бойынша анықталады. Көрсетілген құжаттама болмаған кезде олардың өлшемдері бекітілген учаскенің (трапеция пішініндегі учаске үшін осы СБӘ-нің 3-қосымшасының суретіндегі тиісінше А-Б және В-Г кесінділері) ішкі және сыртқы ендерін және учаскенің ұзындығын (осы СБӘ-нің 3-қосымшасының суретіндегі Д-Е кесіндісі) өлшеу арқылы тексеріп-қарау кезінде анықталады.
      12. ҚР АА ӘПЖН-ның 21-тармағының талаптарына сәйкестігін бағалау ҰЖ-ның жоспарланған бөлігінің нақты өлшемдерін және әуеайлақта белгіленген әуеайлақ техникасын пайдалану тәртібін ескере отырып, Кедергілерді тексеру актісінің деректері (СБӘ-нің 7, 8 және 9-тарауларын қараңыз) бойынша да, сонда-ақ визуалды қарау деректері бойынша да жүргізіледі.
      Ескертпе. Жекелеген жағдайларда (мысалы, сыңғақ негізінің болмауы, оны жеңіл әрі сыңғақ ретінде сәйкестендіруге мүмкіндік бермейтін объектінің стандартқа сай келмейтін кескіні) ҰЖ-ның жоспарланған бөлігі шегінде орналасқан объектілердің жеңілдігі және сыңғыштығы құрылымының сипаттамасымен немесе өзге де құжаттармен (мысалы, жабдықтарды әзірлеуші жүргізген сынақ актілерімен және сынақ актілері бойынша НИИ қортындыларымен) расталуы тиіс.
      13. ҚР АА ӘПЖН-ның 22-тармағының талаптарына сәйкестігін бағалау ҰЖ-ның жоспарланған бөлігінің нақты өлшемдерін ескере отырып, Кедергілерді тексеру актісінің деректері (СБӘ-нің 7, 8 және 9-тарауларын қараңыз) бойынша жүргізіледі.
      14. ЖҰҚЖ-ның ені орындау құжаттамасы бойынша (ЖҰҚЖ-ды салуға немесе қайта жаңартуға) анықталады. Аталған құжаттама болмаған кезде ҰҚЖ-ның ені әуеайлақты (ЖҰҚЖ) тексеру материалдары бойынша анықталады. Егер ЖҰҚЖ-да ені әр түрлі учаскелер болса, онда оның ені ретінде неғұрлым төменгі мәні қабылданады.
      15. Шеткі учаскеде РЖ болмаған кезде ЖҰҚЖ кеңейтілуінің болуы визуалды қараумен анықталады. Кеңейтілуі бар ЖҰҚЖ-ның ені (осы СБӘ-нің 3-қосымшасының суретіндегі К-Л кесіндісі) (ЖҰҚЖ-ды салуға немесе қайта жаңартуға) орындау құжаттамасы бойынша анықталады. Аталған құжаттама болмаған кезде кеңейтілуі бар ҰҚЖ ені әуеайлақты (ЖҰҚЖ) тексеру материалдары бойынша анықталады.
      16. ҰҚЖ-ға енгізуге арналған ЖҚҰЖ-ның ұзына бойғы пішіні жалпы жағдайда оның өсі бойынша ЖҰҚЖ пішінінің негізгі өзгерісін көрсететін сынған желіні білдіреді (ұзына бойғы пішіннің мысалы осы СБӘ-нің
5-қосымшасында келтірілген).
      Бұл пішін 50 м аспайтын қадаммен орындалған ЖҰҚЖ, ҰЖ және шеткі қауіпсіздік аймағының (бұдан әрі – ШҚА) ұзына бойғы пішінінің геодезиялық түсірілімінің деректері бойынша немесе ЖҰҚЖ-ның орындау геодезиялық түсірілімінің деректері бойынша алынуы мүмкін.
      Ұзына бойғы пішінде сыну нүктелерінің арасында орналасқан учаскелердің еңістері және ҰҚЖ шеттерінің (шектерінің), сыну нүктелерінің, ТШЖ мен еркін аймақтың (ЕА) шеттерінің абсолюттік биіктігі көрсетілуі тиіс.
      ҰҚЖ шегінен тыс жерлердегі ұзына бойғы пішіннің желісін оның осін жалғастыру бойынша үзік сызықпен сызу ұсынылады.
      Көлденең масштабы 1:25000 немесе 1:50000 болып қабылдануы мүмкін. Көлденең және тік масштабтарының ара қатынасы әдетте 10:1 мәніне тең немесе осы мәнге жақын қабылданады.
      ЖҰҚЖ учаскесінің ұзына бойғы еңісі мынадай формула бойынша анықталады:
             НН - НK
      іу = ---------------
                Lф
анықталады: 
      мұндағы: Нн, Нк – ЖҰҚЖ учаскесінің басы мен аяғының өсі бойынша белгілері, м;
      Lф – ЖҰҚЖ учаскесінің нақты ұзындығы.
      17. ҚР АА ӘПЖН-ның 27 және 29-тармақтарына қатысты қолдану. ҰЖ шетінің сыртындағы қауіпсіздіктің шеткі аймағының (бұдан әрі – ҚША) болуы мен өлшемдері орындау құжаттамасы және/немесе әуеайлақты тексеру материалдарының деректері бойынша анықталады.
      Егер ҰЖ шетінен ҚША учаскесінің ұзындығы жердің күрделі бедерінің немесе кедергілердің нормасынан кем болса, бұл орналастыратын арақашықтықты тағайындау кезінде ескерілгендігін тексеру қажет. Орналастыратын арақашықтық осы СБӘ-нің 6-қосымшасында көрсетілгендей ҰЖ шетінен ҚША учаскесінің жеткіліксіз ұзындығын ескере отырып анықталуы тиіс.
      18. ҚР АА ӘПЖН-ның 28-тармағына сәйкестігін бағалау ҰЖ-ның жоспарланған бөлігінің нақты өлшемдерін ескере отырып, Кедергілерді тексеру актісінің деректері (СБӘ-нің 7, 8 және 9-тарауларын қараңыз) бойынша да, оны визуалды қарау деректері (СБӘ-нің 21-тармағына ұқсас) бойынша да жүргізіледі.
      19. ҚР АА ӘПЖН-ның 30-тармағына сәйкестігін бағалау геодезиялық түсірілім материалдары бойынша жүргізіледі. ҚША-ның геодезиялық түсірілімі болмаған жағдайда әуеайлақ пен оның элементтерін тексеру материалдары пайдаланылуы мүмкін.
      20. ҚР АА ӘПЖН-ның 32-тармағына қатысты қолдану. Еркін аймақтың (ЕА) ұзындығы мен ені, егер ол көзделген болса, әуеайлақтың (салуға, қайта жаңартуға) орындау құжаттамасы бойынша және/немесе әуеайлақты тексеру нәтижелері бойынша анықталады.
      Еркін аймақтың ұзындығы екпін алудың орналастырылатын арақашықтығының (ЕАОА) жартысынан аспауы тиіс (егер бірнеше ЕОҚ белгіленген болса, онда ұшудың осы бағыты үшін ЕОҚ-тың барынша төменгісі ескеріледі) және әдетте 300-400 метрден аспайды.
      Ескертпе. ЕА-ның бүкіл аумағы әуеайлақ әкімшілігінің бақылауында тұр деп болжанады. Осы шарт орындалмаған кезде ЕА-ның ұзындығы тиісті мөлшерге дейін азайтылуы тиіс.
      21. Жер бедерінің жағдайларынан ЕА-ның үстіңгі бетінің сәйкестігін бағалау үшін геодезиялық түсірілім материалдарын пайдалану қажет.
      ЕА аумағында геодезиялық түсірілім болмаған жағдайда әуеайлақ пен оның элементтерін тексеру материалдары пайдаланылуы мүмкін.
      Оның осі бойынша ЕА бедерінің кез келген нүктесінің биіктігі мынадан аспауы тиіс:
      НР < Но + 0.125 L,
      мұндағы: Но - ЕА-ның басындағы (ЕОҚ-тың аяғындағы) ЖҰҚЖ осінің белгісі;
      L - ЖҰҚЖ осін жалғастыру бойынша өлшенген ЕА бедерінің нүктесінен ЕА-ның басына дейінгі қашықтық.
      22. ЕА бедерінің ҚР АА ӘПЖН-ның 34-тармағының талаптарына сәйкестігін бағалау кезінде осы СБӘ-нің өткен тармақтарында айтылған материалдар пайдаланылуы тиіс.
      23. ҚР АА ӘПЖН-ның 35-тармағына сәйкестігін бағалау Кедергілерді тексеру актісінің деректері (осы СБӘ-нің 1.2-Т. кестесі) бойынша да, ЕА-ны визуалды қарау деректері бойынша да жүргізіледі.
      Әуе кемелері үшін қауіп төндіретін объектілерге жеңіл және сыңғақ емес болып табылатын объектілер жатады. Олардың қатарына бедердің күрт биіктемелері, мысалы, топырақ дуалы немесе дамба жатады.
      Ескертпе. Жекелеген жағдайларда (мысалы, сыңғақ негіздің болмауы, оны жеңіл және сыңғақ ретінде сәйкестендіруге мүмкіндік бермейтін объектінің стандартқа сай келмейтін кескіні) еркін аймақ (ЕА) шегінде орналасқан объектілердің жеңілдігі мен сыңғақтығы олардың конструкциясының сипаттамасымен немесе өзге де құжаттармен (мысалы, әзірлеушілер жүргізген жабдықтардың сынақ актілерімен және сынақ актілері бойынша ҒЗИ қортындыларымен) расталуы тиіс.
      24. Тежеудің шеткі жолағының (ТШЖ) өлшемдері, егер ол бар болса, орындаушылық құжаттама бойынша (салуға, қайта жаңартуға) немесе әуеайлақты тексеру нәтижелері бойынша анықталады.
      25. Егер ТШЖ-ның беріктігі есептелген төсемі бар болса, ҚР АА ӘПЖН-ның 37-тармағының талаптары орындалған деп санау керек.
      ТШЖ төсемі үшін есептеу жүктемесі Г тобының ЖҰҚЖ төсемінің учаскесі үшін кем дегенде 0,5 есептік жүктемесін құрауы тиіс.
      Сәйкестікті бағалау жобалау құжаттамасының деректері бойынша немесе Азаматтық авиация (бұдан әрі – АА) саласындағы мамандандарылған ұйымның қорытындысы бойынша жүргізіледі.
      Ескертпе. Жасанды төсемсіз ТШЖ-ны ҚР АА ӘПЖН талаптарына бағалау, тексерулер жүргізудің арнайы әдістемесі әзірленбей жүргізілмейді.
      26. Әрбір РЖ үшін ұшақ индексін анықтау мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) ҰЖН-ға (ӘАНП) сәйкес әрбір РЖ үшін әуеайлақты қосалқы ретінде пайдаланатын әуе кемелерін (бұдан әрі – ӘК) қоса алғанда, осы РЖ-да пайдаланылатын барлық ӘК-нің индекстері анықталады:
      ӘК-нің әрбір типі үшін индексті анықтау тәртібі мынадай:
      қанаттың құлашы бойынша – ҚР АА ӘПЖН-ның 4-қосымшасы  кестесінің 2-бағанына сәйкес қанаттың құлашы бойынша индексі анықталады;
      сыртқы шиналары бойынша шассидің жолтабаны бойынша (шасси жолтабанының, арбашық пен шинаның жолтабанының ені мәндерінің сомасы) – ҚР АА ӘПЖН-ның 4-қосымшасы кестесінің 3-бағанына сәйкес шассидің жолтабаны бойынша индексі;
      ҚР АА ӘПЖН-ның 4-қосымшасы кестесінің екі индексінен ең үлкен индексі таңдап алынады, ол бойынша осы ӘК-нің индексі анықталады.
      2) әрбір РЖ үшін ӘК-нің анықталған индекстерінен ҚР АА ӘПЖН-ның 39-44-тармақтары бойынша РЖ-ның өлшемдері мен сипаттамалары сәйкестігінің бағалауы жүргізілетін ең үлкен индексі таңдап алынады.
      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі – ТМД) елдерінде өндірілген кейбір ӘК-нің мынадай индекстері бар:
      1-индекс — Ан-2, Ан-28, Л-410;
      2-индекс — Як-40, Ан-72, Ан-74;
      3-индекс — Ан-24, Ан-26, Ан-30, Ан-32, Ил-14, Ил-114;
      4-индекс — Ту-134, Як-42, Ил-18, Ан-12, Ту-204;
      5-индекс — Ту-154;
      6-индекс — Ил-62, Ил-76, Ил-86, Ил-96.
      27. РЖ-ның ені (РЖ-ны салуға, қайта жаңартуға немесе күшейтуге) орындау құжаттамасы бойынша анықталады. Аталған құжаттама болмаған жағдайда РЖ-ның ені әуеайлақты (РЖ) тексеру материалдары бойынша анықталады.
      28. РЖ мен екі бүйірлік қауіпсіздік жолағының (бұдан әрі – БҚЖ) немесе бекітілген жиектерінің жалпы ені (РЖ-ні салуға, қайта жаңартуға немесе күшейтуге) орындау құжаттамасы бойынша анықталады. Аталған құжаттама болмаған жағдайда РЖ мен екі БҚЖ-ның және екі бекітілген жиектерінің жалпы ені өлшеулер арқылы анықталады. Қисық сызықты учаскелерде РЖ-ның ені өлшеу орнында РЖ-ның осьтік сызығына қарай перпендикуляр бойынша анықталады.
      29. РЖ-ның осьтік сызығы мен қозғалмайтын кедергілер арасындағы қашықтық әуеайлақты тексеру материалдары бойынша анықталады.
      Тексеру кезінде осы қашықтық РЖ-ның осьтік сызығына перпендикулярлы жүргізілетін өлшеулер арқылы белгіленеді.
      30. Қатарлас РЖ-лардың осьтік сызықтарының арасындағы қашықтық РЖ-ның осьтік сызығына перпендикулярлы жүргізілетін өлшеулерді пайдалану арқылы анықталады. Қатарлас РЖ-лардың осьтік сызықтарының арасындағы қашықтықты, егер ол 100 метрден аспайтын жағдайда болса, анықтау қажет.
      31. РЖ-ның ЖҰҚЖ-ға қосылатын орындарындағы шеңберлену радиустарын (РЖ-ны салуға, қайта жаңартуға немесе күшейтуге) орындау құжаттамасы бойынша анықтайды. Аталған құжаттама болмаған жағдайда РЖ-ның шеңберлену радиустары әуеайлақты (РЖ) тексеру материалдары бойынша анықталады.
      Егер РЖ төсемі жиегінің шеңберленуі сынық сызық бойынша орындалса және орындау құжаттамасында шеңберленудің нақты радиусы көрсетілмесе, ол мынадай тәртіппен (осы СБӘ-нің 4-қосымшасы) анықталады:
      РЖ төсемінің шеңберлену жоспарында (орындау құжаттамасында немесе сызбасының көшірмесінде) ЖҰҚЖ мен РЖ төсемдерінің ішкі жиектерімен жасалатын бұрыштың бессектрисасы жүргізіледі;
      А және Б шеңберленуі басталуының нүктелерінен биссектрисамен қиылысына дейін (O1 және О2 нүктелері) перпендикулярлар жүргізеді;
      AO1 мен БO2 қашықтықтары өлшенеді, олардың ең төмені анықталады;
      ең төмен қашықтық (АО1) РЖ шеңберленуінің нақты радиусы болып қабылданады.
      32. Перронда жермен жүру бағытының осьтік сызықтары мен қозғалмайтын кедергілер арасындағы қашықтық әуеайлақты тексеру материалдары бойынша анықталады.
      Тексеру кезінде бұл қашықтық жермен жүру бағытының осьтік сызығы бойынша жүргізілетін өлшеулер арқылы белгіленеді.
      33. ҚР АА ӘПЖН-ның 45, 46 және 47-тармақтарына қатысты. Радиобиіктік өлшегіштің жұмыс аймағы мен оның өлшемдері (салуға, қайта жаңартуға) орындау құжаттамасы бойынша немесе әуеайлақты тексеру материалдары бойынша анықталады.
      34. Әуеайлақта оның периметрінің қоршауы болуын әуеайлақты визуалды тексеру кезінде анықталады.
      Әрбір ҰҚЖ үшін оған жататын РЖ-мен сәйкестігін бағалау жөніндегі жұмыс нәтижелері әуеайлақтың физикалық сипаттамалары мен элементтерінің таңбалануының сәйкестігі кестесіне енгізіледі (осы СБӘ-нің 3.2-кестесі).
      Осы СБӘ-нің 3.2-кестесін толтыру тәртібі мынадай:
      1-баған – ҚР АА ӘПЖН-ның қарастырылатын тармақтарының нөмірлері көрсетіледі;
      2-баған – тексеру нәтижелері бойынша анықталған әуеайлақ элементтерінің (стандарттық жағдайлар үшін көрсетілетін ЖҰҚЖ ұзындығын қоспағанда) нақты параметрлері көрсетіледі, бұл ретте: кеңейтілуі бар ЖҰҚЖ-ның ені ЖҰҚЖ шетіне түйісетін РЖ болмаған жағдайда көрсетіледі; РЖ мен екі БҚЖ-ның ені оларда ӘК-нің 4, 5 және 6-индекстерін пайдалану кезінде барлық РЖ үшін көрсетіледі;
      3-баған – растайтын құжаттың реттік нөмірі көрсетіледі. Растайтын құжаттар ретінде мынадай құжаттар:
      осы СБӘ-нің 2-тарауының 12, 13-тармақтары бойынша – мамандандырылған ұйым берген әуеайлақ класы туралы қорытынды;
      осы СБӘ-нің 3-тарауының 15-19, 26, 27, 29, 41, 42, 44-48, 10-тарауының 96-140, 15-тарауының 264-275-тармақтары бойынша – Әуеайлақ пен оның элементтерін тексеру актісі;
      осы СБӘ-нің 3.2-кестесінің 20, 23, 24, 30, 33, 34, 39, 40, 43-тармақтары бойынша – мамандандырылған ұйым орындаған орындаушылық жобалау құжаттамалары;
      осы СБӘ-нің 3.2-кестесінің 25-тармағы бойынша – ҰЖ және ҰЖН орындау пішіні;
      осы СБӘ-нің 3.2-кестесінің 21, 22, 28, 35-тармақтары бойынша – Әуеайлақ ауданында кедергілерді тексеру актісі;
      осы СБӘ-нің 3.2-кестесінің 31, 32, 36, 37, 38-тармақтары бойынша – Әуеайлақ пен оның элементтерін тексеру актісі және ҰЖН қолданылуы мүмкін;
      4-баған – тексерулер мен сынақтар қорытындыларын ҚР АА ӘПЖН талаптарымен салыстыру нәтижелері көрсетіледі және мынадай:
      бағаланатын параметр ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкес келген жағдайда «Сәйкес келеді»;
      ҚР АА ӘПЖН талаптарынан ауытқу болған кезде ұшу қауіпсіздігінің баламалық деңгейін қамтамасыз ету туралы қорытынды болған жағдайда «Баламалы түрде сәйкес келеді»;
      бағаланатын параметрі ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкес келмеген және жоғарыда айтылған «Қорытынды» болмаған жағдайда «Сәйкес келмейді» деген жазбалар жазылады;
      5-баған – ҚР АА ӘПЖН талаптарынан ауытқулар болған жағдайда азаматтық авиация ұйымдары осыларға сәйкес АА ұйымдары ұшу қауіпсіздігінің баламалы деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындаған құжаттардың нөмірлері, күні мен атаулары көрсетіледі, сондай-ақ қажет болған жағдайда кестенің басқа бағандарының мазмұнын түсіндіретін қосымша ақпарат көрсетіледі.
      СБӘ-нің осы бөлімінде айтылған әдістемелері бойынша әуеайлақ элементтерінің сәйкестігін бағалау жаңа салынған әуеайлақты немесе оның жекелеген элементтерін пайдалануға беру кезінде және әуеайлақ та, оның элементтері де қайта жаңартылғаннан кейін жүргізіледі, ЖҰҚЖ мен әуеайлақ класы туралы қорытындыны мамандандырылған ұйым дайындайды және бекітеді және оның нәтижелері Тексеру актісіне енгізіледі.
      3.2-кестені толтыру мысалы осы СБӘ-ге 7-қосымшада келтірілген.

Электр байланысы құралдарының сәйкестігін бағалау әдістемесі
Жерүсті рж және тікұшақтарға арналған жерүсті рульдеу бағыттары
Визуалды құралдардың сәйкестігін бағалау әдістемесі
Кедергілерді белгілеудің визуалды құралдарына қойылатын
Метеоақпараттың техникалық талаптарға сәйкестігін бағалау әдістемесі
Стандартты төрт дөңгелекті тіреуге арналған pcn = |(fн) графиктері
Кедергілер туралы деректер алу
I, ii, iii санат бойынша нақты кіру үшін жабдықталған ұқж
Кедергілерді «көлеңкелеу» қағидалары
Ижо-i жарық беретін сигнал жабдықтары жүйесінің сәйкестік
В* әуеайлағының метеорологиялық жабдықтарының қр әпжн
Авариялық-құтқару құралдарының қр әпжн талаптарына
Кедергілерді шектеу беттерінің өлшемдері мен еністері
Метеожабдыққа қойылатын техникалық талаптар

: images -> stories -> contents
contents -> Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы
contents -> Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №859 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан
contents -> «Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын құжаттар нысандарын мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы»
contents -> Мемлекеттік, тіркелетін танылым белгілері мен қосымша белгілерді азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне салу ережесін бекіту туралы
contents -> Хабарландыру
contents -> Техникалық байқау орталығының аумақтары мен үй-жайларына сәйкестігі туралы ақпарат
contents -> Азаматтық әуе кемелерімен тасымалдауға арналған қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы
contents -> Авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасы Жалпы ережелер
contents -> Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы»


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет