Этникалық және гендерлік стереотипер ұғымы



жүктеу 57.24 Kb.
Дата19.07.2017
өлшемі57.24 Kb.
Этникалық және гендерлік стереотипер ұғымы

Аннотация

Мақалада этникалық және гендерлік стереотиптердің мәдени ерекшеліктері, олардың қоғамдағы түрлі деңгейлермен, ұлттық, таптық және жас ерекшеліктеріне байланысты сәйкестігін, түрлі әлеуметтік топтардағы ерлер мен әйелдердің үлес салмағын, саяси және экономикалық өмірдегі гендерлік алшақтықтың рөлін, әйелдердің қоғамдағы орнын бағамдаудың қажеттілігі сараланады.



Кілт сөздері: стереотип, индивид, коммуникант, реалий.
Этникалық стереотип – этникалық топтардың өзіндік белгілерін ажыратушы және соларға қатысты барлық ерекшеліктерді сипаттайтын әлеуметтік стереотиптердің бір түрі. Бүгінгі күнге дейін біздің түсінігімізде және бұқаралық ақпарат құралдарында ұлттық стереотиптер жағымсыз құбылыс ретінде танылып келді. Мұндай жағдай әлемдік ғылымда саны аз ұлттардың ұлттық шеттетуге ұшырау факторына байланысты қалыптасты. Осыдан келіп стереотиптерді жалған немесе жаңсақ құбылыс ретінде тану орын алды. Алайда әлеуметтік құбылыс ретіндегі стереотиптер мен психологиялық үдеріс ретіндегі стереотиптеу құбылыстарының өзара айырмашылығын ажыратып алу қажет.

Соңғы жылдары әлеуметтік психологияда стереотиптер рационалды танымның бір түрі ретінде зерттеліп келеді. Әлеуметтік категорияларды анықтаудың әмбебап үдерісіндегі жеке тәсіл ретінде стереотиптеу құбылысын қолдану барысында белгілі бір топқа жататын, бір-біріне ұқсас, басқа адамдардан өзгеше адамдар тобының мінез-құлық табиғатына көңіл бөлінеді.

1922 жылы У.Липпман «әлеуметтік стереотип» терминін енгізген уақыттан бері стереотиптеу құбылысының қызметін зерттеушілер адам баласының қоршаған ортадан алатын аса мол әрі күрделі ақпараттарын жүйелеу және оны қарапайым түрде түсіндіру деп есептейді [1]. Мәселен, «ресурстарды сақтау» теориясын жақтаушылар адамның аз интеллектуалдық күшін жұмсай отырып, оның барынша көп ақпаратты игере алуын стереотиптеу қызметімен тығыз байланыстырады. Басқаша айтқанда, стереотиптер әлеуметтік таным үдерісінде индивидтерді әлеуметтік өмірдің сан тарау күрделі қиыншылықтарына бой алдырмауына жәрдемдесіп, әлеуметтік өмірдің ақиқат болмысының негізін нақты тануға жетелейді. Бізді қоршаған дүниедегі ақпараттар әлемі тек сандық тұрғыдан ғана күрделі емес, сондай-ақ сапалық тұрғыдан да беймәлім болып есептеледі. Стереотиптеу ақпараттың әлеуметтік мәнін түсіну құралы болып табылады, дәлірек айтқанда ең алдымен индивидтің таным ресурстарын үнемдеу үшін емес, әлеуметтік шындықты нақты көрсету үшін қызмет етеді.

Британ психологі А.Тэшфел стереотиптер индивидке тән құндылықтармен қатар оның әлеуметтік сәйкестігін де сақтауға қабілетті деп санайды [2]. Осыдан келіп стереотиптеудің негізгі әлеуметтік-психологиялық қызметін зерттеуші адамдарды өзара салыстыра саралау, олардың қарым-қабілетіне қарай баға беру, сол арқылы әлеуметтік дұрыс пікір қалыптастыру деп біледі. Басқаша айтқанда, стереотиптердің қызметі адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеу, сол арқылы әлеуметтік қоғамның тұтастығы мен бірлігін сақтау болып табылады.

ұлттық стереотиптер көбіне өмірлік қарым-қатынас барысында адамдардың бірін-бірі жете танымауы салдарынан жағымсыз пікір тудыруына итермелейді.

Этникалық стереотиптерге тән белгілердің арасында оның эмоционалды-бағалауыштық сипаты және эмоционалдық аспектісіне қатысты көңіл-күй сезімі мен бағалау сипаты тән.

Ұлттық стереотиптерге тән тағы бір маңызды белгілердің бірі – тұрақтылық пен беріктік қасиеттері. Стереотиптердің тұрақтылық қасиеті эмпирикалық зерттеулерде айқын дәлелденгенімен, ол шартты болып келеді: адамдар арасындағы қатынас өзгерген жағдайда немесе олар туралы ақпараттар жаңарған сайын олардың мазмұны, тіпті бағыты да өзгеруі мүмкін.

Ұлттық стереотиптердің тағы бір ерекшелігі – олардың ымырашылдығы.

Ұлттық стереотиптер дегеніміз – қандай да бір ұлттың өзге ұлттар жайындағы адамгершілік нормалары, ой-сана және салт-дәстүрі жайлы түсінігі. Ұлттық стереотип жеке адам емес, үлкен ұжымдық санада өмір сүреді; ол жағымды немесе жағымсыз болуы мүмкін; ол өз ұлтына (автостереотип) немесе өзге ұлт өкілдеріне (гетеростереотип) бағытталуы мүмкін.

Ұлттық стереотиптердің қалыптасуы – күрделі де ұзақ процесс стереотиптік түсініктерден пәк болып туылған сәбиде балалық шағынан бастап, басқа ұлттар жайлы түсінік қалыптаса бастайды. Этникалық стереотиптердің қалыптасуы психологиялық деңгейде жүзеге асуы мүмкін, алайда, бұл үдерісте басқа ұлт өкілдерімен тікелей қарым-қатынас жасау, ұлтаралық тарихи жағдай, сондай-ақ жалпы қоғамдық сана маңызды рөл атқарады. Ұлттық стереотиптердің қалыптасуын зерттеу мәселесінде тілдік деректер мен әдеби және тарихи жәдігерлер маңызды дереккөз бола алады.

Жалпы алғанда, тіл біліміндегі гендер ұғымы екі түрлі мәселеге байланысты болады:

1) Тіл және ондағы жыныстық ерекшелік көрінісі мәселесі. Бұл түрлі жыныс өкілдері ерекшеліктерінің көрініс табуы мен оның себептерін түсіндіру мәселесі, яғни ең алдымен атауыштық мәндегі сөздер жүйесі, сөздік қор, род категориясы т.б.. Тілдік дискурстағы ерлер мен әйелдерге берілген баға, олардың лексика-семантикалық көрінісі мәселесі.

2) Ерлер мен әйелдердің жалпы темпераменттік мінез-құлық табиғаты, олардың лексиконды таңдау ерекшеліктері, тілдік қатынастағы орны және сөйлеу ерекшеліктері мәселесі. Қосжынысты коммуниканттардың тілдік және жалпы мінез-құлықтарын зерттеуде гендерлік фактор ескеріледі. Дегенмен, соңғы жылдары осы мәселенің өзектілігі бастапқы кезеңдегідей ушығып тұр. Гендер факторы сөйлеушінің қоғамдағы әлеуметтік орнын анықтаушы мазмұнға ие. Гендерлік стереотиптердің ішкі мәндік қасиеті олардың әлеуметтік мән-маңызымен сәйкес келеді.

Біріншіден, гендерлік стереотиптерге эмоционалды-бағалауыштық сипат тән. Кез-келген гендерлік стереотиптің өзіне тән бағамы мен өлшемі бар, айталық, әйелге тән нәзіктік, сұлулық, сезімталдық, ер азаматқа тән ержүректілік, қайсарлық және т.б. Көңіл аударар жайт, біріншіден, аталған сипаттамалар әрбір гендерлік топқа тән жалпы құндылықтарды атап өтсе, екіншіден, гендерлік топтардың түрлі белгілеріне сәйкес баға беріледі (ерлер алдына қойған мақсат-мүдделеріне қайткенде де қол жеткізуге тырысып бағатын болса, әйелдер аса сезімтал әрі көңілшек, кінәмшіл келеді).

Екіншіден, гендерлік стереотиптер тұрақты әрі бірқалыпты болады. Мысалы, қазіргі заманғы әйелдерге тән аса кінәмшілдік пен көңілшектік қасиеті мен орта ғасырлардағы әйелдер бойындағы өз сезімін ұстай алмаушылық сияқты қасиеттері өзара ұқсас болып келеді [3]; бұған қарсы әділ, бір сөзді, ақылды деп танылатын ерлер қауымы жайлы көзқарас та мыңдаған жылдардан бері өз мәнін жойған жоқ. Сондай-ақ қазіргі заманғы ерлерге тән жауапкершілік, еріктілік, ымырашылдық секілді қасиеттердің орта ғасырлардағы ерлердің ақылсыз әрі тентек әйелдерге жауапкер болуы тиіс деген пікірмен мағыналық байланысын да аңғаруға болады. Алайда, барлық әлеуметтік стереотиптер сияқты әлеуметтік сана мен норманың өзгеруіне байланысты гендерлік стереотиптер де өзгеріске ұшырап отырады. Ер мен әйел стереотиптері туралы түсінік жалпы өзгеріске ұшыраған, яғни олардың жасын, ұлтын, әлеуметтік дәрежесін ескермейтін болсақ, ежелден қалыптасқан ер-азамат отбасының асыраушысы әрі қорғаны, ал әйел әлсіз әрі қауқарсыз жаратылыс деген бірыңғай пікір қазіргі уақытта мүлдем жоқ. Мұндай өзгерістер әйелдердің қоғамдық және өндірістік орындардағы рөлінің артуымен тығыз байланысты. Дегенмен, гендерлік стереотиптердің өзгерісі әлеуметтік реалийлердің өзгерісіне қарағанда өте баяу жүзеге асуда.

Үшіншіден, гендерлік стереотиптер жайлы ортақ пікірлер басым [4.71].

Қорыта келе, гендерлік стереотиптер нормативті деп есептелінеді. Ерлер мен әйелдер туралы жалпы түсінік әлеуметтік тұрғыдан айқын ажыратылғандықтан олардың да ақиқат өмірде олармен келіспеуге хақысы жоқ («нағыз азамат» қандай болуы керек немесе «қандай да бір жағдайда әйел өзін қалай ұстауы керек?» деген сияқты).

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Липпман У. Общественное мнение. М.:ФОМ, 2004, с.384

2. Tajfel H. Social stereotypes and social groups // Intergroup behaviour. Oxford,

1981.


3. Рябова Т.Б. Маскулинность в российском политическом дискурсе: история и современность // Женщина в российском обществе. 2000. №4.

4. Ashmore R.D., Del Boca F.K. The Social Psychology of Female-male Relations: A Critical Analysis of Central Concepts. N.Y., 1986.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет