Есеп жүргізудің жалпы принциптері. Шоттар айналымын қалыптастыру



жүктеу 63.11 Kb.
Дата08.03.2018
өлшемі63.11 Kb.
Есеп жүргізудің жалпы принциптері.

Шоттар айналымын қалыптастыру.

Оңтайлы басқару мен қаржылық шешімдерді қабылдау үшін өз шығындарыңды және бәрінен бұрын өндірістік шығындар жайлы ақпаратты талдай білу керек. Шығындарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу-болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін  тексеруге,  бағаларды дұрыс қоюға, шығындарды реттеу мен бақылауға, пайда мен өндірістің пайдалы деңгейін жоспарлауға көмектеседі.Кейінгі уақытқа дейін талдау мен есеп «қазандық» деп аталатын тәсілмен жүзеге асырылып келді. Біртұтас бухгалтерлік тізілімдеме барлық есепті кезең ішінде қолдану орны мен қандай мақсатқа бағытталуына қарамастан, өндіріске жұмсалған барлық қаражат-құралдар есептелді. Нәтижесінде шығарылған өнімнің ассортименті мен құрылымы ескерілмей нақты шығыстардың жалпы сомасы шығатын «Қазандық» тәсіл шығындарды азайту мүмкіндігін анықтамайтын шығындардың бағыты бойынша өндірістің шығындарын (кезең шығындары және т.б.), олардың пайда болған орындарын (цехтар, бөлімдер, қызметтер), шығарылатын өнім түрлері бойынша (орындалған жұмыс, көрсетілетін қызмет және т.б.) бақылауға арналған қажетті мәліметтерді алуға мүмкіндік бермейтін. Оның басты жетіспеушілігі — ақпараттың иесіздігі. Өкінішке орай, көптеген шағын кәсіпорындар осы уақытқа дейін осы тәсілді пайдалануда.Отандық ұйымдарда бүгінгі уақытқа дейін орталықтандырылған мемлекеттік баға белгілеу жағдайында дұрыс болып шыққан бұйымдар арасындағы қосымша шығындарды бөлу арқылы толық өзіндік құн есебі ғана қолданылды. Меншіктің әр түрлі нысаны ұйымның жекелену, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесінің даму, еркін баға белгілеу мен шығарылатын өнімнің ассортиментін өз бетінше жоспарлау тетіктерін енгізу, нарықтық экономиканың басқа жақтарын дамыту шамасы бойынша бухгалтерлік практиканың жаңа және келешектік бағыттарының бірі — басқару есебіне деген қажеттілік бірте-бірте өсуде.Қазір кәсіпорындар өндірістік қызметте: өндірістік бағдарламаларды, өндірістік және әлеуметтік даму жоспарларын әзірлеуде, баға саясаты саласында стратегияны белгілеуде зандық және экономикалық дербестік алған. Осыған байланысты басшылардың басқару шешімдерін қабылдауы үшін жауапкершілігі өскен.Шаруашылық дербестік — кәсіпорынның ұйымдастыру формасын, қызмет түрін, бизнес бойынша серіктерді, өткізу нарығын, бағаларды белгілеу және т.б.Қаржылық дербестік оның толық өзін-өзі қаржыландыруынан, қаржылық стратегияны, баға белгілеу саясатын жасаудан тұрады.Шаруашылық қатынастардың қандай тобы көрсетілуіне байланысты бухгалтерлік есеп екі құрамдас бөлікке бөлінеді: қаржылық есеп пен басқару есебі. Қаржылық есептің мәліметтері салыстырмалы және кәсіпорынның қаржылық жағдайына, оның төлемге және несиеге қабілеттілігіне, оған инвестиция салудың пайдалылығына әділетті баға беру үшін ішкі пайдаланушыларға, инвесторларға, кредиторларға және басқа пайдаланушыларға қажетті ақпарат белуге тиіс.Нарықтың экономика елдерінде бухгалтерлік есептін дамуы көрсетілген екі бағыт бойынша өзінің методологиялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық дербестігін алды. Әдетте, батыс оқулықтарында Қазақстан Республикасындағы қалыптасқан есеп жүйесіне толықтыруға болатын (1-кесте) қаржылық және басқару есебі арасындағы негізгі айырмашылықтарды сипаттайтын мынадай кесте келтіріледі.

1. Қаржылық және басқару есебі арасындагы негізгі айырмашылықтар



 

Салыстыру белгілері (критерийлері)

Қаржылық ссеп

Басқару есебі

 

1

2

3

 

1. Пайдаланушылар

Сыртқы

Ішкі (кәсіпорынның жеке құрамы, қызметкерлері)

 

2. Есеп жүйесі

Екі жақты жазу

Кез келген пайдалысы

 

3. Реттеу

Бухгалтерлік   есептің   халықаралық стандарттары

Жоқ

 

4. Өлшеуіштер

Ақшалай

Кез келгені (заттай, еңбек, ақшалай)

 

5. Мерзімділік

Жыл

Қажеттілігіне қарай

 

6. Объект

Тұтастай кәсіпорын

Кейбір бөліктері

 

7. Объективтілік

Өткен оқиғалар бағасына негізделгендіктен, объективті

Субъективті:өйткені болжамды сипатта және шешім қабылдайтын нақты тұлғаға байланысты

 

8. Қойылатын заң-ды талаптар

Есепті міндетгі түрде жүргізу және    ұсыну    («Бухгалтерлік есеп    қаржылық    есеп    беру туралы»    заң,    БЕС,    КЕХС, Шоттардың үлгі жоспары)

Менеджер мен басшы шешім қабылдаған кезде

пайдаланады



 

9. Ақпарат дәлдік дәрежесі

Анық

Жуық

 

10. Есеп ауқымы

Ұйымды тұтастай қарайды

 


Есеп объектілері — жауапкершілікті  орталықтар, шығындар орталығы тұтастай  кәсіпорын жеке цехтар, учаскелер болімдер және т.б.

11 Еселігін қабылданған    принциптері

Қабылданған бухгалтерлік есеп стаңдартарына, есеп принциптеріне бұлжыртпай бағынады

Жалпы қабылданған принциптері жоқ  бастысы  қарапайымдылық пен қолдануға қолайлығы

 

12 Ақпараттың уақытша шегі

Ұйымның қызметінің барлық іс-әрекетін үздіксіз есептеу

Есепті жүргізу немесе жүргізбеуді басшылық шешеді.

 

13. Ақпаратты беру жиілігі

Қатаң айқын мерзімдер белгіленген

Менеджерлер үшін әзір-ленген  материалдар уақыттық шекпен шектелмеген, жиі рәсімделеді

 

14. Ұсыну түрлері

Белгіленген нысан бойынша салық қызметіне ұсынылады

Керікті түрде ұсынылады

 

15. Практикалық қызметте қолдану

Жасалғанын растайтын (шаруашылық қызметтің болған фактілері көрсетіледі) бастапқы құжаттар негізінде шаруашылық операциялары тіркеледі

Шаруашылық қызметге болған фактілерді талдау негізінде болашақа арналған ұсыныс-тарды жасау. Бұл талдау болашаққа арналады

 






















Біздің елімізде бухгалтерлік есеп орталықтандырылған мемлекеттік басқарудың ақпараттық қажеттіліктеріне бағынады. Сондықтан  ақпараттық қажеттіліктерді дамытудың табиғи процесі ірі ішкі өндірістік маманданған және еңбек кооперациясының тармақталған жүйесі бар көп деңгейлі құрылымды кәсіпорындардың басқармалары жасанды түрде жоғарыдан тежеді. Нәтижесінде тұтастай ішкі өндірістік басқарма мен оның орталық буыны ішкі марка тұрақты қажеттілікті сезінді және әлі де сезінуде. 1937 ж. 1 қаңтардан бастап жүрген кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметінін бухгалтер есебі шоттарының бас жоспары мен 2003 ж. 1 қантардан бастап қолданысқа енген. Шоттардың үлгі жоспары өндірістілік басқаруды есептік-шаруашылық қамтамасыз ету деңгейін күмәнсіз көтеруге тиісті. Жалпы және басқару есебін бөлуді қарастырады. Сонымен қатар, басқару есебінің оқшауланып бөлініп шығуы нарықтық экономика принциптерінің бірі болып табылатын кәсіпорының коммерциялық құпияларын сақтауды қамтамасыз етеді.
: uploads -> doc -> 02fb
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
02fb -> Школа 327 Школа 327




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет