Ерте жастағы сәбилер тобының тәрбиешісі: Абдуманапова Асемгул Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама



жүктеу 55.67 Kb.
Дата08.03.2018
өлшемі55.67 Kb.
«Ғани-Инабат» бөбекжай балабақшасы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Атамекен а/ә Жеңістің 40 жылдығы

Ерте жастағы сәбилер тобының тәрбиешісі: Абдуманапова Асемгул

Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама

 

Сюжетик-рөлдік ойындар - 3-4 жастағы баланың тұлғалық, интеллектуалдық, жалпы психологиялық дамуында ерекше орын алатын жетекші іс-әрекет болып табылады. Бұл кезең баланың тілге, оның дыбысталуы мен мағынасына ерекше қызығушылығымен, сезімталдығымен ерекшеленетіндіктен, баланың тілін дамытуға өте қолайлы.

Бұл жастағы балалар ересектермен қарым-қатынас жасауға өте ықыласты болады. Әртүрлі сұрақтар қойып, өздері білетін ертегілерді бар ынтасымен айтып береді. Танымдық қызығушылығы белсенді болады. Ересектермен қарым-қатынас жасау қажеттілігі қанағаттанбаған кезде, олардың арасында эмоционалдық жатырқаушылық пайда болады. Төрт жасқа қарай бала құрдасын ортақ іс-әрекетке қатысушы есебінде қабылдайды.

3-4 жасар баланың өзін-өзі бағалауы өте жоғары деңгейде болады. Бұл - біреу оның тұлғалық қасиеттерін дұрыс бағаламаған кездегі өз-өзін қорғаудың «тұлғалық» тетігі болып табылады.

3 жас пен 4 жас аралығында баланың сенсорлық процесінің - сезіну мен қабылдау түрлері қалыптасады. Фонематикалық есту, түсті ажырату, көз қырағылығы, заттардың пішінін ажырату қабілеттері жетіле түседі.

Балалар заттарды ұстап көріп танудан, көзбен көру арқылы тануға көшеді. Жаңа заттарды қарап, көзбен көріп танудан сипап-сезу, есту, иіскеп көру арқылы қабылдауға ауысады.

Сөз - 3-4 жастағы балалардың сенсорлық процестерін дамытуда жетекші орын алады. Балалардың сөздік қорын заттардың сынын, бір-бірімен қарым-қатынасын білдіретін, мазмұнды қабылдауын қалыптастыратын жаңа сөздермен байытады.

3-4 жастан бастап баланың есі еріксіз сипатта болады. Бала материалды өзі іс-әрекетке тікелей қатысу арқылы есіне сақтайды. Бұл жастағы баланың ойлау қабілеті сапалық өзгешелігімен ерекшеленеді. Оған қиял мен шындықты ажырату қиынға соғады. Ол - өзімшіл. Оған анимастикалық түсініктер тән. Айнала қоршаған заттардың бәрін өзімен салыстырады, олар да өзі сияқты ойлауға және сезінуге қабілетті деп ойлайды.

Нысандарды қарастыра отырып әдетте, ол заттың едәуір ашық бөлігін ажыратады.

Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларда кеңістік, уақыт, сан туралы қарапайым түсініктері қалыптаса бастайды.

3-4 жасар балалар ауа райы құбылыстары мен оның салдары арасындағы қарапайым байланыстарды түсіне бастайды. Тек қана өзі ғана емес, басқа да тіршілік иелері де тағам мен судағы қажеттілігі бар екенін түсінеді. 3-4 жасар балаларда құрастыру әрекеті әлі де ойынмен бірге ұштаса отырып жүргізіледі. Әр түрлі материалдарды қолдану барысында балалар олардың қасиеттері мен құрастырудың ерекшеліктерін танып-біледі.

Бұл кезеңде балалар қарапайым қол еңбегі түрлерінің әдістерін меңгереді (бүктеу, умаждау, жырту және ұсақ-түйектерді қолдан жасау).

Төрт жасқа қарай балалар көркем шығарма мәтінін эмоционалды және тұтастай қабылдайды. Оның материалды қаншалықты түсінгендігі сөйлеу тілінде ғана емес, заттарды ажырату және ойын әрекеттері үстінде байқалады.

Бала үшін бейнелеу өнері - өзі жасаған бейнелер. Бұл бейнелер баланың өзі сияқты дербестігімен, ашықтығымен ерекшеленеді.

Мүсіндеу, жапсыру, сурет салу барысында сызықтар мен пішіндер тіріліп, баланың көз алдында жағу, сызу арқылы бейнеге айналады. Бала сызықтарды, пішіндерді, түсті дақтарды, жағуларды қолданып, қарапайым сюжеттерді бейнелей алады.

Бұл кезеңде көп балалардың музыкаға ықыласы жоғары деңгейде болғандықтан, музыка мәдениетін меңгертуге өте қолайлы.

Мектепке дейінгі кіші жаста баланың моторлық қызметтері қарқынды дамиды. Балалардың қозғалыс белсенділігі іс-әрекет дербестігінің жоғары деңгейлігімен сипатталады.

3 жастан бастап нақты және саналы қызығушылығы біліне бастайды, бұл кезеңде бала өзіндік еркі бар жеке адам екенін түсіне бастайды. Ми қызметі мен психикалық қызметі қарқынды дамуын жалғастырады, мінез-құлқында өзгерістер пайда болады. Көркем шығармаларды қабылдауы мен музыкаға деген ықыласы артады. Бұл баланың қызығушылығы мен қабілеттерін анықтауға мүмкіндік береді. Көпшілікпен ойнайтын ойындарға қызығушылығы арта түседі.

Үш жасар бала - қажымас қайраткер, ол желімдеуге, мүсіндеуге, сурет салуға дайын, бірақ ұзақ әңгімелер мен түсіндірулерді қабылдай алмайды.

3-4 жасар баланың тұлғалық дамуының базистік мазмұны өзінің көпқырлылығымен, әрдайым даму үстінде және әр жас кезеңінің өзіндік мазмұнының ерекшеленуімен сипатталады.

3-4 жастағы балалардың тұлғалық, базистік сипаттамасына құзыреттілік, эмоционалдылық, бастамашылдық, дербестік жатады.

Құзыреттілік. Бала төрт жасында әлеуметтік құзыреттіліктің белгілі деңгейіне жетеді: басқа адамға қызығушылығын білдіреді, оған сенеді, ересектермен және құрдастарымен өзара қарым-қатынас жасауға тырысады. Басқа адамдармен байланыс орнату үшін қатынасудың тілдік және тілдік емес (көзқарастар, ым, ишара, мәнерлі қылықтар мен қозғалыстар) тәсілдерін қолданады. Өзінің қай жынысқа жататынын түсінеді («Мен ұлмын», «Мен қызбын»).

Біліктілік құзыреттілігі баланың қоршаған әлемді танып-білу мақсатында әртүрлі сұрақтар қойып, белсенді қызығушылық танытуынан көрінеді. Ол әртүрлі тұрмыстық заттар мен ойыншықтарды ерекшеліктеріне (түсі, пішіні, көлемі, фактурасы, құрылымы), қызметіне қарай қолданып, байқайды. Сонымен қатар ауызша сипаттай алады (үлкен, әдемі, дөңгелек, т.б.).

Ана тілін меңгеру негізгі грамматикалық санаттар мен сөйлеу тілін меңгеруімен сипатталады.

Екінші тілді меңгеру. Мектепке дейінгі кіші жастағы бала екінші тілдің неге керек екендігін түсінбейді. Сондықтан оны меңгеруді алдына саналы түрде мақсат етіп қоймайды. Ол балалардың өзге тілді адамдармен қарым-қатынас жасау барысында қалыптасады.

Екінші тілді меңгеру процесі баланың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынасындағы тұлғалық, танымдық, ойын іс-әрекеті қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында құрылады. Осы мақсаттағы қарым-қатынас баланың тілдік ортаға тікелей қатысуымен жүргізілуі керек. Бірлескен іс-әрекет қуану, ересектермен, құрдастарымен ынтымақгтасу, олармен қарым-қатынасына қанағаттану негізінде қалыптасады.

Дене қызметін дамытудағы 3-4 жастағы балалардың құзыреттілігі олардың өмірлік маңызды қозғалыс түрлерін (жүру, жүгіру, өрмелеу), қарапайым гигиеналық және өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын меңгеруімен анықталады.

Эмоционалдылығы. Балада ересектермен эмоционалдық қарым-қатынас жасау қажеттілігі жоғары болады. Өзінің түрлі көңіл күйі мен сезімін (қуаныш, реніш, қорқыныш, таңқалу, рақаттану, т.б.) ашық көрсетеді.

Бастамашылық баланың тіршілік әрекетінің барлық салаларында: қарым-қатынаста (ересектерге бастамашылық қарым-қатынас: сұрақтар қою, өтініш жасау, т.б.), заттық-тәжірибелік әрекет (заттар мен материалдар: бояу, қағаз, ермексаз, конструкторлармен эксперимент жасау арқылы байқап көру), өз бетінше құрастырған сюжетті-бейнелеу ойындарында көрінеді. Осы әрекеттер арқылы баланың шығармашылық қабілеті дамиды.

Дербестік - 3-4 жастағы балалардың маңызды ерекшелігі («Мен өзім», «Қолымнан келеді»). Олар барлық іс-әрекет түрлерінде ересектерге еліктеп, оларды қайталайды (өзі тамақтанады, киінеді), мақсатты бір іс-әрекетке қызығушылықпен кіріседі (ыдыс жуады, кір жуады, дүкеннен сатып алады және т.б.).

Ересектер баланың белсенділігін қолдап, ынталандырып отырумен қатар, әр кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек. Өйткені бала айтылған ескертулерді ескере бермейді, сондықтан ересектер қауіпті жағдайлардың алдын алу шараларын ұмытпағаны жөн (зақым келтіретін, жаралайтын, сынатын немесе кесетін заттарды алып қою, шкафтардың есіктерін жабу және т.с.с.)
: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет