ӘОЖ: 633. 853. 55: 631. 55 Койгельдина1 А. Е., Нургасенов1



Дата06.07.2017
өлшемі109.99 Kb.
ӘОЖ: 633.853.55:631.55
Койгельдина1 А.Е., Нургасенов1 Т., Арыстангулов2 С.С.
1Қазақ ұлттық аграрлық университеті

2 Қазақ мал шаруашылығы және азықтандыру ҒЗИ
МАЙКЕНЕНІҢ ТҰҚЫМ ӨНІМДІЛІГІ МЕН МАЙ ШЫҒЫМДЫЛЫҒЫНА ҚОРЕКТІК АУДАННЫҢ ӘСЕРІ
Андатпа: Мақалада майкененің тұқым өнімділігі мен май шығымдылығына қоректік ауданның әсері зерттелген. Ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін жоғарлатуға бағытталған агротехникалық шаралардың арасында маңызды орынды өсімдіктің себу тәсілі мен мөлшеріне беріледі, себебі олар өсімдіктің оңтайлы қоректік ауданын анықтайды.

Кілт сөздер: майкене, қоректік аудан, тұқым өнімділігі, себу тәсілі, май шығымы.

Кіріспе

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының агросаясаты өсімдік шаруашылығы саласын әртараптандыруға бағытталған, яғни астық дақылдары егіс көлемі мен құрылымын қайта қарау арқылы оңтайландыру, қысқа ротациялы ауыспалы егістерді өндіріске енгізу және дәстүрлі дақылдарға балама ретінде тағамдық, техникалық және мал азықтық маңыздылығы жоғары перспективалы дақылдарды ұсыну болып табылады.

ҚР Агроөнеркәсіп кешенінің 2010-2014 жылдардағы даму бағдарламасында, республиканың оңтүстік-шығыс өңірлерінің тәлімі және суармалы жерлерінде дәстүрлі майлы дақылдармен қатар, болашағы зор майлы дақылдар түрлерін өндіріске енгізу көзделіп отыр. Олар өздерінің жоғары өнімділігімен, май шығымдылығымен ерекшеленеді. Олардың майын азық-түлікке, техникалық мақсаттарға және биожағармай өндірісінде пайдалануға болады [1].

Республикада майлы дақылдар мен жемістерін өңдеу өндірісін өзіндік шикізатымен қамтамасыз ету жоғары өнімді және шаруашылықтық құнды белгілерге ие басқадай майлы дақылдар түрлерінің сорттары мен будандарының ғылыми жобаларын жасаумен тікелей байланысты, сонымен қатар олардың қор үнемдеуші, экологиялық таза жоғары өнім қалыптастыратын тиімді технологияларын өндіріске енгізу ауадай қажет.

Сонымен қатар еліміздегі тамақ және өсімдік майы өнеркәсібінің майлы тұқымға қажетін толық қамтамасыз етуде майлы дақылдардың егіс көлемін кеңейтумен қатар, олардың жергілікті топырақ-климат жағдайына бейімді сорттарын шығару және оларды өндіріске енгізу керек. Күттірмейтін көкейтесті проблемалар қатарынан орын алады. Әсіресе, майлы дақылдардың отандық селекция сорттарының сорттық өсіру технологиясын нақтылы өңір жағдайына бейімдеу және тауар өндірушілер мен фермерлерді өте қымбат импорттық тұқымдарға және өңдеу мекемелерін шетел шикізатына тәуелділігін азайтуға, сонымен қатар, елде тіркелмеген генетикалық модификацияланған материалдар ағынына тосқауыл қоюға мүмкіндік жасалады.

Өсімдік шаруашылығын әртараптандыруда майлы дақылдарға жетекші орын беріледі, сондықтан перспективті майлы дақылдар түрлерін өндіріске енгізудің ғылыми-практикалық маңызы зор. Осындай дақылдар қатарына майкенені жатқызуға болады [2,3].

Ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін жоғарлатуға бағытталған агротехникалық шаралардың арасында маңызды орынды өсімдіктің себу тәсілі мен мөлшеріне беріледі, себебі олар өсімдіктің оңтайлы қоректік ауданын анықтайды.

Материалдар мен әдістер

Майкене дақылына оңтайлы қоректік ауданын таңдау шаралары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы «Агроуниверситет» оқу-тәжірибе шаруашылығында егістік тәжірибе қою арқылы жүргізіледі.

Зерттеу нысаны болып майкененің Донская крупнокистная сорты алынды.

Егістік тәжірибелер жалпы қабылданған әдістемелер бойынша салынды. Ғылыми танаптың топырағының механикалық құрылымы ауырсаздақты типі шалғынды қара қоңыр. Нұсқалардағы мөлдектердің есептеу аумағы-70 м2, үш қайталыммен, жүйелік тәртіппен орналастырылды.

Тәжірибелердегі агротехникалық шаралар аймақтық технологияға сәйкесті орындалды.

Өсімдіктің орналасу жиілігін-тұқым толық өніп шыққаннан кейін және жинау науқанының алдында анықталды. Кең қатарлы егісте өсімдік саны саналатындай, мөлдекті диагональ бойымен 2 метрлі кесектерге 5 қатарға бөледі.Талап етілетін ділдікке байланысты санауды, 2 аралық немесе барлық тәжірибе қайталауларында жүргіземіз. Өсімдіктің орташа саны 1 ұзынша метрге есептелінді.



Зерттеу нәтижелері

Майкене дақылының себу тәсілі мен мөлшері өсімдіктің өсіп-жетілуі, фотосинтетикалық әрекетімен қатар тұқым өнімділігіне және оның құрылымына тікелей әсерін тигізеді. Өнімділік дақылының себу нобайына қарай әртүрлі деңгейде ауытқыды (кесте 1).

Себу тәсілі мен мөлшеріне байланысты майкене дақылының әрбір өсімдіктегі қалыптасқан қорапшалар саны әртүрлі болды.

Қорапшалар негізгі сабақта және сабақтан тараған бұтақшаларда түзілді. Нұсқалар бойынша орташа есеппен 57,2-66,9 дана қорапшалар қалыптасты. Қоректік аудан өсімдіктегі қорапшалар санына айтарлықтай әсерін тигізді. Егер бақылау нұсқасында барлығы 59,5 дана қорапша болса, ал майкенені 120х120 см нобаймен сепкенде 66,3 дана, яғни 5,8 данаға артық болғанын байқаймыз. Барлық қорапшалардың 22,8% негізгі сабақта түзілсе, ал қалған 77,2% бірінші–үшінші қатардағы бұтақтарда қалыптасты, бірақта бұтақтардағы қорапшалар тұқымдар вегетация дәуірінің аяғына дейін толық пісіп үлгермеді [4].



Кесте1 - Майкене дақылының тұқым өнімділігі мен құрылымының себу тәсілі және мөлшерімен байланыстылығы


Нұсқа

Өсімдіктегі қорапшалар саны, дана

барлығы, дана

өсімдіктегі тұқымдар саны, дана

өсімдіктен жиналған тұқым массасы, г

1000 тұқым массасы, г

тұқым өнімділігі, ц/га

Себу нобайы, см

Себу мөлшері, мың дана/га

бұтақтар

негізгі сабақта

1-ші қатар

2-ші қатар

3-ші қатар
















60х30

55

11,4

10,8

18,6

16,4

57,2

107,5

43,2

402

13,1

60х60(б)

28

12,6

11,1

18,9

16,9

59,5

152,3

61,4

403

14,0

90х30

37

14,2

12,4

16,4

15,9

58,9

186,1

75,2

404

14,5

90х60

20

14,9

12,9

16,8

16,3

60,9

274,8

111,3

405

18,8

90х90

12,5

15,0

13,1

17,1

16,8

62,0

347,3

142,0

409

16,3

120х30

28

14,3

13,2

16,8

17,1

61,4

203,7

82,5

405

14,6

120х60

14

14,8

13,6

17,3

17,7

63,4

272,1

110,5

406

13,8

120х90

10

15,1

14,0

17,5

18,0

64,6

348,4

141,8

407

12,5

120х120

7,0

15,5

14,4

18,1

18,3

66,3

397,1

162,4

409

9,9

ЕЕА0,05ц/га




























1,22

Әр өсімдіктегі ең көп қорапшалар саны, ондағы тұқымдар саны және салмағы майкенені 120 см қатараралықпен себілген нұсқаларда байқалады. Мысалы, 120х120 см шаршы ұялы нобаймен себілген нұсқада 66,3 дана қорапша, ал қорапшадағы тұқымдар салмағы -162,4 г жетті,бірақта гектарға 7,0 мың дана тұқым себілгендіктен нұсқаның өнімділігі 9,9 ц/га аспады. Сондықтан жеке өсімдік өнімділігінің жоғарылығы бола тұра танаптағы өсімдіктердің сиректілігі тұқым өнімділігін айтарлықтай деңгейге көтермеді. Ең жоғары тұқым өнімділігі нұсқалар арасында майкенені 90х60 см нобаймен себілген нұсқада қалыптасты -18,8 ц/га. Аталған нұсқадағы қорапшалар саны 60,9 дана болса, оның салмағы 111,3 болы, гектар себілген тұқым мөлшері -20 мың дананы құрады. Көрсетілген себу мөлшерінен артық немесе аз себу тұқым өнімділігін 13-22% төмендетті.



Қорытынды

Алматы облысының тау бөктері аймағында майкене дақылын 90х60 см нобаймен себу әр гектардан 18,8 ц/га биологиялық тұқым өнімділігін қалыптастыруға мүмкіндік жасады, яғни дақылды көрсетілген нобаймен себу, өсімдікке үйлесімді жағдай туады, яғни қоректік аудан мен өсімдіктер жиілігінің оңтайлы қатынасы қалыптасады.

Зерттеу жүргізілген аймақта майкене дақылын оңтайлы қоректік аудан таңдау тәжірибелерінен байқағанымыз, өсімдіктің себу тәсілі мен мөлшері тұқым құрамындағы май мөлшеріне айтарлықтай әсерін тигізбеді. Нұсқалар бойынша тұқымдағы майдың мөлшері 52,3-52,7% аралығында болды. Ескере кету керек, сирек себілген нұсқалардағы тұқымдардың майлылығы жиі себілген танаптарға қарағанда 0,2-0,4% жоғары болды. Өнімділіктеріне байланысты тәжірибе нұсқаларынан жиналған майдың мөлшері 5,22-9,85 ц/га құрады. Майкенені 90х60 см нобаймен гектарға 20 мың дана тұқым себу гектардан жиналған сұйық кеппейтін май мөлшерін 9,85 центнерге жеткізді [5,6].
ӘДЕБИЕТТЕР:
1 Перспективные масличные культуры в Казахстане. Инф.листок КАЗНИИНТИ Астана, 2004-6с.

2 Күрішбаев А.К. Республика егіншілігіне жүйелі даму қажет. 11жаршы, Алматы, 2004,лвс-Б-3-4.

3 Күрішбаев А.К. «ҚР астық өндірісінің жай-күйі және проблемалары» 11//жаршы, Алматы, 2003, № 11, Б-3-6.

4 Данилова И.М. Каждый год с высоким урожаем. // Масличные культуры.-1982.- №6.- С.29-30.

5 Елешев Р.Е., Нургасенов Т.Н., Умбетов А.К. и др. Адаптивная технология возделывания масличных культур на орошаемых землях юго-востоке Казахстане, рекомендации. –Алматы. 2011. –20с.

6 Нургасенов Т.Н., Каракальчев А.С., Арыстангулов С.С. Основные приемы возделывания клещевины в условиях предгорной зоны Алматинской области. // Известия НАН РК.-2012.-№3.-С.31-35.



А.Е.Койгельдина, Т. Нургасенов, С.С.Арыстангулов
ВЛИЯНИЕ ПЛОЩАДИ ПИТАНИЯ НА УРОЖАЙНОСТЬ И МАСЛИЧНОСТЬ КЛЕЩЕВИНЫ
В статье изучено влияние площади питания на урожаность и масличность клещевины. Для повышения урожайности сельскохозяйственных культур среди агротехнических мероприятий важное значение имеют способы посева и норма высева, потому что именно они определяют оптимальную площадь питания.
A.Koigeldina, T.Nurgasenov, S.Arystangulov

INFLUENCE OF NUTRITION AREA ON PRODUCTIVITY AND OILSEED CASTOR


In the article studied the effect of a nutrition area for productivity and oilseed castor. In order to increase crop yields among the farming activities are important ways of planting and seeding rates because they determine the optimum nutrition area.

Мақала туралы мәлімет




Мәлімет (баяндама)



ӘОЖ (Әмбебаб ондық жіктеушісі бойынша мақалалар индексі)

633.853.55:631.55



Негізгі автор

А.Койгельдина



Қосалқы автор

Т.Нургасенов, Арыстангулов С.С.



Автор жұмыс орны (толық атауы)

Қазақ ұлттық аграрлық университеті



Мақаланың атауы

Майкененің тұқым өнімділігі мен май шығымдылығына қоректік алаңша көлемінің әсері



Түйін сөздер

майкене, қоректік алаңша, тұқым өнімділігі, себу тәсілі, май шығымы



Орыс тілінде аңдатпа

В статье изучено влияние площади питания на урожаность и масличность клещевины. Для повышения урожайности сельскохозяйственных культур среди агротехнических мероприятий важное значение имеют способы посева и норма высева, потому что именно они определяют оптимальную площадь питания.



Қазақ тілінде аңдатпа

Мақалада майкененің тұқым өнімділігі мен май шығымдылығына қоректік алаңша көлемінің әсері зерттелген. Ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін жоғарлатуға бағытталған агротехникалық шаралардың арасында маңызды орынды өсімдіктің себу тәсілі мен мөлшеріне беріледі, себебі олар өсімдіктің оңтайлы қоректік алаңшасын анықтайды.



Ағылшын тілінде аңдатпа

In the article studied the effect of a nutrition area for productivity and oilseed castor. In order to increase crop yields among the farming activities are important ways of planting and seeding rates because they determine the optimum nutrition area.



Әдебиеттер тізімі

1 Перспективные масличные культуры в Казахстане. Инф.листок КАЗНИИНТИ Астана, 2004-6с.

2 Күрішбаев А.К. Республика егіншілігіне жүйелі даму қажет. 11жаршы, Алматы, 2004,лвс-Б-3-4.

3 Күрішбаев А.К. «ҚР астық өндірісінің жай-күйі және проблемалары» 11//жаршы, Алматы, 2003, № 11, Б-3-6.

4 Данилова И.М. Каждый год с высоким урожаем. // Масличные культуры.-1982.- №6.- С.29-30.

5 Елешев Р.Е., Нургасенов Т.Н., Умбетов А.К. и др. Адаптивная технология возделывания масличных культур на орошаемых землях юго-востоке Казахстане, рекомендации. –Алматы. 2011. –20с.

6 Нургасенов Т.Н., Каракальчев А.С., Арыстангулов С.С. Основные приемы возделывания клещевины в условиях предгорной зоны Алматинской области. // Известия НАН РК.-2012.-№3.-С.31-35.




Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет