Әож 371 ОҚушыларға рухани адамгершілік тәрбие беруде отбасы, мектеп және қОҒамның Өзара ынтымақтастығЫ



жүктеу 117.4 Kb.
Дата23.02.2018
өлшемі117.4 Kb.


ӘОЖ 371

ОҚУШЫЛАРҒА РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУДЕ ОТБАСЫ, МЕКТЕП ЖӘНЕ ҚОҒАМНЫҢ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
Естаева А.О., Бексейтова Г.М. – магистр-оқытушы,

Шүренбай Г.М. – 123-12 тобының студенті,

ОҚМПИ, Шымкент қ.


Резюме

В статье рассматривается духовная нравственность учеников, также взаимоотношение и сотрудничество семьи, школы и общества.

Summary

The article deals with the spiritual morality students' relationships and cooperation of family, school and society.
Адамгершілік – адамның қоғамдық өмірінің негізі. Адамгершілік білімі – қоғам-дық білімдердің басты және бастапқы бөлігі, оның базасы болып табылады. Қоғамдық білімдерге жататын саяси, құқықтық, эстетикалық, философиялық, діни білімдердің барлығы да адамгершілік білімдерге, яғни кез келген саясат, эстетикалық идеал, құқық-тық нормалар, діни наным-сенімдер адамдарда және қоғамда қалыптасқан адамгершілік идеяларға, нұсқамаларға, мақсаттарға тәуелді және онымен тығыз байланысты болып келеді. Өйткені, адамгершілік білімі адамдардың дүниетанымын, олардың қызметін және мінез-құлқын, істері мен әрекеттерін анықтайды. Сондықтан да көрнекті педагог-тар адамгершілік білімін «білім берудің алтын қазығы» деп бекер айтпаған.

Адамгершілік – адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиет-терді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені, адам – өзінің адамгер-шілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Халқымыз қайырымды – мейірімді жанды «адамгершілігі мол адам» деп дәріптеген. Қайырымды, мейірімді жан – өзгелерді, басқа адамдарды ойлап, соларға қол ұшын беруші жан. Ал, адамдардың қамын жеу дегеніміз адамгершілікке келіп саяды [1,85-б.].



Кесте 1. Рухани-адамгершілік тәрбие қатынастарының сипаттамасы


Қатынастар

Қатынастар белгілері

Жеке адамның қоғамға деген қатынасы

1. Адамзаттық

2. Адамның ұғымдағы маңыздылығын ұғыну

3. Қоғамдық борыш

4. Адамның қоғамдық белсенділігі

5. Өмірді жақсартуға ұмтылыс

6. Өз қалауларын қоғамдық жұмыстарға ендіру

7. Азаматтық борыштарды орындау

8.Өз мінез-құлқын қоғамдық нормаларға сай басқару



Жеке адамның адамдарға деген қатынасы

1. Гумандық

2. Құрметтеу

3. Мейірімділік

4. Өзара түсінушілік



Жеке адамның өзіне-өзінің қатынасы

1. Өзінің жеке қасиеттерін бағалау (принципшілдік, өз бетінше жұмыс істеу, жинақтылық, сенімділік, жауапкершілік, қойылған мақсатқа жетуде өжеттілік)

2. Мінез-құлқын талдау және түзету (қажет болса)

3. Қызығушылығын, қажеттілігін бағалау

4. Өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылу



Жеке адамның еңбекке деген қатынасы

1. Еңбексүйгіштік

2. Жауапкершілік

3. Ұйымдасқандық

4. Жұмыскерлік

5. Тапқырлық

6. Еңбектің өмірлік маңызын түсіну

7. Ақыл-ой еңбегі мен денелік еңбек қасиетінің болуы


Жеке адамның табиғатқа деген қатынасы

1. Жауапкершілік

2. Гумандылық

3. Табиғаттың адам үшін қажеттілігін түсіну

4.Қоғам мен табиғаттың өзара байланысы заңдылығын түсіну

5. Табиғи байлықтарды саналы түрде пайдалану

6. Келер ұрпақ үшін қолайлы биосфераны сақтау қажеттілігін ұғыну


Рухани-адамгершілік тәрбиенің жоғары түрі – ар-ұят сақтау болып табылады. Бұл адамның өзіне деген адамгершілік қатынасын сипаттайды. Халық мақалдарында жастарды сабырлы, адал, арлы азамат болуға үндеп отырған. «Жаным арымның сада-ғасы», «Өлімнен ұят күшті», «Ақылды болсаң арыңды сақта, ар-ұят керек әр уақытта», «Жігіттің құны жүз жылқы, ары мың жылқы» деп ар-ожданды қастерлеген, оны адамгершіліктің асыл белгілері: ар - ұят, ождан сақтауды, сыпайыгершілікті, әдептілікті, үлкенді сыйлауды, достықты уағыздай отырып, осы тамаша қасиеттерге қарама-қарсы адамды азғыратын өтірік, өсек, еріншек, мақтаншақ сияқты жаман әдет, жат мінездер-ден сақтандырады [2,68-б.].

Отбасы тәрбиесіндегі баланың субьектілік ролі - ұлттық болмысымызға тән ұяңдық, үлкеннің алдын кеспей, тілалғыштық т.б. қасиеттерді қолдай отырып, бүгінгі нарықтық қатынас тұсындағы қарым-қатынаста қажеттілігі көпшілік, белсенділік, өз пікірі мен көзқарасын дәлелдеуге талпынушылық, алға ұмтылушылық және т.б. ұнамды қасиеттерді балалар бойында дамыту қоғам талаптарына айналып отыр. Отбасындағы рухани-адамгершілік тәрбие, ізгілік, өзара түсіністік пен сүйіспеншілік Шығыстың ұлы ғұламалары Әл-Фараби, Қ.А.Ясауи, М.Қашқари, Ж.Баласағұни еңбектерінен кең көрініс тапқан. Ол идеялар гуманист-педагогтар мен ағартушылар тарапынан бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. Әл-Фараби, Ж.Баласағұн және т.б. ұсынған отбасы тәрбиесі идеяларын ғылымға алып келіп ұштастырған чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменский болды. Ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, балалардың арасындағы өзара қатынас педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері болып табылады. Олар рухани адамгершілік тәрбиесіне мән беріп, көзқарастардың дамуына, балалардың мінез-құлығына, олардың адамдарға деген қатысына әсер етеді. Отбасын-дағы өзара қатынас сипаты әдет-ғұрыптармен, ата-ананың өзінің бұрынғы отбасынан алған тәрбие-нұсқауларымен, темперамент ерекшеліктерімен, ерлі-зайыптылардың эмоционалдық деңгейімен, олардың адамгершілік және педагогикалық мәдениетімен анықталады. Осының бәрі ата-ананың балаға деген қатынасындағы орын алады [3,68].

Отбасының негізгі міндеті – баланы еңбек етуге, жарқын сезімдер мен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бұл қасиеттердің бәрі негізінен отбасында қалыптасып нығаяды. Мұнда әсіресе, өнегесі арқылы жас балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелейді. Өмір тәжірибелері мен ғалымдар зерт-теулері (А.А.Вербицкий, Э.Д.Днепров т.б.) отбасы, мектеп және қоғам тәрбиесінің мынадай даму тенденцияларын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.

1-тенденция. Отбасы тәрбиесінің әлеуметтік тенденциясы. Нарықтық қатынас жағдайында оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруде отбасының жаңа тұрғы-сындағы ролі айқындалып келеді. Әлеуметтік жағдайы жақсы отбасыларындағы бала-лар жоғары саналы ақылы мектептерде білім алып, өнер, спорт және басқа тәрбие институттарында тәрбие алу мүмкіндік алады. Отбасы тәрбиесі мен оқушылар болаша-ғын жоспарлау ең алдымен әрбір отбасының әлеуметтік жағдайына қарай жүзеге асады.

2-тенденция. Тәрбиенің индустриалдық тенденциясы, яғни қоғам өміріндегі өндірістік қатынастардың жан-жақты дамып, мектеп пен отбасы, қоғам өміріне ықпал жасауы. Әрбір отбасы қоғамда пайда болған өндіріс құралдарын пайдалануға мүмкіндік алды. Оған әрбір отбасында компьютердің пайда болуы, жоғары сапалы фотоаппараттар мен бейнекамералар және т.б. құралдардың күнделікті тұрмыста қолданылуы дәлел бола алады. Бұл үрдіс «қоғам» → мектеп → отбасы → бағытымен жүзеге асуда.

3-тенденция. Отбасы тәрбиесіндегі баланың субъектілік ролі. Бүгінде қазақ бала-ларының психологиясы мен мінез-құлқында, жүріс-тұрысында өзгерістер пайда бола бастады. Ұлттық болмысымызға тән ұяңдық, үлкеннің алдын кеспей, тіл алғыштық т.б. қасиеттерді қолдай отырып, бүгінгі нарықтық қатынас тұсындағы қарым-қатынаста қажеті көпшілдік, белсенділік, өз пікірі мен көзқарасын дәлелдеуге талпынушылық, алға ұмтылушылық және т.б. ұнамды қасиеттерді балалар бойында қалыптастыру қоғам талаптарына айналып отыр.

4-тенденция. Мектеп пен отбасының, қоғамның ынтымақтастығы тенденциясы. Осы тенденция оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруде басшылыққа алатын бірнеше қағидаларды айқындауға мүмкіндік берді. Олар:

1. Оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруде қоғам, мектеп, отбасы және басқа да арнаулы институттардың тәрбиелік мүмкіндіктерін интеграциялау.

2. Тәрбиені гуманизациялау. Оқушылар бойында жоғары инттелектуалдық, мате-риалдық азаматтық қасиеттерді қалыптастыруда әрбір баланың қоғамның ең жоғары әлеуметтік байлығы, құндылығы деп санап, онымен гумандық қарым-қатынас жасау.

3. Мектептің педагогикалық ұжымының қоғам және отбасымен тығыз байланыс жасай отырып, әрбір баланың қабілетін толық ашу мен дамытуға мүмкіндік жасауын даралау мен жалпылау.

4. Мұғалімдер мен оқушылардың және ата-аналардың белсенділігін, бастамашыл-дығы мен шығармашылдығын арттыруды демократияландыру.

Жоғарыда келтірілген әдебиеттерге талдау отбасы – оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруде психологиялық-педагогикалық негізгі фактор болатынын дәлелдейді. Дегенмен, оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруде ықпал ететін фактор отбасы, мектеп, орта (қоғамдық орта, жолдастары және т.б.) көпшілік хабар құралдары (газет-журнал, теледидар, радио және т.б.) ішінен біз отбасын ең негізгі фактор деп бөліп алғанымызбен, ол қоғамнан әлеуметтік ортадан тыс өмір сүруі мүмкін емес.


Биологиялық фактор


Педагогикалық фактор

Қоғамдық фактор




Отбасы, мектеп және қоғам – оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие



Психологиялық фактор

Әлеуметтік фактор


Сурет – 1. Отбасы, мектеп және қоғам – оқушыларға рухани-адамгершілік

тәрбие берудің факторлары


Әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелерінің басты қызмет-тері: сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау, отбасы мүшелерінің бір-біріне көмек көрсетуі, сау қалуын қамтамасыз етуі, балаларды тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік, эмоционалдық және дене жағынан жекелік дамуы үшін алғы шарттарын құру, бір-бірімен тығыз эмоционалды байланыста болуына қолдау жасау, сондай-ақ өзара мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасау [4,60].

Оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруде отбасының педагогикалық үрдісі күйінің диагностикалық жүйесі:




Негізгі критерийлер

Көрсеткіштер

Диагностикалық әдістер

Отбасының жалпы сипаттамасы

1. Отбасы құрылысы

2. Ауқаттылығы, тұрмыстық жағдайы

3. Ата-ана туралы мәліметтер (білім деңгейі, кәсібі, әлеуметтік-мәдени құндылық бағыттары, мақсат-мүдделері)


1. Жеке іс-құжаттарын зерттеу

2. Отбасына бару (байқау, бақылау, әңгіме-сұхбат жүргізу)

3. Құжаттарды зерттеу, сұрақ-жауап


Өнегелік- психологиялық атмосфера

1. Өнегелілік мақсат нұсқаулары

2. Отбасындағы өзара қатынас стилі

3. Ата-ананың оқушының өмір әрекетінің мазмұнына көңіл бөлуі


1. Сұрақ-жауап

2. Әңгіме-сұхбат

3. Оқушылардың шығармалары

4. Тесттер

5». Мен және менің отбасым» суреті

6. Ранжирлеу



Ата-ананың педагогикалық мәдениеті

1. Ата-ананың тәрбиенің мақсатын, міндеттерін түсінуі

2. Тәрбиенің құралдарын, формаларын, әдістерін, тәсілдерін білу



1. Сұрақ-жауап

2. Әңгіме-сұхбат

3. Байқау-бақылау


Оқушының сипаттамасы

1. Отбасы өміріне белсенді араласу

2. Адамгершілік, интеллектуалдық, өмірлік мақсаттар

3. Іс-әрекеттің мақсаты, себеп-салдары

4. Іс-әрекет түрлерінің алуан түрлілігі

5. Іс-әрекеттің білігі мен әдіс-тәсілдерін игеру


1. Байқау-бақылау

2. Педагогикалық ситуациялар


Бұл отбасы жүйесінен оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие берудің мәнін және өздерінің баланың өмірін ұйымдастырудағы алатын орнын түсінеді. Орташа деңгейде отбасының педагогикалық үрдісі, жалпы алғанда қанағаттанарлық күйде, алайда кейбір элементтері түзетуді қажет етеді. Ата-ана оқушыларға рухани-адам-гершілік тәрбие беруде жауапкершілікпен қараса да, олардың педагогикалық мәдениеті жеткіліксіз. Балалар белсенді, бірақ жеткілікті ұйымдаспаған және мақсаттары анық емес. Отбасы сипатындағы ортақ нәрсе – педагогикалық процесті ұйымдастыруда әртүрлі қиыншылықтардың болуы.

Оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие қоғам, мектеп пен отбасының ынтымақ-тастығын нығайта отырып, тәрбиелік іс-шаралар мазмұнын гуманитарландыру арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мектеп тәжірибелерінде мұғалімдердің ата-аналар мен отба-сы тәрбиесі бойынша жұмыс жүргізуінде арнайы бағдарламаның жоқтығынан өз бетін-ше әрекет етуі байқалса, бұл жас педагог-мамандары үшін аса бір қиыншылық туғызып отыр. Соның салдарынан мұғалімдер отбасымен тек ата-аналар жиналысы арқылы ғана байланысып келді. Осыдан кейін бізге мектеп пен отбасының, дәлірек айтқанда, сынып жетекшілерінің ата-аналармен ынтымақтастықта әрекет етуінің нақты міндеттерін анықтау, сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларына рухани-адамгершілік тәрбие беру мақсатында ата-аналардың отбасы тәрбиесі бойынша педагоги-калық білімдерін жетілдірудің мазмұнын анықтау қажеттілігі туды. Зерттеу жұмысы барысында оқушы-ларға рухани-адамгершілік тәрбие беру ұлттық тәрбие тұрғысынан қарастырылды. Сонымен қатар, бүгінгі отбасы тәрбиесінің дамуына әсер етіп отырған нарық талаптары да назардан тыс қалған жоқ [1,85-б.].

«Оқушыларға рухани адамгершілік тәрбие беруде отбасы, мектеп және қоғамның өзара ынтымақтастығының теориялық негіздері» атты тарауда рухани-адамгершілік тәрбиенің мазмұны мен құрылымы, оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие берудің педагогикалық-психологиялық негіздері, отбасы, мектеп және қоғам – оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие берудің факторы ретіндегі мәселелер жан-жақты қарастырылған. Бастауыш сынып оқушыларының жеке басын дамытуда рухани-адам-гершілік тәрбиенің алатын орны ерекше. Олай болса, оларға рухани-адамгершілік тәрбие беруде қоғам, отбасы және мектептің өзара ынтымақтастығының мәнін жан-жақты ашу үшін «отбасы» және «тәрбие» ұғымдарына педагогикалық анықтамалар келтірілген. Сондай-ақ, отбасы – әлеуметтік орта ретінде оқушылардың жеке басының дамуына екі жақты әсер етеді және ол – балаларға рухани-адамгершілік тәрбие берудің негізгі факторы деп көрсеткен [4,60-б.].


Әдебиеттер тізімі:

1. Игенбаева Б.Д. Ана тілі сабағында жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқыту әдістемесі: пед. ғыл. канд. ... ғылыми дисс... - Алматы, 2002.-85 б.

2. Оразбекова К.А. Жеке тұлға ұлттық тәрбиенің ғылыми-педагогикалық негіздері. - Алматы: Комплекс, 2000. – 68 б.

3. Айтбаева А.Б. Әлеуметтік педагогика негіздері. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2011. – 165 б.

4. І.Сманов., А.Оңғарбай. Отбасы мен мектептің ынтымақтастығы. Оқу құралы. Шымкент. 2005. - 60 б.




: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет