ӘОЖ: 37. 022: 524 экологиялық білім берудің Әдістері



жүктеу 87.04 Kb.
Дата17.07.2017
өлшемі87.04 Kb.
ӘОЖ: 37. 022: 524
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӘДІСТЕРІ
Назарова Г.А., Оңғарбаева Г

(Қорқыт Ата атындағы ҚМУ)
Экологиялық білім берудегі жалпы мақсат: тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Экологиялық мәдениеттің үш құрама бөлігіне сәйкес осы жалпы міндетін экологиялық білім берудің негізгі үш міндеті деңгейінде нақтылауға болады:

  1. Экологиялық түсініктерді қалыптастыру. Мұндай түсініктер жүйесі тұлғаға табиғат әлеміндегі және адамдар мен табиғат арасындағы қарым–қатынастың түрлерін және ол қалай жүріп жатқанын тануға, әрі экологиялық мақсат тұрғысынан не істеу керектігін ұғынуға көмектеседі.

  2. Табиғатқа жауапты қарымқатынасын қалыптастыру. Экологиялық білімді меңгеру өз бетінше тұлғаның мінез–құлқының экологиялық мақсатқа бағдарлығына кепілдік бермейді, ол үшін табиғатқа қатысты жауапты қарым–қатынас қажет. Ол табиғатпен өзара қарым–қатынасы мақсатының сипатын, оның мотивін, мінез–құлықтың қандай да бір стратегиясын таңдауға дайындығын айқындайды, басқаша айтқанда экологиялық мақсатқа сәйкестілік көзқарас тұрғысынан әрекет етуге ынталандырады.

  3. Табиғатпен өзара әрекеттесу іскерліктері мен дағдылар жүйесін қалыптастыру. Экологиялық мақсатқа сәйкес әрекет ету үшін тұлға оларды жүзеге асыра білуі керек: өзінің әрекетінде оларды іске асыра алмаса оның түсінігі және ынтасы жеткіліксіз. Табиғатпен өзара байланыс жасаудың стратегиясы мен технологиясын меңгеру экологиялық мақсатқа сәйкестілік көзқарасы тұрғысынан әрекет етуге мүмкіндік береді.

Табиғатты қорғау аясы бойынша білім беру мақсаты оқушыларды тіршілік ортасын қорғау мен жақсарту шараларына белсене араласуға, табиғатты қорғау проблемаларының шешімін іздестіруге, экономикалық әрекетті экологиялық мақсатқа сәйкес бағыттау мен теңестірудің қажеттілігін ұғынуға бағдарлау болып табылады.

Бұл мақсатқа жету үшін тұлғаның санасына әсер ету керек.

Осы мақсатқа сәйкес экологиялық білім берудің үш міндеті тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамыту үдерісінің жиынтығымен анықталады:


  • оқыту – адамның тіршілік мекенінің шеңберінде Жердегі табиғаттың экожүйелік құрылымы жөніндегі білімді; өздерінің жергілікті жерлеріндегі қоршаған ортаның жағдайын зерттеу, бағалау және жақсарту бойынша ой-өрісі мен практикалық іскерліктерінің жүйесін қалыптастыру;

  • тәрбие беру – салауатты өмір салтын ұстануға және қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған мінез-құлық пен іс-әрекеттің қажеттліктерін (мотивін, ықпалдардын, қызығушылықтарын) тәрбиелеу;

  • дамыту - ой-өрісі аясында - экологиялық жағдайды мақсаты, себеп-салдары және мүмкін болатын жағдайы бойынша сараптау қабілетін; түйсіктік-сезім аясында – қоршаған ортаның жағдайын эстетикалық тұрғыда қабылдауын және бағалауын; ерік-жігері аясында – экологиялық проблеманы шеше алатынына сенімін, экологиялық білімді насихаттауға ұмтылысын және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған практикалық іс-шараға тікелей араласуға ұмтылысын дамыту [1].

Экологиялық білім мазмұны

Білім мазмұны – дүние картинасын бейнелейтін білімдер жүйесі; адамға белгілі іс–әрекет тәсілдерін, соның ішінде адамның қабілеттерін дамытуды қамтамсыз ететін шығармашылық әрекеттерінің тәжірибесін іске асыру; әлемге құндылықты қарым–қатынасының тәжірибесі (И.Д. Лернер, Н.В. Бочкина).

Білім мазмұны - И.П.Подласыйдың пікірі бойынша, өскелең ұрпақты не нәрсеге үйрету (оқыту) сұрағының нақты жауабы. Білім мазмұны деп, оқу орындарының белгілі бір типінде оқыту үшін таңдалып алынған білімдердің, іскерліктердің, дағдылардың айқын жүйесі ұғынылады.

Н.М. Верзилин мен В.М. Корсунскаяның биология пәніне қатысты (1983) анықтамасы бойынша, оқу пәнінің мазмұны - «биология бойынша ғылыми ақпараттан білім мен тәрбие беруде оның құрылымын әдістемеде белгіленгендей ұғынуға мектеп пәні үшін таңдалған біршама құнды оқу материалы».

Қазіргі заманғы білімді адам менталитеті тіршілік ету ортасында, қоршаған тірі табиғатта бағдарлай білуді, өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар, өзінің организмі (құрылымы, қызметі, даму заңдылығы) жөнінде, өмір құндылықтары, тірі табиғаттың даму тарихы, тіршіліктің экожүйелік сипаты, биосфера, табиғаттағы тірі организмдердің рөлі, Жер бетіндегі тіршілік үшін биоалуантүрліліктің биологиялық маңызы және биосферадағы адамның рөлі жөніндегі түсінігі болуын міндеттейді.

Барлық осы білімдер мектептің оқу пәнінде білімдердің бір қалыпты жүйемен беріледі. Экология бойынша мектеп пәні түрлі экологиялық зерттеу (бақылау, сипаттау, объектілерді анықтау және т.б.) әдістерін меңгеру бойынша материалдарды да кіріктіреді. Мектептің оқу жоспарындағы әрбір оқу пәнінің мазмұны білім беру бағдарламаларында, оқулықтарда және оқу құралдарында нақтыланады

Мектепте оқытылатын экологиялық білімінің құрылымын экологиялық заң мен заңдылықтар, тұжырымдамалар, дәйектер, теориялар, ұстанымдар, болжамдар, әдістер, категориялар, ұғымдар мен терминдер құрайды. Экологиялық білім мазмұнын (теорияларды, ұғымдарды, заңдылықтарды, ғылыми дәйектерді) таңдауда және оқу пәнінде ғылыми материалды ашу көлемін анықтауда түсініктілік принципімен өзара тығыз байланыстағы ғылымилық принцип маңызды рөл атқарады.

Орта мектепке арналған экологиялық білім мазмұны экологиялық ғылымның дамуымен тығыз байланысты, оның дамуының қазіргі деңгейін сипаттайды, оқу пәнінде организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасының заңдылықтары жөніндегі ғылымның негізін бейнелейді.

Оқушылардың мектепте алатын экологиялық білімдері дегеніміз экологиялық жүйе туралы ілім, абиотикалық және биотикалық құрама бөліктерінің жиынтығы жөніндегі түсініктер, ұғымдар және заңдылықтар.

Экожүйе – өздігінен құрылатын (түзілетін) және өздігінен жасай алатын ашық жүйе деп қарастырады. Экожүйе тұжырымдамасының құрамдас бөлігі болып орта есептеледі, себебі экожүйе деңгейінде ғана зат алмасу мен энергия ағымы өтеді.

Экологиялық қарым-қатынас әртүрлі - физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік т.б. қарым-қатынасты интеграциялайды.

Бұдан экологиялық білімнің мазмұнының дәстүрлі білім беретін оқу пәндерінің мазмұнына ұқсамайтынын көреміз. Экологиялық қарым-қатынас түрлі зерттеу әдістерінің (теориялық, эмпиризмдік, социологиялық) кешеніне сүйенетін түрлі үдерісті қамтиды. Экологиялық қарым-қатынас – оның типтері, түрлері және формалары – негізгі ғылыми зерттеулердің көзіне айналды. Мәселен, классикалық экологияның, әлеуметтік экологияның, адам экологиясының, ғаламдық экологияның сондай-ақ қолданбалы сипаттағы: агроэкологияның, өндірістік экологияның, қала экологиясының зерттеу нысанасы болып отыр [2].



Жалпы дидактикалық оқыту әдістерін және экологияны оқыту мақсатына сәйкес М.Н.Сарыбеков экологияны оқыту әдістерін төмендегіше жіктейді:

  1. Оқушыларда табиғат және оның заңдары, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану технологиялары жөніндегі білімдерін үнемі толықтырып отыруға ынталандыру әдістері (конференция сабақтар,семинар сабақ, оқушылардың баяндамалары, пікірталастар, викториналар, көңілді тапқыштар клубы (КВН).

  2. Шығармашылық ойларын, адамның табиғатқа қалыптасқан қарым-қатынасының мүмкін болатын нәтижесін алдын ала болжай алу іскерлігін дамытуға қабілеттендіретін әдістер (бұл ойлау қабілеттерін қалыптастыруды қамтамасыз ететін әдістер: анализ, синтез, салыстыру, себеп-салдар байланысын анықтау; сонымен қатар бұл дәстүрлі әдістер: әңгіме, бақылау, тәжірибе жүргізу).

  3. Ізденушілік дағдыларын, іскерліктерін дамытатын және экологиялық мақсатқа сәйкес шешімдерді қабылдай алуға, өз беттерінше жаңа білімдерді ала білуге оқытуды қамтамасыз ететін әдістер (оқыту процесінде проблемалы тәсілді, пайдалану)

  4. Өзінің іс-әрекеттерін экологиялық негізде басқару мәселесі бойынша оқушыларды тәжірбиелік әрекеттерге қатыстыру [4].

Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатына байланысты С.Д.Дерябо мен В.А.Ясвин тұлғаның экологиялық санасының құрама бөліктерін негізге ала отырып, экологиялық білім беруде пайдаланылатын әдістердің үш тобын жіктейді:

І-топ. Экологиялық түсініктерді қалыптастыру әдістері:

  • экологиялық ұғымдарды қалыптастыру әдісі - ғылыми ақпараттар, сондай-ақ өнер туындылары, лингвистикалық материалдар және түрлі философиялық теориялар негізінде тұлғаның экологиялық түсінігін қалыптастыру. Тұлғаның табиғат әлемі жөніндегі түсінігі эксперименталы логикалық әрекеттің негізінде ғана қалыптаспауы керек, сонымен қатар ол оның эмоциялық-эстетикалық қабылдауы мен философиялық ұғынуы салдарынан туындайтын табиғат әлемінің образдарына сүйенуі қажет;

  • экологиялық лабилизациялау (көзқарасын өзгерту) әдістері - ұстанған экологиялық әрекеттерінің тиімсіздігін түсіну арқылы психологиялық мазалануын тудыратын педагогикалық әсер. Мазасыздануды тудыратын тәсілдер әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, биологиялық мұражайда биотоптың экспозициясын жасауда, әдейі кейбір табиғи ланшафтыға темекінің қалдықтарын, сүт пакеттерінің қиындыларын және т.б. қалдық түрлерін тастаған. Осы жағдайға мұражайды көруге келген адамдар қолайсыздық реакциясына түскен. Себебі, табиғаттың әдемі жерін тамашалаймыз деп психикалық түрде өз-өздерін дайындап келген олар осы «әшекейлерге» тап болады да, экспозициядағы қалдықтар мидағы үдерісті тежейді. Осы кішкене жердегі жеке адам әрекеті іздерінің жағымсыз көріністері, табиғатқа үйлесімсіздігі қатты әсер еткен. Көрмеге келушілер өздерінде қолайсыздық сезімін сезініп, өзгеру процесі басталған.

  • экологиялық ассоциациялау (біріктіру) әдісі – тұлғаның алдына қойылған проблемалар арқылы түрлі образдар арасындағы біріктіруші байланыстарды өзектендіру. Бұл әдіс тұлғаның табиғат әлемі мен табиғи объектілеро жөніндегі түсініктерін қортындылауға және тереңдетуге бағытталған.

Экологиялық түсініктерді қалыптастыруда біріктіру әдісін пайдалануға мысал ретінде: экологиялық пирамида, тізбектік көрек, аралардың биі, жануарлардың жұп құру маусымын және т.б. жөніндегі мәліметтерді нақты ғылыми негізде түсіндіру жатады. Біріктіру әдісі табиғи объектілердің қандай да бір табиғи көріністерінің және соған сәйкес әлеуметтік көріністердің арасындағы белгілі бір ұқсастықтарды анықтауда пайдаланылады.

  • табиғи объектілерді көркем таныстыру әдісі – табиғи объектілердің ойдағы бейнелерін өнер туындылары арқылы қалыптастыру. Тұлғаның экологиялық түсінігі тек ғылыми ақпаратар негізінде ғана қалыптаспайды, сонымен қатар көп жағдайда әдеби шығармалар, бейнелеу өнері, ән негізінде де қалаптасады. Мысалы, тұлғаның орман жөніндегі түсінігі егерде ботаникалық, зоологиялық, географиялық және басқа да ғылыми ақпараттармен қатар өнер туындысы арқылы толықтырылса біршама түсінікті болады.

ІІ - топ. Табиғатқа субъективті қарым-қатынасты қалыптастыру әдістері:

  • экологиялық салыстыру (идентификациялау) әдісі- табиғи ортаның немесе табиғи объектінің ахуалын тануы, ұғынуы және болжауы үшін тұлғаның өзін-өзі соның орнына қоюына ықпал ету. Бұл әдіс табиғи объектілердің ахуалын психологиялық модельдеу процессін ынталандырады, сол ахуалды өте жақсы түсінуге ықпал етеді. Мысалы, зоология курсында балықтардың қысқы тіршілі әрекетін зерттеуде оқушыларға ауыздарын ашпай, өздерінің мұрнын шыдамдары жеткенше қысып ұстап тұру, сәлден кейін бір саусығын жіберіп бір танаумен дем алу ұсынысынылады. Осы күйді өздерінің басынан өткізіп көрсету арқылы оқушыларға мұз астындағы балықтарға оттегінің жетіспеуі жағдайын ұғындырады. Бір танаумен дем алулары үшін саусақтарын жіберу мұздың бетін ойып қоюдың балықтар үшін қаншалықты маңызды екенін модельдейді.

  • экологиялық эмпатия (мазасыздану, уайымдау, аяушылық тудыру) әдісі – тұлғаның табиғи объектінің ахуалы үшін мазасыздануын, сондай-ақ аяушылық сезімін оятуға ықпал етеді. Бұл әдіс тірі затқа аяушылық сезімін оятатын сұрақтарды қоюмен ерекшеленеді. Мысалы, «Ол қазір қандай күйде?», «Оның қазір көңіл-күйі қандай?», Оның ұйқысы келіп тұрған шығар? Әлде оған көңілсіз болып тұр ма?» және т.б.

  • экологиялық рефлексия (өткенге көз салу) әдісі – тұлғаның табиғат әлеміне экологиялық мақсатқа сәйкестілік көз қарасы тұрғысынан бағытталған өзінің іс-әрекеттері мен мінез-құлқына өзбетінше талдау жүргізуіне ықпал ету.

Мысалы, оқушы өзінің бөлмеде өсетін гүліне уақытында су қоюды ұмытып кетсе, оған «Олар сен туралы не ойлайды?» деген сұрақ қоюға болады. Өсімдіктің көзқарасы бойынша ол сөзсіз жауапсыз, оларға «су бермей» қинаған қатыгез адам болып көрінеді. Егер, мысалға, оқушы «қалып қойған» құстың балапанын оның анасы сырттай қамқорлық жасап жүргенін білмей жақсы ниетпен үйге әкелсе де, мұндай іс-әрекеттің экологиялық мақсатқа сәйкес еместігін атап көрсете отырып, құстың көзқарасы бойынша бұл оқушы «балапанды ұрлаушы» болып көрінетінін айтамыз.

ІІІ- топ. Табиғатпен өзара байланыс жасаудың стратегиясы мен технологиясын қалыптастыру әдістері:

  • табиғатпен бірлікте болу әдісі - табиғи жағдайдағы процестерге тікелей араластыру. Мысалыға көктемде құстарға ұя дайындау, ағаш егу және т.б.

  • экологиялық күту (экспектация) әдісі – тұлғаның табиғатпен алдағы кездесудегі қарым-қатынасын дайындау.

  • экологиялық әрекеттерді дәстүрлеу әдісі;

  • экологиялық қамқорлық жасау әдісі [4].


Резюме

Әдебиеттер тізімі




    1. С.Д. Дерябо, В.А.Ясвин. Экологическая педагогика и психология. Р.- н/Дону: Феникс, 1996 г.

    2. Сарыбеков Н.К., - Педагогические основы подготовки учащихся к охране природы в системе общего среднего образования, Жамбыл, 1994, 156 стр

    3. Верзилин, Н.М. Общая методика преподавания биологии. / Н.М. Верзилин,

В.М. Корсунская. – М.: Просвещение, 1983. – 364 с.

    1. Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: Учебник для студ. пед. вузов: В 2 кн. – М, 1999. - Кн. 1. - 576 с.

: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет