Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Борбасова Қ. М. «Дінтану» мамандығының 4-курс студенті Арай



жүктеу 47.15 Kb.
Дата19.07.2017
өлшемі47.15 Kb.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Борбасова Қ.М.

«Дінтану» мамандығының 4-курс студенті Арай Жанахметова

Салауатты өмір салтын құқықтық қорғау
Салауаттану — тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Салауатгану ғылымы аурудың алғашқы алдын алу әдіснамасын, денсаулықты сақтау және нығайту амалдары мен әдістерін зерттейтін салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негізі болып табылады. Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ол өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді.

Жеке тұлғаның өмір салты негізінен 3 нышанға негізделеді:



  1. Өмір сүру деңгейі

  2. Өмір сүру сапасы

  3. Өмір сүрудің өзіндік жолы

  • Өмір сүру деңгейі — бұл адамның материалдық, рухани және мәдени мұқтаждықтарын қанағаттандыру деңгейін көрсететін әлеуметтік-экономикалық санат.

  • Өмір сүру сапасы — адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын жайлылық дәрежесі. Бүл көбінесе әлеуметтік санатқа жатады.

  • Өмір сүрудің өзіндік жолы адам тіршілігінің мінез-құлықтық ерекшеліктерін сипаттайтын әлеуметтік-психологиялық нышан.

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың  негізгі  бағытгары:

  • жеке және қоғамдық гигиена;

  • дене шынықтыру;

  • организмді жаратылыс-табиғи факторлармен — су, ауа, күн жарығымен және т.б. шыңдау;

  • күн тәртібін тиімді пайдалану;

  • дұрыс және уақтылы тамақтану;

  • жұкпа аурулардың алдын алу;

  • тән ауруларынан (жарақаттанудан, уланудан т.б) сақтандыру;

  • зиянды әдеттерден (темекі тарту, алкоголь, есірткілік улы заттарды) сақтандыру.

Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі үш бағытта күрек жүргізу керек екенін көрсеткен болатын.

  • «Темекі шегуді тоқтату»

  • «Маскүнемділік пен араққа қарсы күрес»

  • «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес»

Шылым шегу – ең кең таралған зиянды әдеттердің және есірткінің бірі. Темекі жапырағында танин, желім, шайыр, крахмал және алколоидер бар өсімдік. Темекі түтінінде 30-астам улы заттар бар: Никотин; Көмір қышқыл газы; Көміртек тотығы; Көгеретін қышқыл; Аммиак; Шайырлы заттар; Органикалық қышқылдар және т.б.

Темекінің зияны:

  • Тыныс алуға; Ас қорытуға;

  • Тіске, ауыз қуысына зиян

  • Асқазанда жара пайда болады;

  • Ерін, тіл, және өңеш рагына жол ашады;

  • Есте сақтау қабілетін азайтады.

  • Жүрек ауруларына, әсіресе жүрек бұлшық еті инфарктіне (жүрек ұстамасы) қолайлылық туғызады.

  • Миды қамдайтын тамырларды да қатайтып, салдануға себепші болады және т.б.

Қазақстанда 2009 ж. 9 қазанынан бастап қоғамдық жерлерде шылым шегуге, ішімдікті 21 жасқа толмаған азаматтарға сатуға және қолдануға тыйым салу туралы Заң енгізілді. Заңға сәйкес, білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында, мұражайларда, қоғамдық тамақтану орындарында, кинотеатрларда, көрме және спорт залдарында, бұқаралық демалу орындары бар басқа да жабық ғимараттарда, шылым шегуге тыйым салынған.

Ішімдік – қосындыларды ашытудан алынатын есірткі. Ішімдік — ес ауыстыратын зат деген мағына береді. Жүйке жүйелерін қоздыратын жасанды зат. Ол биологиялық у.

Ол барлық органдарды зақымдайды. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұратын қабілетін бірден жойып жібереді. Мұның бәрі адамның мезгілсіз уақытта өліп кетуіне әкеп соғады. Ішімдіктің зияны:


  • Мидың қызметін бұзады;

  • Спирт бауырда көп жиналады;

  • Спирттің у концентрациясы 70-80 %;

  • Нерв жүйесін бұзады;

  • Эпилепция ауруын туғызады;

  • Транспорттық апаттарға душар етеді;

  • Аналарға балаларының өміріне қауіпті және т.б.

Нашақорлық – организм қызметінің бұзылуына әкелетін есірткілерге еңсерілмейтін құмарлықпен сипатталатын ауру. Бұл – XXI ғасырдың нағыз жұқпалы дерті. Грек тілінде «ұйқы» мағынасын білдіретін «narke» сөзі ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді. Есірткілер жанға батарлық жаман аурумен (рак және т.б.) ауыратындарға дәрі ретінде ауырғанын басу үшін арналған. Жалпы айтқанда есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Есірткілерді пайдалануға ғана емес, өзіңмен бірге ұстап жүруге де болмайды, өйткені біздің республикада есірткінің шамалы мөлшерін сақтау заңмен жазаланады. Оларды қолдану кезінде ең қауіпті аурулар — СПИД, сифилис жөне гепатит жұқтыру мүмкіндігі күрт жоғарылайды. Нашақорлардың көбісі осы үш аурумен ауырады. Гепатит, оған қоса есірткі заттармен улану бауырдың дистрофиясына алып келеді де, адам мүгедек болып қалады.

Қимыл белсенділігі өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты. Ол өмірлік маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады. Сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.



Организмді шынықтыру – әр түрлі аурулардың алдын алу үшін организмді үнемі шынықтыру қажет. Шынығудың арқасында организм қоршаған ортадағы температураның күрт өзгеруіне бейімделеді және организмнің жұқпаларға қарсылығын жоғарлатады.

Дұрыс толыққанды тамақтану - денсаулықты сақтауда уақытымен және дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Жүріп бара жатып, кітап оқып отырып, теледидар алдында тамақтануға болмайды. Майлы, тұзды, тәтті тағамдарды қабылдауды шектеген жөн, тамақты аса көп жеуге, ұйықтар алдында тамақтануға болмайды.



Зиянды әдеттерден алшақ болу - темекі шегуден, ішімдіктен, есірткі және уытты заттардан бас тарту. Бұл зиянды әдеттер организмге әсер етіп, денсаулыққа зиян келтіреді.

Жеке адамның да, мемлекеттің, қоғамның да басты байлығы – денсаулық. Өмір салты дегеніміз – тұлға мен қоғам деңгейінің прогрессті дамуының көрсеткішінің категориясы. Салауаттылық – саулық кепілі, ал саулық – байлықтың негізі.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет