«Ежелгі түркі мәдениетіндегі жазбалар»



Дата24.01.2018
өлшемі37.2 Kb.

« Ежелгі түркі

мәдениетіндегі жазбалар»

атты мақалаға талдау


(«Ана тілі» газеті, №30 (1288) 30 шілде – 5 тамыз, 2015)

Тілдің таңбалық бейнелері. Қоныс тепкен жер бедері, хайуанаттар мен өсімдіктер əлемі көрініс тапқан алғашқы сөздерді қалпына келтіру арқылы ежелгі түркілердің пайда болған аймағын анықтауға болады. Тау – дала ландшафты, аталған хайуанаттар мен өсімдіктер əлемі Алтай – Саян өлкесіне ғана емес, сондай-ақ Кавказға да, Орта жəне Кіші Азияға да тəн. Тіпті Африка, Америка, Австралияның кейбір аймақтарына да тəн. Көне түркі руникалық жазу ескерткіштерінің кең қанат жайған аймағы – Оңтүстік Сібір, Моңғолия, Қазақстан мен Қырғызстанның кең жазиралы далалары мен тау шатқалдары. Сөз болып отырған жазу нұсқаларының екі жүзден астамы тасқа қашалған, ал ондаған нұсқасы түрлі қорымдардан табылған металл, күйдірілген сазбалшықтан жасалған бұйымдарға ойылса, сондай-ақ сирек те болса ағаш пен сүйек сияқты заттар да қолданылғаны айқындалып отыр.

Тілдердің ішіндегі ең көнесі – шумер іліндегі етістік жəне есім түбірлердің қолданысы туралы олардың бір-бірінен ешқандай айырмашылығы жоқ деген болжау бар. Шумерлер, көне селмиттер, хеттер, шикі балшық тақталарға жазып, содан кейін оларды мəңгі материалға айналдыру үшін күйдіріп отырған. Ол дəуірдің кітапханасы бір-бірінің үстіне жалпағынан қойылған қыш тақталардың үйінділері болған. Жазуды басқа материалға (папирус, пергамент) ауыстырған. Кейінгі ұрпақ түсініксіз таңбалармен жазылған қыш кестелерін тауып алып, қабырға қалайтын құрылыс материалы ретін де пайдаланған. Таңбалар жазылған миллиондаған қыш «парақтары» толассыз соғыстардың салдарынан қираған сарайлар мен ғибадатханалар салу үшін Алдыңғы жəне Кіші Азияның қалаларында жəне елді мекендерінде пайдаланған. Қыш жазуларының соңғы қорғаны – Ассирия – Вавилон құлдырағаннан кейін папирус пен пергаментке жазылған əріптік жазуға жаппай көшу сына жазуын бір сəтте-ақ құнсыздандырды. Ежелгі əлемде мол болған құнды жазба ескерткіштері мен біртұтас жазбалар түгелдей жоғалған деп сенімді түрде айтуға болады. Көне түркі руна жазуы VІІІ-Х ғ көне түркі тайпаларының бір бөлігі қолданған жəне таңбаларының пішіні бойынша герман рунасына ұқсас жазба Орхон-Енисей жазбалары тілін құраған Орта Азия мен Сібір көне руна жазуы жəне Орта Азиялық руна жазуымен кейбір əріптері ғана сəйкес келетін Шығыс-Еуропа руна жазуы болып бөлінеді. Алайда археология ғасыры əлі де аяқталған жоқ. Бірқатар ғалымдардың болжамы бойынша түркі, Азия руналары таңбалардың кескінін геометриялық пішінге өзгерту нəтижесінде VІІІ ғасырдан ерте пайда болған.

Ел тарихын білу жер тарихын білумен шарттас. Өйткені сол жерді мекен етіп, қоныс тепкен, суын ішіп, қайнарының көзін ашқан елдің басынан кешкен өмір өткелдері мен қат- қабат оқиғалары зейін аударып қарасаңыз атой салып жатады. Сонау ХІ ғасырдағы Махмұд Қашқари сөздігіндегі Кейген (Кеген), Ертіш (Ертіс), Етіл (Еділ), Іле, т.б. өзен-су атаулары күні бүгінге дейін сақталса, тау мен тастың, бұлақтардың, елді мекендердің аты қаншама десеңізші. Халық жер мен су, тау мен жота, көл мен бұлақтың атын қалай болса солай атай салмаған. Одан көңілде із қалар ұқсастық пен бейнелі көрініс тапқан. Мысалы, Сарыарқа, Керегетас, Қыземшек, Кемпірадыр (кемпірдің бетіне ұқсас қыртыстары үшін), Қызылмойнақ, Қаражал жəне т.б. қаншама ұқсатулар мен бейнелі елес жатыр. Кейде орынды, орынсыз өзгертіп, кейінгі ұрпақты шым-шытыр шырғалаңға салар шақтар да аз кездеспейді. Орта Азия, Түркістан жерінде Х-ХІ ғасырларда ғылым-білімнің өте жоғары дамығаны,Əбу-Насыр əл-Фараби, Əбу Райхан Бируни, Əбу Əли ибн Сина сияқты ғұлама ғалымдардың болғаны белгілі. Ал ХV ғасырдағы шипагер ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы өзінің ізашар ұстаздары Əбу Насыр əл-фараби, Жүсіп Баласағұн шығар маларымен толық танысқанын, олардың пікір леріне баға беріп, дамытып отырғанын баяндайды.



Мүшел жастағы əрбір адам сақтана жүруі қажет деп ескертеді. «Шипагерлік баян» еңбегінде өсімдік атауларының дені қазақтың байырғы сөздері адыраспан, алабота, арша, баялыш, бидайық, жалбыз, жауқазын, жуа, т.б. Дəрілік шөптердің шипалық қасиеттері ұрығында, гүлінде, сабағында, тамырында болатыны шөптің жинау мерзімін, дайындау əдісін білу шарттары кітапта айқын көрсетілген. Шығармада «жетіге тиіспеу», «қырық бірге жұғыспау», «он екіден айырылмау» сияқты өнеге-өсиет, ырым-тыйымдар тізбегі берілген. Мұны шипагер дəурендеу, бақытты өмір сүру заңы, аман-есендік шарты ретінде ұсынуды жөн көрген. Ұрпақтан-ұрпаққа көшіріліп, бұл мұраның шипагерлік сырлары шашылып жойылмауы үшін алдағы нұсқалары өртелген болатын. Қазақ халқының дүниетану тəжірибесі мол, емшілік дəстүрі орасан бай. Сондықтан ХV ғасырдан қиын-қыстау жолмен бізге жеткен асыл мұрамызды одан əрі зерттеп, халық игілігіне айналдыруымыз керек.

Қорытынды: Алғашқы сөздерді қалпына келтіру арқылы ежелгі түркілердің пайда болған аймағын анықтауға болады. Тау – дала ландшафты, аталған хайуанаттар мен өсімдіктер əлемі. Тілдердің ішіндегі ең көнесі – шумер іліндегі етістік жəне есім түбірлердің қолданылдуы туралы олардың бір-бірінен ешқандай айырмашылығы жоқ. Ел тарихын білу жер тарихын білумен шарттас. Өйткені сол жерді мекен етіп, қоныс тепкен, суын ішіп, қайнарының көзін ашқан елдің басынан кешкен өмір өткелдері мен қат- қабат оқиғалары
Қазақ тілі және мәдениеті

кафедрасы меңгерушісінің м.а. Қ.С.Қалыбекова
Тақырып бойынша ұсынылады:

  1. «Ана тілі» газеті

  2. Қазақ әдеби тілінің тарихы, А., 1989. Исаев С.,

  3. Қазақ тілі бойынша зерттеулер, А., 1966; Сыздықова Р.,

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Беттің және ауыз қуысы ағзаларының туа пайда болған ауытқуларының көріністерін анықтай білу
2016 -> Анатомо-физиологические особенности кожи. Кожа это трехмерная пограничная ткань Кожа
2016 -> Аппарат для локальной криотерапии фирмы tur therapietachnik GmbH
2016 -> Анальный полип. Что такое анальный полип?
2016 -> Уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта; уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта
2016 -> Дентальная имплантация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет