Ей табиғат балаңмын, тағдырыңа алаңмын» атты жаратылыстану пәндері апталығы «Ғаламтор білім көзі ме әлде адасу жолы ма»



Дата18.03.2018
өлшемі44.28 Kb.
«Ғ.Махамбетов атындағы ОЖББ мектебі» КММ


«ЕЙ ТАБИҒАТ БАЛАҢМЫН, ТАҒДЫРЫҢА АЛАҢМЫН»

атты жаратылыстану пәндері апталығы

«ҒАЛАМТОР білім көзі ме әлде адасу жолы ма»

(пікірталас)

Ұйымдастырған химия пәні мұғалімі: Наурызбайұлы Ораз

Қатысушылар 10-11 сынып оқушылары
2016-2017 оқу жылы

Батыс Қазақстан облысыd:\лок с\фото\зерде\img-20161102-wa0010.jpg

Ақжайық ауданы

Базаршолан ауылы

Ғ.Махамбетов атындағы ОЖББМ,

Ақжайық ауданы

Балалар шығармашылығы орталығының

қосымша білім беру педагогы

Жоғары санатты химия пәні мұғалімі

Наурызбайұлы Ораз
Сабақтың тақырыбы: «Интернет – білім көзі ме әлде адасу жолы ма»

Сабақтың мақсаты: Интернет туралы ақпарат беру, интернеттің оң және теріс жақтарын талқылау, оқыс жағдайлардың алдын алу, болдырмау, білім саласына қатысты интернет мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға үйрету, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, біреудің пікірін сыйлау, бағалау қасиетін қалыптастыру т.б.

Сабақтың түрі: Дәстүрсіз

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, газет – журналдар, ғаламтор материалдары т.б.

Сабақтың әдісі: Пікірсайыс

Сабаққа қатысушылар: 10-11 сыныптардан құралған 2 топ, әр топта 3-3 оқушыдан мүше болады.

Сабақтың кезеңдері:


  • Әр топтың ұстанымы;

  • Топтың пікірі;

  • Сұрақ – жауап кезеңі;

  • Көрермендерден сұрақ;

  • Қорытынды;

Сабақтың барысы: Оқушылармен, кеш қонақтарымен сәлемдесу, сабақтың барысын түсіндіру , баяндау.

Баяндама: «Интернет тарихы»

Сайысқа түсетін командаларды ортаға шақырамыз:

10 класс оқушылары командасы Махат Ерген, Абилхайыр Асыланбек, Сағыныш Әли

11 класс оқушылары командасы Тасбулатова Айнұр, Жолдасова Алтынгүл, Әлібекова Гүлбану.

Сайысымыз кезіндегі пікірталасқа баға беретін сарапшылармен таныс болыңыздар:



  • Тугелбаева Ақмарал Жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігі жетекшісі;

  • Есқұлов Руслан ұйымдастырушы педагог;

  • Құбашева Нұрзада информатика пәні мұғалімі;

І тур. Топтың ұстанымы. Әр топ өз ұстанымдарымен таныстырып өтеді.

11 сынып спикері Тасбулатова Айнұр: Біздің пікіріміз бойынша «Интернет – білім көзі» деп есептейміз.

10 сынып спикері Махат Ерген: біз бұған келіспейміз, керісінше біздің ұстанымымыз «Интернет – адасу жолы» болып табылады.

ІІ тур. Топтың дәлелі. Әр топқа өз ұстанымдарын дәлелдеуге 3-3 минуттан уақыт беріледі, топтан бірнеше оқушы сөз ала алады.

11 сынып: 1. Оқушы: Интернет білім көзі деп айтатын себебіміз, қазіргі таңда интернет сайттарында барлық ақпаратарды табуға болады. Барлық оқулықтардың электронды нұсқалары ғаламторға енгізілген. Кез-келген тақырыпта реферат, өздік жұмыстар іздесен таба аласың.

2. Оқушы: Қазір біз ұлттық біріңғай тестілеуге дайындалудамыз, тесттілеге қажетті барлық ақпараттарды ғаламтордан табуға болады. Сөздіктер, тесттер, сызбалар барлығы – барлығы интернетте толып тұр. Қажет кезінде кіресің де жүктеп аласын, тіпті ҰБТ-ге дайындық барысында интернет тестілері де бар кіріп тест тапсырмаларын орындап, қандай нәтиже жинағаныңды бірден көруге де болады.



10 сынып: 1. Оқушы: Интернет адасу көзі, бұлай деп айтатын себебіміз қазіргі таңда барлық балалар күні – түні интернетте отырады, қаншама уақыттары кетеді, көздері талады, сабақтары, басқа жұмыстары барлығы қалады, сонымен қатар интернет беттерінде бейәдеп сөздер, видеолер көрсетіледі, оларды қараған оқушыларда қандай тәрбие қалыптасады өздерің айтып көріңдерші.

2. Оқушы: Ғаламтордан түрлі ақпарат ашып ала аламыз дейсіңдер, бір ақпарат іздейіндеп интернет бетін ашсаңыз жанында ұятты жарнамалар толып шығады, жауып тастайын десең де жабылмайды. Сонымен қатар қазіргі таңда белең алған суицит мәселесі де осы интернеттің әсері. Осы тектес бірнеше сайттар ашылып, жасөспірімдердің санасын улауда.

ІІІ тур. Сұрақ жауап кезеңі. Әр топ бір – біріне сұрақтар қояды және оған қарсы топтар жауап берулері қажет. Әр топқа 5-5 минуттан уақыт беріледі.

11 класс:

1 сұрақ. Сіздер телефон пайдаланасыздар ғо, я ма? Ал телефондарыңыз интернетке қосылмаған ба не?

2 сұрақ. Сіздерге мұғалім интернеттен сабаққа қажетті қосымша ақпарат алып келу тапсырылды, сонда сіз не істейсіз, ғаламтор пайдаланбайсыз ба?

3. Қазіргі таңда Интертент пайдаланбай өмір сүру мүмкін бе?

10 класс:

1 сұрақ. Қазіргі жағдайда жас өспірімдердің өз өздеріне қол жұмсауының себебі неде деп ойлайсын, осыған интернеттің еш қатысы жоқ деп айта аласыз ба?

2 сұрақ. Өзіңіз айтып отырғандай әрбір оқушыда ұялы телефон бар солай ғо дә, ендеше сіз қанша уақытыңызды интернетке жұмсайсыз және қаншалықты ғылыми ақпарат іздеуге?

3 сұрақ. Интернеттегі түрлі тақырыптағы жазбалар, көрсетілімдер, мысалдар қазіргі қазақи жас өспірімдердің тарибесіне қаншалықты әсер етеді деп ойлайсыз?

ІҮ тур. Көрермендерден сұрақ. Сіз қай топқа, қандай бағытта сұрақ қоясыз немесе қай топтың пікірін қолдайсыз. 5 минут уақыт беріледі.

Ү тур. Қорытынды. Әр топ өз қстанымдары бойынша қорытынды пікірлерін айтады. Бастапқы өз пікірлерінде қалады ма, әлде қарсы топтың пікіпін қолдайдыма. Әр топқа 3-3 минуттан ұпай беріледі.

Сөз сарапшыларға беріледі.

Осымен сайысымызды аяқтаймыз. Бұл пікірсайыс бірі жеңді немесе жеңілді деген болмайды. Әр топтың, әр қатысушының пікірі құнды. Қоғамда болып жатқан, оқушылардың, жасөспірімдердің өміріне, болашағына әсері бар мәселелерді ортаға шығып, талқылағандарыңызға көп –көп алғыс айтамыз. Әркім өзіне қажетті ақпарат алды деп есептейміз.

Келіп тамашалағандарыңызға, ой бөліскендеріңізге рахмет.



Қош – сау болыңыздар. Ел аман, жұрт тынышта кездесейік.
: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет