Егістік дақылдардың ТҮрлері мен ерекшеліктері



жүктеу 97.78 Kb.
Дата02.07.2017
өлшемі97.78 Kb.
ЕГІСТІК ДАҚЫЛДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің доценті,

п. ғ. к. Тлеубергенова Кенжекей Ахметвалиевна
Түйін сөздер: егістік дақылдар, дәнді дақылдар,техникалық дақылдар, майлы дақылдар,талшықты дақылдар,тамыр жемістілер.

Дәнді дақылдар. Дәнді дақылдар ішінде бидайдан нан алынса,жүгері, арпа, сұлы сияқты дақылдардан сыра, крахмал, жейтін тағам және құнды мал азықтары сияқты көптеген заттар алынады.

Барлық дәнді дақылды морфологиялық белгісі мен биологиялық қасиеттеріне қарай 4 топқа бөлуге болады :



а).Нандық- бидай, арпа, сұлы, қара бидай;

ә).Тары тәрізді дақыл-тары, қонақ жүгері, жүгері, күріш;

б).Бұршақ дақылдары- бұршақ, үрме бұршақ, соя, жасы-мық, сиыр жоңышқа;

в).Басқа дәнді дақылдар-қарақұмық пен амарант.

Нандық дақылдар егілу мерзіміне қарай жаздық және күздік болып бөлінеді. Күздік дақылдардың ерекшелігі-күзде егіліп, көктемге дейін қар астында бұйығу кезеңін өткізуінде. Ол ерте көктемде өсіп шығып, ,жазда, жаздың соңында жыйналады. Күздік дақылдардың бірі бидай. Бидай орташа суыққа, ыстыққа, құрғақшылыққа әлдеқайда төзімді дақыл.

Бидайдың 22-түрі бар,ең көп тарағаны қатты және жұмсақ бидай.Құрамында 11-24%-дейін жоғары сапалы белок, 14% дейін протеины, 28% дейін клейковинасы бар бидай жақсы бидай болып есептелінеді, бағасы да жоғары болады.

Қатты бидай таралуына,яғни егілетін көлеміне қарай 2-ші орында.Қатты бидайдың құрамындағы белок 26%-ке жетеді.Бұндай бидайдың жаздық, күздік сорттары бар. Қатты бидай кеспе, кондитерлік тағамдар жасауға сапалы болып табылады. Қатты бидайдың бағасы да жұмсақ бидайдан қымбат[1].

Күздік бидай Украина,Солтүстік Кавказ, Ресей, Қазақстан, Молдавия, Орта Азия жерлерінде өсіріледі.Күздік бидайдың ең жақсысына сабағы қысқа, құламайтын, мықты және өнімді түрлері жатады: олар-Қылтанақсыз 1,Аврора,Кавказ,т.б. Күздік қара бидай-жейтін тамақ және малға азық ретінде қолданылады. Оның Вятка 2, Харьковская 194, Саратовская 4, т.б. түрлері бар.

Күздік арпа –тамақ, малға беретін азық және техникалық дақыл ретінде көп қолданылады. Күздік арпадан-перловка, арпа жармасы алынады,сыра жасалады.Арпаның көпқатарлы, екі қатарлы, аралық деп бөлінетін 3 түрі бар. Арпаның түрлері-Черниговская 5, Гиагинский 395, Киргизский 247 ,т.б.

Жаздық дақылдардың ерекшелігі- көктемде егіліп , күзде жыйналады. Қазақстандағы дәнді дақылдар егістігінің көп бөлігін жаздық бидай құрайды. Жаздық жұмсақ бидай түрлері: Саратовская 29, Казахстанская 126, т.б.



Жаздық қатты бидайдың кең тарағаны-Мелянопус 26, Краснодарская 362, Харьковская 46, т.б.

Жаздық арпа бидай мен сұлыға қарағанда әлдеқайда тез піседі және ол суыққа, құрғақшылыққа өте төзімді.Арпаның сыра алатын түрлері-Альза, Нутанс 58,Донецкий 4, т.б.

Сұлы-жылқы,т.б.малдарға жем ретінде беріледі.Сонымен қатар сұлыдан ұн,жарма, жапырақша (хлопья) т.б.алады. Сұлының сабағы да жем ретінде қолданылады.Сұлы өте ылғал сүйетін өсімдік. Сұлының Артемовский 107, Краснодарский 73, т.б.түрлері бар.

Тары тәрізділерден-жүгері адамға және малға тағам ретінде, және техникалық өңдеулер арқылы шаруашылықтың басқа да салаларына пайдаланылады.Жүгері негізінен Молда-вия,Украина,Орта Азия елдерінде,Солтүстік Кавказда өсіріледі.

Жүгері 1 жылдық сабағы ұзын, жылу сүйгіш өсімдік. Дәнінің құрылысына қарай 7 түрге бөлінеді: тісті, кремнилі, сынғыш, қантты, крахмалды, жарғақты, балауыз тәрізді болып. Ең маңыздысы-тісті және кремнилісі.

Жүгеріні гибридтеу арқылы жаңа түрлерін алады. Гибрид-теу аналық собықтың өсіп келе жатқан сыпырғышын алып тастап, изолятор кигізіп қоюдан басталады.Кейін аталық ұрық піскен кезде, оны басқа жүгері түрінен алып келіп, сыпырғышы алынып тасталған собықтың аналығымен қосып, қайта изолятор кигізеді. Сөйтіп, нәтижесінде жүгерінің жаңа- 3 ші бір түрін алады[2].

Қонақ жүргері тамаққа, малға жем ретінде және техникалық мақсатта қолданылады. Көп тараған 2 түрі –кәдімгі қонақ жүгері және судан шөбі бар. Шаруашылықтағы маңызына қарай қонақ жүгері 3 топқа бөлінеді: дәнді, сыпырғышты, қантты болып.

Дәнді қонақ жүгері қысқа сабақты, тағамдық дән беретін өсімдік. Дәні ірі, жалаңаш, Ефремовское 2, Степной 5, Восход сияқты т.б.түрлері бар. Қантты қонақ жүгерінің сабағы ұзын (2-3м.), дәні ұсақ, сабағы тәтті, шырынды болып келеді.Қантты, қызыл янтарь сияқты, т.б.сорттары бар.Сыпырғышты қонақ жүгері көп сабақты, ұзын, дәні ұсақ. Бұдан сыпырғыш жасалады. Сыпырғыштың т.б. сорттары бар. Қонақ жүгері Солтүстік Кавказ, Молдавия, Орта Азияда өсіріледі.

Күріш.Дүние жүзі халқының 1 млрд-тан астам халқының негізгі тамағы күріш болып саналады. Олар негізінен Үндістан, Қытай, Вьетнам, Индонезия т.б елдер халықтарының тамағы.

Күріш дәнінен ұн, күріш крахмалын, спирт алуға болады.Ал күріштің сабағы қағаз, картон өнеркәсібінің бағалы шикізаты. Күріш 1 жылдық, гүл шоғыры сыпырғыш, ұзындығы 10-30 см-лік, ылғал мен жылуды өте сүйгіш дақыл, 25-30°С-та жақсы өседі. Вегетациялық кезеңі 105-130 күн, кең тараған сорттары-Кубань 3, Краснодар 424,Дубовский 129. Жоғары өнім беретін сорттары Алакөл мен Донской 63.

Агротехникалық шаралар Күрішті әдетте суы көп болып тұратын жерге егеді.Ол жер суарғыш жүйемен үнемі суарылып отырады.Топырақты өндеу күрішті жыйнағаннан кейінгі жерді 25-30 см. тереңдікте жыртудан басталады. Көктемде күрішті екпес бұрын жер тағы жақсылап жыртылып, культиватормен аударылып, топырақ үгітіледі, ұсақталады. Күріш егілген соң, топырақ беті тегістеледі.Күрішке минералды тыңайтқыштар екі рет беріледі, 3/2 бөлігі екпес бұрын, 3/1 бөлігі егілген соң. Берілетін негізінен азот, фосфор, калий тыңайтқыштары. Күріш топырақтың 10см-лік тереңдігі 10-14°С- қа жылығанда ,сәуір айының соңы, мамырдың басында, 1-га.жерге 210-230 кг.шамасындағы мөлшерде егіледі. 1,5-2 см. тереңдікке, сепкіш арқылы күріш егілгеннен кейін, беті 10-12 см. қалыңдықта сумен толтырылады. 4-5 тәуліктен соң, күрішке су сіңген кезде, оған дем алатын оттегі беру үшін су беру тоқтатылады. Кейін күріштің басы қылтиып шыққан кезде, оны қайтадан сумен толтырады.Күріш өскен сайын су деңгейі 12-25 см-ге дейін өсіріліп отырады. Бірнеше сабақ өскен кезде дәні өсіп шығу үшін су деңгейі 5-6 см.-ге төмен түсіріледі. Бір аптадан соң, қайта су деңгейі 15-17см.-ге көтеріліп, күріштің балауыз қалпы піскенге дейін сақталады.Соңында су жіберу тоқтаты-лады, сөйтіп су сіңіп біткенше күріш те піседі [3]..

Бұршақты дақылдар Бұршақты дақылдарға - бұршақ, соя, үрме бұршақ, бобы, т.б. жатады.Бұлар тамаққа және кейбірі малға жем ретінде пайдаланылады.



Соя техникалық маңызы зор дақыл,себебі құрамында 20-40%-ке дейін белок және май көп болады.Сондықтан да ол белок пен май алу үшін өсіріледі.

Тағы бір маңызды дақыл –бұршақ. Бұршақ Украина, Поволжье, Орал, Сібір, Орта Азия, Закавказье жерлерінде өсіріледі.1-га жерден орташа есеппен 16,0 центнерден алынады. Романовский 77, Московский 559 ,т.б.сорттары бар.

Бұршақты 6-8 см тереңдікке, қатар арасы 15-30 см.етіп егеді. Егілген соң екі рет тырмамен тырмаланады.Екінші рет тырмалау өскіндері қылтиып, 3-4-ші жапырағы шыққан соң жүргізіледі.

Арам шөпке қарсы гербицид тұқым себілсімен қолданады. Бұршақты жинау шалғысы бар машина арқылы жүргізіледі.

Техникалық дақылдар.Техникалық дақылдарға -қант қызылшасы, күнбағыс, тоқылатын мақта, кендір, зығыр, т.б. жатады. Қант қызылшасында 17-24% қант, органикалық қышқылдар, витаминдер-С1, В1, В2 болады. Қызылша қалдығы-нан спирт, глицерин, пектинді желім, ашытқы, т.б.алады. Қызылша негізінен Украина, Ресей, Молдавия, Қазақстан жерлерінде өсіріледі.Сорттары Рамонская 23, Кубанский 9, Киргизский 18 т.б.

Агротехникалық шаралар Қант қызылшасын әдетте күздік егістіктен кейін ,немесе жаздық бидай, жүгеріден кейін еккен дұрыс. Екпес бұрын жердің терендігі 30-32 см. болып жыртылып, топырақ дискілі машина- лущильникпен аударып, араластырылады.

Қызылша төрт бұрышты-ұялы тәсілмен тереңдігі 3-5 см., ара қашықтығы 45-60см. етіліп, сепкіш машинамен егіледі.Кейін беті тегістеліп,тырмаланады. Бірінші жапырақтары шыққан сол торлы тырмамен сирету жүргізіледі.Екі рет сирету жасалған соң, қолмен арам шөптері оталады. Кейін арам шөпті құрту мақсатында 2-3 рет культивация жүргізеді.

Майлы дақылдар .Майлы дақылдардың тұқымында май көп болады. Өсімдік майларын тамаққа, консервылауға, кондитерлік, нан өнімдеріне, маргаринге, сабынға, олиф, линолеум т.б.заттарға шикізат ретінде қолдануға болады.

ТМД елдерінде өсетін басты майлы дақылдар-күнбағыс, үпілмәлік (клещевина),сафлор, қыша (горчица), рапс, соя, күнжіт, зығыр, т.б.

Бұлардың ішіндегі ең негізгісі- күнбағыс.Ол негізінен Ресей мен Украинада өсіріледі.Күнбағыстың сығылғаннан кейінгі қалдықтары малға жақсы жем. Ал сабағынан қағаз және вискоза алынады, отын ретінде пайдаланылады.Сонымен бірге күнба-ғыстың өсетін корзинкасы да малға азық. Сабағы тұздалып, нығыздалған жемшөп(силос) ретінде сақталады.Күнбағыстың отаны Солтүстік Америка.Күнбағыс бір жылдық, тамыры 2-3 м. тереңдікке кететін өсімдік, жемісі- дән.Бүкіл Одақтық ғылыми зерттеу институты шығарған сорттары көп-ВНИИМК-1646, ВНИИМК-8883, Луч, Салют, Вымпел, т.б.

Агротехникалық шаралар Күнбағыс қатаң түрде ауыстырылып еккенді қажет етеді, және көбінесе күздік дақылдардан соң, бұршақ тұқымдастары, жүгері, картоп егілген жерлерге егеді.Бұл жерлерге берілетін тыңайтқыштың- 80% беріле отырып, күзде жер жыртылып тасталады. Көктемде 15°С жылылықта егіле береді. Ол үшін алдымен топырақты культивациялап алып, кейін квадратты-ұялы сепкіш арқылы егеді. Қатарлар арасы 70-90 см., тереңдігі 6-8 см. етіліп, әрбір ұяға 2-3 дәннен себіледі.1- га жерге 8-10 кг.тұқым жұмсалады. Күнбағысқа қарау өскін шықпас бұрын топырақ бетін тырмалаудан басталады. Өскін шыққан соң арам шөпті құрту мақсатында тағы тырмаланады. Дән көп түсіп кеткен жағдайда, сирету жүргізіледі.

Арам шөп қаулаған жерлерге прометрин, трефлан герби-цидтерін өскін шықпай сеуіп тастайды. Күнбағысты барлық корзиналары кепкенде жинайды.

Эфир майын алу үшін кориандр, мята, тмин, анис өсімдіктерін өсіреді.Медицина мен парфюмерияда аромат заттар алу үшін герань, лаванда өсіріледі.



Талшықты дақылдар. Бұған әр түрлі тұқымдасқа жататын, талшық алынатын өсімдіктер жатады.

Барлық иірілетін дақылдар үш топқа бөлінеді.

1). Дәнінен талшық алынатын(мақта).

2).Сабағынан талшық алынатын(зығыр).

3).Жапырағынан талшық алынатын(Жаңа Зеландия зығыры, рафия, тоқыма бананы,т.б.)

Мақта.Мақта дүние жүзі бойынша жердің 35млн.гектарға жуық көлемін алып жатыр.Негізінен ол АҚШ, Үндістан, Пәкіс-тан, Египет, Қытай т.б.көптеген Африка елдерінде өсіріледі.

ТМД бойынша Орта Азия республикалары мен Азербайд-жанда өсіріледі. Мақта тоқыма өнеркәсібінің өте бағалы шикізаты бола тұра, автомобиль, авиация, электр техникасы сияқты көптеген халық шаруашылығының да салаларында қолданылады. Мақта жылу сүйгіш, аязды көтермейтін, суарылып оты-рылатын өсімдік. Жалпы 20 шақты түрі болса, ТМД елдерінде соның 3 түрі өсіріледі:

а)Ұзынталшықты мақта (кәдімгі);

ә)Жіңішке талшықты мақта;

б)Шөптесінді мақта.

Ең көп тарағаны кәдімгі ұзын талшықты мақта.Ол ең алғаш Мексикада өсірілген, ол жердегі мақта дүние жүзілік өнімнің 70%-н береді. Бұл биіктігі 1-1,5 метрлік, 3-5 жапырақты, гүлі ақшыл- сары, 1 жылдық ,талшығы ақ, ұзындығы 35мм.-дей өсімдік.

Жіңішке талшықты мақтаны Египеттік деп атайды,себебі ең алғаш Египетте өсірілген.Бұл биіктігі 1-3 метрлік, гүлі қанық сары, қозалары 3-4 ұялы, тұқымы жалаңаш мақта.Талшығының ұзындығы 40-50мм.,сапасы өте жоғары.

Шөптесін мақта Иран, Ауғанстан, Шығыс Азия елдерінде өсіріледі.

Агротехникалық шаралар Мақтаны 4-6 жыл бойы ештеңемен алмастырмай, бір жерге өсіре береді.Жерді күзде жыртып,тыңайтқыш беруден бастап дайындайды. Тұқымды себер алдында микротыңайтқышы бар ертіндіде ұстап алып, 12°С- тан төмен болмайтын жылылықта егеді.Орта Азияда 20-наурыздан 5-сәуірге дейінгі аралықта.

Мақта қашықтығы 60х60 см.-лік етіліп, төртбұрышты- ұялы сепкішпен бір ұяға екі тұқымнан сала отырып, себіледі. 1 га жерге мөлшері 30-100 кг.-дық тұқым, 3-5 см-лік тереңдікке егіледі. Мақта вегетациялық кезеңінде 6-7 реттей суарылады. Суару үшін арықтар жасалады. Суарылған соң культиватормен топырақ қопсытылады. Басқа өсімдіктер сияқты мақтаны екпес бұрын алдымен топырақ тырмаланады, кейін түптеледі, сиреті-леді. Культивация арқылы арам шөптер қырқылып, гербицидтер қолданылады (арам шөпке қарсы дәрі). Мақтаны жинау машинамен де, қолмен де жүргізіледі.

Тамыр жемістілер .Картоп. Картоп- техникалық, әрі жемдік дақыл. Картоп түйіні крахмалға (12-25%), және пайдалы әртүрлі витаминдерге

(С1,В1,В2, РР,В6) бай. Картоптан кулинарияға қажетті спирт, глюкоза т.б. алынады.Картоптың көп өсірілетін жерлері-Балтық маңы елдері, Белоруссия, Ресей. Картоп 1 жылдық биіктігі 60-110см.-лік өсімдік. Түйіндері сабағының жер астындағы бөлі-гінде 16,- 18°С-та шығады, ал бұдан ыстық болса(+25,+29°С) картоп өскіні өсуін нашарлатып, өте ұсақ болып шығады.

Картоп тез пісетіндігіне және пайдалануына қарай бірнеше түрлі болып келеді; тез пісетін, асханалық, әмбебаб, жемдік, техникалық. Көп тараған және тез пісетін сорттары Ранняя Роза, Ульяновский, т.б.

Пайдаланған әдебиеттер



1. Киселев С. Формы хозяйствования и земельные отношения. М. 2003.

2.Крючков В.Г. Использование земель и природопользованные ресурсы. М. 2011.

3. Нарциссов В.П. Научные основы систем земледелия. М.-Колос,2008.



Резюме

В статье рассматривается виды и особенности полевых культур.




: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет