Ә.Ә. Сағаев, А. С. Тобжанова, Г. А. Алтынбекова



жүктеу 41.36 Kb.

Дата14.10.2018
өлшемі41.36 Kb.

186 

ӘОЖ 631.67:632.15 



 

Ә.Ә. Сағаев, А.С. Тобжанова, Г.А. Алтынбекова 

 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,                            

Қызылорда қаласы 

 

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ СУАРМАЛЫ АЙМАҚТАРЫНДА СУДЫ АЗ ТҰТЫНАТЫН 

ДАҚЫЛДАРДЫ АУДАНДАСТЫРУ (ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ) 

 

         Аннотация.  Арал  өңірінің  экологиялық-мелиоративтік  жағдайы,  Сырдария  өзен 

суының  қазіргі  және  келешектегі  көлемі  суды  көп  қажет  ететін  дақылдарды  (күріш) 

біртіндеп азайтып, оны басқа (суды аз қажет ететін) дақылдармен ауыстыру мәселесі қазіргі 

таңдағы облыстағы проблемалардың бірі болып есептелінеді.  

 

Кілт  сөздер:  қант  қызылшасы,  суару,  вегетация,  өнім,  топырақ,  ылғалдылық,  сорт, 

тұқым, суару режимі, дақыл. 

 

Кіріспе.  Қызылорда  облысының  ауылшаруашылық    құрылымдары  негізінен  егіс 

егумен  айналысады.  Су  қорланының  жетіспеушілігі,  шаруашылықтарда  қалыптасқан 

жағдайлар,  суармалы  жердің  мелиоративтік  жағдайлары,  суармалы  егістіктің  ауданын 

кеңейтуді шектейді. Ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін көтеруді шешу, өсімдік 

шаруашылығын  диверсификациялауға,  жаңа  технологияны,  жоғары  және  тұрақты  өнім 

беретін өнімділігі жоғары дақылдардың сорттарын аудандастыруға байланысты. Бұл бағытта 

облыс  көлемінде  бұрын  егілмеген  немесе  жете  зерттелмеген  дақылдарды  егу  қолға  алына 

бастады.  Әр  аудан  өзінің  табиғи-климаттық  жағдай  ерекшеліктеріне  байланысты  суды  аз 

тұтынатын жаңа дақылдарды өсіріп-өндіруде бірсыпыра оң істер атқаруда. 

Арал  өңірінің  топырақ-климаттық  жағдайында  өсіруге  болатын,  бірақ  осы  уақытқа 

дейін  өсірілмеген  дақылдар:  қант  қызылшасы,  соя,  мақсары  және  т.б.  Олар  қант,  май 

шығаруға  арналған  шикізат  көзі  болып  табылады.  Оны  өндіру,  өңдеу  және  онымен  елді 

қамтамсыз ету – облыс экономикасын құрайтын маңызды бөлігінің бірі. 

Жоғарыда айтылған, қант қызылшасы, соя, мақсары суды аз тұтынатын дақылдардың 

қатарына жатады. Сонымен қатар, өндірілген өнімді өңдеуге арналған цехтар мен кішігірім 

зауыттар  саны  облысымызда  жеткіліксіз.  Азық-түлікпен  тұрақты  түрде  қамтамасыз  етудің 

басты шарты – халық сұранысын жергілікті жерде өсірілетін азық-түлікпен қанағаттандыру. 

Сондықтан,  Арал  өңірі  жағдайында  қант  қызылшасын,  сояны,  мақсарыны,  өсірудің 

технологиясын  жасау,  сондай-ақ  жергілікті  жағдайға  аудандастыру  мақсатында  ғылыми-

зерттеу жұмыстарын жүргізу өте маңызды болып табылады. 



Зерттеу  әдісі.  Осыған  байланысты,  Қорқыт  Ата  атындағы  Қызылорда  мемлекетттік 

университетінің  оқытушы-профессор-магистранттары  қант  қызылшасын  облыс  төңірегіне 

аудандастыру мәселесімен 2012 жылдан бастап, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. 

Далалық  тәжірбие  жұмыстары  Қызылорда  облысы  Шиелі  ауданы  Бестам  шарау 

қожалығында  жүргізілді.  Дақылдар  егілетін  жерді  дайындау,  топырақтың  ылғалдылығы 

тұздылық режимін және судың химиялық құрамы зерттелді. 

 

Cудың химиялық құрамы: 



 

құрғақ  қалдық -  2000,0 мг/л 

өлшенген заттар – 4,0 мг/л 

Хром


+6

 - қалдық 

Мыс – 0,36 мг/л 

Са

++



 - 94,0 мл/г 

Mg

++



 - 68,04 мг/л 

Мұнай өнімдері – 0,021 мл/г 

 Қаттылығы – 10,3мг экв /л 

Топырақтың химиялық құрамы: 



187 

1)  Са


2+

 -

 



2) Mg

2+  


 

 

3) SO



4

2-

 



 

4) CI


-

 

5) Na



+

 + К


+

 - 1,16 % 

6) тығыз қалдық  - 3,564% 

7) HCO


3

 – 


 

8) гумус -0,1% 

9) тұздану түрі – сульфатты  

10) тұздану дәрежесі – өте     

күшті тұзданған 

 

Зерттеу нәтижесі. Қант қызылшасының негізгі сипаттамасы төменде келтірілген: 

сорты – Ялтушковская односеменная; егілген уақыты сәуір  айының екінші онкүндігі; қатар 

аралығы - 60 см; өсімдіктің бір-бірінен арақашықтығы -15 см; вегетация кезінде суару саны -  

5 рет; ауруға төзімділігі – орташа; қаттылығы – 18,0%. 

Ғылыми-зерттеу    жұмыстарының  бірінші  жылғы  қысқаша  нәтижесі  төменде 

келтірілген: 

тамыр жемісінің орташа салмағы – 700 г 

бір гектардан жиналған өнім – 291 ц/га. 

Ғылыми-зерттеу жұмыстары жалпы қабылданған әдістемелік нұсқаумен жүргізілді. 

Егер  қант  қызылшасының  суару  режимі,  қоректендіруі  және  басқа  факторлар  бір 

кезеңде  белгіленген  тәртіпке  сәйкес  болса,  онда  ол  тамырдың  салмағының  үлкен  болуына 

және  қанттылғының  жоғары  болуына  әкеледі.  Ең  негізгісі  өсімдіктің  себу  ауданында  бір 

қалыпты  егілуі.  И.А.  Абдуғалиевтың  мәліметі  бойынша  қанттылықтың  азайуы  және 

тамырдың  салмағының  үлкеюі  әр  түрлі  жағдайда  агротехникалық  әдістің  дұрыс 

жүргізілмеуінен.  Қант  қызылшасының  тамырының  салмағы  үлкен  (1,5  кг)  дейін  және 

қанттылығы 17-18% дейін жетеді. 

Қорытынды.  Тұқымды  орналастыру  тереңдігі  тұқымның  түріне,  топырақ,  ауа  райы 

жағдайына  байланысты  -  2;  4;  6  см  дейінгі  аралықта  орналастырып,  қант  қызылшасын 

суаруды  нақтылауға  және  өзгертуге  болады.  Қант  қызылшасынан  жоғары  өнім  алу  үшін 

бүкіл  вегетация  кезінде  ылғалдылықпен  толық  қамтамасыз  етілсе.    Ең  жақсы  топырақтағы 

ылғалдылық 60-80%. 

Қызылша  өсіретіндер  үшін  топырақтағы  ылғалдылықты  сақтау  өте  маңызды.  Суару 

режимі топырақ жағдайына, ауа райына және басқа жергілікі жағдайларға (танап жағдайына, 

суару жүйесіне) байланысты орналастырады. Егер жер асты суы жақын болған кезде  (1,5-2 

м) 3-4 рет суару нормасын 500-600 м

3

/га етіп суаруға болады. Суару әдісіне де өте үлкен мән 



беріледі. Жақсы нәтижені арықтап суару арқылы, егер қатар арасын 60 см етіп алғанда алуға 

болады. Суаруды өнімді жинаудан үш күн бұрын тоқтатады. 

 

Әдебиеттер 



1.

 

И.  Абдугалиев.  «Селекция  и  семеноводство  сахарной  свеклы»  Қайнар  Алматы, 



1972г. 

2.

 



А. Нұрғазыарынов, Қ. Шапшанов. Арал өңірінің экологиясы. – Алматы, 1996. 

3.

 



У.Д.  Даримбетов.  «Оршения  сараной  свеклы  в  Казахстане».  изд  Кайнар.  Алматы, 

1978г. 


4.

 

Ж.С.  Мұстафаев.  «Қант  қызылшасын  жаңбырлатып  суару».  Қайнар.  Алматы, 



1982ж. 

5.

 



«Проблемы  экологии  АПК  и  охраны  окружающей  среды»  Материал  II  – 

международный конференций Щучинск – 2002 стр 231. 

 


188 

А.А. Сагаев, А.С. Тобжанова, Г.А. Алтынбекова 

 

САХАРНАЯ СВЕКЛА, ПОЛИВ, ВЕГЕТАЦИЯ, ПРОДУКЦИЯ, ПОЧВА, ВЛАЖНОСТЬ, 



СОРТ,  РЕЖИМ ОРОШЕНИЯ, КУЛЬТУРА 

 

В  условиях  почвенно-климатического  состояния    Приаральского    региона  можно 



выращивать  культуры,  которые  до  этого  времени  не  выращивались:  сахарная  свекла,  соя, 

сафлор  и  т.д.  они  могут  быть  источниками  сырья  для  производства  сахара  и  масла. 

Производство,  обработка  и  обеспечение  этой  культурой  –  составляет  важное  место  в 

экономике области. 

 

A.A. Sagaev, A.S. Tobzhanova, G.A. Altynbekova 



 

SUGAR BEET, WATER APPLICATION, VEGETATION, PRODUCTION, SOIL, HUMIDITY, 

SORT, REGIME IRRIGATE, CULTURE 

 

In the conditions of the soil-climatic state of Pre-Aral sea it is possible to grow cultures that 



was not grown till now: sugar beet, soya, safflower etc. They can be the sources of raw materials for 

the production of sugar and oil. A production, treatment and providing this culture has an important 

place in an area of economy. 

 

 

ӘОЖ 633.1:631.5:631.8:632.952 

 

1

З.Б. Сапахова, 

1,2

А.М. Кохметова, 

1

Р.Е. Елешев, 

2

Ж.С. Кейшилов, 

1

Н.А. Абдраимова 

 

1

Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы 

2

Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, Алматы 

 

КҮЗДІК БИДАЙ ӨСІМДІГІ МЕН ТОПЫРАҚ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ЖЫЛЖЫМАЛЫ 



ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ МӨЛШЕРІНЕ ТЫҢАЙТҚЫШТАР МЕН ФУНГИЦИДТЕРДІҢ ӘСЕРІ 

 

Андатпа. Минералды тыңайтқыштар мен фунгицидтер күздік бидай өсімдігінің өсуіне, 

құрғақ  салмақ  жинақтауына  және  өсірілген  топырақтың  макроэлементтер  құрамына  үлкен 

әсер  ететіні  белгілі.  Күздік  бидайдың  Жетысу  сорты  мен  перспектиті  линияларының  өсуі, 

құрғақ  салмақ  жинақтауы,  өсімдіктің,  дәннің  және  топырық  құрамындағы  азот  пен 

фосфордың  мөлшеріне  минералды  тыңайтқыштар  мен  фунгицидтердің  әсері  зерттелді. 

Зерттелген  үлгілердің  ішінде  тыңйтқышқа  286  перспективті  линиясы  жоғары  сезімтал 

көрсетті, ал Тилт фунгицидіне қарағанда Альто Супер фунгициді зерттелген көрсеткіштердің 

басым  көпшілігіне  оң  әсер  ететіні  анықталды.  Өсімдік  пен  топырақ  құрамындағы  азот  пен 

фосфордың  түрлері  тыңайтқыштар  мен  фунгицидтерді  және  оларды  кешенді  қолдану 

нәтижесінде айтарлықтай артты.  



Кілт сөздер: күздік бидай, тыңайтқыш, фунгицид, жалпы азот, фосфор, аммоний азоты, 

нитратты азот. 



 

Кіріспе.  Қазақстан  үшін  күздік  бидайдың  алатын  орны  ерекше,  сондықтан  осы 

дақылдың  өнімділігін  арттырудың  негізгі  шарттарының  бірі  -  тыңайтқыш  қолдану  жүйесін 

ғылыми  негізде  жүргізу.  Химияландыру  әдісін  пайдаланудың  артуына  байланысты  егін 

шаруашылығын интенсификациялау жағдайында жоғары өнімділікті қалыптастыратын және 

дәннің  сапасын  арттыру  үшін  күздік  бидайдың  потенциалды  мүмкіндіктерін  жүзеге 

асырудың  перспективасы  алға  қойылуда.  Күздік  бидайдың  өсіру  технологиясын  жасау 



кезінде  үш  фактор  маңызды  болып  табылады  –  интенсивті  сорт,  тыңайтқыштың  жоғары 





©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет