ЕҢбек қауіпсіздігі және еңбекті қОРҒау жиналыстарын жүргізге арналған тақырыптар жинағЫ



бет8/8
Дата25.02.2017
өлшемі1.45 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

ЭРГОНОМИКА

Мерриэм-Уэбстер сөздігінде эргономиканың мынадай айқындамасы берілген: «адамдар тиімділік пен қауіпсіздікті арттыру үшін пайдаланатын заттарды жобалауға және ұйымдастыруға байланысты қолданбалы ғылым». Сіз көріп тұрғандай, бұл ауқымды тақырып және жұмыс орнының эргономикалық дизайны денеміздің әрбір бөлігіне әсер етеді. Эргономикалық дизайнға үлесін қосатын факторлар:



  • Жұмыс кезінде орындалатын қайталау саны;

  • Итеруге, қозғауға, көтеруге және ұстауға күш-жігер салу ұзақтығы;

  • Күш салу шамасы немесе жүк салмағы;

  • Адам денесінің қалпы, қолды алға созу қалпы және қолмен қармау қалпы;

  • Жұмыс бетінің, еңбек заттарының биіктігі мен оларға дейінгі қашықтық;

  • Жасы, дене бітімі, салмағы, физикалық қабілеттері;

  • Нашар эргономикалық дизайнның нәтижесінде созылу секілді алынған жарақаттар кейде уақытша, бірақ көп жағдайда сіңірлі синдром секілді жиналатын сипатқа ие болады. Сізге жұмыс орныңыздағы эргономикалық көрсеткіштерді жақсартуға көмектесетін қауіпсіздік бойынша пайдалы ұсынымдарды сақтаңыз.

Эргономика бойынша пайдалы ұсынымдар:

Жалпы:

  • Күн сайын жұмыс алдында бұлшықетіңізді созған жөн;

  • Сізде өзіңіздің физикалық мүмкіндіктеріңіз туралы түсінігіңіз болу керек. Жұмыс жағдайы Сізге сәйкес келмесе, жұмыс істеуге тырыспаңыз.

Арқа мен аяқ:

  • Омыртқаның қисаюын азайту үшін еңбек заттарын белдің деңгейіне дейін көтеріңіз. Бұл арқаның төменгі бөліктерінің және сіңірдің созылуын болдырмауға көмектеседі. Егер еңкею талап етілсе, тізеңізді бүгіп, аяқ бұлшықеттерінің күшін денені көтеруге және түсіруге жұмсаңыз;

  • Жауырын жабысатындай еңбек жағдайынан аулақ болыңыз;

Бұл офистік ортада және тар жұмыс кеңістіктерінде әдеттегі жағдай болып табылады. Пернетақтаны әрі қарай және қолыңыз созып, еркін қалыпта ұстайтындай деңгейге дейін жылжытыңыз;

  • Жүк тым ауыр және қолайсыз болса, әрқашан көмек сұраңыз.

Қол, білек пен білезік сүйегі:

  • Механикалық құралдар мен басқа да қол заттарымен жұмыс істегенде, білезік сүйегі қисаятындай жағдайдан аулақ болыңыз. Қол күшін төмен және бір бағытта салу керек;

  • Жүк тасыған кезде оны мүмкіндігінше денеге жақын ұстап, аяғыңызды басатын жерді айқын көруіңіз керек. Қолыңызды созып тұрып жүк тасымаңыз және ұстамаңыз;

  • Үздіксіз немесе үнемі дірілдейтін немесе ұзақ уақыт бойы қысуды немесе ұстап тұруды талап ететін құралдарды пайдаланбаңыз.

Көз бен мойын:

  • Компьютердің мониторы көз деңгейінде болу керек және мойынды иілмеу керек немесе қимылсыз ұстамау керек;

  • Жұмыс аймағының жақсы жарықтандырылғанына көз жеткізіңіз және компьютердің мониторын көз талмайтындай етіп орналастыру керек.


ТҰРМЫСТАҒЫ ЭЛЕКТР ҚАУІПСІЗДІГІ ШАРАЛАРЫ

Қазіргі уақытта біз тұрмыста бізге көмектесетін, біз оларсыз тұра алмайтын әртүрлі көптеген электр аспаптарын пайдаланамыз. Біз әртүрлі тұрмыстық электр аспаптарын жиі пайдаланғандықтан, электр аспаптарын пайдалану кезінде пайда болуы мүмкін электр қауіпсіздігі туралы ұмытып кетеміз.

Электр аспаптарын қауіпсіз қолданудың негізгі шарты олардың түзіктігі болып табылады. Техникалық проблемалар пайда болғанда, мамандарға жүгінген дұрыс. Пайдалану кезінде қауіпсіз және автоматты түрде ажырау функциясы бар замануи аспаптарды пайдаланған дұрыс.

Түзік емес және қараусыз қалған электр аспаптары өрттің шығуына, күйіп қалуға немесе жарақаттануға алып келуі мүмкін.



Электр аспаптарын пайдалану кезіндегі негізгі қағидалар:

  • Аспапты тек тағайындалған мақсаты бойынша пайдаланыңыз.

  • Аспапты пайдаланар алдында оны пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен мұқият танысыңыз.

  • Іске қосылған электр аспаптарын (тоңазытқыштан басқасын) ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРМАҢЫЗ.

  • Оқшаулағышы бұзылған электр аспаптарын пайдаланбаңыз.

  • Желіге қосылған аспаптарды сулы қолыңызбен ұстамаңыз.

  • Тек стандартты штепсельді розеткаларды және қосқыш айырларды және қажет болған жағдайда, стандартты өтпе қосқышты пайдаланыңыз.



КОМПЬЮТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК НЕГІЗДЕРІ

Компьютерді қолданудың кезіндегі пайда болатын келеңсіз зардаптардың ықтималдығы басқа да бір тұрмыстық техниканы пайдаланғанмен бірдей. Қысқа толқынды пешті, үтікті және электр шәйнегін қолданғанда қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды екені жалпыға мәлім.

Қарапайым ұсыныстарды елемеу пайланушы үшін үлкен зардаптар туғызады. Компьютер – ол онымен жұмыс істейтін адамдардың денсаулығына төнген сондай қауіп-қатердің ықтимал көзі.

Көзге бірден айқын бола алмайтын жанама зиян – денсаулыққа зақым келтіретін:



  • қазіргі кезде көз көру қабілетінің қайтымсыз нашарлауын, қызаруын және «құрғақ көз» синдромын туғызатын көзге деген келеңсіз жүктеменің зор болып бара жатқандығы ешкімге күмән келтірмейді;

  • компьютермен жұмыс істеу кезіндегі түзу емес дене отырысы көптеген буын, көкірек қуыс ауруларын және түрлі сипаттағы жүйелі ауыруларды тудырады;

  • адамның психикасына шамадан тыс жүктемесі – ол баяулатылған әрекеттегі бомба тәрізді. Монитордағы көптеген егжей-тегжейлерге және суреттердің ауысуына үнемі назар салу қажеттілігі қатты шаршаудың себебі болып барады.

Тіпті монитордың алдында ұзақ отырғанның өзінде сол әсерді ықшамдау үшін келесі ережелерді мәңгі есте сақтау керек:

  • пайдаланушының көзі мен экран арасындағы қашықтық жарты метрден кем емес болады. Бірақ пайдаланушы монитордың үстіңгі шетіне дейін саусақтың ұшымен созылып жететіндей жағдайда болу керек;

  • пернетақта үстелдің шетінен 20-30 см қашықтықта орнатылуы қажет, орындық оның арқалығына арқаны сәл ғана сүйенетіндей болып тұрады. Арқалықтың биіктігі арқаны түзу ұстап отыруға жағдай туғызады;

  • шынтақ тік бұрышпен бүгіліп, үстелдің бетіне қойылған қолда тырысу сезілмейді; шынтақ ауада салбырамай креслоның шынтақшасында немесе үстелдің бетінде жайлы жайғасады. Тінтуірді қозғалтқанда оның қалпы аса өзгермейді;

  • аяқ өзіңнің астына бүгілмей, алға жазылып, қатты бетке тіреледі; егер пайдаланушы көзілдірік тақса, онда ол экранның еңкею бұрышын еркін реттей алатынына көзі жету керек. Қайта-қайта жаттығу өте маңызды болып табылады. Әр сағат сайын креслодан тұрып бұлшықеттер мен буындарды сергіту керек. Өйткені, қимылсыздыққа қарамастан, оларға рабайсыз қалыпта болғанмен үлкен салмақ түседі. Міндетті түрде көзге ашық көзбен айналма және тура қозғалыстар, жыпықтау және фокустандыру жаттығуларын жасау қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет