ЕҢбек қауіпсіздігі және еңбекті қОРҒау жиналыстарын жүргізге арналған тақырыптар жинағЫ


МЕХАНИКАЛАНДЫРЫЛҒАН ҚҰРАЛ-САЙМАНДАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАҒАН КЕЗДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК



жүктеу 1.45 Mb.
бет7/8
Дата25.02.2017
өлшемі1.45 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

МЕХАНИКАЛАНДЫРЫЛҒАН ҚҰРАЛ-САЙМАНДАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАҒАН КЕЗДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК

Механикаландырылған құрал-саймандар қолмен жұмыс жасайтын құрал-саймандарға қарағанда аса қауіпті. Механикаландырылған құрал-саймандарды пайдаланудан болатын жиі кездесетін жарақаттарға кесулер, тесілулер, электр шогы, күйіктер және көздің жақымданулары жатады. Механикаландырылған құрал-саймандармен жұмыс жасағанда техника қауіпсіздігін сақтаңыздар:



  • Өз құрал-сайманыңызды біліңіз – Құрал-сайманыңызды қолдануды және оның мүмкіндіктерін және одан болуы мүмкін қауіптерді тексеріп, біліңіз;

  • Барлық құрал-саймандарды жерге қосыңыз – Егер онда үш тілікті штекерлік вилка болса, онда оны тек қана сондай розеткаға қосыңыз.Егер екі штекерлік розеткаға ауысу үшін адаптерді пайдалану керек болса, онда адаптердің сымын жерге қосыңыз. Ешуақытта үшінші штекерді алып тастамаңыз;

  • Дұрыс жағдайдағы қорғаныс құралдарын әрдайым орнында сақтаңыз;

  • Құрал-саймандарды қауіпті ортада қолданудан аулақ болыңыз. – Механикаландырылған құрал-саймандарды дымқыл және ылғалды орындарда қажетті қорғаныссыз қолдануға болмайды. Жұмыс орнының жақсы жарықтандырылуын қадағалаңыз;

  • Құрал-саймандарға шамадан артық салмақ түсірмеңіз – Анағұрлым мықты құрал-саймандарды қажет ететін жұмыстарды оған арналмаған құрал-саймандармен немесе құрылғылармен орындауға әрекеттенбеңіз;

  • Тиісті түрде киініңіз – Кең немесе тағылған зергерлік бұйымдар қозғалыстағы детальдарға ілініп қалуы мүмкін. Қорғау қолғаптары мен тиісті аяқ киімді киіңіз;

  • Механикаландырылған құрал-саймандармен жұмыс жасағанда қорғану көзілдірігін киіңіз – Шаң пайда болатын кесу жұмыстары кезінде бетті, көзді және тыныс алу органдарын сақтау үшін тиісті қорғану құралдарын пайдаланыңыз;

  • Сымдарға сақтықпен қараңыз – Құрал-саймандарды ешуақытта оның шнурынан ұстап көтермеңіз, розеткадан ажырату үшін шнурдан тарпаңыз. Шнурларды басқа үшкір заттарға тимейтіндей және қызып кетпейтіндей етіп сақтаңыз;

  • Нысанды қауіпсіздендіру үшін бекіткіш детальдарды немесе қысқышты қолданыңыз. Бұл қолмен ұстағаннан гөрі қауіпсіз және екі қолды да құрал-саймандар ұстауға босатады;

  • Құрал-саймандардың токқа кенеттен қосылып кетуінен сақтаныңыз – Токқа қосулы құрал-саймандарды саусақты олардың ажыратқышында ұстап, тасымаңыз.

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ҚАҒИДАЛАРЫН САҚТАҢЫЗ ЖӘНЕ МЕХАНИКАЛАНДЫРЫЛҒАН ҚҰРАЛ-САЙМАНДАРМЕН ЖҰМЫС КЕЗІНДЕГІ АПАТТАРДЫ БОЛДЫРМАУ ҚАТЕРЛЕРІН АЗАЙТЫҢЫЗ.

ЖҮКТЕРДІ ҚОЛЫМЕН КӨТЕРУ

Егер Сіз жүкті дұрыс емес көтерсеңіз бұндай жағдай Сізге ауыр жарақат алу қаупі бар. Жүкті дұрыс емес көтеруден бел омыртқа жарақаттанып, ол жарақат айлар мен жылдарға ұласуы мүмкін. Осындай жарақаттардың көбі созылмалы болып, жазылмауы мүмкін. Сізге жүкті қауіп-қатерсіз көтеруге аздаған білім көмектеседі.

Жүк көтерерде, Сіз оны қарап алыңыз. Егер ол тым ауыр болса, онда көмек сұрауға қысылмаңыз.Егер жүктің шеттері добал немесе үшкір болса, онда қолыңызға қолғап киіңіз. Ол Сіздің қолыңызды сақтап, жүктің сусып кетуін болдырмайды. Сонымен бірге, аяғыңызға ыңғайлы аяқ киім кигеніңіз дұрыс. Сіздің аяғыңызға бірдеңе түсіп кету қаупі әрқашанда болады, немесе Сіз тайғанап кетуіңіз мүмкін.

Сіз жүкті көтере алатыныңызға көз жеткізіңіз. Егер де ол тіптен ауыр немесе тым үлкен болса, көмек сұраңыз. Маршрутты тексеріп, оның бос екеніне көз жеткізіңіз. Жол бойында және оның үстінде ешқандай кедергі жоқ екенін байқап, әбден көз жеткізіңіз. Тегіс емес жерлерден өтуге дайын болыңыз.

Жүкті көтерер алдында оның алдына келіп, тізерлеп отырасыз да, оны қолыңызбен орап, қатты ұстайсыз. Көтерер кезде жүкті денеңізге бар мұмкіндігінше жақындатып қысып, аяғыңызды жазасыз. Сіздің аяқтарыңыз, Сіздің қолдарыңыздан әлдеқайда күштірек екенін ұмытпаңыз. Егер жүкті Сіз оң немесе сол жағыңызға қоятын болсаңыз, онда бүкіл денеңізді бұрмаңыз. Оның орнына аяқтарыңызбен қозғалыңыз. Егер жүкті түсіретін болсаңыз, онда осы қимылдарды кері ретпен жасаңыз.

Жүк көтерерде осы ережелерді есте ұстаңыз:


  • Жүк көтергенде жақсы тепе теңдік сақталу үшін, бір аяғыңыз екіншісінен сәл артта, аяқтарыңызды алшақтау ұстап, нық қадаммен жүріңіз;




  • Жүкке жақын түрыңыз;







  • Жүкті денеңізге жақын ұстаңыз;




  • Ешқашанда тым ауыр жүкті тасуға әлектенбеңіз. Көмек сұраңыз немесе жүк көлігі сияқты машинаны пайдаланыңыз.

ОЙЛАНЫП БАРЫП – ҚАУІП-ҚАТЕРСІЗ КӨТЕРІҢІЗ

БАСПАЛДАҚПЕН ЖҰМЫС ЖАСАҒАН КЕЗДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК

Баспалдақ - жұмыс кезінде жиі қолданылатын жабдықтың бірі. Баспалдақ – сонымен бірге оны дұрыс қолданбаса, ауыр жарақаттарға ұшырататын нәрсе.

Баспамен жұмыс кезіндегі негізгі оқыс оқиғаларға мыналар жатады:


  • Баспамен дұрыс емес жоғары көтерілмеу және төмен түспеу;




  • Баспалдақның жоғарғы жағын немесе оны дұрыс бекітпеу;




  • Сынған немесе ақауы бар Баспалдақны пайдалану;




  • Көтерілу және түсу кезінде әртүрлі нәрселерді тасу.

Өндірістік кәдімгі Баспалдақлар жарамды материалдан дұрыс жасалынған. Алайда, кейде олар аз уақыттан кейін дұрыс пайдаланылмаса және басақа себептерден бұзылып қалады. Баспалдақның ақаулығы жөнінде уақытында хабарламай, оны пайдаланған адамдардың жарақат алуына ұшырауға себепкер болыңыз мүмкін.

Баспдақтар – құрылыстағы маңызды жабдық, сондықтанда оларды дұрыс пайдаланыңыз.




ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ОҚШАУЛАУ. БҰҒАТТАУ – СҮРГІ САЛУ

Егер Сізге кезкелген жабдықтарды не кезкелген энергия көзін техникалық жағынан қамту немесе жөндеу керек болса, онда жұмысты жіберілетін барлық механизмдер мен энергия көздерін бұғаттаудан және сүргі салудан бастаңыз. Бұғаттау немесе сүргі салу бұл кенеттен басқа қызметкерлер жүйені іске қосқан жағдайда апаттың алдын алудың ең сенімді жолы.

Кезкелген жабдықты блокировка жасардан бұрын басшыңызға ескертіп, ол жөнінде хабарлаңыз. Жұмыста келіспеушіліктер мен үзілістер болып қалмас үшін кезкелген жөндеу мен техникалық қамтудың кестесін басшыңызбен бірлесіп жасаңыз.

Энергия көзіне немесе іске қосатын тетікке жапсырма немесе пломбы қойыңыз. Егер осы жабдық бірнеше жерлерден іске қосылатын болса, онда қосымша жапсырмалар мен пломбылар керек болады. Пломба немесе жапсырма мықты бекітіліп, түсіп қалмайтынына және оны жабдықтан жел ұшырып кетпейтініне көз жеткізіңіз.

Сөндірілгеннен кейінгі машина жабдығы қауіпті болуы мүмкін. Тоқтатылғаннан кейін жабдық инерциямен қозғалмайтынына, және оның детальдары тарту күшімен қозғалып тұрмағанына көз жеткізіңіз. Егер гидравликалық немесе ауа құбырларында қысым болса, онда абайлаңыз. Қысылған серіппелерге түсіп тұрған салмақтар кенеттен әлсіреуі сияқты жасырын оқыс оқиғалардан аулақ болу үшін өндірушінің жөндеу жүргізу жөніндегі нұсқаулығын оқыңыз.

Жұмыс аяқталғаннан кейін жапсырмалар мен кілттерді алуды ұмытпаңыз. Басқа біреу ілген кілттерді немесе жапсырмаларды ЕШҚАШАН алмаңыз. Егер Сіз пломбы немесе жапсырманы байқасаңыз, онда одан әрі нұсқау алу үшін жабдыққа сүргі салған қызметкермен және басшымен кеңесіңіз. ЕШҚАШАН БІРЕУДІҢ ЖАПСЫРМА НЕМЕСЕ ПЛОМБЫНЫ ЖАЙДАН ЖАЙ ҰМЫТЫП КЕТУІНЕ ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ.



МҰҚИЯТ, ӘРІ САҚ БОЛЫҢЫЗ – ҮЛКЕН НЕ КІШКЕНТАЙ ЖҰМЫС БОЛСЫН, ЖАБДЫҚҚА СҮРГІ САЛЫҢЫЗ!
ЖАБДЫҚТАРДЫҢ АЙНАЛМАЛЫ БӨЛІКТЕРДІҢ ҚОРШАУЛАРЫ

Білдектің қорғау қоршаулары қауіпсіздіктің аса маңызды факторларының бірі болып табылады. Қорғау қоршауы мыналардан қорғауы мүмкін:



  • Білдектен ұшатын объектілер (сынықтар мен қатты бөлшектер);

  • Қозғалатын компоненттер тудыратын қысып қалу орындары;

  • Адамдардың кернеу астындағы жұмыс аймағына түсуі;

  • Білдектің немесе оның ішкі компоненттерінің жұмыс кезінде қозғалуы немесе орнын ауыстыруы;

  • Ұшқындардың, электр доғалардың түсуі, сондай-ақ ішкі өрттің білдек ішіндегі бақыланатын аймақтан тыс жерге таралуы;

  • Қатты тартылған немесе жүктемесі жоғары үзілген белдіктермен немесе өзге де материалдармен зақымдалу;

  • Қауіпті буланумен дем алуды азайту немесе оның алдын алу үшін вентиляциялық жүйелерді және қорғау қаптамаларын пайдалануға мүмкіндік береді;

  • Химиялық реагенттердің, объектілер мен өзге де материалдардың төгілуін және қолайсыз жерге түсуін оқшаулау үшін тіре қабырғаларын, қоршаулар мен конструкцияларды пайдалану.

Білдектің (машинаның) тиімді қоршалуын қамтамасыз ету бойынша нұсқамалар:

  • Қорғау қоршауының берік бекітілуін немесе орнатылуын және оның қозғалмауын бақылаңыз;

  • Егер қорғау қоршауының тесіктері болса (мысалы, дуал), онда қоршаудағы тесіктер білдектен ұшатын ең кішкентай бөлшектерден кіші болуы тиіс;

  • Әрқашан білдекте жұмысты бастау алдында қоршауды қарап, тексеріңіз.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Сіздің білдегіңізде қандай қорғау қоршауы неғұрлым жиі қолданылады? Оның қауіпсіздігін жиі тексересіз бе?

КӨЗ ЖУУ СТАНЦИЯЛАРЫ МЕН АПАТТЫҚ ДУШ

Сіз оны ешуақытта пайдалануға тура келмейді деп үміттенеміз, бірақ біз бұл жабдықтың таза әрі оңай қол жетімді жерде және оның жұмыс күйінде екендігіне көз жеткізуіміз керек. Көзге бөгде заттар түскен кезде немесе денеге химиялық сұйықтар тамған кезде, көзді сумен жуу немесе себезгі арқылы ағынды сумен жуыну ең бірінші көмек болып саналады. Химиялық заттардың түсу салдарынан көздің зақымдануы ең күрделі жарақат болып саналады.

Кедергісіз қол жетімділік: Көзді жууға арналған станса химиялық әсерден жарақаттанған көздер үшін ең бірінші көмек болып саналады. Көзді жууға арналған стансаға кедергісіз жетуге болатындығына көз жеткізіңіз.

Таза, функциялық қызмет атқаратын құрал: апаттық себезгінің жеткілікті сумен жабдықталғанына, оның дұрыс жұмыс істейтіндігіне, таза екендігіне, үнемі тазаланып тұратындығына көз жеткізіңіз. Көзді жууға арналған тасымалданатын стансалар сапалы су жоқ немесе судың болмау ықтималдығы үлкен жерлер үшін өте ыңғайлы.

Дұрыс пайдалануға оқытып үйрету: химиялық сұйықтардан күйік алу ықтималдығы бар орындарда жұмыс істейтін жұмыскерлер көзді жууға арналған стансаны және апатты себезгілерді қалай дұрыс пайдалану керек екендігін білуі тиіс:


  • Көз жарақатын алған жағдайда, бірден көзіңізді саусақтарыңызбен кеңірек ашыңыз да, көзді жууға арналған сұйықпен көзіңізді жуыңыз. Судың температурасы сіздің денеңіздің температурасынан суықтау болуы мүмкін, сондықтан тітіркену тудыруы мүмкін.

  • Көз 15 минут ішінде жуылуы тиіс және зардап шегушіні ең жақын клиникаға дереу жеткізу керек. Көз жууды клиникаға кетіп бара жатқан кезде де, тоқтатпау қажет.



ІШІМДІКТІҢ ЖӘНЕ ТЕМЕКІНІҢ СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІҢІЗГЕ ӘСЕРІ

Қазіргі уақытта темекі тарту және ішімдік ішу біздің денсаулығымызға, өмірімізге және қауіпсіздігімізге зиянды әсер тигізетіндігіне, зянды әдет екендігіне ешқандай күдік қалған жоқ.



Ішімдікті асыра ішу дегеніміз спиртті сусындарды тым асыра пайдалану. Бұл қысқа мерзімге, сондай-ақ ұзақ мерзімге әсер етуі мүмкін. Қысқа мерзімге алкогольды ішімдікті асыра ішу отбасында және жұмыста қарым-қатынастың кері кетуіне әсер етуі мүмкін, егер спиртті сусындарды кейбір дәрі-дәрмектермен бірге пайдаланса, денсаулыққа байланысты күрделі қиындық туындауы немесе жол-көлік оқиғасына басты себеп болуы мүмкін.

Алкогольды ішімдікті ұзақ пайдаланғанда, жүрек-қан жүйесі, тыныс алу органдары, асқазан, бауыр және асқан асты безі, бауыр зақымданады.

Ішімдік ішуді жұмыспен үйлестіруге болмайды, себебі оның әсерінен физикалық және ақыл-ой реакциясы баяулайды. Алкогольды ішімдікті тым көп пайдалану жарақаттану немесе жаныңда жүрген адамдардың оқыс оқиғаға тап болу ықтималдылығын арттырады.

Егер ішімдік ішкіңіз келсе, ішімдікті ойланып, ақыл таразысына салып барып ішу керек екенін ұмытпау керек, өзіңіздің ішімдік ішу шегіңізді білгеніңіз дұрыс, бұл ішімдікті ішуге қажет тиісті уақыт мөлшерін анықтауға керек. Алкогольды ішімдік ішіп, мас күйде рульге отыруға тырыспау керек, бұндай әрекетке баруға өзіңіздің достарыңызға да жол бермеңіз.



Темекі түтінінде 4000 аса химикат бар, оның басым көпшілігі әдетте, қатерлі ісіктің пайда болуына алып келеді, никотин темекі тартуға деген күшті тәуелділікті тудыратын түтіндегі химикаттардың бірі. Сондықтан темекі тартудан бас тарту темекі өнімдерінің түріне байланыссызөте қиын.

Темекі тарту адам организмінің барлық органдарына және жүйелеріне әсер етеді. Темекі тартудың нәтижесінде жүрек және жүрек-қан жүйесі, асқазан және асқорыту жүйесі және өкпе мен тыныс алу жүйесі зақымданады. Қатерлі ісік темекі тартудың ең көп тараған проблемасы болып табылады. 30% аса қатерлі ісік аурулары темекі тартумен байланысты, негізінен бұл өкпе ісігіне алып келеді.



ҚАТТЫ ШАРШАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ

Қатты шаршау белгілері:

  • Шаршау;

  • Ұйқының бұзылуы;

  • Ашушаңдық;

  • Депрессия;

  • Тәбеттің бұзылуы.

Қатты шаршау салдары:

  • Шешім қабылдаудағы кедергілер;

  • Еңбек өнімділігінің төмендеуі;

  • Зейіннің әлсіреуі;

  • Күйзеліске төзімділігінің төмендеуі;

  • Есте сақтау қабілетінен айырылу немесе детальдардың егжей-тегжейін есте сақтау қабілетінің төмендеуі;

  • Реакция жылдамдығының төмендеуі.

Қатты шаршаудың алдын алу:

  • Тынығуға жиі үзіліс жасаңыз, тамақтануға немесе су ішуге;

  • Тағамды ішкі еңбек тәртібінің сәйкес қабылдаңыз;

  • Суды қажетінше ішіңіз;

  • Бір қалыпты жұмыстан аулақ болу және зейінді шоғырландыру үшін жұмыс міндеттерін ауыстырып тұрыңыз;

  • Қызметкерлеріңіздің шаршау белгілерін қадағалап тұрыңыз және мүмкіндігінше оларды жұмыстан босатыңыз;

  • Демалыс күндері және демалыс үшін жеткілікті уақытты қамтамасыз етіңіз;

  • Жұмыс пен жеке өміріңіз арасында ақылға қонымды баланс табуға тырысыңыз.



ЖҰМЫС ОРНЫН ПАЙДАЛАНУ ДАЙЫНДАУ

Жұмыс орнын дайындау және жоспарлау біздің жұмысымыздағы негізгі элементтердің бірі болып табылады. Жоспарланған жұмыстың және бұрын дайындалған жұмыс орнының оң әрі маңызды жағы бұл біздің қауіпсіздігіміздің және басталған жұмыстың табысты аяқталуының кепілі болып табылады.



Ұсынымдар:

  • Жұмыстарды жүргізу жоспарын әзірлеңіз және оны жауапты тұлғалармен келісіңіз;

  • Жұмысқа кірісер алдында алдағы жұмыстар жүретін учаскені қарап тексеру керек. Жұмыстарды жүргізу орнында болуы мүмкін қауіпті факторларға назар аударыңыз;

  • Болуы мүмкін қатерлер жағдайында сіз және сіздің әріптестеріңіз барлық қауіпсіздік шараларын білетіндігіне және ол шараларды қолдана білетіндігіне көз жеткізіңіз;

  • Жұмыстарды жүргізуге барлық қажетті нарядтарды және рұқсаттарды жауапты тұлғалар арқылы ресімдеңіз;

  • Жұмыс басталар алдында жұмысшы құрал-саймандардың, жабдықтардың, машиналардың, механизмдердің, аспаптардың және т.б. түзіктігін тексеріңіз;

  • Сізде және сіздің әріптестеріңізде барлық қажетті жеке қорғаныс құралдарының бар екендігіне және оларды пайдалана білетіндігіңізге көз жеткізіңіз.



ЖҰМЫС ОРНЫН ЖИНАУ

Жұмыс орындарында тазалықты ұстап тұру – негізінен аумақты жинау болып табылады.

Аумақта тазалықты ұстап тұрудың ең жақсы шарасы – қалдықтардың жиналуына жол бермеу, әсіресе мұнай өнімі, ағаш, қиқым және сол сияқты жанғыш заттардың төгілуіне жол бермеу. Тіпті жанбайтын заттардың (темір сынығы, құбырлардың сынығы, сынған шыны) жиналып қалған қалдықтары қауіпсіз емес деуге болмайды, олар мысалы, отты өшіру кезінде өрт сөндірушілердің әрекетіне қиындық тудыруы мүмкін.

Біз өз жұмысымызда пайдаланатын көптеген материалдар, құрал-саймандар, әртүрлі заттар көбіне олар үшін арналмаған орындарда болады және мына тәрізді ықтимал қауіптерді тудырады:



  • Шалынып қалу және құлап қалу қаупі;

  • Жарақат алу қаупі;

  • Тесіп алу, шөгірдің болуы немесе аса ауыр жарақат алу;

  • Өрт пайда болу қаупі;

  • Химиялық заттардың төгілу қаупі.

Әрбір құрал-сайманның, аспаптың, материалдың және заттың сақталатын нақты өзінің орны бар. Өтпежолдар мен жолдарда бөгде заттармен кедергі жасалмауына ерекше көңіл аудару керек.

Өз жұмыс орнында қауіпсіздік техникасының қағидасын сақтай отырып, қауіпті оқиғалардың пайда болу дәрежесін едәуір азайтуға болады.

Қоқысты сұрыптау - болуы мүмкін өрттің алдын алуға көмектеседі және қоқысты сұрыптау оны кәдеге асыруды жеңілдететінін есте сақтау керек.

Жұмыс орындарын тазалықта ұстау туралы айтқанда, қауіпсіздік қағидасын сақтау керек екендігін және жұмыс аяқталған соң жұмыс орнын жинау керектігінназарда ұстау керек, бұл аса көп күш-жігерді, уақытты талап етпейді.



Барлық қызметкерлер өз жұмыс орнында және жұмысшы зонада тәртіптің сақталуына жауапкершілік көтереді.

СУЫҚ ТИЮДЕН ЕМДЕЙТІН ЕМДІК ПРЕПАРАТТАР

Тағы да суық маусым басталды. Суық тиген немесе грипп кезінде әртүрлі емдеу препараттарын пайдалану туралы жыл сайынға сақтандыруды еске алатын кез жетті. Кейде жұмыс істеп жүріп аурудан жазылып кету өте қиын.

Көп жағдайда, суық тиюге қарсы барлық препараттар ұйқы келтіреді, ол сіздің қырағылығыңызды, реакцияңызды төмендетуі мүмкін. Мұндай препараттарды пайдаланатын адамдардың көбі күндізгі уақытта ұйқыбастылыққа ұшырауы мүмкін.

Препараттың әсер ету салдарынан сіздің реакцияңыз төмендеуі мүмкін, сондай-ақ еңбек өнімділігі де түсіп кетуі мүмкін. Оған қосымша ретінде сіз өз әріптестеріңізге ауру жұқтыруыңыз мүмкін, олар да сырқаттануы мүмкін.

Өзіңіздің басшыңызға хабарлаңыз

Сізді әлдеқайда қауіпсіз жұмысқа ауыстырған дұрыс болуы мүмкін. Сіз респиратор киюден немесе ауыр жұмысты орындаудан қиналатын болуыңыз мүмкін. Өзіңіздің басшыңызға хабарлау керектігінің тағы бір себебі сіздің жай-күйіңіз бірнеше күн ішінде бірқалыпқа келмеуі мүмкін. Сіз сырқаттанған жағдайда, сіздің басшыңыз немесе сіздің қауіпсіздігіңізге жауап беретін тұлға сіздің қандай препараттарды пайдаланатыныңызды білуі керек.



Әрқашанда кеңес етілген дозаны пайдаланыңыз

Рұқсат етілген дозадан асып кету сіздің аурудан тез жазылып кетуіңізге немесе сіздің көңіл-күйіңіздің жақсарып кетуіне көмектеспейді, Шын мәнінде ол қосымша эффект береді, басқаша айтқанда сіздің ұйқыбастылығыңыз күрт өсуі мүмкін және т.б.



Дәрі-дәрмектерді араластырмаңыз

Барлық таблеткалар, тониктер, капсулалар химикаттар болып табылатынын есте ұстаңыз. Олар бір-бірімен үйлеспеуі мүмкін, сондықтан көмек көрсетуден гөрі көп зиян келтіруі мүмкін. Дәрі-дәрмектерді өзара араластыру немесе дәрі-дәрмектерді алкогольмен араластыру қосымша эффектке алып келуі мүмкін немесе тіпті сіздің денсаулығыңыз үшін қауіпті болуы мүмкін.



Нұсқаулықты оқыңыз

Нұсқаулықта сіз мөлшерлеме және қосымша эффектілер туралы ақпарат таба аласыз.



Жұмыс уақытында емдеудің жаңа түрлерін қолданбаңыз

Егер сіз емдеудің жаңа түрлерін немесе басқа нәрсені қолдануға талаптансаңыз, онда сіз жұмыс аптасының аяғында істегеніңіз дұрыс. Әрбір адамның организмі суық тиюге қарсы препараттарды әрқалай қабылдайды. Қосымша эффекттері төмен препараттың біреуіне тоқтаңыз да, соны ғана қабылдаңыз.



Қолыңызды жиі жуыңыз

Әрбір адам суық тию маусымы кезінде бұл туралы білуі тиіс. Грипті вирустардың басым көпшілігі көбіне басқа жолдардан гөрі қол арқылы, есік тұтқасы арқылы қолға, қолдан ауызға беріледі. Бұл проблеманың ең жақсы шешімі - сақтану !
АУА РАЙЫНЫҢ ҚОЛАЙСЫЗ КЕЗДЕРІНДЕГІ, КҮШТІ ЖЕЛ КЕЗІНДЕГІ ЖҰМЫС

Күшті жел кейде біздің жұмысымыздың шарттарының бірі болып табылады. Күшті жел жоғары биікке жүк көтеру жұмыстарын және жұмыстардың басқа түрлерін орындау кезінде жүктің құлау немесе жарақат алутәуекелін өсіреді. Сондықтан алдағы жұмыс алдын ала жоспарлануы тиіс және қауіпсіздік техникасы бойынша барлық нұсқаулықтарды басшылыққа алу керек.

10 м/с дейінгі және одан аса күшті желде жұмыстардың осы түрінің қаншалықты қауіпсіз жүргізілгеніне талдау жүргізу керек және оның тиімділігін анықтау керек:


  • Биік платформаларда, сатыларда, алаңшаларда және құрылыс сатыларында персоналдың жұмыс істеуі;

  • Құрылыс мінбелерін құру және бөлшектеу;

  • жүк көтеруші кранмен жұмыс істеу кезіндегі такелаждық операциялар;

  • персоналды биіктікке көтеру.

Жұмыс жүргізу орнын дайындау бойынша талаптардың және наряд-рұқсаттарға қауіпсіздік бойынша шарттардың барлық талаптарының орындалғанына көз жеткізу керек, атап айтқанда:

  • персонал биікте жұмыс істегенде, сақтандыру белдіктері жиынтығының болуы;

  • қорғағыш экрандарды орнату тиімділігі;

  • көру органдарын құмнан және шаңнан қорғайтын қорғау құралдарымен персоналды қамтамасыз ету;

  • биіктікке көтерукезінде құралдар мен жабдықтарды сенімді түрде бекіту.

Сондай-ақ, келесі факторларды ескер керек:

  • Жаңбыр, қар жауу немесе көктайғақ;

  • Жер бетінен көтерілу деңгейі.

Жұмыс орындаушылар желдің жылдамдығына байланыссыз желді күні жұмыстың қауіпті жағдайларының басталғаны туралы кідіріссіз хабарлануы тиіс.

Егер желдің жылдамдығы 11 метр секундтан асса, орындалатын жұмыстарды тоқтату туралы мәселені қарастыру керек.

Жұмыстардың орындалуына жауаптылар биіктікте жұмыс істеуді тоқтату туралы ұсыныспен басшылыққа шығып хабарлауы керек.

Жылдамдығы 30 м/сек және одан асатын жел дауыл деп саналады және персоналдың ары қарайғы әрекеті Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік органның жоспарына және апатқа қарсы тұру әрекетіне сәйкес ұйымдастырылуы керек.



ҚАУІПСІЗ ЖҰМЫС ІСТЕҢІЗ !

КҮННІҢ ЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫНДА ЖҰМЫС ЖАСАУ

Күн ыстық, қызу жұмыс алаңы, жоғары ылғалдылық , ТАҒЫ міне....күн көзіне қызып кетудің келесі құрбаны. Күн сәулесіне қызып кетуден ешкім де сақтандырылмаған, оның ішінде күн тиіп, ең бірінші ауыратындар құрылыс жұмысшылары.

Ыстық күндері сақ болып, күн тиюдің мынадай анық белгілерін және сол кезде алғашқы көмек көрсетудің мынадай әдістерін есте ұстаңыз:

ҚЫЗУДУ САРҚЫЛУЫ - Ауру белгілері – шектен тыс терлеу, жүрек айну, бас ауыруы, әлсіздік, құсу, күш кету, тамыр соғуының жиілеуі. Алғашқы көмек – жардап шегушіні салқын жерге апарып, ылғалданған орамалды сулап алып, маңдайын сүрту және ылғалданған киімдерін шешу. Жардап шегушіні желпіту. Жардап шегуші өзіне өзі толықтай келгенше, оған ешқандай сұйық беруге болмайды. Жардап шегушіні дәрігерлік тексеруге жіберу қажет.

ҚЫЗУДАН СЕЛКІЛДЕУ (ТЫРЫСПА) - Ауру белгілері –былайғы кезде суды көп ішкеннен кейін денедегі тұздар термен шығып кеткеннен кейін арқаның, іштің, қол және аяқ бұлшық еттерінің қатты тартылуынан болады. Алғашқы көмек– жардап шегушіні салқын жерге апарыңыз.Жардап шегуші өзіне өзі толықтай келгенше, оған ешқандай сұйық беруге болмайды. Егер, бәрібір жардап шегушіге су беретін болсаңыз, онда ол тек қана аздап бірнеше рет ұрттасын. Жардап шегушіге барынша тездетіп дәрігерлік көмек ұйымдастырыңыз.

КҮН ТИЮ – Ауру белгілері – жоғары температура мен терінің құрғауы, тыныс алу мен тамыр соғуының жиілеуі. Жардап шегуші кенеттен есінен танып қалуы, бірден бас ауыруы, жүрек айнуы, құсуы, іш өтуі болып, және ессіз күйге келуі мүмкін. Алғашқы көмек – ол өте маңызды болғандықтан жардап шегушіні тез арада салқын орынға апарып, жедел жәрдем шақыру. Жардап шегушінің киімдерін шешіп, оның денесін түгелдей сумен салқындатыңыз.

Жардап шегушіні жедел жәрдем келгенше желпи тұрыңыз.

Күнге қызудан сақтану үшін жаңа киімдер киіп, қорғау дулығасын киіп жүріңіз, ауаның жоғары температурасы кезінде аса көп зорланып жұмыс істемеңіз және сұйықты жеткілікті мөлшерде ішіңіз. Есіңізде болсын, күнге қызуға байланысты ауруларға дәрігерлік байқау ҚАЖЕТ. Егер Сіз осы жоғарыда көрсетілген аурулардың кез келгенінің белгілерін байқасаңыз, онда дәрігерге жүгініп, қажет медицианлық консультация алыңыз. Күнге қызудан болған ауруларғаешуақытта ешқашан немқұрайлы қарауға болмайды.




1   2   3   4   5   6   7   8


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет