ЕҢбек қауіпсіздігі және еңбекті қОРҒау жиналыстарын жүргізге арналған тақырыптар жинағЫ



бет6/8
Дата25.02.2017
өлшемі1.45 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8
БИІКТІКТЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ

Биіктіктен құлау жарақаттану мен өлімнің негізгі себебі болып табылады. 1,3 м немесе одан жоғары биіктіктен құлау қаупі болған жағдайда, биіктікте жұмыс жүргізу тәртібіне сәйкес құлаудан қорғау құралдарының бар болуын және оның пайдаланылуын қамтамасыз ету керек.

  • Жұмыстың алдында ауа райын жағдайын (мұз, қар немесе күшті жел) еске алу керек. Құрылыс мінбелері мен сатыларды пайдаланар алдында оларды пайдалану қауіпсіздігіне көз жеткізу керек;

  • Аяқбасқыштар тірек ретінде емес, ең бірінші кезекте қол жетімділік құралы ретінде пайдаланылуы тиіс;

  • Аяқбасқышпен көтерілер немесе түсер кезде екі қол бос болуы тиіс;

  • Құрал-саймандар мен материалдар иыққа немесе белдікке ілінетін сөмкеде тасылуы тиіс немесе оларды кейін көтеруге болады;

  • Аяқбасқыштар орнатылған соң, бірден оны төменгі және жоғарғы жағынан бекіту керек;

  • Аяқбасқыштарды пайдалану кезінде үш жанасу нүктелерін еске алу керек;

  • Жанама қойылатын сатыларды тірек ретінде пайдалануға болмайды, себебі олар тұрақты емес;

  • Құрылыс мінбелері олар пайдаланар алдында мұқият тексерілуі тиіс. Құрылыс мінбелерінде жұмыс істейтін әрбір жұмысшы жұмыс басталар алдында құрылыс мінбелерінде ешқандай өзгерістің жоқ екендігіне көз жеткізуі керек;

  • Құрылыс мінбелерін көтеру кезінде құлаудан қорғайтын құралдарды пайдалануыңыз керек екендігін ұмытпаңыз;

  • Биіктікте жұмыс істеген кезде басшылар қауіпті факторларды анықтауы керек, сондай-ақ биіктікте жұмыс істеген кезде құлауды болдырмау үшін орындалатын жұмыстың түріне сай келетін әдістерді таңдауы керек.



ҚҰРЫЛЫС МІНБЕЛЕРІ

Құрылыс мінбелерінде жұмыстарды қауіпсіз орындау. Құрылыс мінбелерінде жұмыс жүргізуге еңбек қауіпсізідгі қағидалары бойынша қажетті оқуды өткен, биіктікте жұмыс жасауға рұқсаты бар білікті жұмысшылар болуы тиіс.

Құрылыс мінбелерін пайдалану қағидасы туралы нені білу керек?



  • Бирканың болуы;

  • Мінбелер қашан соңғы рет тексерілді?

  • Тақтайлардың жағдайы?

  • Барлық платформа бойынша қатынаудың болуы (баспалдақ және т.б.)

  • Мінбелердің максимум салмағы қандай?

  • Сіз көтергіңіз келетін заттардың максимум салмағы қандай ?

  • Мінбелердің тегістігі?

  • Негіздеменің жағдайы (топырақтың жағдайы). Жұмыс деңгейлері тақтамен толықтай жабылған ба? (1 см-ден артық аралық болмауы тиіс)

  • Құлап кетуден сақтандырғыш қорғаныс құралдарының қажеттілігі бар ма?

  • Тақтайлар рамадан шығып кете ме?

  • Барлық ашық учаскелерде сүйеніштер мен білеулердің болуы

  • Сіздің басшыңызға кез келген жарамсыздықтар немесе былқылдаған ағаш туралы хабарлаңыз.

Рұқсат етілмейді:

  • Қатты жел болған кезде мінбелерде жұмыс істеуге болмайды.

  • Сүйенішке отыруға немесе сүйеніп тұруға болмайды.

  • Мінбелерде қоқыс қалдыруға болмайды.

  • Мінбелерден бірнәрсені лақтыруға болмайды.

  • Мінбелерде электр аспаптарын мұқият пайдаланыңыз.

  • Қар немесе мұз жамылған платформаларда жұмыс істеуге болмайды.

  • Платформаны материалмен артық жүктеуге болмайды.

Сатылармен мұқият көтеріліңіз:

  • Көтерілгенде немесе төмен түскенде әрқашан сатыларға қараңыз.

  • Екі қолмен ұстаңыз.

  • Сатымен көтерілгенде материалдарды қолмен апаруға болмайды.

  • Бір қолмен әрқашан сатыны берік қып ұстау керек.

САТЫЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК

Төменде бірнеше кеңестер берілген, олар сіздің сатыны қауіпсіз пайдалануыңыз үшін қажет болады:


  • Сатыны пайдаланар алдында, аяқбасқыштардың немесе таяныштардың сынуы тәрізді ақаулықтардың бар-жоқтығына инспекция жасау керек. Егер ол жылжымалы саты болса, онда шкивтердің, арқансымдардың және бекітпелердің аса тозбағандығына көз жеткізіңіз; Сондай-ақ табан тірегіштердің және аяқбасқыштардың сырағанағыш емес екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қандай да бір ақаулықты байқасаңыз, жазьақағаз ілу керек те, оны пайдаланудан алып тастаңыз;

  • Сатыны орнату кезінде орнатылатын жердің тегіс әрі қатты екендігіне көз жеткізіңіз. Сатыны лас әрі сырғанағыш жерге орнатпаңыз, әйтпесе сіз құлау қаупіне ұшырауыңыз мүмкін. Сатының биіктігін арттыру үшін қандайд бір материалдарды пайдаланбаңыз. Егер ол жеткілікті түрде биік болмаса, демек сіз қажет сатыны дұрыс таңдамағансыз;

  • Саты тірек нүктесінен кем дегенде 1 метр биіктікке жетуі тиіс және сол нүктеде жақсы бекітілуі тиіс;

  • Жылжымалы сатыны пайдалану кезінде, 1:4 қағидасын сақтаңыз. Бұл дегеніңіз егер сіз ұзындығы 4 метр сатыны пайдалансаңыз, онда оның табаны мен жар арасындағы қашықтық 1 метр болуы тиіс;

  • Сатымен көтерілер немесе түсер кезде сатыға қарап көтеріліңіз немесе түсіңіз, бұл ретте жақсы ұстау үшін сіздің қолдарыңыз еркін болуы тиіс. Егер құрал-сайманды көтеру немесе түсіру керек болса, онда беліңізге сөмке байлауыңыз қажет немесе сатымен жоғары шыққан соң, арқанның көмегімен көтеру керек;

  • Үш нүкте қағидасын әрқашан есіңізде ұстаңыз. Кем дегенде екі қолыңыз және бір аяғыңыз немесе екі аяғыңыз және бір қолыңыз сатыға тірелуі тиіс;

  • Сатының бүйірлік таяныштарын пайдаланыңыз. Ол сіздің құлап қалу немесе тайып кету ықтималдылығын азайтады;

  • Тура немесе жылжымалы сатыларда жоғарыдан бастағанда 3-ші басқыштан жоғары көтерілмеңіз немесе жиылмалы басқыштарда жоғарыдан бастағанда 2-ші басқыштан жоғары көтерілмеңіз.

Жоғарыда аталған қағиданы басшылыққа алсаңыз, сіз сатымен жұмыс істеу кезінде жарақат алу ықтималдылығын азайтасыз. Сіз өз өміріңізді сақтайтындығыңызды ұмытпаңыз!

ЖАЯУ Жүргіншілер мен жұмыс жолдары

Тазалық



  • Барлық жұмыс орындары, дәліздер, қоймалар, қызметтік жайлар тазалықта және тәртіпте күтіп ұсталуы тиіс, санитарлық шарттарға сай келуі тиіс.

  • Әрбір жайдың едені әрқашан таза және мүмкіндігінше құрғақ болуы тиіс. Егер еден дымқыл болған жағдайда, құрғатқыш жүйесі болуы тиіс, сондай-ақ торлар, кілемшелер немесе биік платформалар болуы тиіс.

  • Еденде, жұмыс орындарында және дәліздерде шығыңқы шегелер, жаңқалар, сынықтар, тақтайлар болмауы тиіс.

Эвакуациялау жолдары

  • Эвакуациялау жолдары. Аралықтар және дәліздер қоршалмаған болуы тиіс, шығу жолы еркін ашылуы тиіс, онда қауіпсіз эвакуациялауға үшін кедергі жасайтын қандай да бір материалдар мен жабдықтарды қоймалау, қауіп-қатер төндіретін ешқандай қоршаулар болмауы тиіс.

  • Эвакуациялау жолдарыда тиісті белгілеулер болуы керек.

Шатырлар және қоршаулар

Шатырлар және/немесе қоршаулар персоналды ашық шұңқырлармен, жыралармен, оржолдармен және т.б. байланысты болатын қауіп-қатерден қорғайды.

Құрылыс мінбелерінің көтергіш қабілеті



  • Номиналь жүктеме шектері тақтайшаларда көрсетілуі және көрінетін жерде орналасуы тиіс.

  • Құрылыс мінбелерге, шатырларға немесе басқа конструкцияға жүктеменің салмағынан асып кететін жүктерді орналастыруға немесе қоюға тыйым салынады.

Құлаудан қорғау

  • Стандартты тұтқалар сатының ашық екі жағынан орнатылуы тиіс.

  • Биіктігіне қарамастан, қауіп-қатер төндіретін жабдықтар астында немесе жанында болатын қоршалмаған беттер, платформалар стандартты сүйеніштермен және төсеніштермен жабдықталған болуы тиіс.

  • Әрбір сатыда, 4 немесе одан артық басқыштары бар сатыда стандартты тұтқалары болуы тиіс.

СЫРҒАНАУ, СҮРІНУ ЖӘНЕ ҚҰЛАУ

Сырғанау. Сырғанау аяқ киім мен үстіңгі бет арасындағы үйкелістің болмауынан туындайды. Сырғанау себептері:


  • Дымқыл және майлы бет;

  • Төгілген сұйықтық;

  • Мұз, қар және кір;

  • Құбылмалы үйкелістері бар беттер

Сүріну. Сүріну сіздің аяғыңыз бірнәрсеге ілініп қалғанда және тепе-теңдікті жоғалтып алғанда орын алады. Сүріну себептері:

  • Кедергі көруді азайтады;

  • Күңгірт жарық;

  • Сынықтар немесе ретсіздік;

  • Еденнің қатпарлы беті;

  • Кабельдер немесе сымдар.

Тазалық және тәртіп

  • Төгілген және дымқыл жерлерді белгілеңіз, оларды тазалаңыз

  • Еденді швабрамен жууыңыз және жолдағы кедергілерді алып тастап, еденді сыпырыңыз.

  • Сымдарды бүркеңіз және жұмыс орнын жеткілікті жарықпен қамтамасыз етіңіз.

Сіз не істей алар едіңіз ?

  • Назар аударыңыз.

  • Сіз серуенге бейімделіңіз.

  • Кең орындармен жүріңіз.

  • Қараңғы бөлмеге кірген кезде фонарь алыңыз.

  • Сіз алып келе жатқан немесе итеретін заттардың кедергі жасамайтынына көз жеткізіңіз.

  • Жұмысты қауіпсіз орындау үшін қосымша уақыт алыңыз.

ЕСКЕРТУ: БЕЛГІЛЕРДІ ОҚЫҢЫЗ

Ескерту белгілері адамдарды сақтандырудың, хабарлаудың, ақпарат берудің ең оңай тәсілі болып табылады: «Бұл жолды айналып өтіңіз», «Жылдамдықты азайтыңыз», Сақтаныңыз төмпешік» және т.б.

Қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша сақтандыру белгілері қызметкерлерді сақтандырады, хабарлайды. Қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша сақтандыру белгілерін жұмыс алаңшасында елемеу аса қауіпті, себебі жарақаттануға алып келуі мүмкін. Олар жұмыскерлерді жұмыс орындарындағы ықтимал қауіптер туралы сақтандыруы мүмкін.

Сақтандыру белгілерінің тиімділігі олрадың дұрыс орналасуына да байланысты. Қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша белгілер қауіпті орынға барынша жақын орналасуы керек. Кейбір жағдайларда Алдын ала Сақтандыру Жүйесіне жүгіну керек. Ол үшін бірнеше белгіні бірмезгілде пайдалана отырып, қауіпті орынға барынша жақын бірінің артына бірін орналастыру керек.

Сақтандыру белгілерін орнату жұмыс берушінің міндеті болып табылады, ал сіздің міндетіңіз оны оқу әрі сақтау. Сақтандыру шараларын орындамау ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.



Сондықтан оларды оқыңыз, сақтаңыз, олардың мәнін түсінуге тырысыңыз.
ШҰҒЫЛ ЖАҒДАЙЛАРДА ЭВАКУАЦИЯЛАУ

Өндірістік объектілерде жұмыс істейтін барлық бригадалар шұғыл жағдайларда қалай әрекет ету керектігін білуі тиіс. Мұндай ақпарат жұмыс басталар алдында жиналыстарда басшылықпен жеткізілуі тиіс. Жұмысшылар өз кезегінде шұғыл жағдайларда қалай әрекет ету керектігін жақсы білуі тиіс, сондықтан олар өзі білмейтін нәрсенің бәрін сұрап алуы тиіс.

Дабыл туралы сирена кезінде нем есе рация бойынша шұғыл жағдай туралы хабар алғанда, қызметкерлердің барлығы келесілерді орындауы тиіс:


  1. Жұмыс орнынан кетер алдында барлық электр жабдығын өшіру керек, егер жоғарыда жүк ілулі тұрса, оны жерге түсіру керек, сондай-ақ адам аяғы шалынуы мүмкін барлық кедергілерден жолды тазалау керек.

  2. Алдымен адамдар жиналатын ең жақын орынды, кейіннен желдің бағытын анықтап алу керек және барлық қызметкерлер жаяу, айқай-шусыз желге перпендикуляр бағытта жиналатын орынға қарай жүру керек.

  3. Үрейге салынбау керек және жиналатын орынға кіреберіс жерде топыр, дүрбелең туғызбау керек

  4. Қауіп сейілгенде, бұл жайында сізге уәкілетті тұлғалар жиналу орнын тастап кетуге болатындығы туралы хабарлайды. Мұндай хабарлаусыз ешкім жиналу орнын тастап кете алмайды.

Жиналу орнын тастап кетер алдында асықпай, топырламай шығу керек.


ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ – СУ ҚЫСЫМЫ

Қысыммен ағылатын судың қауіпсіздікке қауіп төндіру ықтималдығы бар. Жарақат алуды болдырмау үшін мынадай іс-әрекет жасаңыз:



Жеке қорғау құралдарын (ЖҚҚ) пайдалану:

  • Бетіңізге арналған қорғау экраны;

  • Оқшауланған резеңке табандағы аяқ киім;

  • Қорғау киімі.

Сақтық шараларын қолдану:

  • Қысыммен жұмыс істейтін жуу қондырғысын ешқашан өзіңізге немесе басқаларға бағыттамаңыз;

  • Ешқашан жуу қондырғысынан шығатын су ағынының көмегімен объектілерді жылжытуға немесе орнынан қозғауға тырыспаңыз;

  • Ешқашан бензин қозғалтқышынан жұмыс істейтін жуу қондырғысын жабық үй-жайда пайдаланбаңыз;

  • Электр қондырғысын пайдалану кезінде жуу қондырғысының қоректендіру бауын ағынсыз судан әрі ұстаңыз; ылғалды үй-жайларда пайдалануға арналған аса қуатты ұзартқыштарды пайдаланыңыз; сондай-ақ қоректендіру бауы мен ұзартқышты жуу объектісінен және су ағынынан мүмкіндігінше алыс ұстаңыз;

  • Қондырғыдағы жөндеу және қызмет көрсету жұмыстарын тек қана жауапты маман жасауы тиіс;

  • Әрқашан пистолеттегі, құбыршек пен сорғыдағы қысымды азайту үшін пайдаланғаннан кейін тартпасын басыңыз;

  • Тетіктер мен электр есептеуіштерін қоректендіретін электр беру желілерінің жанында су сепкен кезде өте сақ болыңыз;

  • Сепкішті электр сымдары мен терезелерден алыс ұстаңыз;

  • Сепкіш-пистолетті ашық күйде сақтамаңыз.


СУ СОРҒЫЛАРЫ

Кеңестер:

  • Барлық қозғалатын бөлшектер қауіпті, әрқашан пайдалану және қызмет көрсету бойынша басшылыққа алынатын құжатты мұқият оқыңыз;




  • Қапталмаған бірліктердегі барлық қозғалатын бөлшектер қорғалуы тиіс, ал сорғының қабы жұмыс кезінде орнында болуы тиіс;




  • Ешқашан қолыңызды немесе басқа да заттарды кіру немесе шығу тесіктеріне салмаңыз




  • Техникалық қызмет көрсету алдында әрқашан бұғаттау/пломбалау жөніндегі нұсқауларды сақтаңыз;




  • Әрқашан нұсқаулықтарды сақтап, сорғыны мақсатты такелаждық жабдықпен көтеріңіз




  • Әрқашан сору немесе айдау құбыршектерінің көтергенге дейін ажыратылғанын тексеріңіз;




  • Ешқашан жанғыш сұйықтықтарды немесе қауіптілігі белгісіз сұйықтықтарды айдауға болмайды;




  • Әрқашан өрт қаупін есте сақтаңыз және сорғыны өрттен сақтаңыз;




  • Қозғалтқыштың, газ шығатын түтіктің және басқыштың лайықты вентиляциясын қамтамасы етіңіз;




  • Ешқашан отын багын артық толтырмаңыз;




  • Пайдаланғаннан кейін сорғыны әрқашан таза сумен тазалаңыз;




  • Жұмысты бастау алдында сорғының деңгейде екендігіне және бекітілгеніне көз жеткізіңіз.


ОТТЕГІ МЕН АЦЕТИЛЕНДІ ҚАУІПСІЗ ҚОЛДАНУ

Тексеру:

  • Жабдықтың, оның ішінде құбыршектің, датчиктердің барлығын тексеріңіз;

  • Қосу алдында баллонның әрбір қақпақшасын тазартыңыз және қараңыз;

  • Реттегіштер мен факелдерді пайдалану алдында тексермей, ешқашан баллонның вентилін ашпаңыз.

Негізгі сақтық шаралары

  • Оқудан өткен қызметкерлер ғана оттегі-ацетилен жабдығымен жұмыс істей алады;

  • Оттегі-ацетилен жабдығын пайдалану кезінде ешқашан жұмыс аймағының жанында жанғыш материалдарды сақтамаңыз;

  • Қауіпті газ ағындарының және жалының кері соққысының пайда болу мүмкіндігін болдырмау үшін флэш-электр тогын ажыратқышты орнату қажет;

  • Ешқашан баллонның қақпақшасы ашық болғанда реттегіш алдында тұрмаңыз;

  • Ешқашан ацетилен немесе оттегі қосындыларына май немесе жағармай жақпаңыз.

Іс-әрекеттер:

  • Әрқашан факелді жағу алдында оттегі және ацетилен өткізгіштерін жеке-жеке тазалаңыз;

  • Оттегі желісін ашу алдында ацетиленді жағыңыз;

  • Баллондардың қақпақшаларын ашу кезінде әсіресе сақ болыңыз.



ТҰНШЫҚТЫРҒЫШ ГАЗБЕН УЛАНУ

Көміртек монооксиді (CO) – бұл дәмі мен иісі жоқ, оттегімен өзара әрекет ететін, қанда таратылатын түссіз улы газ. Бензиндік құралдар мен генераторларды тиісті вентиляциясыз пайдаланған кезде көп адам тұншықтырғыш газдан қаза болды.



Салдары

  • Жіті улану неврологиялық зақымдарға, ауруларға, кома мен өлімге әкеп соғады.

Симптомдары

  • Бас ауруы;

  • Бас айналу мен әлсіздік;

  • Жүрек айну мен естен тану;

  • Осындай кез келген симптом, әсіресе, жабық үй-жайда жұмыс істегенде пайда болған жағдайда жабдықты тоқтатып, ғимараттан.

Көмірқышқыл газ көздері:

  • Дұрыс вентиляциясы жоқ тасымалды генераторлар мен ғимараттың ішіндегі генераторлар;

  • Компрессорлар;

  • Жылытқыштар;

  • Дизель, бензин және энергетикалық жабдық.

Жарылыстардың алдын алу:

  • Терезенің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз;

  • Ғимараттың ішінде пайдаланылатын барлық жабдықтың жұмыс күйінде екендігіне көз жеткізіңіз;

  • Егер Сізде тұншықтырғыш газбен улану симптомдары байқалса, дереу таза ауаға шығып, медициналық көмек сұраңыз.



ЖАБДЫҚТАРҒА ЖАҚЫН ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАУІПСІЗ ЖҮРГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАҒИДАЛАР

Келесі қағидаларды сақтау қажет:

  • Операторлар жылжымалы құралдарды қауіпсіз тоқтата алатындай және апатты жағдайларды болдырмау үшін қатты жылдам жүргізбейтіндей жылдамдықпен басқаруы тиіс. Олар жұмыс орнында адамдар көлік құралы алдында күтпеген жерден шыға келетіндей жерлерде айрықша мұқият жүргізулері тиіс;

  • Жүкті жылжыту кезінде жердегі кедергілерге, әсіресе, кірген кезде немесе кіру кеңістігіне өту кезінде, сондай-ақ әуе берілісі желісі болатын учаскедегі жұмыстар кезінде назар аудару керек. Электр берілісі желісінен және аппаратурасынан болжамды саңылауды қарап тексеру талап етіледі;

  • Электр берілісі желісінен және жабдықтардан қауіпсіз ара қашықтықты сақтау қажет. Көлік құралдарының тербелуі мен шайқалуын, сондай-ақ сымдардың салбырап тұруы мен тербеліп тұруын да ескеру қажет. Оператор өз техникасымен материалдарға немесе басқа заттарға соқтығысуын болдырмауы тиіс;

  • Жылжымалы құрал операторы адамдарға жақын жұмыс істеу кезінде адамдар жұмыс істеп жатқан жерге, әсіресе олар бекітілген заттың (жүктің) алдында болатын болса, жақын келуіне болмайды, бұл ретте олар жылжымалы жабдықтар мен осы заттың арасында тұрып қалады;

  • Жұмысшылар болатын учаскелерге жақын ауыр техникамен кез келген жұмысты бастағанға дейін осы техниканың операторы жұмысшылармен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі, жұмысшылар осы техника болатын уақытта сақтауы тиіс қауіпсіздік қашықтығын және олардың жұмыс аумағын анықтау мен талқылау туралы жиналыс өткізуі тиіс. Қауіпсіз учаске оператор және барлық персонал ретінде оңай анықталатын қоршау таспаларының, конустарының немесе басқа белгілерінің көмегімен белгіленеді;

  • Тығыз кеңістікте ауыр техниканы пайдалану кезінде дұрыс бағыттарды көрсетіп тұруы үшін белгілі барлық сигналдарды пайдаланатын бақылаушы тағайындалуы тиіс.

Мүмкіндік болса, жылжымалы құралдарға жақын жұмыстардан аулақ жүріңіз !

ТҰЙЫҚ КЕҢІСТІКТЕ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ

Терминнің анықтамасы

“Тұйық кеңістікке” барлық учаскелер мен жабдықтар жатады, мұнда: желдету жүйесі зиянды заттардың қауіпті концентрациясын жоюды қамтамасыз етпейді және/немесе оттегі жетіспеушілігі болуы мүмкін, сондай-ақ орналасқан жерінің және/немесе зардап шегушіге қатынауда кіру тесігінің өлшемдерінің салдарынан және оны көшіру қиындайды.

Егер төменде аталған шарттардың бірі болса қауіпті ауа ортасы жарақатты немесе ауруды тудыруға қабілетті:


  • Жалындайтын будың құрамы тұтанғыштықтың төменгі шегінің (ТТШ) 2% асып кетеді.

  • Оттегі концентрациясы 19.5% төмен немесе 23.5% жоғары.

  • Күкіртті сутек концентрациясы 7 ppm (10мг/м3) асып кетеді.

  • Күкірт диоксидінің құрамы 0 ppm (5.2 мг/м3) асып кетеді.

Тұйық кеңістікте жұмысқа қатынау:

Тұйық кеңістікке қатынау үшін тұйық кеңістіктегі жұмыстарды жүргізуге рұқсат алу қажет.

Тұйық кеңістікте жұмысты жүргізуге тек қана тұйық кеңістікте қауіпсіздік шаралары, қажетті қауіпсіздік құралдарын қолдану бойныша оқуларды өткен білікті жұмысшы орындау қажет.

Қызметкерлер ең алдымен, әуе-тыныс алу жабдықтарын пайдаланбай жабық сыйымдылыққа кірмес бұрын, сыйымдылықтың ішіндегі жағдайлардың қауіпсіздігін анықтау үшін ауа ортасының сынамаларын іріктеуді жүргізуі қажет.

Егер тұйық кеңістіктегі жұмыс әуе-тыныс алу жабдықтарын пайдаланумен жүргізілетін болса, бақылаушыны тағайындау қажет.

“Қауіпті – Кіруге болмайды” ескертуші плакат жабық сыйымдылыққа кіру ретінде пайдаланылмайтын әрбір тар жолда ілініп тұруы тиіс.

Тұйық кеңістікте жұмыс істейтін жұмысшылар апатты жағдайда әрекет ету жоспарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл жоспар өрт болған жағдайда немесе басқа төтенше жағдай болғанда, тұйық кеңістікте жұмыс істейтін персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей әрекеттерді енгізуі тиіс.

ҚОЛ ЖӘНЕ МЕХАНИКАЛАНДЫРЫЛҒАН ҚҰРАЛ-САЙМАНДАР

Өз құрал-саймандарыңызды тұрақты профилактикалық күтіп ұстау арқылы жақсы күйде күтіп ұстаңыз. (ТЕКСЕРУ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕРІ БАР БИРКАЛАРДЫ ТЕКСЕРІҢІЗ).



  • Әрбір жұмыс үшін керек құрал-сайманды таңдап алыңыз.

  • Қолдану алдында құрал-саймандарда зақымдалудың болуын тексеріп алыңыз.

  • Құрал-сайманды өндірушінің нұсқаулығына сәйкес пайдаланыңыз.

  • Тиісті ЖҚҚ пайдаланыңыз.

Қол құрал-саймандарын пайдалану кезінде ең үлкен қауіп-қатер оларды дұрыс қолданбаудан және техникалық күтіп ұстамаудан болады. Көптеген жағдайларда құрал-саймандарды дұрыс пайдаланбау себебі асығыстық болып табылады. Құрал-сайманды дұрыс таңдау жеткіліксіз. Сондай-ақ құрал-саймандарды оларды пайдалану алдында тексеру маңызды. Сіз құрал-саймандарда кез келген ақаулар анықталған жағдайда оны пайдаланудан дереу алып тастауға тиіссіз. Жарамсыз құрал-саймандарды ешқашан пайдаланбаңыз!

Жарамсыз құрал-саймандарды әрқашан тиісті қоймаларда сақтау қажет. Жерде қалып қойған құрал-саймандар сүрініп құлауға себепкер болуы мүмкін, ал орманның шетінде немесе басқа объектілерде орналасқан құрал-саймандар төменде жүрген біреулерге құлап кетуі мүмкін. Құрал-саймандарды дұрыс тасымалдау тағы бір маңызды сәт болып табылады. Олар құрал-саймандар салатын жәшікте, арбашаларда тасымалдануы тиіс немесе осы үшін арналған белдеу белдігіне бекітілуі тиіс.

Сақтық шаралары:



  • Жұмысшылар құрал-саймандарды дұрыс пайдалану және оларды күтіп-ұстау үшін жауапкершілікте болады.

  • Портативті құрал-саймандармен жұмыс кезінде, болуы мүмкін қауіп-қатерден қорғау үшін тиісті СИЗ кию қажет.

  • Қауіпті факторлардан аулақ жүріңіз. Механикаландырылған құрал-саймандарды дымқыл, ылғалды және/немесе жарылуы қауіпті ортада пайдаланбаңыз.

  • Темір және болат құрал-саймандардан шығатын жалын тұтанатын материалдарға жақын жұмыс кезінде тұтануға себепкер болуы мүмкін. Мұндай қауіп-қатер болған кезде жез, пластмасса, алюминий немесе ағаштан жасалған жалынға төзімді құрал-саймандарды пайдаланыңыз.

Егер сіз механикалық құрал-саймандарды пайдаланатын болсаңыз:

  • Ешқашан құрал-сайманды шнурынан немесе шлангісінен ұстамаңыз.

  • Құрал-сайманды розеткадан ағыту үшін ешқашан шнурды немесе шлангіні жұлқыламаңыз.

  • Шнур мен шлангіні жылудан, жанғыш майдан және сүйір бұрыштардан алыс орналастырыңыз.

  • Бұрғы немесе кескіш, жүз сияқты детальдарды техникалық күтіп ұстау мен ауыстыру алдында құрал-сайманды электр ток көзінен ажыратыңыз.

Электр құрал-саймандарын пайдаланатын қызметкерлер өз жұмыстарының қауіптілігі туралы білулері тиіс. Осындай жұмыс кезінде ең қауіпті қатер электр тогының соғуы болып табылады. Электр құрал-саймандарымен жұмыс кезінде қауіптіліктің негізгі түрлері күйік және әлсіз электршок болып табылады, жарақат алуға немесе жүрек жеткіліксіздігіне әкеліп соғуы мүмкін.

Қорытындылай келгенде: құрал-саймандарды дұрыс таңдау керек, олардың сенімділігін тексеру керек, сондай-ақ дұрыс қолдану және сақтау керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет