ЕҢбек қауіпсіздігі және еңбекті қОРҒау жиналыстарын жүргізге арналған тақырыптар жинағЫ



бет5/8
Дата25.02.2017
өлшемі1.45 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8






МОНТАЖ (ҚҰРАСТЫРУ, ЖИНАСТЫРУ)


Монтаж (құрастыру, жинастыру) бір қарағанда арнайы дағды мен әдісті керек етпейтін жеңіл процедура. Көптеген адамдар саусақтары мен қолдарын, немесе ауыр жарақаттардан зардап шекті, себебі олар МОНТАЖ.дың не екенін білеміз деп ойлады.

Жұмыста жарақаттан сақ болу үшін мына ережелерді сақтаңыз:

Белгілерді дұрыс қабылдаңыз. Бригаданың бір мүшесін белгі беруге қойып, кранды жүргізушіні тек қана соның берген белгілеріне қарауға нұсқау беріңіз. Белгі беруші бригаданың әрбір мүшесі өзінің жұмысқа дайын екендігін білдіріп хабарламайынша, жүкті қозғалтуға белгі беруіне болмайды. Бригаданың әрбір мүшесі «барлығы дайын» деген белгіні белгі берушіге хабарламастан бұрын өзі жұмысқа дайын болуы керек.Егер Сіз шынжырды, арқанды немесе чокерді ұстап тұрып, оның керілуін сақтағыңыз келсе, онда дайын екендігіңізді білдіретін белгіні берместен бұрын, Сіздің қолыңыз бен аяғыңыз жүкпен қысылып қалмайтындай жерде екеніне толық көз жеткізіңіз. ЭЛЕКТРҚОРЫНЫҢ ӘУЕ ТОРАПТАРЫН ӘРДАЙЫМ ТЕКСЕРІҢІЗ.

Сіз қолыңызды қорғаңыз. Егер шынжырды, арқанды немесе чокерді босатуға мүмкіндік болмаса, онда қолыңыздың қысылып қалмауын қарастырыңыз. Қырылған сым немесе тікен Сіздің қолғабыңызға ілініп қалып, Сіздің қолыңызды қысып қалатын жерге тартып әкетпес үшін қолыңызды жеткілікті қашықтықта ұстаңыз.

Жүктен қашық тұрыңыз. Жоғары ілулі тұрған жүктің астына ешуақытта тұрмаңыз. Жүк кранының ілмегінен қашық болыңыз.

Жүкті абайлап қойыңыз. Егер жүкті бағыттағыңыз келсе, ілмегі бар темір арқанды немесе ілмектің өзін пайдаланыңыз. Егер Сіз жүкті тасымалдасаңыз, онда оны жерге барынша жақынырақ ұстаңыз. Жүкті қоятын жерді қарап, тексеріңіз. Жүкпен соқтығысып қалып, ұшып кетулері мүмкін керек емес бекіту ағаштарын және басқа нәрселерді жолдан алып тастаңыз. Жүкті төменге түсірерде немесе қоярда өзіңіздің аяғыңызды және денеңіздің басқа бөліктерін жүктен қашық ұстаңыз. Жүкті төменге жайлап және ұқыпты түсіріңіз. Егер ол ағаш томардың үстімен сырғанап кетсе, ол жай қозғалады да, Сіз оның жолынан басқа жаққа шығып кете аласыз.



СІЗДІ ЖӘНЕ БАСҚАЛАРДЫ ЖАРАҚАТ АЛУДАН САҚТАНДЫРУ ҮШІН ҮЗДІКСІЗ ҰЖЫМДЫҚ ЖҰМЫС КЕРЕК.

ПІСІРУ МЕН ДӘНЕКЕРЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

Пісіру мен дәнекерлеу жұмыстары алдында әрқашанда өрт қаупін тексеріңіз. Аумақтағы ағаш, қағаз және басқа тез тұтанатын заттарды жинастыру қажет. Кесу мен пісіру жұмыстары жүретін жерде жанатын сұйықтар болса, онда өзіңіздің басшыңызбен алдын ала келіспей жұмысты бастамаңыз. Егер Сіз отқа қауіпті материалдармен жұмыс жасайтын болсаңыз, онда өрт сөндіргіш, суы бар шелек, өрт сөндіру түтігі немесе құмы бар шелек қол астыңызда болсын. Мүмкін, шыққан ұшқындарды сөндіру үшін өрт сөндіргіші бар жұмысшыны қасына қою керек болар.

Егер Сізге жанғыш сұйығы не газы бар кезкелген ыдыс немесе үлкен ыдысты пісіру не кесу керек болса, онда жұмысты ресми тексеру жақын маңда қауіпті буланулар жоқ екенін дәлелдегенге дейін бастамаңыз. Егер біреу болмаса біреу осы үлкен ыдыс алдын ала тексерілді дегенге сенбеңіз. Сіз жұмысты бастар алдында тексеру өткізуге көндіріңіз.

Пісіру мен кесу жұмыстары кезінде жақсы желдету болуы тиіс. Пісіру мен кесу жұмыстарының нәтижесінде жоғары концентрациялы буланулар пайда болады, сондықтан да жақсы желдету Сізді қауіптен қорғайтын ең алғашқы әдіс. Егер Сіз жұмыс орнындағы желдетудің жеткілікті екеніне күмәндансаңыз, онда Өзіңіздің басшыңыздан сұраңыз. Пісіру мен кесу жұмыстарын кішкентай бөлмеде немесе үлкен ыдыстың ішінде немесе басқа жабық кеңестікте жүргізбеңіз.

Пісіру мен кесу жұмыстары кезінде көзді қорғау қажет. Және осындай жұмыстар кезінде бетті толықтай қорғау керек. Жұмыс киіміңіз Сіздің орындайтын жұмысқа лайықты болуы тиіс. Қорғау көзілдірігі Сіздің көзіңізді ұшқыннан, металл сынықтарыннан, сонымен бірге пісіру жабдықтарының ыстық лебінен күюден сақтайды.

Сіз Егер көзіңіз бен бетіңізді қорғау жөніндегі ережелерді сақтасаңыз, онда пісіру мен кесу жұмыстары кезінде ешқандай жарақат алмайсыз.

Осындай жұмыстарды орындауға жанғыш газдар, булар және қатты заттар жиналған жерлер кейбір жағдайларда өрт немесе жарылыс болуы мүмкін себепті қауіпті деп есептелінеді. Ықтимал газ қоры бар мұнай қондырғылары бар қауіпті аймақтарында кезкелген пісіру мен кесу жұмыстары арнайы рұқсат берілгеннен кейін ғана жүргізілуі тиіс. Бақылаудың осындай жүйесі қауіпсіздіктің белгілі шараларына ұйғарым беріп, оған сәйкес болуын қадағалайды.

Соңында, жабдықтар мен материалдарды дұрыс жұмыс күйінде сақтап және сол жұмысқа қажетті жабдықтарды ғана пайдалану керек. Егер Сіз жабдықтар жөнінде қам жесеңіз, олар да Сіз пісіру мен кесу жұмыстарын орындағанда қамқор болады.



БЕТОН ЖӘНЕ АРМАТУРА

Бетонмен жұмыс істегенде, Сізге жұмыспен байланысты қауіпті факторлар мен сақтық шараларын есте сақтаған жөн.



Қауіпсіздік бойынша пайдалы ұсынымдар:

  • Бетонмен жұмыс істегенде үнемі биялайды, көзді қорғау құралары мен жеке қорғау құралдарын пайдаланыңыз;

  • Бетон теріге тигенде оны мүмкіндігінше тез жуып кетіріңіз;

  • Егер Сіз жұмыс бетінің деңгейінен бес футтан астам биіктікте болсаңыз, қабырғаға күшейткіш арматураны орнатып, бекіткен кезде, үнемі сақтандыру белдігін, сақтандыру арқанын немесе осы секілді басқа да құлаудан қорғау құрылғысын пайдаланыңыз;

  • Ешқашан тікелей шығып тұрған арматуралық профильдің үстінде жұмыс істемеңіз. Қызметкерлерді құлаған жағдайда жарақаттан қорғау үшін арматураның үстіңгі бөлігін жауып немесе бүркеп қойыңыз;

  • Механикалық жабдықты пайдаланған кезде Сіз қолыңызды басқару тұтқаларынан алғанда, бақылау ауыстырып-қосқыштардың автоматты түрде ажыратылғанына көз жеткізіңіз. Басқаруды өшірумен болдырмау үшін бекіту құрылғыларын немесе басқа да аспаптарды пайдаланбаңыз;

  • Ешқашан бетон үлестіргіш шөмішінде жүрмеңіз;

  • Тиегіш кранға немесе кран қауғасына ілінген бетон үлестіргіш шөміштің астында ешқашан жұмыс істемеңіз;

  • Бетонды еңісте түсірген кезде бетон тасығыш доңғалақтарының бұғатталғанына және қозғалысты болдырмау үшін тежеудің өшірілгеніне көз жеткізіңіз;

  • Барлық қол және автоматты жабдық пайдалану алдында тексеріліп, қауіпсіз жұмыс күйінде болуы тиіс. Барлық сынған жабдықты ауыстырыңыз немесе жөндеңіз.


БӨЛШЕКТЕУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК

Жеке қорғау құралдарын пайдаланыңыз

  • Сәйкес келетін Жеке қорғау құралдарын пайдаланыңыз;




  • Пайдалану алдында Жеке қорғау құралдарын тексеріңіз.

Жұмысыңызды мұқият жоспарлаңыз




  • Қандай да бір беттегі қабаттар жылжытылғанға дейін осындай бетте орналасқан конструкцияның базалық немесе ұстайтын элементтерін кеспеңіз және қозғамаңыз;




  • Қабырғаларды бөлшектегенге дейін барлық үстіңгі ернеулерді немесе басқа да сәндік тас құрылыстарын алып тастаңыз;




  • Тіреулерді, бекіткіштер мен басқа да сенімді тәсілдерді қолдану арқылы қауіпті жойғанға дейін конструкциялардың бұзылу қаупі бар жерде ЕШҚАШАН жұмыс істемеңіз;




  • Барлық баспалдақтарды, өтпелерді, сатыларды тексеріңіз және барлық баспалдақ алаңдарын жарықпен қамтамасыз етіңіз;




  • Барлық электр қуатын, газды, суды, буды, кәріз бен басқа да коммуникацияларды ажыратыңыз немесе жабыңыз, сондай-ақ тиісті коммуналдық қызметтерге хабарлаңыз;




  • Бөлшектенген материалдарды жерге тастау үшін контейнердің түсіру жағында ысырмалары бар қоса тіркелген жаймаларды немесе қалдықтарға арналған жәшікті пайдаланыңыз.



ЖЕР ҚАЗУ ЖҰМЫСТАРЫ

Сіздің ауданыңызда жерасты коммуникацияларды айқындау үшін не пайдаланылады? Құбырларды түспен маркалау құрылыс ауданындағы жерасты коммуникацияларды айқындаудың неғұрлым тараған тәсілдерінің бірі болып табылады, бұл экскаваторлық жұмыстар кезінде зақымдауды болдырмауға мүмкіндік береді. Сізге жер астында және үстінде қауіпсіздікті қамтамасыз еткен жөн. Мында жер немесе траншеялық жұмыстар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша пайдалы кеңестер көрсетілген:



Жұмыстар басталғанға дейін:

  • Сіз жұмыс істеуді жоспарлаған бүкіл аумақтағы желілерді және басқа да ықтимал қауіп-қатерлерді белгілеу және маркалау үшін жер жұмыстарын бастағанға дейін әрқашанда жауапты қызметкерлермен кеңесіңіз;

  • Жерасты коммуникациялық желілердің болуының ықтимал белгілерін айқындаңыз (мысалы, ілмекті арматура, люктер және т.б.);

  • Сіз пайдаланатын жабдықтың қуаттары туралы біліңіз керек;

  • Жабдықтың дайын екендігіне және пайдалану үшін қауіпсіз екендігіне көз жеткізу үшін жабдықты жан жақтан тексеріңіз;

  • Істеріңізді жұмысты бастағанға дейін жоспарлаңыз және Сізде желі зақымдалған жағдайға авариялық жоспар болу керек;

  • Сізде жұмыстардың сипаты туралы түсінігіңіз болу керек – жұмыс үшін айтарлықтай үлкен, бірақ Сіз пайдаланатын жабдықпен жұмыс істеу үшін жеңіл болатын жылжымалы траншеялық бекіткіштерді пайдаланыңыз.

Ең алдымен қауіпсіздік:

  • Траншеялық жұмыстар кезінде жылжымалы траншеялық бекіткіштерді пайдаланыңыз;

  • Әрқашанда кергілерді орнатыңыз және ЕШҚАШАН кергілерді аралықтан алмаңыз;

  • Материалдарды траншея борттарының жанында сақтамаңыз;

  • Траншеяға қол жеткізу және одан шығу құралдарын қамтамасыз етіңіз;

  • Әрқашан ЖҚҚ пайдаланыңыз;

  • Сізде жерасты коммуникациялар үшін қолданылатын айқындау әдісі туралы түсінік болу тиіс.

Ойлану үшін сұрақтар:

  • Коммуникациялық желілер айқындалды ма? Егер айқындалса, ол қалай жүргізілді? Болмаса, қашан айқындалады?

  • Сізде жоспар бар ма? Сіз жұмысыңызбен байланысты қауіп-қатер факторларының барлығын білесіз бе?

  • Жерасты коммуникациялар зақымдалған жағдайда Сіз қандай шара қолданасыз?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет