ЕҢбек қауіпсіздігі және еңбекті қОРҒау жиналыстарын жүргізге арналған тақырыптар жинағЫ


АВТОМОБИЛЬ АККУМУЛЯТОРЫНА ҚАУІПСІЗ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚАҒИДАЛАРЫ



бет4/8
Дата25.02.2017
өлшемі1.45 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8
АВТОМОБИЛЬ АККУМУЛЯТОРЫНА ҚАУІПСІЗ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚАҒИДАЛАРЫ

Жыл сайын мыңдаған адам автомобиль аккумуляторымен байланысты жарақаттар нәтижесінде жедел медициналық көмек үшін ауруханаға жүгінеді. Мұндай зардап шегушілердің көбі жарақатты тікелей аккумуляторлардың жарылуы нәтижесінде алады.

Неге аккумуляторлар жарылады?

Аккумуляторлар жарылғаш газдарды шығарады, сондықтан олар ұшқыннан, жалыннан, тұтанып тұрған шылымнан және басқа тұтану көздеріне алыста болуы керек.

Аккумуляторлардан жарылғаш газдардың бөлінуі өздігінен жарылыс тудырмайды. Жарылғыш газдардың ұшқынның немесе жалынның белгілі бір түрімен өзара әрекеттесуі кейде болуы мүмкін жарылыстарға себеп болып табылады.

Аккумулятордың клеммасындағы қысқа тұйықталу жиі ұшқын береді, соның нәтижесінде жарылыс болады. Мысалы, егер қозғалтқышты іске қосқанда аккумулятор жарылса, онда көбіне бұл электролит деңгейінің төмендігінен, сондай-ақ немесе кабельді дұрыс қоспағандықтанболады.

Жарылыстың туындау қаупі аккумуляторларды қайта зарядтау кезінде күшейеді. Зарядтау кезінде сутегі газын шығару процесі жүреді, ол белгілі бір концентрацияларда ауада жарылыс тудырады (сутегінің ауадағы тұтанғыштық немесе жарылғыштық шегі 4,1% - 72% құрайды). Алайда желдету нашар болғанда, сутегінің жылыстауы аккумулятор айналасында жарылғыш ортаны құруы мүмкін.

Аккумуляторлар сирек жарылады. Бірақ жарылыс ықтималдылығын ескермеуге болмайды, сондықтан аккумуляторлармен жұмыс істегенде немесе оның жанында болған кезде қауіпсіздік техникасын сақтау өте маңызды.



Аккумуляторлардың жарылыс ықтималдылығын арттыратын бірнеше факторлар:

  • аккумулятордағы су деңгейінің төмен болуы,

  • артық зарядтың болуы,

  • электролиттемпературасының жоғары болуы,

  • сырттай нашар қосылыс және қозғалтқыштың сыртқы көзден дұрыс іске қосылмауы.

Қорғасынды-қышқылды аккумуляторда қүкірт қышқылы болады, ол қатты күйікке, тіпті соқырлыққасебеп болуы мүмкін, әдетте қышқылдың әсерінен көздің күйіп қалуы аккумуляторлар жарылысының нәтижесінен болады.

Алғашқы көмек:

  • дененің зақым көрген жерін бірден аз қысымды сумен 15 минут бойы жуу керек. Көздің жарақаттануына жол бермеу немесе ең болмағанда оның маңыздылық дәрежесін кеміту қажеттілігі туғанда, алғашқы секундтар өте маңызды.

  • Ластанған киімді шешу керек.

  • Алғашқы медициналық көмекке сүйену керек.

Отырған аккумуляторды басқа автомобильдің аккумуляторына қалай іске қосуға болады:

  • Егер сіз аккумуляторды басқа автомобильдің аккумуляторынан дұрыс тұтандыра алмасаңыз, онда сіз машықтанған кәсіпкерлерге жүгінгеніңіз дұрыс.

  • Өз автомобиліңізде шашыраудан қорғайтын көзілдірік ұстаңыз. Аккумуляторды зарядтауға кірісер алдында міндетті түрде оларды киіңіз.

  • Стартты кабельдерде тат болмауы керек. «Тұтандыру» үшін өзегі жалаңаштанған стартты кабельдерді қолданбаңыз (тіпті олар оқшаулағыш лентамен оралған болса да).

  • Егер радиаторда немесе аккумуляторда сұйық қатып қалса, басқа аккумулятордан «тұтандыруға» болмайды.

  • Екі автомобильдің де оталдырғышын ажырату керек. Қол тежегішке қою керек. Автоматты беріліс қорапшасын бұғаттау керек, механикалық беріліс қорапшасын бейтарап жағдайға қою керек.

  • Жақын арада ұшқын, жалын, тұтанған темекі болмауы тиіс.

Қосу тәртібі:

  • Оң (қызыл) кабельдің бір оң қысқышын разрядталған аккумулятордың оң (+) клеммасына бекіту керек. Кабельдің қысқыштары аккумулятор клеммаларынан басқа өзге металл заттарға жанаспауы тиіс.

  • Оң (қызыл) кабель қысқышының екінші ұшын зарядталған аккумулятордыңоң (+) клеммасына бекіту керек.

  • Теріс (қара) кабель қысқыштарының бір ұшын зарядталған аккумулятордыңтеріс (-) клеммасына бекіту керек.

  • Ең соңында, (қара) кабельдің қалған қысқышын қозғалтқыш блогындағы жерлендіргіштің таза нүктесімен қосу керек, ең бастысы - аккумулятордан, карбюратордан, отын шлангтерінен, тюбингтен, қозғалғыш бөліктерден, алюминийден алысырақ болуы керек.

  • Зарядталған аккумуляторы бар қозғалтқышты оталдыру керек және оған бірнеше минут жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек.

  • Кабельдерді қозғалтқыш блогына немесе шассиге бекітілген қысқыштан бастап кері тәртіпте ажырату керек.


ҮЛКЕН ЖҮКТІ ТЕХНИКА

Үлкен жүк көтеретін техниканы пайдаланумен байланысты қатер.

Өндірістік учаскелерде пайдаланылатын үлкен жүк көтергіш техниканы пайдаланудың қауіпті жағдайлары қауіп-қатердің пайда болуының себебі болып табылады. Кез-келген қозғалыстағы грейдерлер, жол аунақтары, жүк тиегіштер, экскаваторлар, крандар, жүк таситын машина тәрізді жабдықтардан қауіптенуі керек

Келесі қағидаларды сақтауыңызды өтінеміз:

  • Оператор сізді көріп отыр деп ойламаңыз. Жарақаттануыңыз немесе одан да жаман жағдай орын алуы мүмкін.

  • Қозғалып келе жатқан техниканың жақындап келе жатқаны туралы хабарлайтын сигналды есітемін деп жайбарақат болмаңыз, себебі сіз өндірістік учаскедегі шудан сигналды естімеуіңіз мүмкін.

  • Егер техника кері бағытта қозғалып бара жатқанын көрсеңіз, жолды босатыңыз да, оператор өз жүрісін аяқтағанға дейін өз орныңызда қалыңыз. Артқа қарай қозғалып келе жатқан техниканың жолын кесіп өтпеңіз немесе бөгемеңіз. Сіз шалынып кетіп, техниканың астына түсуіңіз мүмкін.

  • Операторларға учаскенің қауіпсіздігі туралы белгі беретін сигналшысыз артқы жүріспен техниканы жүргізуге тыйым салынады.

  • Бұрылатын жабдығы бар кран, экскаватор тәрізді техникадан сақтаныңыз. Қондырғы тербеліп тұрғанда жабдық пен қандай да бір кедергі арасында қысып қалу нүктелері болады, содан сақ болыңыз. Жұмысшылар еркін жүре алатын кеңістіктің болуына және шығатын жолдың ашық болуына көз жеткізіңіз.

  • Қозғалып тұрған техниканың жанында ешқашанда жүрмеңіз. Жүк сырғанап немесе бұрылып немесе тербеліп тұрса, өз орныңызда қалыңыз. Жүгі бар кранның немесе жүк көтергіштің астында тұрмаңыз.

  • Электр берілісі бар желілердің жанында тұрған техниканың қасында жұмыс істесеңіз, жабдықтың рамасына қол тигізбеңіз. Жабдық жебесінің электр берілісі бар желілерге тиіп кету қаупі бар екендігін ешқашанда естен шығармаңыз. Мұндай қауіп туындаған жағдайда, әрқашанда операторға немесе басшыға ескертіңіз де, нұсқаулықты сақтаңыз.

  • Қозғалып тұрған жабдықты сүртуге, ретке келтіруге, майлауға немесе онымен жұмыс істеуге болмайды. Техникамен жұмыс істеуді бастар алдында әрқашанда оны тоқтатыңыз.


ЖҮКТЕРДІҢ ҚҰЛАУ ҚАУІПІ

Найзағай адамға кесел келтіруі үшін екі рет соқпаса да болады. Оның бір рет соққанының өзі жеткілікті. Ілулі тұрған жүктер туралы да осыны айтуға болады. Сондықтан Сіз ілулі тұрған жүктерден, кран стрелаларынан және ожаулардан қашықта болуыңыз керек. Сіздің осындай жағдайдағы бастан кешкен алғашқы оқиғаңыз ең соңғы болуы мүмкін.

Парасатты болыңыз. Жоғарыдағы нәрсе Сіздің үстіңізге түсетініне көз жеткізіңіз. Кранның, оның стреласының, ожауының немесе ілулі тұрған жүктеродің астында тұрмаңыз, әрі-бері қыдырып жүрмеңіз. Үнемі қорғану каскасын киіп, жүріңіз.

Күні бұрын жоспарлаңыз. Жүкті көтерер кезде, ол жұмысшылардың үстінде стрела немесе ожау өте аз уақыт ішінде шайқалып тұруын қарастырыңыз. Жол бойында қалқа немесе электр желісі сияқты жер бетіндегі кедергілер жоқ екенін мұқият қадағалаңыз. Электор желісі маңында жүктерді әрі -бері қозғалту тек қана Сізге емес, басқаларға да зиян келтіруі мүмкін. Ойлап қараңыз, Егер электр желісі автомобиль жолдарының үстіне түссе. Жүкті көтерер алдындағы алаңғасырлық өлімші қалге жеткізуі мүмкін.

Оператор жүктерді түсіріп, ожауын көтергенде, кранның жұмыс жасайтын маңында ешкімнің де болмауына жол бермей, өте сақ болуымыз керек.

ӨЗІҢІЗДІҢ ЖҰМЫСЫҢЫЗДЫ ЖОСПАРЛАҢЫЗ. ЖОСПАРЛАУҒА ҚАЖЕТТІ УАҚЫТТЫ ҮНЕМДЕП, СІЗ БІРЕУДІҢ ӨМІРІН ҚАТЕРГЕ ТІГЕСІЗ.

ЖҮКТЕРДІ ҚАУІПСІЗ ТАСЫМАЛДАУ

Жүктерді дұрыс тиеу, бекіту, тасылатын жүк үшін тиісті көлік құралын таңдай білу оларды қауіпсіз тасымалдаудың құраушылары болып табылады. Бұл операциялардың барлығын орындау жүкті межелі жерге қауіпсіз жеткізуге мүмкіндік береді.

Жүктердің түрлеріне байланысты, мысалы химиялық заттарды, баллондарды, сұйық және сусымалы жүктерді, жанғыш заттарды, ірі габаритті жабдықты, қоқысты және т.б. тасымалдау үшін мамандандырылған көліктің әртүрі қолданылады.

Жүк тиеу қағидасының, жол қозғалысы қағидасының талаптарын сақтамау қандай зат тасымалданатынына байланыссыз жол-көлік оқиғасына алып келуі мүмкін.



Жүк тасымалдау басталар алдында төменде көрсетілген ұсынымдардың орындалғанына көз жеткізу керек:

  • Жүктерді тасымалдау осы мақсатқа арналған көлік құралдарымен жүзеге асырылуы тиіс.

  • Тасымалданатын жүктің массасы, жүктемені осьтер бойынша бөлу осы көлік құралы үшін әзірлеуші кәсіпорынмен белгіленген шамалардан аспауы тиіс.

  • Қозғалыс басталар алдында және қозғалыс кезінде жүргізуші жүктің құлап кетпеуін, қозғалысқа кедергіні болдырмау үшін жүктердің орналастырылуын, бекітілуін, жабылуын және жай-күйін бақылауға алуы керек.

  • Тасымалданатын жүк жүргізушінің көру шегін шектемеуге тиіс, көлік құралын басқаруда қиындық тудырмауы тиіс және көлік құралының тұрақтылығын бұзбауы тиіс.

  • Жүк автомобильдің фарасын және габариттік оттарды, тіркегіш және тану белгілерін жаппауы керек, жолды және қоршаған ортаны ластамауы тиіс.

Көлік құралдары сапарға шығар алдында көлік құралының жай-күйін және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің талап етілетін құралдарының бар болуын анықтау мақсатында тұрақты түрде тексерілуі тиіс

Есте сақтаңыз: Сіздің машинаңыздан құлаған кез-келген жүк жол-көлік оқиғасына алып келуі мүмкін.

ДӨҢГЕЛЕКТР АСТЫНА ҚОЙЫЛҒАН ТІРЕКТЕР – ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ

Біздің объектілерде ауыр техниканың, соның ішінде жүк автомобильдерініңүлкен саны қолданылады. Машинадан жүкті түсіру кезінде, машина тегіс емес жерге қойылуы немесе машина іске қосылған қозғалтқышпен қалдырылуы мүмкін жағдайлар болады. Машина өздігінен жылжып кеткенде немесе трансмиссия қосылғанда, үлкен жүк машинасының бақылаусыз қозғалысы жол-көлік оқиғасы, жабдықтың зақымдануы, жарақаттану тәрізді күрделі салдарларға немесе тіпті өлім оқиғасына да алып келуі мүмкін.

Автомобиль жанында жұмыс істеп жатқандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты тәсілдерінің бірі – доңғалақтар астына арнайы тіректерді – «табандықтарды» қолдану болып табылады. Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы қағидасы жүк автомобильдерінде және автобустарда ең құрығанда екі кері кетуге қарсы тіректердің болуын талап етеді, олар болмаған жағдайда көлікті пайдалануға тыйым салынған. Сондықтан, жүк тиеу/түсіру кезінде кері кетуге қарсы тіректерді қолдану міндетті болып табылады.

Есіңізде сақтаңыз: Сіз өзіңіздің ғана емес, сондай-ақ Сізбен бірге жұмыс істеп жатқандардың да өмірі мен денсаулығы үшін жауаптысыз!

АЙЫРЛЫ ЖҮК ТИЕГІШ


  • Айыр тәрізді тиегіші бар жүк тиеу машиналарының және басқа үлкен жүк тиейтін жабдықтың жүргізушілері оқу курсынан өтуі, емтихан тапсыруы және куәлік алуы тиіс. Олар сондай-ақ объектіде жұмыс істеу үшін рұқсат алғанға дейін медициналық тексеруден өтуі тиіс.

  • Күнсайын жұмыс басталар алдында жүк тиеу машинасының тежегіш, фара, артқа жүру сигналы және т.б. тәрізді барлық жұмысшы органдарының жай-күйін тексеру мақсатында жүк тиеу машинасына тексеру жүргізу керек.

  • Жүк тиеу машинасын басқару кезінде жүргізуші жақында жүрген адамдарды көзден таса етпеуі керек, себебі олар осы учаскеде сіздің жұмыс істеп жатқаныңызды білмейтін болуы да мүмкін.

  • Жүк тиеу машинасын басқару кезінде жүргізуші жан-жағына мұқият қарауы керек, себебі жүргізушінің жолында әртүрлі кедергілер (құбыржолы, сымдар тәрізді жүк іліп кетуі мүмкін жер бетінде тұрған кедергілерді қоса алғанда) пайда болуы мүмкін.

  • Бұрылуды, артқа қарай жүруді немесе тұрақтау орнына тұруды орындау кезіндежүк тиеу машинасын басқару аз жылдамдықта орындалуы тиіс.

  • Тұрақтау орнына тұруды көлік құралдары арасындағы қашықтық жеткілікті болатындай етіп орындау керек.

  • Жүк тиеу жұмыстарын орындар алдында жүктің салмағын, ауырлық орталығын, жүк өлшемін, бекітудің сенімділігі және т.б. тексеру керек.


ЖҮК КӨТЕРГІШ ІЛМЕКТЕРІН ТЕКСЕРУ

Қауіпсіз жөндеу

Операторлар ешқашан кран ілмегін өзгертумен немесе жөндеумен айналыспауы тиіс; білікті персонал ғана кран ілмегін өзгертумен немесе жөндеумен айналыса алады.



Қауіпсіз алу

Кран ілмегі келесі жағдайда жарамсыз және пайдалануға жіберілмейді:



  • таңбалау жапсырмасы жоқ немесе зақымдалған;

  • өзегі жыртылып сыртқа сығылған;

  • рұқсат етілген орам қадамға үзілген сымдардың мөлшері көп;

  • арқан диаметрі 40 % кішірейген;

  • арқандағы езілген учаскелер, ширатып оралу, сынулар мен басқа да механикалық зақымдар;

  • Коуштардың деформациялануы немесе тозуы бастапқы қима мөлшерін 15% азаюына әкелді;

  • Сығымдалған төлкесінде жарықшақтар бар немесе алғашындағы мөлшернен 10% өзгерген;

  • Арқан өрулерінде немесе төлкелерінде ығысу бар;

  • Өрме немесе басқа қорғаныш элементтері зақымдалған немесе жоқ болған жағдайда;

  • Ілмектердің сақтандырғыш құлпы жоқ болған жағдайда;

Шынжырлы жүк ілмек келесі жағдайда жарамсыз деп таныладны:

  • буын тізбектерінің үзілуі;

  • ілмектер майыспаған ілмектің бетінен кем дегенде 10 градусқа майысқанда;

  • буын тізбектері алғашындағы мөлшернен 3% ұзаруы;

  • буын тізбектері қимасының тозу салдарынан диаметр 10% аса азаюы;

  • ілмектер мен сақиналарда жарықтардың болуы немесе олардың бастапқы қимадан 10 % аса тозуы.


АРНАЙЫ ТЕХНИКА

Жылдамдық және қозғалыс:

  • Кіретін және жүретін жолында жылдамдықтың аталған барлық шектеулерін және техниканың қозғалыс схемаларын сақтаңыз. Жылдамдық режимінің бұзылғаны туралы дереу хабарлаңыз;

  • Ауа райы жағдайы мен жолдың жағдайы авариялық жағдайдың болу ықтималдығын ұлғайтса, жылдамдықты азайтыңыз;

  • Үлкен, әсіресе жүк тиеген машиналар мен автожүк тиегіштерге жол беріңіз;

  • Қалған жүргізушілер мен операторлардың сізді көріп тұрғанына көз жеткізіңіз. Сигналдық шамды, қолмен сигнал беруді немесе байланысқа арналған радио жабдығын пайдаланыңыз және растауды алмай, өтуге тырыспаңыз;

  • Алдыңызда келе жатқан техникаға тым жақын жүрмеңіз;

  • Ешқашан қарқынды көлік қозғалысы бар жерде және үйлер тығыз салынған және қозғалыс іркілісі бар аудандарда көлік құралыңызды тұраққа қоймаңыз.

Жабдықпен жұмыс істеу:

  • Көлік құралымен жұмыс істеу алдында оны немесе оның кез келген бөлігін қауіпсіздік техникасының бұзылу мәніне қарап тексеріңіз. Алдын ала тексеруді жүргізіп, әрбір жұмыс ауысымынан кейін оператордың есебін толтырыңыз;

  • Жағдайы қауіпсіз емес немесе өрт сөндіргішпен жарақталмаған машинаны басқармаңыз;

  • Әрқашан кез келген көлік құралында немесе техникада қауіпсіздік белдігін тағыңыз. Егер қауіпсіздік белдігі зақымдалса немесе жұмыс істемесе, бұл туралы дереу хабарлаңыз;

  • Жүргізу кезінде қауіпті жағдайлардан аулақ болыңыз – мұқият болыңыз және бақылауды жүзеге асырыңыз.

Жолаушылар:

  • Ешқашан ешкімге техникаңыздың бір жағынан жүруге рұқсат етпеңіз;

  • Адамдарды фронталдық жүк тиегіштер шөміштерінде адам тасымалдамаңыз және бекітілмеген шөмішпен жұмыс жүргізуге рұқсат етпеңіз.

Техникада немесе оның айналасында жұмыс істеу:

  • Шөміш, қайырма немесе басқа да аспалы жабдық ілінген қалпында болса, машинаны ешқашан да қараусыз қалдырмаңыз;

  • Егер платформалар, шөміштер, айыр ұстағыш пен т.б. қарап тексеру немесе жөндеу үшін көтеріліп тұрса, оларды қозғалмау үшін бұғаттаңыз;

  • Міндетті түрде техниканы орнату алдында оператормен визуалдық байланысты орнатыңыз.

МОБИЛЬДІ ЭЛЕКТРОГЕНЕРАТОР

Негізгі қауіп-қатерлер :

  • Генераторды дұрыс пайдаланбау немесе кездейсоқ қосылған электр жүйелері электр тогынан жарақат алуға әкеп соғуы мүмкін;

  • Газ шығатын құбыр тұншықтырғыш газбен улануға әкеп соғуы мүмкін;

  • Отынды дұрыс құймау және дұрыс сақтамау өрттің себебі болуы мүмкін. Ешқашан отынды үй-жайда сақтамаңыз.

Қауіпсіздік техникасы

  • Тасымалдау немесе пайдалану кезінде зақымдалған немесе әлсіреген жылжымалы генераторлардың отын құбырларын зерттеңіз;

  • Генераторды ылғалдан сақтаңыз;

  • Жылжымалы генераторларды өндірушінің нұсқаулығына сәйкес және қауіпсіздік техникасын сақтай отырып ұстаңыз және пайдаланыңыз;

  • Егер генератор ауыспалы ажыратқыштармен жарақталмаса, ешқашан генераторды үй-жайдың (үйдің, офистің немесе трейлердің) электр жүйесіне тікелей қоспаңыз (мұндай қосу қосымша жұмысшылардың токпен зақымдалу қаупін тудырады);

  • Әрқашан өндірушінің өткізгіштерін пайдаланып, электр жабдығын тікелей генераторға қосыңыз. Қуатты жерге тұйықталған ұзартқыштарды (үш тісті аша) пайдаланыңыз;

  • Жерге тұйықталу ажыратқышын өндірушінің пайдалану бойынша басшылыққа алынатын құжатты қолданыңыз;

  • Құю алдында генераторды өшіріңіз.

Тұншықтырғыш газбен улану

Тұншықтырғыш газдың (CO) түсі, иісі жоқ және ол улы газ болып табылады. Көптеген адамдар генератордың нашар желдетілетін бөлмеде орналасқандықтан, тұншықтырғыш газбен уланудан қаза болды.



  • Ешқашан жабық үй-жайларда генераторды пайдаланбаңыз;

  • Генераторды кіретін есіктің, терезелердің немесе вентиляциялық тесіктердің сырт жағында орналастырмаңыз;

  • Егер сізде немесе басқа адамдарда тұншықтырғыш газбен улану симптомдары пайда болса (бас айналу, бас ауруы, жүрек айну, шаршау), дереу таза ауаға шығып, медициналық көмек сұраңыз.



ҚЫСЫП ҚАЛУ ОРЫНДАРЫ

Қысылып қалу орындары – дене бөліктерінің жабдықтың немесе құрал-саймандар бөліктерінің арасына қысылып қалу немесе басылып қалу тәуекелі анағұрлым жоғары орындар.

Қол аспаптарымен, күштік жабдықпен жұмыс істеу, тиеу-түсіру жұмысы – міне оларды орындау кезінде қысып қалу қатері туындайтын қызмет түрлерінің толық емес тізімі. Қысып қалудың салдарлары әртүрлі болуы мүмкін: қысқыштармен дұрыс жұмыс істемеу нәтижесінде пайда болатын күлбіреулерден бастап, денсаулыққа орны толмас зиян келтіретін органдардың басылып қалуымен байланысты өте ауыр жарақаттармен аяқталуы мүмкін.

Жұмыстарды жүргізудің қауіпсіз әдістерін қолдана отырып, сіз өзіңізді және өз әріптестеріңізді қысып қалумен байланысты жарақаттанудан қорғай аласыз. Жұмыстарды орындау кезінде бірнеше мынадай кеңестерді ескерген дұрыс:



Машиналық жабдықпен жұмыс істегенде:

  • Машинаның қозғалыстағы элементтерінің қорғағыш бөгеулерінің немесе қаптаманың болуына көз жеткізу керек.

  • Жабдық барлық қажетті құлыптармен және жапсырмалармен жабдықталмағанша қорғағыш қаптаманы алмаңыз.

  • Жабдықты жөндеуді немесе техникалық қызмет көрсетуді аяқтап, барлық алынған қорғағыш айлабұйымдарды бұрынғы орнына қою керек.

Тиеу-түсіру жұмыстары кезінде

  • Көтеру жұмыстары кезінде қол жүк пен ілмек арасында қысылып қалмауын қадағалау керек.

  • Қол мен аяқ жүктердің арсында немесе жүк астында қалмауын қадағалау керек.

  • Қысылып қалу салдарынан сіз немесе сіздің әріптесіңіз жарақат алмау мақсатында өз әріптесіңізбен жұмыс барысын келісіңіз.

Қол аспаптарымен жұмыс істеу

  • Аспаптар алдағы жұмыс түрлеріне сай келуі үшін аспаптарды дұрыс таңдаңыз.

  • Егер аспаптың жағдайы кенеттен өзгеретін жағдайда қол мен саусақтарды соққы алатындай жағдайда ұстамау керек.

Әрқашанда қауіпсіз әрі бақыланатын жағдайларда жұмыс істеңіз.
ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ

Сақтық шаралары:

  • Учаскеңіздегі жоғары кернеулі желілердің орналасқан жерін білуіңіз керек және олардан алыс емес жерде олармен жұмыс істегенде сақ болыңыз;

  • Егер жоғары кернеулі желілер дұрыс жұмыс істемесе, мысалы, олар салбырап қалса немесе орнында болмаса (бұл олардың жерде жатқанын білдіруі мүмкін), сақ болыңыз;

  • Ғимараттардың немесе өлшеу станцияларының жанындағы, қойма аумағындағы, кез келген жарықтандырылған аумақтағы немесе крандар мен аспалы платформалардың (ағаштардың) жанындағы жоғары кернеулі желілердің күйін тексеріңіз;

  • Жоғары кернеулі желілерге жақындағанда, машиналық аспалы жабдықтың ең шеткі жақта тұрғанына көз жеткізіңіз. Егер сенімді болмасаңыз, тоқтап, оған көз жеткізіңіз.


ГАЗ БАЛЛОНДАРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ

Газ баллондарын сақтау кезінде белгілі бір талаптарды орындау керек. Пайдаланылмайтын газ баллондарының құлап қалуына немесе аударылып кетуіне жол бермеу үшін оларды сенімді түрде бекіту керек.



  • Газ баллондарын сақтау тікелей күн сәулесінің немесе басқа жылу көздерінің тікелей түсуін болдырмау үшін төбесі жабылатын арнайы бөлінген орындарда жүзеге асырылуы тиіс. Сақтау кезінде газ баллондары сенімді түрде бекітілуі тиіс.

  • Газ баллондарын сақтау құрғақ орында, су жиналмайтын жерде жүзеге асырылуы тиіс. Баллонды жерде сақтауға болмайды, оларды түптабанда немесе плиталарда сақтау керек.

  • Баллондарды тасымалдау және сақтау кезінде вентиль қалпақшамен жабылған болуы керек

  • Баллондарды тасымалдау кезінде сақ болу керек. Баллондарды дөңгелетуге немесе жүк машинасының шанағына лақтыруға тыйым салынады. Айырлы тиегіші жүк машинасымен тасымалдау кезінде баллон корпусының зақымдануын болдырмау үшін оларды жүк тиеу машинасына сенімді түрде бекіту керек.

  • Баллондарды тексеруді жұмыс орнында жүзеге асыру қажет және баллон корпусында ақаулықтардың болмауына, атап айтқанда сызаттардың, баллонның ісінуінің болмауына көз жеткізу керек.

  • Редукторларға, вентильдерге және шлангтарға қандай да бір жөндеу жұмысын жүргізуге қатаң тыйым салынады.

  • Баллон корпусында сызат байқалғанда немесе баллон ісінгенде, бұл жайында дереу өзіңіздің басшыңызға және техника қауіпсіздігі бөлімінің қызметкерлеріне хабарлаңыз.

  • Егер сіз газ баллонның жұмысшы күйде екендігіне көз жеткізбесеңіз, оны пайдаланбаңыз және бұл жайында өзіңіздің басшыңызға немесе газ баллондарының жай-күйі үшін жауапты тұлғаға хабарлаңыз.



ХИМИКАТТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ

Химикаттармен жұмыс істеу кезінде заттың уыттылығы, реактивтілігі, от қауіптілігі және жарылғыштығы негізгі қауіпті факторлар болып табылады. Химиялық заттар дұрыс пайдаланылмағанда жарақат алу, өрт немесе жарылыс пайда болу қауіпі пайда болады

Әртүрлі химиялық заттармен жұмыс істегенде, әртүрлі қорғаныс құралдары қолданылады және қауіпсіздік техникасы бойынша әртүрлі шаралар сақталады. Сіз өзіңіз жұмыс істейтін химикаттармен қауіпсіз жұмыс істеу жөніндегі талаптарды білетіндігіңізге көз жеткізіңіз.

Жұмыстарды жүргізудің бірқатар қауіпсіз әдістері бар, химикаттармен жұмыс істеу кезінде оларды сақтау керек:



  • Химикаттарды үйлесімдігі жоқ материалдардан оқшау түрде, тығыз жабылатын контейнерлерде, бөгде тұлғалардың қол жетімділігін болдырмайтын жерлерде сақтау керек;

  • Химикаттары бар сыйымдылықтарға тиісті сақтандырушы жазбалар, белгілер енгізілген болуы тиіс және сыйымдылықта қандай химикат бар екендігін айқын көрсететін арнайы биркалар болуы тиіс;

  • Жаңа химикатпен жұмыс істеуді бастар алдында материалдың қауіпсіздік сипаттамасымен (MSDS) танысқан дұрыс;

  • Осы химиялық затқа арналған жеке қорғаныс құралдарын дұрыс таңдай білуіңіз керек;

  • Заттың төгіліп кету немесе химиялық әрекет етуі қарастырылған жағдайларда, апаттық жоспалар мен рәсімдердің болуына көз жеткізіңіз.

  • Зиянды заттармен жұмыс істейтін әрбір қызметкер көзді жууға арналған апатты себезгілердің және станциялардың орналасқан орнынан хабардар болуы тиіс.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет