ЕҢбек қауіпсіздігі және еңбекті қОРҒау жиналыстарын жүргізге арналған тақырыптар жинағЫ


ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ



жүктеу 1.45 Mb.
бет3/8
Дата25.02.2017
өлшемі1.45 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8
ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ

Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау жұмыс орындарында қағиданы жай «сақтауға» қарағанда үлкен мағынаны білдіреді. Бұл тек жұмыс уақыты кезінде ғана емес, сондай-ақ одан тысқары жерде де қауіпсіздік Қатынасының, Тәртібінің, Тексерудің үйлесімі.



Қатынасы – сіздің жағдайға деген көзқарасыңызды білдіреді. Тәртіп – бұл аталған жағдайда сіздің әрекетіңіз бен реакцияңыз. Тексеру – бұл жұмыс қауіпсіз жүргізілетін қоршаған ортаны басқару.

Қатынас, Тәртіп, Тексеру сізге өнімді және қауіпсіз болу мүмкіндігін береді.


Қатынас. Сіз қауіпсіздік туралы айтқан кезде, қатынас – бұл сол туралы емес, бірақ соған өте жақын. Қауіпсіз қатынас шұғыл жұмыстарға назар аударуды және дайындық жағдайын, қауіпсіздік қағидасына және практикасына салмақты қарауды, ойыннан жалтаруды және оған жол бермеуді білдіреді.

Тәртіп. Сіздің жағдайларға сындарлы көзқараспен қарағаныңыз және жұмыстарды оғаш оқиғаларсыз орындауда маңызды. Қағиданы сақтау, жұмыстарды орындауда қарқынды әдістерден бас тарту, қорғаныш құралдарын пайдалану, жұмысқа қатысты мәселелерді айту – мұның барлығы қауіпсіз тәртіпке жатады.

Тексеру. Сіздің міндетіңізге қауіптілікті анықтау мен жою арқылы қауіпсіз қоршаған ортаны құру кіреді. Күн сайынғы жұмыстарды мұқият жоспарлаңыз және осы жоспар бойынша әрбір міндетті орындау уақытын жоспарлаңыз. Жұмыс орнын тазалықта және тәртіптілікте ұстаңыз. Өз басшыңызды сіз анықтаған, бірақ қауіп-қатерді жою үшін әрекет ету сіздің міндетіңізге жатпайтындықтан, жарамсыз техника, желдету немесе кез келген болуы мүмкін қауіп-қатер туралы хабардар етіңіз. Осы қауіп-қатер туралы қалғандарын әрқашан хабардар етіп отырыңыз, олар өздерін, материалдарды, техниканы және үшінші тұлғаларды қорғау үшін сақтандыру шараларын қабылдаулары тиіс.



ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИға БОЛа жаздаған ЖАҒДАЙларда НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Өмірде жазатайым оқиғалар бола жаздаған жағдайлар өте көп (ешқандай зақым, жарақат болмаған жағдайлар). Ондай оқиғалар, оларды жазатайым оқиға бола жаздаған жағдай деп атайық, орын алған уақытта, біз дереу алаңдауымыз керек. Себебі, қаншалықты жарақатқа әкелмеген оқиға болғанда, ол біздің қауіпсіз қағидаларын орындамайтынымыздың нақты белгісі.

Кей-кезде біз қателесеміз немесе оқиға симптомдары бойынша диагнозды дұрыс анықтамаймыз, әйтпесе сәттілік бізді жазатайым оқиғадан сақтар еді. Дегенмен, мұндай жағдайларда сәттілікке көп сүйене беруге болмайды немесе болған оқыс оқиғаны кездейсоқ оқиға деп мән бермей кете беруге болмайды.

Болашақта жазатайым оқиғаның алдын алудың ең жақсы жолы ол түпкілікті талдау жасау керек және дұрыс қорытынды шығара білу керек. Жазатайым оқиғаға алып келуі мүмкін оқиғалардың тізімін шексіз жалғастыруға болады: мысалы, жабдықтау сақтау қағидасын елемеу, жабдықты дұрыс пайдаланбау немесе дұрыс жерлендірмеу, таяныш немесе сүйеніштің болмауы, жұмыс орын дұрыс күйде ұстамау, бөгет жасау, ыбырсыту, ұшы өткір заттарға ұрыну, тепе-теңдікті сақтай алмау немесе құлау. Ең дұрысы осы оқиғалардан сабақ алу, оны болдырмау жағдайларын қарастыру.

Қалай сен көмек көрсете аласың? Тез тексеруді жүргізу үшін және болашақта мұндай оқиғаның қайталануын болдырмау үшін жазатайым оқиғаға алып келуі мүмкін әрбір оқиға туралы дереу басшылыққа хабарлау керек. Басшы ішінара сізге және сіздің әріптестеріңізге сенім артуы мүмкін.

Егер сіз жазатайым оқиғаға алып келуі мүмкін жазатайым оқиғаның қатысушысы немесе куәгері болсаңыз, екінші рет мұндай жағдайда сәттілік сізді айналып өтпеуі мүмкін екендігін есте сақтаңыз.

Басқалардың өз жұмыс орнын таза әрі жинақы ұстауын талап ету – жазатайым оқиғадан сақтану бойынша сіздің басқаларға көрсеткен көмек миссияңыз болып табылады.

Жазатайым оқиғаға алып келуі мүмкін оқыс оқиға туралы басшыңызға дереу хабарлаңыз!

АСЫҒУ ЖАРАҚАТҚА ҰШЫРАТУЫ МҮМКІН

Осындай мінез-құлықтар туралы жиі қолданылатын бірнеше мақал-мәтерлдер бар, мысалы: “Асықпаған арбамен қоян алады” деген мақал бар. Осылармен қатар жұмыс орнындағы қауіпсіздікке байланысты “Асыққан – шайтанның ісі”деген де мақал бар.

Осындай оқыс оқиғаларды тез анықтауға болады, бірақ олардың біз асыққанда жеткілікті көңіл аудармайтын түрлері де болады. Мысалы:

Жұмысқа қажетті ұзындықтағы баспаны пайдаланбай, жақын тұрған жарамсыздау қысқа баспаны пайдаланамыз.

Жұмыс бірнеше секундқа созылатын болғандықтан біз қорғану көзілдірігін кимейміз.

Жөндеуге жататын машина жабдығын дұрыстап кілттеуге және белгі соғуға тиісті уақыт бөлмейміз.

Ауыр нәрселерді алып жүретін жүретін жолды алдын ала белгілеп алмай тасымалдаймыз.

Еденде су немесе май қалдықтарын қалдырамыз ол жерге мүмкін біреу құлап түсіп, өзінің шалбарымен сүртіп тазаласын деп.

Сіз ауыр жарақат алуға сәл қалған оқыс оқиғаны еске түсіріңіз. Сіз осы қателіктің барлық жағдайларын еске түсіргенде, онда Сіз осының барлығына бір жағынан асығыстық себеп болғаны түсінесіз. Алайда, мәселенің тез шешілу жолы қатты сынға ұшыраған аздаған асығыстықтан пайдалырақ болуы мүмкін. Егер Сіз белгілі бір жұмысты орындаудың жақсы әдісін білсеңіз, әрине өзіңіздің басшыңызға хабарлаңыз.Бірақ та оның мақұлдауынсыз жаңа әдісті немесе өзгерісті енгізуге әрекеттенбеңіз. Жұмысты тездетудің қауіпсіз құралдарының бірі ол әдіс. Біз қалай өз жұмысымызды жақсырақ біле бастаймыз, солай өнімділік пен жылдамдық арта түседі.Бірақ бұлар жұмысты және оның орындалу әдістерін жоспарлағанда есепке алынады, әрине онда біз барлығымызға тәжірибе нәтижесіндегі жылдамдық аздау болып көрініп, біз сақтықты ұмыта бастап, жұмыста қауіптілік күшейе түседі.

Оқиғалардың шығынға әкеп соқтыратыны анық. Сондықтан, Сіз қазір өмір сүру деңгейін ұстап тұру қиын деп санасаңыз, онда көз алдыңызға Сіз өндірістік жарақаттың салдарынан барлық шығындарды чек кітапшаңыз толық емес болғанда, қандай күйде болатыныңызды елестетіп көріңіз. Сонымен, асығыстық дене жағынан да, қаржы жағынан да жарқатқа ұшыратуы мүмкін.



ҚАУІПТІ ФАКТОРЛАРДЫ АНЫҚТАУ

Қауіпті факторлар – бұл денсаулыққа (жарақаталу, ауыру), қоршаған ортаға және меншікке зиян келтіретін ықтимал қауіпті білдіретін шарттар. Егер назар салсаңыз, онда сіз қауіпті факторлар барлық жерде – жұмыста да және үйде де бар екенін байқайсыз.

Қауіпті факторларды анықтау

Адам үшін қауіптілікті білдіруі мүмкін шарттарды анықтау процесі. Шын мәнінде, бұл дегеніміз біздің айналамыздағы мүмкін тәуекелдерді тұрақты түрде іздеу, себебі адам көбіне қауіпті көруден қалады, егер қандай да бір шарттың біреуі ұзақ уақыт бойы байқалатын болса.



Мінекей, қауіпті факторлар мысалдарының бірнешеуі:

  • тротуарлардағы, платформалардағы, мінбелердегі мұз;

  • бекіткіш қамыт, саты басқыштарындағы сомын кілті немесе бұранда;

  • өтпежолға көлденең тартылған шлангтар.

Сіз не істей аласыз?

  • Өз жұмыс орныңыздағы қауіпті факторларды анықтау;

  • қауіпті факторлар байқалған жағдайда, оларды жою бойынша шаралар қабылдау;

  • Егер сіз өз күшіңізбен қауіпті жағдайды жоя алмсаңыз, онда тиісті шаралар қабылдау үшін өз басшыңызға хабарлаңыз;

  • Жұмысты қауіпсіз жүргізу әдістерін қолданыңыз, сізбен немесе сіздің басшыңызбен анықталған қауіпті факторлардың зиянды әсерін азайту үшін тиісті жеке қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз.

Басшының міндеттері:

  • Басшы өз персоналының жұмыс орындарында бар және жұмыстарды орындау барысында пайда болатын қауіпті факторларды анықтауы керек;

  • Басшы өзі анықтаған немесе оның персоналы анықтаған қауіпті факторларды жою бойынша қадамдар жасауы керек.



ЖҰМЫСТАҒЫ НЕГІЗГІ ҚАУІПСІЗДІК ҚАҒИДАЛАРЫ

  • Жүктерді қолымен көтеру: Әрқашанда ауыр нәрселерді көтерген кезде осыған арналған әдістерді қолданыңыз. Ауыр жүктерді көтергенде, көмек сұраңыз.




  • Құлау және құлайтын нәрселер: Қадам жасамастан бұрын аяғыңыздың астына қараңыз. Жүретін аумақты тазалықта ұстаңыз. Жүктің астында тұрмаңыз. Сенімсіз баспаны пайдаланбаңыз. Сүйеніш жақтауларды тиісті дәрежеде орнатыңыз.




  • Жолдағы шегелер: Барлық шегелерді жинастырыңыз. Қадам баспас бұрын аяғыңыздың астына қараңыз.




  • Тесіктер: Едендегі тесіктерді тиісті дәрежеде бітеңіз. Сүйеніш жақтаулар мен қоршауларды оларға арналған орындарға орнатыңыз.




  • Қорғану құралдары: Қорғану дулығасын киіп жүріңіз. Көзіңізді көзілдірікпен қорғаңыз. Барлық кезде де шақ қорғану құралдарын киіп өлшеңіз.




  • Тазалықты сақтаңыз: Таза жұмыс орны ол қауіпсіз жұмыс орны. Қалдықтарды белгіленеген тәртіп бойынша лақтырып, тастап отырыңыз.




  • Қауіпсіз аспаптарды пайдаланыңыз: Механикаландырылған аспаптармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздіктерді есіңізде ұстаңыз. Қорғану құралдарын орындарында сақтаңыз. Жеке қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз. Өзіңіздің әріптестеріңізді қорғаңыз. Жабдықтардың жұмысын реттеу үшін оларды токтан айырыңыз.




  • Қауіпсіз емес жабдықтар мен аспаптар: Аспаптар мен жабдықтарды үнемі тексеріңіз. Олардың жұмысындағы ақауларды Өзіңіздің басшыңызға хабарлаңыз. Әрқашанда дұрыс таңдап алынған аспаптарды қолданыңыз. Қолданып болғаннан кейін аспаптарды сенімді орынға қойыңыз.




  • Командада жұмыс жасау: Барлық жұмысты қауіпсіздікті ұмытпай, жоспарлаңыз. Әр кезде де болып жатырғандар жөнінде хабардар болып, жұмыс орнындағы барлық жұмысшыларды қорғаңыз.

ЕСІҢІЗГЕ САЛАМЫЗ - ҚАУІПСІЗДІКТІ ҮЙРЕНУГЕ БОЛАДЫ

ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӘДЕТТЕГІ ҚАТЕЛЕР

Кейбір аса қауіпті жағдайлар алдын алуға болатын әдеттегі қателерден туындайды.

Мында қауіпсіздік деңгейінің көрсеткіштерін көтеру үшін жойылуы тиіс еңбек қауіпсіздігмен байланысты неғұрлым таралған (және әдетте ұмытылып кететін) проблемалары көрсетілген.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты әдеттегі қателер:


  • Тәртіптің болмауы: Бұл, айналып келгенде, қоқырсыған/лас жұмыс аймағының қауіпті жұмыс кеңістігіне айналуы. Жерде жатқан қабат-қабат тақтайшалар, мұнайдың төгілуі мен бөгеттелген өтпелер жыл сайын мыңдаған жарақаттарға әкеп соғады;

  • Жөндеуді талап ететін жабдықта бұғаттаудың/маркалаудың болмауы: жыл сайын мыңдаған жарақаттар жөндеуді талап ететін жабдықта және тетіктерде бұғаттаудың/маркалаудың бұзылуынан болады. Көп жағдайда адамдар жабдықтың дұрыс жұмыс істемейтінін біледі. Оның дұрыс жұмыс істемейтіні белгілі болғанда, оны дереу өшіру өте маңызды. Бұл осындай жабдықтың жарақаттың себебі болмайтынына немесе жұмыс кеңістігін қауіпті етпейтініне кепілдік береді;

  • Жеке қорғау құралдарын (ЖҚҚ) лайықты түрде пайдаланбау: каскаларды артын алдына қаратып кию немесе есту органдарын қорғау құралдарын лайықты түрде пайдаланбау әдеттегі, сондай-ақ дұрыс емес практика болып табылады. Цехті тексеру кезінде сақтандырғыш қалқандардың дұрыс көрінбейтін жағдайға дейін сызылғаны анықталуы мүмкін. Осының барлығы Жеке қорғау құралдарын лайықты түрде пайдаланбау үлгілері болып табылады. ЖҚҚ – бұл қызметкерді қорғаудың соңғы тәсілі. Осылайша, ЖҚҚ тиісті түрде пайдаланбау, ақаулы ЖҚҚ жөндеуге қабілетсіздік жарақат алу ықтималдығын арттыра түседі;

  • Режимнің немесе жоспардың болмауы: Жұмыс орнындағы жарақаттардың көбісі орындалатын жұмыс күнделікті процестің бөлігі болмағанда алынады. Кәдуілгі процестің шеңберінен шығатын жұмыс жоспарының болуы өте маңызды. Оның қалай жасалатыны маңызды емес, «Егер ... болса?» деген сұрақтар қауіптерді айқындап, жарақаттарды болдырмау үшін бақылауды жүзеге асыруға көмектеседі;

  • Ақпаратпен алмаспау: қауіпті жағдайларды болдырмаудың ең қарапайым тәсілдерінің бірі – қандай қауіптердің немесе қауіпті жағдайлардың байқалғанын талқылау. Қауіптер мен процестің бұзылуы туралы ақпаратпен алмасу өзімізді және әріптестерімізді жұмыс орнындағы ықтималды қауіптерден қорғаудың елеулі элементі болып табылады.


Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Жұмыс орныңызда қауіпсіздікке төнген қандай да бір қауіпке тап болдыңыз ба?

  • Сіз процесті немесе жоспарды сақтамай, қауіпсіздікке қауіп төндірген жағдайды мысал ретінде келтіре аласыз ба?

  • Қауіпсіздікке төнетін қауіптің азаюын жетілдіретін ұсыныс енгізіңіз.



ЖҰМЫС ОРНЫНДА ТӘРТІПТІ САҚТАУ

Тәртіпті сақтау дағдысын жас кезден меңгеруге болады. Осы дағды үйімізді, автокөлік пен жұмыс орнымызды қалай ұстай алатынымыз туралы біз қалайтын визуалдық түсінік береді. Тәртіп сақтау артықшылықтары визуалдық қабылдаудан ғана тұрмайды. Оператордың қауіпсіздігі, процес тиімділігі, өнім және сервистік қызмет көрсету сапасы, сондай-ақ шығыстарды басқару тәртіпті тиімді сақтау мен процесті ұйымдастырудың елеулі артықшылығы болып табылады. Күнделікті жұмысты орындаған кезде бәріне де орын бар және әрқайсысы өз орнында деген қағиданы есте сақтаңыз.

Төменде жұмыс орныңызды таза ұстауға, оны құрылымды, қауіпсіз және тиімді ету процесі және оған көмектесетін кейбір маңызды аспектілер аталған:


  • Ескі, пайдаланудан шыққан немесе сынған құралдарды ешқашан жұмыс орнында ұстамаңыз. Жұмыс орнында жұмысты орындау үшін қажетті құралдарды ғана болуы тиіс;

  • Жұмыс орныңызда тазартатын заттардың жеткілікті болуын қадағалаңыз. Осы құралдар кез келген уақытта жиыстырғанда, қол астында болуы тиіс;

  • Сағат сайын және күн сайын пайдаланылатын құралдарды, аспаптар мен материалдарды жақын ұстаңыз. Ал айына, тоқсанына немесе жылына бір рет пайдаланылатын және, тиісінше, әрқашан қол астында болмайтындарды жұмыс орнын қоқытпау үшін алыс қойған жөн;

  • Жұмыс барысында шыққан қоқысқа арналған контейнерлер мен орындардың жеткілікті болуын қадағалаңыз;

  • Соңында, күн сайын жинау, қорларды толтыру және жұмыс орнын тексеру кестесін жасаңыз. Әрбір жұмыс орнында жұмыс істейтін жұмыскердің осы қағидаларды түсініп, сақтайтынына көз жеткізіңіз. Табысқа қол жеткізу үшін басшылықпен тексеру процесін жүргізіңіз.

Талқылауға арналған сұрақтар

  • Көлбеу сөрелері мен есігі жоқ қоймаларды пайдалану қандай артықшылық береді?

  • Тәртіпті сақтау және ұйымдастыру бағдарламаларын әзірлеу кезінде функционалдық міндеттер мен жауапкершілік аясының маңыздылығы неде?


ПАРАСАТТЫ МАҒЫНА ЖӘНЕ ОҚЫС ОҚИҒАНЫҢ АЛДЫН АЛУ

Дұрыс ойлаушылық туғаннан пайда болмайды, біз өмірлік тәжірибеден аламыз. Жалпы пікір бойынша барлық жұмысшылар өзін өзі жарақат алудан қорғай алады. Өз тәжірибесінен гөрі басқалардың қалай жарақат алғанын білу арқылы өзін өзі жарақат алудан қорғай алады. Бұл дегеніміз дұрыс ойлаушылық!

Заң бойынша жұмыс берушілер қауіпсіз жұмыс орнын қамтамасыз етуі керек. Сіз өзіңіздің жұмыс орныңыз туралы хабардар болуыңыз керек және еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі қағидаларын білуіңіз керек. Қауіпті учаскелерден, қауіпсіз емес әрекеттерден алысырақ жүргеніңіз дұрыс және ақылға сүйенген дұрыс, ол сіздің жұмысыңызды жақсартады және оқыс оқиғаның болу мүмкіндігін азайтады.

Қауіпті оқиғалардың басым көпшілігі сақтанбай әрекет етуден болады, төмендегілерді қоса алғанда:



Асығу – кейде адам жұмысты қауіпсіздік шараларын ескермей, тезірек бітіргісі келеді. Қауіпсіз әрі жақсы жұмыс істеу үшін уақытты дұрыс пайдаланыңыз.

Тәуекел – Қауіпсіздік және еңбек қорғау нұсқаулықтарын елемеу бүкіл ұжымды қауіп-қатерге киліктіруі мүмкін. Компанияның Қауіпсіздік және еңбек қорғау жөніндегі қағидаларының сіздің ұжымда сақталуына назар аударыңыз. Асығыс жұмыс істеу бұл жерде орынсыз және әкімшілік шараларға алып келуі мүмкін.

Өз ойыңызбен болу – жұмыста ойға түсіп кету, уайым басушылық, демалыс туралы ойлар, жұмысқа дұрыс көңіл бөлмеу ауыр салдарларға, тіпті адам өліміне алып келуі мүмкін. Бар назарыңызды, көңіліңізді жұмысқа аударыңыз.

Теріс қатынас – ашушаңдық немесе жұмысқа нашар қарым-қатынас ауыр салдарларға алып келуі мүмкін, себебі ашушаң адам қағидадан тыс әрекет етеді. Жұмыс кезінде өзін-өзі бақыламау өте қауіпті. Өз сезіміңізге ерік бермеңіз, әйтпесе басқа адамдар зардап шегуі мүмкін. Салқын қанды, сабырлы болыңыз.


ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ

Қауіпсіздік мәдениеті құндылық, пікір, ұғыным және қызметкерлер арасында таратылған қалыпты мінез-құлық ретінде қабылдануы мүмкін.

Әрбір ұйымның, әдейі немесе әдейі емес, бірақ өзінің қауіпсіздік мәдениеті болады. Қауіпсіздік мәдениеті біздің ойымыздан шыға ма және оны өзгерту үшін біз не істей аламыз, міне, мәселе осында.

ОҢ ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІ: оң қауіпсіздік мәдениетінде:


  • Ұйымдардың барлық деңгейіндегі қарым-қатынас қол жетімді болады және қауіпсіздікті қамтамасыз ету процестерін жақсарту үшін кері байланыс өте маңызды;

  • Барлық деңгейдегі жекелеген тұлғалар жарақаттар мен сырқатты болдырмау үшін қандай шара қолданатынына көп көңіл бөледі;

  • Бизнестің барлық басқа проблемалық мәселелеріне қарамастан, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ұмтылыс байқалады;

  • Адамдар және олардың салауаттылығы құнды болып табылады. Пайданы емес, адамдарды қорғауға көңіл бөлінеді;

  • Барлық персонал, әсіресе басшылар қауіпсіздікті қамтамасыз ету процестері мен рәсімдерін сақтай отырып, қауіпсіздікке ұмтылысын көрсетеді, сондай-ақ өз қызметкерлеріне оларды сақтауға нұсқама береді.

ТЕРІС ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІ: теріс қауіпсіздік мәдениетінде:

  • Барлық деңгейдегі қарым-қатынас қол жетімді емес; қызметкерлер жоғары тұрған басшылықпен ашық қатынаспайды;

  • Қауіпсіздік қағидалары қызметкерлерді тәртіпке салу үшін ғана қолданылады;

  • Басшылық қауіпсіздік қағидаларын сақтамауы мүмкін (мысалы, талапқа сай есту органдарын қорғау құралдарын немесе басқа да жеке қорғау құралдарын пайдаланбау);

  • Өндірістік қажеттіліктер қауіпсіздікке көп көңіл бөлмеуді талап етеді

  • Көп жағдайда басшылық қызметкерлердің салауаттылығы туралы емес, қауіпсіздіктің жақсы көрсеткіштеріне басым көңіл бөледі.


Талқылауға арналған сұрақтар

  • Біздегі қауіпсіздік мәдениеті қандай?

  • Қауіпсіздік мәдениетімізді арттыру үшін басшылық қандай шара қолдана алады?

  • Қауіпсіздік мәдениетімізді арттыру үшін Сіз не жасай аласыз?

  • Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудағы қарым-қатынастың маңыздылығы қандай?

  • Сіз жұмыстың неғұрлым қауіпсіз болу мәселесін талқылау үшін әріптесіңізге жүгіне аласыз ба? Неге жүгіне аласыз немесе неліктен жүгіне алмайсыз?

  • Сіз қауіпсіздік мәдениетімізде нені өзгерте алар едіңіз?

АККУМУЛЯТОР БАТАРЕЯСЫН ЗАРЯДТАҒАН КЕЗДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК

Аккумулятор батареясын зарядтауда барлық уақытта да күйікпен және арқаның жарақаттануы сияқты кәдімгі қауіптер кездеседі. Алайда, бұндай қатермен күресте қолдануға болатын көптеген сақтандыру шаралары бар.Аккумуляторбатареясын зарядтау барлық уақытта ол үшін арнаулы бөлінген орында жүргізілуі тиіс және оған орынды себептер бар. Жұмыстың осы түрінен туындайтын қауіптер басқа қызметпен айналысатындарға қатысты болмауы тиіс. Аккумулятор батареясын зарядтайтын орында аяқ таймауы мен электр шогын азайту және соққыны жұмсарту үшін ағаш тақтай немесе резеңке төсенішті пайдалану керек.

Буларды сейілдіру үшін жеткілікті желдеткіштің, байқаусызда еденге төгілген электролиттерді шайып жіберу үшін судың болуы – қауіпсіздіктің басты факторы.Су сонымен бірге өрттен сақтану үшін де маңызды. Өрт кезінде сыртқа шығатын есіктер зарядтау жүретін орынмен тез тұтанатын сұйықтар сақталған жердің ортасында болуы тиіс.

Аккумуляторды ауыстыруды немесе зарядтауды жұмысқа жақсы дайындалған қызметкер жүргізуі керек, сондықтан Сіз жүргізуге құқығыңыз жоқ жұмысқа араласпаңыз. Темекі тартуға тыйым салу жөніндегі ережелерді сақтау керек.

Омырытқаның жарақаты үнемі жиі кездесетін мәселе, сондықтан аккумулятормен жұмыс жасау бел омырытқаның созылуын және жарылуын болдырмау үшін роликті конвейер немесе шынжырлы таль көмегімен жүргізілуі тиіс. Аккумуляторларды тасымалдауға қол арбасын пайдаланыңыз. Егер аккумуляторды қолмен тасу қажет болса, онда жүкті көтерудің қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет: жүкті көтеру үшін Сіз арқаңыздың бұлшық еттерін емес, аяғыңыздыңбұлшық еттерін пайдаланыңыз.Жүкке жақындап отырыңыз да, оны Сіз денеңізге жақындатып көтеріп алып, аяғыңызды бірте-бірте жазасыз. Жүкті көтеруге қатысты ауыр жұмысты жалғыз өзіңіз істемеңіз. Жүкті көтеру кезінде көмекті жеткілікті түрде пайдалану керек.

Металл аспаптарды ешуақытта аккумулятордың үстіне қоймаңыз, және оларды аккумулятордың үстіне құлап кетіп, қысқаша тұйықталу жасайтындай етіп ешуақытта тастамаңыз. Ондай жағдайлар жарылыс пен қатерлі күйікке әкеліп соқтыруы мүмкін.

Сіз Егер өндірістік жүк көлігінің аккумуляторын зарядтап немесе ауыстыратын болсаңыз, онда жүк көлігінің дұрыс орналасуына және тежегіште тұруына көз жеткізіңіз. Толықтай отырып қалған аккумулятор батареясын зарядтағанда алдымен оң терминалды қызыл клемманы зарядталған батареямен қосыңыз. Сосын басқа оң терминалды қызыл клемманытолықтай отырып қалған батареямен жалғайсыз. Содан кейін зарядталған аккумулятордың теріс терминальды қара клеммасын қосыңыз және басқа қара клеммасын аккумулятордан қашықтау жерден каркаспен немесе жүк көлігінің негізімен жалғаңыз.



Ескерту: аккумулятор батареяларының сұйықтығының деңгейін үнемі тексеріп тұрыңыз.

ҚАУІПТІ ЗАТТАР

Жұмысты бастар алдында қандай қауіпті химикаттар және материалдармен жұмыс жасайтыныңызды білу қажет. Сіз осы материалдармен жұмыс жасау үшін болуы ықтимал қатерлі тәуекелдер жөнінде хабардар боуыңыз керек. Біз қауіпті субстанцияларды жоя алмаймыз, бірақ ол материалдармен жұмыс жасаған кездегі болатын қауіптерді азайта аламыз.

Идентифицияланған кезкелген қауіпті заттардың, олар қандай заттар, Сіз оны пайдаланғанда қандай қауіптер болуы мүмкін, және осы заттың зиянды әсерінен қалай дұрыс қорғануға болатындығы көрсетілген өнімнің техникалық деректерінің анықтама бетшесі болуы тиіс. Өнімнің техникалық деректерінің анықтама бетшесінде осы затпен жұмыс жасауға қажетті жеке қорғану құралдары атап көрсетілуі керек.

Жобаның әрбір басшысында деректердің анықтама бетшесінің жинақталымы болады. Ал, Сіз оның қайда екенін білесіз бе? Сіз соны қашан болса ашып, оның ішінен өзіңіз күнделікті жұмыста қолданып жүрген заттардың деректеме бетшесін көрдіңіз бе? Егер олай болмаса, онда оны бүгін істеңіз. Оларды мұқият оқып, Сіз барлық қажетті қорғану құралдарын пайдаланып жүргеніңізге көз жеткізіңіз. Мүмкін, Сіз қауіпті заттарды қолданып жүргеніңізді білмеуіңіз де. Төменде қауіпті деп есептелініп, жұмыс орындарында жиі кездесетін жалпыға белгілі заттар атап көрсетілген:



  • Дәнекерлеу және кесу газдары;




  • Желімдейтін қоспалар;




  • Еріткіштер;




  • Отын.

Көптеген заттар қауіпті болып көрінбеуі мүмкін, бірақ оларды дұрыс емес қолданудан қауіпті болуы мүмкін. Сіз өзіңіз қолданып жүрген заттар жөнінде ойланып, оларды қалай қолданатынын және қорғану үшін қандай құралдар керек екенін білу үшін олардың деректеме бетшелерін тексеріңіз.

Егер Сіз немен жұмыс істейтініңізді анық білмесеңіз, СҰРАП АЛЫҢЫЗ. Қауіпсіз боласыз.

Жұмыс істеп жүрген заттар жөнінде "Білуге тиістілігіміз" – Сіздің құқығыңыз.

АБАЙЛАҢЫЗ - БЕНЗИН

Бензиннің өзі емес, оның булары тұтанатынын Сіз білетін шығарсыз.

Ауадан ауырлау осы булар төменгі қабатта болады.

Бензинді отқа қауіпті сұйықтарға арналған тиісті дәрежеде ішінде сақталатын сұйықтармен сәйкестендірілген канистарада сақтау керек. Кезкелген тез тұтанатын басқа сұйықтар, олардың бір-бірінен айырмашылықтарын ажырату үшін таңбалануы тиіс.

Бензиннің кенеттен тұтануының көптеген себептері бар. Олардың кейбіреуіне ашық оттар, заттардың ыстық беттері, металлдан ұшқан ұшқындар, электржабдықтарымен жұмыстар немесе статикалық электр зарядсыздануы жатады. Темекі тарту мен шырпы, әрине өрт шығудың ең көп тараған негізгі себептері.

От сияқты қауіпті болмаса да, бензиннің булары олармен тыныс алғанда улануға әкеліп соқтырады. Бұл булар көп мөлшерде болса, онда сілекейлі қабықты қабындырып, бас айналуы мен бас ауыруының себепкері болады.

Бензин және көмірсутекті газбен өндірісте, жұмыс орнында байланыста болған жағдайда, тыныс алу органдарын қорғау құралдарын қолданып, қажетті қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.

Бензинді тазарту мақсатында пайдалануға болмайды. Бұл, әсіресе қолды, жабдықтарды, киімдерді және осған ұқсас материяларды жууға қатысты. Осындай мақсаттарға бензиннің орнына жанбайтын және улы емес ертінділерді пайдалану керек.

Бензинді құйғанда жабдықтар, двигательдер тоқтатылып, от шығаратын көздер сөндірілуі тиіс.

Құю жұмыстары кезінде бензиннің далаға шашырамауын және төгілмеуін қарастырыңыз. Шлангының ұшы мен канистрдың ауызын үлкен ыдыстың ернеуіне тақап ұстаңыз. Егер Сіз екі тамшыдан артық тамызып алсаңыз, оны тездетіп сүртіңіз. Ауызы өте кішкентай ыдысқа бензин құйсаңыз, онда бензин далаға төгілмеуі үшін май құйғышты пайдаланыңыз. Осы арада мынаны айтып кеткен жөн, жұмыс орнында тек қана бір рет құюға қажетті бензин сақтау, жақсы әдет.

Бензин біздің қазіргі өмір салтымызда өте маңызды. Біз оның маңызын автокөлігімізді, яхтамызды, газондағы шөпті шапқышты және басқа көптеген заттарды қыздырғанда білеміз.

Сондықтан да, бензин бізге қарсы емес, керісінше бізге қызмет етуін қарастырайық. Бензинмен аса сақ болыңыз, және осы жазылған қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.



ДИЗЕЛЬДІК ОТЫНМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ БОЙЫНША ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Дизельдік отын әр түрлі жабдық пен тетіктерді қуатпен қамтиды, ол денсаулығыңызға зиянды әсер етуі мүмкін. Дизельдік отынмен тікелей немесе жанама байланыста болу теріні ісіп қызартуы және респираторлық проблемаларды тудыруы мүмкін. Мында қарқынды әсерді азайтуға көмектесетін кейбір сақтық шаралары келтірілген:



Қауіпсіздік шаралары

  • Дизельдік техникаға лайықты түрде қызмет көрсетілетініне көз жеткізіңіз;

  • Пайдаланылған газдардың кез келген шығуын тексеріңіз;

  • Пайдаланылған газдардың көлік құралына түсуін болдырмау үшін тетіктердегі жарықтарды және жабындардағы тесіктерді жөндеңіз;

  • Лайықты түрде тазартылғанына көз жеткізіңіз;

  • Ауа тартқыш вентиляцияның желдеткіштерін пайдаланыңыз;

  • Гаражда қажетті вентиляция болмаған жағдайда дизельдік қозғалтқыштың жұмысын азайтыңыз;

  • Дизельдік отынмен тікелей байланыста болудан аулақ болыңыз;

  • Дизельдік отынмен немесе оның қасында жұмыс істегенде әрқашанда тиісті ЖҚҚ пайдаланыңыз;

  • Егер дизельдік отынмен тікелей байланыста болсаңыз, теріні немесе киімді мұқият тазалаңыз;

  • Егер Сіз дизельдік отын буының артық әсеріне ұшырасаңыз, аумақтан дереу кетіп, таза ауада терең дем алыңыз;

  • Көлік құралына дизельдік отын немесе бензин құйғанда, әрқашанда моторды өшіріңіз.



ЭЛЕКТРҚАУІПСІЗДІГІ

Басқа қауіптерді көруге, естуге немесе сезінуге мүмкіндік болса, электр тогы өзі жайында ескертпейді, бірақ адамды өлтіре алады. Демек:



  • Барлық электрлік қосылыстарды оқудан өткен және біліктілігі бар электриктер орындауы тиіс. Өз бетіңізше қосылғыштарды, сақтандырғыштарды, ажыратқыштарды және т.б. бөлшектеуге, олармен жұмыс істеуге тырыспаңыз;

  • Арнайы дағдыңыз және рұқсатыңыз (қол жетімдігіңіз) болмаса, электр жабдығына тиіспеңіз және ішін ашып көрмеңіз;

  • Өткізгіш сымдарды уақытша жалғамаңыз. Электр жабдығының кез-келген ақауы туралы өзіңіздің басшыңызға хабарлаңыз;

  • Ешуақытта ақаулы бөліктері бар аспаптарды пайдаланбаңыз;

  • Тек қана ақаусыз штепсельді вилкаларды пайдаланыңыз;

  • Қолдан жасалған ұзартқыштарды, вилкаларды немесе электртаратқышты пайдалануға тыйым салынады;

  • Шырпының және басқа айлабұйымның көмегімен ажыратқыштағы сымдарды бекітпеңіз;

  • Адамдар немесе көлік жиі жүретін жерлердегі өткізгіш сымдарды (ажыратқыштарды) міндетті түрде қауіпсіздендіріңіз;

  • Ешуақытта вилкаларға немесе өткізгіш сымдарға (ажыратқыштарға) артық жүктеме түсірмеңіз;

  • Кернеу астындағы барлық асылып тұрған сымдардың қоршаумен немесе сақтандырғыш таспамен қоршалғанына көз жеткізіңіз;

  • Оқшаулағышы бұзылған өткізгіш сымдарды пайдаланбаңыз;

  • Жер астында коммуникациялардың, соның ішінде электрлік коммуникациялардың бар-жоқтығына тексеру жүргізбей, жер жұмыстарын жүргізбеңіз;

  • Рұқсаттама нарядсыз қолданыстағы (жер астындағы) кабелдерге жақын жерде жер жұмыстарын жүргізбеңіз;

  • Жоғары кернеулі желілердегі жазатайым оқиғалар негізінен өлімге алып келеді. Жоғарғы сым әдетте жалаңаш әрі оқшаулағышсыз болады. Оған жанап кету өлім оқиғасына алып келуі мүмкін. Электрлік кернеу кез-келген сәтте өсіп кетуі мүмкін, демек Сіз электр разрядын алмас үшін одан қашықта тұруыңыз керек және оған жанаспауыңыз қажет. Егер Сіз электр желілерімен түйісетін техника ішінде болсаңыз, ештеңеге жанаспайтындай етіп, аяқтарыңызды бірге ұстап секіріп кету керек және жер бетінде тұрғанда машинаны қозғалтпаңыз;

  • Электр қондырғыда тұтану пайда болса, көбікпен немесе сумен жалынды сөндіруге тырыспаңыз. Қадамдық (бір-бірінен 1 м қашықтықтағы жер бетіндегі екі нүкте арасындағы кернеу адам қадамының ұзындығына тең деп алынады) кернеу зонасында жүру үшін «қаздың жүрісімен» жүру керек, яғни жүріп келе жатқан аяқтың өкшесі жерден ажырамай, екінші аяқтың ұшына жанасуы керек.

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ

Өрттен сақтану ережелерінің бізге кең таралғаны соншалық, тіпті кейде оларға жиі немқұрайлылықпен қараймыз. Жеке бастың мұндай бейқамдығы жұмыс кезінде көптеген өрттер мен оқыс оқиғалардың шығуына себепкер болады. Енді, жұмыс кезіндегі өрттердің негізгі себептерін қарастырайық.Бұл тізімде ең алдыңғы қатарда – электр апаттары немесе электр жабдықтарын теріс пайдалану тұр. Одан әрі рет бойынша атасақ, үйкелісу, басқа денелер, ұшқынды оттар, және содан кейін темекі тарту мен сіреңке.

Осындай қауіппен күресу үшін біз жұмыс орында не істеуіміз керек? Ең алдымен біздер «Темекі тартуға болмайды» деп көрсетілген ереже – тақтайшаларға ұстанып, темекі мен сіреңкелерді арнайы белгіленген орындарда ғана жағып, және оларды қолданғаннан кейін сөндірілуін қадағалауымыз керек. Біз электр сымдарының тозуы мен артық кернеулі болуына жол бермей, тез тұтанатын қалдықтарды кезкелген жерге тастамай, оларды темір жәшіктерге жинауымыз керек.

Тағы бір маңызды нәрсе, ол отқа қауіпті заттардың қауіпсіз орындарда сақталуы.Сырлардан, ерітуші сұйықтардан, және басқа да тез тұтанатын заттардағы жанғыш қоспалар мен буланулар тұрмыстық және сонымен қатар өндірістік өрттердің себептері болып табылады. Буланулар едәуір қашықтыққа тарап, жарық беру аспаптарынан, электр жабдықтарынан, немесе тіпті жанып тұрған темекіден де тұтатынуы мүмкін.

Егер отқа қауіпті сұйықтар мен заттарды тастайтын болсаңыз нұсқауларды қатаң орындаңыз. Әдейі осы үшін арналған әдісті қолданыңыз. Біздің барлығымыз өрт сөндіру құралдарының тұрған орындарын және олармен қалай жұмыс істеу керек екенін білуге тиістіміз. Өрт сөндіргіштердің қай жерде тұрғанын және оларды қандай жағдайларда пайдалану керектігін білу қажет.

Ұйғарыммен берілген техникалық жағынан қамтудың жүргізілуі өрт қауіпсіздігі үшін маңызды. Егер Сіз электр жабдығын немесе аспабын пайдалансаңыз, онда оны үнемі тексеріп, онымен жұмыс жасауға болатынына сенімді болыңыз.Механикалық жабдықтардың үйкелісін болдырмау үшін олардың жақсы майлануын қадағалаңыз. Жалынтарқыш мұржаларға ұшқындарды ұстап қалатын құрылғы орнатыңыз.

Егер осы көрсетілген жұмыстардың бірде біреуі тек Сізге қатысты болмаса, онда Сіздің қызметіңіз техникалық қамтуға қатысты емес болғаны.

Алайда, біздің әрқайсымыздың міндетіміз – қауіпті мезгілінде байқап, оны жою немесе ол туралы басшыға хабарлау үшін қырағылықты жоғалтпауға тиістіміз.



ӨРТ СӨНДІРГІШТЕРДІ ҮНЕМІ ТЕКСЕРІП ТҰРЫҢЫЗ.
ЖЕР ЖҰМЫСТАРЫ

Жердің бір текшеметрінің салмағы шамамен екі тоннаны құрайды. Сондықтан, егер Сіз жерге көміліп қалғыңыз келмесе, онда келесі қағиданы мұқият сақтаңыз:



  • Каска, арнайы киім және арнайы аяқкиім киіңіз. Арнайы белбеу (қазандықта жұмыс істеген кезде), тербелістен қорғағыш қолғап және қорғағыш көзілдірік дайындаңыз (ұрғыш балға көмегімен топырақты қопарғанда және басқа пневмоаспаппен жұмыс істегенде);

  • Жұмыс орнының және оған жанасқан жерлердің қауіпсіздік талаптарына сай келуіне тексеру жүргізіңіз;

  • Орындалатын жұмыстардың ерекшелігін ескере отырып, жұмыс орнында нұсқаулық алуыңыз керек;

  • Сақтандырғыш жазбалары бар шурфтарды, қазандықтарды, траншеяларды, көліктің және адамның жүруінен пайда болатын ойықтарды қалқаншалармен қоршаңыз, ал түнгі уақытта сигнальдық жарықпен қоршаңыз. Траншеялар арқылы өтетін өтпежолдар таяныштары бар көпіршелермен жабдықталуы тиіс;

  • Үйме, құмдақ және ірі жарықшақты топырақтарда 1 метрден аспайтын тереңдікте, ал құмдақтарда 1,25 метрден аспайтын тереңдікте, саздақтарда және сазды жерлерде 1,5 метрден аспайтын тереңдікте бекітпесіз вертикаль қабырғалары бар ойықтарда топырақты қазып алуға жол берілетіндігін есіңізде ұстаңыз. Басқа жағдайларда, ойықтардың қабырғаларына бекітпелер қою керек немесе еңіс құламалар жасау керек;

  • Құмды топырақтардан басқа, табиғи ылғалдықтағы топырақтарда тақтайшалардың қалыңдығы кем дегенде 4 см болуы керек, ал тақтайшалар арасындағы саңылаулар - 0,15 м аспауы тиіс. Ылғалдылығы жоғары топырақтарда және сусымалы топырақтарда қалыңдығы кем дегенде 5 см тақтайшалар саңылаусыз орналасуы керек;

  • Ойылған жерлерде топырақты қабат-қабат етіп қазып алу керек, күнқағар пайда болатындай етіп жерді астынан ойып қазуға жол берілмейді.

  • Басшылар немесе бригадирлер жердің өздігінен құлауын болдырмау үшін қажетті шараларды қабылдай отырып, қазандықтардың еңістіктерінің жай-күйіне үнемі бақылау жүргізуі керек;

  • Жер қазатын машиналарды пайдаланған кезде, жұмыскерлерге экскаватор жұмыс істеп жатқан аумақта болуға немесе сол аумақта қандай да бір жұмыс орындауға тыйым салынады, олар экскаватор шөмішінен кем дегенде 10 м қашықтықта болуы тиіс. Топырақ шөмішке жабысып қалған жағдайда, оны тазалау үшін шөмішті жерге түсіру керек;

  • Өздігінен төгетін автокөлікке топырақты тиеу борттың артқы немесе бүйір жағынан жүргізілуі керек;

  • Адамдардың жер қазғыш машина мен автокөлік құралы арасында болуына тыйым салынады.


ОН КІШКЕНТАЙ КӨМЕКШІ

Сіздің қолыңыз Сіздің жұмысыңыздың кілті . Олар – ең жақсы аспаптар. Сізде тек қана бір қос қол бар.



СІЗДІҢ ЖҰМЫСЫҢЫЗ ОЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ БОЛҒАНЫ СЕБЕПТІ ОЛАРДЫ ҚОРҒАҢЫЗ.

Қолдың ауыр жарақаттары машина жабдықтарымен жұмыс істегенде болады. Машина жабдықтарымен жұмыс істегенде қолдың ауыр жарақаттары жиі болады. Машина жабдықтарын басқарып, жұмыс жасамастан бұрын оны қалай басқару керек екенін ойланыңыз. Барлық қорғану құралдары мен құрылғыларын анықтап, оларды пайдаланыңыз. Олар Сіздің сақтануыңыз үшін жасалған.

Сіз жұмыста кездесетін қауіптер, Сіздің қолыңызға төнген қауіптер болып есептелінеді. Мысалы, машинаның есігі, электр желдеткіштері, және асхана пышақтары. Қолды жарақаттан сақтаудың ережесі өте қарапайым. ОЛ ТЕК ҚАНА ҚАРАПАЙЫМ МАҒЫНА.

Қолыңыз үшін әрқашанда “Алғашқы Жәрдем қобдишасын ”өзіңіздің жанызда ұстаңыз. Қолды кесулер мен жырып кетулерден әрқашанда сақтаныңыз. Асқынулар тез арада ұласып кетуі мүмкін.



ӨЗІҢІЗДІҢ ҚОЛЫҢЫЗДЫ ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН ҚОРҒАНУ ҚОЛҒАПТАРЫМЕН ҚОРҒАҢЫЗ.

Сақиналар мен сағатқа арналған темір бауларды жұмыс уақытында тағуға болмайды. Олар жұмыс кезінде көптеген нәрселероге тиіп қалып, электр өткізуші болуы мүмкін.

Сіздің қолыңыз – Сіздің жұмысыңыздың кілті. Сіздің бір қос қолыңыз бен он саусағыңыз бар. Оларды қорғаңыз. Оларды алмастыратын әдістер жоқ.

ҚАУІПСІЗДІК ОЛ ДҰРЫС МАҒЫНА. ӘРЕКЕТ ІСТЕМЕСТЕН БҰРЫН ОЙЛАНЫҢЫЗ!


ЖЕКЕ ҚОРҒАНУ ҚҰРАЛДАРЫ

Құрылыс жұмыстары кезінде қорғанудың жарамды құралдары көптеген ауыр жарақаттардан сақтайды.

Көз өте жараланғыш болып келеді. Егер ұшқан металл сынығы немесе бетонның бөлшегі көзге түссе, онда көру қабілетін ұзақ уақытқа немесе мүлдем жоюға болады. Бетонды кескенде қорғану көзілдірігін немесе қалқаншаны киіңіз. Жерде тұрып бұрғыласаңыз, Егер онда шаң болса, арнайы көзілдірік қажет етіледі. Бетонды нығыздау үшін теңселгішпен жұмыс кезінде қорғану көзілдірігін немесе қалқаншаны қолданыңыз.

Кезкелген ағаш материалдарын бұрғылағанда немесе кескенде әрдайым қорғану көзілдірігін киіңіз. Егер Сіз көруді жақсартатын линзалары бар көзілдірік кисеңіз, оның беті жырылып және зақымданып қалмас үшін, оның сыртынан қорғану көзілдірігін киіңіз.

Ал енді, кеңсірік пен көмекейді қорғауды қарастырайық. Шаңды жерлерде жұмыс жасағанда кеңсірік пен көмекейдің қабынуынан сақтану үшін тиісті респираторды киіңіз. Орындалатын жұмыстың түріне қарай қажетті респиратор керек. Егер қызметкерлер сол жұмыстарға белгіленген қауіпсіздік белбеулері мен құтқару арқандарын дұрыс пайдаланса, онда құлаудың алдын алуға болады. Қауіпсіздік белбеулері мен сторпаларды пайдаланып, құлау арақашықтықтарын 6 футқа дейін шектеуге болады. Олар дұрыс пайдаланылғанда ғана тиімді болады. Өзіңіздің басшыңыздан осы қорғану құралын дұрыс пайдалану жөніндегі нұсқаулықты алыңыз.

ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН ҚОРҒАНУ ҚҰРАЛДАРЫН КИЮ АРҚЫЛЫ ЖАРАҚАТТЫҢ АЛДЫН АЛЫҢЫЗ.

ЖЕКЕ ҚОРҒАУ

Жұмыстың қажетті экипировкасына көйлекті, шалбарды және ботинканы киюден басқа нәрселер де жатады. Жұмыстағы қорғаныс құралдары Сіздің қауіпсіздігіңізге арналған. Алайда, оның барлығын өзінің арналған мақсатында дұрыс пайдаланбайды.

Бұрғыны қайрайтын станокта қайрау үшін бірнеше минут керек. Алайда, Сіз осы бірнеше СЕКУНДТЫҢ ішінде осы қайрау станогының қайрағы немесе бұрғының кесірінен көзіңізді қатты жарақаттауыңыз немесе одан айырылып қалуыңыз мүмкін екеніне ойландыңыз ба? БҰНДАЙ ОҚИҒАЛАР ЖИІ БОЛМАЙДЫ, БІРАҚ БОЛУЫ МҮМКІН

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін компания дәнекелеушінің дулығасын, қорғану көзілдірігін, респираторларды, дәнекерлеу қалқандарын, ұштары темір ботинкаларды, қорғану каскаларын және басқа құралдарды қолдануыңызды талап етеді. ОЛАРДЫ ҚОЛДАНЫҢЫЗ. Қорғаныс құралдарын қолданбаған кездердегіжарақаттардың ешқандай ақталулары жоқ. Сіздің көздеріңіз, қолдарыңыз, және аяқтарыңыз Сіздің жеке басыңыздың аман-саулығы және игілігіңіз үшін керек. Оларды қорғаңыз.

Біз жеке қорғану құралдарына қол жеткізуге көмектесеміз. Оларды пайдалану Сізге қатысты.

ҚАУІПСІЗ ЖАҒДАЙДА БОЛЫҢЫЗ. ДҰРЫС КИІНІҢІЗ.


ҚОЛ ДІРІЛІ

Қол дірілі дірілдейтін қол құралдарын пайдалану салдарынан пайда болады. Осы құралдардан (тез кері-ілгерілемелі қозғалыстардан) туындайтын діріл құралдан құралмен жұмыс істейтін адамға беріледі.



Денсаулыққа төнетін қауіп:

  • Діріл синдромы – оның симптомдары бұлшықет әлсіздігі, бұлшықеттің шаршауы, қол мен иықтың ауруы, ақ саусақтың діріл индукцияланған синдромы («өлі саусақ» немесе «өлі қол» деп аталады) болып табылады;




  • Білек сүйегі өзегінің синдромы – кейде ұсақ дірілдейтін қол құралдарын пайдаланудан туындауы мүмкін. Симптомдарға саусақтың шаншуы, білезік пен саусақтың ұйып қалуы мен ауруы жатады.

Қауіпсіздік шаралары:

  • Мүмкіндігінше дірілдейтін құралдардың пайдаланылуын азайтуға тырысыңыз;




  • Егер мүмкін болса, дірілдейтін құралдарды қол құралына ауыстырыңыз;




  • Қатты дірілдейтін құралдарды дірілі қолға түскенге дейін басылатындай етіп жасалған төмен дірілді құралдарға ауыстырыңыз;




  • Қажетті қауіпсіздік құралдарын қолданыңыз;




  • Дірілдің тұрақты, ұзақ әсерін болдырмау үшін жұмыста үзіліс жасаңыз (діріл құралдарын пайдаланатын жұмыскер бір сағат жұмыс істегеннен кейін 10 минут ішінде тынығуы керек);




  • Құралдардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін оларды тексеріп тұрыңыз.



ҚОЛДЫ ҚОРҒАУ

Әлеуетті қауіп:

  • Қауіпті заттардың тері арқылы сіңуі;




  • Химиялық заттармен зақымдалу, термиялық немесе электр күйік алу қаупі;




  • Қолды соғып алу, жаралау, шаншып алу, сындырып алу немесе оның ампутациясы.

Қорғауды таңдау:

  • Қауіптілікке және орындайтын іс-әрекеттерге сәйкес қорғауды таңдаңыз;




  • Әрбір пайдалану алдында биялайыңызды тұтастығын, онда тиімділігіне әсер ететін тесік пен өзге де ақаулардың бар-жоғын тексеріңіз;




  • Түсі кеткен немесе қатқан биялайды пайдаланбаңыз. Бұл биялайыңыздың көп рет пайдаланылғанын не химиялық әсерге ұшырап, олардың тиімділігінің азайғанын білдіреді.


БАС ПЕН БЕТТІ ҚОРҒАУ

Сіздің басыңыз өте әлсіз болғандықтан қорғалуы тиіс. Сіздің денеңіздің кез келген бөлігіндегі жарақаттар жеңіл болып көрінгенмен, басыңыздағы жарақат аса ауыр болуы мүмкін.

Өндірістік объектілерде бастың зақымдануынан өлген жұмысшылардың саны өте көп және көп жағдайда бұл жарақаттар құлаған объектілердің салдарынан болып жатады.

Қорғану дулығаларының басты жарақаттан сақтайтыны анық, міне сондықтан қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы заңнама осы қорғану дулығасын қолдануды міндететйді.

Ал, Сіздің көзіңіз қалай? Егер Сіз қашанда болса көздің аздаған жарақатынан зардап шексеңіз, онда олардың шынында да өте нәзік екенін білесіз. Сіз, әрине жарақаттың соңы ауыр жағдайға соғады немесе көздің көру қабілеті жоғалады деген ойдан зәреңіз ұшқан болар. Осы жөнінде ойланып, көзге қорғау көзілдірігін кию керек екенін бізге дұрыс ақыл-есіміз айтып тұрғаны шындық емес пе?

Ешкімге де тыныс алатын құралды (респиратор) кию ұнамайды, бірақ сіз оны кигенде оның сүзгісінде жиналып қалған лас шаңды көріп, олардың Сіздің өкпеңізге өтіп кетпегеніне қуанасыз.

Көптеген жұмыскерлердің есті қабілетінен ішінара айырылғанын білесіз. Бұның кенеттен болатыны соншалық, Сіз өзгерісті сезбей қаласыз. Оны қазір ЕСТІҢІЗ. Әзір тым кеш болмай және қажет болып тұрғанда құлақтың естуін қорғайтын қорғану құралдарын киіп жүруді әдетке айналдырыңыз, сөйтіп есту қабілетіңізді сақтайсыз.

Өзіңіздің басыңызды, көздеріңізді, құлақтарыңызды және өкпеңізді қорғаңыз – олар сақтауға тұрады. Оларсыз өмір сүру өте қиын.



Ұқыпты орындалған жұмыс өндіріс өнімділігі мен еңбек сапасын жақсартады, материалдық шығынды азайтып, қателіктердің, құлаулардың және өрттердің алдын алады.

ҚОРҒАУШЫ АЯҚ КИІМ

Аяқтың ауруы да арқаның ауруы сияқты қорлық болуы мүмкін. Әрине, Сізге Сіздің өмір салтыңыз бен жұмысыңызда аяқтарыңыздың қаншалықты қажеттігін дәлелдеудің керегі жоқ. Алайда, өкінішке орай, әңгіме аяқтарды қорғау жөнінде болғанда оған дәлелдер келтіру керек болады.

Аяқтың адам өмірі үшін маңызды екенін ескере тұра, көптеген адамдардан қорғаушы аяқ киімдерді олар келіссіз, тым ауыр, жайсыз және басқа сол сияқты себептерге байланысты кигілері келмейтіндіктерін естуге болады.

Ал шынында осы себептердің ешқайсысы да негізсіз. Бүгінгі күндері ұсынылатын қорғаушы аяқ киімдер басқаларынан жайлылығы, сыртқы түрі, және көп жағдайда бағасы жөнінен арзан болып есептелінеді. Сондықтан да жағдай оны киюді талап еткен кездегі қорғаушы аяқ киімге немқұрайлылық ештеңеге жарамай қалады.

Шынында, Сіздің жұмысыңыздың спецификасы талап ете ме немесе етпейме, оған қарамастан қорғаушы аяқ киімді киіп жүрген дұрыс болады. Қорғаушы линзаны жұмыста және одан тыс жерде де кию керек деген нұсқау қандай құптарлық болса, онда соны қорғаушы аяқ киімге де қолдану керек.

Аяқ киімнің жай-күйі де маңызды болып есептелінеді. Желінген және жұқа табанды аяқ киімдерге өткір нәрселер немесе ұшы бар тасты басып, Сіз аяғыңызды қатты зақымдауыңыз мүмкін.

Желінген өкшенің әсерінен Сіз салмағыңыздың тепе-теңдігін бұзып, құлап немесе тобығыңызды тайдырып алуыңыз мүмкін. Ұлтарақтар өте ұзын болмауы тиіс, себебі ол Сізге жүргенде қауіп тудыруы мүмкін.

Жоқ, қорғану аяқ киімі басқа қорғану құралдары сияқты өзінің тиімділігі үшін киілсін. Сондықтан да, Сіздің аяғыңыз сияқты керекті нәрселерді неге қатерге тігеміз? Қорғану аяқ киімін киіңіз.



РЕСПИРАТОРДЫҢ ҚОРҒАУ ӘРЕКЕТІ

Респираторларды пайдаланушы қызметкерлерге олар үшін белгіленген стандарттар бойынша керек болмаған кездегі ақпараттар:

Егер олар дұрыс таңдап алынып киілген жағдайда, онда респираторлар қауіптілік сипаттағы қорғаудың тиімді әдістері болып есептелінеді. Қауіпті зияндардың деңгейлері шектеулі мөлшерден төмен болса да, қызметкерлердің қосымша жайлылығы мен қорғанысын қамтамасыз ету үшін респираторларды пайдалануды құптау керек. Алайда, респираторды дұрыс пайдаланбай, оны таза ұстамаса, онда ол қызметкер үшін қауіпті болуы мүмкін. Егер Сіздің жұмыс берушіңіз өз еркіңізбен киюге респиратор берсе, немесе Сізде жеке респираторыңыз болса, онда Сіз сақтық жасап, респиратордың қауіпсіз екеніне көз жеткізесіз.



Сіз мыналарды істеуге тиістісіз:

1. Респиратордың қолдану, техникалық қамту, тазалау мен күту және алдын алу мүмкіндіктері жөніндегі өндіруші дайындаған барлық нұсқаулықтарды мұқият оқып, оларды есіңізде ұстаңыз;

2. Сіз қауіптенетін нәрседен қорғайтын респиратордың түрін таңдаңыз;

3. Респираторды ол есептелмеген жағдайларда кимеңіз. Мысалы, шаңнан қорғауға арналған респиратор Сізді газдардан, булардан немесе кішкентай қатты денелерден қорғай алмайды;

4. Өзіңіздің респираторыңызды басқа біреу жаңылыста байқамай алып кетпес үшін белгілеп қойыңыз.

ЕСТУ ОРГАНДАРЫН ҚОРҒАУ

Ішкі құлақ жасушалары мен жүйкесі қатты дыбыстардың тұрақты әсерінен бұзылады. Жүйке мен жасушалардың белгілі бір мөлшері бұзылған жағдайда есту органдары қайтымсыз зақымдануы мүмкін.



Алдын алу

  • Уақыт кезеңінде шу әсеріне ұшырағанда үнемі құлақ сақтандырғышты пайдаланыңыз;

  • Жұмыс орнынан тыс жерде шу әсерін азайтыңыз;

  • Дыбыс жұтатын материалдарды пайдаланыңыз;

  • Бірнеше шу шығаратын тетіктерді бір мезгілде пайдаланбаңыз;

  • Қолайсыз шуды басқа дыбыстармен басуға тырыспаңыз;

  • Егер есту қабілетін жоғалту қаупі болса, жылына бір рет қаралып тексеріліңіз.

Дұрыс қорғауды таңдау

Есту органдарын лайықты түрде қорғауды белгілеу бірқатар факторларға байланысты болады, оның ішінде:



  • Децибелмен өлшенетін шу дыбысы;

  • Шудың Сізге әсер ететін уақыты;

  • Шу деңгейі әр түрлі жұмыс аймақтары арасында жүрмеңіз;

  • Шудың бір немесе бірнеше жерден шығатыны.



ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Техникалық қамту - негізінен құрал-жабдықтарды түзу күйінде сақтауға арналған. Біз бүлінулердің олар жұмыс істемей тұрып қалудан бұрын алдын алуымыз керек. Біздің техникалық қамту бағдарламамыз ең алдымен алдын алуға бағытталған. Біздерге өте жиі құрал-жабдықтарды, олар бұзылып тұрып қалғаннан кейін жөндеуге тура келеді. Бұл ақша шығыны және қауіпті де болуы мүмкін. Құрал-жабдықтардың күйі жөндеуді қажет екенін білдіре бастаса, олардың бұзылуын күтпей-ақ, тез арада өзіңіздің басшыңызға хабарлаңыз.

Сіз білетіндей, техникалық қамтуларға машиналардың жабдықтарын майлау, қоқыстарды тазалау, аспаптарды тексеру, жалпы тазалық, жабдықтардың пайдалану мерзіміне қарай жеңіл жөндеулер және басқа әртүрлі жұмыстар жатады.

Алайда, техникалық қамту өзінің табиғатында аса мұқият жүретін маңызды процедура.

Өндірістік жұмыстар алдын алып, күту жұмыстарынсыз жүрмейтінін, және апаттардан да алдын алу жұмыстарынсыз сақтануға болмайтынын естен шығармайық. Сіздің жұмысыңыз өте маңызды. Алдын алу жөніндегі жұмыстардың program жақсы бағдарламасы әркімнің жұмысын тиімді және қауіпсіз қылуда үлкен маңызы бар.

Алдын алу жұмыстарын тиімді жүргізуде техникалық бақылау қажет. Техникалық бақылауға жоспарлау, кестелеу және жұмыстардың орындалуын қадағалау жатады. Құжаттамаларды жүргізудің қалыптасқан жүйесі әрбір орындалған жұмысты қадағалауға көмектеседі.

Жұмысты жоспарлау әрбір жұмыстың сипатын, орындалу техникасын, қажетті материалдарды және сақтандырудың тиісті шараларын көрсетуге тиіс. Жазулар өте маңызды және олар үнемі жүргізіліп отырылуы тиіс. Жүргізіліп отыратын жазулар, пайдаланылатын жабдықтардың түрлеріне байланысты болуы керек. Сіз техникалық қамту жөніндегі жазулардағы өзіңізді мазалайтын кездерді атап көрсетіңіз. Содан кейін қауіпті кездер туындайтын тексерудің кестесін жасаңыз. Осындай тексерулердің кестесі алдын алу жөніндегі инспекторлар мен бригада мүшелерінің ұсынған есептерінде негізделуі мүмкін. Бұл тексерулер ықтимал қауіптерді байқауда алдын алу қамту жұмыстарында өте маңызды.

Сіздің құқығыңыз бар техникалық қамту мен жөндеу жұмыстарын ғана жүргізіңіз. Басқа мәселелер туралы өзіңіздің басшыңызға хабарлаңыз.



Сіздің жүмысыңыз өте маңызды. Егер алдын алу жұмыстары дұрыс жоспарланып, ұйымдастырылса – ол апаттардан сақтанудың басты факторы.


КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

Көлік құралдары біздің жұмыс алаңдарымызда күн сайын пайдаланылады, және біз оларды жақсы білетініміз соншалық, тіпті кейде олармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздікті ұмытып кетеміз. Сондықтан біз көлік құралдарын пайдаланған кездегі есте сақтауға арналған бірнеше ережелерді келтіреміз.

Көлік құралдары жақсы жұмыс күйінде болуы керек. Көлік құралдарын күн сайын тексеру – бұл әрбір жүргізушінің/оператордың тікелей міндеті.

Жанар майдың, жағар майдың және судың деңгейлерін күн сайын тексеріңіз. Көлік құралдарының тексерулерін еш уақытта өткізіп алмаңыз. Шиналарының күйін қарап, бұрылу және маңдайындағы жарық белгілері мен фараларының жұмыс күйінде екендігіне көз жеткізіңіз. Өзіңіз бақылаған тексерулер қортындыларын техникалық тексерулердің есебі журналына жазыңыз.

Көлік құралдарын басқару кезінде техника қауіпсіздігінің мына ережелерін сақтаңыз. Жылдамдықты әрқашанда шектеуді сақтаңыз. Сағатына 60 км/сағ жылдамдық шектеуі бар болғандықтан бұл жылдамдық әрқашанда қауіпсіз бе? Жоқ.

Сіздің дер кезінде тоқтау мүмкіндігіңізге әсер ететін қарсы келе жатқан көліктердің жылдамдығына, ауа райына және басқа факторларға сәйкес жылдамдығыңызды реттеңіз.

Егер құрылыс материалдары немесе басқа материалдар жақтаудың қапталынан не артынан шығып тұрса, оларды белгі беретін қызыл жалаулармен белгілеңіз.

Жүрердің алдында арқы есіктердің жабылғанына және материалдардың дұрыс бекітілгеніне көз жеткізіңіз.

Көлік құралындағы қауіпсіздік белбеулерінің ең көп санына қарай таситын жолаушылардың саны белгіленеді. Қауіпсіздік белбеулері көлік құралының барлық жолаушыларында болуы және олар бекітілуі тиіс.

Көлік құралын сақ жүргізіңіз. Жолда жүру құқығы ол беріледі, оны ешкім алмайды. Сіз көлік құралын жүргізіп келе жатқанда басқа жүргізуші немесе оның әрекеті туралы ойлаңыз.

Олармен бірге өзіңізге де қарап отырыңыз.

Компанияның көлік құралымен болған кезкелген мәселелерді Өзіңіздің басшыңызға хабарлаңыз. Компанияның көлік құралымен болған кезкелген теріс пайдаланушылықтар Сіздің жұмыстан босатылуыңызға әкеліп соғады. Сондықтан көлік құралына ұқыпты және жауапкершілікпен қараңыз.



БАҒЫТЫҢЫЗДЫ ӨЗГЕРТПЕСТЕН БҰРЫН «КӨРІНБЕЙТІН ЗОНАЛАРДЫ» ТЕКСЕРІП АЛЫҢЫЗ.

ҚАУІПСІЗДІК БЕЛДІКТЕРІ

Дұрыс пайдаланылған жағдайда қауіпсіздік белдіктері жүргізушіні отырғышта бекітіп, соққыдан аударылып төңкерілгенде немесе аударылғанда қорғау конструкциясының ішінде қалуға көмектеседі. Қауіпсіздік белдігін және бекіту құрылғыларын қамтитын жиынтықтағы отырғыш тұрақты негізде тексерілуі тиіс. Қарап тексеруді жұмыс ауысымы алдында жалпы қарап тексеру кезінде және өндірушіден пайдалану және техникалық байқау нұсқаулығына сәйкес жүргізілуі тиіс. Қауіпсіздік белдікті қарап тексеру рәсіміне мынадай тармақтарды қосыңыз:



  • Қауіпсіздік белдіктерінің бекіту құрылғыларын тозу немесе зақымдалу мәніне қарап тексеріңіз. Олар зақымдалған немесе тозған жағдайда бекіту құрылғыларын ауыстырыңыз;

  • Бекіту бұрандамаларын қарап тексеріңіз. Егер бекіту бұрандамалары дұрыс бекітілмесе, оларды бұрап тастаңыз;

  • Белдік тілін тозу мен зақымдалу мәніне тексеріңіз. Егер тіл тозып, зақымдалса, қауіпсіздік белдігін ауыстырыңыз;

  • Қауіпсіздік белдігінің лентасын тозу мен зақымдалу мәніне тексеріңіз. Егер белдік лентасы тозып, зақымдалса, қауіпсіздік белдігін ауыстырыңыз;

  • Қауіпсіздік белдігінің тілі мен кергісінің жұмысын тексеріңіз. Тілі мен кергісі жұмыс істемесе, қауіпсіздік белдігін ауыстырыңыз.

Үш нүктелі қауіпсіздік белдігін қосымша тексеру (болған жағдайда):

  • Белдіктің иық бағыттағышын тексеріңіз. Иық бағыттағышы құрылғысын реттеңіз және/немесе кедергілерді жойыңыз;

  • Қауіпсіздік белдігін бекіту биіктігін реттегішті тексеріңіз. Егер белдік қалпының биіктігін реттегіш жұмыс істемес, қауіпсіздік белдігін ауыстырыңыз.

Назар аударыңыз:

  • Барлық зақымдалған немесе тозған қосалқы бөлшектерді ауыстырыңыз;

  • Машинаны басқару кезінде қауіпсіздік белдігін тағыңыз;

  • Лентаны сабынды суға малынған губкамен лентамен сүртіңіз. Ағартқышты, бояғыш заттарды немесе өнеркәсіптік жуу құралдарын ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.



ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНДАРДЫ ҚАУПІСІЗ ПАЙДАЛАНУ

Ұялы телефонды дұрыс пайдаланбау қауіптері:

  • Жұмыс орнында ұялы телефонды пайдалану зейінсіздік себебі болуы мүмкін;




  • Басқа жұмыскерлердің телефонды пайдалануы әріптестерді алаңдатуы мүмкін;




  • Зейінсіздік пен алаңдау мүліктің бұзылуына және денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін.

Алаңдататын факторларды болдырмау үшін:

  • Ешқашан ұялы телефонды жабдықты пайдалану кезінде пайдаланбаңыз;




  • Ешқашан ұялы телефонды жабдықты пайдалану кезінде хабарламаларды жіберу/қабылдау үшін пайдаланбаңыз;




  • Телефоныңызды қоңырау шалғанда Сізді немесе аумақтағы адамдарды шошытпайтын жерде сақтаңыз;




  • Қоңырауларға кейін жауап беру үшін дауыс почтасына қайта бағыттауды қосыңыз.

Зақымдалуды болдырмау үшін:

  • Тез жанатын сұйықтықтардың жанында телефонды пайдаланбаңыз;




  • Кез келген жарылыс аумағынан 30 метр қашықтықта телефонды өшіріңіз;




  • Осы учаскеге тән, ұялы телефонды пайдалануға байланысты нақты қауіптілік аймақтарын зерттеңіз.




Механикаландырылған құрал-саймандармен жұмыс жасаған кездегі қауіпсіздік



1   2   3   4   5   6   7   8


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет