ЕҢбек қауіпсіздігі және еңбекті қОРҒау жиналыстарын жүргізге арналған тақырыптар жинағЫ



бет2/8
Дата25.02.2017
өлшемі1.45 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

ҚМГ АЛТЫН ЕРЕЖЕЛЕРІ
«Алтын ережелер» – бұл өндірістік тәуекелдерді алдын алуға арналған қарапайым, баршаға түсінікті және сенімді тәсіл. Бұл ережелерді ҚМГ барлық қызметкерлері және мердігерлері сақтауға міндетті. Табысты болуды көздеген компания, өз қызметкерлеріне сенім артуы және осы қарапайым ережелерді сақтауы тиіс. «Алтын ережелерді» сақтау – ең маңызды болып табылатын адам өмірін сақтау.

Жұмысқа дайын болу




ҚМГ-дың негізгі қағидаларының бірі жұмыс орындарында салауатты өмір салтын қолдау, сонымен бірге қызметкерлердің денсаулығына өндірістік жұмыстардан қандай да бір кері зардаптардың болдырмауын қамтамасыз ету.

Көлікті жүргізу кезіндегі қауіпсіздік




Көлік құралдарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік туралы ескертпені ешқашанда ұмытпаңыз.

Қауіптілігі жоғары жұмыстарға наряд-рұқсат




Қауіптілігі жоғары жұмыстар тек қолданыстағы наряд-рұқсаттармен ғана жүргізілуі тиіс. Наряд-рұқсат – сіздің қауіпсіздігіңіз үшін қажетті әрекеттерді сипаттайды.

Энергия көздерін оқшаулау




Жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізер алдында, барлық энергия көздерінің оқшауландырылғандығына көз жеткізу қажет және міндетті түрде жеке қорғаныс құралдары мен қорғаушы жабдықтарды пайдалану қажет.


ҚМГ АЛТЫН ЕРЕЖЕЛЕРІ

Тұйық кеңістікте жұмыс жасау




Тұйық кеңістікте жарылысқа қауіпті,улы газ немесе басқа да қауіпті заттар, сүріну және құлау қауіптерін күшейтетін заттар кездеседі,оттегінің мүлде аз деңгейде болуы. Тұйық кеңістікте өндірістік жұмыстарды бастардың алдында наряд-рұқсатты рәсімдеу қажет.

Биіктікте жұмыс жасау




Биіктікте жұмыс жасау кезінде құлап кетуден қорғау үшін тиісті шараларды қабылдау қажет. Қауіпсіздік мақсаттары ретінде 1,3 метрден артық биіктіктен құлау қауіптері бар, қорғалған аумақтардан тыс жерде жұмыс жүргізу кезінде құлаудан қорғайтын қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз.


Қозғалатын және қысым үстіндегі жабдықтар




Қызметкерлер, қозғалатын және қысым үстіндегі жабдықтардан қауіпсіз ара қашықтықта тұрулары қажет. «Қауіпті аумақта» жұмыс жүргізу, қысым үстіндегі жабдықтардың немесе қозғалатын жабдықтардың қасында болу қауіпті болып табылады.

Жүк көтеру жұмыстары




Крандарды, жүкшығарларды, механикалық көтергіш қондырғылар, жүкті қармаушы тетіктерді қолданатын жүк көтергіш жұмыстар жарақат алуға қауіпті әлеуетті көздер болып табылады.


БІРНЕШЕ ӘДЕТТЕГІ СЫЛТАУЛАР

Біз көзге көрінерлік ешқандай себепсіз болған жазатайым оқиғалар жөнінде жиі естиміз. Біз осы оқиғалардың соңында нақты себептер бар екенін білеміз, бірақ кейбірде оларды көрсету оңай болмайды.

СІЗ ҮНЕМІ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАП ЖҮРУІҢІЗ КЕРЕК. Қауіпсіздік ережелерін елемеу салдарынан сіз жарақат алуыңыз мүмкін. Ол ережелер Сіздің денсаулығыңызды сақтау үшін әзірленген.

Әрқашан «МЕН КӨРГЕН ЖОҚПЫН», «МЕН ОЙЛАҒАН ЖОҚПЫН» және «МЕН БІЛГЕН ЖОҚПЫН» деген сияқты ескі сылтауларды қолдану оңай. Өзіңіз немесе әріптесіңіз жарақат алғаннан кейін айтылған осындай сылтаулар барынша аянышты естіледі. Сіз «оқталмаған» мылтықпен біреудің жараланғаны туралы жиі естіген боларсыз? Бұл оқиғалар мылтықты ұстап тұрған адам оның оқталғаны туралы «ОЙЛАМАУЫ» себебінен болды. Жұмыстағы апаттар да осындай себептерден болады. Егер азғана уақыт алып ойланғанда, ондай жағдайлар болмас еді.

Егер де Сізге көзге қауіпі бар жұмыс орны, таңбалау және қауіпсіздік белгілернің жеткіліксіздігінен апатқа әкеліп соқтыруы мүмкін жұмыс жағдайлары белгілі болса, онда қауіптің алдын алып, жою мақсатында ол жөнінде өзіңіздің басшыңызға хабарлаңыз.

Біреу бір кезде «КӨРМЕЙ», «ОЙЛАМАЙ» немесе «БІЛМЕЙ» жасап қойған барлық оқыс оқиғалардың алдын алуға тырысыңыз.

ЕГЕР СІЗ ЖҰМЫСТЫҢ ҚАУІПСІЗ ОРЫНДАУ ӘДІСІН БІЛМЕСЕҢІЗ, СҰРАП АЛЫҢЫЗ!

Жұмыс орнына барыңыз! Бригадамен жиналыс өткізіңіз! Тапсырманы талқылаңыз! Тәуекелдерді анықтаңыз! Тәуекелдерді жойыңыз!


ОҚИҒАЛАРДЫ СЕЗІНУ


Апаттардың алдын алудағы негізгі шаралардың бірі – бұл «СЕЗІНУ» болып табылады. Бірдеңенің болатынын алдын ала сезгендіктен, біз оқиғаның алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдана аламыз.

Біз қолдануымыз тиіс шаралардың бірі, – бұл болған барлық әлеуетті қауіпті оқиғаларды зерттеу. Біз әрқашанда қауіпсіз емес қызметтер жөнінде хабардар болып, жарақаттар алуға әкеліп соққан жаңсақтықтар жөнінде білуіміз керек. Зерттеулер орташа алғанда жарақат алуға әкеліп соққан әрбір жазатайым оқиғаға қатысты, жарақат алуға соқтырмаған басқа да ұқсас ықтимал қауіпті оқиғалардың бар екенін көрсетті.

Сонымен, біз оқыс оқиғалардың бәрі жарақат алумен аяқталмайтынын көріп отырмыз. Бірақ, олар бізге бір нәрсенің ойдағыдай емес екенін меңзейді. Уақытында түзетілмеген оқыс оқиғалар жуық арада ірі апаттарға соқтыруы мүмкін.

Біз жарақатқа соқтырмаған әлеуетті қауіпті оқиғаларды, олар елеусіз болса да жиі болып тұратынын білеміз. Олардың да жарақатқа алып келген оқиғалар сияқты себептері болуы мүмкін және сондай тәсілдермен олардың алдын алуға болады. Олар өте қымбат және өндірістің шығындарына қосылады. Бұндай оқыс оқиғалардың алдын алу өте маңызды.

Егер де жазатайым жарақат орын алған болса, ол қауіпсіздік талаптарының сақтамауынан болуы мүмкін. Мүмкін алдын ала кемшіліктер жіберілуі мүмкін. Біз осылардың барлығын түсіну үшін неше рет әлеуетті қауіпті оқиғаларға жол беруіміз керек? Егер де біз шынымен де қауіпсіздікке сеніп, жарақатқа жол бергіміз келсе, бір жіберілген әлеуетті қауіпті оқиғада жеткілікті.

Жарақатқа соқтырмаған әлеуетті қауіпті оқиғалар мен жарақатқа алып келген оқиғаларды зерттеуіміз қажет.

Барлық оқиғалар туралы хабарлап отырыңыз. Әйтпесе ақыр аяғында Үлкен сандар заңы жай жаңсақтықтан ауыр жарақатқа алып келуі мүмкін.

ЕСКЕРТУ: Әрқайсымыз оқиғаның алдын алу үшін шамалы болса да үлес қосайық!

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАМАУ ӘДЕТІ

Қауіпсіздік сөзі Сіздің қауіптен, жарақаттардан және зияннан ара болуыңызға және Сіздің жеке басыңыздың қорғалуына қатысты. Бұлай болғанын әркім қалайды, бірақ әрқашан қол жеткізе алмайды. Қауіпсіздікті қолдау және сақтау үшін көп күш-жігер қажет.

Әдеттегідей қауіпсіздік сөзі жиі қолданылғандықтан, Сіздердің көпшілігіңіз бұл сөзді үгіт немесе Сіздің өміріңізді өзгертуге не болмаса жаман қылықтарды тастауға итермелейтін сөз ретінде қабылдайсыз.

Оның орнына Сіз ол сөзді өз өміріңізде жасайтын барлық нәрселерге қолдануға болатын сөз деп қабылдаңыз. Түсіну қажет, егер Сіз қауіпсіздік ережелерін орындамасаңыз немесе көңіл қоймасаңыз, онда Сіз өз жұмысыңызды тиісті түрде орындамағаныңыз!

Мысалы: егер Сіз машинаны ұқыпты жүргізсеңіз, Сіз бар болғаны, өзіңіздің автомобиліңізді белгіленген тәртіппен басқарғаныңыз және ережелерді сақтағаныңыз. Егер Сіздің жұмысыңыз онымен жұмыс істеген кезде көзілдірік кию керек аспаппен байланысты болса, оған немқұрайлы қарамаңыз. Қорғайтын көзілдірік сол аспапты дұрыс пайдалану үшін қажетті керек-жарақ. Егер Сіз үйде отыруға арналған орындықта тұру орнына баспалдақты пайдалану мүмкіндігін табыңыз.

Бүгін Сіздің жаман әдеттеріңіз туралы ойланып, оларды түзететін уақыт келді.

Сіздің жаман әдеттеріңізді түзету зейін қоюды және күш-жігер жұмсауды талап етеді, бірақ нәтижесінде ол Сізге неғұрлым жауапты және керек қызметкер және айнлалаңыздағылар үшін үлгі болуға септігін тигізеді – және осы күш-жігеріңіздің сыйы осы жылы орын алған оқиғалардың статистикасын азаюы болмақ.

ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Басшылар барлық қызметкерлердің қауіпсіздігі және денсаулығы үшін, сондай-ақ қауіпсіз жұмыс орны мен бүкіл өндірістік процестің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапты. Біз жұмыскерлердің міндеттерін және оның мәнін жариялағымыз келіп отыр

Жұмыс берушілер мен басшылар қызметкерлер өз міндеттерін сақтайды деп үміттенеді. Қауіпсіздік және еңбек қорғау қағидасын сақтау жұмыс орнына келген сәттен бастап басталады және ол бүкіл жұмыс уақытында сақталуы тиіс және жұмыскерлер қауіпсіздікпен және еңбек қорғаумен байланысты проблемаларды басшыларға уақытылы хабардар ету.



Ұсынылып отырған міндеттердің көлемі:

Жұмыскерлер міндетті:

  • Кез-келген ақпаратты тыңдауы әрі есте сақтауы тиіс. Қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша курстарға және біліктілікті арттыру курстарына белсенді түрде қатысуы керек.

  • Егер ақпарат түсініксіз болса немесе тапсырманы орындай алмай жатсаңыз көмек сұраңыз.

  • Қауіпсіздік және еңбек қорғау қағидасының бұзушылықтары немесе жазатайым оқиғалар туралы дереу хабарлаңыз. Әсіресе бұзушылық қайталанатын болса. Бұл барлық жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

  • Басшымен мүмкіндігінше тезірек хабарласыңыз. Әрбір жағдайда проблеманы өзіңіз шешуге тырысыңыз (бұл жағдайда сіз басшыдан гөрі проблеманы және оны қалай шешу керектігін жақсырақ түсінуіңіз мүмкін).

  • Шешілмей қалған проблема туралы өзіңіздің басшыңызбен қайта сөйлесіңіз (ол ұмытып кетуі мүмкін).

  • Жұмыс орнындағы қауіпсіздік үшін белсенді күрескер болыңыз. Қауіпсіздік жөніндегі жиналыстарға және митингілерге, қауіпсіздік жөніндегі оқуларға қатысыңыз. Қызметкерлердің міндеттеріне көптеген аспектілер кіреді, бұл тізімді шексіз жалғастыруға болады. Өз мүмкіндіктеріңізді өз учаскеңізбен шектемеңіз, басқалардан және де, өз басшыңыздаң үлгі алыңыз.


ҚАУІПСІЗДІКТІҢ НЕГІЗГІ ОН АСПЕКТІЛЕРІ

1. Нұсқаулықтарды сақтаңыз. Сәттілікке арқа сүйемеңіз. Білмесеңіз, СҰРАҢЫЗ.

2. Қауіпсіз емес жағдайларды түзетіңіз және олар жөнінде хабарлаңыз.

3. Жұмыс орнында тазалық пен тәртіп сақтаңыз.

4. Жұмыс кезінде оған арналған аспаптар мен жабдықтарды пайдаланыңыз.

5. Қандай да болмасын кез келген жарақат туралы дереу Өзіңіздің басшыңызға хабарлаңыз. Қажет болса, алғашқы дәрігерлік жәрдем мен ем алыңыз.

6. Егер оған құқығыңыз болған жағдайда ғана жабдықтарды пайдаланыңыз, реттеңіз және оңдаңыз.

7. Жеке қорғану құралдарын пайдаланыңыз. Арнайы киім киіңіз. Жеке қорғану құралдарын дұрыс жағдайда және арнайы жерде сақтаңыз.

8. Қатты пікір айтудан сақтаныңыз. Басқалардың назарын аудармаңыз.

9. Ауыр жүктерді көтерген кезде, егер жүк ауыр болса немесе өте үлкен болса, әріптерстеріңізден көмек сұраңыз.

10. Қауіпсіздіктің барлық белгілері мен ережелерін сақтаңыз.

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ: ОСЫЛАРДЫ ОРЫНДАУ – ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ!

ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАҒАЛАУ

Әлеуетті қауіп физикалық сипатта болуы мүмкін және денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін. Осы секілді қауіптердің барлығын айқындау үшін қауіп-қатерлердің кешенді бағалануын жүргізу қажет.



Физикалық қаупі бар факторлар:

  • Әсер ету, сіңу тереңдігі немесе қысу дәрежесі (аударылған жағдайда);

  • Объектілердің құлау немесе оларды тастау ықтималдығы;

  • Тесе алатын немесе жаралуға немесе шаншып алуға болатын өткір заттар;

  • Жұмыскер мен жабдық арасындағы механикалық әсерге әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттер.


Денсаулыққа төнетін қауіп:

  • Жұмыс орнындағы химиялық препараттар немесе зиянды шаң;

  • Күйікке, көздің зақымдалуына немесе өртке әкеп соғуы мүмкін жоғары температура;

  • Жарық (оптикалық) сәулелендіру көздері;

  • Биологиялық қауіп (қанға жұқтыру, ықтималды зақымдалған материалдар және т.б.).

Іс-шаралар:

  • Бағалауды аяқтағаннан кейін, қажетті қорғау құралдарын айқындау үшін деректерді әрі қарай пайдалану үшін жүйеге келтіріп, талдау жүргізіңіз;

  • Жұмыс орнын, оның жағдайын, жабдықтың күйін немесе орындалған жұмыс тәртібін оқтын-оқтын тексеріңіз;

  • Үрдістер мен проблемалық мәселелер туралы түсінік болу үшін зақымдалу мен аурулар туралы есептерді қараңыз;

  • Жеке қорғау құралдарының жарамдылығын тексеріңіз.


Жеке қорғану құралдарының тексеріңіз жарамдылығын.

ҚАУІПТІЛІКТІ КӨРЕ БІЛУ

Қауіпсіздік – өмір салты және оны әрқашан есте сақтап жүрген жөн. Қауіптілікті көре білу өзіңіздің және әріптестеріңіздің қауіпсіздігін сақтау үшін өте маңызды.



Қауіптілікті көру білуге қалай үйренуге болады:

  • Күн сайын өз жұмысыңызды орындау бойынша және жұмыс орныңыздағы қауіпсіздік техникасы қағидаларын қайта қараңыз;

  • Қауіпсіз емес іс-әрекеттердің қандай салдарға әкеп соғатынын білген жөн;

  • Сәл мүмкіндік болған жағдайда еңбек қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларға қатысыңыз;

  • Еңбек қауіпсіздігі саласындағы біліміңізді өз жұмысыңыздың барлық аспектілерінде әрдайым қолданыңыз;

  • Жас жұмыскерлерге туындай алатын ықтимал қауіпті жағдайларды көрсетіп, оларға нұсқама беруді жүргізуге жәрдемдесіңіз.


Қауіпті іс-әрекеттерді айқындау:

  • Айналаңызбен танысыңыз;

  • Көптеген қауіпті жағдайлар дұрыс қараған адамға көрініп тұрады.


Ықтимал қауіп-қатерді жойыңыз:

  • Қауіп-қатерді жою бойынша іс-әрекеттер жүргізілгенде ғана оларды көріп білу нәтижелі болады;

  • Басшыға арналған есепте барлық ықтимал қауіп-қатерлерді көрсетіңіз;

  • Басшыңызбен жұмыс орнындағы қауіп-қатерді жою бағытында бірге жұмыс істеп, ол туралы әріптестеріңізге хабарлаңыз және қауіпті жағдайларды тудырмау туралы ескертіңіз;

  • Өз жұмыс орныңызда еңбек қауіпсіздігін үйлестіруші болып, қауіпсіздік шараларын сақтау маңыздылығына әріптестеріңіздің назарын аударыңыз;

Егер күмәндансаңыз – сұраңыз.

ЖАЗАТАЙЫМ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ОҚИҒА КЕЗІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТТЕР

Барлық апаттар және сәтсіз жағдайлар туралы олар Сізге қаншалық елеусіз болып көрінгенмен, олар жайында кідіріссіз хабарлаңыз.



  • Егер Сіз болмашы ғана жаралансаңыз немесе жарақат алсаңыз, ол жайында өзңіздің басшыңызға хабарлаңыз, қажетті медициналық көмек алыңыз және Оқиғалар журналына жазба жүргізілгендігіне көз жеткізіңіз;

  • Барлық ықтимал қауіпті оқиғалар туралы басшыға хабарлаңыз, әйтпесе, бүгін болмаған қауіпті оқиға ертеңгісі жазатайым оқиға болуы мүмкін. Болуы мүмкін сәтсіз оқиғаның алдын алу үшін оның себебін зерттеу керек. «Ықтимал қауіпті оқиға» дегеніміз ол ешкім жарақат алмаған, құлап қалған траншея. Әрбір ықтимал қауіпті оқиға, егер оған тексеру жүргізілмесе, ол дегеніміз – ықтимал сәтсіз оқиға;

  • Өткір қажеттілік болмаса, оқиға болған орында ештеңені қозғалтпаңыз;

  • Жазатайым оқиғаны тексеруге тартылған әрбір қызметкерге қолдау көрсетіңіз;

  • Жазатайым оқиғаның қайталанбауы үшін мұндай тексеру жүргізудің маңызы өте зор.

Кез-келген оқиға туралы басшыға дереу хабарлануы тиіс, егер ол оқиға сізбен болмаса да.
ҚАУІПТІ ІС-ӘРЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАУІПТІ ЖАҒДАЙ

Көптеген кәсіби жарақаттар мен жазатайым оқиғалардың себебі қауіпті жағдай мен қауіпті іс-әрекеттер болып табылатыны анықталды.

  • Қауіпті жағдай айналамызда барлық жерде бар, мысалы, әдеттегідей автомобиль жүргізу әрқайсымызды жазатайым оқиғаларға осал етеді. Біздің айналамызда зиян келтіре алатын қауіптіліктер бар, бірақ көп жағдайда біз осы қауіптіліктерден аман-есен өтіп, баратын жерімізге қауіпсіз жетеміз;

  • Көп жағдайда қауіпті іс-әрекеттер қауіпті жағдайды одан да қауіпті етуі мүмкін. Мысалы, қар, жүргізуге қауіпті жағдай тудырады, бірақ қардың үстінен баяуламай не қауіпсіз қашықтықты сақтамай жүргенде, қауіп күшейе түседі;

  • Қауіпті жағдайлар біздің мінез-құлқымызға байланысты: Біздің мінез-құлқымыз (іс-әрекеттеріміз) біздің біліктілігіміздің деңгейіне байланысты емес. Басқаша айтқанда, біздің кейбір ең тәжірибелі жұмыскерлеріміз іс жүзінде ең қауіпті мінез-құлық нысандарын көрсетуі мүмкін. Шын мәнісінде, зерттеулер тәжірибе жиналған сайын жұмыскерлерде мінез-құлықтың қауіпті модельдерінің дамуының үлкен ықтималдығын көрсетті;

  • Болжай алмаушылық немесе өзіне-өзі сенушілік жарақаттарға немесе жазатайым жағдайларға әкеп соғуы мүмкін.

Кез келген құрылыс алаңында, әсіресе, қауіпті жағдай болғанда, қауіпсіз іс-әрекеттерді жасауға тырысыңыз.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қауіпті іс-әрекет пен қауіпті жағдай арасындағы айырмашылық қандай?

  • Қауіпті іс-әрекеттерді орындауға байланысты жұмыс орнында қандай да бір болмасын қауіпті жағдай бар ма?



ҚАУІПСІЗДІККЕ ШАҚЫРУ

Біздің барлығымызда туғаннан бастап өзін өзі сақтау қасиеті бар. Қауіпсіздікті сақтауды қайталай беруді түсіну қиын емес. Кәнеки, көңілге қонатын екіден астам тілекті қарастырайық: жарақаттан қашық болу және өмірді сақтау тілегі.

Жарақат алу мен өлім - бұдан біздердің барлығымыз апаттарды түзу жолындағы аулақ болатын нәрсе, алайда біздің көпшілігіміз апаттар болуы мүмкін жағдайлардың алдын алу үшін ештеңе жасамаймыз. Алайда, жұмыста кейбіреулердің алаңғасырлығынан болатын қателіктердің алдын алу үшін кейбір нәрселер қажет болады.

Біріншіден, Сіз Өз жұмысыңызды жақсы білсеңізде, және ұзақ жыл жұмыс жасасаңызда әрқашанда сақ болыңыз. Қалай ғана қырағылықты жоғалтсаңыз, Сіз кез-келген қауіпке осал боласыз.

Екіншіден, Қауіпсіздікке уақыт табыңыз. Бұл жолы апат орын алмайтынына үміт артпаңыз. Асығып және қорғаныс құралдарын пайдалануға мүмкіндік таба алмай, біз өзіміздің мүмкіндіктеріне үлкен жол ашамыз.

Қауіпті іс-әрекеттен сақтанудың үшінші әдісі – жұмысты орындауға жақсы өндірістік дағдылар таңдап және оны үнемі жетілдіріңіз. Кез келген бір жұмысты орындаудың дұрыс әдісі бар – бұл дегеніміз жұмысты қауіпсіз орындау. Басқа адамдармен болған апаттар жайдан жай болмай, ең аз дегенде сол «басқа адамдардың» қатарында Сізден басқа әрбір адам болуы мүмкін екенін мойындаңыз.

Апаттар әруақытта да кенеттен болатыны ащы шындық. Олар әркіммен болуы мүмкін.

Еңбек қауіпсіздікті әрқайсысымыздан байланысты. Сондықтан да осы ортақ іске өзіңіздің үлесіңізді қосыңыз. Сақ болыңыз. Қауіптің ошағын байқасаңыз да, оларды өзіңіздің басшыңызға хабарлаңыз. Уақытында байқаңыз. Бәріміз қауіпсіздікте болғымыз келеді, бірақ еңбек қауіпсіздігін әркім әртүрлі түсінеді. Шын мәнінде қауіпсіздік – Сіздің жақсы орындаған жұмысыңыз.

Бұл Сіздің өзіңіздің игілігіңіз және өндіріс пен сапа үшін дұрыс істелген жұмыс. Осы факторлардың барлығы бір-біріне тығыз байланысты. Еңбек қауіпсіздігі өз кезегінде Сіздің жарақат пен қазаға ұшырауыңыздан сақтануыңызға мүмкіндік береді.
БҰЛ МАҒАН НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Еңбек қауіпсізді және еңбекті қорғау сұрақтарына қатаң қарайтын қызметкерлер көп кезде апаттық жағдайдың алдын алып, одан құтылып кетуі, әрине жақсы фактор.

Еңбек қауіпсізді және еңбекті қорғау қағидаларын сақтайтын қызметкерлер басқалардың алдында абыройлы болып, өмірге кемелденген көзқараспен қарайды. Және, әрине олардың жанұялары өздерінің асыраушысының денсаулығын бағалайды.

Ақыл-ойы дұрыс қызметкер қауіпсіздік ережелері өзін қорғауға арналғанын біледі және бірінші кезекте ол белгілі бір жауапкершілікке міндеттейтін түсінеді. Басқаша сөзбен айтқанда, Сіз оқыс оқиғаға тап болып, және содан кейін жағдайға байланысты әрекет ете білуді үйретеді.

Қосымша айтқанда, Сіздің жұмысыңыз үшін әзірленген еңбек қауіпсіздігі ережелерін орындаңыз. Осы жұмысқа есептелген қорғану жабдықтарын пайдаланыңыз. Өз жұмысыңызға мұқият болыңыз, егер Сізде сұрақтар туса, онда, басшыңызбен кеңесіңіз.

Жабдықтармен абайлап жұмыс жасаңыз, олардың сақтандыру құрылғылары орнында екеніне және жабдықтарды іске қосар алдында олардың жақсы күйде екеніне көз жеткізіңіз. Жабдықтарды басқаруға құқығыңыз болғанда ғана олармен жұмыс жасаңыз.

Есіңізде болсын: Апаттар өзінен өзі болмайды, оның себептері бар – олар не қауіпсіз емес әрекеттер, не қауіпсіз емес жағдайлар немесе осылардың екеуінен де болуы мүмкін.

Қауіпсіз емес әрекеттер – бұлар, мысалы, қатерлі қылықтар және жөнсіз айтылған пікірлер.

Жабдықтарды қауіпсіз жылдамдықта басқарыңыз және жабдықты реттеу немесе жөндеу алдында барлық кезде сөндіріңіз.

Өзіңіздің жұмыс аумағыңызда тәртіп болуын қадағалаңыз және материалдарды тиегенде немесе жинастырғанда белгіленген тәртіппен жасаңыз. Көптеген қауіп көздерін жоюға болады.

Егер Сіз қашанда болса, «Маған неге керек?» деп ойласаңыз, онда оған лайықты жауап Сіздің алдыңызда. Қауіпсіздікке қарсы өзіңіздің қатынасыңызды дамытыңыз.

Олар тек қана Сіз үшін ғана емес, сонымен бірге сізбен жұмыс жасайтын адамдар үшін де толықтай пайдалы болады.


СІЗДІҢ ЖЕКЕ ЖАУАПКЕРШІЛІГІҢІЗ

Әрбір адам өзінің тағдырын өзі таңдайды және оның жақсы не жаман болуы, ол адамның өзінің жеке жауапкершілігіне байланысты.

Жас кезімізде бізді өзімізге жауапкершілік қабылдауға үйретті: «көшені кесіп өтпестен бұрын, байқа қара...», «... шырпымен ойнау қауіпті ...», «...үйге жарық барында кел..». Бірақ бүгін біздер үлкен болсақ та, белгілі бір шешімдерді қабылдауға әлі оқып-үйренудеміз.

Егер кімде-кім жауапкершіліктен қашса, онда ол белгілі бір қортындыларға келеді. Біздің қоғамымызда полиция, сот, әлеуметтік қызметкерлері және т.б. осы салдардың көптігіне жауап береді.

Сіз жауапкершілік қабылдау және қауіпсіздік ережелерін орындау арқылы жұмыстағы және үйдегі Өзіңіздің болашағыңызды қамтамасыз етесіз. Осындай істерді Сіз жұмыстас жолдасыңыз үшін де жасайсыз, өйткені Сіз оның алдында апатты жағдайдың алдын алуға жауаптысыз.

Егер Сіз қауіпті қылықты байқасаңыз, онда басқаларға айтып-ескертіп, келешекте ондайға кездеспеу үшін бірдеңе жасауға тиіссіз.

Егер техника қауіпсіздігі сақталмаса, онда басқа қызметкерлерді сақтандырыңыз. Ең соңында олар да Сіздің алдыңызда апатты жағдайдың алдын алуға жауапты болады.

Жақсы қылықтарды үйреніңіз – ашуланшақ болмаңыз, және асығыстықтан зардап алуыңыз мүмкін екенін есте ұстаңыз.

Ойланыңыз: “Егер мен бірдеңені дұрыс емес істесем, мен жарақат алуым мүмкін”. Содан кейін жұмысты дұрыс орындаңыз.

Егер Сіз басшы болсаңыз, онда жаңа келгендерге қауіпсіздік –түгелдей барлықтарына бірдей арналған ережелер екенін түсінуге көмектесіңіз. Оларды жұмысқа жіберерден бұрын, басқалардың қауіпсіздіктері үшін өздеріне жауапкершілік қабылдауға үйретіңіз.

Тұрмыстық мәселелер мен көңіл-күйдегі торығуларды жұмысқа келгенде ойламауды ережеге айналдырыңыз. Апаттар тектен тек болмайды - олардың себептері бар. Аздаған кемшіліктер тұрақты жағымсыз қылықтарға ұласпай тұрғанда оларды түзетіңіз. Сіз қауіпсіздік үшін жауаптысыз.

ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАЗІР МАҢЫЗДЫ, АРТЫНАН КЕШ БОЛУЫ МҮМКІН”.


ҚАУІПСІЗДІК НЕНІ БІЛДІРЕДІ

1. Қауіпсіздік мнаны білдіреді: Өз жұмысыңызды толық ұғынуды. Басатын әрбір қадамыңызды білуді. Жұмысты орындау кезіндегі қателіктер СІЗ ЖӘНЕ СІЗДІҢ КОМПАНИЯҢЫЗ ҮШІН тым қымбатқа түсуі мүмкін.

2. Қауіпсіздік мынаны білдіреді: Сақтанғанды Құдай да сақтайды. Ешуақытта сәттілікке үміт артпаңыз. Күтпеген жағдайлардан шығуға дайын болыңыз. Кәдімгі қарапайым жұмысты орындау кезінде сақ болыңыз.

3. Қауіпсіздік мынаны білдіреді:Жанұяыңыздың алдындағы жауапкершілік Сізге қатысты. Сізге жұмыс берген компанияның алдындағы жауапкершілік. Игілігіңіз үшін өзіңіздің алдыңыздағы жауапкершілік.

4. Қауіпсіздік мынаны білдіреді:Сіздің компаниядағы техника қауіпсіздігі жөніндегі ережелерді білу және жұмыс кезінде ӘРБІР МИНУТТА оларды қолдану.

СІЗ БІР РЕТ ТӘУЕКЕЛГЕ БАС ТІГІП, АПАТҚА ҰШЫРАСАҢЫЗ, ОДАН КЕЙІН СІЗ ЕНДІ ЕШҚАШАНДА ӨЗІҢІЗГЕ КЕЛЕ АЛМАЙСЫЗ.

ӨЗ ӨЗІНЕ АСА СЕНІМДІЛІК

Кез келген оқиға басқа адаммен болады, маған ештеңе болмайды. Мен ешқашан қателесмеймін деген өз өзіне аса сенімділік адамды істеп жатқан жұмысын жан жақты ойлауға жібермейді. Мен жұмыстың орындалу барысын өзім өте жақсы білемін деген ой адамның жасап жатқан іс әрекетін байыптап қарауға, жұмыстың қауіпсіз орындалу әдістерін тағы бір саралап ойлауға жібермейді.


ЗЕЙІНСІЗДІК

Көп мәрте қайталанатын бір сарындағы жұмысты орындау кезінде адамның қырағылығы төмендейді. Жұмысшы күнбе күн бірыңғай жұмыс процессін орындау кезінде жұмысты жаттанды қимыл-әрекеттермен жасайды. Осындай жұмыс кезінде адамның зейінділігі төмендейді, бір сарын жұмыс кезінде ойы басқаға бөлінеді (жеке проблеммалар, ауру және т.б.). Бұндай жағдайда жұмыстағы шамалы өзгерістердің өзі (құралдардың, қоршаулардың, басқыштың, мінбенің басқа адам орнынан байқамай жылжытып қойғанда) келеңсіз жағдайға ұшыратады. Басқа ойда тұрып зейін салып қарамай құралға қол созғанда, қоршауы жоқ қимылдағы механизмге қолын жарақаттауы, орнынан қозғалып кеткен басқышқа, мінбеге тұрған жерін қарамай аяқ басқанда құлап жарақат алуы мүмкін.



ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ЖҰМЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ НЕГІЗГІ ҚАУІП КӨЗДЕРІ

Құлау:

  • Биіктіктегі жұмыстарды орындау кезінде биіктіктен құлаудан қорғау құралдарын пайдаланыңыз;

  • Периметр бойынша қоршау орнатып, оны бақылап тексеріңіз;

  • Баспалдақтар мен құрылыс мінбелерін ұқыпты пайдаланыңыз.

Оқыс оқиғалар:

  • Ешқашан қозғалатын объекті арасында тұрмаңыз;

  • Әрқашан жабдықтың немесе техниканың жанында жұмыс істегенде, жақсы көрінетін киім киіңіз.

Траншеяға құлау:

  • Тиісті қорғау жүйесімен қорғалмаған траншеяға немесе шұңқырға түспеңіз.

  • Траншеяда немесе шұңқырда еңістің болуына, тіреумен бекітілуіне, дөңес жердің немесе жылжымалы траншеялық бекіткіштер жүйесінің бар екендігіне көз жеткізіңіз

Электр тогымен зақымдалу:

  • Электрмен қамту жүйесінің орналасқан жерін айқындаңыз;

  • Кез келген жабдықпен жұмыс істегенде жоғарыда орналасқан электр беру желілеріне көңіл аударыңыз;

  • Электр беру желілерінен қауіпсіз қашықтықты сақтаңыз, қауіпсіз қашықтықты сақтау талаптарымен танысыңыз;

  • Егер олар жерге тұйықталмаса немесе қос изоляциясы болмаса, тасымалды электр приборларымен жұмыс істемеңіз;

  • Баспалдақта, құрылыс мінбелерінде немесе басқа да платформаларда жұмыс істегенде, электр тогымен зақымдалу қаупіне ерекше көңіл бөліңіз.



КОМАНДАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР АПАТТАРДЫҢ АЛДЫН АЛАДЫ

Кезкелген жерде командалық жұмыс жұмысшылардың қауіпсіздіктерін және еңбектің жоғарғы өнімділігін тудырады. Командалық жұмыс апаттардың алдын алады. Ол үшін біздің әрбіреуімізге өзіміздікі сияқты басқалардың да қауіпсіздігі туралы ойлауымыз қажет.

Қауіпсіздікті сақтаудың командалық мысалы ретінде жүргізуші жөнінде ойланып көріңіз. Тәжірибелі жүргізушілер тек қана өзінің қауіпсіздігі жөнінде ойламай, олар әрдайым басқа жүргізушілерге де қауіпті жағдай тудырмауды ойлайды. Олар басқа бағытпен келе жатқан машинаны байқамай, өтіп кетпекші болған жүргізушілерді өткізіп жіберу үшін өздерінің жылдамдықтарын азайтады.

Бұл арада жүргізушінің дұрыс жасағаны туралы емес, қайта бұл – апаттың алдын алудағы командалық кішкентай жұмыс болып есептелінеді. Тәжірибелі жүргізуші бір кездерде басқа бір тәжірибелі жүргізушінің осындай көмегі апатты жағдайды болдырмау үшін өзіне қажет болатынын біледі. .

Жолда қолданылған нәрселер, жұмыста да қолдануға жарайды. Бұл тек қана Сіздің қауіпсіздігіңіз бен техника қауіпсіздігін қолдануыңызға ғана қатысты емес; Сіз сонымен бірге басқалардың қауіпсіздігі туралы ойлауға тиіссіз. Бір кездерде Сіз басқа қызметкерлер түсіп қалуы мүмкін апаттың алдын алуға немесе одан сақтануға аздап көмектесуіңіз мүмкін. Еш уақытта қандай жағдайларда апаттың алдын алуға командалық жұмыс керек екенін жобалап та айтуға болмайды. Сіз өзіңізбен бірге жұмыс жасайтын басқа адамдармен бірге жұмыс істеу арқылы оқыс оқиғадан жол табуға тиіссіз.

Егер Сізде Сіздің ұжымыңыздың алдында тұрған міндеттерді қалай шешу туралы ұсыныстар немесе жұмыс орынның қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі ұсыныстар болса, онда өзіңіздің басшыңызға білдіріңіз. Егер Сіз бірдеңелер дұрыс емес істеліп жатқанын байқасаңыз, онда оны түзетіңіз және осы келесі жолы қайталанбас үшін ол жөнінде өзіңіздің басшыңыз бен команданың басқа мүшелеріне хабарлаңыз. Жақыныңыз туралы ойланыңыз. Оның қауіпсіздігі Сізге байланысты болуы мүмкін. Өз ұжымыңызды ұятқа қалдырмаңыз.

Біздің әрқайсымыз біріккен ұжымда жұмыс жасағымыз келеді. Кәнеки, сондықтан біріккен, сенімді ұжым болу үшін топтасып жұмыс істейік.

Қауіпсіздікті табысты қамтамасыз ету барлық командалық біріккен тұрақты жұмысына байланысты.

КӘСІБИ СЫРҚАТТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ БОЛДЫРМАУ

Адамдардың көпшілігі «қауіпсіз» және «салауатты» деген ұғымдарды шатастырады. Қауіпсіз жұмыс орны дене жарақаттарын алуды болдырмайды. Салауатты жұмыс орны сырқаттың туындауына жол бермейді. Осы жағдайда сырқат деп жұмыс орнына байланысты пайда болатын кез келген сырқат немесе денсаулық жағдайы түсініледі.

Респираторлық сырқаттарды, терінің бөртуін, тіпті, күнге киюді мысал ретінде келтіруге болады.

Осылайша, жұмыс орнын қалай қауіпсіз жасауға болады?



  • Назарыңызға: кәсіби сырқаттардың көбісі қызметкердің немесе жұмыс берушінің өздері жұмыс істейтін заттардың қауіпті екендігі туралы хабардар болмау салдарынан туындайды. Әрбір жұмыс берушінің зиянды әсерінің сипаттамасы көрсетілген химиялық материалдардың парағы болуы тиіс, бұл тізім Материал қауіпсіздігі жөніндегі деректер парағы (МҚДП) деп аталады. Егер сіз өз жұмыс орныңызда пайдаланатын химиялық препараттарды МҚДП-да бірде-бір рет қарамасаңыз, онда оны қарау ешқашан да кеш болмайды. Егер сізде МҚДП бойынша сұрақтар туындаса, өз басшыңызға жүгініңіз.

  • Жеке қорғау құралдарын (ЖҚҚ) дұрыс пайдалану: әдетте, кәсіби сырқатқа ұшыраудың үш жолы бар: заттардың тыныс жолдарына, ас қорыту жолына түсуі және тері арқылы сіңуі. ЖҚҚ осы әсер ету жолдарын қорғау үшін жасалған.

    • Тыныс жолдары арқылы түсу – қауіп дәрежесіне қарай, респираторлық маскалар мен маскаға қосылатын картридждердің немесе фильтрлердің бірнеше түрі бар. БАРЛЫҚ МАСКАЛАР ҚОЛДАНЫЛУЫНА ҚАРАЙ ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ. Сізді жұмыс жүргізу барысында тап болатын қауіпті факторлардан қорғай алатын масканы пайдаланатыныңызға көз жеткізіңіз.

    • Ас қорыту жолына түсу – жұмыс берушілердің көбісі қызметкерлерін осы қауіптен жұмыс орнында тамақтануға және сусындар ішуге тыйым салу арқылы қорғайды. Тамақ пен сусындар ауадағы химиялық заттарды сіңдіріп, сіздің организміңізге түсуі мүмкін. Міндетті түрде тамақ алдында қолыңызды мұқият жууыңыз.

    • Тері арқылы сіңу – тері сізді суда еритін химиялық препараттардан жақсы қорғай алады. Алайда, еріткіштер, майлар мен өзгелері теріңіздің қорғаныс кедергісін бұзып, сіңуі мүмкін. Сіз оны сезбеуіңіз мүмкін, бірақ оларға сәл тигеннің өзінде химиялық препараттарды қауіпті мөлшері сіңуі мүмкін. Биялай, кремдер мен теріге арналған өзге де қорғау құралдары терінің кедергісі әрекет етпегенде, сізді қорғау үшін жасалған.


Талқылауға арналған сұрақтар;

  • Кәсіби сырқаттардың мысалдарын келтіріңіз;

  • Тамақ пен сусындардан басқа, қауіп ықтималдығы барзаттар организмге тағы қандай жолмен түсуі мүмкін?



АСЫҒЫСТЫҚ

Біздің әрбіреуіміз сол жұмысты қауіпсіз әдіспен істеуге қажетті бірнеше секундті үнемдейміз деп, кейде жарақат алу қатеріне бас тігеміз. Біз осындай жағдайды бала кезімізде қақпадан өтудің орнына шарбақтан секірген кездерде жасадық. Енді қазіргі кезде көшені оның бұрышындағы қиылысқан жерінен өтудің орнына, оны кезкелген жерінен өтіп жүрміз.

Көптеген адамдар техника қауіпсіздігінің аздаған бұзу фактысы, аса үлкен жардаптарға жеткізетініне көңіл бөлмейді. Егер Сізде асығу әдеті болса, онда оны бүгіннен бастап тастаңыз. Біздің заманымызда асығыстық аса үлкен қайғыға ұшыратуы мүмкін. Біздің әрбіреуіміз ойланбай істеген әрекеттердің аса қатерлі апатқа ұшырататынының куәсі болдық.. Осындай жағдайлардың бірінде жұмысшы темір арматура білікте шайқалып тұрып, ол арқылы қуыстан өтпекші болады. Оның қолы тайып кетіп, ол 6 метр биіктіктен бетон еденге құлайды. Егер ол бірнеше минутқа ерінбей, қуысты айналып өткенде, ол мүмкін әлі де өмір сүрген болар ма еді. Біздің ешқайсымыз да өзімізді осындай қауіпке итермелемеуіміз керек.

Қауіпсіз жол әркезде де ең қысқа жол емес. Алайда, Сіз қауіпсіз жолды таңдауда жеке өзіңіз жауаптысыз. Сізді алыс жерге жұмысты орындауға жібергенде, Сізден ең қысқа, әрі қауіпті жолды емес, керісінше қауіпсіз жолды таңдайды деп күтеді.

Егер белгілі бір жерге қауіпсіз жол жоқ болса, онда оны қамтамасыз етіңіз. Баспалдақтар мен құрылыстың мінбелері жоғарыда жұмыс жасауға арналған. Соларды пайдаланыңыз. Егер жоғарыдағы жұмыс барлығы бірнеше минутқа есептелсе де, жоғарыға қолда бар материалдардан қалай болса солай құрастырылған нәрселерді пайдаланып шықпаңыз.

Баспалдақтар, баспалар немесе қия беткейлер (пандустар) Сізге бір биіктіктен екінші биіктікке көтерілуге көмектесу үшін жасалған. Егер олар әлі де жұмыс орныңызда болмаса, онда оларды жасауға уақыт табыңыз.

Сіздің ең басты жауапкершілігіңіз – ол өзіңіздің алдыңыздағы жауапкершілік. Баспалдақтар, баспалар және өтетін көпіршелер Сіздің қауіпсіздігіңізді сақтап, жарақат алмауыңызға арнап жасалғанын есіңізде ұстаңыз. Егер Сіз біреудің асығып келе жатқанын байқасаңыз, онда оған төніп тұрған қауіп туралы ескертіңіз және басшыңызға хабарлаңыз. Мүмкін Сіз өзіңіздің жеке өміріңізді сақтап қаларсыз.
ЖАҢА ЖҰМЫСШЫЛАР

Сізге жаңа жұмысшылар келген кезде, келесілерді есте сақтаңыз:



  • Жаңа жұмысшылар объектідегі көптеген қауіп-қатерлерді білмейді. Тіпті анық көрінетін қауіп-қатерлер байқалмауы мүмкін, сондықтан жаңа жұмысшылар олармен таныс емес.




  • Жаңа жұмысшылар үлкен әсер қалдырғысы келетіндей аталған тапсырманы жиі орындауға тырысады, тіпті егер олар мұның қалай орындалатынын білмесе де.




  • Жаңа жұмысшылар тәжірибелі қызметкерлерден үлгі алады.




  • Жаңа жұмысшылар Сіздің мінезіңізді және әдістеріңізді меңгеріп алады. Оларға дұрыс жол нұсқаңыздар, жұмысты дұрыс орындау жолдарын көрсетіңіздер!




  • Егер Сіз қызметкер бірнәрсені дұрыс жасамаса немесе қауіпсіз жасамаса, онда оларға дұрыс жол көрсетіңіздер. Көптеген адамдар ең басында тіпті орындау дұрыс болмаса да қалай үйретілді, сол жолмен жұмыстарды орындайды.

Жаңа жұмысшылар Сіздің соңыңыздан жұмыс істейтін болады. Сіз олардың сіз сияқты қауіпсіз жұмыс істейтінін білгендіктен өзіңізді қауіпсіз сезінесіз бе?



МЕРДІГЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАЛАЙ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КЕРЕК

Тапсырыс берушілер мердігерлердің қауіпсіздігі үшін толығымен жауап береді.

Сіз мердігер жұмысшыларыңызды білуіңіз керек.

Мердігерлер әр түрлі жұмыс учаскелерінде жұмыс атқарады, сондықтан да олардың кім екенін білу маңызды. Мында кейбір мысалдар келтірілген:



  • Автобус жүргізушілері;

  • Шарт бойынша техникалық қызмет көрсететін жұмыскерлер;

  • Бұрғышылар;

  • Егер Сіз мердігерлеріңізбен таныс болсаңыз, Сіз оларға техникалық қызмет көрсетудің лайықты деңгейін сақтауға жәрдемдесе аласыз;

  • Мердігерлермен өзара іс-әрекет жасау үшін байланысатын тұлғаны тағайындаңыз.

Мердігерлер орындайтын жұмысқа бейімделген нұсқамалыққа дайын болу керек.

  • Мердігерлердің жұмыстар басталғанға дейін мемлекеттік корпоративтік және жергілікті бақылау органдарының барлық қағидалары мен рәсімдерін білетініне көз жеткізіңіз;

  • Мердігерлердің қауіпсіздік бойынша апта сайынғы кеңестерге қосылғанына көз жеткізіңіз.



СІЗ ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ БІЛЕСІЗ БЕ?

Ағаш шебері есікті қалай орнатуды, жұмысшы-металист болатты қалай шыңдауды, ал әрлеуші-жұмысшы сыртқы бетті қалақпен қалай тегістеуді, басқа мамандықтағы жұмысшылар өздерінің шеберліктерін қалай қолдануды біледі, бірақ осылардың қайсысы қауіпсіздік туралы «БІЛЕДІ»?

Сізге қауіпсіздікті үйренуге көмектесу үшін бірнеше ережелерді келтіреміз:

ӨЗ ЖҰМЫСЫҢЫЗДЫ БІЛІҢІЗ. Сіздің жұмысыңыз қандай, Сізге жұмыс үшін қандай құрал-саймандар керек, және қауіп-қатерге ұрынбай жұмысты қалай орындау керек екенін анық білу керек.

ӨЗ ҚҰРАЛ-САЙМАНДАРЫҢЫЗДЫ БІЛІҢІЗ. Құрал-саймандармен жаңылыспай қалай жұмыс жасауды және олардың жарамдылығын немесе бұрын жұмысқа қолданылғанын білу.

ӨЗ ЖҰМЫСЫҢЫЗДА ҚАУІПСІЗДІК ҚАҒИДАЛАРЫН БІЛІҢІЗ. Жұмыстағы қауіпсіздік қағидалары Сізді жарақаттардан сақтау үшін жасалған.

ӨЗ ЖАУАПКЕРШІЛІГІҢІЗДІ БІЛІҢІЗ. Өзіңіздің жанұяыңыз, жұмыс берушінің, әріптестеріңіз алдарындағы және өзіңіздің алдыңыздағы өз жауапкершілігіңізді біліңіз.

СІЗГЕ НЕ ҚАУІП ТӨНДІРІП ТҰРҒАНЫН БІЛІҢІЗ. Сізге және Сіздің әріптестеріңізге төніп тұрған ықтимал қауіптерді біліңіз.

СІЗДІ НЕ ҚОРҒАП ТҰРҒАНЫН БІЛІҢІЗ. Барлық қорғаныс құралдарын біліңіз және оларды пайдаланыңыз.

СІЗДІ ҚАЛАЙ ЖАЗАЛАЙДЫ. Ұқыпсыздығыңыз үшін жазалау, Сіздің жұмыстан шығуыңызға әкеліп соғып, Сіз бен Сіздің әріптестеріңізге қайғы-қасірет әкелуі мүмкін.

СІЗДІ ҚАЛАЙ МАРАПАТТАЙТЫНЫН БІЛІҢІЗ. Қауіпсіз жұмыс жасаудың басымдылығын біліңіз.

ҚАЛАЙ ТҮЗЕТУ КЕРЕК ЕКЕНІН БІЛІҢІЗ. Апатты жағдайлар кезінде дұрыс әрекет етуге дайын болыңыз. Апаттардың алдын алу үшін олардың пайда болу көздерін жойыңыз. Бірдеңе істемес бұрын, ойланыңыз.

ӨЗІҢІЗДІ БІЛІҢІЗ. Өзіңіздің мүмкіндіктеріңіз бен кемшіліктеріңізді біліңіз. Жұмыс орнындағы қауіпсіздік Сізге байланысты.

ЕГЕР БІЗ ОСЫ ЕРЕЖЕЛЕРДІ БІЛСЕК, ОНДА ЖҰМЫСТАҒЫ ОҚЫС ОҚИҒАЛАР САНЫН АЗАЙТА АЛАМЫЗ.

АППАТТЫҢ ЗАЛАЛЫ

Әрбір жазатайым оқиғамен залалдар байланысты, сондықтан да жұмыс өндірісі процесінде және одан тыс кезде қауіпсіздік мәселелеріне көңіл бөлу маңызды. Байланысты залалдар тікелей және жанама болып табылады; алайда, бұл жерде жарақат алған жұмыскер ең көп зардап шегеді. Жазатайым оқиғамен байланысты залалдардың барлығы ақшамен ғана өлшенбейді.



Жұмыскердің тікелей залалдары

  • Жоғалған жалақы мен үстеме жұмыс;

  • Дәрігерлердің консультациясы мен емдеу үшін шоттар.


Жұмыскердің жанама залалдары

  • Тән азаптары;

  • Моральдық зардап;

  • Отбасымен және достарымен өткізетін уақытты жоғалту;

  • Жұмыста және жұмыстан тыс өнімділікті жоғалту;

  • Шарттық қатынастардағы шиеленіс.


Жұмыс берушінің тікелей залалдары

  • Жұмыскердің медициналық карталары мен шығындарды өтеу туралы талаптары;

  • Заң шығыстары;

  • Сақтандыру шығыстары;

  • Мүліктік зиянды өтеу;

  • Екінші дәрежелі жұмысқа аударылған жұмыскерге төленетін жалақы.


Жұмыс берушінің жанама залалдары

  • Құнды жұмыскерді жоғалту;

  • Өнімділікті жоғалту;

  • Босатылған жұмыскерді ауыстыру (мысалы, жалдау мен оқу шығындары);

  • Жабдыққа немесе құралдарға келтірілген залал;

  • Зиянды өтеу туралы талап-арыздарды реттеуге кететін уақыт;

  • Жұмыскерді жоғалтуға байланысты еңбек тәртібінің төмендеуі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет