Дұрысы және қауіпсізі Жасөспірімдер арасында аитв/житс-тың алдын алу



Дата06.07.2017
өлшемі38.24 Kb.
Дұрысы және қауіпсізі

  (Жасөспірімдер арасында АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу)
Елімізде соңғы бірнеше жыл ішінде АИТВ-инфекциясымен ауру, біз бен біздің өсіп келе жатқан балаларымыз үшін өсіңкі ауқымына ие болуы ақиқатқа айналуда.

Қазіргі уақытта әлі күнге дейін АИТВ-инфекциясын емдеу мен алдын алуға екпе жасаудың тиімді әдістері жасалған жоқ. Демек, оның таралуын шектеуге және үзуге, берілу тетігіне әсер етумен, яғни жұқтырудың алдын алуды жүргізумен ғана мүмкін болмақ. Медицина осыған қатысты белгілі бір табыстарға ие.Елімізде донорлық қанды дайындау жүйесіне қатаң бақылау жүргізілуде, емдеу мекемелерінде залалсыздандыру режимі қағидасына қадағалау жасалады, зертханалық әдіспен АИТВ-ға адамдарды тестілеу жөніндегі қағидасы бар. 

Алайда, егер жыныстық жолмен берілу қарқыны мен нашақорлық деңгейін төмендетуге қол жеткізілген жағдайда, осындай ахуалға елеулі түрде әсер етуге және сырқаттанушылықты едәуір төмендетуге ғана болады. Өскін ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде қазіргі заманғы мұғалім мен әрбір ата-ана АИТВ-инфекциясының, ЖЖБЖ (жыныс жолымен берілетін жұқпаның) және нашақорлықтың алдын алу саласынан біліміне сүйенеді.

Бүгінгі күні АИТВ-жұқтырылған жағдайлардың 90% есірткіні ішіне тұтыну арқылы болуда. Есірткіге, осылардың әсеріне, тұтыну тәсіліне деген қызығушылығы қазіргі заманғы балалардың бойында 11-13 жасында пайда болады, бұл орайда олардың асыра тұтынуының салдары жайында түсініктері нашар. Бүгінгі күні балаларымыз есірткі мафиясының тарапынан ақыл-ой мен рухани жан-дүние үшін нағыз ақпараттық шайқас жағдайында өмір сүруде.

Есірткілер, есірткі дақылдары бүгінгі күні жастар үшін өмірінің құрамдас бір бөлшегі, өмір сүруіне ыңғайлы түрінің біріне айналуда. Сексуалды мінез-құлқына келер болсақ, онда қазіргі кездегі «бостандығының» салдарынан балаларымыз мерзімінен едәуір бұрын есеюде. Соңғы әлеуметтанушылық зерттеулердің деректері бойынша, қазірдің өзінде 15-17 жастағы жеткіншектердің50% жуығының сексуалды қатынас жасаудан тәжірибесі бар, бұның өзі қауіп-қатерлі, себебі осылардың 2/3 ғана АИТВ-дан және ЖЖБЖ-дан сақтану мүмкіндігі жайында біледі.Осындай «білетіндер» тобынан бар болғаны 7% ғана әрбір жыныстық қатынас жасау кезінде қауіпсіз сексуалды қатынас жасайды. Сексуалды белсенді жеткіншектердің жартысы, орташа есеппен 3-4 айдан кейін жыныстық серіктестерін ауыстырған.Барлық осынау факторлар 13-тен 18 жасқа дейінгі балаларды неғұрлым АИТВ-инфекциясы үшін халықтың осал тобына әкелмек.

Егер біз есірткіге, жыныстық мінез-құлыққа деген дұрыс қатынасты қалыптастырмасақ, мұны міндетті түрде басқа әлде-біреулер жасайды. Жеткіншектеріміз, осыған мүдделі адамдар тарапынан жасалатын қысымдар мен бөтен ойларға қарсы тұра ала ма ? Тәуекел ете ме әлде жоқ па деген ұстанымның қайсысын таңдайды?


Тұлға болып қалыптасу, көптеген факторлардың ықпалымен болатыны сөзсіз, осылардың ең бастысы – отбасы, ата-анасы, және негізінен отбасында бар құндылықтар жүйесімен қалыптасатын, баланың мінез-құлқының моделі болып табылады. Егер баланың бойында өзара түсіністік пен сенімді қарым-қатынас болса, егер оны – жекелей тұлға ретінде, сол табиғи қалпында жақсы көріп және солай қабылдайтын болса, онда оның айналасындағы ересектердің беделді ой-пікірлері, оны қауіп-қатерлі мінез-құлқынан сақтауға қабілетті негізгі күш-қуат бола алады.

Жыныстық ағартуға қатысты айтар болсақ, онда осы тақырып жоғары сыныптағы оқушылар үшін нақты болатынына және олардың осыны талқылауға үлкен дайындық танытандығына қарамастан, көптеген ересек адамдар үшін, сексуалды қатынас жайындағы тақырыпта сөз айту оңай болмайды. Өкінішке қарай, ата-аналар мен жеткіншектердің көпшілігі бірқатар психологиялық себептерден үйінде өзара осы тақырыпқа сөз қозғауға қиналады. Көптеген ата-аналар осындай әңгімені бастауға қолайлы мезгілді жіберіп алады, көбінесе қалауына қарай, оны едәуір кейінгі мерзімге шегереді немесе балалар тарапынан сұрақтарды күтеді. Алайда, балаларға осы тақырыпта тілдесуді бастау, бұрынғыдан да қиын болады. Қауіпсіз жыныстық қатынас жасау туралы сөз қозғау, баланың бойындағы ерте басталған жыныстық тынысына итермелейді және ықпал жасайды деп қауіптенбеу керек. Осындай әңгімелесулер жеткіншектерді, жыныстық қатынас, олар үшін өзекті болған кезде өзін-өзі билеуге және қауіпсіз мінез-құлыққа үйретеді. Оның үстіне ЖИТС проблемасын талқылау, қауіпсіз секс туралы әңгімелеу жеңілірек болады және балаларды осыған байсалды қарауға мәжбүрлей түседі. Осыған байланысты, 12-13 жастағы балалармен жұмыс жасау үшін, АИТВ/ЖИТС тақырыбын жазып-көрсетуден басқа, өсіп келе жатқан организмнің психофизиологиялық өзгерістерін түсіндіру арқылы жыныстық жетілу жайында алдын ала әңгімелесулер болғаны жөн екендігін айтқым келеді. 16 -18 жасында балалардың бойында отбасылық-неке қатынасына, серіктесінің ғана емес, сонымен қатар болашақ ұрпағының денсаулығына жауапкершілігінің дәлелдері қалыптасуы керек. Осылайша, жеткіншектің некелескенге дейінгі жыныстық тынысы, басқадай бір арнаға ауысады, олар «мен қалаймын» деп қана емес, сонымен қатар жыныстық тыныста «мен осылай істеуім тиіс» деп ойлауға мәжбүр болуы ықтимал.



Материалды баяндағанда проблемаға шамына тиюден, тыйым салудан, ақыл айтудан, жекелей көзқарасын білдіруден аулақ болуы керек. Осы мақсатта және хабардарлығының бастапқы деңгейін анықтау үшін, әңгімені сұрақтардан бастауға болады. Қорқытып-үркіту элементтерінің орнына, білімі мен мінез-құлқының қауіпсіз бағытының әрбір адамды АИТВ-инфекциясынан қорғап қалатыны жайында ұғындырып, балалардың бойында өз болашағына қатысты оңды көзқарасын қалыптастыру керек. («Менің болашағым–өз қолымда!»).


Фельдшер-зертханашы Г.Е. Рахманова
Каталог: pagefoto -> docfile -> 2015
docfile -> Трихомониаз және оның алдын алу
2015 -> Қауіп-қатер немесе қорғану. Сен қайсысын таңдайсың?
docfile -> Житс-ке қарсы күрес шаралары
2015 -> Аитв–жұқпасы қалай көрініс береді
2015 -> Аитв-жұқтырған анадан туған баланың есебін жүргізу
2015 -> Кеңес беру этикасы мен қағидаттары
2015 -> Аитв және әйелдер Еркектерге қарағанда әйелдердің жыныстық жолмен аитв-инфекциясын жұқтыруының қауіп-қатері неге жоғары?
2015 -> Аитв індетінің алдын-алу және одан қорғану белгілері!


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет