Достық ауылдық округінің әкімі А. К. Ташимовтың 2016 жылда атқарылған жұмыстары бойынша есебі Достық



жүктеу 148.84 Kb.
Дата07.11.2017
өлшемі148.84 Kb.
Достық ауылдық округінің әкімі А.К.Ташимовтың 2016 жылда атқарылған жұмыстары бойынша есебі
Достық ауылдық округі әкімі аппаратының қызметі

Округ аумағында үш елді мекен – Достық , Бастау, Ынтымақ. Округ бойынша бірнеше ұлттың өкілдерінен тұратын 258 аулада 929 адам өмір сүреді. Экономикалық тұрғыда белсенді халық саны 556 адам. Халықтың құрамына келер болсақ: Қазақтар – 878, орыстар – 38 және басқа ұлт өкілдері – 13 адам.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңын орындау мақсатында жеке және заңды тұлғалар мен азаматтардың өтініштерін қарау жөнінде тиісті жұмыстар атқарылуда. Заңды тұлғалардан 3, жеке тұлғалардан 21 арыз-өтініштер қаралды. Достық ауылдық округінің әкімі аппаратымен жыл басынан бастап 11 шешім қабылданып, 82 өкімдер шығарылды.

Достық ауылдық округ әкімі аппаратымен 2016 жылы 142 мемлекеттік қызмет көрсетілген болатын. Халықтың мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша ақпараттандырылуы мен оған қолжетімділігі мақсатында әкімшілік ғимаратының фойесінде көрнекі ақпараты бар стенд (стандарт, өтініш үлгілері, керек құжаттардың тізімдері) орналастырылды. 

Жалпы Достық ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелген жоқ. Мемлекеттіқ қызметшілердің ар-намыс кодексінің мәтіні әкімшілік ғимаратында көрнекті жерде орналастырылған және оның талаптары сақталуда.

Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік

Достық ауылдық округі бойынша 14 шаруа қожалығы, соның ішінде 5 мал өсірумен, шөп шабумен, 1 егін егумен, 2 шөп шабумен, 1 мал өсірумен айналысады, 5 шаруа қожалығы тіркеліп, қазіргі уақытта жұмыс жасамайды.

Ауылдық округ бойынша бүгінгі күнге ірі қара мал саны - 1145 бас, қой мен ешкі - 3507 бас, жылқы - 259 бас, құс - 2313 басты құрап отыр.

2016 жылдың қорытындысы бойынша ет өнімі – 2743 центнер, cүт - 9273 центнер, жұмыртқа – 88 019 дана және жүн – 53,9 центнер өндірілді.

Егін шаруашылығы бойынша айта кететін болсақ: 2016 жылы барлығы дәнді дақылдары 4115 га құрайды, соның ішінде: бидай 2605 га, қара бидай 120 га, сорго 470 га, арпа 920 га өнімдері жиналды.

Мал азығын дайындау жұмыстары ойдағыдай жүргізілді. Есепті кезеңге мал азығын жинау жоспары 4000 тонна болса, күні бүгінге жоспар толықтай орындалды, өнімділігі – 6,6 ц/га.

Округ бойынша 6 жеке кәсіпкер тіркелген соның ішінде 4 дүкен, 2 кафе, 1 асхана, 1 шағын тігін цехы жұмыс жасап тұр.

Қазіргі таңда көптеген мемлекеттік бағдарламалар іске қосылған, сонымен қатар округ аумағында мал шаруашылығымен айналысуға бар жағдай жасалып жатыр, соның ішінде Аманбаев Сары-Тау Жолдауулы «Тасқала» несие серіктестік арқылы асыл тұқымды мал сатып алу үшін 13 мл. тг несие алды. 33 бас асыл тұқымды мал сатып алғаны үшін 5млн.82 мың теңге субсидия төленді.

Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту.

Елбасы Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауында халықтың тұрмыс-жағдайын жақсарту басты міндеттің бірі екенін атап көрсетті. Мұнда қарапайым адамның әлеуметтік көңіл-күйін басты назарда ұстау қажет екені белгілі, және ол біздің басты мақсатқа жетелейтін маңызды индикатор болуы тиіс. Сонымен қатар, Жолдауда кез-келген Қазақстандық қоғам мүшелерінің мұң-мұқтаждары мен талап-тілектері, бүгінгі күні оларды алаңдатып отырған мәселелер ескерусіз қалмаған. Соның бірі мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетуге бағытталған. Осы бағытта Достық ауылдық округі бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізілуде.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «25 игі іс» шеңберінде жоспар бойынша Достық ауылдық округінде көптеген игі істер атқарылуда.Өтіп жатқан шаралардың мақсаты – еліміздің ширек ғасырдағы Тәуелсіздік жылдарында еңсе тіктеп, азат елге айналған халқымыздың қуанышына ортақтасып, әрбір қазақстандықтың мерекені сезінуіне атсалысу болып табылады.

«Қайырымдылық» акциясы аясында 12 наурыз күні Әлеуметтік топқа енетін жалғыз басты қарияларға, аналарға ауылдың жастар көмегімен аулаларын тазалап көмек көрсетілді.

«Игі іс» акциясы аясында ауыл жастары бірлесіп мектеп алдындағы футбол алаңын түзетіп жаңартып берді.

«100 Нақты көмек» акция аясында ауылымыздың депутаты Аманбаев Сары-Тау Жолдауулы Есказиев Тасболатқа Астана қаласында тарих пәнініен олимпиадаға қатысу үшін, 10 мың теңге ақшалай көмек көрсетті.

«100 нақты көмек» акция аясында «ТНГ Орал-Гео» ЖСШ басшылығының демеушілігімен Достық ауылының тұрғыны, сал ауруына шалдыққан Ильяс Қыдыровқа мүгедек арбасын алуға 160 мың теңге ақшалай көмек көрсетті.

Ауылдың тұрғындарына қызмет көрсететін газ, электроқуат, байланыс, су жүйесінің, Казпошта қызметкерлері өз жұмыстарын атқаруда. Сонымен қатар барлық әлеуметтік нысандар - мәдениет үйі, кітапханалар, Казпошта, Достық ауылының ФАП, мектеп өз қызметтерін көрсетуде.

Ауылдық округ бойынша 2016 жылы 18 жасқа дейінгі Балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы саны 23 отбасы, соның ішінде 48 балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы 798,1 мың теңге және 6 отбасы 60,5 мың теңге тұрғын үй көмегін алды. Мүмкіндігі шектеулі 2 балаға әлеуметтік қызметкер үйден қызмет көрсетеді. Жалғыз тұратын зейнеткерлерге әлеуметтік қызметкерлер аптасына 2 рет үйлеріне барып, қызмет көрсетеді. Жұмыссыздар есебінде 4 адам тіркелді.

Округ бойынша жұмысқа орналастырылуы - арнайы білімді қажет етпейтін техникалық қызметкерлерге - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасы бойынша - яғни нысаналы топтан немесе кезекпен өтеді. 2016 жылы 17 адам орналастырылды, соның ішінде Крутой негізгі мектебіне 7 адам жұмысқа алынды. Бастау медициналық пунктіне күзетші болып 1 адам, Вавилино бастауыш мектебіне 2 адам жұмысқа кірді. Достық ауылында тұрақты жұмысқа 7 адам жұмысқа қабылданды. соның ішінде 2 мүгедек тұрақты жұмысқа орналастырылды.

2016 жылы «Аумақты дамыту бағдарламасы» бойынша 5 жұмыссыз адам аспаз, электрик, шаштаразшы, 1-с бухгалтерлік мамандығы бойынша Орал қаласында 1 айлық оқу курстарында білім алып келді.

2016 жылы 1 желтоқсан айына қоғамдық жұмысқа 30 адам тартылды.



Абаттандыру.

Биылғы ауылымыздың абаттандыру жұмыстарына тоқталатын болсақ:

«Елді – мекендерді абаттандыру және көгаландыру» бағдарламасы бойынша биыл көптеген жылдар шешімін таппай жатқан Бастау ауылында зират айналасын қоршау мәселесі қолға алынды. Бұл жұмыстарды жүргізу үшін 570 мың теңге бөлініп, жұмыстар жартылай аяқталды.

«Автомобиль жолдарының қызмет етуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша Достық, Бастау, Ынтымақ ауылдарының ішіндегі көше жолдарының бетін түзеу үшін (профилирование) 360 мың тенге игеріліп, жұмыстары аяқталды, 299,2 мың теңгеге Достық, Бастау, Ынтымақ ауылдарының ішіндегі көшелері жолдарының қардан тазалау және 99,4 мың теңге қыс уақытта құмтаспен төсеу жұмыстары аяқталды;

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Достық ауылында 196,0 мың теңгеге көн – қоқыс шығарылды. Қазақ және орыс мәйіттерін қоршау үшін 570,0 мың теңге бөлініп, қазақ мәйіті толығымен, орыс мәйіті жартылай аяқталды.

Достық ауылының балалар ойын алаңы ағымдағы жөндеуден (сырлау)өткізіліп, жұмыс құны 212,0 мың теңгені құрады.

Биыл ауылда жарықтандыру мәселесі жалғасын тапты, «Нұр Отан» партиясының Тасқала аудандық филиалы Достық бастауыш партия ұйымы мүшелерінің қолдауымен, округтің қоғамдық келісім кеңесінің және ауыл тұрғындарының ұсынысымен, «Достық ауылдық округі әкімі аппараты» ММ қолма қол есеп айырысу шотына түскен 500,0 теңгеге жаңа заман талабына сай жарық диодты 12 шам, оған қоса 1000 метр арнайы сым және қосалқы бөлшектер сатып алынды. Достық ауылының көшелерін жарықтандыру мақсатында демеушілер қаражатынан 309,294 теңгеге 18 жарық диодты шамы орнатылып, жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыс өз жалғасын биыл табады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 2016 жылы республикалық бюджетінен 11,983 мың теңге бөлінді.

Семиглавый Мар ЖОББ мектебінің спорт залын ағымдағы жөндеуден өткізу.- 2,178 мың. теңге бөлінді, Достық ауылының мәдениет үйін ағымдағы жөндеуден өткізу үшін 3,024 мың тг бөлінді, Достық ауылындағы жасанды жабыны бар спорт алаңын орналастыруы үшін 6,871 мың тг бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталды.

Жыл басынан бері сенбіліктер өткізілуде. Көше тазалығы күнделікті назарда. 2016 жылы «Бүкіл Қазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясы өткізіліп, 174 түп жасыл желектер отырғызылды, 2016 жылдың 11 сәуір мен 11 мамыр күндері аралығындағы санитарлық-экологиялық айлық өткізу барысында аймақтағы бюджеттік мекемелер айналасы тазартылып, елді-мекендердегі орман қоры аумақтарын тазарту барысында Достық ауылдық округі бойынша ауылға іргелес орналасқан орман алқабы, автокөлік жолдарының бойларын қураған және құлаған ағаштардан, сонымен қатар тұрмыстық қалдықтардан тазарту сенбілігі өткізілді Қалдықтар 2 автомобиль, 1 трактормен шығарылды. Жалпы қатысқан адамдар саны - 419 адам, 51 тонна қоқыс шығарылды.

Қоғамдық тәртібі

Округ бойынша 1 учаскелік полиция инспекторы Имангалиев Серик Абдрахимович 2010 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс атқарып жүр. Қызметтік үйімен қамтылған. Қызмет көрсету аумағында Достық, Бастау, Ынтымақ елді мекендері бар.

Жыл басынан 11 қылмыс тіркелді, соның ішінде 6 қылмыс ұрлық болды. Барлық 11 қылмыс ашылды. Тәртіп бұзғандарға әкімшілік хаттамалар толтырылды, хаттама бойынша 310730 айыппұл салынып, 83783 айыппұл өндірілді, 26 % құрайды. Соның ішінде 1 – отбасылық - тұрмыстық саласындағы, 2- қоғамдық жерде спирттік ішімдіктерді ішкен үшін, 2- ұсақ қылмыс үшін, 5- қоғамдағы тыныштықты бұзу үшін, 1- қорғау тәртібін бұзу, 9- паспорттық ережесін бұзу (мерзімі өтіп кеткен құжаттары үшін, тұрғылықты жерде тіркеусіз тұрған үшін), 21- абаттандыру заңдылықтарын бұзғаны үшін, 16 хаттама басқа құқық бұзушылықтар.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта қараусыз, қадағалаусыз қалуды құқықбұзушылықты алдын алу мақсатында мектеп мұғалімдері, жастар жетекшісі, учаскелік полиция инспекторымен рейдтер ұйымдастырылды. Аптасына үш рет кезекшілік жүргізеді.

2016 жылдың сәуір айында Достық ауылдық округі әкімінің төрағалығымен ауыл тұрғындары және полиция инспекторының қатысуымен, мал бағылымы, малдың ұрлығы алдын алу, абаттандыру мәселелері бойынша жиналыс өтті.

Жыл басынан бастап тоқсан сайын есеп беріп, тұрғындарымен, жастармен және бұрын сотталғандармен профилактикалық кездесулер өткізіліп тұрады. 2015-2016 оқу жылында жасөспірімдердің құқықбұзушылықтарының алдын алу мақсатында жоспарлы түрде тәрбиелік шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

Ауылдық округ әкімі және «Тасқала» шекара заставасының қызметкерлері қатысуымен Достық ауылдық округіндегі «Қара Бура» және «Умурзаков» қыстақтарды аралап, шаруа қожалықтарының басшыларына малдардың бағымы, малдың шекарадан өтуі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Достық ауылдық округі әкімі аппараты арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет - «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру». Стандартына сәйкес анықтама мал иелеріне ғана беріледі.

Ауылдық учаскелік полиция инспекторы С.Имангалиев ауыл тұрғындарына ұрлықтардың алдын алу түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.



Денсаулық саласы.

Ауылдық округ бойынша 1 ФАП және 2 МП (медпункт) жұмыс істейді. Барлығы толықтай медициналық қызметкерлерімен қамтылған. Достық дәрігерлік амбулаториясында ауруларды тасымалдауға арналған УАЗ автокөлігі бар.

Ем шаралары мен алдын ала егу (прививкалар) жоспар бойынша жүргізілуде. Аудан дәрігерлік терендетілген медициналық байқауынан 92 сәби, 154 оқушы тексерілуден өтті. Ересектер арасында скрининг бойынша профилактикалық медициналық байқаудан өткен 97 адамнан 36 адам қауіпті факторлары анықталып диспансерлік есепке алынып, емделді.

Ересектер арасында жүрек-қан қысымы аурулары- 110 адам, алқым без аурулары (зоб) – 20 адам, сусамыр (сахарный диабет) – 16 адам есепте тұр.

Обыр ауруымен 4 адам есепте тұрады.

Бала мен ана өлімін қысқарту мақсатында жүкті әйелдерді ерте мерзімде есепке алынып, денсаулықтары қадағалануда. Диспансерлі есепте тұрған адамдар күзде-көктемде емдерін алып тұрады.

Мамографиядан 37, колькоскопиядан 25 әйел тексеруден өтті. Флюрография жоспары бойынша 570 адамнан 607 өтіп 104,2% құрады. Туберкулез ауруымен 1 адам есепте тұр.

65 жастан жоғары ересектердің дәрігерлер тексеруінен 53 кісі өтіп, 23 адамкүндізгі стационарлық ем шаралар алды.

24-25 мамыр күндері Жәрдем пойызынан 180 адам дәрігерлік тексеруден өтті. 21-22 қараша күні Орал қаласынан жылжымалы медициналық автокөлік келіп, 210 адам тексеруден өтті.

Достық ауылдық округі бойынша 27 мүгедек бар, соның ішінде I – топтағы 5 адам, II - топтағы 7 адам, III топтағы 13 адам, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалардың саны 2.

2016 жылы 13 сәби дүниеге келді, 6 адам қайтыс болды.

Білім беру саласындағы жетістіктер.

Достық ауылдық округінде бір орта, бір негізгі және бір бастауыш мектеп бар. Семиглавый Мар орта жалпы білім беретін мектебінде 91 оқушы, Крутой негізгі мектебінде 42 оқушы, Вавилино бастауыш мектебінде 5 оқушы оқиды. Барлығы 138 оқушы білім алуда. Барлығы қазақ тілінде білім алады. Оның бастауыш сыныпта оқитыны 44 оқушы, 5-9 сыныпта 31 оқушы, 10-11 сыныпта 16 оқушы. Жылдан жылға бастауыш сыныпқа оқушы саны көбеюде. Даярлық тобында 20 бала тәрбиеленуде. Бірінші сыныпқа баратын оқушы саны секірмелі келетіні ауылдағы шекарашы отбасыларының жұмыс барысында көшіп қонуына байланысты.

Педагогикалық кадрлар құрамы 27 мұғалім, мектепке дейінгі шағын орталық тобында 3 тәрбиеші бар. Крутой негізгі мектебінде 21 мұғалім. Вавилино бастауыш мектебінде 1 мұғалім.

2016-2017 оқу жылында Семиглавый Мар ЖОББ мектеп спортзалы ағымдағы жөндеуді өтті: еден ағаштары ауыстырылып, жаңа плстикалық терезелер орнатылды. Жөндеудің жалпы құны – 2 млн.178,0 теңге. Сонымен қатар ЖББ Крутой негізгі мектебіне генератор, КОФ-80 қыздырғыш қазаны және Мимакс КСГ қазаны алынып мектеп интернаты газ құбырына қосылды.

«Мектепке жол» акция бойынша бюджеттен 111,9 тг (5 оқушыға), бюджеттен тыс 230,0 тг (24 оқушыға) барлығы 29 оқушыға 341,9 теңге көлемінде көмек көрсетілді (азқамтылған отбасылардан, қамқоршылықтағы және патронаттық тәрбиедегі балаларына мектеп формасы, кеңсе тауарлар, спорт костюм, аяқ киім, кеңсе тауарлар, мектеп портфельдері берілді). Демеушілік көрсеткен Орал-Гео, «Жайық» шекара бөлімшесі 2929, «Қара бура» ЖШҚ иесі Бектияров Казиолла жеке кәсіпкерлер «Талап» ЖК иесі Джубандыкова Н.Т., Утегалиева Сауле.

2015 оқу жылының аяғында 91 оқушы, олардың 20 –үздік, 35 – екпінді, 36 –орташа оқитын оқушылар. Білім сапасы 60,4%, үлгерімі -100%.



Мәдениет және спорт саласы.

Достық ауылдық округі бойынша 2 мәдениет үйі, 1 спортзал бар, 1 спорт алаңы бар. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша Достық ауылының мәдениет үйді ағымдағы жөндеуден өткізу үшін 3,783 мың тг бөлініп, жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, Ынтымақ елді мекенінде ағымдағы жөндеуден өтіп, клубтың ашылу салтанаты өтті.

Биылғы жылдың бастау алуы көптеген тарихи мерейлі даталарға толы жыл екені баршаңызға мәлім, бұл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығы, Желтоқсан оқиғасына 30 жыл. Тәуелсіз Қазақстанымыздың тарихы ерекше. 1991 жылы 16 желтоқсанда күні көк туымыз желбіреп, тәуелсіздігін алып, иісі қазақ көз жастарын ақ орамалмен сүртіп қуанышты күнді қарсы алды. Міне содан бері 25 жыл болды, яғни ширек ғасыр өтті. Тәуелсіздіктің көк туы желбіреп, қазақ халқы қырандай самғап, еркіндікте өз елін, өз жерім деп мақтанып шаттануда.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ақпан айында 50 жастағы ер адамдар арасында аудандық воллейбол жарысынан бастау алды. Жарысқа аудан бойынша 7 команда қатысты.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев барлық ұлттардың бір-біріне және қазақ халқына Алғыс айту күнін жариялаған болатын. Атаулы күнге орай түрлі ұлт өкілдері мен ауылдың үлкен кісілердің басын қосқан дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға келген қонақтар Елбасыға шексіз алғыстарын білдіре отырып, өзге ұлт өкілдері аумалы-төкпелі заманда басына іс түскен өзге ұлттарды өз бауырына тартып, ағайынындай сыйлап, қамқорлық танытып келе жатқан қазақ еліне алғыстарын жеткізді. Келген қонақтарға кең дастархан жайылып, Достық ауылдық округінің әкімі мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, Семиглавый Мар ЖОББ мектебінде «Алғыс айту күніне» орай 1-11 сыныптардың оқушылары белсене қатысып, ұзтаздарға алғыстарын білдіріп, акция соныңда флешмобпен аяқтады.

Наурыз айының 21 күні Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Бақ берекем, құт мерекем-әз Наурыз» атты халықпен бірге тойлау мерекелік шара өткізілді. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан халқымыздың ұмыт бола бастаған салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын насихаттау, өсіп келе жатқан ұрпақ санасына сіңіріп, ұлттық қасиеттерге баулу мақсатында, әкімшілік, мектеп, ФАП, Ынтымақ және Бастау ауылының ұжымдары белсене қатысты. Бұл мерекеде ұжымдар қазақтың немесе әр ұлттың киімдерін киіп, қазақтың ұлттық дастарханын жайып, әр ұжым өз-өзін таныстырып, әсем әндерін айтып, би биледі.

22 Наурыз мейрамына орай ауыл тұрғындары арасында волейболдан ауыспалы кубок біріншілігі өтті. Ойынға 3 команда қатысты. 1 орынды Жастар команда құрамы алды. 2 Орынды Оқушылар командасы, ал 3 орын Ұзтаздар команда ие болды. Үздік ойыншы, үздік қорғаушы, үздік шабуылшы наминацилар Мақтау қағазымен марапатталды.

15 сәуір күні Тасқала орталықтандырылған кітапхана жүйесі залында өскелең ұрпақты оқу мәдениетіне тәрбиелеу және отбасылық оқуды жаңғырту бағытындағы «Оқырман отбасы -2016» аудандық байқауы өтті.

Достық ауылдық кітапханасынан Бектияровтар отбасы қатысып, бас жүлде иегері болды. Алғыс хатпен, сыйлықпен марапатталды.

7 мамыр «Отан қорғаушылар күніне» орай Достық ауылдық округі әкімшілігі мәдениет үйімен бірлесіп, Шекара қызметкерлерін құттықтап «Алғыс хат» табыстады.

8-Мамыр күні Ұлы жеңіс мерекесіне арналған шеру ұйымдастырылып, Ұлы Отан соғысының ардагері, жерлесіміз М.М.Шамов ескерткіш алаңына гүл шоқтары қойылып, 1 минут үнсіздік жарияланды. Алғашқы құттықтау сөзді Достық ауылдық округінің әкімі тыл ардагерлерді құттықтап, алғысын білдірді. «Ұлы Жеңіс жасасын» атты мерекелік концертте шекарашылар көрініс қойып, ауыл өнерпаздары соғыс жылдардағы би билеп, әсем әндерін шырқап көрерменді өнерлерімен паш етті.

13 Мамыр күні Достық мәдениет үйінде Тасқала ауданы Халықтық «Ақтілеу» ансамблімен кездесу өтті. Әжелер Халқымыздың салт-дәстүрлерін, киіз басу өнерін, жас ұрпаққа насихаттап, ұмыт бола бара жатқан қара өлендерін айтып, бір-біріне тілектерін білдірді. Соңында «Ақтілеу» әжелеріне кең дастархан жайылып, алғыс хатпен марапатталды.

Маусымның 30-і күні «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» Республикалық мегажобасы аясында Достық ауылының тұрғындары Шежін ауылының делегациясын қабылдады. Шежін ауылдық округінің әкімі Т.Шакиров, мега-жобаның эстафетасын Достық ауылына салтанатты түрде табыс етті. Қабылдаған мега-жоба эстафетасын Бірлік ауылының тұрғындарына ұсынған концерттік бағдарламамен қорытындылып, эстафетасын Тасқала ауылының әкімі С.Утемисоваға салтанатты түрде табыс етті. Шараға Достық, Тасқала ауылының әкімдері, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы қатысып, өнерпаздардың концертін тамашалады. Бірлік ауылдық мәдениет үйінің залында қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдар, аспаздардың әзірлеген әр ұлттың тағамдары қойылды. Ауданнан келген қонақтар да, ауылдық округ әкімдері де, жиналған көрермен қауым да ризашылықтарын үздіксіз соққан қол шапалақтарымен білдіріп отырды. Соңында Достық ауылдық округінің әкімі Байзолла Қалиұлы құттықтап, ризашылығын білдіріп, аталмыш мега-жобаның эстафетасын салтанатты түрде Тасқала ауылдық округі әкіміне табыстады. Концерт Қазбек Аюповтың орындауында "Атамекен" әнімен аяқтады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен қолға алынған «Ақ орамал» республикалық акциясы Достық ауылындада жалғасын тапты. 29 тамыз күні М.Шамов ескерткіш алаңына гүл шоқтары қойылып, бір минут үнсіздік жарияланды.

24 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Тасқала ауданында «Аудан күні» атап өтілді. Шара барысында ауылшаруашылық өнімдерінің жәркенкесіне қатысып, киіз үйді тұрғызды.

28 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Ынтымақ ауылында мерекелік концерт өткізілді. Шара барысында театрландырылған көрініс көрсетіп, мемлекеттік әндермен қатар ұлттық билер және флешмоб сахналанды.

29 қараша күні күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Бастау ауылында мерекелік шара өтті. Осындай тамаша мерекені тойлау барысында Вавилино бастауыш мектебінің оқушылары ҚР Президентіне арналған өлеңдерді оқып, өздерінің сүреттерін көрермендерге ұсынды. Шара соңында мерекелік концертпен жалғасын тапты.

30 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Достық мәдениет үйінде мерекелік шара өтті. Шараға аудандық маслихат хатшысы С.Б.Рахимов және Достық ауылының еңбек ардагері Менслу Жумагерейқызы Шангереева қатысып, жиналған қауымды құттықтап, алғысын білдірді. Мерекелік шарада жас өнерпаздар өздерінің еліне, жеріне деген сүіспеншілігін, татулық, достық, бейбітшілік, ынтымақ пен бірлік берекесін нығайта отырып, інжу-маржанмен ән шашып би биледі. Ауыл тұрғындарымен естелікке сүретке түсті.

7 желтоқсан күні Достық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Асқақтай бер, азаттық байрағы» атты мерекелік шара өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева қатысып, ауыл тұрғындарын мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ 1991 жылдары аянбай еңбек еткен ауыл тұрғындарына алғыс хаттар және сыйлықтар табыс етті.

14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Достық ауылдық округінде спорт алаңының салтанатты ашылуы өтті. Жалпы сомасы 6 млн. 781 мың тг құрайтын алаңды, «Жаса ЖШС» әлеуметтік-өндірістік мекемесі салды.



Жыл бойынша өткен шаралар саны - 60 шара, 6210 адам көрермен қатысты.


 
: images -> files
files -> 4. Минимальная площадь на одно стоматологическое кресло (в кв м)
files -> Региональный центр «Шығыс» управления образования вко жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбы бойынша биология
files -> Сабақтың тақырыбы: Көктем Мақсаты: Көктем тақырыбына шолу жасай отырып, өз ойларын дәлелдеуге дағдыландыру. Міндеттері
files -> Ұбт-ға даярлаудағы тиімді әдістері өскемен 2015
files -> Химиялық таңбасы – аі
files -> Твором фтора простой и эффективный способ профилактики кариеса
files -> 1. Специфические рецепторы




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет