Дөңгелек үстелге қатысушыларының ұсынымдары «Ғылым және технология этикасы: Қазақстан Республикасындағы мәселелер мен даму болашағы» Астана 12 мамыр 2015 жыл



Дата21.04.2018
өлшемі21.44 Kb.
Дөңгелек үстелге қатысушыларының ұсынымдары

«Ғылым және технология этикасы: Қазақстан Республикасындағы мәселелер мен даму болашағы»
Астана 12 мамыр 2015 жыл

Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстанда ғылыми этиканы дамытудың ахуалы мен болашағын талқылып, зерттеуді жауапты түрде жүргізу және ғылыми-зерттеу қызметінде арам ниеттілікті болдырмау мәселелерін жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды жасап шығарудың қажеттілігін атап өтті.

Қатысушылар өткізілген дөңгелек үстелдің және пікірталастың нәтижелері бойынша ұсынады:


  1. UNESCO ұйымымен тәжірибе алмасу жұмысын мақұлдау және ғылым этикасы сұрақтарына Қазақстан Республикасында ақпараттық насихат жүргізуді жалғастыру.

  2. Зерттеулерді жүргізуге жауапты сұрақтар механизмін белгілейтін іс-шараларды жетілдіру (оған қоса олардың көзқарастарын, шолуларын, нәтижелер туралы қорытындыларын, ғылыми басылымдарын). Олар мынаны қамтиды:

1) ғылыми зерттеулерді жауапты түрде жүргізу тетіктері бойынша нормативтік құқықтық базаны әзірлеуді;

2) ұлттық деңгейде Ғылым этикасы жөнінде кеңес құруды, ол ғылыми қызметтің негізгі этикалық принциптерін және ғылыми қызметтегі этикалық принциптердің бұзылу жағдайларын қарау нәтижелері бойынша шешімдерді қабылдау тетіктерін әзірлейтін болады (шығармашылық ұрлық, деректерге қысастық жасау, бұрмалау, жалған бірлескен авторлық, нәтижелер діиемдену,қарама-қарсы мүдделердің қақтығысуы және т.б.);

3) МҒТСҰО-ны Ғылым этикасы жөнінде кеңес ұйымының жұмысшы ұыймы ретінде анықтауды;

4) ғылым этикасы бойынша мамандарды оқытуды.



  1. Жоғарғы оқу орындары мен ғылыми мекемелерге келесі жұмыстарды орындауын белсендіру:

  1. ғылыми-зерттеу әрекеті ұйымына ғылыми этика кодексін енгізу;

  2. ғылым этикасы және зерттеулерді жауапты жүргізуге ғылыми- методикалық сұрақтарды жетілдіру;

  3. ұйымның қызметкерлерінің арасындағы этикалық нормалардың бұзылуын анықтау және жүйелі түрде оның алдын алу.

  1. ҚР Білім және ғылым министрлігіне «Ғылым этикасы» атты дисциплина ретінде жоғарғы оқу орындарының оқу бағдарламаларына қосу мүмкіндігін қарау.

  2. Құқықтық-ұйымдастырушылық жұмыстар барысында Еуразиялық экономикалық одағына мүше, біріктіруші үдерістерді есепке ала отыра, шетелдік үздік тәжірибелер мен ұлтаралық тәжірибені қолдануға ерекше көңіл бөлу.

  3. МҒТСҰО мен ҚР БҒМ Білім және ғылым саласын бақылау комитеті осы ұсынымдарды Парламентке, Үкіметке, ҚР Білім және ғылым министрлігіне, ҚР Әлеуметтік даму және денсаулық сақтау министрлігіне, жоғарғы оқу орындары мен басқа да мүдделі тұлғаларға жеткізу.



Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет