Дүниетану пәнінен шебер класс Күні: 16. 03. 2016 ж Өткізген



жүктеу 87.15 Kb.
Дата03.12.2017
өлшемі87.15 Kb.

Дүниетану пәнінен шебер класс Күні: 16.03.2016 ж

Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі: Шакирова Дина Караевна.

Тақырыбы:

Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі.

Мақсаты:

Күтілетін нәтиже:

Көрсетілген әдіс-тәсілдер бойынша жұмыс жасай алады, пікірлерін білідіреді.

Әдіс-тәсілдер

Топқа бөліну, бағалау парағы, «конверттегі сұрақ», «екі жақты күнделік», «түртіп алу», «2 қадам артқа, 1 қадам алға», «БББ әдісі» ,

Ресурстар:

А 3 формат, суреттер, маркер, стикер, флипчарт, слайд, музыка.

Сабақтың кезеңдері:

Іс-әрекеттер

Кіріспе бөлімі


Құрметті әріптестер! Сіздермен дүниетану сабағынан шебер сынып өткізгелі отырмын. Дүниетану пәнінен «Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі» тақырыбы бойынша сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді қалай қолданатынымды бірге жасап көрсек деймін.

Көріп отырғандарыңыздай құмырадағы түрлі гүлдер сияқты әр мектептен жиналдық. Осы гүл шоғындай барлығымыз бірлесе отырып жұмыс жасаймыз деген ойдамын.




Психологиялық ахуал

«Кел танысайық» тренинг

Топқа бөліну


Ендеше барлығыңызды ортаға шақырамын. Келе жатқан Ұлыстың ұлы күніне, бүгінгі сабағымызға жақсы тілектер айтып, танысып алсақ деймін.

Мысалы: мен Дина Караевна сіздерге сәттілі, көктемнің шуақты күндерін тілеймін. (гүлдерді тарату)

Дөңгеленіп тұрған бойда, мұғалімдерге қағаз таратылады. Сондағы суреттер арқылы топқа бөлінеді.

Суретте үй жануарлары және жабайы жануарлар болады. Жылқы, сиыр, қой, ешкі, аю, сілеусін, қасқыр, түлкі, жолбарыс т.б



«Бағалау парағы»

Қызығушылықты ояту

«Конверттегі сұрақ» әдісі

(Почта жәшігінен конверттер алады)

«Екі жақты күнделік» әдісі (флипчарт арқылы жасау)


Топқа отырғаннан кейін «БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ» таратылады. Бүгінгі сабақта өздеріңізді бағалайсыздар, әр бөліктерді бағалау ұпайы қойылған.

Әр топ өздеріне ат қояды. «Үй жануары» «аңдар» «құстар»

Әр топ почта жәшігінен конверттер алады. Конверттегі сұрақтарға жауап беріп, топпен жұмыс жасайды.

Сұрақтар:



  1. Ақ аю, қоңыр аю суреті.

  2. Мына сөздің аудармаларын жаз:

Қазақ тілі

Орыс тілі

Ағылшын тілі

мысық







ит







арыстан







аю







түлкі









  1. Нүктенің орнына тиісті сөзді тап:

Қоян- ...........

........ – марғау

Аққу - .........

Ақбөкен - .......

......... - бөлтірік.

Жолбарыс баласы - арлан

Еліктің төлі – еңлік

Арыстан баласы -абдан

Түлкі баласы –жәудік

Арқар баласы – қозықа

Мысық баласы – марғау

Құндыз баласы – құнай

Аққубаласы - көгілдір.

Слайд « Жануарлар мен аңдар төлдерін қалай атайды?


Мағынаны тану

«Түртіп алу» әдісі арқылы әр топ берілген мәтіннен өздеріне керекті жерді түртіп отырады.



  • Мәтінді оқи отырып, артық болған сөйлемді тауап оқисыздар.



  • Мәтінде аталған жануарлардың мекен ортасын түртіп отырасыздар.

Әр топ мәтіндегі тапсырманы орындайды, қорғайды.



Видео «Жануарлар әлемі»

«2 қадам артқа, 1 қадам алға» әдісі арқылы топтар көргендерін, оқығандарын еске түсіреді және оны мына Қазақстанның картасы сұлбасына орналастырасыздар.

Әр топ қорғаған постерлерді бағалап өтесіздер.

Қазақстанның көп жерін жазық жерлер алып жатқандықтан, оның жануарлар дүниесінің сипаттамасы далалы аймақтан бастаймыз.

Кірпінің 3 түрі - кәдімгі, құлақты және қара кірпі өлкемізде кездеседі. Құлақты кірпі Қазақстанның далалы, шөлейтті аймақтарында кеңінен таралған. Кәдімгі кірпі еліміздің солтүстік батыс, солтүстік өңірінде орманды дала аймағында мекендейді. Қара кірпі Маңғыстау алқабындағы шөлейтті, шөлді жерлерде тіршілік етеді. Кірпілер бунақденелілермен қоректенеді. Олар жылына бір рет 2-7 ұрпақ береді.

Қазақстанда таралған қуысмүйізділер тұқымдасына қарақұйрық, ақбөкен, таутеке, арқар, үстірттің жабайы қойы жатады. Кең-байтақ даламыздың көркі - ақбөкен. Оны «сахараның ботакөзі» деп ерекше дәріптейміз. Ұша алатын жалғыз сүт қоректі – жарқанат. «Жезкиік» сөзі оның жазғы түгінің түсіне байланысты айтылады. «Киіктің киесі бар» - деп халық ақбөкенді ерекше қастерлейді. «Құралайдың салқыны», «текебұрқылдақ», «киіктің мойынжуары» деген амалдар ақбөкен тіршілігіндегі ерекше өзгерістерді аңғартады. Қазір ақбөкенді атуға мүлде тыйым салынған.

Қарақұйрық - Балқаш, Зайсан, Алакөл, Мойынқұм, Бетпақдала, Қызылқұм, Арал, Үстірт, Маңғыстау аймағында таралған. Өте сымбатты аң, бірақ саны аз, қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген. Алтынемел ұлттық табиғи саябағында, Үстірт, Барсакелмес қорықтарында, Андасай қорықшасында, өзге де жерлерде қорғауға алынған. Өзбекстанда Бұқара маңында арнайы тәлімбақта қарақұйрық қолдан өсіріледі.

Арқар  жұптұяқтылар қатарының қуысмүйізділер тұқымдасына жататын ірі аң; тау арқары туысының сүтқоректі жануары. Жердегі жануарлардың ішінде ең қан қысымы жоғары аң – керік. Қазақстанның таулы жерлерін (Жоңғар Алатауын, Тарбағатайды, Алтайды, Сарыарқаны, Қаратауды, Қызылқұм шөлін) мекендейді. Республикада арқардың 6 түрі бар.

Тиін - құрлықта мекен етуге бейімделген. Бірақ ол құрлықтың кез келген жерінде, ағаш жоқ, жазық жерді таңдамайды. Тек өзіне бүр, саңырауқұлақ сияқты қорек табылатын ағаштарды тіршілік етеді.

Үй қояны ғана ін қазады, топ-топ болып тіршілік етеді. Көжегі көзі ашылмай, өте дәрменсіз, қызылшақа болып туылады. Жолбарыстың жүні ғана емес, терісі де жолақ. Кәсіптік маңызы бар, әуестік үшін де ауланады. Қоянның кейбір түрлері жайылымға, жеміс бағына, жас орманға үлкен зақым келтіреді. Кейбіреулері індет таратады. Қазақстанда кездесетін 3 түрі (ақ қоян, құм қоян, ор қоян) бар. Ақ қоян, негізінен, қалың қар түсетін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарындағы орманды далаларда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп, ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында сирек кездеседі.

Мысалы, ұзын мойынды құстар ( қаз, аққу, үйрек ) судан қорек тауып жеуге машықтанған. Аяқтарындағы бармақ арасындағы жалғасып тұрған тері суда жақсы жүзуге көмектеседі. Жылқының сүйегі адамдікінен 18-ге артық.

Ұзын да жалпақ тұмсығы аулаған азығын ұстап жеуге қолайлы. Сонымен жануарлар өздеріне қолайлы жерде тіршілік етуін мекен ортасы деп атайды.

Сабақ барысында көрген видеоны еске түсіріп, оқыған мәтіндегілерді Қазақстанның картасына орналастырады.



http://seykhuninfo.kz/uploads/posts/2015-04/1428135014_dala-5.png

Сергіту сәті:

«Жануарлар мейірімділігі» слайды, музыкамен көрсетіледі.

Мейірімділік тек адамдарда ғана емес, бізді қоршаған ортадан да байқауға болады. Мейірімге бөленген кезде табиғаттың өзі бізге жақсы көзқараста болады емес пе?



Ой қорыту:

«Білемін Білдім Білгім келеді» әдісі арқылы қорытындылау.

Қазақстан жерінің асты да үсті де байлыққа тұнып тұр. Сол байлықты бағалау, оны сақтау біздің еншімізде. Осы жануарлар мекен ететін орта жайлы біраз тапсырмалар орындап, ой бөлістіңіздер.

Ендеше бүгінгі сабақты «Білемін. Білдім. Білгім келеді» әдісі арқылы түйіндеп көріңіздер.



Әр топ қатысушылары пікір парағын толтырып береді.

Парақтар таратылады.




«Келісемін» «Бекітемін»

директорының оқу- ісі жөніндегі орынбасары: «ЖББ №9 орта мектебі» КММ

Б.Ө.Жумабекова _____________ директоры Г. Әби __________

«___» ________2015/2016 ж. «___» _______ 2016 ж.
Дүниетану пәнінен шебер сынып:

Тақырыбы: «Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі»

Бастауыш сынып мұғалімі: Шакирова Д. К



2015/16 оқу жылы
: 2016
2016 -> Беттің және ауыз қуысы ағзаларының туа пайда болған ауытқуларының көріністерін анықтай білу
2016 -> Анатомо-физиологические особенности кожи. Кожа это трехмерная пограничная ткань Кожа
2016 -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
2016 -> Программы вступительных испытаний, проводимых консерваторией самостоятельно Вступительные испытания творческой и (или) профессиональной направленности бакалавриат




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет