Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің индикаторын жақсарту жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған шаралар жоспарына 2017 жылғы



жүктеу 291.36 Kb.
Дата10.04.2018
өлшемі291.36 Kb.
Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің индикаторын жақсарту жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған шаралар жоспарына 2017 жылғы

ақпарат

36-тармақ. Мемлекеттік органдармен ашық бюджеттерді жариялауды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және есептерді қоғамдық талқылау және «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ету

Ақмола облысының мемлекеттік органдары, орталық мемлекеттік органдардың бұйрықтарына сәйкес интернет-ресурста бюджеттік бағдарламаларды орналастырады. Сондай-ақ, облыстық бюджетті және облыстық бюджеттің орындалуы бойынша, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есеп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының төлқұжатты және қорытындысы, Ақмола облысының аумақтарын дамыту бағдарламасы және АДБ-ның іске асырылуы туралы есеп, қаржылық бақылау және мемлекеттік аудидтің қортындысы туралы ақпарат міндетті түрде интернет-порталда орналастырылады.

Сонымен қатар, заң жобасының тұжырымдама жобалары және нормативтік-құқықтық актілердің жобасын ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында бұқаралық талқылау мақсатында, бекітілген/нақтыланған бюджет бойынша мәслихат сессиясы шешімінің жобасы міндетті түрде бұқаралық талқылау үшін мәслихаттың сессиясы өткенге дейін «ашық НҚА» интернет порталында жарияланады, сонда кез келген қолданушының НҚА орналастыру уақытының ішінде ақпаратқа қолжетімділігі бар, жобаны қарайды және көпшілік алдында талқыланады, өз ескертулерін және ұсыныстарын енгізеді.

Сондай-ақ, облыстық/аудандық/қалалық бюджеттер туралы мәслихат шешімінен кейін бір ай ішінде «Азаматтық бюджет» интернет ресурсында облыстық бюджет туралы қоғамды кеңінен ақпараттандыру мақсатында жергілікті бюджетті қалыптастырудың негізгі ережелерін және орындалуын қозғайтын құжат қалыптастырылады және жарияланады.


52-тармақ. Әкімшілік кедергілерді азайту, бизнес-ахуалды жақсарту бөлігінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау кезінде бизнес өкілдерінің қатысуымен Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың кеңейтілген және ашық отырыстарын/кеңестерін өткізу

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында облыстық кәсіпкерлер палатасы ұсыныстарының негізінде 17.03.2017 ҚР ҰЭМ мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс жіберілді:

ҚР АК 159-бабында «жарамсыз мәміле», ол атқарушы органды ауыстыру бойынша тұтқындауға тыйым салу бөлігінде тараптардың бірі шаруашылық субъектісі қатысушыларына тиісті рұқсатсыз барша мүліктің міндеттемесін қамтамасыз ететін тараптардың қатынасын туғызады;

- мүлікке тыйым салу кезінде хабарлама тәртібінде міндетті қолдануда талап-арыз шарасын қамтамасыз етуде ҚР АПК 158-бабына толықтырулар енгізу.

Мемлекеттік қызметтерді сапалы іске асыру, атап айтқанда «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының аясында мемлекеттік гранттарды ұсыну мақсатында, басқарма кәсіпкерлермен ұсынылатын грант көлемін (ақша эквивалентінде) ұсынуды белгілеу бөлігінде өңірлік үйлестіру кеңесі үшін негізгі өлшемдерді пысықтау бөлігінде нормативтік құжатты (әдістемелік сипаттағы) әзірлеп, бекітуді ұсынды. Сондай-ақ, кеңес төрағасы орынбасарының құзыреттілігін көрсету арқылы ӨҮК туралы ережені заңнамамен белгіленген тәртіпте әзірлеу ұсынылды.
57-тармақ. Бейнебақылау жүйелері желілерін, құқық бұзушылықтарды фото және бейне тіркеуді дамытуды және кеңейтуді, сондай-ақ жол-патрульдік полиция бөлімшелерін портативті бейнетіркегіштермен жабдықтауды қамтамасыз ету

Ақмола облысының аумақтарын дамыту бағдарламасының аясында азаматтар көп жиналатын жерлерде (алаңдар, шағынгүлбақтарда, көшелерде, тұрғын үй алабының аула ішілік аумағында және т.б.) бейне бақылау, құқық бұзушылықтарды фото және бейне тіркеу жүйелерінің желісін кеңейту бойынша кезең-кезеңді жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, 2017 жылы 57,6 млн.теңге жалпы сомасына 12 бейне камера сатып алынды.

Ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар жоспарының аясында, ҚР ІІБ жергілікті полиция қызметін одан әрі дамыту жөніндегі ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар жоспарының аясында портативті бейне тіркегіш сатып алу қарастырылды. 2017 жылы 114,1 млн.теңге сомасына 350 бірлік сатып алынды.
5-тармақ. Халықты және қоғамдық құрылымдарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, сондай-ақ қоғамда құқық бұзушылықтарға «мүлде төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға тарту бойынша жұмысты жандандыру

Тармақты орындау барысында, 2017 жылға 252.003 «Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу» бағдарлама бойынша 4,9 млн.теңге қарастырылған, ішкі істер департаменті бюджеттік бағдарлама әкімшісі болып табылады. 2017 жылғы 1-желтоқсандағы жағдай бойынша 4,9 млн.теңге игерілді.



76-тармақ. Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пунктерінің құрылысы бойынша шаралар қабылдау

Ақмола облысының барлық аудандық орталықтарын автовокзалдармен, автостанциялармен 2020 жылға дейін қамту мақсатында 7 автостанция (аудан орталықтарында, Аршалы к., Есіл қ., Жақсы ауылы, Балкашино а., Ақмол а., Шортанды к., Зеренді а.) мен 5 жолаушыларға қызмет көрсету пунктінің құрылысы қарастырылды.

2016 жылы Есіл қаласында жолаушыларға қызмет көрсету пункті ашылды.

2018 жылы Державинск қ., Жақсы к. мен Бурабай кентінде жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін ашу жоспарланды.

2014 жылы Аршалы к. автостанция құрылысының ЖСҚ әзірленді, әзірленген жоба бұдан әрі басқа аудан орталықтарында жалғастырылатын болады.

Қаржыландырылуын қамтамасыз ету үшін, жоба Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне ҚР Көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында республикалық бюджет есебінен іске асыруға енгізілді. Қарау барысында Министрлікпен осы жобаны республикалық бюджеттен қаржыландырудан бастартылды, осыған байланысты Аршалы к. автостанция құрылысының мәселесі ҚР Көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасына (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 ақпандағы №81 қаулысымен бекітілген) жергілікті бюджет есебінен қосылды.

Мемлекеттік бюджеттен жаңа бастамаларға қаржы бөлуге 2018 жылға дейін мораторий енгізілгендіктен, (Елбасының төрағалығымен Астана қ. 2015 жылғы 19-20 тамызда өткен экономикалық саясаттың жүйелік шаралары бойынша кеңес отырысы хаттамасының 2-т. сәйкес), «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауына (2015 жылғы 30 қараша) сәйкес, көрсетілген жобалардың іске асырылуы мемлекеттік-жекешелік әріптестік әзірленетін әзірленетін болады.

77-тармақ. Жұмыс істеп тұрған автовокзалдар мен автостанцияларды ұлттық стандарттарға сәйкес келтіруді қамтамасыз ету

Облыста автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау тұрақты 212 бағыт бойынша жүзеге асырылады, оның ішінде қалаішілік – 63, қаламаңы – 31, облысішілік қалааралық – 59, ауданішілік – 33, облысаралық – 19 және халықаралық бағыт – 7.

2016 жылы Аумақтарды дамыту бағдарламасының аясында автобус байланысымен қосымша 6 жаңа және 3 қолданыстағы автобус бағыттары ұйымдастырылды. Автобус қатынасымен қосыша 12 елді мекен қамтылды. Ақкөл ауданында Ақкөл-Жалғызқарағай автобус бағыты (1 елді мекен Жалғызқарағай а. (Приозерное) қамтылды), Аршалы ауданында «Астана – Аршалы к.» №315 қала маңдық бағыты (Жалтыркөл а. қамтылды), сондай- ақ тұрақты облысішілік «Астана – Бірсуат» автобустық бағыты Байдалы а. дейін ұзартылды, Астрахан ауданында «Көкшетау – Егіндікөл» автобус бағыты ұйымдастырылды (1 елді мекен Степное а. қамтылды), Атбасар ауданында тұрақты ауданішілік «Атбасар-Октябрьское» Қаракөл а. дейін ұзартылды, Егіндікөл ауданында ауданішілік «Егіндікөл – Полтавское» автобустық бағыты ұйымдастырылды (1 елді мекен Полтавское а. қамтылды), Жарқайың ауданында 2 ауданішілік «Державинск – Зерноградское а. – Тасты-Талды» (1 елді мекен Зерноградское а. қамтылды) және «Күмсуат – Державинск» (4 елді мекен Күмсуат а., Боранкүл а., Нахимовка а., Львовское а. қамтылды) ұйымдастырылған, Шортанды ауданында тұрақты қаламаңы «Бозайғыр – Пригородное» автобус бағыты Алтайское а. кірумен ұзартылды, тасымалдаушы «Гладышева» ЖК.

2017 жылы қосымша 3 жаңа облысаралық (Көкшетау – Чкалов, Көкшетау –Тайыннша, Астана – Есіл), 4 ауданішілік бағыттар ұйымдастырылды, 1 ауданішілік бағыты жаңартылды, сондай-ақ 2 ауданішілік бағыттар ұзартылды. Автобус қатынасымен қосымша 9 елді мекен қамтылды. Астрахан ауданында ауданішілік «Астраханка – Ұзынкөл» автобус бағыты ұйымдастырылды (1 елді мекен Ұзынкөл а. қамтылды), Бұланды ауданында ауданішілік «Макинск – Қараөзек – Купчановка – Гордеевка – Новокиевка» бағыты ұйымдастырылды (2 елді мекен Гордеевка және Новокиевка а. қамтылды), Егіндікөл ауданында ауданішілік «Ұзынкөл – Егіндікөл» бағыты ұйымдастырылды (2 елді мекен Буревестник және Ұзынкөл а. қамтылды), Ерейментау ауданында ауданішілік «Ерейментау – Ақсуат» (1 елді мекен Ақсуат а. қамтылды) бағдары ұйымдастырылды, Зеренді ауданында «Зеренді – Исаковка» автобус бағыты жаңартылды, Шортанды ауданында ауданішілік «Астана – Константиновка» автобус бағыты Белоярка а. дейін ұзартылды және Белое озеро а. қолданыстағы ауданішілік «Шортанды –Бозайғыр – Пригородное» бағыты енгізілді.


78-тармақ. «Такси жолаушылар тасымалы бойынша автокөлік қызметтері» 2272-2012 ҚР СТ Ұлттық стандартының нормативіне сәйкес қалаларда таксимен жолаушылар және жүк тасымалын ұйымдастыру

Мәселені шешу мақсатында такси тасымалдаушылармен тиісті жұмыс жүргізілді.

Жұмыс барысында заң деңгейінде шешуді талап ететін бірқатар проблемалық мәселелер анықталды (диспетчер қызметтері үшін хабарлау тәртібін енгізу, заңсыз такси қызметтерінің қызметін бақылауды күшейту мәселелері бұдан бұрын Министрлікке жеткізілді).

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық стандартына сәйкес таксимен тасымалдау нарығын дамыту мақсатында, сондай-ақ, Көкшетау қаласында заманауи және біртектес такси қызметтерінің құрылуын қамтамасыз ету үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің назарларына «Бәйтерек» ҰБХ АҚ-ның «Бизнестің жол картасы -2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын пайдалану тәртібі және екінші деңгейлі банктер мен лизингтік компаниялардың кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау құралдарын мемлекет тарапынан қолдау мүмкіндігі туралы ақпарат жеткізілді.

Қазіргі уақытта жеке кәсіпкерлік субъектілері жеңілдікпен кредиттеу жағдайында отандық өндірісті таксиге арналған автомобильдердің қажетті мөлшерін зерделеп жатыр. Сонымен қатар, ресми тіркелген тасымалдаушылар автомобильдер сатып алуға дайын және олар ҚР Ұлттық стандартына сай болады, алайда, салауатты бәсекеге жағдай жасалуы тиіс (заңсыз тасымалдаушылар тарапынан такси қызметтерінің демпингтік бағаларының болмауы).
82-тармақ. «Автожолдар сапасы» индикаторын жақсарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу.

«Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ сайтында 2017 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат орналастырылды, онда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді, жөнделген жолдың көлемі 235,6 км, ахуалы жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 67,1% болып көрсетілген. Сондай-ақ, 2020 жылға дейінгі жоспар туралы ақпарат орналастырылды.


83-тармақ. Ұлттық стандарттарға сәйкес жол бойындағы сервис объектілері мен инфрақұрылымды салуды және жаңғыртуды қамтамасыз ету

Мүдделі облыстық басқармалар мен департаменттердің өкілдерінен тұратын жұмыс тобы «Қазавтожол» ҰК» АҚ-мен бірлесе отырып, «Астана- Петропавлск» (Астана қаласынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін), «Астана Қостанай» (Астана қаласынан Қостанай облысының шекарасына дейін), «Астана Павлодар» (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін), «Астана Қарағанды» (Астана қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейін) бағыттары бойынша республикалық маңызы бар автожолдардағы жол жиегіндегі сервис нысандарын қарап-тексеру мақсатында сапарға шықты.

Мониторинг жүргізу үшін жол сервисінің 142 нысаны қамтылды, олар Ақкөл, Атбасар, Аршалы, Астрахан, Жақсы, Ерейментау, Бурабай, Бұланды, Еңбекшілдер, Есіл, Зеренді, Шортанды және Целиноград аудандарының аумағында орналасқан.

Жол жиегіндегі сервистің барлық дерлік нысандарының негізгі проблемалық мәселелері (жанар-жағармай құю бекеттерін қоспағанда) мыналар: нысандарға кіретін кіреберіс жолдардың, көлік құралдарын қоюға арналған тұрақ алаңдарының стандартқа сәйкес келмеуі, көше дәретханалары мен қоқыс контейнерлерінің санитарлық нормаларға сәйкес келмеуі, аумақтың абаттану деңгейі қанағаттандырылмайтындығы (қоқыстың болуы, ғимараттың, қоршаулар мен ернеулердің ішінара түрде сырлануы), нысандарға бағыттайтын жол белгілерінің болмауы, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пандустардың болмауы.

Жүргізілген қарап-тексеру қорытындылары бойынша Ақмола облысының әкімі М.К. Мырзалин аудан әкімдіктеріне абаттандыру (қоқыстарды жинау және шығару, ғимараттарды, қоршауларды, ернеулерді, белгілерді сырлау және әктеу) бойынша анықталған ескертулерді жоюға қатысты барлық қажетті шараларды қолдану, ішкі және көше дәретханаларын ретке келтіру (жинау, дезинфекциялау, жағымсыз иістерді жою) туралы тапсырма берді.

Бүгінгі таңда, аудан әкімдіктері анықталған ескертулерді жою бойынша жұмыстарды жалғастыруда.


86-тармақ. 1 800 км жергілікті маңызы бар автожолдарды жөндеуді қамтамасыз ету

Ақмола облысында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 5630 км-ді құрайды, соның ішінде, облыстың маңызы бар автожол 2665 км, аудандық маңызы бар автожол – 2965 км.

2017 жылы 235,6 км жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстары жоспарлануда, соның ішінде, құрылыс және қайта құру жұмыстары – 13,3 км, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары 114,3 км, ағымдағы жөндеу жұмыстары – 108 км. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары үлесінің жоспарлық көрсеткіші 67,1 %-ды құрайды. Сондай-ақ, Басқарма облыстық маңызы бар жолдарда, аудан әкімдіктері аудандық маңызы бар жолдарда жолдарды қамсыздандыру және оларға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу шеңберінде жыл сайын белгілі бір жұмыстарды жүргізіп келеді (асфальтты-бетонды және құмдақты-қиыршық тасты қоспамен шұңқырлық жөндеу, жаңа материалды қоса отырыпғ қиыршық тасты жолдарды кескіндеу, жол жиектерін бекіту, жол белгілерін орнату және ауыстыру, т.б.).

87-тармақ. ҚР заңнамалық нормаларына енгізілген өзгерістер негізінде автожолдардың құрылысы мен жөндеу сапасын аталған процеске қатысатын барлық субъектілердің жауапкершілігін күшейту есебінен арттыруды қамтамасыз ету

Автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде атқарылатын жұмыс барысын техникалық қадағалау, авторлық қадағалау және тапсырыс беруші тұрақты түрде бақылап отырады. Сондай-ақ, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан автожолдың учаскесіне «Ақмолажолзертхана» ММ жиі келіп тұрады, олар асфальтты-бетонды төсемеден, қиыршық тастардан және басқа да пайдаланылып жатқан материалдардан сынамаларды іріктеу жолымен зертханалық сынау жұмыстарын жүргізеді, осының негізінде қолданылып жатқан құрылыс материалдарының сәйкестігі туралы қорытынды шығарылады. Оған қоса, құрылыс материалдары жергілікті орындарда, мердігер ұйымдардың зертханаларында сапа бойынша ішкі бақылаудан өтеді.


122-тармақ. 1000 тексерілгенге 3-тен кем емес (бүгінгі күні 1000 тексерілгенге 1,3) АА анықтаумен қатар тәуекел тобын флюрографиялық тексерумен толық қамтуды (халық санынан 50 %-нан кем емес) қамтамасыз ету

2017 жылы флюрографиялық әдіспен тексерістен өту үшін облыс тұрғындарының 50,4% құрайтын тәуекел тобы құрылды. 2017 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша қаралғандарың саны жылдық жоспардың 97,5% құрады, 1000 тексерілгенге шаққанда анықтау 1,0-ді құрады.


125-тармақ. Мыналар:

- 1000 тексерілгенге 3-тен кем емес (бүгінгі күні 1000 қарағанда 1,0) АА анықтаумен тәуекел тобы адамдардарын АА флюрографиялық тәсілімен қамтуды қамтамасыз ету

Флюорографиялық әдіспен 1000 тексерілгенге шаққанда анықтау 1 құрады.


132-тармақ. БАҚ арқылы халықты ақпараттандыру және білім беруді ана сүтімен тамақтандыру және бала күтімі бөлігінде қоғам мен ҮЕҰ-ны тартуды қамтамасыз ету

Облыста 2017 жылғы 11 айда омыраумен қоректендіру бойынша мақала дайындалып жарияланды, 37 радиодәріс шығарылды. 122 семинар болды. Бейнероликті ротациялау іске асырылды барлығы 786 демонстрация, 83 санбұрыш рәсімделді, 93 санбюллетень шығарылды. Сондай-ақ БМСК ұйымдарында 946 дәріс (қамту 8998 адам), 9178 әңгімелесу (қамту 15947) өткізілді.

Ана мен бала өлімінің алдын алу мақсатында ана мен бала денсаулығын қорғаудың өзекті мәселелері бойынша жүкті әйелдер және олардың отбасыларымен санитарлық-ағарту жұмыстары күшейтілді. Учаскелік терапевт және гинекологтардың ықпал етуімен есепке уақытылы тұрудың маңыздылығы, медициналық және алдын алу қарап-тексерудің және уақытылы медициналық көмекке жүгіну, аурулардың алу мәселелері, тәуекел факторлары, тамақтану, физикалық жүктеме бойынша ұсынымдар және т.б. туралы үй-үйді аралау арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында омыраумен қоректендірудің маңыздылығы, жеке гигиена және қауіпсіз тамақтанудың 5 қағидатын сақтау туралы ақпарат ұсыну үшін бейінді мамандарды тарту арқылы Ашық есік күндері өткізілді. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету  ұйымдарының медицина қызметкерлеріне арналған семинар-тренингтер ұйымдастырлып өткізілді. Денсаулық мектебінің қатысушылары үшін отбасын жоспарлау, жас ананы босануға дайындау, сау бала кабинетінде омыраумен тамақтандырудың маңыздылығы туралы ақпарат ұсынылды. «Ана үйі» қоғамдық қорының қамқорлығындағылар үшін денсаулықты нығайту мәселелері бойынша жоспарлы кездесулер өткізілуде (есеп беру кезеңінде 6 кездесу өткізілді)
134-тармақ. Балалар жарақаттанушылығынан, оқыс жағдайлардан болатын өлім көрсеткішін төмендету бойынша шаралар жоспарын іске асыру (5 жасқа дейінгі балалардың әрбір бесінші өлімінің себебі)

Облыстың медициналық ұйымдарымен балалар жарақаты және оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі (2698 әңгімелесу, 4768 профилактикалық консультация, денсаулық мектептерінде 128 сабақ, 79 семинар өткізілді, веб-сайттарда 23 ақпарат орналастырылды, 19 мақала шығарылды, дөңгелек үстел өткізілді, 13 телебағдарлама шығарылды, бейнероликті ротациялау іске асырылды барлығы 119 таныстырылым, 5987 дана ақпараттық материал таратылды), 27669 адам қамтылды.



143-тармақ. Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу

ОСӨСҚО сайтында және СӨС-мобайл андроид телефондарының мобильді қосымшаларында, әлеуметтік желілерде СӨС қағидарын насихаттау, аурулар және зиянды әдеттердің алдын алу бойынша ақпарат жариялануда. 2017 жылғы 13 мамырда Ақмола облысының денсаулық сақтау қызметкерлерінің XVIII облыстық спартакиадасы аясында Көкшетау қаласында шахмат, дойбы және үстел теннисі бойынша ойындар өткізілді. Ойынның әр түрінен 30 астам команда, 180 спортшы қатысты. 10 маусымда Президент Милясы жүгіру бойынша жарыстар өткізілді. 22 команда қатысты. Әртүрлі жас санатындағы жеңімпаздар медальдармен және дипломдармен марапатталды.

Физикалық белсенділікті насихаттау бойынша барлығы 130 дәріс (қамту 1405), әңгімелесу 1691 (қамту 4735) өткізілді, 18 мақала жарияланып, 28 санбюллетень және 30 денсаулық бұрышы рәсімделді, 67 бейнеролик көрсетілді.
145-тармақ. Білім беру саласының өзекті тақырыптары бойынша ақпараттық кеңістіктің өзгеруін әрдайым қадағалау мақсатында баспа БАҚ-тарда тұрақты мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету

2017 жылғы 4-тоқсан бойынша Ақмола облысының республикалық, облыстық, аудандық және қалалық БАҚ білім беру жүйесінің өзекті мәселелері бойынша 732 мақала жарияланды. Облыстағы білім беру тақырыбы бойынша «Ақмолинская правда» газетінде ғана 168 материал, «Арқа ажары» газетінде 125 мақала шықты. Одан басқа, «Көкшетау бүгін», «Любимый город», «Көкшетау», «Бұқпа», «Степной маяк» және т.б. қалалық газеттерде және аудандық «Есіл», «Сепная новь», «Атбасар», «Бұланды таңы», «Зерделі Зеренді» және т.б. газеттерде, «Көкшетау Азия», «Білім айнасы», «Қазинформ», және т.б. Республикалық газеттерде: «Казахстанская правда», «Білімді ел» және т.б. ақпараттық агенттіктерде мақалалар шығады.


148-тармақ. Бастауыш сыныптар мұғалімдерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету

Білім мазмұнын жаңарту аясында Ақмола облысы бойынша 2017 жылы 1030 (БАИ 744; ПШО 286) бастауыш сынып мұғалімдері курстан өтті.



156-тармақ. Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту

2017 – 2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі - мемлекеттік тапсырыс) Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын ескере отырып орналастырылды.

Бюджет шегінде облыс колледждерінің күндізгі бөлімшесіне 5872 адам, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 4472 адам, «Серпін» республикалық бағдарламасы аясында 210 адам, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының жоспарына сәйкес 1190 адам қабылданды. Мемлекеттік тапсырыс 37 Тжкб ұйымдарында орналастырылды, оның ішінде мемлекеттік – 30 және жекеменшік оқу орындары – 7.
158-тармақ. 10 күн бойы мектепке бармай жүрген балаларды есепке алуды қамтамасыз ету

2017 жылғы 4-тоқсанда облыс бойынша оқумен қамтамасыз етілмегендер жоқ.


159-тармақ. Мектебі жоқ ауылды жерлерде тұратын балаларды тасымалдаудың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету

5844 оқушыға (100%) арналған тасымалдау ұйымдастырылды, оның ішінде күн сайын 5645 бала тасымалданады, 199 бала 14 мектеп жанындағы интернаттарды тұрады, олар апта сайын тасымалданады.


170-тармақ. Орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім саласындағы жетістіктер туралы материалдарды әзірлеу және отандық БАҚ-тарда орналастыру

ТжКБ ұйымдарымен БАҚ-тарда техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы жетістіктерді, жұмысшы мамандықтарын насихаттауды, дуалды оқытуды дамытуды, тегін техникалық және кәсіптік білім берудің енгізілуін міндетті түрде жариялау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Есеп беру кезеңінде «Казахстанская правда» республикалық газетінде, «Арқа ажары», «Акмолинская правда» облыстық газеттерінде, аудандық (қалалық) БАҚ-тарда 80-нен астам мақалалар жарияланды. Осылайша, 2017 жылғы 11 қарашада «Акмолинская правда» газетінде «Не детский полет детской технической мысли» мақаласы жарияланды. «Казахстанская правда» газетінде «Через диалог к результату», «WorldSkills Competition: золотые руки и светлые головы, Бесплатное образование» мақалалары жарық көрді.

Сондай-ақ, БАҚ-да Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына арналған тақырыптар жарияланды.


171-тармақ. Телеарналардағы арнайы бағдарламаларға спикерлердің қатысуын ұйымдастыру (сұхбат)

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында білім басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенова Ботакөз Балапайқызы «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасына Тәуелсіздік жылдарында Ақмола облысының білім саласында қандай өзгерістер болғандығы жайлы сұхбат берді.

2017 жылғы 5 желтоқсанда «Бұқпа» газетінде №2 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі А.Баткалованың «Туған жер» мақаласы шықты.
172-тармақ. Танымал блогтар мен алаңдарда білім беру саласының басым бағыттары бойынша посттарды орналастыру, әлеуметтік желілерде аккаунттарды жүзеге асыру және ілгерілету

Білім басқармасы сайтында «Көптілділік» атты арнайы бөлім ашылды. Осы бөлімде барлық мектепке дейінгі және орта білім бөліміндегі жаңалықтар жарияланады.


175-тармақ. ICILS-2018 зерттеу туралы БАҚ-тарда бейнероликтер орналастыру

Білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ 2017 жылы ICILS -2018 апробациялық зерттеу жүргізді.

Ақмола облысының мектептері халықаралық іріктеуден өткен жоқ. Бірақ, негізгі ICILS 2018 зерттеуге барлық өңірлер қатысатын болады, оның ішінде Ақмола облысының мектептері де қатысаы.
176-тармақ. Оқушылардың халықаралық олимпиадаларға және ғылыми жобалардың конкурстарына қатысуын қамтамасыз ету

2016-2017 оқу жылында халықаралық олимпиадаларға және ғылыми жарыстарға 34 оқушы қатысты, олардың 12-і жүлделі орындарға ие болды: 2 күміс, 10 қола медаль.

2017-2018 оқу жылында информатикадан IX халықаралық Еуразиялық олимпиадаға 2017 жылдың 9-10 желтоқсанында Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Құттымбек Данияр қатысып, үшінші дәрежелі диплом алды.
178-тармақ. Мектептерді жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән кабинеттерімен жарақтандыруды қамтамасыз ету

2005 жылдан бастап облыс мектептері заманауи жаңа үлгідегі химия, физика, биология кабинеттерімен, ЛМК жабдықталды. Облыс бойынша қамтамасыз етілуі 49,1% құрайды.

2017 жылы облыс мектептері үшін сомасы 74,7 млн. теңгеге 24 жаңа үлгідегі кабинет сатып алынды.
179-тармақ. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізу:


  • рейтингтік телеарналарда жаратылыстану-математикалық бағыттағы үздік мұғалімдердің тәжірибесін насихаттау және тарату бойынша телебағдарлама шығару;

  • халықаралық олимпиадаларға және ғылыми жобалар конкурстарына қазақстандық мектеп оқушыларының жетістіктерін ақпараттандыру.

Ақмолалық мектеп оқушыларының халықаралық олимпиадалардағы жетістіктері Республикалық ақпараттық агенттіктерде, Республикалық және облыстық газеттерде басылады, мысалы, «Қазақстан – Ресей: шекарасыз ғылым» халықаралық конференциясында жүлделі орындар алған Ақмола облысының оқушылары туралы мақала «Қазинформ», «Закон кз», «Көкшетау Азия» және т.б. республикалық ақпарат агенттіктерінде резонанс алды.

181-тармақ. «TIMSS-2018» зерттеу туралы бейнероликтерді БАҚ-тарда орналастыруды қамтамасыз ету

«TIMSS-2018» зерттеу туралы ақпарат аудандық, қалалық білім бөлімдеріне және білім беру ұйымдарына жіберілді. Бейнероликтерді БАҚ-тарда орналастыруға қаржы қарастырылған жоқ.





183-тармақ. Математика және жаратылыстану-математика бағытындағы мұғалімдердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету,

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және үш тілді білімді жүзеге асыру шеңберінде «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» пәндерінің тілдік курстарында 2017 жылы Ақмола облысының 700 педагогын оқыту жоспарлануда. 2017-2018 оқу жылында 5 сыныптан бастап үш тілді білімді кезең-кезеңмен енгізу басталады. Қазақстан мектептеріндегі үш тілді білімді дамыту дарынды балаларға арналған 33 эксперименталдық мектеп, 20 НЗМ және 30 қазақ-түрік лицейлерінің тәжірибесі бойынша жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда біліктілігін арттырудан 708 педагог өтті (40 – 2016 ж., 660 – 2017 ж.) қазіргі уақытта 40 педагог оқуын жалғастыруда. 2016 жылы биология, химия, физика, информатика пәндерінің 40 мұғалімі тілдік құзіретін оқыту бойынша курстарын аяқтағаннан кейін ағылшын тілін меңгеру деңгейін А1-ге дейін көтерді.

40 тыңдаушының 8-і ОN-LINE-интервью және тестілеудің қорытындысы бойынша 19-23 желтоқсан аралығында Сеул мен Гонконгте тілдік тәжірибеден өтті, 2017 жылы тілдік құзыреттіліктің жалпы еуропалық межесіне сәйкес (CEFR) 359 педагог А1,А2 деңгейіне дейін, 261 педагог В1, В2 деңгейіне, 40 педагог – С1 деңгейге көтерді.

187-тармақ. Менеджмент саласындағы білім беру басшыларының біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету

РБАИ базасында – 265 адам менеджмент бойынша біліктіліктілігін арттырды: жалпы білім беру мектептеріндегі директорлар және оқу, тәрбие жөніндегі орынбасарлары – 226, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері – 30.


189-тармақ. Ұлттық компаниялар мен холдингтер өкілдерінің білім саласындағы республикалық іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету

Облыс аумағында жұмыс істейтін компаниялар өкілдері өңірлік және облыстық, республикалық іс-шараларға қатысады. Әсіресе, WorldSkills Kazakhstan жарысын, ТжКБ дамыту мәселелері бойынша сұхбаттық алаңдарын өткізуде, «Білім беру және бизнес: әріптестер диалогы» өңірлік форумына белсенді қатысады.


191-тармақ. Мектептерді кеңжолақты интернет желісіне қосуды қамтамасыз ету

Ақмола облысында 565 мектеп Интернетке қосылған, оның ішінде кеңжолақты интернет желісіне 4 Мбит / с жоғары жылдамдықта 94,8% (533).


19-тармақ. Білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы қоғамды ақпараттандыру бөлігінде ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу

Тиісті бөлім сайттары қарастырылған облыс мектептерінде және ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдарында, аудандық және қалалық білім басқармаларында 850 сайтарымен бірыңғай желісімен байланысқан, Ақмола облысы білім беру басқармасының akmoedu.kz интернет ресурстарында ақпаратты орналастыру жолымен жұртшылықты хабардар ету туралы білім беруде ақпараттандыру жүйесін енгізуде. Аkmoedu.kz желісінде бірыңғай білім беру өкілдері үшін интернет-ресуртарының жұмысы үшін оқыту семинарлары жүргізілуде. Сонымен қатар пайдалану мен толтыру мониторингі жүргізілуде.


193-тармақ. Ақпараттандыр және білім беру ресурстарына енгізу үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ету (ашық электрондық контент көлемі 2020 жылға 100%)

2017 жылы облыстың барлық 565 мектебі «Bilimland» білім беру порталына қосылды. Оның ішінде 317 мектеп онлайн режимінде және 248 мектеп дербес режимде қосылды.


195-тармақ. Ғылыми-зерттеу және білім беру қызметтерінің қолжетімділік мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, баспасөз конференциялары мен диалог алаңдарын өткізу

2017 жылғы 26 шілдеде білім басқармасы өткізген алқа мәжілісінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша мәселелер көтеріледі.

Білім басқармасы тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша семинарлар өткізіп тұрады.
197-тармақ. Қосымша білім беру ұйымдары желісін кеңейтуді қамтамасыз ету

ҚР Білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында қосымша білім беру ұйымдарының желісін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2016 жылмен салыстырғанда 53-тен 57-ге көбейді (Жарқайың ауданында – шығармашылық орталық ашылды, Бурабай ауданында – «Намыс» патриоттық тәрбие орталығы, Шортанды ауданында – «Қайнар» балалар мен жасөспірімдер клубы, Көкшетау қаласында «Көкшетау дарыны» дарынды балалармен жұмыс бойынша орталық ашылды)


198-тармақ. Жалпы білім беретін мектептерде қызығушылықтар бойынша үйірмелер санының өсуін қамтамасыз ету

2016 жылмен салыстырғанда үйірмелер санының 581-ге өскені байқалады (2016 жыл 3629, 2017 жыл 4210), 60566 баланы қамтиды.


200-тармақ.Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын:

  • Ұйымда жұмыскерлерді кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мақалаларын жариялау

  • Компания басшыларының, кәсіпкерлердің қатысуымен ұйымда жұмыскерлерді кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды түсіндіру, осы бөліктегі проблемалы мәселелерді талқылау бойынша дөңгелек үстелдер, баспасөз конференцияларын, диалог алаңдарын өткізу

Облыстық, қалалық, аудандық БАҚ-тарда озат педагогикалық тәжірибені, білікті мамандарды сапалы дайындауға нәтижелі тәсілдерді тарату және жалпылау бойынша облыстық семинарлар өткізілгені туралы материалдар шықты. Барлығы 2017 жылғы 4-тоқсан бойынша білім беру ұйымдарындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы 75 мақала шықты.

Кәсіпкерлердің қатысуымен (ауыл шаруашылығы, құрылыс, сервис (тамақтануды ұйымдастыру, шаштараз ісі), машина жасау және т.б. салалар) кадрларды қайта даярлау және білім алушылардың кәсіби дайындық сапасы бойынша мәселелерін талқылай отырып тақырыптық іс-шаралар өтті.

214-тармақ АӨК-ті мемлекеттік қолдау шараларын ақпараттық-түсіндіружұмысы

Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары бойынша ақпарат Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасының ресми интернет-ресурсында орналастырылған, тоқсан сайынғы негізде жаңартылады.

Ағымдағы жылы 3000 адамдық аудиторияны қамти отырып, 39 іс шараларын ауыл шаруашылығы мемлекеттік қолдау шаралары бойынша түсіндіру (мемлекеттік қолдау шаралары бойынша 17 рет сараптама тобының түсіндіруі, 21 әлеумет отырыс, Целиноград ауданы «Родина» АФ» ЖШС базасында Ғылыми-консультативтік кеңестің ағымдағы жылғы егін жинау жұмыстарын жүргізуге 1 форум АШТӨ) өтті.
234-тармақ. Салалық және өңірлік деңгейде әлеуметтік әріптестердің қатысуымен жаңа заңнама мәселесі бойынша республикалық үшжақты комиссия отырысын, дағдарысқа қарсы штабтар, дөңгелек үстелдер өткізу.

Облыс әкімдігі жанында құрылған әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қарым-қатынасты реттеу жөнінде комиссия (бұдан әрі-Комиссия) қызметін атқарады.

Ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдығы ішінде Аршалы, Егіндікөл және Есіл аудандарының әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қарым-қатынасты реттеу жөнінде комиссия жұмыстарының, «Парыз» бизнес әлеуметтік жауапкершілігі бойынша республикалық конкурстың жұмыстарына қатысты өңірдегі еңбек қарым-қатынастарының жағдайы туралы (Еңбек тәуекелдерінің картасы) мәселелері, еңбек қатынастарын заңдастыру, жасалған ұжымдық шарттардың тиімділігі, облыстың ұйымдар мен кәсіпорындарында жалақыны уақытылы төлеу бөлігінде еңбек заңнамасын сақтау, сондай-ақ білім басқармасы мен білім және ғылыми облыстық кәсіби кеңесі арасында екіжақты салалық келісім жасау жағдайы, осы саланың жұмысшылары үшін Келісімге ескерілген кепілдер мен өтемақылар, 2018 жылға комиссия жұмысының жоспарын бекіту мәселелері қаралған Комиссияның 3 отырысы өткізілді.

Облыста әлеуметтік шиеліністердің алдын алу бойынша күйзеліске қарсы және әлеуметтік-еңбек дауларын шешу жөнінде штаб жұмыс істейді.

А.ж. еңбекақы қарыздары бойынша мәселелері қаралған штабтың 6 отырысы өткізілді, 17 кәсіпорын басшыларының еңбектің қауіпсіздігі және оны қорғау жағдайы туралы есептері тыңдалды.

Кәсіпорындардың қызметкерлерін жұмыстан босатудың алдын алу және жұмыс орындарын сақтау мақсатында облыс бойынша өндіріс процестерін тұрақтандыру, еңбек құқықтарын және облыс қызметкерлерін жұмыспен қамту мәселелеріне қатысты, соның ішінде ірі 31, орта – 107 және 5974 шағын кәсіпорындармен әкімдіктер, кәсіподақтар және жұмыс берушілері арасында өзара қатынасын реттеу жөнінде 6112 меморандум жасалды. Меморандумның қызметі 93,0 мың қызметкерге таратылады.

Еңбекақыларының қарыздары және бекітілген меморандумдардың шарттарын сақтау мәселелері облыс әкімдігінің ерекше бақылауында.

Облыста жаңа еңбек заңнаманың нормалары мен ережелерін түсіндіру жөнінде кең аумақты мақсатты жұмыс жүргізілуде.

Сондай-ақ, облыстық кәсіподақ Орталығымен барлық облыс өңірлерінде (17 аудан және 2 қала) түсіндіру және үйрету сипатта семинар-кеңестері өткізілді.

Мемлекеттік инспекторлармен кәсіпорындардың және мекемелердің жұмыс берушілерімен және лауазымды тұлғалармен еңбек заңнамасын түсіндіру саласында жұмыс берушілермен өзекті мәселелерді талқылау жөнінде 87 семинар мен сабақтар өткізілді, 10 диалог алаңдары өткізілді, БАҚ баспасында және теледидар арқылы 53 баяндама, оның ішінде Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексін түсіндіру жөнінде ақпараттандыру іске асырылды.

Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау мәселелері бойынша 1,8 мың басшы мен мамандарды оқытылып аттестациялаудан өткізілді (с.і. облыс өңірлерінде). Облыстың кәсіпорындары және мекемелерімен 5540 ұжымдық шарттар бектілді. Кәсіпорындардың ұжымды шарттарымен қамту үлесі жұмыс істейтін кәсіпорындар санынан 65,2% құрайды (8491).
301-тармақ. Отандық өндірушілерді ақпараттық қолдау жүргізуді қамтамасыз ету

Отандық тауар өндірушілердің шақырылуымен түрлі форум, көрме, семинарлар өткізілуде.


302-тармақ. Жергілікті өндірісті дамыту бойынша насихаттау шараларын өткізу

Отандық тауар өндірушілердің шақыруымен түрлі форум, көрме, семинарлар өткізілуде.

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен өңірдің тауар өндірушілердің өнімдерін жылжыту бойынша Ақмола облысының ІСБ Өңірлік коммуникация қызметімен және Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлескен жұмыс жоспары әзірленді.

2017 жылғы 4 шілдеде брифинг үлгісінде «Сапа Су» ЖШС өнімінің тұсаукесері және мүдделі тұлғалармен дөңгелек үстел өткізілді.

2017 жылғы 2 тамызда брифинг үлгісінде «KAZ TECHNIKS» ЖШС өнімінің тұсаукесері және мүдделі тұлғалармен дөңгелек үстел өткізілді.

2017 жылғы 24 тамызда брифинг үлгісінде «Ерназаров» ЖШС және «ЕНКИ» ЖШС өнімінің тұсаукесері және мүдделі тұлғалармен дөңгелек үстел өткізілді.

2017 жылғы 25 шілдеде «KAZAKH INVEST ҰК» АҚ тұсаукесері» тақырыбы бойынша брифинг өтті.

2017 жылдың 11 қазанында жергілікті кәсіпкерлер үшін «Казфитингпласт» ЖШС өнімдері таныстырылды (Қарағанды облысы, Саран қаласы).

2017 жылы отандық өнімдерді дамыту және ілгерілету аясында жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорындарының қатысуымен 595 жәрмеңке өткізілді және 1,561,1 млн. теңгеге өнім сатты. Өңіраралық ынтымақтастық және ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аясында биылғы жылы Астанада барлық облыстардың қатысуымен 3 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізіліп, 832,8 млн. теңгеге өнім сатылды.
303-т. «Қазақстанда жасалған – Сделано в Казахстане» көрме-жәрмеңкесін ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету.

Елбасымен 2015 жылғы 11 ақпанда «Қазақстанда жасалған Сделано в Казахстане» жалпы ұлттық акция іске қосылды.

Ең алдымен, акция қазақстандық өндірушілерге қолдау көрсетуге, халықтың біздің елімізде шығарылған тауарлар туралы ақпарттандырылуын арттыруға бағытталды.

Осыған сәйкес, «Қазақстанда жасалған – Сделано в Казахстане» бірыңғай логотип әзірленді.

Жаңа белгі қазақстандық тауарларға жақсы орындар бөлінген барлық сауда объектілерінде орнатылды.

Бұл жұмыс Ақмола облысында да өткізілді, 753 дүкенде 2,5 мыңнан астам логотип орналастырылды.

Бұдан басқа, отандық өндірушілер логотипті өндіретін өніміне (немесе қаптамасына) енгізу мүмкіндігін алды. Бұл рәсім мүлдем тегін, қандай да бір келісімді, рұқсатты, меморандумдар жасасуды немесе сертификат алуды талап етпейді. Акцияға қатысуға ниет білдірген кез келген отандық өндіруші жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі агенттік – «НАДЛОК» компаниясының ресми сайтынан жазып ала алады.

Осы логотипті қолдану Кедендік одақтың Техникалық регламентімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларымен қарастырылған және тауарды дараландырудың құралы болып табылады.

Бірыңғай логотип тауардың елде, сонымен қатар одан тысқары жерлерде оның деңгейін айтарлықтай көтереді.

Ақмола облысының кәсіпорындары облыстық, республикалық маңызы бар түрлі көрмелерге, жәрмеңкелерге, сондай-ақ «Қазақстанда жасалған – Сделано в Казахстане» көрме-жәрмеңкесіне қатысады.


323-тармақ. Отандық өндірушілерге ақпараттық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету

Әртүрлі форум, көрме, жәрмеңке, семинарларда қатысу үшін облыстың кәсіпорындары, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шақырылады.


324-тармақ. Отандық тауарларды насихаттау және ішкі нарықта жылжыту бойынша шаралар қолдану

2017 жылы наурызда «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ-мен бірлесіп, «Өнімділік - 2020» бағыты аясында мемлекеттік қолдау көрсету шараларын түсіндіру бойынша Атбасар және Бурабай аудандарында көшпелі семинар-кеңестер өтті. Сонымен қатар, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы «Даму» КДҚ» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Аграрлы Кредит Корпорациясы» АҚ бірлесіп, ӨКП мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру, шағын және орта бизнес саласында проблемалық мәселелерді талқылау бойынша 2 көшпелі семинар-кеңес өтті (БЖК-2020, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдаралмасы, «АКК» АҚ желісі бойынша кредиттеу бағдарламасы).



«Қазақстан Республикасы Елбасының «Алтын сапа» сыйақысын алу үшін және «Қазақстанның ең үздік тауары» республикалық конкурс-көрмесіне қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Елбасының 2006 жылғы 9 қазандағы №194 Жарлығына сәйкес, жыл сайын «Қазақстанның ең үздік тауары» республикалық конкурс-көрмесі және «Қазақстан Республикасы Елбасының «Алтын сапа» сыйақысын алу конкурстары өткізіледі. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жоғарыда көрсетілген конкурстардың ұйымдастырушысы – «Атамекен» ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасы. 2017 жылы «Қазақстанның ең үздік тауары» республикалық конкурс-көрмесі «Қазақстанның ең үздік тауары» конкурсына Ақмола облысынан бизнестің 30 субъектісі қатысты. «Қазақстанның ең үздік тауары» республикалық конкурс-көрмесінде «Өндірістік маңызы бар ең үздік тауарлар» номинациясында «Енки» ЖШС жүлдегер болды, «Атамекен» Іскер» ҚР КҰП арнайы сыйақысының иегері «Щучье қазандық-механикалық зауыты» ЖШС, ал арнайы «Кемел Іскерлік» халықаралық сыйақысын «Агрофирма TNK» алды.




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет