Дүниежүзілік Денсаулық Күні аясында Республика сарайының алдындағы алаңда өтетін Дүниежүзілік Денсаулық Күні акциясының баспасөз хабары



жүктеу 22.56 Kb.
Дата07.07.2017
өлшемі22.56 Kb.
лого агцф зож
Дүниежүзілік Денсаулық Күні аясында Республика сарайының алдындағы алаңда өтетін Дүниежүзілік Денсаулық Күні акциясының

БАСПАСӨЗ ХАБАРЫ

2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігі Салауатты өмір салтын қалыптастыру пробламалары Ұлттық Орталығының ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдауымен 2015 жылғы 7 сәуірде Республиканың барлық аумағында «Мен салауатты өмір салтын қолдаймын!» ұранымен Дүниежүзілік Денсаулық Күні атап өтіледі.

Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру Орталығы 2015 жыл 4 сәуірде сағат 11.00-де Республика сарайының алдындағы алаңда Дүниежүзілік Денсаулық Күні акциясын өткізуді жоспарлап отыр.

Акцияға қатысушылар: жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері, Алматы қаласының тұрғындары.



Біздің акция – бұл өз денсаулығы және айналасындағы адамдар мен болашақ ұрпақтың денсаулығына немқұрайлы қарай алмайтындардың барлығына арналады.

Акцияның негізгі міндеті – әрбір азаматтың туғаннан бастап жасы ұлғайған шағына дейін өз денсаулықтарын сақтап, нығайтуға деген жауапкершілігін арттыру, салауатты өмір салтын жүргізуге насихаттау, өмір сүру сапасы мен ұзақ өмір сүруге мүмкіндік тудыратын дағдыларын қалыптастыру.

Фестивальға келушілердің барлығына «Денсаулық қалашығы» қызмет көрсетеді, ол жерден кардиолог, онколог, эндокринолог, аллерголог, гастроэнтеролог, невропатолог, дерматолог, терапевт, психиатр сынды мамандар медициналық кеңес береді және қандағы қант мен холестериннің деңгейін экпресс-диагностикалау әдістері арқылы анықтауға мүмкіндік туындайды.

Денсаулық фестивалі танымал байкер – Қазақстан Республикасының жаһангері, Қазақстан Географиялық қоғамдастығының Президенті, «Достық» Орденінің иегері, «Алтын Адам» жүлдесінің екі дүркін лауреаты Дмитрий Петрухиннің бастамасымен сағат 10.00-де мерекелік мотокросспен басталады.

Келушілердің алдында Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының, Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының өкілдері, танымал спортшылар, эстрада және цирк әртістері сөз сөйлеп, өнерлерін көрсетеді.

Ниет білдірушілер Денсаулық лотериясына қатысып, Фестивальдің тақырыбына сәйкес әр түрлі жүлделері мен супер жүлде – планшетті ұтып ала алады!

«Ас үйдегі жаттығу» және «Денсаулық кафесі» ойын шоуы қызықты болып өтеді.

Фестиваль аясында бидің пайдасы туралы айтылып, көрермендерге денсаулықты нығайту үшін қандай бимен айналысу қажеттігі туралы кеңестер беріледі. Фестиваль соңында шағын дискотека болады.



Алматы Қалалық

Салауатты өмір салтын

қалыптастыру Орталығы

тел.: 382-52-44
: about managing -> press service
press service -> Өткізілетін күні: 2015 жылғы 5 ақпан Өткізілетін уақыты: 11. 00 Өткізілетін орны
press service -> Баспасөз-хабарламасы
press service -> 7 Қалалық клиникалық ауруханада жоғары технологиялық эндоваскулярлық емдеу әдістері енгізу туралы баспасөз-релизі
press service -> Ашық есік күнін өткізу туралы Баспасөз-релизі Өтетін мерзімі
press service -> Баспасөз хабарламасы тақырыбы: 9-10 қазан күні Алматы қаласында сүт бездерінің қатерлі ісігі мәселелеріне қатысты халықаралық конференция өтеді
press service -> 7 Қалалық клиникалық ауруханада алғаш бауыр трансплатанциясын жасау туралы Баспасөз-релизі Өткізілетін күні




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет