Дидактикалық ойындар



бет1/3
Дата22.12.2017
өлшемі0.61 Mb.
  1   2   3
Дидактикалық ойындар

 

«Әуе таяқ»

Балалар екі топқа бөлінеді.Әр топта 5-тен 10 –ға дейін ойыншы. Болады.Екі топқа екі таяқша (жұмсақ)беріледі,жерге түзу сызық сызылады.Ойыншының біреуі ортаға шығады да бір алақанына зат жасырып,екінші қолының жұдырығын бірдей жұмады.
Екінші ойыншы зат жасырылған қолды тапса,ойынды бастаушы сол болады.Сөйтіп қолындағы таяғын жоғары лақтырады.Осы кезде қасындағы таяғын лақтырады да,қасындағы баланың таяғын қағып түсіруі шарт.Таяқты қағып түсірген бала өз тобына ұпай әкеледі.

Қара құлақ

Ойынға 5-10 бала  қатысады.Олар оңаша жерге топталып өз араларынан бір баланы қазық етіп белгілейді.Қазық тұрған жерінде қозғалмай тұрады.Басқалары әрі кетеді.Содан кейін ойынға қатысушылапр қазықты алыстан қоршап бірте-бірте жақындай түседі


Таяп келіп мынау кім? –деп бір-бірінен сұрасады.Біреуі ойбай бұл қарақұлақ  қой!-деп қаша жөнеледі.Қалғандары да –қарақұлақ,қара құлақ!-деп бытырай қашады.Қарақұлақ біреуін ұстау үшін тұра қуады.Ұсталған бала қарақұлақ болып,ойын әрі қарай  жалғасады.

Алақан соқпақ

Ойынға қатысушы балалар үйге немесе оңаша жерге жиналады да дөңгелене отырады.Орталарынан бастаушы белгілейді.Оған сүлгі (орамал)беріледі.Бастаушы шеңбер ішін айнала жүріп біреуге –Алақанды тос!-дейді.Ол тосқан кезде бастаушы оның  алақанына сүлгіні тигізіп-Сүлгі  қайда?-деп сұрайды.Сонда ойыншы «анада» -деп бір баланың атын атайды.АКты аталған ойыншы орнынан тұрып алақанын тосады.Бастаушы-сүлгі қайда?-деп атын айтады.Ойын осы ретпен жалғаса береді.Жақсы өлең айтып ән салғандар ұпай жинайды.

 Атқаума

Ойынды 6 бала 3-3-тен бөлініп ойнайды.Бір бала сол қолымен өзінің оң қолының білезігінен ұстайды.Содан кейінгілері де солай істейді де  бір-бірімен қолдарын айқастырады.Үшінші бала көзі таңыулы күйде  екінші баланың айқасқан қолына отырады..Қолдасып тұрған балалар:-Атқаума,атқаума –деп қаумалай көтерген бойы мөлшерлі жерге дейін жетеді.Бірінші бала ақ сандық,көк сандық десе,көзі таңулы бала  -көк сандық ,көк сандық деп жауап береді.Қаумалап келе жатақан балалар :

Бақа,бақа балпақ
басың неге жалпақ?
Бұтың неге талтақ
Көзің неге тостақ
Бұған көзі таңулы бала былай деп жауап береді.:-
Темір терсек көп киіп
Басым содан жалпақ
Теуіп ,теуіп қашырды
Бұтым содан тостақ!
Балалар қолдарын жіберген кезде бала құлап түссе,айып тартады.Құламай тік түссе қалған текі бала көтеріп жүре береді.

Сақина жасыру

Ойынды өткізуші және сақина  жасырушы бала белгіленеді.Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерініғң үстіне алақандарын жаяды.Бастаушы жұлулы қолын әрбір ойыншың алақанына салысымен,ол бала алақанын жаба қояды.Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен-«Сақина кімде»-деп сұрайды.Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын  ауыстырады.Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді.Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді.



Белбеу соқ

Ойыншылар екі-екіден жұптасып шеңбер жасап тұрады.Бір  белбеуді алып екіншісін қууға тиіс.


Қашып жүрген бала шеңбердегі жұптасып тұрған екі баланың алдына келіп тұрады.Артық қалған  үшінші бала қаша жөнеледі.ойыншы оны қуып жетіп белбеумен соғады да,өзі де бір жұптың алдына тұра қалады.Оның орнына келесі ойыншы шығып,ойынды жалғастыра береді.Белбеу ең соңында кімде қалса сол ойыншы жеңіліске ұшырайды да өз өнерін көрсетеді.

 Арқан түю.

Балалар шеңбер жасап тұрады. Қолында арқаны бар жүргізуші топ арасынан шығады да:-ойын бастайды –деп дауыстайды.Сонан соң арқанның түйілмеген басын ұстан шеңбер бойымен айналады,арқанды балалардың аяқтарының астынан жібереді.балалар арқан үстімен секіріп тұрады.Кімде-кімнің аяғына арқан ілініп,секіре алмай қалса ол бала ойынды тоқтатып өнер көрсетеді,тақпақ,өлең айтады немесе билеп береді.Ойын осылай жалғаса береді.


Допты қуып жет

Ойын мақсаты: балаларды шыдамды,сабырлы қалыпта берілген белгіні тыңдауаға,тез жүгіругі,түсетеріңн көлемін ажырата білуге баулу.


Ойынның  шарты:бұл ойынға 5-6  бала, тәрбиеші басқаруымен қатыса алады.Тәрбиеші доптарды себетке салып алып,балалрдың алдына домалатып жібереді.»Допты қуып жет»деген белгі бойынша ,балалар допты ұстап алып тәрбиеші ұстап тұрған себетке салуы керек.
к/құралдар:   түрлі-түсті ,үлкен-кішілі доптар.

Тышқан мен мысық

Ойын мақсаты:балаларды шапшаң әрі шыдамды,ұйымшылдықққа үйрету.


Ойын шарты: Бұл ойынға топ балары бәрі тегіс қатыса  алады.Балаларды (қақпа қалың) дөңгелене тұрғызып,ортаға тәрбиеші көмегімен тышқанмен мысық сайланады.Мысық тышқанды қуып ұстап алуы керек.Дөңгелене тұрған балалар тышқанды яғни мысықтан құтқару үшін,қақпадан тышқанды шығарып діберіп мысықты шығармауға тырысады.Мысық тышқанды ұстау үшін шапшаңдық керек.Мысық тышқанды ұстап алса,ойынға келесі жаңа балалар қатыса отырып алмаса береді.
К\құралдар: мысық,тышқан бетперделері.

Ойын балалар үшін айналадағыны танып-білу тәсілі болып табылады. Оның негізгі ерекшелігі – балалар үн-түнсіз ойнамайды, тіпті, жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын процесінде сөйлесу үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысады, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойын – бала үшін нағыз өмір. Ойын әрекетінде баланың психикалық қасиеттері мен жеке басының ерекшеліктері әлдеқайда тез қалыптасады, яғни ол арқылы бала білім алады. Бала зейінін қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар бүлдіршіннің ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін сомдайды.

 

Психологтардың айтуынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде, еңбекте де сондай болады. Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Дидактикалық ойын – балалардың оқу әрекетін жандандырып, оқуға деген ынтасын арттыратын маңызды құрал. Оның нәтижесі – балалардың білімді игеруде, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Әрбір сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалануға, түрлендіріп ұйымдастыруға тырысамын. Сөздік-қимылды ойындар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, санамақтар, тақпақтар, ертегілер және суретті кітапшалар қолдану балалардың қиялын шарықтатып, дамытады.


Тіл дамыту, көркем әдебиет сабақтарында “Ғажайып қоржын”, “Кім не істеді?”, “Дыбысына қарап таны”, “Төлдерін ата”, т.б. ойын түрлерін пайдалану арқылы балалардың сөздік қоры молайып, есте сақтау қабілеті дамитынын байқадым. Математика сабақтарында қолданған “Кім тапқыр?”, “Сиқырлы сандық”, “Қай сан жоқ?”, “Тез жина”, “Қай пішін жоқ?” сияқты ойындар барысында қызығушылығы туып, белсенділігі артатынын және логикалық ойлау қабілеті дамитынын аңғардым. Ал айналамен танысу сабақтарында қолданған “Қай мезгіл?”, “Жеміс жинау”, “Не қайда өседі?”, “Жапырағынан таны”, “Кім жылдам?”, т.с.с. ойындардың тапсырмаларын орындау кезінде балалар өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады және табиғатты аялауға, қорғай білуге үйренеді. Дидактикалық ойындар балаларды ұйымшылдыққа, достыққа, әдептілікке, мейірімділікке, үлкендерді қадірлеуге, құрметтеуге баулиды. Балалар алған білімдерін ойын барысында көрсете білуге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, әділ болуға, қиындық кезінде көмектесуге, өз ойларын жеткізе білуге, қиялының дамуына, қиындықты ақылмен жеңе білуге жаттығады. Ойын барысында балаларды анық, асықпай сөйлеуге және айтқан сөзді, сөйлемді дұрыс түсініп қабылдай білуге, байланыстырып сөйлеуге дағдыландырамын. Баланың ойыны ересек адамдардың еңбегіне еліктеуден өрістеп, бара-бара шын мәніндегі еңбекке айналады. Осының бәрі баланы мектепке даярлайды.

Ойын – балалар үшін қоршаған ортаны танып-білудің ең жеңіл де ұтымды тәсілі. Сюжетті-рөлді ойынның ерекшелігі сол, оны балалар өздері жасайды. Мысалы, “Дүкен” ойнағанда балалар сатушы мен тұтынушының, “Кітапханада” кітапханашы мен оқырман, “Отбасыда” әке мен бала немесе ана мен бала, “Емхана” ойынында дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді. Көптеген балалар дәрігерлерден қорқады. Бала санасында дәрігерлердің жағымды бейнесін құруға көмектесетін – “Емхана” ойыны. Ол үшін емделуші мен дәрігер рөлдік ойынын пайдаланамыз. Дәрігер міндетті түрде ақ халатта болуы керек және тәрбиешінің өзі болғаны абзал. Келесіде дәрігер мен науқастың рөлдерін ауыстыруға да болады. Оған заттар дайындалады: дәке, мақта, дәрілер, т.б. Балаларға ойын барысында шын дәрілерді, инесі бар шприцті беруге мүлде болмайды, тіпті, бала тәрбиешілердің көз алдында болса да рұқсат етілмейді. Қазіргі кезде дүкендерден “Емхана” ойынына арналған көптеген ойыншықтарды кездестіруге болады. Олар пластмассадан жасалған және өте қолайлы. 


Балаларға “103” жедел жәрдемге қоңырау шалуды үйрете отыра, ойын барысында ненің қауіпті және ненің қауіпсіз екенін түсіндіріп отырамын. Қуыршақтың іші ауырған болса, ең алдымен себебін анықтап аламыз. Себептері мынадай болуы мүмкін: қол жумай тамақ ішуі, жемістер мен көкөністерді шала жуып жеуі, кез келген затты ауызына салуы сияқты жайттар. Аю аяғын жарақаттап алған болса, жол үстінде ойнауы, оның абайсыздығы, т.б. Мұның тигізер кесірін де айта кету артық етпейді. Мысалы: олар енді ұзақ уақыт ауруханада жатады. Кей жағдайларда мүгедек болып қалу қаупі де бар деп түсіндіре кеткен жөн. Осы ойынды ойнау барысында балалар дұрыс, қате әрекеттерді ажыратуға үйренеді, мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық, қамқорлық сияқты сезімдері оянады. 
Міне, осындай және басқа да сюжетті-рөлді ойындар барысында балалардың танымдық қабілеті қалыптасады, балалар өзін-өзі танып, ойы шыңдалады, қоғамдық тәжірибені меңгереді, ұжымдық қарым-қатынасқа үйренеді.




Түрлі- түсті моншақтарды  тізбектеу. 

Мақсаты: Ойындар арқылы балалардың білім және білік дағдыларын қалыптастыру. Моншақтарды сыртқы белгілеріне қарай ажыратуға үйрету. Ойындар арқылы баланың қызығушылығын туғызу және моншақтардың түсін,көлемін, пішінін тану арқылы ақыл-ой белсенділігін арттыру. Қол мен саусақ ұштарының қимылдарын дамыту.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету,ойын, саусақ жаттығулары,салыстыру.

Қажетті құралдар: Үш түрлі-қызыл, көк, ақ түсті моншақтар, үш түрлі түсте боялған  үш түрлі макарон өнімдері, жіптер, қапшықтар, сандықша, қуыршақ.

Барысы:  Балалар жартылай шеңберге отырады.

Кел, ойнайық, ойнайық,

Текке қарап тұрмайық.

Ойын ойға жетелер,

Ойынға бір тоймайық.

Осы кезде қуыршақтың жылаған дыбысы естіледі- балалар тыңдаңдаршы біреудің жылаған дауысы естіледі ме?   Бұл кім екен? Ой, балалар қараңдаршы мына жерде қуыршақ жылап отыр.

-Қанекей, бірге білейікші қуыршақ неге жылап отыр екен?

Балалар, мынау біздің өзіміздің қуыршақ Сәуле ғой.

Сәуле, не болды саған?   Неге жылайсың?

Ой-ой-ой, сенің моншақтарың мойыныңнан үзіліп, жерде шашылып қалыпты ғой. Балалар Сәуле моншағын үзіп алып,жылап отыр екен.Сәулеге көмектесеміз бе?

Моншақтарын жіпке тізіп берейік. (Жерде шашылып жатқан мұз моншақтарды жинап, балаларға үлестіріп беру.)

 

-Балалар бұл моншақ ерекше екен. Мұқият қараңдаршы, бұл неден жасалынған. (Балалар моншақтың мұз екенін айтады)



-Дұрыс айтасыңдар,  бұл мұздан жасалынған моншақтар.

Ой, мына мұз қолымызда еріп барады ғой. Біздің алақанымыз жылы болғандықтан мұз еріп жатыр,  мұз судан пайда болатынын біз жақсы білеміз.  Қыс мезгілінде қар жауып, күн суытқандықтан сулар қатып  мұзға айналады. Қазір қыс мезгілі аяқталып, көктем мезгілі басталды, күн жылынып,қарлар күн шуағымен еріп жатыр.  (Алақандағы мұз моншақ еріп кетеді)

-Мына алақанымыздағы қуыршақ Сәуленің мұз моншақтары еріп кетіп, тіптен жоқ болып кетті ғой. (Сәуленің жылаған дауысы естіледі)

-Қуыршақ Сәуле сен жылама біз саған көмектесеміз. Балалар, Сәулеге қалай көмектессек болады?  Сәулеге моншақты қалай, неден жасап берсек екен? Сәулені қалай жұбатсақ екен, а? (Тәрбиеші ойланып тұрады) Тәрбиешінің көзі бұрыштағы сандықшаға түседі.

-Мынау Забида әжеміздің сандығы емес пе? Бұның ішінде бізге қажетті құралдар бар ма екен, көрейікші.

Мұнда көптеген қапшықтар тұр ғой. Қапшықтың ішінде не болды екен а? Мен сендерге қапшықтарды таратып беремін. Сендер оның ішіндегі затты сипап сезу арқылы

не зат екенін танып беріңдер?

1. Дидактикалық ойын: «Сиқырлы қапшық» Мазмұны: Балалар қапшықтар ішіндегі үлкен- кіші моншақтарды  саусақпен ұстап сезу арқылы ажыратады.

Балалар, біз моншақтармен жүмыс жасамас бұрын саусақтарымызды жаттықтырып алайық.



Саусақ жаттығуы:

Қолымыздағы жалғыз моншақты алақанымызға салып, қос алақанмен айналдыру, қыздырып алу;

Моншақтарды басбармақпен басқа саусақтарды ауыстыра отырып ұстау.

Қос саусақ арасымен  моншақты  қысып ұстау;

 

-Балалар, енді біз Сәулеге қапшықтағы моншақтарды тізіп беру үшін мына шимай жолдар арасынан өтуіміз керек. Сол кезде ғана біз қуыршақ Сәулеге көмектесе аламыз.



2. Дидактикалық ойын: «Моншақтың саяхаты» ойыныМазмұны: Шимай жолдар арасымен жалғыз  моншақты саусақтарымен итеріп, жүру арқылы моншақты көтермей домалату.

Жасалу жолы:

Қабатталған екі картон қағаздың бірінші бетінің (моншақ басқа жаққа домалап кетпеу үшін) шимай жолдары кесіліп алынған, сол жолмен моншақты домалатады.

 

-Жарайсыңдар, балалар, енді бізге сандықшадағы басқа да моншақтарды алуымызға болады. мына моншақтарға назар аударайық. Қандай керемет моншақтар. Бұл біздің кәдімгі тағам жасайтын макарон өнімдерінен жасалған әр –түрлі моншақтар.  Бұл моншақтарды түстеріне, көлемдеріне қарай, дәл суреттегідей етіп, тізбектейік.



3. Дидактикалық ойын: «Макарон моншақтар» Мазмұны: әр балаға макарон өнімдерінен  тізбектелген моншақтар суреттері беріледі.Суреттегідей етіп, әр-түрлі түсте боялған  үш түрлі көлемдегі макарон өнімдерінен жасалған моншақтарды жіпке тізбектейді.

Саусақ жаттығуы: «Түтікше»

Қолдарын жұдырықтайды, жұдырық арасымен моншақтарды өткізеді, саусақтарының икемділіктерін  арттырады.

 

-Ал, балалар мына моншақтарды қараңдаршы, өзі сондай кішкене, сүйкімді, әдемі моншақтар екен. Біздің қуыршақ Сәуле  қонаққа барғанда киетін көйлегіме сәйкестендіріп,  моншақ жасап беріңдерші,- деп, өтініп жатыр. Мына түрлі-түсті моншақтарды тізбектеп, Сәулеге тағы да әдемі моншақ жасап берейік.



Мен әдемі моншақпын,

Нүктелерім бар сонша көп.

Ақылың болса адаспай,

Тізбектеші шатаспай.

— балалар, біз енді нүктелер саны мен түстерге қарап моншақты тізбектейміз.(Балаларға домалақ пішінде  түстер және  оның астында нүктелер (үш нүктеге дейін) саны көрсетілген суреттер таратылады)

4. Дидактикалық ойын «Моншақты жина» Мазмұны:  домалақ пішінде  түстер және  оның астында нүктелер (үш нүктеге дейін) саны көрсетілген, сол нүктелер санына сәйкестендіріп берілген түстегі моншақты тізбектейді.

Мысалы:  Қызыл домалақ түс, оның астында екі нүкте қойылған бала екі қызыл түсті моншақты жіпке өткізеді.

Ақ домалақ түс, оның астында үш нүкте қойылған бала үш ақ түсті моншақты жіпке өткізеді.

Көк домалақ түс, оның астында бір нүкте қойылған бала бір көк түсті моншақты жіпке өткізеді. Осылайша екі рет суретте берілгендей етіп қайталайды.

Балалар  нүктелер санына сәйкестендіріп,  түстерін ажырата отырып моншақты тізбектейді.



Қорытынды.

-Жарайсыңдар,  балалар сендер моншақтарды  жіпке сабақтай алдыңдар. Түстерін ажыраттыңдар.

Қуыршақ Сәуле бізге өте қатты қуанып қалатын болды. Балалар, енді жасаған моншақтарымызды  қуыршақ Сәулеге сыйға тартайық. (Балалар бірнеше моншақты қуыршақтың мойынына тағады.) Қуыршақ ризашылығын білдіріп, рахметін айтады.

Тақырыбы: «Дидактикалық ойындар арқылы балаларды 


еңбекке тәрбиелеу» 
Еңбек тәрбиесі қашан да ең маңызды қоғамдық міндеттердің бірі болып табылады. Сондықтан жас жеткіншектің жан-жақты өсіп дамуы үшін бірден-бір қажетті нәрсе – еңбек екендігін айқын аңғарамыз. А.С. Макаренко «Балаларды еңбекке қай жастан тәрбиелеу керек?» деген сұраққа «мүмкіндігінше ертерек бастау керек» деп көрсетті. Ал баланы еңбекке тәрбиелеудің бастапқы ұясы – үй, сосын балабақша. Бұл ретте ата-ананың, балабақша тәрбиешілерінің орны бірінші кезекке қойылады. Бала кез келген сәтте үйдегі адамдарға, алдындағы тәрбиешісіне еліктейтін болғандықтан, олар өздерінің бала алдындағы іс-әрекет, қимылдарына ерекше мән беруі керек. Балалар сол үлкендерден көргенін жасауға талпынады. «Өзім киемін», «өзім істеймін» сияқты дамылсыз әрекеттеріне мүмкіндік беріп, қолдап отырған дұрыс. Өйткені, дәл осының өзі еңбек нышанының алғашқы бастамасы. 
Педагогтың айқын ұстанымының бірі – балаға белсенді және өзіндік тәжірибені жинақтау үшін және белгілі бір еңбек дағдыларын жетілдіруге көмектесу (баланың жас ерекшелігіне сай). 
Баланың еңбек тәрбиесін ұйымдастыруда басты бағыт болып ойын қала береді, ол мектеп жасына дейінгі баланың логикалық өзіндік дамуына әсер етеді. Педагогикалық іс-әрекеттерде ойын тәсілдерін қолдану барысында өзіндік қызығушылық пайда болатыны бізге мәлім. Ойын барысында бала мен тәрбиеші арасында қызығушылықтары түйіседі. Баланың өзіндік дамуында міне, сондықтан да ойын арқылы оқыту тиімді болып табылады. 
Бала мен тәрбиеші арасындағы қатынас формасы қызметтестік болып табылады. Бағдарлама бала тәрбиесінде еңбекті ойлау құралы ретінде қарастырады, себебі еңбек тәрбиесі баланың ойлауына, зейініне, тапқырлығына, шығармашылық қиялына, өз жұмысын жоспарлауына септігін тигізеді. 
Педагог ойын арқылы балада еңбек тәрбиесінің сұрақтарын қарастыруға, қоршаған ортадағы сұлылықты көруге, адам қолымен жасалып шыққан туындыларды байқап, бағалауға және кемшіліктерін жойып, сұлылыққа ұмтылуға үйретеді. 

Сәбилік шақ 


«Қуыршақтарға арнап дастархан әзірлейік» 
дидактикалық ойыны 
Мақсаты: балаларды дастарханды дұрыс, мәдениетті әзірлеуді үйрету. Үстел жаюға арналған заттардың атын атату. Этика (әдеп) ережелерімен таныстыру: қонақтарды қарсы алу, сыйлықтарды қабылдау, үстелге шақыру, дастарханда өзін-өзі ұстауы. Балалардың адамгершілік тәрбиелерін қалыптастыру. Достық қарым-қатынастарын жетілдіру. 

Ойынның барысы: 


Тәрбиеші топқа әдемі киінген қуыршақпен кіреді. Балалар қуыршаққа қарап, оның киімдерін жеке-жеке атайды. Тәрбиеші балаларға қуыршақтың мерекелік дастарханын әзірлеуге көмектесуін ұсынады. (Қуыршақтың жиһаздары мен ыдыстары қолданылады.) 
Тәрбиеші балалармен бірге қызметтердің кезеңдерін орындайды (қол жуу, дастарханды үстелге жаю, үстелдің ортасына гүлі бар ваза қою, нан салатын ыдысты және сүлгі салатын ыдысты қою, шыны мен тарелкаларды дайындау, олардың қасына қасық, шанышқы, пышақты орналастыру). Содан кейін қонақтарды қарсы алу кезеңі орындалады. Балалар қуыршақтарды орындарына отырғызады. 
Ересек мектеп жасына дейінгі балалар дастархан әзірлеуді толық меңгеруі үшін кезекшілік кезіндегі суреттерді көрсетуге болады. Балалар суреттерді рет ретімен қоюы керек. Дастархан әзірлегенде ыдыстарды қоюдың реттілігін білуі керек. 

«Әсем не істегісі келеді?» 


дидактикалық ойыны 
Мақсаты: балаларға кейбір еңбек түрлері туралы айтып, оларға керекті материалмен, құрал-жабдықтармен және оларды қандай жұмыстарда қолданылатынын таныстыру. 
Ойынның барысы: 
Тәрбиеші балалармен Әсем атты қуыршақтың атынан сөйлеседі. 
- Әсем менен елеген, су құйылған шелек және сабын сұрады. 
Қуыршақтың атаған заттарын береді. 
- Қалай ойлайсыңдар, ол мына заттармен не істейді? 
- Жуады. 
- Дұрыс. Енді Әсем кастрюль, сүт, қант, тұз және бидай алды. Әсем не істегелі тұр? 
- Қуыршақ тамақ істегелі тұр. 
- Тамақ қалай аталады? 
- Бидайдан көже. 
Бұл ойын түрінде басқа да еңбек әрекеттері және ойынға байланысты заттардың сәйкес болуы. Сәбилерге мына заттарды: үтік, қуыршақтың киімдерін үтіктейтін орын, шелек және суқұйғыш – ол гүлдерді суғаруға арналған. 
Бұл ойынды ересек топтарда өткізсе, тәрбиеші картинадағы заттардың суреттерін қолданып, немесе көрнекіліксіз де балаларға қиындатылған еңбек түрлерін тапқызады. Мысалы: пышақ, түрлі түсті қағаз, желім, сызғыш, қарындаш – кітапты жапсыру, қорапты жөндеу, атрибут. 
Ойын біраз қиындады: бір бала затты тақтаға салады, ал басқалары еңбек түрін анықтайды немесе барлық балалар бір уақытта түрлі түсті қағазға сурет салады, одан кейін бір – біріне суретті көрсету арқылы еңбек түрін анықтайды. 

«Бұл кімге керек?» 


дидактикалық ойыны 
Мақсаты: балаларға заттарды бүктеу түрлерімен және олардың еңбекте қолданылуы туралы түсіндіру, мамандықтармен таныстыру. 
Ойынның барысы: 
Тәрбиеші балаларға әр түрлі заттарды айтады, аттарын ататып, сол туралы, қандай мақсатта қолданылатынын сұрайды. 
Мысалы: -Мынау ожау, ол аспазшыға тамақты араластыруға, көжені, компотты құюға керек. Ойын өтпес бұрын ересек жастағы балаларға әр түрлі суреттегі бейнелер мен заттарды таңдап алады. Мысалы: тістеуік, балға, кофе қайнатқыш, шаңсорғыш, штурвал, компьютер, микрофон, сантиметр өлшейтін, микроскоп, телескоп. Балалар картинаны алып, адамдардың мамандықтарын атап, бейнеленген заттарды өз еңбектерінде қолданады. 

«Жұмысты таңдаймыз» 


дидактикалық ойыны 
Мақсаты: балаларға адамдардың мамандықтарымен таныстыру, балаларға таныс емес мамандықтарды бақылату, кез келген мамандыққа адамдардың еңбекке деген қызығушылығын ояту. 
Ойынның барысы: 
Тәрбиеші балалармен бірге дөңгелек жасап, тақпақ айтып жүреді: 
Бірге достықпен өсеміз, 
Жұмысты бірге таңдаймыз. 
Ғарышкер боламыз, 
Ракетаны ұшырамыз. 

Балалар ұшқан ракетаның дауысын салады, тәрбиешінің айтуымен. 


Капитан болып барамыз, 
Кемені жүргіземіз. 

Капитанның дүрбімен қалай қарайтынын көрсетеді. 


Тікұшақшы боламыз, 
Тікұшақты ұшырамыз. 

Шеңбер жасап, жүгіріп қолымызды басқа қоямыз. 


Ойынды ересек топтағы балалармен де ойнатуға болады, олар өз еріктерімен сәйкес қимылдарды жасай алады. 

Ұшқыш болып барамыз, 


Ұшақпен ұшамыз. 

Комбайнмен барамыз, 


Комбайнды айдаймыз. 

Өрт сөндірушімен барамыз, 


Өрт сөндіруді бастаймыз. 

«Неге (не үшін) оны істеу керек?» 


дидактикалық ойыны 

Мақсаты: еңбекке қажеттіні қалыптастыру, білімде еңбек жағдайларын кеңейту. 


Ойынның барысы: 
Тәрбиеші сәбилерге бейнелі заттарды көрсете отырып сұрайды. Балалар неге не үшін керек екенін білуі керек. 
- Не үшін тамақтандырады ... (құсты) 
- Не үшін жуады ... (тарелканы) 
- Тазалайды ... (кілемді) 
- Жуады ... (көйлекті) 
- Үтіктейді ... (жейдені) 
- Ауыстыру ... (төсек орынды) 
- Жуындыру ... (балаларды) 
Ересек топтағы балаларғы сұрақтарды сәл қиындатады. 
- Жерді неге қашайды ... (дән) 
- Отырғызу...(картоп) 
- Бүркіп шашу...(алманы) 
- Дүкеннен сатып алу...(нан, сүт, шұжық, жемістер) 
- Сынған ойыншықты жөндеу. 
- Күнделікті үйді жинау. 
- Өз - өзіне қарау.

Семей қаласы, «№6 «Нұрсәуле» ясли – бақшасы» КМҚК тәрбиешісі Қомаева Маржан Сейфуллаевна. 

Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не қоршап тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі көбейеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады. Яғни, балаға әлем аздап ғана сырын ашса, онда баланың білуге деген құштарлығы арта түседі. Ойын–баланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның мән–мағынасы ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», - деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды. 


Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. 
Сондықтан да ойшыл ұлы адамдар балаларды ойын арқылы оқыту керек деген ойға келді. Ойын арқылы оқыту, бұл ой көптеген оқытушылар мен тәрбиешілерді қызықтырды. Грузин педагогы Ш.А.Амонашвили ойын арқылы балаларға өте қиын әлемдік танымды түсіндіре білді. Ш.А.Амонашвили өз оқушыларымен ойын ойнағанда өзін балалармен бірдей қоя отырып, олардың көңіліне, ойына, санасына пайдалы ұғымды беріп, өз ісіне сенімді болып, қиындықтарды жеңе білуге үйретті–баланың көздерінде білімге деген құштарлықты байқады. Ойын арқылы оқытудың арқасында дидактикалық ойын пайда болды. Берілген ойындарды қолдану іс-әрекеттің әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Бұл ойындарды тәрбиешінің шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау кезінде іс-әрекеттің мазмұнына сай пайдалануға болады. Сондықтан, бұндай ойындар ойнау балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін өте қажет. 
Дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі бала қатысатын ойындар түрін пайдаланған тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық ойындар құрылған. Балаларға тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл дидактикалық ойындардың негізгі ерекшеліктері. Балалар ойнау арқылы белгілі бір білім, білік, дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. Әр дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады. 
Ұсынылып отырған құралда балалардың математика пәніне қызығушылығын арттыру мақсатында дидактикалық ойындар; қазақ ақын–жазушыларының санға байланысты санамақтар, жаңылтпаштар; сергіту сәттері; іс-әрекеттің конспектісі берілген, не үшін ойынды ұйымдастыру керек және тәрбиешінің алға қойған мақсатына қалай жету деген сұрақтардың негізінде құрастырылған. Ойындардың тиімділігі көп жағдайда тәрбиешінің көңіл–күйіне де байланысты болады. Әр ойынды өткізген кезде тәрбиешіге шығармашылық қажет. 
Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде балалармен өткізілетін математиканың алғашқы ұғымдарын қалыптастыру іс-әрекетте ойынның мынадай түрлерін пайдалануға болады: 
1) дидактикалық ойындар–логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамыту. 
2) санға байланысты санамақ, жаңылтпаштар, жұмбақтар–балалардың сандарды танып білуін, тілдерін жаттықтыру, есте сақтауын, ойлау қабілеттерін дамыту. 
3) математикалық сергіту сәттері–кеңістікті бағдарлау, қимыл қозғалысты дамыту. Құралда дидактикалық ойындар мазмұны, ойынды ұйымдастырудың әдіс–тәсілдері көрсетілген. Олар балалардың зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін, тапқырлығын дамытуға, математикалық білімдерін, икемділіктері мен дағдыларын, заттарды түсі, өлшемі, пішіні бойынша топтастыруға, салыстыруға, ажыратуға, кеңістік пен уақытты бағдарлауға үйрету. Балалардың логикалық ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін, зейінін, қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған. Жоғарыда айтылған мақсаттарды шешуде нәтижесі ұтымды болу үшін балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда дидактикалық ойындардың жинағын ұсынамын. 

Каталог: uploads -> doc -> 0ded
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0ded -> Қазақстандағы ең ерекше ағаштар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет