Дыбыстарды айту және тіл дамыту



Дата22.12.2017
өлшемі72.72 Kb.
Мерзімі: 15.05.2017ж

Сыныбы: 4г

Тақырыбы: Дыбыстарды айту және тіл дамыту
Балалардың тілін дамытудағы мақсаттары:
- Балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;
- Сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру;
- Ертегілерді әңгімелеуге, өлең, тақпақ, мақал - мәтелдер, жаңылтпаштарды айта білуге үйрету.
Осы мақсатты іске асыру нәтижесіндегі міндеттері:
- Бала тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу.
- Сөздегі грамматикалық дағдыларды қалыптастыру;
- Баланың сөздік қорын молайту;
- Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру;
- Балалардың ойын дамытып, тіл байлығын арттыру.
Сөздің дыбыстық жағын меңгерту
- Бала тілін зерттеп, қай дыбысты айта алмайтынын анықтау;
- Артикуляциялық аппаратты дайындау кезеңі
- Сөз, сөйлем, өлең, жұмбақ, жаңылтпаштарды айтқызып, дыбыстарды үйрету.

Балалардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту барысында қолданылатын әдістерге тоқталатын болсақ:
1. Сахна ойындары. Оның барысында қажетті дыбысқа байланысты сөздер, сөйлемдер бірнеше рет қолданылады. әр кейіпкерді сөйлете отырып, балаларға қайталату.
2. Бағдарлама бойынша өтілетін шығармалардан тіл ұстартуға қажетті шумағын алып пайдалану. Сол шумақ қай ертегіден, қай өлеңнен алынғанын сұрап, жауабын алу арқылы тіл дамытудан игерген білім дағдыларын бекітеді, әрі қайталайды.
3. Сөздің дыбыстық жағын анық айтуға жаттықтыруда шағын әңгіме, ертегілерді мәнерлеп оқып беруге болады.
4. Көркем сөз шеберлерінің таспаға жазылған үндерін, мәнерлі дауыс ырғағын тыңдату.
5. Дидактикалық жаттығулар жасау. «Ғажайып қалта» «Не өзгерді?» үстел үстінде ойнайтын ойындарды пайдаланып, әр дыбысқа байланысты суреттерді топтап алу.
6. Жұмбақ, мақал - мәтел, жаңылтпаштарды айтқызу арқылы қажетті дыбысты бекіту.
Жұмыстың осы түрлерін баланың жас кезінен бастап дер шағында қолға алса нәтижесі де ойдағыдай болады.
Оқушыларға білім беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері кешенді түрде іске асырылады. Мәселен, ән оқу іс - әрекетінде музыка үнімен бала сезіміне әсер етсе, тіл дамытуда оқылған әңгіме, ертегілер, біріншіден баланың ақыл - ойын, танымын кеңейтсе, екіншіден ана тілін жақсы білуге көмектеседі.
Мысалы: «З» дыбысын бекіту мақсатында А. Райымқұлованың «ауыл маңында» өлеңін айтқызу.
Ауыл маңы саз, саз - саз,
Жайылады қаз, қаз - қаз.
Тоймай қалса қаз, қаз - қаз,
Шашқан дәнің аз, аз - аз.
Дыбыстарды меңгерту барысында ассоциация әдісін қолданамын. Мысалы: «Қ» дыбысын бекіту мақсатында Қ – қарға, қолғап, қасқыр, қой, қарындаш
Ұрпақтан - ұрпаққа мұра болып келе жатқан ертегілер, мақал - мәтел, жұмбақтар, жаңылтпаш бала тілін дамытуда шешуші орын алады. Ертегінің мазмұнын толық қабылдау және тіл байлықтарын арттыру мақсатымен сахналап рольдерге бөліп ойнату. Мысалы: «Бауырсақ» «Шалқан» «Мақта қыз бен мысық» «Алдар көсе мен тоңғақ бай» «Күз түсті» ертегілері.
Түрлі ойын - жаттығулардың бала тіліне тигізер ықпалы мол. Мысалы: «Күз түсті» ертегісі бойынша ойын - жаттығу.
«Балалар тоғайға жеміс - жидек теруге барады. Барлығының қолдарында себет бар. Олар тоғайға келе жатса, бір сиыр жатыр екен. Сиыр балаларды көріп «мө - мө - мө» деп амандасады. Содан кейін «балалар, қайда барасыңдар?» дейді.
- Балалар: - Орманға жидек теруге бара жатырмыз
Деп жауап береді.
Орманға келіп ағаштың бұтағында тоқылдақтың отырғанын байқайды. Тоқылдақ балаларды көріп «тық - тық» деп амандасады. Сонан кейін торғайлар «шиқ - шиқ» деп дыбыстайды. Қарға болса «қар - қар» дейді. Көкек те қалыспай «көкек - көкек» деп қалыспайды.
Осы тәріздес ормандағы құстар, аңдар балалармен кездеседі. «Күз түсті» ертегісінің мазмұны бойынша жүргізілетін ойын - жаттығудың мақсаты ертегі мазмұны бойынша балаларды қызықтырып, дыбыстарды анық айтуға жаттықтыру. Ертегілерден басқа көркем әдеби шығармаларды балаларға оқып беріп, олардан әңгіменің мазмұнын сұраймын. Мысалы: «Екі дос пен қайыршы қария» әңгімесін оқып беріп, әңгіменің мазмұнын сұрау арқылы Венн диаграмма әдісін қолданып, балаларға Алдан мен Сауранның мінезін салыстырамын.
Халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы мақал - мәтелдер арқылы да беріледі.
Қазақты мақал - мәтелдері негізінен елдікті, ынтымақты, бірлікті, адамгершілікті, инабаттылықты қамтиды. Сондықтан, мен «Менің Қазақстаным» «Отбасы» «Менің ауылым» тақырыптарын өткенде:
• Туған жер – алтын бесік
• Өз үйім - өлең төсегім
• Отан – оттан да ыстық
Батырлық, ерлік туралы:
• Жауынмен жер көгереді, батамен ел көгереді
• Ер - елдің көркі, өсімдік жердің көркі
Білім туралы:
Қына тасқа, білім басқа бітеді
• Көп сөйлеген білімді емес, көп білген білімді – деген мақал - мәтелдерді
пайдаланамын.
Бала тілінің дамуына жұмбақтар үлкен роль атқарады. Әр оқу іс - әрекетінің тақырыбына сәйкес жұмбақ айтудан бастаймын.
• Кешкісін маздап жанады, таң атса сөніп қалады (Жұлдыз)
• Қырманнан көрдім, ырыздығы елдің (Дән)
• Басында аппақ шәлі, етегі елдің сәні (Тау)
Халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс, айқын сөйлеуге үйрететін, тілін жаттықтыруға бейімді жанр – жаңылтпаш. Жаңылтпаш арқылы сөздерді дұрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай дұрыс айтуға үйретеді.
• Көк кесе, көп кесе, Көп кесені әкелді кеше

Қорытындылпу

Бағалау

Сау болыңдар.

Мерзімі: 08.05.2017ж

Сыныбы: 4г

Тақырыбы: Әуедегі бал



Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: «Ұшақ»
Мақсаты: Ұшақтың суретін сала білуге және бөліктерін дұрыс орналастырып бейнелеуге үйрету. Көліктер туралы түсініктерін бекіту, ұсынылған тапсырмаларды дұрыс орындауға, сөйлем құрастырып, өзіне қойылған сұраққа жауап беруге үйрету.
Көрнекілігі: Ұшақ суреті, слайд, үлгі жұмыс, түрлі - түсті карандаштар, түрлі – түсті қағаздар, ермексаз, ақ парақ. интерактивті тақта, үн таспа.
Әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, ой қозғау, көңіл – күйді көтеру, сурет бойынша әңгіме, саяхат ойша, ойын.
Қостілділік: ұшақ – самолет,
Мотивациялық - қозғаушы:
Мұғалім: балалар, бүгінгі күнімізге сәттілік тілеп, бір - бірімізге жақсы көңіл – күй сыйлайықшы. (бір - біріне жылы лебіздерін білдіріп, апайлармен амандасады.)
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты!
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, апайлар!
Осы кезде үнтаспадан ұшақтың дыбысы естіліп, топқа Дымбілмес келіп кіреді.
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерге алыстан қонаққа келе жатырмын.
(балалар Дымбілмеспен амандасады).
Мұғалім: - Қош келдің, Дымбілмес.
- Сен қандай көлікпен келдің, алыстан?
Дымбілмес: - білмеймін бір темір құспен ұшып келдім, ішінде менен басқада адамдар мініп алыпты.
Мұғалім: - Дымбілмес, ол темір құс емес.
- Балалар, айтыңдаршы сендер жаңа дауысын естідіңдер ғой, не екенін білесіңдер ме?
Балалар ұшақ екендігін айтады.
Дымбілмес:
- Ол не ұшақ деген? Балалар маған айтып беріңдерші.
Балалар: - ол адамдар отыратын көлік, әуеде ұшып адамдарды баратын жеріне жеткізеді. Ұшақты ұшқыш жүргізеді.
Дымбілмес: - Рахмет, балалар! Алдағы уақытта ол туралы біліп жүретін боламын.
Мұғалім: - Дімбілмес, онда сен бүгін бізбен бірге бол. Балалар, бүгін біз сол ұшақты толықтай білу үшін, тақтаға назар аударайық.
Интерактивті тақтаға назар аударып, ұшақ түрлері және Ұшқыштар туралы әңгімелеу. Ұшқыштар ұшақпен ұшады. Аспанды қорғайды. Ұшқыштар өте ақылды және мықты. Олар ұшақты басқару үшін білімді болуы керек, сол үшін олар көп оқу керектігі туралы түсіндіріледі.
Жұмбақ:
Құстан аумайды,
Көкте зулайды. (ұшақ)
Сергіту сәті:
Қане, қанат жазайық,
Ұшақ боп ұшайық.
Ұшып - ұшып алайық.
Орнымызға қонайық.
Әдемі етіп сурет салайық. (балалармен бірге Дымбілместе өлең жолдары арқылы жаттығулар жасайды).
Мұғалім: - балалар, енді менің қолымдағы пішіндерді таңдау арқылы өз орындарына отырып, тапсырманы орындайық. (балалар пішіндерді таңдап, үш топқа бөлініп, үш түрлі әрекет арқылы ұшақты бейнелейді).
1. Үшбұрышты таңдаған балалар: ұшақты суретін
2. Төртбұрышты таңдаған балалар:
3. Дөңгелекті таңдаған балалар:
- Дымбілмес сенде балалармен қосылып сурет сал. (Дымбілместе балалармен бірге отырады).
- Ал, балалар «Не қайда жүреді?» ойын ойнайық. (суретті парақша арқылы жолға белгісіне жолда жүретін көліктерді белгілесе, суға белгісіне судағы көліктерді белгілесе, әуеге белгісіне әуе көліктерін белгілейді).
Дымбілмеспен бірге «Ұшты – ұшты» ойынын ойнайды.
Аяқталған жұмыстарын талдау, мадақтау, бағалай отырып, үздік жұмыстардан көрмеге ұйымдастырылады.
Дымбілмес балалар жұмысына риза болып, балалармен қоштасып кетеді.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Ұшақ әуе көлігі екенін білуі керек.
Нені игереді: Өз жұмыстарын тиянақты орындай алады.
Нені біледі: Ұшақты ұшқыш басқаратынын, олар аспанды қорғайтынын біледі
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет