Дәстүрлі Жапонияның пайда болуының бір себебі – сыртқы фактор



жүктеу 108.05 Kb.
Дата08.03.2018
өлшемі108.05 Kb.
А.Ж. Батенова

Институт востоковедения им. Р.Б. Сулейменова КН МОН РК,

магистрант 2 курса
Дәстүрлі Жапонияның пайда болуының бір себебі – сыртқы фактор

Аннотация

Мақалада екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі жүргізілген жаңартулар туралы айтылады. Жапонияның саяси жүйесінің өзгеруі, демократияның орнауы мен адам құқығына баса назар аударуы туралы баяндалған. Сонымен бірге, Жапонияға тән емес Америка идеологиясымен жаңарту жүргізілсе де, өзінідік жапондық рухын сақтау мақсатында қоғам тарапынан жасалған жұмыстарды атап өттік. Дәстүрлі Жапонияның пайда болуына, АҚШ пен Еуропа мемлекеттерінен келген, күштеп жасалынған модернизацияның ықпалы бар екенін түсіндірдік.


Негізгі сөздер: Демократия, Дәстүрлі Жапония, модернизация, ЛДП, премьер-министр.

Ключевые слова: Демократия, Дәстүрлі Жапония, модернизация, ЛДП, премьер-министр.

Keywords: Democration, National Japan, modernization, LDP, Prime – ministr.

Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның жеңілісінен АҚШ бірқатар өзгерістерді енгізуге бел буды. Жапонияның саяси жүйесін, басқару билігіне өзгеріс енгізумен қатар, Жапония мемлекетінің бірегей, мықты мемлекеттердің бірі болып, үлкен жетістіктерге яғни Тынық мұхит аралы аймағында державаға айналуға себеп болған жапон ұлтының идеологиясын өзгертуге бірнеше өзгерістерді енгізуді жоспарланды. Жоспардың дұрыс жүзеге асырылу үшін жауапты адам генерал Макартурды сайлады.

1945 жылы қыркүйекте оккупация әскерінің бас қолбасшысы үкіметке газет пен радио жұмыс ережесі мен сөз бостандығына байланысты меморандум жіберді. Меморандум төмендегідей ұсынытарымен берілді:


  • Ой бостандығы (оның ішінде император және император үйі жайында еркін әңгіме болуы), ар бостандығы, сөз бостандығына міндеттеді.

  • Қоғамды реттеу туралы қабылданған заңдарды және де басқа да бостандыққа шектейтін үкімдермен, министрлік бұйрықтарды, заңдардың жұмысын тоқтату керек болды.

  • Саяси қылмыскерлерді босату

  • Қоғамдағы ой-сананы басқаратын ұйым мен саяси полиция (токко) жұмысын тоқтату керек.

Саяси полиция мүшелерін, саяси көзқарастарды шектейтін, ішкі істер министр мен ақсүйектерді қызметтен босату керек.[1]

Жапония мемлекетінің билігіндегі негізгі басқару кілті болып келген халықтың ой-пікірін реттеу, мемлекеттің негізгі күн құдайдан таратылу идеологиясының жұмысын тоқтатып, Жапония билігіне қарсы үлкен қадамдардың бірі жасалды. Екінші дүние жүзілік соғытан кейінгі батыс институттары жапон қоғамына енгізіліп, бірте-бірте күшіне ене бастады.

Жапонияда саяси құқықтардың орындалуына бірден-бір себеп болып келген императордың күн құдайдан таралмағаны және императордың қарапайым адам екенін біліп, император туралы пікірлерін жеңіл жеткізе алуы туралы ой бостандығы мен сөз бостандығының орнатылуы, жапон қоғамының демократизациялануына бағытталған жұмыстарның бірі болды. Нәтижесінде императордың билігі алынғанымен, оның басқару саласында дауысы жоқ болғанымен, көп ғасырлы тарихтағы ерекше орнына құрмет ретінде, императорды «ұлттық символ» деп сақтап қалды.

Жапон қоғамы өз кезегінде билікке қарсылығын, кез келген енгізілген ереже, үндеулердің қоғамға пайдасы болмай, тиімсіз болатын жағдайда, халық наразылығын білдіріп, орнатылайын деп отырған заңнаманы қайта қарауға жібереді немесе жаңадан сайланған премьер-министрдің жоспары уақытында орындалмай, халық сенімінен шығып жатқан жағдайда, премьер – министр орнынан босатылады.

Қазанның 11-і күні Макартур жаңа премьер – министрмен жеке кездесіп контитуцияны жаңалап, адам құқығын сақтау мақсатында реформалар жүргізуді тапсырды. Реформалардың негізгі бағыттары саясатқа әйел адамдарды тарту, кәсіподақ жұмысын дамытуға, мектеп біліміне еркіндік, саяси көзқарастар еркіндігіне, ішкі сауда мен өндірістің кеңейюін шектеуге, экономикалық механизмді демократизациялауға бағытталды.[2]

Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Американың енгізген өзгерістердің ішінде Жапония конституциясына енгізілген адам құқығын сақтау бөліміде демократизациялануға өте маңызды. Енгізілген өзгерістердің ішінде: саясатқа әйел адамдарда сайлауға түсуге құқығын беріп, саяси билікте әйел адамдардың дәрежесін көтерді. Әйел адамдар мен ер адамдарды тең көретін батыстық идеологиясымен, ерді әйел азаматынан жоғары санайтын шығыстың идеологиясын өзгертті.

Американың оккупациалық кезеңдерінен кейін жапон халқы саяси биліктегі жаңадан енгізген құқықтық ережелермен қатар өзгерістерге өз ойларын еркін айтып, жеке көзқарастарын білдіруге мүмкіндік берілді.

Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі жеңілістен кейін Америка Жапонияның үлкен жетістіктерге жету мақсатындағы бірден бір себептерінің бірі күн құдайының баласы деп сенген императордың ойдан шығарылған екенін айтып жапон қоғамына үлкен соққы тигізгісі келді. Дегенмен жапон қоғамы бұл тығырықтан шығу үшін әлемдік шығармалардың ішінен көптеген мотивациялық кітаптарды аударып, дәстүрлі, рухани рухы әлсіреп тұрған уақытында, қандайда кедергілер болсада, болашаққа мол үмітпен қарауға, кез келген қиындықтардан кейін бір жеңілдік, бір жақсылық күтетіне сендіріп, барлық кедергілерді уақытша сабырмен жеңуге болады деп әлемнің түкпір – түкпірінен аударылған жаңа рух беретін кітаптардың көмегі зор болды.

Жапония демократизациялануы идеологиясын өзгертумен қатар экономикасында да үлкен көмегін тигізді. Соғыстан кейін әлсіреген Жапонияға халыққа қажетті күн көрісіне жететіндей қаржылай көмегін берумен жапон экономикасын көтеруге септігін тигізді.

Бүгінгі күнде Жапонияның ең бай, технологиясы бойынша дүние жүзі мемлекеттерінің ішінде бірінші болуынада алғашқы көмегін Америка берді. Американың көмектесуінің себебі Қытай социалды республика болып жариялануынан, Қытай мен КСРО бір жақ болып, Америкаға шабуыл жасауынан қорқып, Жапонияны өзімен тең дәрежедегі мемлекет ретінде көтеру мақсатында көмектесті.

ХІХ ғасырда тарихшылар индустриалды немесе машиналық даму деп атайтын өркениет дамуының ерекше кезеңі басталады. Бұл дегеніміз өндіріске машиналардың көптеп енуі ғана емес, сонымен қатар қол еңбек күшін ығыстыруды білдіреді. Өркениеттің мұндай даму жолында индустриалдық даму шектелмей, ғылыми даму арқылы жанданып отыру маңызды болып табылады.

Модернизация концепцияларының әсерінің күшеюін кейбір ғалымдар екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңге жатқызады. Алғы шарттарының бірі экономикалық, саяси бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін. Рыноктық экономикасының енуі, экономикалық дамуды қамтамасыз ету, жоғары технологиялардың дамуы, білім деңгейінің көтерілуі, тұрмыста демократиялық принціптердің құрылуы және тағы басқа құндылықтар модернизациялық концепциялардың дамуының алғы шарттарына айналды. [3]

Мейдзи реставрациясынан кейінгі үлкен серпілістің бірі. Модернизацияның маңызды тараптарда енгізілуі орындалды. Себебі екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Америка әсерінен болған модернизация нәтижесінен, Жапония экономика саласынан дүние жүзі бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орынға ие болды, ең бай мемлекетке айнала алды. Тарихта өзгеріссіз, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырған билік құлатылып, жоспар құрып сайланатын премьер – минситр, жоспарын уақытында орындамаса, орнын босатады. Осының нәтижесінде мемлекетте саяси бәсекелестік пайда болып, қоғам мен биліктің арасында тығыз қарым – қатынас орнай бастады.

Жапония АҚШ-тың экономикалық дамуын негізге алып, дәстүршілдік қоғамнан индустриалды қоғамға айналдыру мақсатын алдына қойды. Қазіргі таңда саясатта модернизацияның бірнеше теориялары қалыптасқан. Осы теориялардың ортақ қарастырып отырған мәселесі қоғам және мемлекет дамуының универсалды құндылықтарын анықтау.

Модернизацияны құрайтын элементтер: қазіргі даму үрдісіне сай ұлттық тәуелсіз мемлекет құру, ұлттық қоғамдық құрылымның әлсіз болуы, барлық құқықтарға ие азаматтар санының өсуі, әлеуметтік топтардың саяси өмірге араласуы, нарықтық экономика. Ғылым және техникалық прогресс әлемді шарықтау жолына және барлық әлеуметтік мәселелерді шешу жолына шығарады. Жаңа кезең адам тарихында капитализмнің пайда болуынан бастау алады, модернизм мазмұны осы формация құндылығының дүние жүзіне таралуымен ұштасады. [4]

Жапония АҚШ, Ресей, Еуропа мемлекеттері секілді әлемдік державаға айналғысы келді. Екінші дүние жүзілік соғысқа дейін Қытай, Ресей жерлерін жаулап алу арқылы, үлкен державалармен соғыста жеңіске жету арқылы Жапония державаға айналған еді. Ал екінші дүниежүзілік соғыста ол өзінің жеңілісінен кейін, білім, ғылымға бар күшін салып, техника, машина жасауда әлемді өзіне қаратуды мақсат етіп қойды.

ХХ ғасырдың екінші жартысында Жапонияның қарулы күш ұстамай, саяси-әскери жағына көңіл бөлмей, экономика мен білім жүйесін дамытуға бағытталған жоспарларын орындауға биліктің құрылымы өзгеріске енді. Халық даусымен сайланып, халықтың наразылығымен орнын босатылатын премьер-министрмен қатар қоғамға жұмыс істейтін партиялар сайлана бастады. Әр түрлі партиялардың ішінде Либерал-демократиялық партияның көп дауысты иеленіп, мемлекетте бір партиялы биліктің орнауына мүмкіндік берді.

1955 жылы либералдық және демократиялық бағыттағы партиялар бірігу себебінен 10 жылдай уақыт қызу талқыда болып келді. Осы уақыт арасында бір партиялар кетіп, бір партиялар қосылып жатқан кезде негізгі екі көзқарас қалыптасты. Бірі америка жақтаушылары, бірі ұтшылдық. Ұлтшылдар Жапонияны Америкаға бағынышты қылуынан сақтауды қаласа, Америка жақтаушылары соғысқа дейінгі кезеңге қайта оралғысы келмейтін адамдар тобы болып бөлінді. Екінші көзқарасты қолдайтын өкілдер саны көп болып, 1946-1951 жж аралығында ұлтшылдарды басып келді. Америка жақтаушыларының саясатын ұстанып және дәріптеген С.Есида 1946-47 және 1948-54 жж аралығында басқарды. [5]

Жапонияда ұлтшылдардың болуы әр маңызды тарихи оқиғалардан көреміз. Мейдзи реставрациясында шет мемлекеттермен қарым-қатынас жасап, шет тілін, мәдениетін, әдебиетін жаппай үйреніп жатқан уақыттада ұлтшылдар көтеріліп, жапонияның дәстүрін дәріптеп, дәстүрлі мектептер ашылып, жапон қоғамының өзінің төл салт-дәстүріне махаббатын оятуды қолға алған болатын. Осыдан кейін екінші дүние жүзілік соғыстан кейін Америка әсерінен болып жатқан жаңартуларды, жүргізіліп отырған демократияны жапондық емес деп қабылдамай жатқан ұлтшылдарда Жапонияның төл дәртүрлерін, конфуциялық әдеп пен әдеттерін тұрмыстада, қоғамдық орындарда да, шетелде де, қызметтеде міндеттеп, әр жапонның жүрегіне бекітуді мақсат тұтты. Жапонияның әр түрлі дәстүрлері мен мәдениетін бүкіл әлемге танытып, сол арқылы дүние жүзін қызықтырып отыр. Сонымен қатар бүгінгі күні Осака, Киото, Нара қалаларында ежелгі храмдар мен тарихи орындар сақталып, орта ғасырдағы Жапонияны сақтай алған. Дәстүрлі Жапонияның сақталуы модернизация концепцияларының жүргізу уақытында, яғни Мейдзи реставрациясы мен Америка әсерінен жүргізілген жаңа саясаттың нәтижесінде дәртүрге мән беріліп, оны дәріптеуге жұмыстар жасалып, бүгінгі дәстүрлі Жапония қалыптасты.

Либерал-демократиялық партия, басқада әлеуметтік мүше секілді қиын эволюциялық дамудан өтеді, бірінші – пайда болады, сосын ересек атанып, әр түрлі қиындықтан өтті. Белгілі бір заңдылықты енгізу барысында, қоғамдық құбылыстарды зерттеу керек. Бірақ бүгінгі күнде Маркстік әлеуметтануды яғни қатаң түрінде класстық күресті сол қалпында қоғамда қолдану керек емес. Саяси жүйелердің пайда болуымен, іске асырылуында өте кең ауқымды қызығушылықтар, дәстүрлер, әр түрлі факторлар әсер етеді. Әлеуметтік қатынастарды жақсартуда Макс Вебердің методикасын қолданған ыңғайлы болып келеді.



  • Макс Вебердің методикасында класстық жүйені:

  • Байлық

  • Пайда

  • Сауаттылық

  • Мамандырылу

  • Заңға жүгіну

  • Өмір сүру барысы

  • Субьектілік сын-пікір яғни әлеуметте өзін-өзі бағалауы

  • Классқа қарым-қатынасына қарай жіктеледі;

  • Класстардың өзара бірлесуі, жақсы қарым-қатынастарының

арқасында әлеуметтік және саяси мәселелерді шешуге болады;

  • «орта класс» дегеніміз азаматтық қоғамның негізін құрап, саяси тұрақтылықтың белгісі деп келтіреді.

  • Әлеуметтік сатысындағы дамуына шынайы көзқараспен қарайды. [6]

Либерал-демократиялық партияның ұзақ жылдар бойы билеуші партия болуы үлкен жеңістер мен жеңілістерді алып келді. Экономиканы көтеруге, сауаттылықты арттыруда, қоғамды басқаруға, әлеуметтік жағдайды жақсартуға көп септігін тигізді. Негізі қиыр шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінде экономикасын көтеріп, әлеуметтік жағдайды жақсартуға авторитарлық билік жүйесінің болуы бірқатар жетістікке жетуге септігін тигізді. Сол секілді Жапонияның да Либерал-демократиялық партияның 1955-1993 жылдар аралығында билігі кезінде модернизация жүргізіліп, «экономикалық таңғажайып» орнатып, әлем бойынша машина шығарудан екінші орынды иеленіп, ЭКСПО – 70 жүргізіп, олимпиада ұйысдастырып, дүние жүзі бойынша ЖІӨ-і ең жоғарғы мемлекет болды.

Бұл уақыт аралығында самурайлар, қолөнершілер, шаруалар деп бөліну артта қалып, Америка әсерінен демократияны орнатуды міндеттеді. Мейдзи реставрациясынан бері жаңашаланып келе жатқан мемлекет, ІІ дүние жүзілік соғыстан кейінгі модернизация жүргізу барысында, императордың құдайдан тарамағаны туралы шындықты білгеннен кейін және демократия жүргізіп, халықтың әлеуметтік көзқарасы өзгеріске еніп, қоғамның бөлінісіндегі класстар арасында айырмашылық азайып, өзара достық, бірегейлік, бірлесе отырып жұмыс істеу әдетке айналды. Әлеуметтік даму сатысына шынайы көзқараспен қарағанның арқасында әлеуметтік және саяси мәселелер жеңіл шешіліп отыр.

Кез келген мемлекетте партиялар бәсекелесі, билікке ұмтылысы заңды. Жапонияда екі бағытты қамтитын партиялардың бірігуі мемлекет басқаруында берер пайдасыда көп, жоспары уақытылы орындалатын, мақсаты нақты болып келген партия – халықтың көпшілігінің таңдауы болып жеңіске жететіне сенеді.

Американың саяси жүйесін Жапонияға жүргізу – бүгінгі қоғамда үлкен мемлекетке айналуына көмектесті. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі модернизациядан кейін Американың қол астындағы мемлекет болудан қорқып, салт – дәстүрін дәріптеп, бүкіл әлемге жапон мәдениетін қызықтырып, дәстүрлі Жапонияны таныстырды. Жаңа технологияға бай Жапония, заманауи және дәстүрлі мемлекет бола алды.

Пайдаланған әдебиеттер:


  1. А.Е. Жуков. История Японии. Т. II. 1868 – 1998. 2 – изд ., 280с.

  2. «Жапония конституциясының 9 – бап мәселесі» диплом. Бәтенова А.Ж

  3. Д.В. Стрельцов «Япония: политическая модернизация эпохи Хэйсэй – М.: 2013 – 296с.

  4. В. Э. Молодяков, Э. В. Молодякова, С. Б. Маркарьян. История Японии. XX век. — Санкт – Петербург, 2009

  5. П.Павленка. ЛДП 1955 – 2001. 31с.

  6. Эволюция политической системы Японий. М,. 1995, 38c.

Резюме

Бәтенова Алуа Жөндібаевна

Одна из причин возникновение традиционной Японии является внешний фактор

Аннотация

В статье говорится о модернизациях, проведенных после второй мировой войны. Изменение политической системы Японии, рассказывается о становление демократии и велся пристальное внимание на прав человека . Обновление происходит характерно идеологией Америки , и отметили выполненных работ со стороны общества в целях сохранения японского духа. После насильственной модернизации образовался традиционная Япония.



Summary

Batenova Alua

One of the reasons for the emergence of traditional Japan is an external factor

Тhe article speaks about upgrades, held after the second world war. The change of the political system of Japan, discusses democracy and was conducted focus on human rights. Update is characterized by ideology of America, and noted works performed by the society for the preservation of the Japanese spirit. After the forced modernization of traditional Japan was formed.
: media -> upload
upload -> Вторжение возбудителя в верхние дыхательные пути, размножение. Вторжение возбудителя в верхние дыхательные пути, размножение
upload -> Қазақстан Республикасында перинаталдық көмекті өңірлендіруді жетілдіру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
upload -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандығы №2136 Қаулысы (2010. 15. 12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
upload -> Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама
upload -> Жетісу облысындағы әлеуметтік жағдай, оның тұрғындардың күнделікті өміріне әсері




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет